• Tidak ada hasil yang ditemukan

Жас отбасылардағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Жас отбасылардағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктері"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz ЖАС ОТБАСЫЛАРДАҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Умирзакова А.М.

ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Айкынбаева Г.К.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті http://www.enu.kz

Қазіргі отбасы ӛзімен - ӛзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – кӛптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.

Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.

Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени ӛзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде кӛбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда ӛмір сүруге әзірлеу.

Отбасы – қоғамның ұяшығы, жеке тұрмыстың ұйымдасуының некелік одақ пен туыстық байланыстарға негізделген ең маңызды түрі. Отбасы жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның ӛмірінде орасан зор орын алады. Отбасының маңызды сипаттамаларына оның қызметтері, құрылымы мен динамикасы жатады [1. б 53].

Отбасының қызметтері. Отбасының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты ӛмір әрекеті отбасылық қызметі деп аталады. Отбасы қажеттіліктердің қанша түрін тұрақты, қайталанбалы формада қанағаттандырса, оның сонша қызметтері бар.

Отбасының қызметтерді атқаруы тек оның мүшелері үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды.

Отбасының тәрбиелік қызметі - әке және ана болу қажеттіліктері, балалармен байланыс және оларды тәрбиелеу, ата-аналардың балалары арқылы «жүзеге асу»

қажеттіліктерін қанағаттандыру. Тәрбиелік қызметінің орындалу барысында отбасы ӛсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығын қамтамасыз етеді.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі – отбасы мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың денсаулығын сақтауға септігін тигізетінінде болып табылады: бұл қызметті орындау барысында еңбекке жұмсалған физикалық күштердің қайта қалпына келуі қамтамасыз етіледі.

Отбасының эмоционалдық қызметі – оның мүшелерінің симпатияға, сыйластыққа, мойындауға, эмоционалдық қолдауға, психологиялық қорғанысқа қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалдық тұрақталуын қамтамасыз етеді, олардың психикалық денсаулығының сақталуына белсенді түрде қолғабыс етеді.

Рухани (мәдени) қатынас қызметі – бос уақытты бірге ӛткізу, біріге отырып рухани баю қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы. Ол қоғам мүшелерінің рухани дамуында маңызды роль атқарады.

Алғашқы реттік әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайлардың болуынан (жасы келу, ауру т.б.) ӛз мінез-құлығын әлеуметтік нормаларға толық сәйкестікте ӛз бетімен құру қабілеті жеткіліксіз мүшелерімен әлеуметтік нормаларды орындаудың қамтамасыз етілуінде.

Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы. Қоғам тұрғысынан алғанда маңызы – отбасы ӛз

(2)

http://www.enu.kz мүшелерінің сексуалды-эротикалық реттелуін, қоғамның биологиялық жаңаруын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырады [2 б 113].

Отбасы қызметтерінің бұзылуы – отбасының ӛз қызметтерін атқаруға кедергі жасап, қиындататын, оның ӛмір әрекетінің ерекшеліктері. Бұзылуларға септігін тигізетін факторлардың шеңбері кең: оның мүшелерінің тұлғаларының және олардың арасындағы ӛзара қарым-қатынастың ерекшеліктері, отбасы ӛмірінің белгілі бір жағдайлары. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылуының себебі ата-аналарда сәйкес білімдер мен дағдылардың болмауы және олардың қарым-қатынасында бұзылулардың болуы мүмкін (тәрбие мәселелері жӛнінде қақтығыстар, жанұяның басқа мүшелерінің кірісуі т.б.).

Тағы да бір қиындық ӛз бейнесін баршаға мәлім «содан бері олар біртұтас сияқты болып кетті» деген сӛзде кӛрініс табады. Неке церемонияларында жиі айтылатын фраза адам басқамен «құйылу» немесе «бітісу» арқылы жетілген бола алады дейді. М. Боуэн керісінше, ондай жұптар ата-ана жанұясынан ажырай алмайды дейді, бұл олардың ӛз араларындағы жақын қарым-қатынастардың қалыптасуын күрделендіреді. Ерлі-зайыптылар бір-біріндегі айырмашылықтарды мойындауға қорқады, ӛйткені бұл айырмашылықтар олардың әлсіз дамыған «Мені»-не қауіп тӛндіретіндей болып шығуы мүмкін.

Егер екеу бір-бірімен «бітіскен» болса, олар ӛзі және ӛз қарым-қатынастары үшін жауапкершілікті тартуға жиі қабілетті емес болады. «Бітіскен» ӛзара әрекеттесу жұбайлардың бірінің ойынша партнер оның бақытын қамтамасыз ету керек болғанда орын алады да жиі дәл сол партнер жұбайлар арасындағы барлық туатын мәселелерден кінәсі болып есептеледі. Мұндай отбасыларында партнер ӛзін басқаша ұстай қалса болды, барлық мәселелер бірден шешіледі, жұбайлар бақыты ӛмір сүре қалады деген ой бар. Ӛздерінің ортақ кінәларын айта отырып, жұбайлар ӛз қатынастары үшін жауапкершілік алудан бас тартады.

«Бітіскен» ерлі- зайыптыларға келісімге келу қиын. Келісімге келу жұбайлардың әрқайсысы белгілі бір шамада басқасына жол берді деген сӛз. «Бітіскен»

ӛзара әрекеттесуде күйеу жол беру бұл «берілу» деп есептеуге бейім, бұл онда ӛз

«Мен»-ін жоғалту қаупін тудырады. Осылайша, «бітіскендік» қарым-қатынастардағы приоритеттерді рангілеуді күрделендіреді, ортақ ӛмірді жағымды ететін «айтылған»

және «айтылмаған» ережелерді жасап шығаруды күрделендіреді [5. б 37].

Сонымен қатар, психологқа кӛмек сұрап келгендердің жоғарғы пайызы ерлі- зайыптылардың некеге отырған соң қақпанға түскендей сезінетіндігімен байланысты.

Егер, некенің мақсаты ата-ана отбасынан кету болса, некеге отырған соң жастар үйленді, яғни некенің мақсатына қол жеткізілді және оның негіздерінің жоғалғандығын анықтайды. Күйеуге ерекше махаббатсыз шығудың себептері кӛп (ренжіткен сүйіктісіне әдейі; ӛзін-ӛзі тӛмен бағалаудан ( «одан басқа мен ешкімге керек емеспін» ); мысалы, «20 жасқа дейін күйеуге шығу» сияқты бағдарламаны жүзеге асыру ретінде; мәртебе тұрғысынан және т.б.). Кейде жұбайлар ата-аналарының алдында «тым асыққан» неке үшін кінәлі (әсіресе, қарама-қарсы жыныстағы ата-ана алдында) сезінеді [6. б 75].

Ерлі- зайыптылар бір-бірінің ӛте әртүрлі екендігін кенет анықтап, ол айырмашылықтардан қорқуы мүмкін. Алғаш рет: «Егер біз осынша әртүрлі болсақ, бірге не істеп отырмыз?» деп ойлануы мүмкін. Олар ӛздері бірдейлік деп түсінетін жақындықты жоғалтудан қорқады да, әртүрлі тәсілдермен бұл ӛзгешелікпен күресе бастайды. Ең алдымен, бұл айырмашылықтарды байқамауға тырысады. Ӛте жиі, ең ерте кезеңде жас жұбайлар қайшылықтар мен сыннан қашады, себебі жанұяда жақсы атмосфераны сақтап қалуға және басқаның сезімдерін жаралап алмауға тырысады. Біраз уақыт ӛткен соң, бұл жасырын қарама-қайшылықтар ӛседі де, ерлі-зайыптылар үнемі ұрыс шегінде болатындығынан, неге екені белгісіз бір-біріне жауап беруде тез және күшті қозатындығын анықтайды [4.б 84].

(3)

http://www.enu.kz Жас ерлі- зайыптылар махаббатпен және тек махаббат үшiн үйлендiк деп есептеген, бiрақ күткен бақыт болмаған. Шынында, олардың қарым-қатынастарында эмоционалдық құраушыны реалды бағалау емес, асыра бағаланған сексуалды фантазиялар болған. Қайырымдылық пен басым болуға қажеттiлiк реалды сексуалдық қатынастардан маңыздырақ болып шыққан.

Абыржуды бастан кешiру. Неге бiз бiрге тұрамыз? деп жұбайлар ойлана бастаған.

Бiзге керек пе, әлде мiндеттiмiз бе?

Жанұялық опасыздық және ажырасу қаупi – психотерапевтке жиi кӛмек сұрап келудiң себептерiнiң бiрi.

Жауапкершiлiктен қашуға тырысу ретiндегi азаматтық неке. Әртүрлi қоғамдық ұжымдардың, солардың қатарына феминистiк ұйымдардың ықпалымен отбасы ескiрдi, оның орнына азаматтық неке немесе “байқау” ретiндегi неке келу керек деген идеялар қазiр кең тараған. Бұл жағдай “Сиырды сүт iшу үшiн ғана сатып алу мiндет емес” деген немiс мәтелiне сәйкес келедi. Отбасыдан әлеуметтiк қатынастарды реттеу формасы ретiнде алаңдаушылық жағдайды тудырады. Джей Хейли ене және аталардың болуы – адамды жануардан ажырататын жалғыз нәрсе болып табылады: кӛпшiлiк үшiн отбасылық ӛмiрдiң негiзгi құндылықтары ретiнде салт-дәстүрлердi қадiрлеу және ата-аналар отбасымен байланыс болып табылады.

Сексуалды кiшiгiрiм топтардың ӛкiлдерiнiң арасында керiсiнше, олардың некелерiн заңдастыруды талап ету және оларға балаларды асырап алуға рұқсат етудi талап ету басым [3].

Жас ерлі- зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастардың қиындығы бiздiң ойымызша, ең алдымен, қазiргi отбасындағы күйеу мен әйелдiң мiнез-құлық ӛкілдерi күннен-күнге қаталдығының азаюымен шартталған. Қазiр әйелдердi ӛндiрiстiк iс-әрекетке кӛптеп тартылуы, олардың бiлiмiнiң ӛсуi, күйеу мен әйелдiң тең құқылығы жӛнiнде идеялардың кең таралуы нәтижесiнде әйел мен күйеу жиi бiрдей әлеуметтiк статус және еңбекақыға ие, отбасылық шешiмдердi қабылдауға тең қатысады [4].

Қазiргi кезде, сондай-ақ жастардың отбасылық ӛмiрге дайындығы жӛнiндегi сұрақ ӛткiр. Ең алдымен бұл мәселенi ата-ана отбасы табысты түрде шешкен болатын.

Дегенмен, қазiргi уақытта қарым-қатынастардың үлгiсiн балалар жиi белгiлi бiр жӛндеусіз қолданады. Сондай-ақ, кӛптеген жас адамдар бұл тұрғыдан алғандағы ӛмiрдiң сынақты кезеңiн үйден тыс – студенттiк немесе жұмыс жатақханаларында бола отырып, ұстанымдар қалыптасатын негiздер ретiнде мүлдем басқа нормаларды игередi [5. б.43].

Психологтармен қатар, әлеуметтанушылар ӛмiрдi 4 негiзгi кезеңге бӛледi: а) бiрiншi баланың тууына дейiн, отбасы, күйеу, әйелден, мектепке дейiнгi;

ә) тӛменгi мектеп жасындағы балалардан тұрады;

б) үлкен балалар әлi орта мектепте оқыған кез:

в) балалар бӛлiнiп ӛз бетiмен ӛмiр сүрген кезең.

Әрбiр кезең алдындағының табиғи жалғасуы болып табылады, бiрақ әрбiреуi тек соған ғана тән белгiлермен сипатталады. Әрбiреуiнде, ерлi-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар, яғни отбасы тұратын жағдайлар сияқты, жұбайлар бiр-бiрiне сезетiн сезiмдерi сияқты ӛзгередi және олардың ӛздерi де әртүрлi ӛмiрлiк жағдайлардың әсерiмен ӛзгередi, басқа адамдарға айналады [4].

Жастарды отау құруға даярлайтын ата-ана, басқа да жанашыр жақындар, мұғалімдер, дәрігерлер әрдайым есте сақтауға тиісті тағы бір ақиқат бар.

Адамның физиологиялық қызметі жан-жақты жетіліп, гүл қауызындай толысып тұрар шағы оншалық ұзақ емес «жағдайды түзеп алайық, қызметте кӛрініп, ел қатарлы болайық, бала қашпас» деп жүріп нағыз жас шағын ӛткізіп алып, содан опық жеп жүрген жас ерлі- зайыптылардың талайын кӛріп жүрміз.

Бірін-бірі сүйген жастар сүйгенінің болашақтарын ойлап, олар алдымен болашақ мамандығының қамын жейді. Мамандықтың жақсы-жаманы жоқ, ӛз еркімен таңдаған

(4)

http://www.enu.kz мамандығына ықыласпен берілсе, адал еңбек етсе, қай мамандық болмасын, адамды абырой-атаққа жеткізеді, құрметке бӛлейді.

Әрине жұбай таңдағандардың бәрі – қыздың сұлулығына, жігіттің кӛркіне, мінезіне қарайды. Дұрыс десек те, бірақ жар болу үшін мұны да аз дер едік. Алдымен қыз бен жігіттің қоғамдық жұмыстарға икемділігін байқаған жӛн. Жас жұбайлар ӛз тапқан кірістерін бӛлек ұстамай, бірге ұстаған жӛн. Солай басы құралған азды-кӛпті дәулетті әйелі орнымен пайдалана білсе болғаны [6 ].

Бізде соңғы кезде жұбайлардың жас айырмашылығы кӛп әңгіме болмай жүр. Ал жалпы алғанда, ер адам әйелімен құрдас немесе екі-үш жас айырмашылық болғаны дұрыс сияқты. Халықтар достығын насихаттауда саяси-мәдени жұмыстар күшейген сайын некелесуде тілдің, ұлттың айырмашылығы да кӛп әсер етпейтін анық.

Әдебиет

1. Александров И.Ф. Семья как первичная и как субьект права. Актуальные проблемы поведения. 2003-№3

2. Андреева Г.М. Социальная психология: Учебник для высш. шк. - М.: Аспект- пресс, 1998.

3. Дымнова Т.И. Зависимость характеристик супружеской семьи от родительской.

Вопр. психол-1998-№2

4. Мы и наша семья. Книга для молодых супругов. Сост. В.И.Зацепин. - М.,1993.

5. Силяева Е. Г. Психология семейных отношений с основами семейного консультирования. - М.: Издательский центр «Академия», 2002.

6. Черников А.В.: Системная семейная терапия - М.,2001

Referensi

Dokumen terkait