БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ Досмурзаева Д. О.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті http://www.enu.kz
Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi ӛз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық кӛмек кӛрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты ӛсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады /1/.
ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басы Қазақстанда қоғамның және мемлекеттің барлық ӛмір сүру салаларында, әсіресе 90-шы жылдары саяси және әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер болды. Балалар қоғамдағы әр бір ӛзгерістерге аса сезімдалдықпен әсер ететін халықтың бір бӛлігіне жатады. Халықтың денсаулығын зерттеуде балалардың денсаулығы туралы ақпарат ерекше роль атқарады. Балалар халқының денсаулығы қоғамдық денсаулықтың құрамдас бӛлігі болып табылады. /7/. Балалардың денсаулық деңгейі адамға табиғи, әлеуметтік-экономикалық және медициналық-ұйымдастырушылық әсер етуші факторларды ғана суреттемейді, сонымен қатар тікелей ата-ананың денсаулық жағдайын сипаттайды /6/.
Балалардың денсаулық жағдайы қоғамның әл-ауқатын бағалайтын маңызды критериі және елдің ұлттық қауіпсіздік факторы болып табылады. Туу кӛрсеткішінің тӛмендігі, нәресте және бала ӛлімділігі, балалардың созылмалы аурулары мен мүгедектіктің кең таралуы қоғамның дамуына негативті әсерін тигізеді жәнеде кейнгі ұрпақтарда дені сау балалардың санының тез тӛмендеуіне әкеледі.
Денсаулық - мемлекеттегі адамдық ресурстардың дамуымен байланысты, маңызды медициналық және әлеуметтік категория болып табылады /3/.
Қазірігі заманғы медициналық әдебиеттерде балаларды жеке изоляцияланған топ ретінде емес, ал кең әлеуметтік формацияның құрамдас бӛлігі ретінде қарастыру тенденциясы байқалуда. Балалардың денсаулығы гуманитарлық құндылық, қауіпсіздік пен экономиканың перспективті ресурсы ретінде қарастырылады.
Денсаулық сақтау жүйесі сапалық тұрғыдан даму үстінде. Халықтың денсаулық кӛрсеткіштері бойынша оң серпінге қол жеткізіліп отыр. Бала туу кӛрсеткіші мен ӛмір жастың ұзақтығы ұлғайды», - деп атап кӛрсетті Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік- экономикалық жаңарту -Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Жолдауында.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2012 жылдың І жартыжылдығында ана ӛлімі 13 пайызға тӛмендеген және әр 100 мың тірі туғандарға қатысты 15,4 кӛрсеткішті құраған. 2011 жылы бұл кӛрсеткіш 17,7-ге тең болған еді. Оған қоса, нәресте ӛлімінің кӛрсеткіші 5,1 пайызға тӛмендеп, тірі туылған 1000 балаға14,8- діқұраған. Сондай-ақ, ӛткен жарты жылдықта халықтың табиғи ӛсімі әр 1000 адамға шаққанда 13,90-ға ұлғайған, 2011 жылы бұл кӛрсеткіш 13,02 болған еді. Бала туу кӛрсеткіші 22,29-дан 22,77-ге ӛссе, ӛлім-жітім кӛрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 9,27- ден 8,87-ге дейін тӛмендеген /4/.
Қазіргі заманғы қоғамда балалардың денсаулық жағдайына деген әлеуметтік жауапкершілік мемлекет пен ата-анаға жүктеледі. Балалардың денсаулығы балаларды қорғау әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады /5-8/.
Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау кӛптеген құқықтық-нормативтік құжаттарда қарастырлған және денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бағларламаларымен нығайтылған. Атап ӛтсек, Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа
жолдауларында, 2002 жылғы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Заңының 8-бабында «Баланың денсаулық сақтауға құқығы»
қарастырылған /2/. Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық кӛмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурызындағы №164 Бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттiк бағдарламасы. Аталған соңғы бағдарламаның мақсаты: елдiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, оның ішінде балалар денсаулығын қорғау және нығайту ерекше аталып кӛрсетілген.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының шеңберінде денсаулық сақтау мәселелерi бойынша сектораралық кiшi бағдарламалар қарастырылған. Балалардың денсаулығына қатысты мектеп оқушылары мен жасӛспiрiмдердiң денсаулығы атты кіші бағдарлама бар. Оның мақсаты: балалар мен жасӛспiрiмдердiң тәни және психологиялық денсаулығын қалыптастыру. Негiзгi мiндеттер: - балалар мен жасӛспiрiмдердiң психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешендi ұстанымды қамтамасыз ету; - бiлiм беру ұйымдарында денсаулық үшiн қолайлы және қауiпсiз қоршаған ортаны құру; - мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкiншiлiк жасау; тұтас жүйенi дамыту - физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӚС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметiн құру; - мектеп оқушылары мен жастардың арасында есiрткiлердi тарату мен тұтынуға, темекi шегуге және алкогольге қарсы тиiмдi iс-қимылды қамтамасызету;балалар мен жасӛспiрiмдердi теңгерiмдi және қауiпсiз тамақпен қамтамасыз ету. Нәтижелер кӛрсеткiштерi: - 14 жасқа дейiнгi балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң ауруымен сырқаттанушылықты тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейiн, 2015 жылға қарай 1 190-ға дейiн (2009 ж. - 1 196) және 15-17 жас аралығындағы жасӛспiрiмдер арасында тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2 295,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 2992-ге дейiн (2009ж.- 2997,1) тӛмендету; - 15-17 жас аралығындағы жасӛспiрiмдер арасында ЖЖБИ сырқаттанушылықты 2013 жылға қарай 8,3-ке дейiн, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейiн (2009ж.-8,5) тӛмендету. Маркер ретiнде мерез алынды; - 14 жасқа дейiнгi балалардың арасында психикалық белсендi затты тұтынудың салдарынан психологиялық және мiнез- құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылықты тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейiн және 2015 жылға қарай 12,5-ке дейiн, 15-17 жас аралығындағы жасӛспiрiмдер арасында тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейiн және 2015 жылға қарай 560-қа дейiн (2009 ж. - 14 жастағы балалар - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15-17 жас аралығында - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 564,8) тӛмендету;
- 15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидтi 2013 жылға қарай 23,8-ге дейiн және 2015 жылға қарай тиiстi 100 мың адамға шаққанда 22,0-ге дейiн (2009 ж. - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 24,5) тӛмендету.
Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: мектеп оқушыларының тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру жӛнiндегi қолданыстағы және жаңадан әзiрленген бағдарламаларды жетiлдiру үшiн басқарылатын себептерден балалар мен жасӛспiрiмдердiң сырқаттануына және ӛлiм-жiтiмiне талдау жүргiзу. Мына: - үй- жайларды, ойын алаңдарын тиiсiнше жоспарлау және жалпы бiлiм беретiн мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазiргi заманғы мектеп жабдықтары мен қамтамасызету; - оқушылар үшiн олардың ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтiк әлеуетiн iске асыру және олардың жеке сезiмдерiн арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшiн мүмкiндiктержасау;- оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп
персоналы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында психологиялық қолайлы атмосфера орнату; - денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешiмдер қабылдау үшiн дағдыларды қалыптастыру жӛнiнде бiлiм берудi қамтамасыз ету жолымен денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру.
Тұтас жүйенi - физикалық ортаны сақтауға, оқушының және бүкiл қоғамның денсаулығын нығайтуға, СӚС жүргiзуге уәждеменi, медициналық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметiн дамыту; мектеп медицинасы шеңберiнде мектеп психологтары мен әлеуметтiк педагогтарға арналған кешендi бағдарлама әзiрлеу және енгiзу; мектеп медицинасының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық құжаттарды әзiрлеу; әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтiк саулығын сақтау жӛнiндегi үдерiстi оңтайландыру үшiн оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлi деңгейлiк, саралап оқыту жүйесiн дамыту. Мына: есiрткiнi қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасӛспiрiмдердiң, жастардың хабардар болу деңгейiн арттыру; есiрткiнiң профилактикасы жӛнiндегi бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзiрлеу және енгiзу; «тең-теңiмен» қағидаты бойынша ерiктiлер қозғалысын одан әрi дамыту (балалардың, жасӛспiрiмдердiң, жастардың арасында жауапкершiлiк дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра бiлу, есiрткiден бас тарта бiлу, ӛмiр сүру дағдысын ұстану негiзiнде интерактивтi оқу ӛткiзу жолы мен дұрыс шешiм қабылдай бiлу); әдiстемелiк және ақпараттық -бiлiм беру материалдарын әзiрлеу; спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйiрмелердi, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлердi дамыту және қолжетiмдiлiгiн арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасӛспiрiмдердiң, жастардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруды қамтамасызетуге ықпал ету; балалардың, жасӛспiрiмдер мен жастардың жеке және әлеуметтiк проблемаларын жеңуде психоәлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және жетiлдiру; жастар үшiн денсаулық және анонимдiк консультациялар орталықтарын дамыту, сенiм телефондарының жұмысы жетiлдiру арқылы есiрткiнiң, темекi шегу мен алкогольдiң мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиiмдi iс - қимылды қамтамасыз ету кӛзделген /1/.
Жалпы адамның денсаулығын қамтамасыз ететін факторларға генетикалық фактор, айналадағы орта жағдайы, медициналық қамтамасыз ету және жағдайлар мен ӛмір суру салты жатады. Оны келесі кестеде кӛруге болады /8/.
1 кесте. Адамның денсаулығына әсер ететін факторлар.
Факторлардың әсер ету саласы
Факторлар
Денсаулықты нығайтатын Денсаулықты бұзатын
Генетикалық Дені дұрыс тұқым қуалаушылық.
Аурудың пайда болуының морфофункционалды алғы шарттардың болмауы
Тұқым қуалайтын аурулар мен бұзылыстар. Тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік.
Айналадағы
орта жағдайы Жақсы тұрмыстық және ӛндірістік жағдайлар, қолайлы климаттық және табиғи
Зиянды тұрмыстық және ӛндірістік жағдайлар, қолайсыз климаттық және табиғи
жағдайлар, экологиялық қолайлы ӛмір сүру ортасы.
жағдайлар, экологиялық жағдайдың бұзылысы.
Медициналық қамтамасыз ету
Медициналық скрининг, профилактикалық шаралардың жоғарғы деңгейі, уақытылы және толық медициналық кӛмек.
Денсаулық динамикасына әр
дайым медициналық
бақылаудың болмауы, алғашқы профилактиканың тӛмен деңгейі, сапасыз медициналық қызмет кӛрсету.
Жағдайлар мен ӛмір суру салты
Ӛмірлік іс-әрекетті рационалды ұйымдастыру:
Отырықшы тұрмыс, адекватты қимыл белсенділігі, әлеуметтік ӛмір салты.
Ӛмірлік іс-әрекеттің рационалды тәртіптің болмауы, кӛші-қон процестері, гипо немесе гипердинамия.
Балалардың денсаулығын нығайтуға және балалардың денсаулығын бұзатын факторларды алдын-алу мен жоюға бағытталған жағдайлар мен шаралар, республикалық және аймақтық деңгейде жасалынған. Жыл сайын 1 маусымда атап ӛтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні балалар құқықтарын қорғау, олардың денсаулығын сақтау және нығайтудың аса маңызды екенін баса кӛрсетеді. Балалардың амандығы кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуына, оның ішінде демографиялық саясатына елеулі әсер етеді.
Қазақстанда ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша, 0-14 жас аралығындағы балалар саны 4 млн.-нан асады және жалпы тұрғындардың 25% құрайды /9/. Ал 15-17 жас аралығындағы балалар саны 800 мыңға жуық. Республикада елдегі балалардың жағдайын, денсаулығы мен құқықтарын қорғауға қатысты жеткілікті нормативтік-құқықтық база қалыптасқан.
Әдбеит
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген.
2. 2002 жылғы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Заңы.
3. Доклад ВОЗ о состоянии здравоохранения в мире: «Уменшение риска, содействие здоровому образу жизни». ВОЗ 2002.
4. kazinform.kz
5. Тынышбаева А.А. Здоровье детского населения: основные направления социальной политики защиты детей.//Международный конгресс по изучению Азии и Северной Африки 10 - 15 сентября 2007 г. – Ankara, 2007. – 807 с., С. 741.
6. Игнатьева Р.К. Состояние здоровья матерей и детей в Российской Федерации.
Пробл. социальной гигиены и истории медицины 1994; 2: 6-15.
7. Социальная гигиена (медицина) и организация здравоохранения: Учебное руководство / Под ред. Ю. П. Лисицына.- М., 1998.
8. Материалы для подготовки и квалификационной аттестации по специальности
«Общественное здоровье и здравоохранение». Учебное пособие (под редакцией Лучкевича В.С. и Полякова И.В.). - СПб, 2005.
9. Тынышбаева А.А. Детское здоровье: социально-психологические технологии формирования жизненных навыков школьников. // Журнал Психология.
Социология. Политология, № 10 , 2008.- С.34-42.