• Tidak ada hasil yang ditemukan

Менің зерттеуімдегі қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица және олардың туыстары) палеозой заманының тӛменгі Ордовик дәуірінде 500 миллион жыл бұрын пайда болып, соңғы 250 миллион жылдар аралығында қарқындап дамыды

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Менің зерттеуімдегі қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица және олардың туыстары) палеозой заманының тӛменгі Ордовик дәуірінде 500 миллион жыл бұрын пайда болып, соңғы 250 миллион жылдар аралығында қарқындап дамыды"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

816

сефалоподтар (Cephalopoda) және кораллдар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды.

Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) ұсынған. [3]

Палеонтология – кӛптеген зерттеулерді қажет ететін ғылым. Қазіргі біздің палеонтология саласы қаржыны кӛп қажет ететіндіктен, оның дамуы баяу болуына байланысты зерттеу күрт тӛмендеді. Палеонтология – басқа салаға қарағанда ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Бұл жоба сонымен қатар Қазақстанда палеонтология ғылымын алға сүйреп, оның дамуына, және ―қазақ палеонтологиясының‖ дамыған елдер ғылымымен тең етіп шарықтатуына себепкер болар еді. Менің зерттеуімдегі қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица және олардың туыстары) палеозой заманының тӛменгі Ордовик дәуірінде 500 миллион жыл бұрын пайда болып, соңғы 250 миллион жылдар аралығында қарқындап дамыды. Ең алғашқы түрлері тек теңізде ӛмір сүргенімен, эволюция барысында олардың кейбір түрлері ӛзендерде, кӛлдерде мұхиттың ең терең нүктелерінде ӛмір сүруге бейімделген. Ұзақ уақыт эволюциялық дамуында, бұл жәндіктер ӛмір сүретін ортасына байланысты түрлі пішінде таралған. Қорыта келсем, мен тапқан ұлу бақалшағы теңізде тіршілік етеін ұлудың қалдығы болыпшықты. Ал кораллдар, теңіз лилиясы және т.б қазба қалдықтары миллиондаған жыл бұрын еліміздің кӛп бӛлігі теңіз астында болғанын айғақтайды. Менің осы ғылыми еңбегім миллиондаған жыл бұрын теңіздің расында да болғанын дәледейді. Бұл жұмысты жазудағы мақсатым – Қазақстанда палеонтология ғылымын дамыту.

Қолданылған әдебиеттер

1. «Жизнь животных» Москва «просвещение» 1988 г автор: С.П. Наумов

2. «Жизнь животных» Москва «просвещение» 1968 г автор: С.П. Наумов 3. www.wikipedia.kz

ӘОЖ 58.04

ТҦЗДЫ ТОПЫРАҚТА ӚСЕТІН ӚСІМДІКТЕРДІ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Досан Е.Ж.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Биотехнология»

мамандығының студенті, Семей

Ғылыми жетекшілер- б.ғ.к, доцент Силыбаева Б.М, б.ғ.к, доцент Кыдырмолдина А. Ш.

Құрғақ далаларда және суы жер бетінде іркілген топырықтарда сор, сортаң топырақ түрлері жиі кездеседі. Тұзды топырақта тез ерігіш тұздардың кӛп мӛлшерде болуының себептері әр алуан. Ең негізгі себептердің бірі топырақтың тұздармен қанығуы болып саналады. Бұл тұздар ағынды суда тез ериді [1].

Құрғақ далалы жер топырағының тұздануының тағы бір себебі топырақта натрий мӛлшерінің кӛбеюі. Натрий тұздарының жинақталу мӛлшеріне байланысты тұздалуы сульфатты, хлоридті, содалы немесе араласқан болуы мүмкін. Жоғары мӛлшерде ӛсімдіктерге зиянды әсер ететіні Na+ және СI- иондары болып табылады. Тұздалудың ӛсімдік организміне зиянды әсер етуінің екі себебі бар: су балансының нашарлауы және тұздың жоғары концентрациясының токсикалық әсер етуі. Тұздалу топырақта тӛмен су потенциалының пайда болуына әкеледі. Сондықтан судың ӛсімдікке ӛтуі қиындайды.

Тұздардың әсерінен хлоропластар құрылымы бұзылады. Бұл әсіресе хлоридті тұздалу кезінде байқалады. Na+ және СI--дың жоғары концентрациясы фотосинтез процесін тежейді [2, 3].

(2)

817

Зерттеу жҧмысының объектілері: Зерттеу жұмысы ШҚО-ның батысында орналасқан Жарма ауданының Қалба ӛңіріндегі Ақтайлақ және Қызыл шілік кӛлдері маңайларында жүргізілді. Маршрутты экспендиция барысында галофитті ӛсімдіктерденАлабұта тұқымдасына жататынБұзаубас қызыл сораң (Solicornia europae – Солерус европейский), Шоғыр немесе ӛрмек бұйрасораң (Halogeton glomeratus - Галогетон скученный) түрлері жинақталып, анықталды. Жинақталған ӛсімдіктер түрлерін анықтау үшін Қазақстан флорасы анықтағыштары пайдаланылды [4].

Зерттеу жҧмысының мақсаты мен міндеттері:

 Қазақстанның жер территориясының басым бӛлігі тұзды топырақтарға жататындықтан, онда ӛсетін доминантты галофиттер түрлерін анықтап, оларды биотехнологиялық объект ретінде практикалық маңызын қарастыру;

 Галофиттердің химиялық құрамындағы алкалоидтарды, илік заттар және сапониндерді анықтау;

Маршрутты экспедицияда жинақталған негізгі галофитті ӛсімдіктерге тӛмендегі тҥрлер жатады:

Европалық бұзаубас қызыл сораң (Salicornia europae) бір жылдық суккулентті ӛсімдік. Бунақталған шырынды сабағының ұзындығы 5-30 см, қарама-қарсы орналасқан, тармақталған түсі ақшыл немесе қанық жасыл түсті сабағы соңынан қызыл түске ауысады.

Жапырағы қабыршақ тәрізді редукцияға ұшыраған. Гүлі қос жынысты, гүлшоғыры масақ, жемісі- дәнек. Жаздың екінші жартысында, маусым – тамыз айларында гүлдейді[4, 5]

Шоғыр немесе өрмек бұйрасораң ( Halogeton glomeratus). Бір жылдық ӛсімдік, ұзындығы 35см, жалаңащ. Cабағының тӛменгі жағынан бастап кӛп бұтақтанған.

Жапырақтары жуан, жапырағының түп жағы жалпақ, ал бас жағы аздап үшкірленген.

Кесте 1. Семей ӛңіріндегі негізгі галофит ӛсімдік экстрактсының құрамындағы флаваноидтар мӛлшері

Сынамалар атауы флавоноидтың мӛлшері, мг/л

Кверцетин Лютеолин

Halogeton glomeratus 0,020 -

Salicornia europae - 0,45

Гүлдері ӛте кӛп, ақ немесе ақшыл түсті. Шілде –тамыз айларында гүлдейді. [4, 6,7]

Берілген әдіс бойынша ӛсімдіктерден экстракт алынып, Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемелекеттік Университетінің «Радиоэкологиялық Зерттеу Ғылыми орталығында»

Halogetonglomeratus мен Salicornia europae-ның құрамындағы флавоноидтар мӛлшері анықталды [8].

Halogetonglomeratus құрамында аз мӛлшерде кверцетин анықталды. Кверцетин антиоксиданттық қасиетке кӛрсетеді. Сонымен қатар ол табиғи қабынуғақарсы зат болып саналады. Яғни Halogeton glomeratus антиоксидантық қасиет кӛрсетуі мүмкін. Salicornia europae-да кверцетин табылмады. Halogetonglomeratus және Salicornia europae-ның құрамында лютеолин анықталған жоқ.

Сапониндер дегеніміз гликозид сипатты күрделі органикалық қосылыстар.

Сапониннің ерітінділері шайқаған кезде сабынның кӛбіктенуіне ұқсас тұрақты кӛбік түзеді.

Сапониндер суыққандылар үшін ӛте токсикалық зат болып табылады. Сапониннің тіпті аз мӛлшердегі ерітіндісі де олардың ӛліміне әкелуі мүмкін. Сапониндер ӛсімдіктердің тұқымының кӛктеуін тездетеді. Медицинада қақырық түсіргіш, зәр айдағыш, тыныштандырғыш ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар диуретикалық, картикотроптық, жараға қарсы және жеңіл іш жүргізгіш әсерлері белгілі [9].

Сапониндерді сапалық анықтау: 2 г 0,01 дәлдікпен ӛлшенген ұсатылған ӛсімдікті алып 100 мл колбаға салады, үстіне 50 мл дистилденген су dH2O қосады. Колбаны су моншасына 10 минутқа қояды. Колбаны су моншасынан алып суытады. Суытқаннан кейін мақталы-дәкелі фильтрден ӛткізіп алады. Фильтраттан пробиркаларға 1,2,4,8,16,32,64 еселік

(3)

818

ерітінділер әзірлейді. Ол үшін I пробиркаға 5мл фильтрат құяды, II пробиркаға 5мл фильтрат және 5 мл дистилденген су dH2O қосады. Осы II пробиркадағы ерітіндіден 5 мл алып III пробиркаға құяды да 5 мл дистилденген су dH2O қосады. Келесі пробиркаларды осы әдіспен толтырады. Әрбір пробирканың қақпағын жауып 1 мин бойы қатты шайқайды. Осы кезде кӛбік түзіледі. 1 мин ӛткеннен кейін кӛбіктің жойылып-жойылмағандығын байқаймыз.

Кесте 2. Галофитті ӛсімдіктер құрамындағы кейбір биологиялық активті заттардың мӛлшері

Сынама Сапонинді анықтауда кӛпіршіктену

саны

Қҧрғақ ӛсімдікке шаққандағы иілік заттың мӛлшері, %

Қҧрғақ ӛсімдікке шаққандағы алкалоидтың мӛлшері,

% 1 Halogeton

glomeratus 400 1, 341 5,5964

2 Salicornia europaea 25 0,34 7,2397

Илік заттар - иленбеген теріні былғарыға айналдыра алатын «илік» қасиеті бар ӛсімдіктердегі түрлі молекулалық массалы полифенолдар тобы. Тері илегіш заттардың мұндай қасиеті тері жамылғысының ақуыздарымен коллагенмен әрекеттесіп, шіру процесіне тұрақты құрылым түзілуіне негізделеді. «Илік заттар» терминін ең алғаш 1796 жылы француз ғалымы Сеген пайдаланған [9,10].

Илік заттарды сапалық анықтау: 500 мл-лік колбаға 2 г 0,01 дәлдікпен ӛлшеніп алынған құрғатып, ұсатылған ӛсімдіктен салады. Үстіне 250 мл жылы дистилденген су қосады. Колбаны кері тоңазытқышқа орнатып, қайнағанын күтеді. Қайнаған сәттен бастап 30 мин уақыт есептейді. Колбаны әрбір 7-8 минут сайын араластырады. Кері тоңазытқыштан алынған колбадағы ерітіндіні мақталы – дәкелі фильтрден фильтрлейді. Осы фильтраттан 25 мл алып 1 литрлік колбаға құйып алып, 500мл дистилденген су dH2O және 25 мл индигосульфоқышқылын қосады. Калий перманганатымен алтын сары түс пайда болғанша титрлейді.

Алкалоидтар - құрамында азотты органикалық қосылыстары бар негіздік заттар. Қазір алкалоидтардың екі мыңнан астам түрлері белгілі. Улы жіне дәрілік қасиеті бар. Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын кӛтеріп-түсіреді, сонымен қоса бактерицидтік қасиеті бар. Ӛсімдік құрамында ӛте аз мӛлшерде (0,001-2%) кездеседі [9,10].

Алкалоидтарды сапалық анықтау: 10 г (0,001 дәлдікпен ӛлшенген) ұсатылған құрғақ ӛсімдікті 250мл колбағасалып, 100 мл хлороформ және 5 мл аммиактың концентрленген ерітіндісін қосады. Колбаны 175 айналым, 260 С температураға 2,5 сағатқа шейкерге қояды.

Шейкерден колбаны алып мақталы–дәкелі фильтрден 50мл колбаға фильтрлейді.

Фильтратты су моншасына 400 С температураға ерітінді құрғағанша қояды. Колбаны алып 2мл 0,1 нормальды NaOH қосып шыны таяқшамен түйіршіктер жойылғанша үйкейді. Бұған 8 мл дистилденген су dH2O қосып 2-3 минут бойы араластырады. 10мл 0,1 нормальды HCl қосып 8-10 минутқа қалдырады. Кейін 8-10 минутқа шейкерге қояды. Шейкерден ерітіндіні алып үш еселенген фильтр қағаздан фильтрлейді. 10 мл фильтратты 50 мл колбаға тасымалдап, үстіне 10 мл дистилденген су dH2O және 2 тамшы метил қызылын қосады. 0,1 нормальды NaOH-пен алтын сары түс пайда болғанша титрлейді.

Алабұта тұқымдастарының шаруашылық маңызы бар. Оларды үй жануарларына мал азығы ретіне, дәрілік және тағамдық мақсатта, сода мен бояғыш заттар алуда қолдануға болады. Алабұта тұқымдастарының емдік қасиеттері олардың антимикробтық және антиоксиданттық белсенділігімен байланысты. Негізінен жатаған ақсораны түйелер жейді, қойлар мен ешкі де жеуі мүмкін. Halogetonglomeratus-тыда аталған жануарлар жейді. Бұл

(4)

819

ӛсімдіктердің жапырақтарында және ӛзге жерүсті мүшелерінде натрий оксалаты болады. Ол ӛте токсикалық зат [11].

Сонымен қатар галофиттер арамшӛп болып табылады. Олармен күресу ӛте қиын.

Salicornia europae жапырақтары мен тамырында салигерпин және саликорнин алколоидтары болады. Бұған қоса тамырларында флаваноидтар, ал жапырақтарында холин, бетаин, аскорбин қышқылы, дубильді заттар, антоциан, бета-цианидин, сахароза, оксалаттар, май қышқылдары, натрий хлориді және натрий карбонаты табылған. Ӛсімдіктегі тұздардың түрлілігі топыраққа байланысты болады. Балғын күйінде бұл ӛсімдік түрлі сорпалар мен салаттарға қосылады. Ӛзге елдерде, мысалы Францияда, Salicornia europae тағамға кӛкӛніс сияқты қосылады. Мұның бір себебі оның тӛмен энергетикалық құндылығында болуы мүмкін.

Халық емшілігінде Salicornia europae асқазан ауырғанда, іш ӛткізетін дәрі ретінде, қабынуға, терлегенге қарсы, зәр айдаушы дәрі ретінде, сергіту үшін қолданады. Ӛсімдік шӛбінің қайнатпасы асқорытуды жақсартады, цистит, нефрит, водянка ауруларымен ауырғанда кӛмектеседі, қатерлі ісіктің ӛсуін тежейді. Salicornia europae ӛсімдігінен алынатын порошок ӛте күшті инсектицидті қасиетке ие [12].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Материалы международной научно-практической конференции «Успехи формирования и функционирвания сети особо охраняемых природных территории и изучения биологического разнообразия» Музычко Л.М., Иванова Н.И. Костанайский Государственный Педагогический Институт, 26.02.14-27.02.14

2. http://fizrast.ru/osnovy-ustoychivosti/zasolenie/izbytok-soley.html 3. http://helpiks.org/1-135175.html

4. Флора Казахстана. Том3. Алма-Ата 1960.

5.http://www-sbras.nsc.ru/win/elbib/atlas/flora/3644.html 6. http://innature.kz/articles.php?article_id=1014

7. Ломоносова М.Н. Флора Сибири. Т. 5. 1992.

8.Патент Реггель Эминиумынан экстракт алу тәсілі; Қазақ Инновациялық Гуманитарлық-Заң Университеті: Жарықбасова К.С., Тазабаева К.А., Абишев Б.Х., Чуленбаева Л.Е.

9. Химичееский анализ лекрственных растений. Учебное пособие для фармацевтических вузов/ Ладыгина Е.А., Сафронич Л.Н., Отряшенкова В.И. и др. Под ред.

Гринкевич Н.И, Сафронич Л.Н.-М.: Высш. школа, 1983.

10. Дәрілік ӛсімдіктердің химиялық анализі. Силыбаева Б.М., Қуандықова 11. Жизнь растений: в 6-ти т. Гл.ред. А.Л. Тахаджанян/М.: Просвящение, 1982.

12. Дикорастущие лекарственные растения СССР. 70с. А.Ф.Гаммерман, И.И.Гром.

«Медицина» Москва.1976

Referensi

Dokumen terkait

Онда үздік деңгейде жасалынған жарнама сұраныстың, пайданың, бәсекелік күштің артуына және нарықтағы үлесін арттырып, кеңеюіне алып келетіндігін негіздеп, үздік жарнаманы жасауға