• Tidak ada hasil yang ditemukan

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Б. ЖУПАРХАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ Жерге орналастыру, бәскелестік, кәсіпорындар, бәсекелестік

қабілеттілік, ресустік потенциял, кеңістік факторлар, экономикалық факторлар, ішкішаруашылық жерге орналастыру.

Түйіндеме

Жерге орналастыру шеңберінде ескерілетін және ауылшаруашылык кәсіпорындары мен олардың ӛнімдерінің бәскелестік қабілеттілігіне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін территориялық және ресурстік факторлар.

Аннотация

В настоящее время в Казахстане возникла настоятельная необходимость в повышении конкурентоспособности отдельных отраслей экономики, предприятий и их продукции. В последнее время в республике осуществляется большое количество практических мер по увеличению производства сельскохозяйственной продукции и его экспорта, но все они представляют в основном правовое регулирование и оказание государственной поддержки. Необходимо решение специальных землеустроительных задач, направленных на создание территориальной основы для предприятий производящих сельскохозяйственную продукцию, способную конкурировать на мировом рынке.

Sammary

In this article the anthat bevealed the theme of concuration ability of the vi industrios. The problem of concuration abilityin crease of industios was consiclered in this work.

Perfection of concuration ability was offered by the anthar. Also the perfection of concuration ability of industries from accomadation to the eoath was analyzed in the arficle.

Қазіргі кезде елдің тұрақты дамуын және осының негізінде оның әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету аса маңызды стратегиялық міндетке айналуда. Осы міндетті жүзеге асырудың алғашқы шарттарының бірі - жеке кәсіпорындардың және олардың ӛндіретін ӛнімдерінің, бәсекелестік қабілеттілігін арттыру болып табылады.

(2)

Аталған ғылыми проблеманың тӛңірегінде, бірінші кезекте, ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату маңыздылығын айту қажет. Бұл мәселе Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде айтарлықтай кең зерттелген. Дегенмен, бұл зерттеулерде аталган проблема негізінен ұйымдастыру-шаруашылықтық, баға конъюктурасы, ӛнімнің сапасы және арзандығы тұрғысынан қарастырылған. Ұсынылып отырған зерттеулердің нәтижелері ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігіне басқа да кӛптеген факторлар әсер ететіндігін кӛрсетеді. Солардың арасында ауылшаруашылық ӛндірісінің территориялық жағынан ұйымдастырылуы, демек олардың жерге орналастырылғандығына қатысты табиғи, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Бұл жағдайлардың шаруашылықаралық, ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыру шеңберінде а.ш. ӛндірістің бәскелестік қабілеттілігіне әсер ету сипаты мен нақты механизмі терең зерттеулерді талап етеді.

Ұсынылып отырған жұмыста, кәсіпорындардың бәскелестік қабілет- тілігі бұндай аспектіде, олардың территориялық ұйымдастыруымен тікелей ӛзара байланысты түрде, жерге орналастыру және жер кадастры сипатындагы мәселелерімен бірге, алғашқы рет қарастырылуда. Бұл жағдай кӛтеріліп отырған проблеманың ӛзектілігін дәлелдейді.

Жерге орналастыру факторларының а.ш. кәсіпорындарының бәскелестік қабілеттілігіне әсер ету сипаты мен механизмін талдай отырып, оларға қойылатын талаптар жүйесі мен принциптерін нақтылау, оларды жетілдіру жӛніндегі ұсыныстар жасау.

Жерге орналастыру факторларының а.ш. кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігіне әсер ету сипаты мен механизмін талдай отырып, оларға қойылатын талаптар жүйесі мен принциптерін нақтылау, оларды жетілдіру жӛнінде ұсыныстар. Бұл ғылыми мәселені шешу барысында бірқатар ӛзара байланысты және ӛзара шарттас міндеттерді белгілі бір әдістемелік жүйелілікте қарастыру қажет:

- зерттеу тақырыбына қатысты теориялық және әдістемелік ізденістердің нәтижелерін жүйелеп корыту;

- қазіргі кезде әртүрлі а.ш. кәсіпорындарында қалыптасқан ӛндірістің кӛлемін, салалық құрылымын, экономикалық тиімділігін зерттеп талдау;

- а.ш. кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын, бәсекелестікке қабілетті ӛнімді ӛндіруге әсер ететін табиғи, әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастыру-шаруашылықтық және экологиялық жағдайларын зерттеу;

- а.ш. ӛндірісінің тиімділігіне әсер ететін жерге орналастыру сипатындағы факторларды айқындау, олардың бәсекелестік қабілет- тілікке ықпал жасайтын механизмін анықтау;

(3)

- кәсіпорындардың бәскелестік қабілеттілігін себептейтін жер пайдаланушылықтарға қойылатын негізгі талаптарды белгілеу;

- а.ш. кәсіпорындарына катысты шаруашылыкаралық және ішкіша- руашылық жерге орналастыру әдістемесін жетілдіру жӛнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жерге орналастыру факторларының а.ш. кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігіне әсер етуінің ғылыми жаңашылдығы:

- жерге орналастыру алгашқы рет ауылшаруашылык кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігінің факторы ретінде қарастырылған;

- осы тұрғыдан соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп қортылған;

- а.ш. ӛндірісінің бәсекелестік қабілеттілігіне әсер ететін жерге орналастыру факторлары айқындалған;

- олардың а.ш. кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігіне әсер ету сипаты мен механизмі зерттелген;

- территорияның кешенді ресурстық бағалау негізінде аймақтау әдістемесі ұсынылған;

- а.ш. жер пайдаланушылықтарды құру әдістемесін жетілдіру жӛнінде ұсыныстар әзірленген.

Жерге орналастырудың ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігіне әсер ету заңдылықтары және оларды ескеру әдіс- тәсілдері толық қарастырылады. Оның негізгі мазмұнын құрайтын, іс-әркеттер келесідей әдістемелік реттілікте жүзеге асырылады:

Алдымен, аудандардың табиғи –климаттық жағдайлары зерттеле келе (жауын-шашын мӛлшері және топырақ құнарлығы) территорияның биоклиматтық потенциялы талданып бағаланады. Бұл кӛрсеткіш, осы аймақта негізгі ӛнім болып табылатын астыққа қарай анықталды.

Биоклиматтық потенциялға қарағанда бидайды (астықты) ӛндіруге ең қолайлы болып Еңбекшілдер және Шортанды аудандарының территориялары болып шықты. Бұл кӛресткіш бойынша астық ӛндіруге тиімсіз Қорғалжын ауданы. Биоклиматтық потенциялды бағалағанда территорияның мынадай жағдайлары ескеріледі:

1. Топырақтың негізгі түрі (типі, типшесі);

2. Топырақтың құнарлылығын пайдалану деңгейі (65%-100%);

3. Сапалы жыртылған жердің үлесі;

4. Жауын-шашын мӛлшері;

Биоклиматтық потенциял бағалағаннан кейін аудандардың әлеуметтік –экономикалық жағдайлары зерттеліп, олардың осы кӛрсеткіш (фактор) бойынша потенциялы бағаланады. Бұнда мынадай факторлар назарға алынды:

1. Жыртылған жердің а.ш. алаптар құрамындағы үлес салмағы (28,5-78,1% аралығында Қорғалжын және Есіл аудандары);

(4)

2. Елді –мекендердің даму потенциялдары (а.ш. территорияның бағдарламасы);

3. А.ш. кәсіпорындарының қызмет кӛрсету орталықтарынан орташа қашықтығы (аудан орталығынан 24км –Аршалы ауданы, 68км- Бұланды ауданы);

4. Аудандар бойынша шаруашылықтың ӛндірістік қорларымен қамсыздандырылған (0,8мың тг/га, 62 мың тг/га –Бурабай ауданы, орташа- 8,9 мың тг/га).

Сонымен, әлеуметтік – экономикалық потенциялы бойынша астық ӛндіруге ең қолайлы болып Есіл Атбасар, Бурабай аудандары болып табылады. Астық ӛндіруге тиімсіз аудандарға Ақкӛл, Ерейментау және Қорғалжын аудандарын жатқызуға болады.

Территорияның биоклиматтық және әлеуметтік – экономикалық потенциялын бағалау негізінде олардың (аудандардың) кешенді ресурстік потенциялы анықталды. Оны жүзеге асыру барысында жоғарыда қарастырылған бүкіл табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлар ескеріледі. Осы факторлардың әсер ету күшіне қарай барлық аудандар астық ӛндіру потенциялына қарай, демек кешенді ресустік потенциялына қарай дәрежеленеді. Басқаша айтқанда оларға сандық кӛрсеткіш берілді (1-100 шартты балға дейін).

Кешенді потенциял бойынша астық ӛндіруге ең тиімді болып Бурабай (42), Егіндікӛл (37), Есіл (44), және Атбасар аудандары болып шықты, ал ең қолайсыз (Ақкӛл, Қорғалжын ауд) (17-кесте)

Жоғарыда айтылған, территорияның биоклиматтық, әлеуметтік – экономикалық және кешенді ресурстік бағалау осы территорияны аймақтау мақсатымен жүргізілді. Ӛз кезегінде аймақтау нәтижелері ары қарай жерге орналастыруды жүргізудің территориялық негізі болуға тиісті.

Ұсынылып отырған әдістеменің экономикалық тиімділігі бағаланды ол үшін мынадай кӛрсеткіштер есептелінеді.

1. Бидай түсімділігінің топырақ құнарлығына карай артуы (12%

артар еді);

2. Ӛнімнің тапсыру пунктеріне қарай орналасуына қарай астықтың ӛзіндік құнының артуы (тӛмендеуі) (5,3-11,1 %-орташа-8,3%) (бірқатар шаруашылық бойынша есептелді).

3. Егерде осы кӛрсеткіштер жүзеге асырылатын болса Ақмола облысы бойынша ӛндірілетін астық кӛлемі 294 мың тоннаға артар еді, ал шығын 2,9 млрд теңгеге қысқарар еді, 294 мың тонна бидайды ӛндіру үшін 300 мың га жыртылған жер керек екен бұны мал азығын ӛндіруге және осы арқылы мал шаруашылығын дамытуға болар еді.

Бәсекелестік қабілеттілік жӛніндегі зерттеулердің нәтижелерін қорыта келе, бірінішіден, бұл нарықтық экономиканың ӛзекті категорияларының бірі екендігін, екіншіден, ол тауардың, жеке

(5)

кәсіпорындардың және салалардың осы тәріздес объектілерден артықшылыгын сипаттайтын жалпылама кӛрсеткіш екенін нақты түрде атап ӛткен қажет. Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижелері бойынша жерге орналастыру, ӛндірістің территориялық негізін қалыптастыратын құқықтык, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық және техникалық шаралар жүйелі ретінде ауылшаруашылық ӛндірісінің бәскелестік қабілеттілігін себептейтін аса маңызды кешенді факторы болып табылады.

Жерге орналастыру шеңберінде ескерілетін және ауылшаруашылык кәсіпорындары мен олардың ӛнімдерінің бәскелестік қабілеттілігіне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін территориялық және ресурстік факторларға жатады:

- кеңістік факторлар - жер пайдаланушылықтардың пішін - кескіндіктерді, кеңістік кемшіліктерінің бар болуы, ӛндірістік орталықтары мен алаптарының орналасу сипаты, оның қызмет кӛрсету және тауар тапсыру пунктеріне қарай орналасуы;

- табиғи - климаттық және экологиялық жағдайлар - орналасу аймағы, топырақ және ӛсімдік жамылғысы, бедері, гидрографиясы мен гидро- геологиясы, климаттық кӛрсеткіштері (жауын-шашын кӛлемі, темпера- туралық режим және т.б.);

- әлеуметтік - экономикалық және техника - экономикалық факторлар - қоныстану жүйесінің сипаты, елді мекендердің әлеуметтік және ӛндірістік инфрақұрылымдарымен қамсыздандырылғандығы, шаруашылықтық орталықтарынан қашықтығы кәсіпорындардың жер ресурстарымен қамтамасыз етілуі, алаптардың түрлері мен аудандары, олардың пайдаланылу бағыты мен деңгейі.

Ауылшаруашылық ӛндірісінің тиімділігін, сонымен бірге оның бәсекелестік қабілеттілігін кӛтеру мақсатында жерге орналастыру тарапынан мынадай бір қатар міндеттер жүзеге асырылуға тиісті:

- шаруашылықаралық жерге орналастыру шеңберінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының, олардың мамандандырылғандығына қарай, тиімді орналастыру нұсқаларын іздестіру, бұл ғылыми міндетті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;

- а.ш. кәсіпорындарының тиімді жер пайдаланушылықтар кӛлемін және басқа параметрлерін айқындау;

- ішкішаруашылық жерге орналастыру тарапынан ӛндірістің экономикалық тиімділігі жағынан қолайлы территориялық реттілік жасау;

- жер учаскелерінің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатымен олардың аумағында учаскелік жерге орналастыру жүргізу.

Аталған міндеттерді, жер пайдаланушылықтарды құру үрдісін жүйелі түрде талдау және қалыптастыру принциптері мен негізгі

(6)

бағыттарын нақтылау арқылы мынадай әдістемелік реттілікте жүзеге асырылуы ұсынылады:

1) қалыптасқан жер пайдаланушылықтар жүйесін талдау;

2) табиғи және әлеуметтік - экономикалық факторлар мен экологиялық талаптарды ескере отырып, жер пайдаланушылықтардың ұтымды аудандарын анықтау;

3) жер пайдаланушылықтардың ӛндірістің экономикалық тиімділігіне теріс әсер ететін кеңістік кемшіліктерін айқындау, оларды жою жолдарын белгілеу;

4) а.ш. кәсіпорындарын, олардың мамандандырылғандығын, сервистік және ӛнім тапсыру орталықтарын ескере отырып орналастыру;

5) жер пайдаланушылықтың құрамындағы а.ш. алаптарының үлес салмақтарын ӛндірістің салалық құрылымына қарай сәйкестіре отырып тиімділендіру;

6) жобалық шешімдерді техника-экономикалық және экономикалық тұрғыдан негіздеу.

Жерге орналастыру а.ш. кәсіпорындарының бәскелестік қабілеттілігінің факторы ретінде, мынадай мәселелерді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиісті, шаруашылық жерге орналастыру тарапынан:

- а.ш. дақылдарын ӛсіруге ең қолайлы аудандарды анықтау мақсатымен территорияны агроландшафттық аймақтау;

- а.ш. кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарының ұтымды кӛлемдерін, пішін кескіндіктерін, орналасуын және басқа параметрлерін анықтау;

- экологиялық тұрғыдан тұрақты және экономикалық жағынан тиімді алаптар құрамын белгілеу.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру шеңберінде:

- елді мекендер мен территорияны жабдықтау элементтерінің орналасуын тиімділендіру;

- а.ш. алаптарының, бірінші кезекте, жыртылған жердің территориясын ұтымды реттестіру;

- жердің күйін бақылау мақсатымен ұйымдастырылатын мони- торингті жүргізу үшін жер учаскелерін паспорттау;

- ішкшаруашылық жүк тасымалдауды, транспорттық шығындарды барынша азайту мақсатымен, тиімділендіру.

А.ш. кәсіпорындарының жер пайдаланушылыктарын құру жӛніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына қосымша келесідей құрамдас бӛліктерді еңгізу ұсынылады:

- территорияның кешенді ресурстік потенциалын бағалау;

- территорияны ресурстік потенциалына қарай аймақтау;

- жер пайдаланушылыктардың тиімді аудандарын анықтау және аймақтау схемасының негізінде орналастыру.

(7)

Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының құрамына мынадай бӛліктер қосымша еңгізіген қажет:

- шаруашылық территориясын микроаймақтау;

- ландшафттық-экологиялық карта жасау.

Жоғарыда аталған нәтижелері бойынша ұсынылған әдістемелік реттілікте жүргізілген шаруашылықаралық және ішкішаруашылық жерге орналастыру:

- а.ш. ӛнімдердің ӛзіндік құнын 5-11% аралығында қысқартуға;

- бидайдың түсімділігін орташа есеппен 10-15% арттыруға;

-жыртылған жердің бір гектарына жұмсалатын тікелей шығындарды 137 теңгеге азайтуға;

- жалпы Ақмола облысы бойынша ӛндірілетін астық кӛлемін 440 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. М.А. Гендельман, Ж.Қ. Қырықбаев «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», /Оқулық/ Астана 2004ж.

2. М.А. Гендельман, Ж.К. Крыкбаев, «Землеустроительное проектирование» /Учебники и учебные пособия для студентов высших учебных заведений/ ТОО «ЭВЛЮ» 1999г.

3. Н.Л. Маренков, В.П. Мельников, В.П. Смоленцев, А.Г. Схритладзе

«Управление обеспечением качества и конкурентоспособности продукции» Москва 2004г.

4. Н. Әліпбеков, Ж. Ералы, Р.К. Дәулетова, Г.Б. Молдабекова

«Бизнесті ұйымдастыру», /Оқулық/ Астана 2008ж.

Referensi

Dokumen terkait

Эпистолярлық әдебиет сол негізгі екі бағыт бойынша дамиды: «ашық хаттар» - памфлеттер және «новелла-хаттар», тұрмыстық хаттар мен сыр ашу хаттары.. Хаттың даму сатысына тікелей

5 ортаға әсерді өзгерту, ресурстарды пайдалану, ортаның жай-күйі әсер етудің басым факторлары, ластаушы заттарды бөлу және Қалдықтардың пайда болу көздері, төгінділер мен тастандының