• Tidak ada hasil yang ditemukan

Алтын Адам туралы аңыз

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Алтын Адам туралы аңыз"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Когамбаева Гульазат Баксиковна Пән: Дүниетану. Тарих компоненті Сынып: 1-сынып

Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Тақырып: Алтын Адам туралы аңыз

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.3 1.2 ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері, жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:Алтын адам туралы аңызбен танысады. Оқушылардың басым бөлігі: Бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты салыстырады, әңгімелейді. Кейбір

оқушылар:Қазақстандағы тарихи ескертіштер мен жәдігерлерді анықтай алады.  

Тілдік мақсаттар: Ежелгі заманның тарихи жәдігерлері туралы әңгімелеп, ажырата біліп сөйлемдерді тұжырымдайды (аңыз, алтын адам, монета , археолог) нумизматика аңыз алтын numismatics legend gold  

Бағалау критерийлері: Алтын адам туралы толық мағлұмат алады. -Ежелгі заманның тарихи жәдігерлері туралы әңгімелейді. Мәтіннің мазмұнын ашып , тапсырманы орындайды   

Құндылықтарды дарыту:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта 

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, сауат ашу, көркем еңбек  Бастапқы білім: Тарихи ескерткіштер туралы біледі 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (15 минут)

Оқушылармен сәлемдесу Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне өздерінің есімдерінің алғашқы әріпін пайдалана отырып жақсы тілектер тілейді.Содан соң оқушылардан үй тапсырмасы сұралып , өткен сабақты пысықтайды. Топқа біріктіру I топ: Алтын айдар II топ: Алтын жебе ІІІ топ:

Алтын дулыға «Сұрақты ұстап ал» әдісі. Мұғалім оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. • Алғашқы адамдар қай жерде пайда болған ? • Ежелгі адамдар жазуды қайда жазды ? • Ежелгі адамдар жазбалар арқылы не білген ?  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(15 минут)

«Ой қозғау» әдісі Мұғалімнің ауызша түсіндіруі Балалар алтын адамды көргендерің бар ма? • Балалар , қалай ойлайсыңдаралтын, күміс адам болады ма? • Енді, мына бейнежазбаға қарайық. Бейнежазбада «Алтын адам» туралы оқушыларға қысқаша мәлімет айтылады. Археологтар 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанынан Алтын адам тапқан. Оқулықпен жұмыс «Барлаушы» әдісі «Алтын адам» мәтінін тізбектеп оқу,

мазмұнынашу. Тапсырма Дұрыс жауабын таңда. Бағалау критерийі Қазақстандағы танымал ескерткіштерді анықтайды. Дескриптор Сұрақтарды оқиды. Жауаптарды саралайды. Дұрыс жауабын белгілейді.

Алтын адам кім болған? А) шебер В) бақташы С) зергер Д) жауынгер Аңыз бойынша Алтын адамды қалай атаған? А) Алтын батыр В) Алтын Айдар С) Алтын дулыға Д) Алтын семсер Алтын адам қай облыстан табылған? А) Ақтөбе В) Аматы С) Атырау Д) Ақтау «Интервью» әдісі Суретке қарап, заттарды қай жерде қолданылатынын айтады • Заттарды ата. • Қазіргі заманда бұл заттарды не үшін қолданады? • Теріден қандай заттар жасалады? • Ұлу қабыршақтары қайда болды? • Бұл заттарды не үшін қолданған деп ойлайсың? Мәтінді тізбектеп оқу. «Шынжыр» әдісі Ертеде адамдар ақша орнына бағалы заттарды қолданған. Кейіннен қолайлы болуы үшін монетаны ойлап тапқан . Монета өткен заман туралы сыр шертеді. Алтын адам монетасының оң жақ бетінде қанатты аттар бейнеленген. Келесі бетінде Алтын адам бейнесі салынған. Алтын адам туралы аңыз тарихта сақталған  

Сабақтың соңы (8 минут)

Өз монетаңды ойлап тап. Орындап көр Оның оң жақ бетіне не бейнелер едің?  

Рефлексия (3 минут)

«Бағдаршам» әдісі Маған бәрі түсінікті Менде қалған сұрақ Мен түсінбедім   

Referensi

Dokumen terkait

Автор: БАЙЖАНОВА АЙГУЛЬ АСКАРОВНА Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 8-сынып Бөлім: Махаббат және абырой Тақырып: «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Бакеева Турсынгуль Дошниязовна Пән: Өзін-өзі тану Сынып: 3- сынып Бөлім: Адам болам десеңіз Тақырып: Ақкөңілділік туралы Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: Сабақтың

Тарих компоненті Сынып: 1-сынып Бөлім: Саяхат Тақырып: Алғашқы адамдар Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: • Барлық оқушылар: алғашқы адамның тіршілігі туралы білy; •

Автор: Боранкулова Жұлдыз Сайыновна Пән: Музыка Сынып: 6-сынып Бөлім: Музыка және өнер түрлері Тақырып: Музыка және бейнелеу өнері Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: МІРКЕМЕЛ АЙНҰР МҰРАТҚЫЗЫ Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 8-сынып Бөлім: Махаббат және абырой Тақырып: "Ұшқан ұя" Шығарманың сюжеті Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: Есекеева Мадина Конакбаевна Пән: Қазақ тілі Сынып: 3-сынып Бөлім: Жанды табиғат Тақырып: Күз келді Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.1.3.1 тыңдаған материалдың

Автор: Мукатова Гулайым Асылбековна Пән: Музыка Сынып: 6-сынып Бөлім: Заманауи музыка мәдениеті Тақырып: Жобаны жоспарлау және құрастыру Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу:

Автор: Қайырбай Еламан Сәлімжан Пән: Геометрия Сынып: 8-сынып Бөлім: Төртбұрыштар Тақырып: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 8.1.3.6