• Tidak ada hasil yang ditemukan

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК

«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»

28 апреля 2015 года

АСТАНА - 2015

(2)

2 УДК 159.9 (091) (574)

Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент

«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.

ISBN 978-601-7429-81-2

В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»

(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.

Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.

ISBN 978-601-7429-81-2

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015

(3)

160

3. ОҒҚ тақырыптық, зерттеу конференцияларының тақырыптарын анықтайды, оқушылар олар бойынша хабарламалар мен рефераттар жасайды және қоғам жиналыстарына, конференцияларға, семинарларға қатысады;

4. оқушылар практикалық жұмыс дағдыларын меңгереді, социалогиялық сауалнамалар жүргізеді, оларды өңдейді, көмекші құралдарды жобалайды және дайындайды, мектептік олимпиадаларды, іскерлік ойындарды, конкустарды және т.б.

өткізу мен ұйымдастыруға қатысады;

5. ОҒҚ жоғарғы оқу орындарының студенттерімен ынтымақтастықты бекітеді және дамытады: гимназистер дәрістік және кеңестік қызметпен айналысатындар көмегімен және олардың басшылығымен ғылыми студенттік конференциялар мен семинарларға қатысады.

Сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыс ғылыми-теориялық пен ғылыми- практикалық конференциялар, семинарлар, дәрістік пен кеңестік қызмет секілді түрде;

шығармашылық топтарда, шеберханаларда, секцияларды ұйымдастырылады.

Білімді қоғамдық байқау, шығармашылық сабақ, іскерлік пен рөлдік ойындар,

«Сұрақ жауап сағаты», «Пәнге саяхат», «Білім аукционы», танымдық КВН, эксперимент- сабақ, ғылым күні, интеллектуалдық марафон секілді жұмысты ұйымдастырудың формалары өте тиімді.

Сонымен қорыта айтқанда, оқушылар оқу жылы бойы әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысады, дегенмен олардың ішінде маңызды орынды оқушылардың өзбетінше ғылыми- зерттеу қызметтері нәтижелерін кешенді жалпылау формасы болып келетін қорытынды ғылыми-практикалық конференция алады. Ғылыми-зерттеу конференция қорытынды талдауы оқушылар білімінің жоғарғы деңгейін, олардың ойлау ерекшелігін, ақпаратты талдау мен синтездеу ептілігін, шығармашылық ойлау, жоспарлау, болжау қабілеттерін көрсетті.

Қолданылған әдебиет

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Президенттің қазақстан халқына жодауы.-Алматы:

Білім,1997.

2. Битуова Т.Р. оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру және мектеп оқушыларының

республикалық жарыстарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. РҒПО «Дарын», Астана-2005.

3. Айзенк Г.К. Зият: жаңа көзқарас // Психология сұрақтары, 1995.-№1.-111-133б.

4. Ильин Е.П. О структуре и сущности мотива // Психологиялық журнал, 1995.-№2-27- 42б.

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ Оңайғалиева АйгүлРахметовна

2 курса магистранты, 6М050300 «Психология» мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Казахстан

Ғылыми жетекші - А. Мандыкаева

«-Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық ағаш бағусыз, өз шығу

қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар.

Сен де жас ағашшың, саған да күтім керек.Мен сенің қате істеріңді

түзеп пайдалы іске үйретсем, сен меніңайтқанымды ұғып

орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен

(4)

161

кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің...»

Ы.Алтынсарин «Қисық ағаш» әңгімесінен үзінді

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты. Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық.

Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80%-зы осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету – педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау – білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан – жақты дамуында маңыздылығы басым.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді».

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп Міржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, тастақ, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

Тарих көші жылжыған сайын – жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандар буынының арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өзгерісінде соншалықты шапшаңдық бар.

Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білікті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, бүгіні заман

(5)

162

бүлдіршіндері алдында тәрбиешінің беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептейміз.

Баланың әрбiр толғанысы, әсерленуi мен әрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мәлiм.

Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие арқауы деп ойлаған үлкен жүректі ұстаз Ы.Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазбаса да, алуан түрлі, сандарлы ойға толы шығармаларында адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасатын жері-өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді.

Ғасыр өткен сайын ұрпақ туралы ойлар өз жалғасын тауып келеді. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров т.б. баламен жұмысты жас кезеңнен бастауды, туған халқының әдет-ғұрпы салт-дәстүрі, мәдениеті арқылы тәрбиелеу керектігін өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Жалпы ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қай заманда болмасын өзекті мәселе болып келді. Заман дамып, технология озып, өмірімізге әртүрлі құбылыстар енген сайын отбасындағы қарым-қатынас та ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бүгінгі құбылмалы өмірде, адамдар арасындағы мейірімділік түгіл, ата-ана мен бала арасындағы байланыстар, ерекше ықылас пен сүйіспеншіліктің өзі қым-қуыт тіршіліктің қалтарысында қалып барады. Сол себепті де бұл тақырып ерекше зерттеп, зерделеуді қажет етеді.

Қолданылған әдебиет 1. Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі.

2. А.Құнанбаев «Қара сөздер».

3. Жан Жак Руссо «О воспитаний и образований».

4. М.Дулатов «Шығармалар жинағы».

РОЛЬ ОБЩЕНИЯ В ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ОПЕРУПОЛНОМОЧЕННЫХ Оразбаева Назира Кудеровна

начальник ПФЛ, окружная военно-врачебная комиссия, ЮКО, г. Шымкент Основным способом и условием деятельности оперуполномоченного уголовного розыска по предупреждению и раскрытию преступления является общение.

Как известно, организационные формы взаимодействия с различными лицами регламентированы законом, функциональными обязанностями оперативного работника, нормами УПК, приказами органов внутренних дел. Психологические же способы и средства общения регламентируются и рекомендуются в значительно меньшей степени.

В психологии под общением понимается установление и поддержание целенаправленного, прямого или опосредованного контакта между людьми, так или иначе связанными друг с другом в психологическом отношении.

Правоохранительные отношения, реализуемые в деятельности оперуполномоченного, неодинаково осознаются им в разных ситуациях его работы. В случаях взаимодействия, регламентированного конкретными нормативными предписаниями, общественные отношения отличаются от его личного отношения к партнеру. В неформальных ситуациях социальность реализуемых отношений проявляется в виде межличностных отношений. Взаимоотношения участников контакта представляют собой форму реализации объективных общественных отношений, выражаемую в конкретных фактах межличностных отношений. Общественная природа общения

Referensi

Dokumen terkait

3-кесте – Инклюзивті білім беру ортасына педагогтың кәсіби даярлығына қажетті құзыреттіліктер № Құзыреттіліктер Компоненттер Әлеуметтік- психология- лық Қоғам мен ғылымның