• Tidak ada hasil yang ditemukan

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ ТАРИХШЫЛДЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ ТАРИХШЫЛДЫҒЫ"

Copied!
1
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz Н. Мырзаханов Астана қ., Қазақстан АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ ТАРИХШЫЛДЫҒЫ

http://www.enu.kz

Адам баласы жаралғаннан бері адамның өзін-өзі тану, ұлтын тану, ұлттық тарихының көш-керуенін түсіну үрдісі толассыз дамып отырған. Десек те, мың өліп мың тірілген қазақ тағдырының маңдайына ел тарихын әспеттеу, һәм қорлау басқа жұрт тарихшыларының үлесінде болғандығы ақиқат. Әрине бұл құбылыс халқымыздың шынайы тарихын қалыптастыруға кері әсерін тигізді. Біз көбінекей басқа ұлттарға тағы, мәдениетсіз, сауатсыз болып танылып, тарих көлеңкесінде қалып келгендігіміз ақиқат.

Тәуелсіздігімізге 20 жылдан асса да қазақ тарихы енді басталды, басталды деген есек дәмемен жүрміз. Бірде елбасы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрметті ғалымдар неге бір пайымға келіп Отандық тарихты дұрыстап жазбайсындар деген ұсыныс жасаған еді. Алайда баяғы жартас бір жартас қалпында қалып отырмыз.

Менімше мәселе оқиғаны бір-бірімізге сілтеуде емес, әлдеқайда күрделі болса керек.

Кейде біз тарихты жалаң дерек, жекелеген тұлғалар, аймақтардың басынан өткен жолы деп қарастырамыз. Бұған дерек еліміздің әр түкпірінен табылып жатқан алтын адамдар, зергерлік бұйымдар, археологиялық табыстар. Бұл жетістіктеріміз жақсы жазылып, Қазақстанда ғана емес, басқа да әлем жұртшылығына көз қарасты болған дүниелер. Бұл да тарих, ұлттық намысымызды қамшылап, текті халықтың ұрпағы екенімізді мақтаныш етуімізге жол ашып, болашақ көк жиегімізді жоғарыдан көруімізге ұмтылдыратынын айту абзал. Алайда Қазақ әлемін жан-жақты игеруге бұлар жеткіліксіз. Басты гәп тарихтыңтарих үшін емес ұлттық рухани тәрбиелеуге қажеттілігінде. Мәселе осы үрдісті тәрбиелеу, жаңғырту, жасау үстінде болған, болып жатқан және болатын тарихи деректерді, мейлі ол қолөнер, ән-күй, түрлі материалдың құндылықтар болсын халқымыздың этно-генетикалық қорының өрмегіне моншақтай тізіліп тұруы қажет.

Сонда ғана тараған деректер халықтың рухымен ұштасып біртұтас Қазақ әлемін қалыптастыруға қол жеткізеді.

Осы арада Ақаңның, қазақ шежіресін (шежірешілдігін), әсіресе оның тарихи мағлұмат беретін қабаттарын елеп-ескермеу дегеніміз – «қазақ халқының өз тарихы туралы өз жадында сақтаған түп нұсқа деректі елеп-ескермеу болып шығар еді» деген сөздерінің ақиқат екенін айту абзал. Бұл арада Ақаң айтып отырған «түпнұсқа дерек» деп ұлтымыздың этногенетикалық қорын ұққан абзал. Ақаңның қазақтың этно-генетикалық жүйесін зерттеу, зерделеу үстінде бүкіл әлемдік әдебиеттерді пайдалана отырып, ғылыми қисында озық ойларды пайымдауы таң қалдырады. бұрын сонда эно-тарихи зерттеулерде кездеспеген үрдіс. Феномен. Ақаңның пайыдаулары мен қисындары болашақ жас ғалымдарға аманат қалап кеткен сара және азаматтық жол деп ұқсақ болар.

«Шынтуайтына келгенде Ақаң тарихи-этнологиялық ғылымның қазіргі қол жеткен шыңына шығып қазақтың шежірелік деректерін пайымдауға бар күш-жігерін, өмір бойы жиған-терген бар өнерін салған. Бұл қарапайым шежіре емес, бұл шежіретануға арналған кіріспе. Ақаң ХХ ғасырдың басында Алаш зиялы қауымы өкілдерінің ісін әрі жалғастырып ағартушылық шаруа жасап отыр», - деп жазады белгілі ғалым Жамбыл Артықбаев мырза. Толық құптауға пейілдімін. Ақаң ойларының ұлтымыздың ойлау, түсіну, тұшыну өрісіне жол ашатындығы ақиқат, тарихшылдықтың жаңа сатысы.

Referensi

Dokumen terkait

Қазақ халқының тарихындағы ең бір шешуші тарихи кезеңді тақырып етіп, оқиғаны тудырған заман талқысы мен талабын кейіпкерлер тағдыры арқылы көркем кестелеген «Өмірзая» романы қазақ