• Tidak ada hasil yang ditemukan

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

1

Қ.Қ.Сайлинова, аға оқытушысы

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Білім алушының кәсіби психологиялық дамуы – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі психологиялық процесі. Жас кезеңдерін анықтау теорияларына (Э.Эриксон, Ф.Фельдштейн, Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитреев, И.С.Кон, В.Т.Лисаковский және т.б.) сүйенсек, студенттік шақ негізінен адамның бозбала шағы мен жастық кезеңін қамтиды.

Жалпы осы кезеңдегі дамуды үш түрлі бағытта сипаттауға болады:

1. Психологиялық бағыт – психикалық процестер, күйлер жиынтығы (бағыттылығы, темпераменті, мінезі, қабілеті);

2. Әлеуметтік бағыт – қоғамдық қатынастар, сапалар, белгілі бір әлеуметтік топқа қарау, ұлты т.б.;

3. Биологиялық бағыт – жоғарғы жүйке жүйесінің типі, талдағыштар құрылымы, инстинктер, дене бітімі т.б., басқаша айтқанда, тұқым қуалау факторларына негізделген.

Студенттік кезең шамамен 17-25 жас аралығын қамтиды. Кешегі мектеп оқушысының ЖОО–ғы ұжымдық қатынас жүйесінде әлеуметтік бейімделуі өте күрделі процесс. Оның әлеуметтік ортасы, статусы, өзіне деген қойылатын талаптары, өз бетімен іс-әрекет орындау, терең интеллектуалдық ізденіс кезеңі, бұрын қалыптасқан құндылықтары, нұсқаулары, бағдарлары өзгереді. Физикалық жағынан белгілі бір даму деңгейіне жеткенмен оның әлеуметтік дамуы белсенді түрде өз жалғасын таба береді. Әр студенттің өзіндік ерекшелігі бар. Олар бір-бірінен этикалық психологиясы, мінезі, адамгершілік нормаларды сақтай алу ерекшелігі, қарым-қатынас құра білу қабілеті, интеллектуалдық деңгейі т.б. белгілері бойынша ерекшеленеді.

Студенттік кезеңде рефлексияның психологиялық моделінің барлық кезеңінен өтеді: өзін-өзі тану (өзіндік «Мен» туралы көзқарас), өзін-өзі өзгерту (реалды «Мен», идеалды «Мен»), өзін-өзі түсіну.

Көрнекті психолог Б.Г.Ананьев бойынша студенттік шақта оперативті ес белсенділігі мен зейіннің ауысуы жылдамдығы, вербальді-логикалық тапсырмаларды шешу қабілеті арта түседі. Бұл кезеңде жеке адамның қарым-қатынастағы қажеттілігі жоғарлайды, өседі.

Г.С. Абрамованың бағалауы бойынша адамның қоғамдық өмірге араласуы оның өмірлік позициясының қалыптасуында маңызды орын алады.

Психологиядағы «мотивациялық реттеуші» бағыт бойынша назар студенттің өзін оқыту процесінің субъектісі ретінде қабылдауына аударылуы тиіс /Д.БЭльконин, В.В.Давыдов/. Бұл бағыт бойынша оқу іс-әрекеті, біріншіден, оқыту субъектісінің өзінің арнайы ұйымдастырылған белсенділігі ретінде; екіншіден, оқу іс-әрекетін өзіндік процесс ретінде біле отырып, психологтар оның келесі айырықша сипаттамасын қарастырады.

(2)

2

Студенттік кезеңнің алғашқы кезеңі әлеуметтік бейімделумен сипатталады.

Бейімделу – бұрынғы стреотиптің өзгеруі, топқа үйрену. Олардан өмір белгілі бір жауапкершілікті, шешімділік, өз бетімен қызмет етуді, тәуелсіздікті талап етеді. Бұның барлығы бірігіп, олардың «кемелденуіне», «есеюіне» өз ықпалын тигізеді. Бейімделу студенттердің оқу процесіне әсер ететін фактор ретінде олардың өзара қарым-қатынасын атауға болады, бұл оқу үлгерімінің бастапқы кезде төмен болуына әкеледі. Әлеуметтік бейімделудің екі түрі бар: кәсіби бейімделу және әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

Кәсіби бейімделу – оқу процесі сипатына, білім алу ерекшелігіне, мазмұнына, әр пәнге, жалпы алғанда мамандыққа үйрену. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, өзара қарым-қатынасқа бейімделуімен сипатталады. Топтағы, объективті қатынастар жеке адамдық қатынастарға көшеді және де оның тұлғалық қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да топтағы әлеуметтік-психологиялық атмосфера олардың оқуға, білім алуға деген белсенділігін арттыруы немесе кемітуі мүмкін. Студенттің ұжымдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның жеке әлеуметтік тәжірибесіне тәуелді. Осы тәжірибесіне байланысты біз оның адамгершілік құнды бағдарларын, дүниетанымын, көзқарасын, біле аламыз. Білім алушының кәсіби дамуы интеллектуалдық дарындылықпен байланысты.

Жалпы алғанда интеллектуалды дарындылық субъективті және объективті жаңа идеялардың пайда болуымен, мәселелерді талдаудағы стандартты емес тәсілдерді қолданушы қандай да бір заттық облыста шешімдерді іздеудің негізгі, едәуір перспективті жолдарының сезімталдығымен байланысты шығармашылық интеллектуалды іс-әрекеттің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ресурстардың күйі. Қазіргі уақытта әр түрлі зерттеу әдістерінің шеңберінде интеллектуалды дарындылықтың көрінуіне сәйкестендірілетін интелектуалды мінез- құлықтың кем дегенде алты түрін бөліп көрсетуге болады:

1) “жалпы интеллект” дамуының жоғары деңгейдегі адамдар, олардың көрсеткіштері, яғни IQ > 135-140 бірлік, интеллектінің психометриялық тестілердің көмегімен анықталады.

2) академиялық үлгілерінің жоғарғы деңгейіндегі адамдар, оның көрсеткіші – оқудағы жетістіктері. Ол критерийлік-бағдарлық тестілердің көмегімен анықталады.

3) пайда болатын идеялардың жылдамдығы мен ерекше көрсеткіші болатын шығармашылық интеллектуалды қабілеттері жоғары деңгейде дамыған адамдар;

4) іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрін және заттық–арнайы білімдердің үлкен мөлшеріне практикалық тәжірибеге ие адамдар;

5) экстраординарлы интеллектуалды жетістіктерге ие адамдар. Адамдардың күнделікті өмірінің оқиғаларын талдауымен, бағалаумен және алдын-ала айтуымен байланысты экстраординарлы интеллектуалды мүмкіндіктерге ие адамдар.

Осылайша, бір қарағанда интеллектуалды дарындылық әрқайсысы интеллектуалды іс-әрекеттің өте жоғары көрсеткіштерінде көрінеді. Бірақ, интеллектуалды табыстылықтың кез-келген көрсеткіші интеллектуалды дарындылықтың индикаторы бола ала ма?

Батыс психологиясында интеллектуалды дарындылықты стандартты психометриялық тестілер негізінде бағалау басым, ең жоғары бағаға сыналушылардың шамамен 2%-і ие болады да, оларды интеллектуалды дарынды категориясына жатқызады.

Ал сол адамдар шынымен интеллектуалды дарынды ма? Стандартты тестілер индивид

(3)

3

интеллектісінің тек бір аспектісін нақтырақ айтсақ, конвергентті қабілеттерді тіркейді. Ал шынында, анықтамасы бойынша интеллектуалды дарындылық тек онымен шектелмейді.

Интеллектуалды дамуды зерттеу барысындағы ерекшеліктер:

1) зерек сыналушылардың ешқайсысы өз аумағында ерекше шығармашылық тұлға болмаған;

2) осы популяцияның 15%-і американдық қоғамның стандарттары бойынша жетістікке жетпеген.

Осылайша, балалық шақта IQ-ң жоғары көрсеткіштері өмірлік және кәсіби жетістіктерге қатысты болғанымен, кейін, ересек шақта интеллектуалды дарындылықтың көрінуімен тікелей байланысты емес.

Басқа зерттеулерде IQ-ң жоғары деңгейіне ие адамдар жеке субгруппа ретінде мұқият зерттеле бастағанда жағдай одан әрі күрделенді. Бұл субгруппа IQ-ң ең төменгі және орта деңгейіне ие субгруппаларда байқалмаған “бір түрлі” эффектілер тапты.

Қозғалмалы интеллект – бұл тек жаттағанды түсіну ғана емес, сонымен қатар алған білімдердің мәселе тудырып тұрған жағдайларда қолданылуын түсіну және жаңа жағдайда білімдерді шығармашылықпен қолдану.

Уақыт өте келе, интеллектуалды қозғалысты (мәселелерді шешу, контексті жағдайларға ақпаратты қолдана білу) кейбір психологтар туа пайда болатын потенциал немесе жалпы интеллект ретінде қарастырды.

Интеллект білімді алу барысында дами алады яғни, білім берудің белгілі бір түрі интеллектің белгілі бір қырын дамыта алады. Осылайша, егер білім беру бағдарламасы оқушылардың алатын білімдерін ретке келтіру мен пайдалануына шеткілікті назар аударылса, қозғалмалы интеллектіні дамытуға болады.

Білім алушының сана-сезімінде әрқашан да қоғамдық тарихи мінезі бар: сана адамның қай топқа жататынына қарай, сол қоғамның саясатымен, назарымен, келісімімен байланысты.

Сана-сезім – адам санасының дамуының ең жоғарғы деңгейі, белсенді ақыл-ойының құрылу негізі және іс-әрекеттерде тұлғаның өз бетінше болуы. Осыдан тұлғаның құрылымы, әлеуметтік психикалық қасиеттері, индивидтің қарым-қатынасы, іс-әрекеті онтогенезді процесс барысында қалыптасқан мінез-құлық іс-әрекетін анықтайды.

Дидактикалық жоспарда барлық қасиеттер, тұлғаның қатынас іс-әрекеті шартты түрде бір- бірімен байланысты, төрт бірдей функционалды құрылымдармен бірігеді. Оның әр қайсысы тұлғаның тіршілік әрекетінде нақты атқарады:

1) реттеу ( қалыпқа келтіру, түзету) жүйесі;

2) стимулдау жүйесі;

3) тұрақтандыру жүйесі;

4) индикация жүйесі.

Осының барлығы тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын білдіреді. Жоғарғы сапалы интеллектуалдық білім қоғамдық дамудағы іс-әрекеттік тәртібін анықтайды.

Referensi

Dokumen terkait

Сананың мынадай нақты тұжырымдалу үлгілері материалистік таным да былайша бағамдалады: сана материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады; сана неғұрлым жоғары ұйымдасқан