1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
212
1. Дмитриев А.В. Миграция: Конфликтное измерение. - М.: Альфа-М, 2006. - 431с.
2. Ахиезер А.С. Территориальная миграция - реализация потребности в полноте бытия //
Обществ. науки и современность. - 2007. - N 3. - С.141-149
3. Баньковская С.П. Миграция, свобода и гражданство: парадоксы маргинализации //
Власть.
- 2006. - N 4. - С.120-126.
4. Бутов В.И. Демография, Ростов-на-Дону.: 2005. С.160-161
5. Шурупова А.С. Адаптация и приживаемость мигрантов//СоЦис. 2006. №6
6. Юдина Т.Н. О социологическом анализе миграционных процессов // Социол. исслед. – 2002. - N 10. - С.102-109.
7. Петров В.Н. Этнические мигранты и полиэтничная принимающая среда: проблемы толерантности // Социол. исслед. - 2003. - N 7. - С.84-91.
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Ырымбаева Нургуль Алдажаровна Педагогика ғылымдарының магистрі
Студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық жағынан қарқынды дамуы, еліміздегі саяси орнықтылық пен болып жатқан оң өзгерістердің барлығы осы елде тұрып жатқан халықтың ынтымағының, өзара келісушілігінің арқасында болып отыр. Сондықтан да саяси және экономикалық тұрақтылықты сақтауда бірден бір
Қазіргі әлемде тұрақтылықтың, әсіресе жаһандану, жаңа сынақтар мен қатерлердің пайда болу жағдайындағы тұрақтылықтың ең басты бір факторы ретіндегі толеранттылықтың маңызы әлдеқайда өсе түскенін мойындауға тиіспіз. Сондықтан діндердің келісімін, этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің аса маңызды басымдығы болып табылады [1].
Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайды. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін аңғаруға болады.
Этимологиялық тұрғыдан «Толеранттылық» терминіне талдау жасайтын болсақ,
«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі [2]:
1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау;
2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни ағзаның ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің төмендеуі.
Сондай-ақ, толеранттылық (ағылшын, франзуз тілінен Toleranсе-төзімділік) – көзқарастары, құндылықтары және мінез-құлықтары жағынан өзіңнен ерекшелінетін басқа адамдарға төзімділік таныту. Толеранттылық коммуникативтіліктің және өзін айқындаудың сипаттамасы ретінде мәдени құбылысқа жатқызуға болды [2].
Испан тілінде toleranсia – «өз пікіріне қайшы келетін идеялар мен пікірлерді қабылдау қабілеті» деп көрсетілсе, немісше-орысша сөздікте tolerant «біреудің пікіріне шыдау» дегенді білдіреді [3].
Қытай тілінде толеранттық «басқаларға кеңпейілділікпен қарау» дегенді білдірсе, парсы тілінде «шыдам, шыдамдылық, төзім, татуласуға дайындық» дегенді, француз
213
тілінде tolerant «шыдамды, мейірбан», ал, tolerare «төзу, қолдау көрсету» дегенді білдіреді [3].
Кеңестік энципклопедиялық сөздікте толеранттылық басқаның пікіріне, сеніміне, тәртібіне деген шыдамдылық ретінде түсіндіріледі.
Толеранттылық – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдырық көрсету, саясатты алуан пікірліті, оппозизияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді [1].
«Толеранттық» ұғымын әртүрлі тілдердегі түсініктермен салыстыра келіп, толеранттық адам құқығы мен тұлғаға сыйластыққа негізделген қағидалар жүйесі деп тұжырымдауға болады.
«Толеранттылық» терминін талдау барысында ресми құжаттарға назар аударатын болсақ, 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген «Толеранттылық принциптері декларациясында» келесі анықтама ұсынылады:
«Толеранттылық – біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну [4]. Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді.
Толеранттылық – бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес».
Бүгінгі күні толеранттық ұғымының мазмұндық толықтырылу мәселесі жеке тұлға үшін ғана емес, қоғам мен мемлекет үшін де маңызды. Осыған орай толеранттық мәселесі теориялық және қолданбалы зерттеулерде көрініс табуда.
Қазіргі уақытта толерантты тұлға тәрбиелеу қоғамдық мәселелердің бірі. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, жас ерекшелік, жыныстық және тағы басқа интенсивті қарым-қатынастар өзара түсіністікте қиындықтар туындауда, ол психологиялық шиеленіске, мәдени шыдамсыздыққа, ұлтаралық агрессияға діни экстремизмге әкеп соқтырады. Бұл дағдарысты құбылыстан саяси және экономикалық шешімдер жолымен шығу мүмкін емес. Заманауи өмірге сай қиын сұрақтарды шешуде адамдарды эффективті және тату, бірлесіп әрекет етуге үйрету, толеранттылықты қалыптастыру, дамыту керек.
Толеранттылықты қалыптастыру және дамыту тәрбие институты ретінде мектептер мен жоғарғы оқу орындарының міндеті болуы қажет. Егер осы кезде ересектер балаларға, жастарға толерантылық қасиетті дамытуға көмектеспесе, онда оларда толеранттылық қарым-қатынас дағдысы қалыптаспайды, ары қарай өзгерту қиынға түсетін интолерантты дүниетаным қалыптасады.
Бүгінгі күні шыдамсыздық саясатқа тікелей қатысты және қауіпсіздік пен әлемге қауіп ретінде қарастырылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты өз күшімен толеранттылыққа тәрбиелеу білім беру сферасына қиынға түседі. Бұл жерде педагогикалық жоғарғы оқу орындары, жоғарғы оқу орындық және мектептік, қоғамдық басқару органдарын бірекке күші қажет.
Тұлғаны толеранттылықты қалыптастыру, толеранттылыққа тәрбиелеу қажеттілігі туралы Елбасының Ассамблеядағы сөзінен байқаймыз: «Жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру біздің мемлекетіміздің негіздеріне қатысы бар көкейкесті саяси проблемалардың біріне айналып отыр. Біз саяси, азаматтық бірлікке ұмтылып отырмыз және де Қазақстан халқы қайдағы бір жаңа этностық қауымдастық ретінде емес, түрлі ұлттар азаматтарының қауымдастығы ретінде көрінуі тиіс» деген болатын [1].
Егемен еліміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы орайда қазақстандағы білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың, тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде. Қай халықты алып қарасақ та өз ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Яғни, ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі.
214
Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу педагогика және психология, тәжірибе алдында тұрған маңызды мәселе болып табылады. Зерттеудің маңыздылығы осы уақытқа дейінгі ЖОО-да толеранттылыққа тәрбиелеу мәселесі толыққанды қарастырылмағандығында. Осыған қарамастан, әлеуметікмәдени жағдай қоғам үмітін қалыптастырады, яғни болашақ маман білім алу үрдісінде білім және гуманды тұлға аралық қарым-қатынас іскерлігін игеруі керек.
Толеранттылық педагогикасының теориялық негізін гуманистік құндылық ретіндегі толеранттылық туралы ұсыным құрайды.
Толеранттылыққа тәрбиелеу – бұл адамның менталдық негізіне идеалдарды қалыптастыруды пайымдайтын; педагогикалық үрдістің әлеуметтік мәдени қызметтерін іске асыратын; құндылық бағдарының арасындағы және адам түсінігінің диалогы, адамдардың әртүрлі моралдік позиция, әртүрлі мәдениет, дәуір, дәстүр және инновацияның қиын жүйелі-құрылымды үрдісі.
Студенттердің толеранттыққа тәрбиелеуде, өмірлік ұстанымын қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған жұмыс жүргізілуі керек. Кейінгі жылдары дүние жүзінде және елімізде болып жатқан өзгерістер адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесінің өзектілігін ескере отырып, мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат оқытушы мен студент, ата-ана арасындағы бірлікті, аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, студенттердің ішкі мәдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды. Егер қоғамымыз конфронтация мен таптық күрестен бас тартқысы келсе, онда студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарын адамдарға ортақ құндылықтарды: түрлі идеологиялық көзқарастарға, қоғамдық-экономикалық жағдайларға, саясатқа, мәдениетке, діни нанымдарға және тағы басқа шыдамдылықты қалыптастыруға бағыттау керек. Ізгілікті қоғамда мектеп бір-біріне, ата-анаға деген сыйлы қатынасты, жасы үлкен адамдарға және кішкентай балаларға көмек беру, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін тәрбиелеуі тиіс.
Педагогика мен психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде келешек ұрпақтың бойында жалпы адамзатқа және зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады. Сол себептен оқу-тәрбие процесінің студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы – жоғары оқу орынында білім алатын студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу және оның деңгейін көтеру міндетін шешу болып табылады.
Осы айтылған мәселе аймағында педагогикалық-психологиялық әдебиеттермен танысу барысында толеранттылық, толеранттылыққа тәрбиелеу және оны қалыптастыру проблемасының философиялық, психологиялық, әлеуметтану, этикалық жақтарын қарастырумен қатар оның педагогикалық аспектілерінің біршама зерттелгендігін байқауға болады.
Студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеуге қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстандағы өркениет таңдауы: мәдениет, аралық өзара ықпалдылық /М.Жолдасбеков.-
2. Астана, 2008.-18б.,
3. Словарь иностранных слов. - 18 изд. - М.: Русский язык, 1989.
4. Современный словарь иностранных слов: толкование, словоупотребление,
словооброзование, этимология / Под ред. А.В.Боброва и др. 2-е изд. Стереот.- М.:
Цитадель, 2001.- 928 с.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сәдуақасов Қ.К., Байсарина Н.Б.