• Tidak ada hasil yang ditemukan

Астана - dspace.enu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Астана - dspace.enu.kz"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

3593

мен Қазақстан географиясы, «Адам. Қоғам. Құқық», дүниежүзі тарихы қазақ тілінде, дүниежүзі географиясы, түрік тілі пәндері түрік тілінде, орыс тілі мен әдебиеті пәндері орыс тілінде оқытылады.

Біздің елімізде 2000 жылдан бері кӛптілді білім беру бойынша мол тәжірибе жинақталды. Атап айтсақ:

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісі

- Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 19.03.2004ж. ғ228 және 22.04.2004ж.

ғ346 бұйрықтары);

- Тӛрт тілде білім берумен айналысатын қазақ түрік лицейлері (мемлекеттік тілдерге мән беріледі және жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылады);

- Кӛптілді білім беретін (жекеленген пәндерді ағылшын тілінде оқытатын) халықаралық және жеке меншік мектептері;

- Қазақстан Республикасының ӛзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚҰЫ) аз ұлттар істері бойынша Жоғарғы Комиссары қолдауымен оқушылардың әлеуметтік кірігуін арттыру

мақсатында кӛп тілді және билингвалды білім беру жобасы іске асырылып отыр.

Құзіреттілік тек қана мектепте алған білім процесінде ғана емес, жан – жақты алынған ӛз бетінше жұмыс нәтижесі, сондай- ақ ӛз бетінше білім алу арқылы клубтан, үйірмеден, бұқаралық, ақпарат құралдарынан, экономикалық, әлеуметтік – мәдени ортадан, солармен ӛзара әрекет, ӛз бетімен іздену нәтижесінде қалыптасады. Білім берудің құзіреттілік парадигмасы білім беру мазмұнын айтарлықтай жаңартуды ұйғарады. Осы жоспарды жүзеге асырудағы ең басты мәселе – оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны жоспарлау мен қалыптастыру үшін қажетті негізгі, түйінді және жан – жақты құзіреттерді іріктеу болып табылады.

Бүгінгі күні мынадай аспектілер анағұрлым ӛзекті болып отыр:

- түйінді – құзіреттіліктердің қажеттілігін объективті негіздеу және оларды таңдау;

- ұлттық мектептердегі қазақ, орыс, шет тілдерін оқытудың ӛздеріне тән ерекше- ліктерін ескере отырып коммуникативтік, тілдік, ұлттық, этно – мәдени құзірет-тіліктерді айқындау.

Егер біз бүкіл әлемді толғандырып жүрген маңызды мәселелерді шеше алатын болсақ, яғни жағымды ішкі орта қалыптастыратын болсақ, тиісті оқу материалдық базаны қамтамасыз ете алсақ, оқушылар мен ата – аналар оң мотивация қалыптастырсақ – онда кӛп тілді білім берудің болашағы бар деп сенімді айтар едік

Кӛптілді білім берудің мақсаты: Кез келген жағдайда коммуникативтік қызмет операцияларын тӛрт тілде жүргізе алатын, тілдерді еркін меңгерген кӛпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кӛптілді білім беру- тұлғаны әлеуметтендіру құралы / Қ. Қайыпбайқызы // Ұлағат . - 2013. - ғ3. - С. 3 - 11

2. Кӛптілділік білім беру арқылы оқушылардың сӛйлеу әрекеттерін арттыру мәселелері / Н. А.Аринова// Қазақстан кәсіпкері. - 2007.-ғ7. - С. 35-36

3. Кӛптілді білім беруге құзіреттілік қатынас / К. Л. Қабдолова // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы - Справочник руководителя образовательного учреждения. - 2008.-ғ7. - С. 6-9

УДК 579.68

КӚКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЫРЗАКӚЛСОР ЖӘНЕ АХМЕТЖАНСОР

(5)

3594

КӚЛДЕРІНІҢ СУЛАРЫНА ХЛОРЕЛЛА КӚМЕГІМЕН БИО-ТЕСТ ЖҤРГІЗУ Ӛнерхан Гҥлжайна, Рейхан Алтынгуль

[email protected]

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті, Кӛкшетау Негізі экологиялық мәселелердің бірі- ірі қалалардан шыққан су мәселелері. Қалдық суларды тазалау қондырғылары суларды толық тазалаудан ӛткізбейді. Ластанған тоған суларында азот, фосфор, нитрат, нитрит және басқа да биогенді заттар шамадан тыс жоғары болады. Сонымен бірге, мұндай ластанған сулар патогенді микроорганизмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта болып табылады. Ластанған суларды дер кезінде тазаламау патогенді микроорганизмдердің әсерінен эпидемиологиялық қауіп және химиялық заттардың әсерінен экологиялық қауіп тудыруы мүмкін.

Кӛкшетау қаласында тасқынды канализация жүйесі жоқ. Сӛйтіп ағынды су биологиялық тазарту стансасына есепсіз құйылып жатады. Одан шыққан ағынды су Мырзакӛлсор су жинағышына жіберіледі. Мырзакӛлсор сужинағышынан ағынды сулар Ахметжансор жинағышына жіберіледі [1].

Мырзакӛлсор кӛлі - Кӛкшетау қаласының солтүстік-шығыс бӛлігінде 35 км қашықтықта ағынсыз шұқырда орналасқан. Кӛл сужинағыш кӛлемінің кӛмегі және Кӛкшетау қаласының ағынды сулары есебінен толығады.

Инженерлік-геологиялық іздестірулерде құрылғандай Мырзакӛлсор кӛліне келіп түсетін балшықтар-тӛрт қабатты, алымдылығы 5-15 метрге жетсе, неогенді, тӛрт қабатты, тығыз кӛлдегі балшықтың кӛрінбейтін алымдылығы 21 метрге жетеді. Ал, оған кӛлден келетін сүзу мүлдем жоқ.

Ластаудың бастауынан таза судың суайдынына және Шағалалы ӛзеніне дейінгі ықтимал ең тӛменгі аралық 67 метрге жетсе, шын мәнісінде Мырзакӛлсор сужинағышынан Шағалалы ӛзеніне дейінгі аралық 9,2 км-ге жетеді. Суды қорғау Шағалалы ӛзенінің қалдық сулармен ластанбауы үшін қолайлы табиғи шарттармен келісе отырып, Мырзакӛлсор кӛлін орналастыру арқылы қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта судың деңгейі 237,50 метрге жетеді, және сужинағыштың сәйкес кӛлемі 85 млн. м³-ке жетеді [1,2].

Ахметжансор кӛлі- Кӛкшетау қаласының шығысына қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Оның коллекторының құрылысы 1991 жылы салынып, ұзындығы 17,8 км-ге жеткен. Қазіргі таңда сужинағышқа ағынның қоқыстары келіп түсуде,беттік-еркін құбырдан келетін құйылмалардың диаметрі 1000 мм-ге жетеді. Ахметжансор сужинағышының қазіргі кездегі жобалық кӛлемі -20 млн.м³-ке жетсе, шын мәніндегі кӛлемі- 15 млн.м³, судың деңгейі 228,5 метрге жетеді [2].

Дружинин Г.В. (1980) зерттеулері бойынша, зертханалық тексерулер тазарту қондырғыларының тиімді екендігін кӛрсетті.Оған тәулігіне орта есеппен 24 мың текше метр су барады. Биологиялық тазарту стансасы соның 18 мың текше метрін ғана ӛткізе алады,яғни оның қуаты аз. Кӛлдің жанынан салынған бӛгетке тиісті жӛндеу жұмыстары әлі күнге жүргізілмей келеді. Сол себепті ағынды су дұрыс тазартылмай келеді. Мырзакӛлсор кӛліне тазартылған сулар беріледі, бірақ онда басқа мәселе туындауда- су кӛлдің жобадағы дәрежедегі қуатына дейін толтырылады, бірақ Ахметжансор кӛлінің суымен жерді суландыруға болмайды, ӛйткені ондағы су ӛте тұзды және де оған құйылатын су минералдармен ластанған. Қосымша тағы да Ахметжансор кепкен кӛлінде ғ13 насос станциясы соғылып, іске кірісуде. Ондағы суларды Мырзакӛлсор кӛлінен басқа кӛлге Ахметжансорға айдайды. Мырзакӛлсор су жинақтаушының кӛлемі қазіргі кезеңде 115 млн метрге жетіп отыр, шын мәніндегі оның жобалық қуаты 45млн м, жазық алаңы 1200 га, қорғаушы тоғанының абсолюттік белгісі 240,00 судың қиылымы 238,65 м. Шын мәнінде Ахметжансор - жинақтаушы кӛлдің кӛлемі 15 млн/ м, жобалық қуаты 20 млн/м , жазық алаңы

(6)

3595

910 га , Ахметжансор кӛл ағыны жинақтаушы кӛлемінің мәселесі кӛтеріліп, оның қуатын 56 млн метрге дейін жеткізу жұмыстары қолға алынуда немесе ағындыны қайта тазалап, оны Шағалалы ӛзеніне құю кӛзделіп отыр [2,3].

Зерттеудің әдістері мен нысандары

Зерттеу нысандары ретінде Мырзакӛлсор, Ахметжансор кӛлдері және арнайы бӛлініп алынған микробалдыр Chlorella sp-К штамы пайдаланылды. Сынамалар 2012-2014 жылдары жаз, күз және кӛктем айларында алынды.

Судың физико-химиялық құрамын анықтау гидрохимиялық әдістемелер бойынша Кӛкшетау қалалық СЭС мамандарымен бірлесе жүргізілді.

Мырзакӛлсор сужинағышына биотестілеу жүргізу үшін ең алдымен бақылау және тәжірибеге арналған қоректік орталары дайындалды. Одан кейін оған тест-организм Chlorella sp-К штамы енгізілді. Клеткалардың ӛсу динамикасы 8 күн бойы зерттелініп, алынған мәліметтерге салыстырмалы анализ жасалынды. Таза бақылау суы мен кӛл суларының дақылдық ортасын дайындау үшін клеткалардың қоректенуіне қажетті минералды тұздар 04 стандартты қоректік ортасына сәйкес келетін мӛлшерде қосылды.

Әрбір үш күн сайын клеткалардың санын Горяев камерасы кӛмегімен бақылап отырдық. Лабораториялық жағдайда жасыл балдырларға қоректік орта дайындау үшін Кнопп ерітіндісін пайдаландық. Микроэлементтер құрамы: Ca(NO3)2-0.25; MgSO4 х 7H2O- 0.06; KH2PO4- 0.06 ; KCL- 0.08; Fe2Cl6-1%-тік ерітіндісінен 1 тамшы ( немесе темір хелаты ерітіндісі ) мӛлшерде алдық. Микроэлементтер ерітіндісін себу алдында залалсыздырылғаннан кейін ортаға енгіздік. Биобақылау үшін бӛлек 100 мл-ден әр тұздың ерітіндісін дайындадық. Қоректік ортаны бӛлек тұздардың ерітіндісін және микроэлементтерді автоклавта 1 атмосферада 45 минут бойы залалсыздандырдық.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Ақмола облысының орталығы Кӛкшетау қаласының солтүстік-шығыс бӛлігінде орналасқан Мырзакӛлсор және Ахметжансор кӛлдері ластаушы кӛздердің ең бастысы - ағынды сулар құрамындағы тас, саз және балшық болып табылады. Олар кӛл түбіне шӛгіп, қалың қабаттар түзуде. Мұның ӛзі кӛл табанының лаймен бітеліп, су деңгейінің орынсыз жоғарылауына әкеліп соғуда. 2012-2014 жылдар аралығында Мырзакӛлсор сужинағышына жылына 6099,8 тонна мӛлшерде ластаушы заттардың қалдықтары ӛндірілуде (1-кесте).

1-кесте- Мырзакӛлсор кӛлінің химиялық құрамы

Кӛл жағасындағы және кӛлге келіп құятын ӛзендер бойындағы зауыт, фабрикаларда қолданылған және кӛлге жақын елді мекендер шаруашылықтарына пайдаланылған кӛл

Ингредиенттер

Орташа концентрация

мг/л Ӛлшегіш заттар 76,00

БПК 5 28,8

Хлоридтер 340,8 Сульфаттар 498,33 Фосфаттар 9,2

Аммиак 25,27

Қалқымалы заттар 0,43 Мұнай ӛнімдері 0,23

Темір 0,3

Мыс 1,0

(7)

3596

сулары кӛлге құйылып, құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар кӛл түбіне шӛгіп, кӛлдің гидрохимиялық режимін бұзуда.

Су экожүйелерінің ластану деңгейлеріне тест жүргізуде микробалдырлардың альгологиялық таза дақылдарынан протококалы балдырлар- Chlorella, Chlamydomonas туыстарының ӛкілдері қолданылады [4].

Бұл бір клеткалы эукариотты организмдерді қолданудың негізгі артықшылығы олардың лабораториялық жағдайда кӛптеген ұрпақтар бойы клетка популяциясын бақылауға мүмкіндік беретін жоғарғы кӛбею жылдамдығы болып табылады. Балдырларды, сондай-ақ топырақтың пестицидтер және басқа да улы заттармен ластану дәрежесін, антропогендік факторлар әсерінен ӛзгеру бағытын және эрозияға ұшыраған жерлер жағдайын анықтауға қолданылады [5,6].

Балдырлардың улы әсерлерге қайтаратын реакциялары әртүрлі. Тест дақылдағы тірі және ӛлі клеткалардың қатынасы, фотосинтез қарқындылығы, хлорофилл және каротиноид мӛлшері, дақылдағы жалпы клетка саны сияқты тест функциялар кӛрсеткіштер ретінде пайдаланылады. Гидробионттардың кӛмегімен био-тест жүргізуді ластанған табиғи сулардың улылығын бағалау, қалдық сулардың улылығын бақылау, экстракттар мен шайындылардың улылығын тез бағалау, лабораториялық жағдайда санитарлы-гигиеналық негіздегі орталарға химиялық анализ жасау үшін қолдануға болады [ 7,8,9].

Зерттеу жұмысына кӛл суларының 2 түрлi нұсқасы алынды. 1-нұсқаға 2 есе

сұйылтылған кӛл сулары, ал 2-нұсқаға алғашқы алынған кӛл суы сынамасы ӛзгертiлмей алынды. Енгізілген хлорелла клеткасының санын барлық нұсқаларда бірдей 5х106±0,3мл болғыздық (кесте 2).

2-кесте– Мырзакӛлсор кӛлінің суына биотестілеу жүргізгендегі Chlorella sp-К клеткасының ӛсуі

Сынамалар Тәулік бойынша 1 мл-дегі клетка саны

0 2 4 6 8

Бақылау 5х106±0,3 17,5х106±0,6 22,4х106±0,62 23,4х106±0,58 19,2 х106±0,7 1-нұсқа 5х106±0,3 12,8х106±04 15,6х106±0,46 18,5 х106±0,5 14,5х106±0,38 2-нұсқа 5х106±0,3 11,7х106±0,45 15 х106±0,58 12,4 х106±0,5 7,5х106±0,48

1, 2 нұсқада Chlorella sp-К штамы клеткалар саны алғашқы 4-тәулiкте 1 мл-де 22,4х106±0,62 және 15 х106±0,58 дейiн ӛсті де, келесi тәулiктерде ӛсуi байқалмады.

Бақылаудағы Chlorella sp-К штамының клеткалары саны 4 тәулiкте 1 мл-де 22,4 х106±0,62 дейін ӛскенi анықталды. Биотестілеу нәтижесінде Мырзакӛлсор кӛлі суында Chlorella sp-К штамы клеткалар саны 18,7 ±0,46 млн/мл дейiн ӛсіп, кӛлдің ӛте ластанғандығын кӛрсетті.

3-кесте–Ахметжансор кӛлінің суына биотестілеу жүргізгендегі Chlorella sp-К клеткасының ӛсуі

Сынамалар Тәулік бойынша 1 мл-дегі клетка саны

0 2 4 6 8

Бақылау 6х106±0,3 18,5х106±06 28,4х106±0,62 25,4х106±0,58 22,2 х106±0,7 1-нұсқа 6х106±0,3 14,8х106±04 19,5х106±0,46 11,5 х106±0,5 15,5х106±0,38

(8)

3597

2-нұсқа 6х106±0,3 17,7х106±0,45 18 х106±0,58 11,4 х106±0,5 8,5х106±0,48

Енгізілген хлорелла клеткасының саны барлық нұсқаларда бірдей 1 мл-де 6х106±0,3 мл. 1, 2 нұсқада Chlorella sp-К штамы клеткалар саны алғашқы 4-тәулiкте 1 мл-де 28,4х106±0,62 және 18 х106±0,58 дейiн ӛсті де, келесi тәулiктерде ӛсуi байқалмады.

Биотестілеу нәтижесінде Ахметжансор кӛліндегі Chlorella sp-К штамы клеткалар саны 23,2±0,46 млн/мл дейiн ӛсіп, және орташа ластанғандығын байқауға болады (кесте 3).

Зерттеулерден байқағанымыздай табиғи суларға Chlorella sp-К микробалдыры кӛмегімен биотест жүргізу жылдам, әрі тез нәтиже беретіндігі және келешекте табиғи сулардан бӛлініп алынған басқа да жасыл балдыр штамдарын су экожүйесіне баға беруде қолданудың маңызы зор екендігі анықталды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Казбеков А.К., Кабиев Е.К., « Гидрогеологическое и инженерно-геологические исследования в Северном Казахстане » (Кокшетауская и Северо-Казахстанская области) г.Кокшетау,1996 г.

2. Дружинин Г.В. « Основные закономерности строения берегов озер Северного Казахстана

». Л. «Наука ».1980 г.

3. Саут Р., Уиттик А. Основы альгологии. — М.: Мир, 1990. – 597 с.

4. Крайнюкова А.Н. Биотестирование в охране вод от загрязнения //Методы биотестирования вод.-Черноголовка.- 1988.-С.4-14.

5. Fogg G.E. Algal cultures and phytoplankton ecology. – Madіson, 1975. – 65 p.

6. Макрушин А.В. Биологический анализ качества вод. – Л., 1974. – 202с.

7. Горюнова С. В. Прижизненные выделения водорослей и их физиологическая роль и влияние на общий режим водоемов. Гидробиол. журн. 1966., Т.2, N4, 80-88б.

8. Васильев А.М. « О некоторых законодательствах пространственного размещения и юнетических особенностях озер Кокчетавского срединного массива » . « Известия АН Каз.

ССР ». серия геол.,1990 г.,ғ 5.

9. Джусупова Д.Б. Технологии очистки природных и производственных сточных вод

УДК 615.076.8 (574.25)

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ РАСТЕНИЯ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ, ИСПОЛЬЗУЕМЫЕ ДЛЯ ЛЕЧЕНИЯ И ПРОФИЛАКТИКИ КАРИЕСА

Панова Снежана Алексеевна [email protected]

Студентка Павлодарского Государственного Педагогического института,Павлодар, Казахстан Научный руководитель — Н. Тарасовская

Кариес - самое распространѐнное заболевание человека. Считается, что ни один человек в течение своей жизни в той или иной степени не избежал кариеса. В детском возрасте оно занимает первое место среди хронических заболеваний и встречается в 5-8 раз чаще, чем заболевание, занимающее второе место по распространѐнности, — бронхиальная астма.

Поражаемость кариесом связывают с характером питания населения, уровнем солнечной радиации, содержанием фтора в окружающей среде, главным образом в питьевой воде.

Referensi

Dokumen terkait

Кесте 1 Бейнежазба жасау бойынша талаптар Мазмұны бойынша талаптар Техникалық талаптар Бейнежазбаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын моральдық және этикалық