• Tidak ada hasil yang ditemukan

АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

С. Ж. Дүйсен Астана қ., Қазақстан АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТАРИХИ

ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ http://www.enu.kz

Әлемдік тарих ғылымында жүздеген жыл үстемдік еткен еуроцентристік концепция Еуразия аумағындағы кӛшпелілердің бір бұтағы-қазақтарды ұшарын жел, қонарын сай білген тарихы жоқ, «тарихи емес» халықтардың қатарына қосқаны, ұлтымызға мүсіркеушілікпен қарағаны белгілі. Ӛзінің атақонысында кемінде 3-4 мың жыл тапжылмай ӛмір сүріп, әлемдік ӛркениетке ӛзіндік үлес қосқан ұлттың тарихсыз болуы мүмкін еместігі белгілі. Бір кемшілігіміз ежелгі және орта ғасырлардығы тарихымыз туралы тӛл жазба деректеріміз ӛте тапшы. Сондықтан ежелгі тарихымызды зерттегенде жазу-сызуы ежелден жақсы дамыған кӛрші елдердің қазақтар туралы жазып қалдырған деректеріне және отандық археология ғылымының жетістіктеріне сүйенетініміз белгілі.

Осының бір дәлелі ретінде қазақ ұлтының Еуразия кеңістігінде ешбір ұлттан кем қалмай уақытында қалыптасқанын мойындайтын соңғы жылдары шыққан бір шетел дерегіне жүгінейік.

Қытайтанушы ғалым, профессор Т. Законұлының дерегі бойынша 2004 жылы Қытайда шыққан «Орта Азия тарихы» атты тӛрт томдық еңбекте Хунань педагогикалық университетінің профессоры Ван Чжилай және Гуандун Шаугуан институтының профессоры Динь Дубэнь «қазақ» этнонимін «кӛшіп кетушілер», «еркін адамдар» деген мағынада түсіндіре келіп, қазақтың XVI ғасырда қалыптасқан ұлт екенін, бірақ XVIII ғасырдан бастап орыстардың қазақтарды ресми құжаттарда әдейі «қырғыз» деп бұрмалап атағанын, қазақтар ӛздерінің бұл тарихи атауын тек 1925 жылдан соң қалпына келтіргенін жазыпты [1, 90].

Кӛріп отырғанымыздай Қытай ғалымдары осыдан 500 жылдай бұрын қазақтың ұлт ретінде қалыптасуды аяқтағанын мойындап отыр. Ал ұлттың қалыптасуы ғасырларға созылатын күрделі процесс екені белгілі. Ұлт болған соң оның тарихы да болады.

Әлемдік тарихнамада тарихты зерттеуде тек жазба немесе заттай ғана емес ауызша деректерге де сүйену, оны тарихи дерек кӛзі ретінде санау тәжірибесі бар. Бұндай ұстанымды Азия мен Африканың кейбір елдерінің тарихшы ғалымдары кеңінен пайдалануда.

Алыс және жақын шетелдерде ауызша тарих айту дәстүрін әр кезде зерттеген ғалымдар шоғыры бар. Әлемдік тарихнама алыс шетелдердегі ауызша тарихтың түрлі бағыттарының ӛкілдеріне Ян Вансина, Жак Гуди, Филипп Жугар, Поль Томпсон, Рональд Грил, Андраш Хагедюшті жатқызады.

Ал орыс тарихнамасында Н.М.Карамзин, А.А.Шахматов, Б.Д.Греков, Д.С.Лихачев, В.Г.Мирзоев, Д.П.Урсу, Б.А.Рыбаковты жатқызады.

Қазақ-тарихшыл халық. Қазақ шежіресі мен ауыз әдебиеті ұлт тарихының теориялық-методологиялық ұстанымдарының қатарына жатады. Қазақ зерттеушілері оларды ауызша тарих түріне жатқызады. Отандық тарих ғылымында қазақтың ауызша тарихы туралы кӛзқарас Н.П. Вяткин, В.П. Юдин, А. Сейдімбек, Қ. Салғараұлы, С.

Жақыпбеков, М. Қойгелдиев, Қ.Атабаев, Ж. Артықбаев, М. Елеуов, С. Мажитов, М.

Алпысбес, Қ. Әлімғазинов, Р. Айтбаева, З. Елешова сияқты ғалымдар үлесіне тиеді.

«Қазақстан тарихшылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы 2005 жылы жоғары оқу орындарының тарих факультеттері мамандары үшін тарихшы ғалым М. Қойгелдиевтің жетекшілігімен Ауызша тарих айту дәстүрін оқытуға арнайы курс жоспарын және бағдарламасын жасап ұсынғаны белгілі. [2, 287-299].

Кӛшпелі ӛмір салты қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрін туғызды. Атадан балаға ел тарихы, жүз, тайпа-ру, әулет тарихы желісі үзілмей беріліп отырды. Ұлт

(2)

жадындағы ауызша тарих ӛркениетті елдердегі кітапхана, мұрағат рӛлдерін атқарды.

Қазақтың ежелден қалыптасқан ауызша тарих айту дәстүрі оның рухани мәдениетінің бір кӛрінісі болды.

Тарихынан айрылған ұлт ұлт болып ӛмір сүре алмайды. Сондықтан отарлаушы ел қазақ ұлтын шынайы тарихи жадынан айыруға, ӛздері ғана қазақты «жаңа ұлт» етіп жасағандарына сендіруге ұмтылды. Фашистік Германияның идеологы Геббельстің:

«Халықты тарихынан айырсаң бір ұрпақтан соң ол мәңгүрттеніп тобырға айналады, ал келесі ұрпақтан бастап оларды мал табыны сияқты айдаған бағытыңа жүргізе аласың»

дегені белгілі.

Бұрын ғасырлар бойы отарлық езгіде болып тарихи жадынан айрылған Азия мен Африка, Латын Америкасы елдерінің тарихшы ғалымдары қазір ауызша тарих айту дәстүрін зерттеу әдістері мен методологиясын жасауды қолға алуда. Оны тарихи дерек кӛзі ретінде ұлт тарихын зерттеген ғылыми еңбектерінде пайдалануда.

Кӛрнекті этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың миф, эпос, ертек, аңыз, жыр, шежірелік әңгімелер сияқты рухани мұраларына бірыңғай әдеби-фольклорлық немесе этнографиялық материал тұрғысынан қарамай, сонымен бірге этникалық тарихтың айғаы ретінде де қарау керек» - деген орында ұсыныс айтады [3, 16].

Қазақ халқының ӛте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі болғандықтан Қазақстан мұрағаттары мен кітапханаларында әр кездерде ел аузынан жазып алынған мыңдаған тарихи жырлар, шежірелер мен аңыздар жинақталған. Қазақтың тарихшы ғалымдары оларды қазір талдап, саралап ғылыми айналымға қосуда бірқатар жұмыстар жасауда.

Солардың бірі ортағасырларда қазақ даласында ӛмір сүрген қазақ ақын- жырауларының еңбектерін тарихи дерек кӛзі ретінде пайдалану. Бұл әсіресе қазақ- ноғайлы дәуірін, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастарын, мекендеген жерлерін, қоныс аударуларын т.б мәселелерді зерттегенде қосымша дерек кӛзі ретінде пайдалы. Қазақ пен ноғай этникалық жағынан ӛте жақын болған. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыс ру-тайпалардан құралған болатын. Кейіннен Алтын Орданың құрамында бірге болып, XVII ғасырға дейін екі халықтың бірлігі үзілмеген. Шоқан Уалихановтың Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы «бауырлас орда» деп атағаны да белгілі.

А. Сейдімбектің пайымдауынша «Қазақ шежіресі, әсіресе оның аңыз-әңгімелері бес- алты ғасыр аясындағы (яғни, Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бергі кездегі) тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мейлінше нақтылы деректер бере алады» [3, 17].

Қазақ ақын-жырауларының тарихи оқиғаларды, тарихи тұлғалардың еңбектерін суреттейтін еңбектерін А. Сейдімбек халықтың «этнозердесі» деп бағалайды. Алаштың тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-қазақтың дәстүрлі таным түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.

Асан қайғы, Қазтуған жыру, Доспанбет жырау, Шалкиіз жырау сияқты Қазақ хандығының алғашқы құрылу дәуірінде ӛмір сүрген қайраткерлердің сол замандағы оқиғаларды бейнелеген ӛлең-жырлары құнды тарихи деректер деуге болады.

Қазақ ғалымдары «Дала философы» деп бағалаған Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы) шамамен 1361-1370 жылдары Еділ бойында дүниеге келіп 1465 жылдарға дейін ӛмір сүрген деп есептейді.

Жыраудың мына ӛлең жолдарына назар аударып кӛрелік.

Ай, хан, мен айтпсам білмейсің.

Айтқаныма кӛнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын кӛздеп кӛрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің.

Ӛзіңнен басқа хан жоқтай, Елеуреп неге сӛйлейсің?!

(3)

Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп, Оны неге білмейсің? [4, 24].

Тарихшылар мен әдебиет зерттеушілер жырау бұл сӛзін Қазақ хандығының екінші ханы Жәнібекке қаратып айтқан деп есептейді. Ӛлең жолдарынан әлі де хандықтың етек- жеңі толық жиылмағаны, жан-жақтан шапқыншылықтар болып жатқаны, ханның қамал салғызып елін нығайтуға әрекет жасағанымен, сол жолдағы қаржыны қызметшілері жымқырып ӛз пайдаларына да жаратып жүргендерін Асан қайғы ханның алдына жайып салады.

Асан қайғының ӛлеңдері немесе ол туралы аңыздар зерттеушілерді оның ӛмір сүрген уақытын, қандай хандармен замандас болып ақыл-кеңес бергені, іздеген жерұйығы қазіргі қандай жер т.с.с. сұрақтарға жауаптар іздеуге бағыттайды. Мәселен, қазақ тарихына қатысты жеті Жәнібек болса, зерттеушілер Асан қайғы солардың үшеуінің тұсында ӛмір сүріп, оларға қызмет еткен деп бағамдайды. Біріншісі-Алтын Орда-Жәнібегі, екіншісі- Қазақ хандығын құрған-Жәнібек, үшіншісі-Астрахан ханы –Жәнібек [5].

Ал Доспанбет жыраудың шығармаларынан біз ноғай-қазақтардың XV ғасырда бір шеті шығыстан екінші шеті Қара теңіз бойына дейінгі аймақты қоныстанғанын кӛреміз.

М. Мағауиннің дерегіне қарағанда Доспанбеттің тегі ноғайлы. 1917 жылғы Қазан тӛңкерісіне дейін қазақтар татарларды да ноғай деп атай берген. Шынында, татар мен ноғай екеуі екі халық болған [6, 41]. Ресей отарлауының нәтижесінде Ноғай Ордасы жойылып ноғайлы халқының бір бӛлігі қазақтарға қосылып қазақ ұлтына айналғаны тарихта белгілі жәйіт.

Жыраудың:

«Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып ӛлген ӛкінбес!»-

деген жыр жолдары [4, 31] Сарыарқаның қазақтың байырғы жері екенін кӛрсетіп тұр.

Ел қорғайтын сарбаз бӛтеннің жерінде қаза тапса туған-туыстары ӛкінетіні белгілі ғой.

Айналайын Ақ Жайық

Ат салмай ӛтер күн қайда? [4, 33].

Немесе жыраудың:

Еділдің бойын ел жайлап, Шалғынға бие біз байлап, Орындықтай қара сабадан, Бозбаламен күліп-ойнап

Қымыз ішер күн қайда! [4, 34].

деген жыр жолдары ноғайлы-қазақ руларының мекендеген жерлерін тайға таңба басқандай кӛрсетеді.

Азов қаласының Қырым хандығы (1433-1773 жж) құрамында болғаны, ал бұл мемлекеттің құрамында қазақтың арғын және қыпшақ рулары болғаны тарихтан белгілі.

Азау, Азау дегенің,

Әл Ғұсман паша жұрты екен.

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер Доспанбет ағасы,

Азаудың бір бұрышындай нарты екен!

деген ӛлең жолдары тарихшы ғалымдарға Доспанбет жырау ӛмір сүрген тұста Азау қаласы (қазіргі Ресейдің Азов қаласы-авт.) ноғайлы-түркілердің құрамында болғанына дәлел. (Ескерту, «аға»-ханға жақын шонжардың титулы-авт.).

XV ғасырда ӛмір сүрген Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» ӛлеңдер топтамасы да қазақ тарихынан мәліметтер береді.

«Алан да, алан, алан жұрт, Ақала ордам қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш,

(4)

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған, Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жер Кіндігімді кескен жұрт

Кір-қоңымды жуған жұрт.

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың Қайырлы болсын сіздерден

Менен қалған мынау Еділ жұрт!...[4, 29].

Жыраудың бұл толғауынан бұдан бес ғасырдан астам бұрын Еділ ӛзені бойын қазақ жұрты жайлағаны кӛрініп тұр.

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) Ноғай ордасы және Қазақ хандығы дәуірінде ӛмір сүрген. Ол ӛз жырларында сол кездегі ноғайлы мырзалары арасындағы талас тартысты оқиғаларды суреттейді.

Орманбет би ӛлген күн, Он сан ноғай бүлген күн-

деген ӛлең жолдары [4, 47] сол кездегі ноғайлы халқының Орманбет бидің тұсында онға бӛлінгенінен хабар береді. Мұны тарихшылардың кейінгі зерттеулері де растайды.

Орманбет есімі Орталық Қазақстандағы кӛне қала атауымен де байланысы бар.

Академик Әлкей Марғұлан ӛзінің «Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане» деген мақаласында Есіл ӛзені аумағында Орманбет атты қаланың болғанын жазады. Орманбет Орыс ханның аты болуы да ықтимал. Ә. Марғұлан XVIII ғасырдың 60- шы жылдары орыс саяхатшысы Х. Барденстің сызбалары мен суреттері бойынша қаланы қоршаған дуал биіктігі 2,8 метр, қала орнының аумағы 342*159 метрді құраған депжазады.

[7, 26]

Ақмолалық ӛлкетанушы Клара Әмірқызы [8, 12] және тарихшы ғалым Баянбай Хұсайынұлы [9, 15-20] бұл қаланың орны Атбасар қаласынан 25 шақырым жердегі

«Сергеевка» ауылы маңында орналасқан деп кӛрсетеді.

Бұл қаланың атауы қай Орманбетке қатысты, Орыс ханға ма, әлде Орманбет биге ме, ол жағы әлі зерттеушілер тарапынан анықтауды күтеді. Бұл деректер археолог ғалымдар тарапынан қала орнында зерттеулер жүргізуді де қажет етеді.

М.Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір ӛлкеге барсаң да жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының ӛзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп жазған болатын.

Міне, осындай ауызша деректер Қазақ елінің орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде тарихшыларға ой салатын және ұлт тарихының кейбір қалтарыс тұстарын анықтауға септігін тигізері анық.

ӘДЕБИЕТ

1. Законұлы Т. Динь дубэннің «Орта Азия тарихы» (Қазіргі заман) және ондағы тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихы // «Тарихтың ӛркениеттісын-тегеуріні. Түркі ӛркениеті:

дәуірлер жалғастығы» атты халықаралық еуразиялық конгресс материалдарының жинағы. 25-26 мамыр 2010 жыл. 2-бӛлім. - Астана-2010. - 224 бет. 90 бет.

2. Мәдени мұра: халықтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары». – Алматы: Қазақпарат. 2005. -302 бет

3. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. -728 бет.

4. Ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды). 2 томдық. Т 1: -Алматы. 1991.

- 520 бет

(5)

5. Қасенов М. Асан қайғы-дала философы. // Қазақ тарихы. 2007. №1. 33-39 бб;

Жандарбек З. Асан қайғы мен Жәнібек. // Қазақ тарихы. 2007. №3. 51- 55 бб;

Жақсығалиев Ж. Біздің «Жәнібек» қай Жәнібек? // Қазақ тарихы. 2012. №5. 7-10 бб.].

6. Мағауин М. Қобыз сарыны. XV-XVIII ғасырларда жасаған қазақ ақын жыраулары. Монография. –Алматы: Атамұра. 2006. - 264 бет.

7. Археологические памятники Казахстана. Сборник стат.-Алма-Ата. Изд. «Наука» 1978. - 214 с

8. Әмірқызы К. Ауылым-атамекенім. - Астана. 2004. -72 бет.

9. Хұсайынұлы Б. Есіл ӛңірі: тарих және тағылым. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы. 2010. -228 бет.

Referensi

Dokumen terkait

К.Маркстің «Неміс идеологиясы» еңбегінде ұрпақтардың тарихи санасы мен рөлі туралы мынадай көзқарасы бар: «Тарих бұл жекеле- ген ұрпақтардың, яғни олардың әрбірінің алдыңғы ұрпақтар

Зияткерлік тарихтың жаңа бағыттары тарихи білім мен тарих ғылымының дамуын айқындайтын процестерді терең түсінуге, олардың кең интеллектуалдық және мәдени контекстіндегі жаңа өлшемдерін