• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МӘНІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МӘНІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz

ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МӘНІ

Бекова Ж.К.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Амиргалиева А.

«Астана» университетінің http://www.enu.kz

Жасӛспірімдердің ӛзін-ӛзі бағалау мәселелері психологияда ӛзекті де, күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе барлық елде жан- жақты зерттелуде.Ӛзін ӛзі бағалау адамның ӛз іс әрекетінің реттеулуіне тікелей қатысушы жеке адамдық құрылым, жеке адамның автономды мінездемесі, жеке адам белсенділігінің орталық компоненті ретінде алынады. Адамның ӛз дене күшін, ақыл ой қабілетін, іс әрекет мотивтерін мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым қатынасын сезінуі ӛзіндік бақылау арқылы жүзеге асырылады.Ӛзіндік бағалаудың ерекшелігі кӛптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді. Кез келген мемлекеттің страгиялық міндеттерінің бірі- мемлекет алдында тұрған міндеттерді ӛздігінше шешуге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық ӛмірдің барлық саласында ұлттық және дүние жүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап кӛрсетті. Осыған байланысты бұл күндері Отандық және әлемдік ӛркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Тұжырымдамалардың басты теоретиктері Карл Роджерс, А.Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Альберт Бандура ӛз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алды. Тұлғаның ӛзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова, Э. Эриксон т.б. ғалымдардың жұмыстарында тұлғаның даму жақтары нақты қарастырылған. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылған. / 1, 5 б./

Саналы түрде, ӛзін-ӛзі басқарудың ядросы ӛзін-ӛзі бағалау екені белгілі. И.С. Кон, А.И.

Липкина, Е.И. Саванько, А.М. Прихожан, Е.А. Серебрякованың пікірінше, жеткіншектер ӛзін-ӛзі бағалауын қалаптастыру үшін қолайлы. Сондықтан осы жас кезеніңде оның дамуын зерттеу, басқару процесінің маңызды құрылымы ретінде ӛзін-ӛзі бағалау қызметінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Ӛзін-ӛзі бағалауда екі ӛзара байланысты аспектілер органикалық түрде қосылады: операционалды, процессуалды және құрылымдық.Ӛзін-ӛзі бағалаудың екі жақты табиғаты психологиялық әдебиеттерде, оған берілген анықтамаларда кӛрінеді.Оларда ӛзін-ӛзі бағалау не оперционалдық сипаттама, не тұлғалық құрылым болады. Сондықтан, ӛзін-ӛзі бағалау арнайы зурттеуді тадап етеді. / 2, 122б./

(2)

http://www.enu.kz Осы жұмыста ӛзін-ӛзі бағалауды қалыптастырушы бірнеше факторлардың ( жас ерекшелік, жыныстық, әлеуметтік) ӛзара байланысын, олардың ӛзін-ӛзі бағалаудың дамуына әсерін қарастыруға әрекет жасалынды. Сондай ақ жеке адам мен ӛзін-ӛзі бағалау байланысының мәселесі, ӛзін-ӛзі бағалау мен ӛзін-ӛзі түсінуі қаралды. Ӛзін-ӛзі бағалаудың маңыздылығы: істеген істері мен жеткен жетістіктерін бағалау. Адамның ӛзін-ӛзі бағалауы не тым жоғары, не тым тӛмен болуы мүмкін екенін ескеретін болсақ, бұл екеуіде адам ӛмірін ауырлатады. ӛзін-ӛзі тӛмен бағалау, сол адамның ӛзіне ғана емес ӛндірістік, тұрмыстық және т.б. қатынастардағы адамдар ӛміріне де жағымсыз әсер етеді. Б.Г. Ананьев ӛзара түсіну прцесінде адамда екі түрлі білім:

басқалар және ӛзі жайлы қалыптасады десе, В.С. Мерлин ӛзіндік сана сезім дамуының 4 кезеңін бӛліп кӛрсетеді:

1. Тепе -теңдік сатысы: бала ӛзін қоршағандардан, алғашқыда анасынан бӛле бастайды 2. «Мен сатысы» ӛзін іс-әрекет субъектісі ретінде ұғынумен байланысты

3. Ӛзінің психикалық қасиеттурін ұғыну

4.Жеткіншектік кезеңде пайда болатын әлеуметтік- адамгершіліктік бағалау.

Ӛзін - ӛзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері –

Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В.В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М.С.

Тайчиновтың т.б., сондай – ақ шетел зерттеушілері – Р. Бернс, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан – жақты қарастырылған. Жасӛспірімдердің оқуда жоғары қабілеттілігін кӛрсетуде олардың талпынысына қызығушылық білдіріп отырса балада ӛзін - ӛзі бағалау жоғарылайды. Ӛзін - ӛзі бағалау тӛмен жасӛспірімдер ӛз дамуында кӛптеген мәселелермен қақтығысады, яғни психологиялық күйзелістерге ұшырау, қоғамға қарсы тәртіппен айналысу, құрбы – құрдастарымен қарым – қатынастағы түрлі мәселелер, оқу үлгерімінің тӛмендеуі. Әрине, мұндай кӛрсеткіштер баланың білім алуында, құрбыларымен қарым – қатынасында, қоғамда жақсы рольге ие болады деген сенімді жоғалтуға мәжбүр етеді. Оқу дағдыларын мезгілінде меңгере алмаған оқушы оқуды әрі қарай жалғастыра алмайды. Сондықтан да баланың мектепте үлгілі оқушы деген атқа ие болуға талпындырып, ӛз ортасында ролінің тӛмендеуіне жол бермеу қажетті./3.54б/ Жасӛспірімдік шақтағы оқушылардың ӛзін - ӛзі бағалау ерекшеліктерін қарастыру – соның дәлелі, айғағы. Л.Ф.

Обухова психологиялық зерттеулерінде жасӛспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады.

Ӛзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың кӛрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді ӛзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді ӛзгеріс тұлғаның ӛзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, ӛзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, ӛзін – ӛзі тануға, бағалауға, ӛз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің ӛмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» – міне осы сияқты сұрақтар жасӛспірім жастағыларға ӛте қатты әсер етеді

Э. Шпрангер жасӛспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа ӛсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасӛспірімдердің даму деңгейінің үш типін бӛліп кӛрсетеді:

1) Ӛткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа ӛзіндік «мені» пайда болады.

(3)

http://www.enu.kz 2) Ӛте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасӛспірім ересектік ӛмірге ӛзінің жеке тұлғасында ешқандай ӛзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.

3) Жасӛспірім белсенді және саналы түрде ӛзін тәрбиелейді, ӛзін – ӛзі қалыптастырады. / 4, 39-42б./

Ӛзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл ӛзіндік бақылау мен ӛзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым – Э. Шпрангер бойынша, «ӛзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; ӛзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның ӛзіндік анықталу. Жеткіншектік жас ересектердің басы және оның аумағы шамамен орта мектептің 5 - 8 сынып оқушыларына сай келеді әрі 10 - 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең алдымен жыныстың пісіп жетілуімен ерекшеленеді.

Кӛбінесе жаз айларында жеткіншек ағзасында ӛзгерістер пайда бола бастайды. Ұлдардың бұлшық еттері тығыздалып, салмағы артады, сондай ақ бет-кебеті де ӛзгереді. Қыз балаларда да біршама ӛзгерістер болады. Жеткіншектің жеке басының дамуындағы маңызды фактор оның үлкендер мен құрдастар арасына қанағаттанарлық қатынас құруға бағытталған әлеуметтік жеке белсенділігі./5, 39-40б/

Отбасы, өскен ортасы Қалыптасқан мінезі, өзін - өзі бағалау Отбасының әлеуметтік тұрмысына

байланысты толық емес отбасы, отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни балаға кері әсер етушілік, маскүнемдер.

Жаман қылықтарға, әдеттерге әуестенеді, кекшілдік, ашуланшақ

Бала жағдайы толық жасалған, еш-қандай ӛмір қиындығын кӛрмеген.

Балалар ӛздігінен еш нәрсе істей алмайды.

Қарым–қатынаста алаңдау-шылық қасиеттері тӛмен.

Отбасы мүшелерінің кӛзқарасы тек қана осы балада, оның қылықтарын үнемі мақтан тұтады, М,ектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата - ана баланың айтқанын орындайды

Ӛзімшіл, ӛзіндік бағалауы ӛте жоғары.

Ата – аналар ӛте қатал. Баланы шамасынан тыс талаптар қояды

Ӛзіне сенімсіз, ӛз пікірін, ойын айта алмайды, қорқақтық алаңдаушылық бар.

Нәрестелер басында ӛзі мен қоршаған ортаның арасындағы қырларың анықтауға.Кейіннен кішкентай балалар ӛздерін ата-аналарымен, достары мен туған-туыстарыменсалыстырады.Олар біртіндеп ӛздерінің неге ќабілетті, сондай-ақ, ӛздерінің жеке меншік«Мен»-тұжырымдамасы бүтін мәнді жеке адамның қалыптасуында ӛте маңызды рӛл атқарады.Әлеуметтік қоршаған орта пенденің «Мен»-тұжырымдамасының: қалыптасуына қалай кӛмектессе, «Мен»-тұжырымдамасы соншалықты кең болып, адамның мінез-құлқы анықтай бастағанда, ол«Мен»-тұжырымдамасы

ӛзін-ӛзі кінәлау қызметін қалай атқарады. /6, 4б./

Ӛзін-ӛзі бағалау жеке тұлға қалыптастыруының маңызды факторы болып табылады.Жасӛспірім шақтағы оқушылардың ӛзін-ӛзі бағалауы деген не? Бұл сӛзжасӛспірімде ӛзін-ӛзі бағалауды қалыптастыру мәселесі – оның тұлғасының дамуын.Ӛзін-ӛзі бағалаудың

(4)

http://www.enu.kz құрылымында психологтар екі компонентті кӛрсетеді: когнитивті -жасӛспірім шақтағы

оқушыларда ӛзін-ӛзі бағалау екі формада ќызмет етеді:

Жалпы жеке ӛзін-ӛзі бағалауда жоғары және тӛмен, тұрақты.

Адам ӛз-ӛзінде нені бағалайды? Ӛзінің ӛткенін, қазіргі кезін, болашағын Ӛзін-ӛзі бағалауға екі маңызды фактор әсер етеді: айналасындағылармен қарым-қатынас.Ӛзін-ӛзі бағалаудың ќұрылымында когнитивті және эмоционалды екі компонент болады.

Сонымен ӛзін-ӛзі бағалаудың теориялық әдістемелік аспектілері терең және жан - жақты қарастыруды талап етеді. Жеткіншек жасындағылардың ӛзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына психологтің әсері зор. Ӛзіндік бағалау оқушының ӛзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты болғаны ӛте маңызды. Баланың ӛзіндік бағалауы, оның ӛзіне қатынасын және ӛзін қабылдауын, кӛбінесе оның мінез - құлқы мен үлгерімін анықтайды.

Адекватты емес ӛзіндік бағалау баланың жағымсыз мінезінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, оның әлеуметтік пісіп - жетілуін тежейді, жеке тұлғаның бір қалыпты дұрыс дамуына кедергі жасайды. Осыны туындатпау үшін психолог мұндай балалармен үнемі жұмыс жасап, қадағалап отыруы керек. Сонымен жеткіншектердің бойында психологтың жұмысынан кейін ӛзін-ӛзі бағалау кезінде ӛз мүмкіншілігін бағалауға деген мақсат қалыптасуы керек, бұл ӛзіндік бағалаудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. егер ӛзін - ӛзі бағалау құрылымын қалыптастыруда жасӛспірімнің ӛзі жайлы терең білуін, ӛз мүмкіншілігі, іскерлігін және жеке сапаларын ӛздігімен бағалауға үйретуді, ӛзін - ӛзі бағалауды адамның басқа психикалық кӛріністерінен ажыратпауды, ӛзіне әділ баға беруге үйретуді әр мұғалім ӛз міндетіне алса – бала дамуындағы жетістіктер мен үлкен мүмкіндіктер деңгейі жоғарылар еді. Нәтижесінде: баланың жетістікке жетуге тырысқан іс – әрекетінде ӛзін - ӛзі бағалау дамып, ол ӛз іс – әрекетінің кӛрсеткіштерін байқап, ӛзін белгілі талаптарға сай дамытып, ӛзін - ӛзі бағалау ықпалымен жеке тұлға ретінде құрылып, жетіледі.

Әдебиет

1. «Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту» - №2 2006 жыл . Жеткіншектердің ӛзін- ӛзі бағалауы 5- 6 б.

2. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. – М., 1986г.

122-124 б.

3.Алдамұратов Ә. Қызықты психология/ Алдамұратов, Ә.. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. 53- 54б.

4.БейсенбековаГ.Б., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу- әдістемелік құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы ,2005. 39-40б.

5.Қоянбаев, Ж.Б. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесіРауан 1990 жыл. 39-40б.

6. «Бастауыш мектеп» – №2,2006ж. Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары 3- 4б

Referensi

Dokumen terkait