1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
191 http://www.enu.kz
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М., 1989. - 191с.
3. Ковжасарова М.Р. Развитие идеи дифференциального обучения в теории и практике общеобразовательной школы /Ізденіс. Поиск. - 2001. - №1. - С.123-128.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Телегенова Гульнара Талғатқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «6М050300» - Психология мамандығының 2 курс магистранты, Астана, Қазақстан.
Ғылыми жетекші – Г.Айқынбаева
Зерттеудің мақсаты- бірінші курс студенттерінің оқу жағдайына бейімделуінің ерекшелігін анықтау. Іріктеуге әлеуметтік жұмыс бағытында оқитын 17-19 жас аралығындағы студенттер қатысты. Ереже бойынша келесі әдістеме: бірінші курс студенттерінің типтік қиыншылықтарының әдістемесі (Б.Г.Мещеряков).
Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам жоғары білікті мамандарды талап етеді. Кез келген жасқспірім жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Студенттік жаңа өмір-талапкер болудан басталады. Студенттік өмір-бұл жаңа өмірге қадам баса отырып, белгісіз мәселелер мен әртүрлі адамдармен қақтығысу. Студент үшін ең бастысы сапалы білім алу, жаңа қоршаған ортаға бейімделе отырып дезадаптацияға жол бермеу.
Жоғары оқу орнында ең бастысы сапалы білім алу бағаланады. Қазіргі кезде біліктілікті арттыру - өзіндік, өзара, шығармашылық, мінездемелік, жеке сапалық маманданған, біліктілік пен білімділіктін маманданған педагогикалық дайындығының көрсеткіші болып табылады. Бейімделуді басты мәселесі- өзіндік білімді арттыру үшін жоғары оқу орындарынын үзіліссіз өзгермелі талаптарын орындау. Студент оқу үдерісінің басты кезеңінде білмділігі мен біліктілігінің белсенділігін арттыру қажет. Ең бастысы студентке бірінші жылы оқуға және оқу орнына бейімделуі.Мектеп пен жоғары оқу орындарының жүктемесінің арасында айырмашылық бар. Ақпараттанған оқу үдерісіне- аудитория, оқу орындарында ұйымдастырылған форумдық іс-шаралардың көптігібірінші курстардың бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Оқу үдерісіндегі көптеген жоғары талаптар мінездемелік жарақатқа алып келеді. Көбінесе ақыл ой мен психикалық қысым, еңбектің бұзылуы, демалыстың бұзылуы, тамақтанудың бұзылуы дамуға және бейімделуге кері әсерін тигізеді. Студенттердің көбісі жоғары оқу орындарының жай-күйіне тез бейімделеді. Бұл жерден туындайтын мәселе кешегі талапкер,бүгінгі студенттік өмірге бейімделуі.
Сонымен, жоғары оқу орындарына бейімделу үдерісі сол оқу орнының талаптарына бейімделу, яғни жаңа ұйымның ұжымдық іс-шараларына, оқу жүйесіне және әр түрлі ішкі факторларға бейімделу.
Бейімделудің ортақ жүйесі екі түрге бөлінеді:
1. бейімделу әрекеті, жеке күйзеліс жүйесініңмінездемесінің артуы, аралық функционалдық байланысқа үстіртің қызығушылық санының бірдесен артуы;
2. бейімделудің төмендеуі, жеке күйзеліс жүйесінің мінездемесініңтөмендеуі, аралық функционалдық байланысқа үстіртің қызығушылық санының бірдесен төмендеуі;
Бір жүйеден екінші жүйеге ауысып отыру-ол бейімделудің жүктемесі, әсіресе жеке күйзеліс жүйесі жоғарласа. Сондай ақ, бір жүйеден екінші жүйеге ауысу жоғары оқу орнында бейімделу үдерісімен ерекшеленеді. Жаңа талаптарға үйрену: оқу-тәрбие үдерісіне, юджеттің үздіксіз уақытылы орындалуына, заңды және заңсыз әрекеттерге. Әр түрлі бағыт бойынша студенттің бейімделуі- әр түрлі жүйенің қиыншылықтары мен
192
ерекшеліктері, бір жағынан студенттің жаңа ортаға бейімделуіне байланысты, мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында айырмашылық бар. Студенттің жоғары оқу орнына бейімделу аспектілері бірнеше түрге бөлінеді:
1. мамнданған бейімделу- бұл жоғары оқу орнына түсуге, оқу үдерісінің мағынасына, ерекше таңдалған мамандыққа икемделу. Ерекше маманданған ерекшеленген сәтке мінездеме: мамандық таңдау әдісінің нақтыланбауы, мамандыққа деген дайындықтың аз болуы, университеттің оқу жүйесіне үйрене алмау, емтихан немесе сынақтың оқу жоспары бойынша көп болуы, оқу бағдарламасында жаңа ақпараттың көп болуы, жаңа пәнге деген қиындықтар және т.б.;
2. әлуметтік бейімделу- әлеуметтік топта студенттердің ерекше іс-шараға, форумға қатысуы. Әлеуметтік бейімделуде келесідей қиыншылықтарға байланысты: ұжымның ішкі қиыншылықтары, үлкен және дұрыс бөлінбеген жүктемелер, құралдың жетіспеуі, тұрғын үй мәселесі, жұмыс пен оқуды біріктіру және т.б.;
3. психологиялық бейімделу- жаңа психологиялық талаптарға үйрену ретінде, топ курстастары мен оқытушылар арасындағы да өзара келісілген ережелер. Бірінші курста келесідей қиыншылықтар кездеседі: қоршаған ортаға үйрене алмау, топқа үйрене алмау, іштей уайымдау, үйренген оқу орынынан кейін екінші бір оқу орнына үйрене алмау, өз- өзінді психологиялық басқара алмау, топтағы достармен тіл табыса алмау, оқытушылармен тіл табыса алмау және т.б.
4. дидактикалық бейімделу- жоғары оқу орындарының жаңа талаптарына байланысты. Олардың қиыншылықтарының бірі оқу орындағы оқу құралдарын қолдана алмауы, сабақ үлгерімінің өзгерісі, сабақ кестесінің өзгерістері, оқу жағдайына байланысты жүйенің өзгеріп отыру және т.б.
5. биологиялық бейімделу-ең алдымен ағзаның жаңа талаптарға қайта бейімделуі және уақытылы өмір іс-шарасының тәртібін сақтау. Келесідей қиыншылықтар болуы мүмкін: дене тәрбие сабақтарын қиын қабылдау, сабақ кестесінің жүктемесін меңгеру кезіңдегі қиыншылық, физикалық тұрғыдан өз үйнен алшақтау (студенттер үйінде, жеке туыстар пәтерінде және т.б.)қиыншылықтары. Бірінші курс студенттерінің бейімделу көрсеткішін бағалау үшін ең бірінші жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басында орын алған қиыншылықтарын анықтап алып, бірінші семестірден кейін оқу жылының бастапқы кезімен салыстырғандағықиыншылықтардан айыққанын анықтау.
Бейімделудің аспектілерін анықтау үшін студенттердің оқу үдерісіне бейімделуінің мәселесін зерттей отырып, Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша оқитын ӘЖ-11 тобына зерттеу жүргіздік.
Іріктеуге 23 адам қатысты.
Сауалнама көрсеткіші бойынша кәсіби бейімделуге байланысты студенттердің жартысынан көбі қиындыққа тап болады. Бірақ орта есеппен алғанда тең жартысы бірінші семестірден кейін қиындықтарыкетеді, шамамен 15%-ті қазір де сезінеді (университеттің білім беру ерекшелігі бұрынғы мектеп оқушыларының ерекшеленген қиыншылықтарын ұсынатыны анық) және 38%-ті мүлде қиыншылықтарды сезінген жоқ (бұл көрсеткіште бейімделу жоғары). Айтпақшы, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу үлесі де жоғары:
орта шамамен 48%-ті жүргізушілер әлеуметтік бейімделу сұрағына жауап бере отырып, көрсеткіш бойынша олар қиыншылықты сезінбейді.Сауалнаман бойынша жеткілікті үлкен үлесі әлеуметтік бейімделуге байланысты әлде де қиыншылықты сезінеді, тек 23%-ті ғана бірінші жарты жылдықтан кейін қиыншылықтар кетеді. Психологиялық бейімделу деңгейі де өте жоғары екенін атап өткен жөн: Сауалнама бойынша 48%-ті бейімделу аспектісі байланысты қиындық жоқ екенін көрсетеді, ал 24-27%-ті әлде де қиындықты сезінеді немесе бірінші жарты жылдықтыңсоңына дейін жеңеді. Ал сауалнама бойынша дидактикалық бейімделу шамамен көрсеткіші бірдей 35,5-%-ті және 35,7%-ті қиыншылықтар болуын тоқтатты немесе қиыншылықты мүлде сезінген жоқ, тек 28%-ті бейімделуге қиындық тудырады. Әлбетте оқытудың бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу бірінші курс студенттері үшін ұзақ уақыт талап етеді. Биологиялық аспектілік көрсеткіш
193
бойынша студенттердің бейімделуі ең жоғарғы деңгейді көрсетеді. Сонымен, 59,6%-ті қиыншылықты мүлде сезінген жоқ, ал 24,3%-ті бірінші семестірдің соңына дейін қиыншылықтарды жеңеді, тек 15%-ті ғана әлі күнге дейін қиыншылықты сезінеді. Бұл бейімделу деңгейі ұлдар мен қыздардың арасында айырмашылығы бар екенін атап өтейік.
Бейімделудің әр түрлі аспектілері бойынша жас жігіттердің 80%-ті ешқашан қиыншылық сезінбеген. Ал қыздар орта шамамен 71%-ті бейімделу бойынша әр түрлі қиыншылықтарды бастан өткізіп бірінші жарты жылдықтың соңына дейін қиыншылықтарды жояды. Жоғары оқу орны жайлы болу үшін маңызды критери ол жас жігіттердің-78%-ті мен қыздардың 64%-ті психо-эмоционалды жағдайы.
Сауалнама барысында бейімделудің ең ыңғайсыз аспектілері ғана анықталған жоқ, сондай-ақ бейімделу үдерісіне студенттердің пікірінің әсер етуі. Олардың пікірі бойынша, бейімделуге көмек көрсету керек деген сұраққа кім жауап беру керек? деген сұраққа студенттердің 56%-ті бұл көмекті кураторлар қамтамасыз етуі тиіс деп жауап береді. Тек 30%-ті көмекті бізге білім беретін барлық оқытушылар тарапынан болуы тиіс, ал 13%-ті әлеуметтік қызметкерлер (әлеуметтік педагог, психолог және т.б.) тарапынан көмек болу керек деп есептейді. Бірінші курс студенттерінің пікірінше бейімделу үдерісіне көмек көрсету жоғары курс студенттерінің көмегі қажет. Бұл таңқаларлық емес: бірақ жоғарғы курс студенттерінен университеттегі алғашқы оқу үдерісіне байланысты көптеген сұрақтарға жауап аласын, осыған байланысты бірінші курстар дидактикалық, кәсіби және әлеуметтік бейімделуге байланысты қиыншылықтарды жеңуге болады. Онда топ кураторлары мен оқытушылардың көмегі қажет емес, мысалы: жатақханада бірінші курс студенті өзінен үлкен бірге тұратын адамына сенім артады. Десе де сауалнама бойынша респонденттердің ең жоғарғы үлесі куратордан көмек күтеді. Алынған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға болады. Қорыта келе жоғары оқу орындарына бейімделу үдерісі тиімді болу үшінкуратордың орны ерекше. Бірінші курс студенттерінің тиімді бейімделуіне топ кураторының әсері: жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу, топ мүшелері арасында іскерлік және жеке байланыс орнату. Топ кураторы өзінің студенттеріне табысты нысандарын дұрыс бағыттау үшін: тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін, білім беру әдістерін және бірінші курс студенттерінің бейімделу үдерісінін жоғарғы көрсеткіштерін арттыру керек. Негізгі бағыт бойынша кешендік жүйенің ұйымдастырушылық және педагогикалық тәсілі куратордың жұмысының өнімділігін тезірек оңтайландыруға қол жеткізу мүмкіндігін береді, бұл төмендегі нәтижелер болып табылады:
1) студенттерге жүргізілетін жұмыстармен таныстыру, әсіресе жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдарға байланысты;
2) куратор- студенттердің мінезін, әлеуметтік жағдайын, білімін, әлеуметтік- қызметін және тұлғааралық қарым-қатынасынын белсенділігін білуі керек;
3) өзаралық қарым-қатынас жүйесін анықтау;
4) бірінші курс студенттерінің ұйымдастыру дағдыларының жетіспеушілігін дамыту;
5) студенттерге ғылыми еңбек ұйымында көмек көрсету;
6) студенттерге ұйымда өз-өзін тәрбиелеуге көмек көрсету.
Кәсіби қызығушылықты арттырудың бастапқы кезеңінде куратордың негізгі міндеті;
1) студенттердің жоғарғы оқу орнына түсуге әсер еткен әдіс-тәсілдер және алынатын кәсіби мамандық бойынша мінездеме алу;
2) жоғары оқу орны мен кәсіпті саналы түрде тандауын анықтау және болашақ мамандарды дайындау барысында диагностикалық деректер әзірленген болуы тиіс.
Куратор негізгі назарын студенттердің белсенді талаптары мен жеке әсер еткен кәсіби мамандықтарымен танысу. Сондай-ақ, кураторлар студенттердің қажетті ғылыми, кәсіби танымдық қызығушылығын дамыту және сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру арқылы талаптарын білу. Көптеген зерттеулердің авторлары бойынша: студенттердің ерекше бір қажеттілігі өз біліміне деген әдісі, бірақ бұл қажеттіліктін деңгейі әр түрлі.Куратордың міндеті-олардың талаптарына жағдай жасай отырып қанағаттандыру, әр
194
бір студент үшін өз-өзінің білімін арттыруға жағдай жасай отырып көмек көрсету.Студенттердің мүмкіндіктерін тәсілі үшін көмек шаралары қатаң болуы керек.
Ұжымдық топты табысты дамыту әлеуметтік және психологиялық бейімделуге байланысты. Бірінші жылдың өзінде ақ барлық зерттеу мүмкіндіктерден өтуге болады, яғни даму кезеңінін басынан соңына дейін. Әр бір куратор ыңғайлы және оңай әдіс- тәсілдердің диагностикасын білу және топтың ішкі құрлымын жан-жақты енгізу қажет.
Сонымен қатар, студенттердің оқу орнында жаңа жағдайға бейімделуін жандандыру топта достық қарым-қатынастардың өзекті қарқындылығы болып табылады. Сондықтан саралау үдерісін ынталандыру мақсатында микротоптар бірлесе отырып ойын-сауық іс-шаралар мен ұжымдық нысандарын (көрмелер, театрлар, жорықтар және т.б.) құруға бағытталған психологиялық ойындар мен жаттығулар тобында қойылатын психологиялық климат пен жеке тұлғаның рухани дамуы. Ең басты аспекті ретінде бірінші курс студенттері жоғары оқу орнында оқытудын жайлылығының психо-эмоционалдық жағдайын атап өтті. Бірінші курс студенттеріне бейімделу бойынша көмек көрсету өз еріктеріне беріле отырып, бейімделудің үдерісін жылдамдатуға болады. Олардың арасында: материалдық қолдау көрсету, шығармашылық және ерекше бір белсенділігі үшін шәкірт ақы дайындау, психологиялық кеңес беру және топта қарым-қатынасты белсендіру.
Зерттеу деректері бойынша келесідей қорытынды шығарамыз:
1) алынған тәжірибеде көптеген студенттер «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша оқу жылының басында бейімделу мәселесіне деген қиыншылықты сезінеді, біріақ қазір жартысынан астамы мәселені меңгерген;
2) биологиялық аспектінің көрсеткіші бойынша жоғарғы технологиялық және ең төмен дидактикалық бейімделу;
3) бейімделу аспектісі кезіңде ешқандай қиындық пен мәселе туған жоқ деп есептейтін респонденттердің саны.
4) ең тез бейімделгіш болған жігіттер, ал қыздар үшін бейімделуге артық уақыт қажет, нақты дәлел бойынша бейімделудің биологиялық аспектісін білдіреді(қыздардың 50%-ті әлі де биологиялық бейімделудің қиыншылықтарын бастан кешуде).
5) бейімделу және гендірлік айырмашылық деңгейі ұлдар мен қыздар үшін барлығы бірдей болғанымен оқу үдерісінің маңыздылығы психо-эмоционалдық құрамдас бөлігі б.т.
6) бірінші курс студенттері бейімделу мәселесін жеңу үшін куратор тарапынан көмек күтеді. Бірақ оларға маңызды көмек профессор-оқытушылар құрамынан да қажет.
7) бейімделу үдерісіне оң әсер ететін факторлар бірінші курс студенттері жеделдетілген ақшалай ынталандыру, оқуды оңтайландыру психологиялық жайлылықты арттыру үдерісі.
Осылайша, бірінші курс студенттеріне сауалнама жүргізіп, біз келесіге көз жеткіздік бейімделу өте күрделі болып табылады, оның табыстылығы қаншалықты тез және оңай болуы студенттердің әлеуметтік, психологиялық, дидактикалық және биологиялық қиыншылықтарды меңгеруі. Егер бұл үдеріс уақытылы болмаса, жоғары оқу орнында оқуды қанағаттандырмайды және психиалық функциаларының бұзылуына (ойлау, зейін, жады, қабылдау) кері байланыс қағидасы негізінде жүреді: қаншалықты бұзылыс жинақталған болса, олар одан әрі бейімсіздік үдерісін қиындатады. Денсаулық жағынан бұзылыс басталады. Бұрмаланған немесе жеткіліксіз даму бейімделу бұзылысына әкеледі:
әлеуметтік ролінің түсініксіздігіне, жұмыс белсенділігінің төмендеуіне, денсаулықтың нашарлауына, икемсіздікке және жеке өнімділіктің төмендеуіне алып келеді. Бейімделудің терең бұзылуы ауруға шалдықтырады-оқудың бұзылуына, кәсіби қызметтің бұзылуына және қарсы әлеуметтік актілерге алып келеді.
Қолданылған әдебиет
1. Зайнышев И.Г., Злобин П.Е. Анализ состояния подготовки специалистов по социальной работе в вузах Российской Федерации // Вестник психосоциальной и коррекционно-
195 реабилитационной работы. – 2009. – № 4.
2. Мещеряков Б.Г. Зинченко Петр Иванович // Большой психологический словарь. Под ред.
Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. СПб., «прайм-ЕВРОЗНАК»; М., «ОЛМА-ПРЕСС», 2003г.
3. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психоло- гии. М., 1995. 2. Белинская Е.П., Тихомандрицкая О.А. Социальная пси- хология личности. М.: Аспект Пресс, 2001.
4. Маклаков А.Г. Общая психология. СПб.: Питер, 2001.
5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб.: Питер, 1999.
6.Брушлинский А.В. Проблема субъекта в психологической науке. //Психологический журнал. 1993, Т. 14, №6.
ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТТІ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІ.
Тоқсанбаева Әлия Қорғаджанқызы
Алматы обл. Панфилов ауданы Ж.Бусақов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығының информатика пәнінің мұғалімі
Аддиктивті іс - әрекеттің мәні, шынайы өмірдегі жағдайлардан қашуға талпынып, адамдар қауіпсіздік, тепе-теңдікті қалпына келтіру иллюзиясын беретін жағдайға өзінің психикалық жағдайын жасанды түрде өзгертуге тырысады. Аддиктивті іс-әрекеттің фармокологиялық және фармокологиялық емес сипаттағы түрлері бар. Олардың аддиктердің ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағылардың да денсаулығына (физикалық және психикалық) қауіпі зор. Олар тұлға аралық қатынастарға айтарлықтай зиян келтіреді.
Аддиктивті іс - әрекет– интенсивті эмоциялардың дамуымен сүйемелденетін, өзінің психикалық жағдайын кейбір заттарды қабылдап немесе өз зейінін тұрақты түрде белгілі бір заттарға немесе белсенділіктерге (қызмет түрлеріне) шоғырландыру арқылы өзгерту жолымен шынайы өмірден қашуға тырысудан көрінетін деструктивті іс-әрекет формаларының бірі. Бұл үрдістің адамды өзіне тартып алатындығы соншалық, ол оның өмірінің өзін де басқара бастайды .
Аддиктивті тұлға өз ұмтылыстарында мәселеден құтылудың – жан сақтаудағы өзінің әмбебап, бірақ біржақты тәсілін іздейді. Аддиктің табиғи бейімделушілік мүмкіндіктері психофизиологиялық деңгейде бұзылған. Бұл бұзылыстардың бірінші белгісі психологиялық ыңғайсыздық (дискомфортты) сезімі. Психологиялық комфорт әртүрлі, ішкі және сыртқы себептерден бұзылуы мүмкін. Өмірде әрқашан көңіл - күй бір түсіп, бір көтеріліп отырады, бірақ, бұл жағдайларды индивидтер әртүрлі қабылдап оларға әртүрлі жауап береді. Біреулері тағдыр тәлкегіне қасқая қарсы тұрып, болып жатқан істер үшін өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдаса, басқалары көңіл-күйі мен психофизикалық тонусының қысқа уақыттық және болар болмас өзгеруін басынан әрең өткізеді. Мұндай адамдардың фрустрацияны бастан өткізуі төмен болады. Шындықпен күресудің мұндай тәсілі адамның іс-әрекетінде бекіп шындықпен қарым-қатынас жасаудың тұрақты стратегиясына айналады.
Тәуелділік психологиясының (немесе аддиктологияның) тәуелділіктердің (аддикцияның) іс - әрекеттік формаларын бөліп алуға тырысумен байланысты қазіргі заманғы проблемалары қарастырылады. Талдау қазіргі кезде белсенді түрде талқыланып жүрген және проблемалық Интернетке - тәуелділік мәселесіне жүргізіледі. Осы проблема бойынша әртүрлі көзқарастар берілген: Интернетке - тәуелділікті іс - әрекеттік феноменнің тәуелділіктерінің клиникасымен ортақтығы аз іс - әрекеттік аддикция ретінде квалификациялау, бұл феноменді тәуелділіктердің өзінше бір формасы ретінде қате түсінетін психологтардың адасуы.
Психологтардың зерттеу және терапевтикалық практикасындағы ең көрнекі салаларының бірін тәуелділік психологиясы алады. Тәуелділіктер туралы ілім немесе