УДК 314.8:504.75(577.24)
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӚСУІ МЕН ОНЫҢ ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ
Жумагулова Макпал Булатовна Л.Н.
Гумилев атындағы ЕҦУ студенты , Астана қ.
Ғылыми жетекші – б.ғ.к., Қарағойшин Жасхайыр Мҧханғалиҧлы
Елбасы қазіргі заман талабына сай, ХХІ ғасыр Елордасын салып, Астананы әлемнің ең жақсы отыз қаласының қатарына қосуды мақсат еткен болатын, ал қазіргі заманғы қала – демографиялық, экономикалық, географиялық тҧрғыдан ӛзін қоршаған экономикалық кеңістік және табиғи ортамен тығыз байланыстардан қҧралған кҥрделі әлеуметтік – экономикалық ағза. Жақында Елордамызда сәтті ӛткізілген ЕЫҚҦ саммиті мен қысқы Азиялық ойындар Астананың саяси, экономикалық тҧрақтылық пен конфессияаралық және ҧлтаралық келісім нышаны мен кӛптеген халықаралық шаралардың ӛткізілу орталығы ретінде ӛзін таныта алды деп батыл айта аламыз. Астананы есімізге алғанда әдетте біз еліміздің, саяси, экономикалық, әлеуметтік–техникалық прогресстің кӛріністерін елестетеміз, бірақ қала санының кӛбеюі мен ӛркениет урбанизациялануының ӛз кезегінде теріс жақтары да бар.
Қаланың техногенді ортасы бірінші кезекте адамның денсаулығына зардабын әкелуі мҥмкін. Астананың Алматыдан Астанаға кӛшкеннен бері халық саны ҧдайы ӛсімге ие. Қала халықының ӛсуі табиғи ӛсім және кӛші – қон есебінен қатар жҥріп келеді. Халық саны осы қалпында ӛсуін жалғастырса, тӛрт жыл ішінде миллиондық межеден асуы ықтимал деген болжамдар бар. Небары он екі жыл бҧрын 1999 жылғы санақ нәтижесіне сәйкес Ақмола халқының саны ҥш жҥз он сегіз мың адамды ғана қҧраған. Статистикалық мәліметтерге сҥйенсек, астана кӛшкеннен бері Астана қаласы халық санының тек позитивті ӛсіміне ие болып отыр. Халық санының жылдам ӛсуі 1997 жылғы желтоқсан айындағы республикалық және мемлекеттік органдардың Астанаға қайта дилокациялануы жӛніндегі шешімнен кейін байқалды. Осылайша 1999 жылы халық саны 318,2 мың адамды қҧраса, 2000 жылы – 381 мың адам және 2001 жылы - 440,2 мың адамға жетті. Бҧл жылдары Астанаға келген
216
азаматтардың 30-40%-ы қалаға тіркелмеген және миграцияның мерзімдік сипатына ие болған. Сондықтан бҧл мигранттардың жастық жыныстық, ҧлттық қҧрамымен қатар қай уақытта, қандай кӛлемдерде келіп қалада тҧрақтанғандығы толық анықталмаған.
Қҧжаттандыру мен қосымша тіркеу бағытында жҥргізу шараларынан кейін ғана Астана қаласындағы халық санының айқын кӛрінісін бақылауға мҥмкіндік туған, статистика мәліметтері бойынша халық саны едәуір ӛсіп, 2002 жылы халық саны 493,1 мың, ал 2003 жылы Астана жартымиллиондық қалаға айналып, тҧрғындарының саны 502 мың адамды қҧрады. 2004 жылы Елорда тҧрғындары 510,5 мың адамды қҧрап, 2005 жылы - 529,3 мың адмға жеткен, 2006 жылы – 550,4 мың адам, 2007 жылы – 574,4 мың және 2008 жылғы 1 қаңтар кӛрсеткіші бойынша 602480 [1], 2010 жылы 1-қазан айының мәліметі бойынша 719 мың адамды қҧрады [2]. Қазіргі замандағы әлемде халық санының ӛсуі әртҥрлі факторларға байланысты. Кей жерлерде халық саны қаланың ӛз табиғи ӛсімі есебінен кӛбейеді, бҧл кӛбіне Шығыс елдерінің сипаты. Басқа жағдайларда қала халқының ӛсуі әкімшілік территориалды шекаралардың ӛзгеруі мен қала маңындағы елді мекендердің қала қҧрамына қосылуы кезінде болады. Бірақ қала халқы ӛсуінің негізгі факторын қалаға келген және кеткен халықтың айырмасынан шығатын миграцияның механикалық ӛсімі қҧрайды. Ал Астана қаласындағы халық ӛсімінде, статистика мәліметі бойынша, негізінен осы механикалық ӛсім ҥлесі басым болып келеді.
Астанаға ауылдардан, Қазақстанның кіші, орта, ҥлкен қалаларынан халық миграциясының кӛрсеткіштері қала халқының ӛсімінің негізін қҧрауы – жоғарыда айтылған тҧжырымның дәлелі. Статистика агенттігінің айтуы бойынша, ауыл – қалалық кӛші – қонның қала халықының ӛсуінің негізі болып есептелуі – дамушы елдердегі урбанизацияның бастапқы кӛрсеткіші болып табылатынын атап ӛткен жӛн.
Халық санының қарқынды ӛсуі салдарынан қалада энергетикалық және су ресурстарына, транспорттық тасымал мен тҧрғын ҥй – коммуналды шаруашылық қызметтеріне деген сҧраныс артты. Бҧл атмосфераға шығатын зиянды заттардың кӛлемінің артуы, тазалауға, сҧрыптау мен утилизацияға мҧқтаждығы бар ӛндірістік және тҧрмыстық қалдықтардың кӛбеюіне әкеліп соқты. Ӛз кезегінде қала ӛз географиялық ерекшеліктеріне байлансысты ресурстарға аса бай емес. Астана климты шҧғыл континентальды және аса қуаң болып кегендіктен, қала әсіресе су ресурстарының шектеулілігімен ерекшеленеді.
Қаланың су артериясы қаланың оңтҥстік бӛлігінде ағып ӛтетін Есіл ӛзені болып табылады. Бҧл су айдыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жҥйесінің негізгі кӛзі болып табылады. Оның ағыны тек қар суынан туындайды. Қала шекарасында Есіл ӛз бойына екі ірі емес Ақбҧлақ және Сарыбҧлақ ағыстарын қабылдайды. Су сапасы бойынша Астана 2 – классқа жатқызылады. Судың беткі қабаттарының ластану индексі 0,94 қҧраған.
Салыстырмалы тҥрдегі мәліметтерді алсақ, Алматыда-2,15 (3-класс орташа ластанған), Қостанай-0,46 (1-класс таза), республика бойынша-2,62 (4-класс ластанған).
Есілдің Ақбҧлақ атты тармағы су сапасы бойынша 2-классқа жатады, бірақ Сарыбҧлақ жылғасының Есілге келіп қосылуы кезінде Есіл ӛзенінің сапасы 2-класстан 3- классқа нашарлайды. Оның себебі: соңғы жылдары суға ӛндіріс және тҧрмыстық қалдықтарының кӛптеп тӛгілуі, ашық су алаңдарында жҥк және жеңіл автокӛліктерді жуу фактілері. 2009 жылы 2007 жылға қарағанда Астанадағы қолданылған су кӛлемі 1,2 млн м ӛсіп, 59,8 млн м қҧраған. Канализациялық тазарту қҧрылғылары, жинақтаушы буландырушы қҧрылғылардың қазіргі заман талабына сәйкессіздігі де байқалады. Ӛкінішке орай, Астанаға қажетті канализациялық жҥйенің азғындауы мен су қҧбырлары мен елді мекендердің су ағызу жҥйесінің сапасын жақсарту мәселелері де жетерлік. Қаланың ҥлкен қарқынмен дамуы жағдайында бҧл мәселелер айрықша кӛрініс береді .[3]
Қала ауасының сапасына талдау жасасақ, Астананың атмосфералық ауасының жағдайы тҧрақты емес. Егер 2008 жылы атмосфералық ауаның ластану индексі 8,09 болса, 2009 жылы ол 4,67-ге тӛмендеген, 2010 жыл бҧл кӛрсеткіш қайтадан ӛсіп, 5,5-ке жетті.
Мысал ҥшін Алматыда ластану индексі-12,1, Қостанайда-2,9, ал республика бойынша орташа индекс-5,6. Атмосералық ауа ластануының негізгі ҥш себебі бар.[4] Олар:
217
1) Стационарлық кӛздер: ЖЭО, қазандықтар;
2) Автокӛліктер;
3) Ҧйымдастырылмаған шығарылымдары бар кӛздер: қҧрылыс алаңдары, ӛндіріс алаңдары, цемент орталықтары, асфальтбетонды зауыттар, т.б.; Астана ҥшін
бҧлардың ішіндегі негізгі ластаушы - автокӛліктер . Оның ҥлесіне барлық
ластанудың 57% тиеді. Стационарлы кӛздер екінші орында. Стационарлы ластанудың негізгі кӛзіне Астананың 2 ЖЭО жатқызады. Қала ӛскен сайын, электроэнергетика мен жылу энергиясы қуатының да артуын талап етеді. Статистикалық есептеулер бойынша, стационарлы кӛздерден тарайтын ластану жылдан жылға ӛсіп келеді. Астана бойынша 2007 жылы 48,8 мың тоннаға, 2009 жылы 61,4 мың тоннаға кӛбейсе, 2010 жылы бҧл тенденция сақталып, қала экосистемасының ауалық қҧрамына зиянды заттардың шығу эмиссиясы одан әрі ӛсіп, 65 мың тоннаны қҧраған. Астана атмосферасына қозғалмалы кӛліктерден туындайтын ластаушы заттардың эмиссиясының да айтарлықтай ӛскендігі байқалады.[3]
Кӛліктерден тарайтын ластаушы заттарда газтәрізділердің ҥлесі басым, оның ішінде кӛміртегі оксиді 80 пайыздай. Астанада қозғалмалы ластаушы кӛздердің ҥлесі 57%-дан асқан, бҧл кӛрсеткіш халық санының ӛсуімен бірге автокӛліктер санының да ҥнемі ӛсімімен және ластау деңгейі экологиялық нормадан асып тҥсетін, ескірген авто модельдердің әлі де кӛп қолданылуымен тҥсіндіріледі. Автокӛлік санының ӛсу кӛрсеткіштері: 2007 жылы 155 мың, 2008 жылы 210 мыңнан аса, 2009 жылы 206 мыңдай автокӛлік тіркелген. [5]
Қҧрылыс қарқынының жоғарылауына байланысты жҥк машиналары, әсіресе жҥк тасымалдау қабілеті бар кӛліктердің саны кҥрт артты. Сонымен қатар ластаушы заттардың жоғары концентрациясына ие газдар шығаратын, ҥлкен кӛлемді қозғалтқышы бар джип пен басқа маркалы кӛліктердің саны ӛскен. Гидрометеорологиялық Орталықтың мәлімдеуі бойынша, соңғы жылдары Астана атмосферасының шаңмен ластану деңгейі айтарлықтай ӛсіп, 2007 – 2010 жылдары шекті рауалы концентрация мӛлшерінен 2 – 3 есе асып кеткен, ал кейбір жеке кҥндері ШРК кӛрсеткіші 10 – 13 есе асып кетеді. Шаңның пайда болу себептеріне келетін болсақ, ол алдымен қҧрылыс алаңдары, содан соң автожолдар, қатты тӛсеніші жоқ кӛшелер. [3]
Табиғи орталардың барлығы белсенді антропогендік әсерге ҧшырауда. Бірақ орталардың бір айырмашылығы су және ауа табиғи орталары топырақ ортасымен салыстырғанда жаңа су және ауа ағындарының келуі арқасында және поллютант кӛздердің азаюы немесе жойылуы мҥмкін болған кезде жылдам қалпына келу қасиетіне ие. Ӛз кезегінде қаланың топырақ қабаты бойына ластаушы заттарды жинақтап, уақыт ӛткен сайын ластаушыларды тӛменгі қабаттары мен жер асты суларына дейін жеткізеді. Бҧл жағдай Астананы да айналып ӛтпеген. Астана топырақ қабатының бҧзылуына ескірген су ағызу жҥйелері, әсіресе Талдыкӛл мәселесі, кҥл тӛгу жерлерінің шамадан тыс толып кетуі мен тӛгілу жҥйесіздігі, қатты тҧрмыстық қалдықтарды ӛңдеу технологияларының болмауы, қалада қарқынды қҧрылыс жҥргізу мен карьерлер қазу және т.б кӛптеген фактілер әсер етеді.
Бір жағынан, Астана қаласының табиғи климаттық ерекшеліктері мен интенсивті қҧрылыс жҧмыстары, халық саны мен ӛндірістік - ӛнерәсіптік потенциалының кҥн санап ӛсуі астана экожҥйесіне шамадан тыс кҥш тҥсіріп келеді. Екінші жағынан, қала халқының ӛсуі тҧрғын ҥй, кӛлік, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, жаңа жҧмыс орындарының ашылуы сияқты қала инфрақҧрылысының сәйкес тҥрде дамуын талап етеді. Мҧның барлығы қоршаған ортаға кері әсердің ӛсуіне тікелей әсер етеді, себебі барлық ӛндіріс кәсіпкерліктерінің табиғи ортада ӛзінің шығарынды, қоқыс, қалдықтарын орналастырып, оның техногенді ластаушыларына айналады. Сондықтан қаланың тҧрақты дамуы кӛбіне оның экономикалық дамуы, саяси беделі, адами және жер ресурстарына иелік етуімен ғана емес, қала экосистемасының оңтайлы жағдайымен де анықталады.
Әдебиеттер
1. «Астана» энциклопедиясы, «Народонаселение» бӛлімі. «Атамҧра» баспасы, Алматы, 2008 2. «Экономика и статистика» журналы №4 2010 жыл, «Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуал» мақаласы, 46-бет
218
3. Қоршаған ортаны қорғаудың Астана қаласы бойынша басқармасының мәліметі 4. Гидрометеорологиялық Орталықтың мәліметі
5. Астана қаласы бойынша ІІД мәліметі 2007, 2008, 2009 жылдар