ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
2474
Қазіргі кезде математиканы компьютерлік оқытудың нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үдерісін компьютерлендіру психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан- жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелелері көрсетіп отырғанындай, орта мектептің 5,6-сынып математика пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым- қатынасының жүйесі, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.
Осылардың ішінде адам баласы көру және есту мүшелері көмегімен ақпараттың едәуір бөлігін қабылдайтындықтан, біз көз арқылы қабылдауға әсер ететін түр–түске сипаттама бере отырып, математика пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру үшін түр-түстің оқушының материалды игеруге тигізер әсерін қарастырдық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050. – Астана, 2014. -3 б.
2. Бидосов Ә.. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. 2000.
3. Рахымбек Д., Беркут А.К. Методика комплексного использования учебных средств в обучении математики. «Жас ғалым-2009» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. жинағы. Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 18-19 сәуір 2009. -13 б.
УДК 51(075.8)
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Оспанова Ұлжан Әбдіраззаққызы [email protected]
Қазақ мелекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Алматы, Қазақстан
Ғылыми жетекші – Ханжарова Б.С.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол “жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндікті пайдаланатын жоғары білімді, шығармашыл, құзіретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды” алдын – ала болжайды (Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы). Білім беру технологиясы – оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс – әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құрады.
Ақпараттық технология білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына жауап бере отырып, қоғам өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған орай білім берудің де негізгі мақсатын өзгертеді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі–оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс–әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Оқытудың жаңа технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына мәліметтік және бағдарламалық
2475
қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы тиіс. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – жаңа ақпараттық жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Егер жалпы білім беру жүйесіндегі оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістемесі дұрыс қалыптастырылса, онда оқытудың теориялық және практикалық деңгейі жоғарылап білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, өйткені оқушылардың жалпы білімін әр түрлі деңгейде дайындау ақпараттық технологияға сүйенеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Ақпараттық білім беру – танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар білімді автоматты түрде бағалаудың тесттік әдісін даярлап береді.
Әр мұғалім өзінің тәжірибесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, мынадай мақсаттар қоюына болады:
жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
қоғам қажеттігін қанағаттандыру үшін, ақпараттық қоғамға тәрбиелеу.
Осы мақсаттардан білім біру мекемелеріндегі ақпараттық білім беру ортасының негізгі қағидалары анықталады:
1. Орналасу орнына және мамандығына тәуелсіз білім беру ұйымдарының барлық қатысушыларына бірдей. Оқыту мекемелерінің ақпараттық білім беру ортасының қатысушылары жоғарғы оқу мекемелері және ауыл мектептері болуы мүмкін. Қандай да болмасын оқу мекемесі әртүрлі деңгейдегі оқу – әдістемелік талдауды өткізу сұрақтарын өз бетінше шешеді. Ақпараттық білім беру ортасы қезметінің негізгі міндеттері – әрбір білім беру мекемелерінің білім беру желісінің қолайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз ету;
2. Білім беру үдерісінің метериалдық қызығушылығы – ақпараттық білім беру ортасының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Өзін – өзі ақтауының виртуалды өкілі – оқытудың тиімді жүзеге асуының негізі;
3. Оқыту деңгейлері және білім беру профильдерін тиімді дамытуға ықпал етуші білім беру жүйесінде жүретін жаңарту және бейімделу инвариантты орта және технологиялар қағидалары;
4. Ақпараттық білім беру ортасындағы ақпараттық бірлік кеңістігінің қағидасы.
Ақпараттық білім беру компоненттері бір – бірімен біріккен әрекет етуі.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалады. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде
2476
бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық-технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелерге қосылады.
Қазіргі мектептердегі оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден- бір құрал — компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру.
Компьютерлік технология мен оқытудың технологиялық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз.
Сонымен, компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:
1) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
2) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.
3) Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
4) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
5) Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Математика – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2477
1. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий. -М. 2001, 30-33б.
2. Әубәкір С, Желилова Қ., Математика мен информатика пәндерін оқытудағы кейбір ерекшеліктер// Қазақстан мектебі №1 2013
3. Өстемірова К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары, Алматы 2007
4. Құралбаева С. «Жаңа педагогикалық технологияның тиімділігі мен ерекшелігі»//
Ізденіс №4-2008ж
УДК 51[001.89:378.096]
О РАЗВИТИИ ВЕРОЯТНОСТНО-СТАТИСТИЧЕСКОГО СТИЛЯ МЫШЛЕНИЯ УЧАЩИХСЯ ПОСРЕДСТВОМ ЭЛЕКТИВНОГО КУРСА ОСНОВ
МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ЛОГИКИ И КОМБИНАТОРИКИ
Польченко Н.Н.
Cтудент Карагандинского государственного университета имени Е.А.Букетова Караганда, Казахстан
Научный руководитель – Толеуханова Р.Ж.
В нашу жизнь повсеместно входят банковские кредиты и страховые полисы, таблицы занятости и диаграммы социологических опросов, выборы и референдумы. Общество все глубже начинает изучать себя и стремится делать прогнозы о самом себе и о явлениях природы, которые требуют представлений о вероятности. Мы, будущие преподаватели и учителя математики, должны научить учащихся умению жить в вероятностной ситуации. А это значит извлекать, анализировать и обрабатывать информацию, принимать обоснованные решения в разнообразных ситуациях со случайными исходами. Современные науки, весь комплекс социально-экономических наук построены и развиваются на вероятностно – статистической базе.
«Только становящийся на ноги» ребёнок в своей жизни ежедневно сталкивается с вероятностными ситуациями. Подготовку к решению таких проблем и должен взять на себя элективный курс основ математической логики, который мы условно назвали «Знакомство с математической логикой и комбинаторикой».
Целью данного курса должно стать формирование у учащихся элементарных стохастических знаний, а также развитие комбинаторного и вероятностно-статистического стилей мышления.
Задачами курса являются следующие тезисы:
Дать ученику возможность реализовать свой интерес к выбранному предмету.
Сформировать у учащихся представления о прикладных возможностях математики, ее месте в общечеловеческой культуре.
Способствовать развитию и совершенствованию логического мышления;
прививать вкус к логическим рассуждениям.
Развивать у учащихся вероятностную интуицию.
Формировать первоначальные стохастические представления.
Программа курса состоит из следующих разделов: введение, типы комбинаторных задач, базовые понятия теории вероятностей, логические задачи.
Во введение предлагается включить следующие разделы:
1. Что такое стохастика?
2. Представление о разделе математики – комбинаторике.
3. Комбинаторные задачи.
4. Исторический экскурс и примеры реальных ситуаций применения умений решать комбинаторные задачи.