Бейсекеева С.К. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Заңтану»
мамандығының магистранты
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖАЙЫНДА В данной статье рассматриваются проблемы классификации трудовых споров.
Ключевые слова: право, трудовые споры, индивидуальные споры, коллективные споры.
In this article considered the problem of classification of the labour dispute.
Keynotes: law, labour dispute, individual dispute, collective dispute.
Еңбек дауларының классификациясы оларды қарастыру тәртібін анықтау үшін маңызды шарт болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде түрлі негіздер бойынша көптеген классификацияларды кездестіруге болады. Жалпы әдебиеттер мен оқулықтарды саралай келсек, еңбек даулары мәселесіне қатты көңіл бөлінгендігін байқаймыз. Осылай, кеңестік еңбек құқығы бойынша оқулығының (1963 ж.) өзінде профессор Н.Г.Александров барлық еңбек дауларын екі негізгі категорияларға бөліп, ең алғашқы болып классификацияны жүзеге асырған. Осы классификацияға сәйкес, еңбек дауларының бірінші категориясын жеке сипаттағы даулар құрайды. Н.Г.Александровтың ойы бойынша мұндай даулардың пәндік мазмұны болып нақты тұлғаның жеке еңбек құқықтарын тану немесе оларды қайта орнату табылады. Осындай даулардың себебі болып әкімшіліктің жұмысшы құқығын бұзуы немесе қандай да бір құқықтарды танудан бас тартуы танылады. «Даулардың екінші категориясын – еңбек жағдайының орнатылуы немесе өзгертілуі негізінде пайда болатын, бізде (Кеңес Одағында) өте сирек кездесетін ұжымдық сипаттағы даулар құрайды», – деп айтқан Н.Г.Александров.1
Еңбек даулары классификациясы мәселесіне көптеген ғалымдар маңызды үлесті кеңестік дәуір кезінде – ақ қосқан. Осылай, С.А.Голощапова мен В.Н. Толкунованың монографиясында түрлі критерийлер бойынша еңбек дауларының түрлі классификациялары ұсынылған. Солардың ішінен құқықтық қатынас бойынша классификациясына назар аударғым келіп отыр. Бұл классификация бойынша авторлар даулардың екі тобын бөліп көрсетеді: 1) қолданыстағы еңбек туралы заңнама нормаларын нақты қоғамдық қатынастарға қолданумен және сәйкес құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін сақтаумен байланысты даулар; 2) еңбек туралы заңнамамен немесе басқа актілермен ретелмеген жаңа еңбек жағдайларының орнатылуымен (қолданыстағының өзгеруімен) байланысты даулар.
Даулардың бірінші түріне аталған авторлар қызметкерді жұмыстан шығарумен, еңбек ақыны төлеумен, қызметкермен келтірілген материалдық залалды кәсіпорынға өтеумен байланысты дауларды жатқызған.
_______________________________________________________________
1.Александров Н.Г. Советское трудовое право. М.:Юрид.лит.,1963. 348-351 б.
Екінші түріне ұжымдық келісімдерді жасаумен, өнім нормаларын қайта қараумен, сыйақы орнату жүйесімен байланысты даулар жатқызылады.2
Еңбек даулары классификациясының талапты және талапты емес сипаттағы даулар ретіндегі түрі ғылыми әдебиеттерде де, оқулықтарда да кең өріс алған. Талапты сипаттағы дауларға заңдармен немесе басқа нормативтік актілермен орнатылған еңбек жағдайларын қолдану бойынша дауларды жатқызған. Осындай кездердің барлығында қызметкер, өзінің ойы бойынша бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді талап етеді.
Талапты емес сипаттағы дауларға қызметкерлердің жаңа еңбек жағдайларын орнату немесе қолданыстағыныөзгертумен байланысты дауларды жатқызады.3,4 Келтірілген осы
классификацияның түрі ғалымдар арасында қолдау таппағанын атағым келіп отыр. Қайта сынға алынды, алайда 1974 жылдың 20 мамырынан КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумының Жарлығымен бекітілген еңбек дауларын шешу тәртібі туралы ереже шыққанға дейін осындай бөліну түрі орын алған, себебі сол уақыттағы занамаға негізделді.
С.А.Голощапова мен В.Н. Толкунованың осы бойынша «талап» термині азаматтық іс жүргізу құқығынан алынған және соттық қорғауды ұғындырады. Материалдық құқықты қорғау туралы сотқа талап нақты іс жүргізушілік нысанда мәлімденуі тиіс. Себебі барлық жеке еңбек даулары соттарда қарастырылмайды, олар сотқа жүгінбей – ақ келісім комиссияларында қарастырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген авторлар, осындай дауларды талапты деп атауға болмайды деп санаған.2
Біздің ойымызша, еңбек дауларының осы классификациясы бір талап қойылғанда ғана жүзеге асырыла алады (бұрын солай болған да). Егер қандай органмен дауды шешу критерийіне байланысты одан әрі бөлшектеп классификацияласа: еңбек даулары бойынша комиссия және сот немесе бұрынғы болған еңбек құқық қатынасының нақты субъектілерінің немесе нақты категориядағы еңбек дауларын шешуге құқық иеленген бағыныштылық тәртіптегі жоғары тұрған орган. Және ертеде кейбір категориядағы дауларды шешуге құқықты иеленген «фабзавместком» (жергілікті коммиссия) деген органды да естен шығармауымыз керек. Жеке еңбек дауларын органдар бойынша классификациялағанда сот тәртібінде қарастырылатын дауларды жеке топқа бөлу дұрыс та. Сондықтан осы жағдайда жеке еңбек дауларының бұл түрлерін талапты деп атауға толық негіз бар. Е.А.Голованова өз кезеңінде дау табиғаты (объектісі) ретіндегі критерий бойынша жеке еңбек дауларын мүліктік және мүліктік емес деп классификациялауға ұсынған. Және бұл классификация тәжірибеде өнімсіз болса да, таным үшін маңызды болды.5 Керісінше, А.М.Куренной мен В.И.Миронов жеке еңбек дауларын талапты және талапты емес қылып бөлуді, оларды классификациялаудың маңызды критерийі деп
______________________________________________________________
2.Голощапов С.А., Толкунова В.Н. Трудовые споры в СССР. М.:Всесоюз.юрид.ин- т,1974. 9-15 б.
3.Советское трудовое право: Учебник/под
ред.А.С.Пашкова.М.:Юрид.лит.,1976.471-475 б.
4.Трудовое право: Энциклопедический словарь.М.:Советская энциклопедия, 1969.
509-510 б.
5.Голованова Е.А. Трудовые споры в СССР. Порядок их рассмотрения.
Ч.1.Пермь,1969.44-47 б.
санайды.Олар еңбек дауларының жете нақтыланған классификациясын жасады. Оның негізіне критерий ретінде өзіндік мағынаға иеленетін институттың өзін кейінгі бөлек құрылымдық бөлімшелерге ажыратылатын нақты құқықтық институтты салды.
Келтірілген институт ретіндегі негіз бойынша жеке еңбек дауларының классификациясы жеке еңбек дауларын шешудің ерекшелігін көрсетуге көмектеседі.6
Жоғарыда аталған ғалымдар еңбек дауларының аса нақтылы классификациясын жасады. Оның негізіне өздік маңызға иеленетін институттың өз ішінде жеке құрылымдық бөлімшелердің кейін ажыратылуымен (күрделі құқықтық құрылым ретінде) нақты құқықтық институтты критерий ретінде салды.
1. Еңбек шарттары мен келісімдері туралы заңнаманы қолдану және еңбек туралы шарттардың талаптары бойынша даулар.
2. Жұмыспен қамту туралы заңнаманы қолданумен байланысты нормаларды қолдану бойынша келіспеушіліктер негізінде жатқан даулар.
3. «Еңбек шарты» институтына енгізілген нормаларды қолданумен байланысты даулар.
Ары қарай, мысалы еңбек шарты интитуты жеке құрылымдық бөлімшелерге ажыратылады, олар нақты еңбек істері бойынша талап негізі ретінде қолданылады:
- жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасасу туралы шарттар;
- еңбек кітапшасына жазбалар енгізу туралы даулар;
- жұмыстан шеттету туралы даулар;
- басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек жағдайларының өзгеруі туралы даулар;
- жұмысқа қайта тұру туралы даулар;
- амалсыз бос жүрген уақытты төлеу туралы даулар;
-
демалыс жәрдемақысын төлеу туралы даулар;
- еңбек кітапшасын беру және оны кешіктіру уақытын төлеу туралы даулар;
- жұмысқа қайта орналасу туралы сот шешімінің атқарылуын кешіктіру уақытын төлеу туралы даулар.
4. Жұмыс уақыты туралы заңнаманы қолдану туралы даулар.
5. Демалыс уақыты туралы заңнаманы қолданумен байланысты даулар.
6. Еңбек және
кесімді бағалау
нормаларын қоса жалақы институтына кіретін нормаларды қолдану бойынша даулар.7. Кепілдіктер және өтемақы төлемдері туралы заңнаманы қолдану бойынша даулар.
8. Еңбек құқыққатынастары тараптарының материалдық жауапкершілігі туралы заңнаманы қолданудан шығатын даулар.
9. «Тәртіптік жауапкершілік» институтына енетін нормаларды қолдану сұрақтары бойынша даулар.
10. Еңбекті қорғау саласындағы даулар.
11. Әйел еңбегі туралы заңнаманы қолданумен байланысты даулар.
12. Жастар еңбегін қолдану сұрақтары бойынша даулар.
_______________________________________________________________
6.Куренной А.М., Миронов В.И. Практический комментарий к законодательству о трудовых спорах.М.:Дело,1997. 19-20 б.
13. Жұмысты оқумен қатар алып жүретін жұмысшыларға жеңілдіктер ұсыну сұрақтары бойынша даулар.
14. Негізінде заңнаманы сақталуын қадағалау және бақылау бойынша қызмет жатқан даулар.6
Жоғарыда осы негіз бойынша, институттар ретінде көрсетілген жеке еңбек дауларының классификациясы жеке еңбек дауларын шешу спецификасын, оларды қарастырудың процессуалды ерекшеліктерін көрсетуге көмектеседі.
Дау сипаты бойынша еңбек даулары бөлінеді:
- еңбек заңнамасы нормаларын қолдану, онымен орнатылған құқықтар мен міндеттер туралы даулар;
- бар әлеуметтік-экономикалық еңбек және тұрмыс жағдайының өзгеруі немесе жаңасының орнатылуы туралы даулар.
Қазақстандық ғалымдар Н.Е. Нургалиева мен Ж.Б. Ермагамбетованың пайымдаулары бойынша еңбек дауларының классификациялық белгілерінің бірі болып ұйымдық – еңбек қайшылықтарын тудыратын еңбек қатынастарының қатысушыларының саны табылады (субъектілік құрам бойынша классификация).7
Ал Ресей Федерациясының ғалымы И.О.Снигирева жеке еңбек дауларының классификациясы түрлі негіздер бойынша бөлуге болады деп тұжырымдайды. Осылай, ғалым ойына сәйкес, даудың мазмұнына қарай олар: еңбек жағдайларын орнату бойынша даулар және орнаған еңбек жағдайларын қолдану бойынша бөлінеді. Оған қоса, И.О.Снигирева басқа критерийлерді де қолданады: даулы құқықтық қатынастың нақты түрі, еңбек құқығының институттары. Онымен тоқталмай, дауларды жұмысшымен қойылатын талаптарға сүйеніп жіктеуге болады деп санайды ғалым. Сөйтіп, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігін регламенттейтін нормаларды қолданумен байланысты даулар келесідей классификациялануы мүмкін:
- еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру нәтижесінде келтірілген жұмысшыға материалдық зардапты өтеу туралы;
- жұмысшының мүлкіне келтірілген зардапты өтеу;
- жұмыс берушінің жалақы, демалыс ақысын, жұмыстан шығару кезіндегі өтемақы және басқа өтемақыларды төлеу мерзімін бұзумен байланысты қаржылы төлемді тәркілеу туралы;
- жұмыс берушіге келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы; материалды зардапты өтеу туралы.8
Е.Б.Хохлов пен М.В.Филипованың ойынша еңбек даулары бірқатар негіздер бойынша классификациялануы мүмкін. Оларға еңбек дауларының субъектілері, мазмұны, объектісі және ведомствоға қатыстылығы бойынша бөледі.
_______________________________________________________________
6.Куренной А.М., Миронов В.И. Практический комментарий к законодательству о трудовых спорах.М.:Дело,1997. 19-20 б.
7.Нургалиева Е.Н., Ермагамбетова Ж.Б. Индивидуальные трудовые споры. – Алматы, 2004. 18 б.
8.Трудовое право: Учебник /под ред. О.В.Смирнова, И.О.Снигиревой. М.:
Проспект, 2007. 515-516 б.
Сөйтіп, тағы бір тәжірибеде өте маңызды классификация критерийі – қай органда қаралуы керектігіне қатысты бөледі.9
Біздің ойымызша, аталған авторлардың басқа классификациясы да конструктивті болып табылады.
Мұнда даулар үш негізгі топтарға бөлінеді:
1)талапты жеке еңбек даулары;
2)қызметкерлердің жеке еңбек дауларын ұжымдық қорғаумен байланысты туындайтын талапты ұжымдық еңбек даулары;
3)талапты емес ұжымдық еңбек даулары.
Профессор В.Н.Толкунова еңбек даулары мәселелеріне көп еңбектер жазып,
«Еңбек даулары бойынша судья мен адвокаттың анықтамасы» атты
еңбегінде оларды классификациялаудың үш критерийіне көңіл бөледі: 1)дауласушы субъект бойынша; 2)дау сипаты бойынша; 3)даулы құқық қатынастың түрі бойынша.10
Ал ұжымдық еңбек дауларын жеке алсақ, қызмет ету аясы бойынша оларды: а) ұйым ішінде пайда болған даулар; б) бір субъектісі ұйымнан тыс болатын даулар.
ҚР Еңбек кодексі бірінші топтағы даулардың шешілу тәртібін анық көрсетеді. Бірақ, ұжымдық еңбек дауы бір сала деңгейінде пайда бола ала ма және кім мұндай даудың тарабы болуы тиіс деген сұрақтар ашық қалып отыр. ҚР Еңбек кодексі ұжымдық еңбек дауының бір тарабын жұмыс беруші және жұмыс берушілер бірлестігі деп көрсетеді.
Бірақ та жұмыс берушілер бірлестігін салалық белгі бойынша байланыстырмайды, қайтсе де тікелей берілген бірлестіктің жұмыс берушілерін бір салаға жататындығын көрсетпейді. Алайда, Еңбек кодексінің 289-бабының 3-тармағында: «
талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған жағдайда, бұл
талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері не қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін
»,-деп белгіленген. Көрсетілген тұжырымнан бір салаға жататындықтан бірлескен жұмыс берушілер ұжымдық еңбек дауларының тараптары болмайтындығы көрінеді, ал бұл белгіге иеленген жұмыс берушілер бірлестігі бір біріне қатысты әр түрлі жұмыс берушілер болып табылады.Л.А. Окуньковтың ойы бойынша, салалық тарифтік келісімді жасау және өзгерту бойынша ұжымдық келісімдерді өткізу кезіндегі пайда болған даудың тарабы болып сала жұмыс берушілері табылады, ал олардың өкілдері болып жұмыс берушілер өкілдерінің уәкілетті органы немесе жұмыс берушімен өкілетті басқа орган, оның ішінде министрлік
те табылады. Егер салалық келісімді орындамау туралы сөз болып отырса, онда қалай министрлікке немесе басқа өкілетті органға талаптарды ұсыну мүмкін. Себебі, келісім бойынша міндеттерді жұмыс берушілердің өкілі емес, өздері артады. Сондықтан келісімді орындамау мәселесі талаптарды жұмыс берушілердің өзіне қою жолымен, ал пайда болған дауды ұйым деңгейінде шешуге тиіс.
________________________________________________________________
9.Маврин С.Н., Филиппова М.В., Хохлов Е.Б. Трудовое право России: Учебник.
СПб.: Изд.дом С-Петерб.гос.ун-та, изд-во юрид.факультета С-Петерб.Гос.ун-та, 2005.
10.Толкунова В.Н. Справочник судьи и адвоката по трудовым делам.М.:Проспект,2004. 10-14 б.
Тарифтік келісім бірнеше немесе одан да көп жұмыс берушілермен орындалмаған жағдайда қызметкерлердің келісілген әрекеттері болуы мүмкін, мысалы, саланың барлық ұйымдарында ескерту ереуілін өткізу талабын бір уақытта білдіру және т.б. Бірақ, талап білдіру тәртібі және ең бастысы келісімді орындауға жауапты субъект өзгермейді.11
Ғалым «жұмыс берушілер бірлестігі уәкілетті органы немесе министрлік те бола алатын басқа уәкілетті орган, жұмыс берушілер де емес, дау тарабы да емес, ал сала жұмыс берушілерінің өкілдері»,-деп дәл айтқан. Жоғарыда көрсетілген органдар дау тарабының өкілі болғандықтан даудың тарабы болмайды, бірақ ұжымдық еңбек дауын шешумен байланысты құқық қатынасының субъектісі ретінде болады.
«Жұмыс берушілер өкілдерінің қызметкерлері жұмыс берушілер органына, салалық министрлікке, яғни нақты ұйымнан тыс орналасқан жұмыс берушілердің өкілдеріне талаптарын жіберуге құқығы бар ма?»,-деген сұрақ туындайды. Біздің ойымызша, жұмыс берушінің заңды өкіліне, жұмыс берушілер бірлестігіне бағытталған қандай да болмасын процессуалды – процедуралық әрекеттер тиісті болып табылады және осы әрекеттер мен оның салдарын (мысалы, ереуіл өткізу) заңсыз деп тануға негіз бола алмайды.
Еңбек дауларының классификациясы даудың заңи табиғатын анықтау үшін: дау жеке, әлде ұжымдық сипатты иелене ме, жеке еңбек дауларының қай органда қаралуы тиістігін анықтауға қажет. Еңбек дауларын түрлі категориялар бойынша бөлу оларды шешудің тәртібін және қатынастарды реттейтін нормативті – құқықтық актілерді анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек дауларын классификациялау еңбек дауларын шешумен байланысты қоғамдық қатынастардың құқықтық регламенттеу саласындағы қарама – қайшылықтар мен табылған кемшіліктерді жою және оқаулықтарды табу мақсатымен қолданыстағы заңнаманы реттеу мониторингін дамытуға бағытталған.
Еңбек дауларын шешу саласындағы мәселелерді, нақтырақ айтсақ, олардың анық ғылыми негізделген классификациясындағы мәселелерді шешу, адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін әділ қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің және олардың бірлестіктерінің заңды мүдделерін қорғауға жағымды әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Александров Н.Г. Советское трудовое право. М.:Юрид.лит.,1963. 348-351 б.
2.Голощапов С.А., Толкунова В.Н. Трудовые споры в СССР. М.:Всесоюз.юрид.ин- т,1974. 9-15 б.
3.Советское трудовое право: Учебник/под
ред.А.С.Пашкова.М.:Юрид.лит.,1976.471-475 б.
4.Трудовое право: Энциклопедический словарь.М.:Советская энциклопедия, 1969.
509-510 б.
5.Голованова Е.А. Трудовые споры в СССР. Порядок их рассмотрения.
Ч.1.Пермь,1969.44-47 б.
6.Куренной А.М., Миронов В.И. Практический комментарий к законодательству о трудовых спорах.М.:Дело,1997. 19-20 б.
7.Нургалиева Е.Н., Ермагамбетова Ж.Б. Индивидуальные трудовые споры. – Алматы, 2004. 18 б.
8.Трудовое право: Учебник /под ред. О.В.Смирнова, И.О.Снигиревой. М.:
Проспект, 2007. 515-516 б.
9.Маврин С.Н., Филиппова М.В., Хохлов Е.Б. Трудовое право России: Учебник.
СПб.: Изд.дом С-Петерб.гос.ун-та, изд-во юрид.факультета С-Петерб.Гос.ун-та, 2005.
10.Толкунова В.Н. Справочник судьи и адвоката по трудовым делам.М.:Проспект,2004. 10-14 б.
11.Нуртдинова А.Ф., Окуньков Л.А., Френкель Э.Б. Комментарий к законодательству о социальном партнерстве. М., 1996. 56-57 б.