• Tidak ada hasil yang ditemukan

АСТАНА – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЙНАСЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АСТАНА – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЙНАСЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

АСТАНА – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЙНАСЫ Дәулетбаева Г.Н.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧ лттық университеті 1 курс студенті, Астана қаласы Ғылыми жетекшісі - Қаленова Т.С.

Астана - қазақ халқының айнасы. Астана деуіміздің ӛзіндік себебі бар. Ол біздің еліміздің біртҧтастығын кӛ рсетеді. Оның ӛсуінде Елбасымыз Нҧрсҧ лтан Назарбаевтың кӛрегенділігінің ізі бар. «Астана» деген сӛз тҥркі тілінде «босаға», «табалдырық» деген мағынаны береді. Ал әр ҥйдің қандай екені босағасынан аңғарылады.

Қазақ елінің кіндік қаласы – Елордамыздың мерейін асқан қуаныш пен кӛкіректі кернеген ән-кҥймен мақтана, марқая әсем де сымбатты жас астанаға тамсана жырлаймыз.

Бҥгінгі таңда оның ӛзіне ғана тән қайталанбас келбеті бар. Ол бай мәдениетіміздің, барлық халықтар мен ҧлттардың достық ниетті дарқан мінездерінің ҥйлесуінен ғажайып рухани дҥние қалыптастырған.

Арман қала табиғатының сҧлу ҥйлесімділігі адам жҥрегіне нҧр шашады. Талайларды тамсандырып, журектерге нҧр шашқан Сарыарқаның тӛсінде, Есілге тӛне тҥскен, Еуразия жҥрегінде, жҧ ртшылықты тамсандырып, әлемді жалт қаратып, кҥ н санап ӛскен Астанада қаншама жылдық тарих пен мол сырлар жатыр. Тарихқа тоқталмай , болашақ астананы айту мҥмкін емес. Азамат соғысы аяқталған соң, жағдайдың тҧ рақталуына байланысты АКСР әкімшілік қҧрылысына байыпты да байсалды қараған кеңес ӛкіметі ӛлке астанасын бҧрынғыға қарағанда жайлы да ыңғайлы жерге кӛ шіруді қарастырды. 1925-жылы Ақмешіт ( қазіргі Қызылорда) Қазақстанның астанасы болды. 1927-жылы ҚАКСР астанасы ретінде Алматы Қазақстанның картасында пайда болды. Кейін 1994-жылғы шілдеде астананы солтҥстікте жатқан далалық Ақмолаға кӛшіруге шешім қабылданды. Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола (бҧрынғы Целиноград) Қазақстан Республикасының астанасына айналды.

Целиноград – Ақмола

– Астана болып дәйекті тҥ рде бірнеше рет қайта атала отырып, тәуелсіз де егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды [1]

Астана туралы ой - ӛрісіне келсек, ол идея мен шындықтың бірлігі туралы сӛз болмақ . Қазіргі ғҧмыр кешіп отырған қазақ халқы әлемдік деңгейдегі оқиғаларды басынан кешіп отыр. Бірі – ғасырлар тоғысында ӛмір сҥріп жатқанымыз. Тағдыр бізге ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға ӛту кезеңінде ғҧмыр кешуді бҧйырған. Бҧл тарихи кезең біздің ғҧмырымыздың ерекше қҧндылығы.

Біздер қоғамның формациялау немесе ӛ ркениеттің бір тҥрінен екінші тҥріне ауысқанда тек ӛмір сҥріп қана қоймай, осы заман қҧндылықтарын жасаушылармыз және жаңа қҧндылықтар кеңістігінде ӛмір сҥ рушілерміз.

270

(2)

Осы тарихи жағдайда ел келешегіне, қазақтар ҥшін жаңа заманға турадан жол тапқан Елбасы Нҧрсҧ лтан Әбішҧ лы Назарбаев Жаңа жерге Жаңа қала, Жаңа Астана салу идеясын ҧсынды. Бҧл батыл, әрі Тҧлғалық қуатты қажет ететін тарихи шешім болып табылды. [2]

Астананы ауыстыру туралы маңызды тоқтамында Елбасымыз Нҧрсҧлтан Әбішҧлы Назарбаев дағдарыс жайында жобалады, ол кезде тіпті даму болашағы тҧ рмақ, мемлекетіміздің ертеңі де анық емес еді.

Елбасы тәуелсіздікке қол жетісімен Астанаға сыртқы және ішкі факторларға байланысты жаңа талаптар қойылатыны ескерілді. Бір жағынан, мемлекетаралық қатынастардың ӛсіп келе жатқан белсенділігі, еліміздің ішкі және сыртқы қаржылық, ӛндірістік, сауда және басқа да байланыстарының кӛлемінің артуы, басқару мәселелерінің кҥрделенуі мен кеңеюі, ҧлттық қауіпсіздік талаптары Астана қызметінің артуына, оны іске асыру сапасына қойылатын талаптың ӛсуіне алып келді. Екінші жағынан, қазіргі кезде әлемдегі астана мәртебесі мемлекеттің басты рәміздерінің бірі болуымен қатар, оның географиялық – саяси қажеттіліктеріне сай келуін қажет етеді. Яғни Астана әлемдік қауымдастыққа экономикалық даму, халық жағдайының артуы мен мемлекет тҧ рақтылығының нығаю әлеуетін кӛ рсете отырып, дамуға тиіс.

Елімізден экономикалық дағдарыс, саяси тоқырау және жаңа жеткен тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупін алшақтата отырып, Елбасы Қазақстанның даму және ӛ су аймақтарын қҧру сияқты келесі қадамдарды жоспарлады, нәтижесінде ол жаңа Астанаға айналды.

Осындай сенімді және бірегей қадамға Нҧрсҧлтан Әбішҧлын талпындырған бҥгінде белгілі геосаяси және экономикалық сипаттағы себептер ғана емес, оның стратегиялық тҧрғыдан пайымдай білуі мен ӛз халқының жасампаз әлеуетіне, Қазақстанның болашағына деген ҥ лкен сенімі. Елбасы кейінірек ӛзінің «Еуразия жҥ регінде» атты кітабында «Бҥгінгі Астана мен болашақтың Астанасы бҧл – біздің стратегиялық пайымдауларымыз бен талпыныстарымыздың нағыз мазмҧны» деп айтқан болатын.

Елбасының кӛтеріп жҥрген идеялары бір – бірімен сабақтас. Оның Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің санатына тарту жӛніндегі мақсаты – тәуелсіздік идеяның нәтижесі, асқақ идеяның кӛ рініс. Асқақ идеясы бар ел ғана болашақ туралы биік ой ойлай алады. Біздің жаңа Астанамыз – болашақты кӛксеген асқақ идеяның жемісі. «Ақ Орда» да солай. Ақ орда десе, хандық дәуірдің сарқыншағындай айтар ауызға оғаш кӛретініміз бар. Ақиқатында , Ақ Орданың мәні – асқақтық, оның мазмҧны – бекзаттық. Бекзаттық - қазаққа тән нышанның бірі.

Жаңа бастаған кәсібіне «Алтын Орда» деген ат бергендер бар. Бҧл кездейсоқ емес, бҧл- біздің ӛткен ғасырлардағы іргелі Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерінің мҧрагері екенімізді білдіретін тарихи ӛзектің, тектіліктің белгісі. Кӛкірегі ояу азаматтар бҥгінде біздің қоғамда ренессанс, яғни жаңару деген ҧғымның жиірек айтыла бастағаны аңғаруда.

Кезінде жаңа мемлекет қҧ рмақ ниетте Керей мен Жәнібек сҧлтандар Шу ӛзені бойынан

«Қозы – Басы» деген қонысты астанасы еткен. Ол жерге топтасқан Қазақ Ордасының ілімшісі Асан Қайғы оны «Жер –ҧйық» деп атаған еді, енді міне, тҥ рленіп тҥлеп, жаңа Жерҧйық бҥгін Қазақстан Республикасы деген жаңа тҧрпаттаңы мемлекет қалыптасты, негізінде бҧл Қазақ Ордасының қайта жаңғыруы, яғни ренессанстық қҧбылыс болды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ренессанстық мемлекет. Тҥріктер, қазақтар мемлекет дегенді Орда деген. Осы символ жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болмысынан табылып отыр, ол келісті де кӛрікті Президент қызмет атқарып отырған «Ақ Орда» [4]

Бҥгінде Астана жас қала болғанына қарамастан, Қазақстанның басты саяси және мәдени орталығына айналып қана қоймай, сонымен қатар, дҥние жҥзінің беделді астаналарының біріне айналуда. Елбасының белсенді әрі жемісті халықаралық қызметінің арқасында Астана дауысы әлемде айқынырақ естіліп, қажеттілігі артуда. Оның анық дәлелі –мемлекет басшыларының бас қосулары, әлемдік және дәстҥ рлі діндер кӛшбасшыларының съезі, осы жылғы жоспарланған ЕҚЫҦ –ға мҥ ше 56 мемлекет заң шығарушы тҧлғаларының қатысуымен ЕҚЫҦ Парламенттік

271

(3)

ассамблеясының сессиясы және Батыс және Ислам шығысы елдерінің сыртқы істерінің басын қосатын «Ортақ әлем : әртҥрлілік арқылы даму» атты форумы сияқты ірі әрі резонансты халықарлық форумдардың ӛткізілуі. Болашақта Астана әлемге танымал болады: 2010 жылы біздің тӛ рағалығымыз аясында Астанада ЕҚЫҦ басты шаралары және 2011 жылы Азияда спорт жарыстары ӛткізілді. Тағы бір маңызды кӛрсеткіш – Қазақстандағы шетел елшіліктері мен халықаралық ҧйымдар ӛкілдіктерінің кӛпшілігі Астанада жҧмыс жасайды [3]

Әрбір елдің даму жолында әр кезеңге сай басты бағыт беретін қҧжаттары болады. Біздің елде ол қҧжат – жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы болып табылады.

Президенттің 2000 жылғы «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» деп аталатын Жолдауында елордамыз Астана жайлы мынадай жолдар бар. Онда Н.Ә.Назарбаев:

«Бҥкіл елімізді жаңа астанадан басқарып отырмыз. Кейбір сындарға қарамастан астанамыз ӛ сіп және ӛркендей тҥсті. Басқару жҥйесі қҧриды деген жекелеген сәуегейлікке қарамастан біз әлемге, кейін ӛзімізге ҧзақ мерзімдік мақсаттарға жете алатынымызды дәлелдедік» деді [5]

2001 жылғы Жолдауда елордамыздың ӛсіп ӛ ркендеуі бҥкіл ҧ лттық мәселе екені, оның қысқа мерзімде әкімшілік орталық болып қалыптасқаны, экономикалық, қоғамдық саяси ӛмірімііздің, әсем де тартымды қала болғаны, сонымен бірге еліміздің басқа қалаларының дамуына жақсы ҥ лгі екені атап ӛтілді.

2003 жылғы Жолдауда Елбасымыз бас қаламыз Астанаға тағы да ерекше кӛңіл бӛ лді.

Атап айтқанда, елордамыздың стратегиялық маңызбен сарыарқа жеріне кӛшкені дҧрыс екендігін ӛмірдің ӛзі дәлелдеді. Қаламыздың жаңа стильде ӛркендеуі де мойындалды.

Астананың сәулетін жақсарту жолындағы басталған ҥ лкен жоспарлар аяғына жеткізілуі ҥшін әлі де игі істер атқарылып келеді.

Жаңа астананы салу әлеуметтік, экономикалық және саяси жағынан ҧтымды болатыны туралы талай айтылған. Мәселен, астананың дамуы мен ӛркендеуіне әр тҥ рлі кӛздерден 2,5 миллиард доллар қҧйылды. Бҧл еліміздің экономикасының ӛ суіне, ӛ неркәсіптің аяғынан тҧруына, жаңа жҧмыс орындарының пайда болуына, салық тӛ лемдерінің кӛбеюіне алып келді. Астанаға қарап облыстық орталықтар да ӛркендей бастады. «астананың гҥ лденуі – Қазақстанның гҥлденуі» дейтін бағдарламамыз баршамызға белгілі [3]

Елордада дәстҥ рлі және әлем діндері басшыларының қатысумен ӛткен съезд біздің еліміздің тағы да бір абыройының ӛ суінің куәсі болды деп айтылды Жолдауда. Бҥгінде астанамыз дінаралық қатынастың ҥлкен орталығы болып отыр. Соңғы ӛткен II съезде әлем діндерінің ӛкілдері біздің елді ―Қазақстан – бейбітшілік және ынтымақ жері» , деп атады.

2006 жылғы наурыз айындағы Жолдауында Елбасымыз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жария етіп ӛз ойымен бӛлісті.

Сонан соң Жолдаудың екінші басымдығында Қазақстан экономикасын тҧрлаулы экономикалық ӛрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мәселесі кӛтерілді. Оның ішінде, астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту туралы біраз мәселелер кӛтерілді.

Мысалы, қысқа мерзімнің ішінде Астана еліміздің осы заманғы жедел ӛсіп келе жатқан ірі қаласына айналып ҥлгерді деп аталып ӛтті. «Сонымен бірге қаламыздың еуразиялық кеңістіктегі ҥлгілі астанаға айналуы ҥшін, еліміздің тҧрлаулы дамуын қамтамасыз етудің негізіне айналуы ҥшін толық мҥмкіндігі бар», - деді Президентіміз.

2006 жылы Астана қаласының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын және Астананың әлеуметтік – экономикалық дамуының 2006- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қолға алу керектігі де шешілді.

272

(4)

2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауына назар аударайық . Мҧнда Елбасымыз : «Қазақстан экономика мен мемлекеттілігінің берік ірге тасын қҧра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда», -деп атап ӛтті.

Осы Жолдаудың оныншы бағытында – экономикалық ӛсу мен бәсекеге қабілеттіліктің ӛңірлік орталықтарын қалыптастыру және олардың жҧмыстарын бастау белгіленді. Сондай орталықтың бірі діе бірегейі –Астана дер едік. Себебі, небәрі он жылдың ішінде шалғайдағы шағын қаладан осы заманғы мҥмкіндігі мол шаһарға айналған елордамыз экономикалық ӛ ркендеудің аса маңызды орталығына айналған. Ҧлы халық айналасына ҧлы істермен танылады. Жеке адамның ҧлылығы бойына байланысты болмайды, сол сияқты халықтардың да ҧлылығы олардың санына байланысты емес.

Әрбір азамат парасаттылығымен ӛз орта - қоғамына қарыздар. Астанамыз ҥлкен мақсат – мҧраттардың қаласы болса , еліміз – ҧлы мҥмкіндіктердің мемлекеті. Дҥние жҥзінің астаналарымен біздің елорда бәсекеге тҥсе алады. Егер біз әлемнің айтулы астаналарымен шындап бәсекеге тҥскіміз келеді екен, онда ӛзіміздің осы мҥмкіндіктерімізді одан әрі еселей беруіміз керектігі туралы Президентіміз алдымызға нақты мақсаттар қойды [3]

Елбасымыз 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында : «Барлығы тек ӛзімізге, сенімімізге, ерік – жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты», - деп айтқан еді.

Бҥгінгі таңда бҧл сӛздердің маңыздылығы мен ӛзектігі аса зор [5]

Егемендік алғаннан кейін – ақ әлеуметтік – экономикалық және рухани салада бір жығылып, бір тҧрып, ҧмтыла тҥстік. Әу баста , астананы Ақмолаға ауыстырудан бастап халықаралық деңгейдегі іс- шараларға ҧмтылу – осының бәрі біздің ҧлттық намысымызды қамшылауға сеп болды. Демек , елеулі 50 елдің қатарынан табылу – қарабайыр бәсекелестік емес, ӛркениетті бәсекелестік. Мемлекетіміз кҥні ертең іргелі елдердің тобына қосылса, ортадан қара ҥзіп , суырылып шығуы таң қалатын іс емес.

Астана – бҧл келешек жастар қаласы. Біз оның кӛркеюіне ӛз ҥлесімізді қосамыз.

Астананың мерейі - ҧлт қуанышы, ел мақтанышы. Ҧзақта, қысқа 14 жылда ӛзгерген астана Қазақстанның мәртебесін асыра берсін! Ылайым қазақ кӛгінде бейбітшілік пен бірлік қыраны мәңгі самғасын!

Әдебиеттер 1. Астана – қазақ халқының мақтанышы. Сарыағаш 18.07.2008ж 4 бет Даулетбаева

Гауһар Нҧ рланқызы 2.«Еуразия жҥрегінде» Н.Ә.Назарбаев

3.«Астана жасампаздықтың 10 жылы» кітабы 18-20 бет 4.Ғ.Есім Астана – жаңаша ойлау символы ҚазҦУ хабаршысы сер.философия,

мәдениеттану, саясаттану 2008 №2 5.«Егемен Қазақстан» 3 бет. Бақыт Рҥстемов «Айбынды, айдынды – Астана»

Referensi

Dokumen terkait

Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызмет кӛрсететін агенттіктерге Қазақстан олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан E-mail: [email protected] Қазақ халқының үй жиһаздарының түрлері мен ерекшеліктері Аннотация: Мақала, қазақ