ҒТАХР 06.71.07
ӘОЖ 335.751.613.287.5 (574)
DOI: 10.46666/2022-3.2708-9991.02 https://www.jpra-kazniiapk.kz АӚК ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
DIGITAL TRANSFORMATION OF AIC: PROBLEMS AND SOLUTIONS ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ АПК: ПРОБЛЕМЫ И ИХ РЕШЕНИЕ
Ж.А. АБЫЛКАСИМОВА1* Ph.D докторы Р.А. БАЙЖОЛОВА2
э.ғ.д., профессор Ж.А. АМАНГЕЛЬДИЕВА2
докторант Ph.D
1Шәкәрім атындағы университеті, Семей, Қазақстан
2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
*автордың электрондық поштасы: [email protected] ZH.A. ABYLKASSIMOVA1*
Ph.D
R.A. BAIZHOLOVA2 Dr.E.Sc., Professor ZH.A. AMANGELDIYEVA2
Ph.D student
1 Shakarim University, Semey, Kazakhstan
2 L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
*corresponding author email: [email protected] Ж.А. АБЫЛКАСИМОВА1*
доктор Ph.D Р.А. БАЙЖОЛОВА2
д.э.н., профессор Ж.А. АМАНГЕЛЬДИЕВА2
докторант Ph.D
1 Университет им. Шакарима, Семей, Казахстан
2Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан,
*электронная почта автора: [email protected]
Аңдатпа. Аграрлық сектордағы тиімсіз ақпараттық орта ӛндіріс шығындарының ұлғаюын негіздейді, бұл ӛз кезегінде шетелдік аналогтармен салыстырғанда азық-түлік тауарларына қаржылық қолжетімділік деңгейін және ауыл шаруашылығы ӛнімдерінің бәсекеге қабілет- тілігін тӛмендетеді. Мақсаты – АӚК жұмыс істеудегі және оның әлеуетін іске асырудағы цифрландырудың рӛлін айқындау. Әдістері – экономикалық-статистикалық, жүйелік тәсіл, салыстырмалы талдау. Нәтижелері – агроӛнеркәсіптік ӛндірістегі цифрлық трансформа- цияның негізгі үрдістері қаралған. "Цифрлық Қазақстан" және Қазақстан Республикасының агроӛнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламаларының мақсаттары мен міндеттері кӛрсетілген. Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізудің алғышарттары мен олардың артықшылықтары анықталған.
Отандық кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалануға талдау жүргізілген. Аграрлық саланы жаңғыртудың ӛзекті проблемалары мен саланың цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыруды қиындататын факторлар, цифрлық процестер базасында жобаларды әзірлеуде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңыздылығы негізделген. Қорытындылар – цифрлық экономика элементтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолдануы агробизнесті сақтауға және кӛбейтуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді. АӚК цифрландырудың деректердің ақпараттық ауқымын жетілдіру негізінде ӛндірілетін және экспортталатын ӛнімдердің кӛлемін арттыруға бағдарланған негізгі бағыттары айқындалған. Аграрлық секторы дамыған елдердің әлемдік
малардың таралуы технологиялық артта қалуды жедел еңсеруде оңтайлы шешімдер қабылдауға, бірқатар азық-түлік позициялары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға, цифрлық құзыреттері бар кадрлар тапшылығына, шығындарды ӛтеуге және жоғары пайда алуға ықпал ететінін куәландырады.
Abstract.. An inefficient information environment in agricultural sector causes an increase in pro- duction costs, which, in turn, reduces the level of financial affordability of food products and competitiveness of agricultural products compared to foreign counterparts. The goal is to deter- mine the role of digitalization in functioning of AIC and realization of its potential. Methods – eco- nomic-statistical, systematic approach, comparative analysis. Results – the main trends of digital transformation in agro-industrial production are considered. The goals and objectives of the state programs "Digital Kazakhstan" and development of agro-industrial complex of the Republic of Kazakhstan for 2017-2021 are shown. Prerequisites for the introduction of digital technologies in agriculture and their advantages are identified. An analysis of the use of information and commu- nication systems in domestic enterprises is carried out. Relevant problems of modernizing agri- cultural sector and factors hindering the formation of digital infrastructure of the industry, the im- portance of public-private partnerships in the development of projects based on digital processes are justified. Conclusions – the use of elements of digital economy by business entities contrib- utes to the preservation and enhancement of agribusiness, rational use of natural resources. The main directions of digitalization of AIC, focused on increasing the volume of produced and ex- ported products on the basis of improving the information array of data. The world experience of countries with a developed agricultural sector shows that distribution of IT platforms, using inno- vative software, contributes to the adoption of optimal decisions in the speedy overcoming of technological backwardness, reducing import dependence on a number of product positions, shortage of personnel with digital competencies, cost compensation and high profits.
Аннотация. Неэффективная информационная среда в аграрном секторе обусловливает уве- личение расходов производства, что, в свою очередь снижает уровень финансовой доступ- ности продовольственных товаров и конкурентоспособности сельскохозяйственной про- дукции по сравнению с зарубежными аналогами. Цель – определить роль цифровизации в функционирования АПК и реализации его потенциала. Методы – экономико-статистичес- кий, системного подхода, сравнительного анализа. Результаты – рассмотрены основные тенденции цифровой трансформации в агропромышленном производстве. Показаны цели и задачи государственных программ "Цифровой Казахстан» и развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017-2021 годы. Выявлены предпосылки внедрения цифровых технологий в сельском хозяйстве и их преимущества. Проведен анализ исполь- зования информационно-коммуникационных систем на отечественных предприятиях.
Обоснованы актуальные проблемы модернизации аграрной сферы и факторы, затрудняю- щиеформированиецифровой инфраструктуры отрасли, важность государственно-частного партнерства в разработке проектов на базе цифровых процессов. Выводы – применение элементов цифровой экономики субъектами хозяйствования способствует сохранению и приумножению агробизнеса, рациональному расходованию природных ресурсов. Определе- ны основные направления цифровизации АПК, ориентированные на повышение объемов произведенных и экспортируемых продуктов на основе совершенствования информацион- ного массива данных. Мировой опыт стран с развитым аграрным сектором свидетельствует, что распространение IT-платформ, используя инновационное программное обеспечение, способствует принятию оптимальных решений в скорейшем преодолении технологической отсталости, уменьшении импортозависимости по ряду продуктовых позиций, дефицита кад- ров с цифровыми компетенциями, компенсации затрат и получение высокой прибыли.
Түйінді сӛздер: агроӛнеркәсіптік кешен, шаруашылық жүргізуші субъектілер, цифрландыру, ақпараттық инфрақұрылым, Инвестициялар, субсидиялар, ӛндіріс, азық-түлік тауарлары, экспорт, мемлекеттік-жекешелік әріптестік.
Key words: agro-industrial complex, business entities, digitalization, information infrastructure, investments, subsidies, production, food products, exports, public-private partnership.
Ключевые слова: агропромышленный комплекс, субъекты хозяйствования, цифровизация, информационная инфраструктура, инвестиции, субсидии, производство, продовольственные товары, экспорт, государственно-частное партнерство.
Кіріспе. Заманауи жағдайда цифрлан- дыру және ақпараттық инфрақұрылым эко- номика дамуының негізгі тенденциялары- ның біріне айналды, Қазақстан да бұдан тыс емес. Соңғы жылдары Қазақстан Рес- публикасы әлеуметтік-экономикалық қыз- меттің барлық салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығына да цифрландыру процесін белсенді түрде енгізуде [1].
Цифрлық технологияларды енгізу аясында «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдар-ламасы әзірленді, оның негізгі мақ- саты республика экономикасының даму қар- қынын жеделдету болып табылады. Қазақ- стан Республикасы экономикасын дамыту және халықтың ӛмір сүру сапасын жақсар- ту, сондай-ақ экономиканың түбегейлі жаңа траекторияға – болашақтың цифрлық эконо- микасына кӛшуіне жағдай жасау [2].
Еңбек ӛнімділігінің деңгейін арттыруға және ӛндірілетін ӛнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын ғана емес, сонымен қатар зияткерлік әлеуетті арттыруға бағыт- талған ақпараттық-технологиялық шешім- дер шешуші рӛл атқарады. Шағын фер- мерлер де, ірі агрохолдингтер де бизнестің тиімділігін арттыруға мүдделі.
Сонымен қатар, зерттеу агроӛнеркә- сіптік кешенде, атап айтқанда, агроӛнер- кәсіп кешенінде цифрландыру процесі қиынырақ екенін және бұл цифрландыруды енгізудің жалпы тенденциясына әсер ете- тінін кӛрсетті. Цифрландырудың мысалы, қашықтықтан зондтау, спутниктік монито- ринг сияқты элементтері қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ӛндірушілерінің кӛпші- лігі үшін қолжетімсіз. Сонымен қатар, диқандардың егіс алқаптарын интернетпен қамту мәселесі де бар. Агроӛнеркәсіп ке- шенінің мұндай мәселелерін шешу мемле- кеттің қолдауымен мүмкін болып отыр.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Зерттеу үшін ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының агроӛнеркә- сіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жыл- дарға арналған мемлекеттік бағдарлама- лары, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстандық мемлекеттік- жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ және ұлттық статистика деректері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми- нистрлігінің нормативтік құжаттары, халық- аралық ұйымдардың ресми басылымда- рының, интернет-ресурстар материалдары қолданылды. Негізгі әдістер ретінде эко- номикалық-статистикалық, бағалау және салыстыру әдістері, логикалық және ана- литикалық әдістер қолданылды.
Агроӛнеркәсіптік кешеннің ақпараттық инфрақұрылымын жаңғырту жағдайында оның тиімділігін бағалау қажеттілігі туын- дайды. Ең кең тараған әдістер: инвести- циялық талдау кӛрсеткіштері, динамикалық үлгілерді құру, жүйелік тәсіл, сарапшылық кӛзқарас, әсердің шығындарға қатынасын бағалау және т.б. Сонымен бірге барлық шығындарды есепке алудан басқа тиім- ділікті бағалау ақпараттық инфрақұры- лымды жаңғырту жобаларын іске асыру кезінде және тұтастай алғанда алынған әсерлер экологиялық және әлеуметтік сал- дарларды да ескеруі тиіс, яғни индика- торлар мен кӛрсеткіштердің келісілген жүйесін пайдалану қажет. Зерттеу әдістері, сонымен қатар ғалымдар мен практиктер- дің ғылыми зерттеулеріне әдеби шолуға, отандық және шетелдік авторлардың ғылы- ми жарияланымдарына және ашық қолже- тімді ақпараттық ресурстарға негізделген.
Нәтижелер және оларды талқылау.
Республиканың агроӛнеркәсіп кешені елдің азық-түлік-экономикалық қауіпсіздігін және оның еңбек әлеуетін қалыптастыратын экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұған халықтың ӛсуі, урбанизация, салауатты органикалық ӛнім- дерге қызығушылық, қызмет кӛрсету сег- ментін және ӛндірілген ӛнімді тұтыну ор- нына жылжыту арналарын дамыту, цифр- ландыру деңгейі жоғары сыртқы нарық- тардағы бәсекелестік сияқты факторлар ықпал етеді.
Агроӛнеркәсіптік кешеннің ақпараттық инфрақұрылымын жаңғырту қазіргі уақытта осы саланың стратегиялық дамуының ма- ңызды элементі болып табылады. Агро- ӛнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуы үшін жақсы перспективалар бар: майлы дақыл- дар мен ет секторларының экспорттық позициялары нығаюда, астық пен ұн бой- ынша Қазақстан әлемдегі ең ірі экспорт- таушы елдердің қатарында. Аграрлық сек- торға цифрлық технологияларды енгізудің келесі алғышарттарын анықтауға болады (1 кесте).
2021 жылы Агроӛнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жо- баның негізгі міндеттері: ауыл шаруашылы- ғында еңбек ӛнімділігін 2,5 есеге арттыру;
елдің отандық ӛндірістің азық-түлік ӛнімде- рінің негізгі түрлерімен ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ауыл шаруашылығы ӛнімдерінің экс- портын 2 есеге арттыру, бұл ретте ӛңдел- ген ӛнімдердің үлесі 70% құрайды; 7 ірі эко- жүйені қалыптастыру және инвестициялық
он ауыл тұрғынының табысын арттыру.
Импортты алмастыру және ауыл ша- руашылығы ӛнімдерінің экспортын дамыту бойынша 4,1 трлн. теңге сомаға 582 инвес- тициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ агроӛнеркәсіптік кешенді дамы- тудың жаһандық сын-қатерлері мен жаһан- дық үрдістері ескерілген 2021-2030 жыл- дарға арналған агроӛнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы бекітілді [3].
1 кесте – Агроӛнеркәсіптік кешен салаларын цифрландырудың алғышарттары
Түрлері Мазмұны
Территориалық ауыл шаруашылық ӛнімдерін ӛндірудің климаттық және ресурстық жағдайлары, аграрлық сектордағы кӛптеген қызметкерлердің ой-ӛрісі
Заңдылық агроӛнеркәсіптік кешендегі инновациялық әзірлемелердің трансферіне қа- тысты нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілердің болмауы, агро- ӛнеркәсіп кешенін цифрландыру саласында барабар стандарттардың жоқтығы Институцио-
налдық аграрлық секторда цифрлық түрлендіру бойынша іс-шараларды зерттейтін, енгізетін және бақылайтын ситуациялық орталықтың болмауы.
Құрылымдық аграрлық секторда логистикалық инфрақұрылымды құру саласында тиімді мемлекеттік қолдаудың болмауы; бүкіл ӛндіріс тізбегі бойынша агроӛнеркәсіптік кешен ӛнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы үшін тиімсіз цифрлық экожүйе
Ақпараттық агроӛнеркәсіптік кешендегі және азық-түлік нарығындағы жағдай туралы сенімді ақпараттың болмауы және соның салдарынан негізсіз жоспарлау, ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы отандық әзірлемелердің және зерттеулердің саны мен сапасының жеткіліксіздігі.
Ресурстық халықтың ауылдық жерлерден қалаларға немесе кӛршілес қалаларға кетуі, агроӛнеркәсіптік кешендегі отандық мамандардың біліктілік деңгейінің тӛмендігі, республика ӛңірлеріндегі цифрлық ауыл шаруашылығы экономикасы саласындағы құзырет орталықтарының жеткіліксіз дамуы және әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу институтының жоқтығы және т.б.
Ескерту: авторлармен құрастырылған Агроӛнеркәсіп кешеніне цифрлық эко- номика құралдарын енгізудің әсері «еңбек ӛнімділігін 3-5 есеге арттыруға, шығындар- ды 23%-ға азайтуға және АӚК маргинал- дылығын арттыруға» мүмкіндік береді [4].
Ақпараттық қоғамды, инновациялық технологияларды, электронды үкімет жүйе- лерін дамытудың заманауи жағдайында цифрлық технологияларды дамыту ақпа- раттық инфрақұрылымды жаңғыртудың таптырмас шарты және сонымен бірге алғышарты болып табылады.
Зерттеу отандық кәсіпорындарда цифрландыру деңгейі тӛмен болып қалып отырғанын кӛрсетті: ол орташадан 20%-ға ғана жоғары болды (зерттелген кәсіпорын-
дардың 19%-ы, таукен металлургия кешені алдыңғы орында), 24 кәсіпорында, атап айтқанда, орташа (22%), 63 кәсіпорында – тӛмен (59%). 1 суретте кәсіпорындардың ағымдағы кезеңдегі Индустрия 4.0 эле- менттерін енгізуге дайындық кӛрсеткіштері кӛрсетілген.
Агроӛнеркәсіп кешенін, атап айтқанда ауыл шаруашылығын цифрландыру бүгінгі таңда мойындалған қажеттілікке айналды, ӛйткені цифрлық технологияларды барлық деңгейлерде (ӛнеркәсіптік, аймақтық, ұлт- тық) енгізу деректерді жинауға және бірік- тіруге, агроӛнеркәсіп кешені ӛнімін ӛндіруді болжауға мүмкіндік береді [6].
1 сурет – Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторы субъектілері индустриясының 4.0 енгізуге дайындығы [5]
Өндірістік кәсіпорындар:
• Индустрия 2.0-80%;
Индустрия 3.0 -3%;
Индустрия 4.0 -9%
Тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары
• Индустрия 2.0-60%;
Индустрия 3.0 -21%;
Индустрия 4.0 -9%
Ауыл шаруашылығында қоршаған ор- таға зиян келтіретін технологияларды машиналық оқыту және нейрондық желі- лер, цифрлық платформалар, 3D басып шығару, робототехника, биосенсорлар және үлкен деректер арқылы қамтамасыз етілген «ақылды» агротехнологиялар ал- мастыруда. Интеллектуалды цифрлық ше- шімдер елдің ауыл шаруашылығына сала- дағы еңбек ӛнімділігін арттыру және оның тұрақты дамуы мәселелерін шешуге кӛмектесуі тиіс [7].
Заманауи шаруашылықтарда топырақ пен ӛсімдіктердің күйі «ақылды» датчиктер арқылы бақыланады және талданады, ал егін шаруашылығындағы егінді суару, топы- рақты тыңайтқышпен қоректендіру сияқты процестер автоматты түрде жүйелер арқы- лы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, шығындар мен кірістерді, мал мен құс ба- сын бақылау оңайырақ болды, осы және басқа да процестер автоматтандырылған.
Онлайн оқуға мүмкіндік бар. Бүгінде еліміз- де үш деңгейлі шаруа қожалықтары бар:
цифрлық ферма (23), озық (171) және негізгі.
Цифрландыру барысында электронды алқаптық карталар жасалуда. Қазіргі уақыт- та 24 миллион гектар егістік алқап цифр- ландырылды, бұл – жалпы егіс алқабының 100 пайызға жуығы. Алдағы уақытта жай- ылымдық жерлерді 100% цифрландыру жоспарлануда. Еңбек ӛнімділігінің ӛсуіне келесідей технологиялар ықпал етеді:
ақылды суару, минералды тыңайтқыш- тарды енгізудің интеллектуалды жүйесі, арамшӛптер мен зиянкестермен күресу жүйесі, егін жинаудың оңтайлы уақытын болжау және т.б.
Дәл егіншілікті енгізу бойынша пилот- тық жоба аясында шағын шаруашылықтар
қазірдің ӛзінде жаңа технологияларды қол- данып, қажетті нәтижеге қол жеткізуде.
Агроӛнеркәсіп кешенін цифрландыруда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыс- тары кӛш бастап тұр. Осылайша, «Найдо- ровское» ЖШС-де Еуропадан келген ма- мандар органикалық егіншілік технология- сының сақталуын қадағалайды. Нәтижесін- де Қазақстан экономикасы Еуропалық Одаққа, Канадаға және АҚШ-қа органикалық ӛнімдерді жеткізу құқығын алуы керек [8].
Сондай-ақ, мал шаруашылығында тех- нологиялық процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды енгізу де капитал- жұмыс коэффициенті мен капиталмен қам- тамасыз етуді, еңбек ӛнімділігін арттырып, ӛзіндік құнын тӛмендететіні атап ӛтілді. Бұл ретте автоматтандыру және цифрландыру жем құрамын оңтайландыруға, қол еңбегін барынша азайта отырып, ірі бордақылау кешендерін қалпына келтіруге және дамы- туға кӛмектеседі [9].
Бүгінгі таңда агроӛнеркәсіп кешенінде болып жатқан цифрлық трансформация ӛз ӛндірісі мен ӛткізудің логистикалық тіз- бектерін біріктіріп, нәтижесінде алынған ӛнімді (жұмыс, қызмет) белгілі бір тұтыну- шының сұранысына бейімдейді. Цифрлық платформаны, яғни агроӛнеркәсіптік ке- шенге тікелей қатысы бар барлық субъекті- лерді біріктіретін виртуалды ұйым қағидат- тары бойынша жұмыс істейтін ұйымдық- техникалық жүйені құру қажеттілігі туын- дады. Цифрлық платформа коммуника- циялар арқылы басқару мен ӛндірістің барлық деңгейінде шешім қабылдауды жеңілдетеді [10].
2 суретте ауыл шаруашылығы кәсіп- орындары шеше алатын негізгі ӛндірістік міндеттер кӛрсетілген.
2 сурет – Цифрлық платформаларда шешілген ауыл шаруашылық кәсіпорнының негізгі ӛндірістік міндеттері
маусымдық жұмысқа жұмысшыларды іздеу
шарт негізінде егіс алқаптары мен жемшӛп базасын
жоспарлау
озық тәжірибемен алмасу және инвестор іздеу тыңайтқыштармен, тұқыммен,
жеммен және т.б.ауыл шаруашылығы салаларын
қамтамасыз ету
қажетті құзыреттері бар маманды жұмысқа алу
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашы- лығына жан-жақты қолдау кӛрсетілсе де, бұл саланың үлесі кӛптен бері 5-6 пайыз аралығында болғанын айта кеткен жӛн.
Ауыл шаруашылығының ел экономикасына қосатын үлесі аз. Ендеше, ауыл шаруашы- лығына ӛз дамуында серпіліс жасап, ел экономикасына үлес қосатын тетік қажет.
Агроӛнеркәсіптік кешен мен жер қаты- настарын цифрландыру тетіктерінің бірі – МЖӘ. Сыртқы және ішкі ортаның белгі- сіздігі және әртүрлі тәуекелдердің болуы жағдайында мұндай серіктестіктің рӛлі үл- кен маңызға ие. 5 жыл ішінде мемлекеттік- жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында 100 миллион гектардан астам ауыл шаруашы- лығы алқаптарын цифрландыруға 50 мил-
лиард теңге инвестицияланады. Ӛсімдік және мал шаруашылығын цифрландыру егін және мал шаруашылығы ӛнімдерін 20%-ға дейін кӛбірек алуға мүмкіндік бе- реді. Бұл ретте шаруаның шығыны 15%- дан астамға қысқарады.
Болашақта цифрландырудың арқасын- да ғана астық түсімі жылына 25 млн тон- наға дейін артады. МЖӘ негізінде ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіру, оларды қайта ӛңдеу, сондай-ақ дайын ӛнімді бӛл- шек сауда желілері арқылы ӛткізу бойын- ша біртұтас технологиялық процестерді біріктіретін тігінен біріктірілген құрылым- дарды құру жоспарлануда. 2 кестеде аграр- лық сектордың тұрақты дамуын қамтама- сыз ету үшін МЖӘ бағыттары берілген.
2 кесте – Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бағыттары мен нәтижелері
Шаралар Нәтиже
Ауыл шаруашылығы шикізатын терең
ӛңдеу Қалдықсыз ӛндіріс технологиясы
МЖӘ лизинг үлгісін енгізу Кооперативтегі ұсақ тауар ӛндірушілердің бірлестігі Терең ӛңделетін азық-түлік ӛнімдерінің
экспортының кӛлемін ұлғайту Дайын ӛнімді тасымалдау шикізатты тасымалдаудан әлдеқайда арзан
Жобаны басқару элементтерін қолдану Бүкіл ӛндіріс процесін оңтайландыру, күшті және әлсіз жақтарды анықтау және тәуекелдерді азайту
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар-
да МЖӘ принциптерін жүзеге асыру Ауыл шаруашылығы ӛндірісінің кӛлемі мен тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін жақсарту, шығындарды азайту
Ескерту: автормен құрастырылған
Соңғы жылдары МЖӘ жобаларын жү- зеге асыруда оң үрдіс байқалды. Сонымен қатар, қарастырылып жатқан МЖӘ жоба- лары бойынша рәсімдерді қараудың елеулі мерзімдері олардың дамуын және бизнес үшін МЖӘ жобаларының тартымдылығын тӛмендетуді шектейтін факторлардың бірі болып табылады. Шарттардың ӛзгеруіне байланысты заңнаманы жетілдіру және инвесторларды тарту үшін ынталандыруды дамыту қажет [11].
Мәселен, Қазақстанның ӛңірлерінде қазіргі таңда агроӛнеркәсіп кешенінде цифр- лық технологияларды қолдану бойынша айтарлықтай белсенді жұмыстар жүргізі- луде. Болашақта цифрлық технология- ларды қарқынды енгізу еңбек ӛнімділігін, салалардың инвестициялық тартымдылы- ғын арттыруды уәде етеді, ӛндірістік және маркетингтік логистикалық тізбектерді бірік- тіруге және сайып келгенде, ӛнімді түпкілікті тұтынушыға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Қорытынды. Цифрлық сектор эконо- миканың жаңа саласы ретінде елдегі экономикалық ӛсімнен айтарлықтай озып, жылдам қарқынмен ӛсуі керек. Цифрлан-
дырудың тиімділігін арттыру үшін агроӛнер- кәсіптік кешеннің ақпараттық инфрақұры- лымын жаңғыртудың негізгі факторы ретінде мыналар қажет:
1. Барлық жерлерде интернетке толық қолжетімділікті қамтамасыз ету, ӛндірістік процестерді автоматтандыру, роботтан- дыру, жасанды интеллект, «үлкен дерек- термен» алмасу және т.б. енгізу.
2. Фермерлердің цифрлық құзырет- тілігін дамыту және агроӛнеркәсіптік кешен мамандарының қажеттілігін анықтау, аграр- лық сектордың жоғары оқу орындарында озық әлемдік тәжірибені пайдалана оты- рып, мамандандырылған білім беру бағ- дарламалары бойынша оқытуды және қай- та даярлауды қамтамасыз ету.
3. Ауыл шаруашылық тәуекелдерін са- налы түрде басқару және ауыл шаруашы- лығы дақылдарының ӛнімділігі мен мал ӛнімділігін арттыру мақсатында ӛндірісті климаттың ӛзгеруіне бейімдеу.
4. Қолдану аясын кеңейту мақсатында агроӛнеркәсіптік кешенді дамыту үшін мем- лекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа те- тіктері мен нысандарын іздестіру.
Әдебиеттер тізімі
[1] Даулиева, Г.Р., Ережепова, А.А., Ба- кытжан С.С. Цифровые системы в сельском хозяйстве Республики Казахстан: вектор ус- пеха [Электронный ресурс]. - 2022. - URL:
https:// www.doi.org/ 10.46666/2022-2.2708-99 91.05 (дата обращения: 25.07.2022).
[2] «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкі- метінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысы. [Электрондық ресурс].-2022.-URL:
https://www.adilet.zan.kz/kaz/docs/P170000082 7 (қаралған күні: 04.05.2022).
[3] 2017 жылғы 14 ақпандағы №420 Қазақстан Республикасының агроӛнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға ар- налған мемлекеттік бағдарламасы [Электрон- дық ресурс].-2022.-URL: https://www.adilet.zan.
kz/kaz/docs/P1800000423 (қаралған күні:
04.05.2022).
[4] Жумашева, С.Т. Цифровизация как основа инновационного потенциала аграрно- го производства Казахстана / С.Т. Жумашева, А. Муханова, Ж.Б. Смагулова //Проблемы агрорынка. - 2020. - №2. – С. 45-52.
[5] Искусственный интеллект и цифро- вые фабрики: как внедряются элементы Ин- дустрии 4.0 на казахстанских предприятиях [Электронный ресурс].-2019.-URL:https://www.
primeminister.kz(датаобращения: 08.05.2022).
[6] Итоги развития сферы сельского хо- зяйства за 2021 год и планы на предстоящий период [Электронный ресурс].-2022.–URL:
https://www.primeminister.kz/ (дата обраще- ния: 04.05.2022).
[7] Есполов, Т.И. Цифровизация АПК - требование нового времени / Т.И. Есполов //
Современное образование.- 2018.- №1(109).–
С. 26-29.
[8] Цифровизация полей Карагандинской области [Электронный ресурс].-2015.-URL:
https://www.kazagrex.kz/tpost (дата обраще- ния: 12.05.2022).
[9] Есенгалиева, С.М. Агроӛнеркәсіптік ӛндірісті цифрландырудың ғылыми негіздері/
С.М. Есенгалиева, А.И. Гиззатова, Б.К. Ра- химгалиев //Проблемы агрорынка. – 2021. -
№2. – Б.55-61.
[10] Уалиева, Б.Б. Использование циф- ровых технологий в агропромышленном ком- плексе Казахстана/ Б.Б. Уалиева//Науки Ев- ропы. – 2021. - № 77. - C.14-15.
[11] Sultangazinov, А. Development of Ka- zakhstan's social and economic potential based on public-private partnership activation. / A. Sul- tangazinov, Z. Smagulova, М. Amirova, A.
Kadyrova, S. Kaidarova, S. Zolotareva //Revista Espacios. - 2017. - Vol. 38. - N.34 - Р. 35-47.
References
[1] Dauliyeva G.R., Erezhepova A.A., Ba- kytzhan S.S. (2022). Cifrovye sistemy v sel'- skom hozjajstve Respubliki Kazahstan: vektor uspeha [Digital systems in agriculture of the Re- public of Kazakhstan: a vector of success].
Available at: https://www.doi.org/10.46666/2022- 2.2708-9991.05 (date of access: 25.07.2022) [in Russian].
[2] «Sifrlyq Qazaqstan» memlekettık bağ- darlamasy. Qazaqstan Respublikasy Ükımetınıñ 2017 jylğy 12 jeltoqsandağy №827 qaulysy [State program "Digital Kazakhstan". Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 12, 2017 No.827] (2022). Avai- lable at: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P170000 0827 (date of access: 04.05.2022) [in Kazakh].
[3] 2017 jylğy 14 aqpandağy №420 Qazaq- stan Respublikasynyñ agroönerkäsıptık keşenın damytudyñ 2017-2021 jyldarğa arnalğan mem- lekettık bağdarlamasy [July 14, 2017 No. 420 State planning for the development of the agro- industrial complex of the Republic of Kazakhstan for the period 2017-2021] (2022). Available at:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000423 (da- te of access: 04.05.2022) [in Kazakh].
[4] Zhumasheva, S.T., Mukhanova, A. &
Smagulova, Z.B. (2020). Cifrovizaciya kak osno- va innovacionnogo potenciala agrarnogo pro- izvodstva Kazahstana [Digitalization as the basis of innovative potential of agricultural production in Kazakhstan]. Problemy agrorynka - Problems of AgriMarket, 2, 45-52 [in Russian].
[5] Iskusstvennyj intellekt i cifrovye fabriki:
kak vnedryayutsya elementy Industrii 4.0 na ka- zahstanskih predpriyatiyah. [Artificial intelli- gence and digital factories: how elements of In- dustry 4.0 are being implemented at Kazakh- stani enterprises] (2019). Available at: https:
//primeminister.kz/ (date of access: 08.05.2022) [in Russian].
[6] Itogi razvitiya sfery sel'skogo hozyajstva za 2021 god i plany na predstoyashchij period.
[The results of the development of agriculture in 2021 and plans for the coming period] (2022).
Available at: https://primeminister.kz/ (date of access: 04.05.2022) [in Russian].
[7] Espolov, T. (2018). Cifrovizaciya APK - trebovanie novogo vremeni [Digitalization of the agro-industrial complex is a requirement of the new time]. Sovremennoe obrazovanie - Modern education, 1(109), 26-29 [in Russian]
[8] Cifrovizaciya polej Karagandinskoj ob- lasti [Digitalization of the fields of the Kara- ganda region] (2015). Available at: https:/www.
kazagrex.kz/tpost (date of access: 12.05.2022) [in Russian].
[9] Yessengaliyeva, S.M., Gizzatova, A.I. &
Rakhimgaliyev, B.K. (2021). Agroönerkäsıptık öndırıstı sifrlandyrudyñ ğylymi negızderı [Scien-
production]. Problemy agrorynka - Problems of AgriMarket, 2, 55-61 [in Kazakh].
[10] Ualieva, B.B. (2021). Ispol'zovanie cif- rovyh tekhnologij v agropromyshlennom kom- plekse Kazahstana [The use of digital technolo- gies in the agro-industrial complex of Kazakh- stan]. Nauki Evropy - Sciences of Europe, 77, 14-15 [in Russian].
[11] Sultangazinov, А., Smagulova, Z., Amirova, М., Kadyrova, A., Kaidarova, S. &
Zolotareva, S. (2017). Development of Ka- zakhstan's social and economic potential based on public-private partnership activation. Revista Espacios, 38 (34), 35-47.
Авторлар туралы ақпарат:
Абылкасимова Жибек Ануарбековна - негізгі автор; Ph.D докторы; «Экономика және қаржы»
кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.; Шәкәрім атындағы университеті; 071407 Шугаев кӛш., 159, Семей қ., Қазақстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-6803- 6075
Байжолова Раиса Алиевна; экономика ғылымдарының докторы, профессор; «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
010000 Қажымұқан кӛш., 11, Астана қ., Қазақстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/
0000-0003-3873-6753
Амангельдиева Жанар Амангельдиевна; докторант Ph.D «Экономика және кәсіпкерлік»
кафедрасы; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 010000 Қажымұқан кӛш., 11, Астана қ., Қазақстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-5934-237X
Information about authors:
Abylkassimova Zhibek Anuarbekovna – The main author; Ph.D; Associate Professor of the De- partment of Economics and Finance; Shakarim University; 071407 Shugaev str., 159, Semey, Kazakh- stan; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-6803-6075
Baizholova Raissa Alievna; Doctor of Economic Sciences, Professor; Professor of the Department of Economics and Entrepreneurship; L.N.Gumilyov Eurasian National University; 010000 Kazhymukhan str., 11, Astana, Kazakhstan; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0003-3873-6753
Amangeldiyeva Zhanar Amangeldiyevna; Ph.D student of the Department of Economics and Entre- preneurship; L.N.Gumilyov Eurasian National University; 010000 Kazhymukhan str., 11, Astana, Kazakh- stan; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-5934-237X
Информация об авторах:
Абылкасимова Жибек Ануарбековна – основной автор; доктор Ph.D, и.о. ассоцированного профессора кафедры «Экономика и финансы»; Университет им. Шакарима; 071407 ул. Шугаева, 159, г. Семей, Казахстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-6803-6075
Байжолова Раиса Алиевна; доктор экономических наук, профессор; профессор кафедры
«Экономика и предпринимательство»; Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева;
010000 ул. Кажымукана, 11, г.Астана, Казахстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/
0000-0003-3873-6753
Амангельдиева Жанар Амангельдиевна; докторант Ph.D кафедры «Экономика и предпринима- тельство»; Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева; 010000 ул. Кажымукана, 11, г.Астана, Казахстан; e-mail: [email protected]; https://orcid.org/0000-0001-5934-237X