• Tidak ada hasil yang ditemukan

Зымырандар қай жерден ұшады?

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Зымырандар қай жерден ұшады?"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Смагул Айжибек - Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып

Бөлім: Жер және Ғарыш. Жер. Ғарыш Кеңістік және уақыт Тақырып: Зымырандар қай жерден ұшады?

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу; 

3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру  

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Байқоңыр ғарышайлағы туралы мағлұмат алады. 

Көптеген оқушылар: Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. 

Кейбір оқушылар: Байқоңыр ғарышайлағының пайдасы мен зиянын ажыратады.  

Тілдік мақсаттар: Пәнге тән лексика мен терминология: 

Ғарышайлағы. 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 

Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білдік? 

Ол қандай қызмет атқарады? 

Ғарыш айлағында қандай нысандар орналасқан? 

Ғарыш айлағына экскурсия жаса.  

Күтілетін нәтиже: Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді;  адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері: Ғрышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.  адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді.  Байқоңыр аймағы туралы мағлұмат алады.  

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Bilimland, iMektep, AR-NIS қосымшасын қолдану

Пәнаралық байланыс: Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

Бастапқы білім: Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі.

Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды. 

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

«Бес жақсы сөз» жаттығуы Алдыңғы білімді еске түсіру.

Топқа ғарышкер, зымыран, әуешар, ұшақ, жер суретінің қиындылары беріледі, сол суретті құрастырып, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.  Мына суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?  Ұшу апараттарының қайсысымен аспанға ұшуға болады?  Зымыран қалай ұшады?  Оқу мақсатын таныстыру  Күтілетін нәтижені анықтау  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(27 минут)

- Қазақтың қандай ғарышкерлерін білеміз?  

Ғарышкерлер туралы мағлұмат беріледі.  Айдын Айымбетовтен алдын-ала алынған сұхбат көрсетіледі.  

Байқоңыр ғарышайлағы туралы бейнематериал.

AR-NIS қосымшасы арқылы қарау. 

Картадан зымыранның ұшатын орнын анықтау.  

Топтық жұмыс. 

1-топ: Оқушыларға мәтін беріледі, сол мәтін бойынша оқушылар картадан немесе глобустан Байқоңырдың орналасқан жерін көрсетеді. Олардың халық саны жайлы айтып өтеді. 

2-топ: Берілген мәтін бойынша Байқоңырдың пайдасын анықтап жазады. 

3-топ: Берілген мәтін бойынша Байқоңырдың зиянын анықтап жазады.   

«Вен диаграммасы»  

4-топ: Жер серігі мен зымыранның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. 

5-топ: Берілген мәліметтерді суреттермен сәйкестендіреді.  

https://bilimland.kz/kk/courses/e ducation-movies/uchebnye- filmy/fizika-i-

astronomiya/lesson/bajqongyr

Сабақтың соңы (5 минут)

Қорытынды. 

iMektepтен «Дұрыс-Дұрыс емес», «Артығын алып таста» және «Сөйлемді толықтыр» ойындарымен қорытындылау.  

https://imektep.kz/kz/game#sel ect_words-708 

https://imektep.kz/kz/game#rec ycle_bin-709  

Рефлексия (3 минут)

Оқушылар алдын-ала жерге жабыстырылған жолақ бойына орналасады.

Сабақты жақсы түсіндім дегендер жасыл жолақ бойына, сұрақтарым бар дегендер сары жолақ бойына, ал ештеңе түсінбедім дегендері қызыл жолақ бойына орналасады.  

Referensi

Dokumen terkait

Виртуалды лабиринт Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: • Орындаушылар мен жүйелік командалар мысалдарын келтіру; • Алгоритмді ауызша түрде ұсыну Сабақтың мақсаты: алгоритмді

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау; 7.1.7.3 – жүйке жасушасының компоненттерін анықтау Сабақтың

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 4.5.2.2 жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну Сабақтың

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 5.1.1.13ондық бөлшек ұғымын меңгеру; 5.5.3.5ондық бөлшектерді оқу және жазу; Сабақтың мақсаты:  Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық

Ондық бөлшектерді салыстыру; Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру; Сабақтың мақсаты: - ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және

Ғарыш Кеңістік және уақыт Тақырып: Жер қабықтары қалай орналасқан?. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу Сабақтың

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: топырақтың негізгі қасиеттерін анықтауды үйренеді..

Резус -фактор Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 8.1.3.7 агглютинация және резус – конфликт механизмдерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Қан топтарын, қан құю жолдарын және