1047
9. К.Н.Сажекенова, Б.Қ.Әділов.Мамандық пәндерді оқытуда компьютерлік-ақпараттық технологияларды қолдану әдіснамасы./Вестник ҚазНУ «Педагогические науки» -2005ж.-
№11- 4-5 бет.
10. М.Ю.Афанасьева.Концепция компьютерной технологии обучения./ НИИ проблем высшей школы. М.; Наука. 1988.с.36
11. М.Ж.Жұрынов.Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері /Қазақстан мектебі - 2004ж- № 7- 11-12 бет.
12. С.М.Кеңесбаев, Г.И.Салғараева. Білімді ақпараттандыру барысында болашақ педагогті дайындау. Международной конференций,-―развитие информационных технологий в высшей школе‖, 11-12 сентября 2003 г, Алматы, стр. 70-74, КазНУ им. Аль-Фараби.
13. Сергеева Т.А.Новые информационные технологии и содержание обучения. / Т.А.Сергеева //Информатика и образование. 1991, № 17. С.3-10.
14. Применение ЭВМ в учебном процессе / Под.ред А.И.Берга. Высшая школа.
1969,С.248.
15. Ю.С.Шафрин. Основы компьютерной технологий. Справ.шк./Ю.С.Шафрин М.,Актэя 1997. стр. 3-5 с
3.4 География и гидрология ӘОЖ 912.43
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА КӚРНЕКІЛІК ҚҦРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖОЛДАРЫ Әубәкір Арыстан Әбілдаҧлы
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «География және химия» кафедрасы,
«География» мамандығында оқитын 3-ші курс студенті, Павлодар Ғылыми жетекшісі- Смайлов С. Ш.
Кӛрнекілік – сабақ барысының негізгі дидактикалық тәсілдерінің бірі болып саналады. Мұғалім кӛрнекілік арқылы жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру барысын жеңілдетеді. Кӛрнекілік ақпараттың, үгіт-насихаттың, дәрістің танымдылығын арттыру жолы. Адам қоршаған дүниені, құбылыстарды 5 сезім мүшесі арқылы танып біледі.
Солардың арасында ақпаратты ең кӛп қабылдайтын – кӛру түйсігі. Адам есінде терең қабылданатыны да осы кӛру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Сондықтан да, сабақ беру барысында, оқушыларға жаңа тақырыпты кӛрнекіліктерді жиі қолдану тиімді.
Кӛрнекіліктің нәтижесінде қоршаған ӛмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана- сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Кӛрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Кӛрнекілікті чех педагогі Я.А. Коменский ХVII ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци, неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский, т.б.
К-ті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп, дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. К-тің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор кӛңіл бӛліп, ―Қазақ жастары ғылым-ӛнерді кітап сӛзі деп қана қарамай, заттай кӛзімен кӛріп, ажырата білуін‖ мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, ӛрнек, кӛркемӛнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, кӛркемӛнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында
1048
кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік ӛлшеу-есептеу машиналары, т.б. кӛрнекі құралдар қолданылады.
Қазіргі кезде география сабақтарында мұғалімдер компьютерлік технологияларды жиі қолдануда. Интерактивті тақта, компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып мұғалім кӛрнекіліктерді қызықты әрі сапалы түрде оқушыларға кӛрсете алады.
Сабақ барысында кӛрнекіліктерді қолдану оқушылардың жаңа тақырыпты түсінуінде үлкен рӛл атқарады. Мұғалім, кӛрнекіліктерді (сызбалар, карталар, графиктер, диаграммалар, суреттер, т.б.) сатып алмай, оларды ӛзі жасай да білуі керек. Қолдан жасалған кӛрнекіліктің бірнеше пайдалы жақтары бар:
1. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде оқу технологиясына сай кӛрнекілікті кӛрсете алады. Мысалыға, 7 сынып, «Дүниежүзілік мұхит» тақырыбы. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде оқушыларды топтарға бӛледі. Тапсырма ретінде компьютерлік бағдарламалар арқылы әр мұхиттың картасында мұхиттық ағыстарды сұр түспен бағытсыз білгілеп қояды. 4 топқа 4 мұхиттағы ағыстар беріледі. Бір сӛзбен айтқанда, мұғалім кӛрнеклікті ӛз сабағына сәйкес етіп жасай алады.
2. Мұғалім сабақтың уақытын тиімді етіп қолдана алады. Интербелсенді тақтаны Қазақстанда жиі қолдануымен кӛптеген мұғалімдер ӛз сабақтарына бейне роликтерді ендіре бастады. Қазіргі кезде ғаламтор желісінде география сабақтары керекті бейне роликтер ӛте кӛп, бірақ олардың 90 пайызы орыс немесе ағылшын тілдерінде. Ал қалған 10 пайызы қазақ тілінде болса да 30-50 минуттық деректі фильмдер. Мұғалім бір сабақты тек бейне ролик кӛрумен ӛткізе алмайды. Сондықтан бейне роликтерді қолданатын кез-келген мұғалім видео редакторлармен ең болмағанда тӛменгі деңгейді меңгере алуы керек. Компьютерде 50 минуттық видеоларды 10-15 минутқа дейін қысқартып, негізгі керекті деректерді ғана алуы тиіс. Бұл сабақтың уақытын тиімді пайдалануға кӛмектеседі.
3. Мұғалім ӛз ойындағы идеяларын іске асыра алады. Орта сыныпқа енді ғана ӛткен 5 сынып оқушыларымен сабақты ойын ретінде ӛткізген дұрыс. Ӛйткені олар 5 сыныпта география негіздерімен (Жаратылыстану) бірінші рет танысқандығынан, оқушыларды ойындар арқылы қызықтыру ӛте тиімді шешім болып табылады. Тақырыпқа қатысты ойындар жасау үшін мұғалім интербелсенді тақтаны қолдануы тиіс. ―Activ Studio‖
бағдарламасы арқылы мұғалім тақырыпқа байланысты әртүрлі ойындар ӛзі құрастыра алады.
Бағдаламада суреттерді, аудио жазбаларды, бейне роликтерді, түрлі-түсті қарындаштарды қолдануға болады. Мысал ретінде «Пазл» ойынын келтіруге болады. Тақтада 9 ғаламшар шашылып орналасқан. Ал тақтаның сол жағында Күн және 9 орбита сызықтары сызылған.
Оқушылар әр ғаламшарды Күннен алыстығы бойынша ретімен орналастыруы керек.
Мысалдар:
Сурет 1.
Атлант
мұхитындаға саяхатшылар мартшруттары. Сол жағында саяхатшылар аттары
1049
жазылған, ал оң жағында тек маршруттар ғана берілген. Оқушылар Activ Studio бағдарламасын қолдана отырып, маршрут жолдарына саяхатшылардың есімдерін жазуы қажет.
Сурет 2. Атмосфера қабаттары. 1 сурет сияқты, оқушылар әр қабаттың атын сәйкесінше жазуы тиіс.
Сурет 3. Тынық мұхитындағы мқхиттық ағыстар. Оқушылар ағыстарды карта бетіне жазуы керек.
Сурет 4. Тынық мұхитындағы Микронезия, Полинезия, Меланезия аралдары. Оң жақ суретте аралдардың аймақтары белгілі түспен ажыратылған. Оқушы қай түспен қай аралдар тобы белгіленгенін ажырата білу үшін интербелсенді тақтада оның аттарын жазады.
Ҧсыным
География пәнінің мұғалімдеріне кез-келген сыныпта графикалық редакторларды (Adobe Photoshop, Activ Studio, Paint, Adobe Illustrator, т.б.) қолдана отырып сапалы әрі пайдалы кӛрнекліктерді жасап, оларды сабақтарда қолдануды ұсынамын.
1050 Қорытынды
Қазігі кезде копьютерлік техниканың жоғары деңгейде дамуына байланысты кез-келген мұғалім ӛз сабақтарын техникаларды қолдана ӛтуді білуі қажет. Ал сабақта кӛрсетілетін және қолданылатын кӛрнекілік сабақ барысында үлкен рӛл атқарады. Сапалы кӛрнекілік құралдарын жасау үшін мұғалім компьютерлік бағдарламаларды, графикалық редакторларды қолдануды білуі қажет. ХХІ ғасырда география сабақтарын тек компьютерлік техникаларды қолдана отырып ӛту қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Дмитрук Н. Г., Низовцев В. А., Васильев С. В. Методика обучения географии. 2012 год
2. Душина И. В., Понурова Г. А. Методика обучения географии.
3. Душина И. В., Таможняя К. А. Практикум по методике обучения географии. 2013 год.
4. Жучкевич В. А. О методах преподавания географии в школе. 1967 год 5. www.google.com
6. www.kk.wikipedia.org
УДК 547
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ЛАСТАНУ ДИНАМИКАСЫ Алибаева Меруерт Талғатқызы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдар факультетінің 5B060900
«География» мамандығының 4- курс студенті, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекшісі – Мусабаева М.Н.
Каспий теңізі — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атаймыз.
Теңіздің ауданы тұрақсыз атап айтатын болсақ 1929 жылы ауданы 422 мың км2, 1969 жылы 371 мың км2 дейін тартылған. Тарихта Қаспий гидрогеологиялық тұрақсыздығымен сипатталады. Соңғы 150 жылда 1830- 1930 жж деңгейінің жоғарлап, 1931-78 жж -29,12 м-ге күрт тӛмеңдеді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейінің күрт жоғарлауы байқалған. 1980-1995 жж. желтоқсан айы аралығында Каспий теңізінің деңгейі 3 метрге дейін кӛтерілді.[1]
Сурет 1. 2015 жылғы болжам бойынша Каспий теңізінің теңіз деңгейінен кӛтерілу деңгейі[4].
Абс. Биіктігі, (м)