• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Ж.К.Ермекова, аға оқытушы ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Ж.К.Ермекова, аға оқытушы ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

1

Ж.К.Ермекова, аға-оқытушы

ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.

Қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен айқындалады. Біздің жұмыстарымыз осы жаратылыстану ғылымдарының пәнаралық байланысын ашуға арналған.

Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған *1,2,3+.

Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады.

Мазмұндық негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды.

Мысалы, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндер үшін жалпы түсініктер болып материяның (зат және өріс) құрылымдық формалары, денелердің қасиеттерін сипаттайтын, құбылыстарды және бақылауларды сипаттайтын шамалар болып табылады. Ал, жалпы заңдарға масса, энергия, электр зарядының сақталу заңдары, химиялық реакциялардың жүру заңдары және т.б. жатады.

Теорияларға химия, физика және биология ғылымдарында қолданылатын, тірі және тірі емес табиғаттың көптеген құбылыстарын түсіндіретін зат құрылысының молекула-кинетикалық

(2)

2

теориясын, зат құрылысының электронды теориясын, квантты-өрісті теорияны және т.б. айтуға болады.

Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі – есептеу, өлшеу, графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс жасау болып табылады.

Жаратылыстану ғылымдарының тағы бір жалпы құраушысы – ғылыми таным әдістері, яғни: бақылау, эксперимент, ойша моделдеу, теориялық анализ және жалпылау болып табылады.

Суровикина С.А. *4+ пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді:

1. Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек. Мұндай көмекші құрал ін түсініктер және оқыту тәсілдері орындайды.

2. Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық.

3. Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері.

4. Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері.

5. Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру.

6. Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу.

7. Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету.

8. Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру.

Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын айта отырып, оларды кестеде (кесте 1) көрсетеміз.

Физика және оның заңдары – бүкіл жаратылыстанудың негізінде жатады, сондықтан физика жаратылыстанудың көшбасшысы бола отырып, жаратылыстану ғылымдарының ішінде ерекше орын алады. Физика – материалды әлемнің жалпы қасиеттерін, күрделі құбылыстар мен объектілерді, сонымен бірге әмбебап заңдылықтарды шығарып, олардың дұрыстылығын тек Жер шарында ғана емес, жалпы Ғаламда да орындалатынын көрсететін іргелі табиғат туралы ғылым.

Яғни, физикалық түсініктердің іргелі болуы, олар барлық әлем үшін қолданылатындығында.

Мысалы, электр зарядының сақталу заңы, фотосинтез процесін, демалу реакциясын, асқорыту, молекулалардың түзілуін түсіндіруде қолданылады және де тірі жүйедегі барлық реакциялар тірі емес табиғаттағы сияқты электрондар алмасуымен жүреді.

Физика курсының бағдарламалық материалының мазмұны пәнаралық байланысты жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік туғызу себептерін айтатын болсақ:

(3)

3

- физика жалпы табиғаттың бірбүтін диалектика – материалистік түсінігінің негізі болып табылатын табиғаттың жалпы және іргелі заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан физиканы оқытуда оқушылардың алдында табиғатта болатын процестер мен құбылыстардың көптеген өзара байланыстарын тізбектей ашуға мүмкіндік береді;

1- кесте Пәнаралық байланыстардың түрлері

Уақыт бойынша

Мазмұнды- ақпаратты

Шығармашылық Ұйымдастырушы

Алдыңғы Фактілі Танымдық

қызығушылық

Жос- парлау

Қатарлас Түсініктемелі Ізденушілік

шығармашылық

Ұйымдастыру Орындау

Перспек- тивалы

Теориялық Практикалық дағды Орында-

луын өзідігінше

тексеру

(4)

4

- физика – қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияның ядросы болып табылады, оның жетістіктері барлық инновациялық технологиялардың негізі;

- физика – қазіргі таңда, табиғат туралы ғылымдардың негізгісі; барлық жаратылыстану ғылымдары физикалық терминологияларды, құралдарды және зерттеу әдістерін қолданады.

Сондықтан физиканы оқытуда оқушыларды табиғатты танып-білудің қазіргі заманғы әдістерімен таныстыруға болады.

Пәнаралық байланысты есеп шығаруда, зертханалық жұмыстар орындауда, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асыруға әбден болады. Біздің пәнаралық байланыста құрастырылған физикадан есептер жинағы "Физиканы оқыту әдістемесі" сабағында және орта мектептерде қолданылуда.

Мысалы, 1-есеп. Акробат торға h1=8 биіктіктен секіреді. Акробат секіру кезінде еденге соқтығыспауы үшін торды еденнен қандай шекті h1 биіктікте тартып орнату керек? Егер акробат торға h2 =1 м биіктіктен секірсе, тордың иілуі h2 =0.5 м болатындығы белгілі болған жағдайда.

Жауабы: h1= 1.23м

2-есеп. Жердің осімен айналу салдарынан дененің салмағы экваторда қанша бөлікке азаяды?

Жауабы: x(mv/R)/mgv/Rg

R/g0,34%.

3-есеп. Дене экваторда салмақсыздыққа ие болу үшін Жерде тәуліктің ұзақтылығы қандай болу керек еді?

Жауабы: 1 сағат 25 минут.

4-есеп. Нейтрон (массасы m0) қозғалмай тұрған ядроға соқтығысады: 1) көміртегі атомы (m=12m0), 2) уран атомы (m=235 m0). Соқтығысуды центрлік және серпімді деп есептеп, соқтығысу кезіндегі нейтронның өз жылдамдығының қандай бөлігін жоғалтатынын табу керек *5+.

Жауабы: 1)/= 2/3 2) / = 2/236

Пәнаралық байланысты пайдаланып сабақ өту оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуде көзқарасын қалыптастырады және де әр түрлі пәндердің арасында нақты шекара жоқ екендігін көрсетеді, әр ғылым өз әдістерімен материалдық әлемді зерттейді де олардың нәтижелерінің жиынтығы оқушыларға әлем туралы жалпы көзқарас береді. Осылайша, қазіргі заманғы ғылыми әлем бейнесін қалыптастырады.

Referensi

Dokumen terkait