1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
63
Таким образом, прежде чем доверить человеку решения рискованных задач в экстремальных условиях его необходимо не только отобрать из большого числа кандидатов, но и соответствующим образом подготовить. Далеко не каждый способен хладнокровно, расчетливо и грамотно действовать там, где сама обстановка напряжена до предела и одной искры вполне достаточно для смертельного взрыва.
Основное содержание психологической подготовки составляет оптимизация психического состояния спасателей. Она создает основную мотивацию его деятельности, направленную на спасение жизни людей, сохранение материальных ценностей, формирует гуманность его морального облика и самоотверженность. Она дает спасателю уверенность в своих знаниях и силах, сознание значимости своей работы, необходимости любой ценой довести ее до конца.
Список использованных источников
1. Ковтунович М. Г., Рожков Н.В., Ениколопов С.Н., Орлова Е.В. Психологическая подготовка спасателей: Учебное пособие для спасателей студенческих спасательных отрядов. /Под ред. М. Г. Ковтунович М. Г. – М., 2007.
2.Антипов В. В. Психологическая адаптация к экстремальным ситуациям. - М.: Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС, 2002.
3. Методические рекомендации по оценке психологической готовности спасателей к действиям в экстремальных условиях. – М.: ФЦ ВНИИ ГОЧС, 2003.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯДА ЗЕРТТЕЛІНУІ
Байжұманова Бибіанар Шаймерденқызы психология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан
Тұяқова Ұлбосын Жүсіпқызы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, педагогика және психология магистрі
Қазіргі таңда психология ғылымының дамуын сипаттайтын тенденциялардың бірі тұлғаның даралық санасының ерекшеліктерін шынайылықтың интеграцияланған және көпөлшемді көрінісі ретінде зерттеуге қызығушылықтың артуы. Қоғамдық стереотиптердің сынуы жағдайында және жаңа көрініс алып жатқан социомәдени тенденциялардың жеке даралық сананың құрылысының қалыптасуы ерекше маңызға ие болуда [1].
Жастар ерекше қағамдық топ ретінде психологтардың зерттеуінің айырықша назарында болады, өйткені ол қоғам дамуының және өзгеруінің сезгіш индикаторы болып табылады. Жас ұрпақтың құндылығы қандай болса, қоғам болашағы сондай болмақ.
Көптеген зерттеушілер зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көрсеткендей қазіргі студенттердің генерациясы постмодерн дәуіріне тән спецификалық құндылықтармен ерекшеленеді.
Көптеген шетел және отандық зерттеушілердің пікірінше қоғамдық өзгерістердің жағдайы бір уақытта функциясы бойынша қарама-қарсы екі түрлі индивидуалды- психологиялық ерекшеліктердің көрінуін қажет етеді: социалды лабильдік, өзгермелі қоғамдық өмірге бейімделуді қамтамасыз етеді, және дамыған социалды идентификациялық, ол ішкі өзекті құрайды, даралық және қоғамдық өзіндік анықталуды белгілейді. Шынайылықтың социалды құрылуы процесінің динамикасы адамнан қоғамдық позицияның, әрекет тәсілін, өз мақсаттарын жету әдістерін, көптеген мақсаттардың ішінен өз мақсаттарын әрқашан таңдауын қажет етеді [1].
64
Бірқатар зерттеулерде жастық шақ сензитивті, ой өрісінің қалыптасуына, тұлғаның тұрақты қасиеті ретінде құндылық бағдарының қалыптасуы үшін өте қолайлы екенін көрсетеді [1].
В. Франкл ойынша өмір туралы сұрақтар жастық шаққа тән және өте жиі қойылады. В. Франклдің анықтауынша экзистанционалды вакуумның феномені өмір мазмұнының болмауы қазіргі таңда кең таралып, жиі кездесуде. Тіршілік мәнін, мақсатын ұғыну, іздену кез келген адам үшін тән, бірақ оның өте маңызды кезеңі – жақтық шақ [2].
С.Л. Рубинштейн тұжырымдағанындай, жастық шақта құндылық бағдар бейнеленеді (ғылыми теориялық, философиялық, адамгершілік, эстетикалық), онда адамның болмысы анықталады; қоршаған орта, басқа адамдар туралы көріністердің жүйесі ретінде ой өріс қалыптасады; өмірге жалпыланған, саналы, қорытынды қатынасы қалыптасады [3].
Сонымен қатар құныдылықтар адамдардың мотивациялық-қажеттіліктерінің сферасын және қоғамдық тәртібін реттейді. Құндылық бағдарлар адамның мақсат алу процесін бағыттайды, коррекциялайды, тұлғаның қоршаған шындыққа қатынасын және ерекшеліктерін анықтайды, осылайша, оның барысын белгілі дәрежеде детерминациялайды. Басқаша айтқанда, құндылық бағдарлар қоғамдық әрекеттің және субъекттің тәртібін қоғамдық ортада психикалық реттелуін жүзеге асырады.
А.Н. Леонтьев әр түрлі әрекеттерді толық бір тұлғалық құрылымға жинақтайтын өзіндік «түйіндердің» болатынын, олардың тұлғаның негізін қалайтынын айтады [1].
Өзара тәуелсіз бірқатар ғалымдар құндылықтардың екі класын ажыратуды ұсынады: тіршілік әрекеті мақсаттары – құндылықтары немесе терминалды құндылықтар, және тіршілік әрекеті принциптері – құндылықтары немесе инструменталды құндылықтар [3].
М.С. Яницкийдің ойынша құндылық бағдар жүйесі өмірлік болашақты анықтайды, тұлға дамуының «векторы», оның негізгі көзі мен механизмі, орта мен адамды байланыстыратын психологиялық мүше, бір уақытта тәртіпті реттеу және оның мақсатын анықтау функцияларын атқарады [4].
Ф.Е. Василюк сөздерімен айтқанда «құндылық адамның барлық өмірін іштей жарықтандырады, оны қарапайымдылықпен, шынайы дербестікпен толтырады» [3].
Осылайша, тұлғалық құндылықтар социалды топтардың және әр түрлі масштабтағы қоғамдардың генетикалық туындылары. Тұлғалық құндылықтар қоғамдық реттелудің тұлғаның құрылымында тамырланған ішкі тасымалдаушылары ретінде роль атқарады.
Н.А. Буравлева өз зерттеулеріндестуденттер құндылық сферасының ерекшеліктерін зерттеу арқылы белгілі бір қорытынды жасайды [7]. Жас аралығы 18-24 жастан тұратын жоғары оқу оырндарындағы 94 студенттерді Ш. Шварц құндылықтар сұрақнамасы арқылы зерттейді. Бұл сұрақнамада барлық құндылықтар саналы мақсат ретінде адамның үш бірегей қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған: 1)биологиялық ағза ретінде тұлғалардың қажеттіліктері; 2) координацияланған қоғамдық қажеттіліктер; 3) қоғамдық топтардың тіршілік үшін күресі мен қолайлылығының қажеттіліктері. Бұл қажеттіліктер тұлғалардың белгілі бір құндылықтарымен түзілетін 10 әр түрлі мотивациялық типтердің жүзеге асуы нәтижесінде қанағаттандырылады. Осылайша, Ш. Шварц үш адамдық қажеттіліктерден негізгі мотивациялық типтерді шығарады. Сәйкесінше, әр мотивациялық типке белгілі бір мотивациялық мақсат тән:
1. Өзін реттеу (дербес әрекет ету). Мотивациялық мақсаты – тәуелсіз ой мен әрекет (таңдау, шығармашылдық, зерттеу), индивидтің автономды және дербес болуымен асырылады.
2. Ынталандыру (өмірлік сезімдерінің толықтығы). Мотивациялық мақсаты – өмірінде жаңашылдық, күрес, ағзаның белсенділігінің оптималды деңгейін қолдап тұруға қажетті.
3. Гедонизм. Мотивациялық мақсаты – ләззаттану, сезімдік рахаттану, өмірмен ләззаттану.
65
4. Жетістік. Мотивациялық мақсаты – қабылданған мәдени стандарттардан компетенттіліктің байқалуы арқылы дара жетістікке жету.
5. Билік. Мотивациялық мақсаты - қоғамдық статусты, престижді, адамдармен басқаруды иелену.
6. Қауіпсіздік. Мотивациялық мақсаты – стабильділік, қоғамның, отбасының, тұлғаның өзінің қауіпсіздігң мен гармониясы.
7. Қолайлылық. Мотивациялық мақсаты – басқаларға зиянын тигізетін немесе қоғамдық нормаларды бұзатын әрекеттердің шектелуі. Тұлға басқа даралармен өзара әрекеттесуі барысында өзін шектейді.
8. Дәстүр. Мотивациялық мақсаты – дәстүрлерді, қабылданған ойларды, мәдениетті, дінді ұстану және қабылдау.
9. Мейірім. Мотивациялық мақсаты – адамдардың берекесін қолдау, жоғарылату.
10. Универсализм. Мотивациялық мақсаты – адамның және табиғаттың жағдайын түсіну, шыдамдылық, қолдау көрсету.
Шварц тесті екі бөлімнен тұрады:
«Құндылықтар көрінісі» - нормативті идеалдарды, тұлға құндылықтарды сендіру деңгейінде, сонымен қатар тұлғаға әсер ететін, бірақ социалды мінез құлықта әрқашан көріне бермейтін құндылықтар құрылысын зерттейді.
«Тұлға профилі» - мінез құлық деңгейінде құндылықтарды, яғни жеке дара приоритеттерді, тұлғаның социалды мінез құлығында көрінетін құндылықтарды зерттейді.
Осылайша, қазіргі студенттердің құндылықтар бағдары жетістік пен дара сәттілікке бағытталумен және оңтайландырудың төмендеуімен ерекшеленеді. Құндылықтардың құрылымының өзгерісі социалды приоритеттердің жеке дара берекелігіне жақын өзгерген, индивидуализмнің социалды қызығушылыққа, коллективизмге қарама қарсы. Бұл Ш.Шварц ұсынған құндылықтардың универсалды құрылысы моделімен сипатталады.
Ш.Шварц жұмысының нәтижелері бойынша құндылықтар иерархиясы келесідей сипатталады: оңтайландыру, өзіндік реттеу, универсализм, жетістік, қауіпсіздік, конформдылық, гедонизм, ынталандыру, дәстүрлер, билік [5]. Бұл тізімде бірінші орында оңтайландыру, ал Н.А. Буравлеваның зерттеулерінде өзіндік реттеу.
Н.М. Лебедеваның жұмысында орыс мәдениетінде коллективизм мен фемминизм сияқты базалы құндылықтардың сақталуын, ал студенттерде индивидте индивидуализм мен маскуллиндылық (амбициялық, жетістік мотивациясы) құндылықтарының дамуын көрсетті [6].
Л.Г. Почебут өз жұмысында коллективизм, жақсы болашаққа бағдар, өмірлік маңызды мәселелерді тез шешуге бағытталуды сипаттайды [6]. Соңғы онжылдықтың зерттеу жұмыстарында ресейліктерде құндылық бағдары «индивидуализм-коллективизм»
осі бойынша индивидуализм жаққа қарай көп өзгеріс жүріп жатқанын көресетеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Андреева Г.М. Социальная психология. М.: Аспект Пресс, 2009.363 с.
2. Франкл В. Психотерапия на практике. М.: Аспект Пресс, 2004. 84 с.
3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб,: Питер, 2006. 424 с.
4. Яницкий М.С. Ценностно-смыловая сфера личности. КемеровоЖ Кемеровский гос.ун- т.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ
Байжұманов Болат Шаймерденұлы
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ОҚО, Түркістан қ., Казахстан