• Tidak ada hasil yang ditemukan

З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері

А.Ә.Үсен, ф.ғ.д., доцент Қазақстан, Астана

Қазақ ӛлең құрылысы бойынша іргелі еңбек – З.Ахметовтің «Ӛлең сӛздің теориясы» мен

«Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт ӛлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар.

Қазақ ӛлең құрылысы ғылымының негізін салушы академик З.Ахметов ӛзіне дейінгі қазақ ӛлеңінің ырғақ жүйесі бойынша жазылған азды-кӛпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде қазақ ӛлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары ретінде ғасырдан-ғасырға кӛше берері хақ.

Ӛлең құрылысы дамымай, бірқалыпта ӛзгермей қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан ӛтетіндіктен оның мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Қазақ поэзиясының бастауында тұрған халық ӛлеңдері әуендік сипатына сай екі түрлі ӛлшемге жеті-сегіз буынды жыр үлгісі мен он бір буынды қара ӛлеңмен шектелсе, дана Абай реформасының арқасында ӛлең жүйесі сан түрлі интонациялық мәнер тауып, ауызекі, шешендік және аралық сияқты мәнер үлгісінің дамуына жол ашты. Уақыт ӛте келе ӛлшемдердің жаңа түрлері қолданысқа еніп, поэзияда тамыр жайып, әбден бекінгені белгілі. Олар бес, алты, жеті буынды ӛлшемнің 3+4 кестесі, сегіз буынды ӛлшемнің 3+3+2 және 4+4 ӛрнектері, тоғыз буынды және он, он екіден басталып, жиырма бес буынға жетіп жығылатын ӛлшемдер еніп, қазақ ӛлеңінің тақырыптық-мағыналық жүгін лайықты кӛтеріп жүр. Еркін ӛлеңдердегі ӛлшемдердің сан алуан сабақтастығы әр ақынның шығармашылығында жеке сипат алып келеді. Бұл дәстүрлі ырғақтық-интонациялық құрылымдардан ӛзге талантты ақындардың жеке ізденісі ретінде танылып, жалпылық сипат ала алмай келе жатқан жаңа жүйелер: ақ ӛлең, прозалық ӛлеңдер, верлибрлер ӛлең жүйесінің ерекше мүмкіндіктерін танытып келеді. Ӛлең құрылысының теориялық тұжырымдарының ӛз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын академик зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-ді. Қазақ ӛлеңтануы оның поэзиясымен бірге даму, түрлену жолынан ӛтеді. Сондықтан ӛлеңтанушылар ӛлең ӛрісіндегі жаңа құбылыстарды дер кезінде байқап, теориялық байыптаулары ұсынылып отыруы тиіс.

Ӛлең теориясы – әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның ӛзге салаларынан озық тұрды. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық- идеялық, кӛркемдік-бейнелілік тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Сондықтан қазақтың ақындары ӛлеңнің техникасына екі түрлі кӛзқараста. Бірқатары мазмұн мен кӛркемдігі күшті ӛлеңге техниканың қажеті шамалы деп, ӛлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары ӛлеңінің ӛзгеше ӛрісін ӛрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді.

Ӛлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.

(2)

Қазір ӛлеңнің құрылымдық жүйесі ӛз деңгейінде бағаланып, ақындардың шығармашылығын зерттеуде кӛңіл бӛлініп, ден қойылып жүр. Ӛлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі ӛлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында талданды.

С.Елікбаев «60-80 жылдардағы ӛлең құрылысы» атты кандидаттық диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің ӛлең құрылымын талдаудағы ізденістерін айта отырып, ӛлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған дұрыс. Ізденуші ӛз жұмысында ӛлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол берген. Зерттеу жұмысында «құлдима тармақты шумақ» «бағанды тармақ», «60-80 жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да жасалды», «Мағына үшін бӛлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сӛйлем немесе сӛз тіркестері қосылған, аралары нүктемен бӛлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны бӛлек «ерке тармақтар», ортасынан ажыратылған «топтама тармақтар» дүниеге келді. Тек бас әріптерден тұратын «ерекше тармақтар», ортасынан бӛлінген «буындалған тармақтар»

жасалады.» деген ұғымдар қазақ ӛлең теориясында бұрын кездеспеген. Қазақ ӛлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер С.Мұқанов, Е.Ысмаилов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, С.Негимовтардың еңбектерінде жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге де жіктемейді. Себебі қазақ ӛлеңінде әр ақында түрліше кӛрінетін тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол ӛлеңтанушылардың ӛзін де жаңылыстырары сӛзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп, термин жасау артықтық етеді. «Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды» Қазақ ӛлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сӛзінің орнына ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра, зерттеушінің осындай сӛз қолданысын түсіну қиын.

«Біз де ӛз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп, бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сӛз болған соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сӛйтіп Т.Шапаевтың бейнелі түрде айтқан сӛзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Ӛйткені, соңғы ұйқас үлгілері – тек қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына 1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент – нышандардың бой кӛрсетуімен басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге тұрарлық белгі». Қабош Батырболаттың қазіргі қазақ ӛлеңінің бейнелілік және түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды ұсынуда сӛз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады. «Кетік, ақсақ, балдақты» деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма?

Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары ӛлең құрылысының жаңа ізденіс нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ ӛлеңінде ақын дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер ӛздігінше шешуге тырысатындықтан ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке жол беріліп жатады. С.Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты болғандықтан, зерттеуші «еркіндігін» түсінуге

(3)

болады дегенмен қазақ ӛлең құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ ӛлең құрылысының теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.

Оның алғашқысы қазақ ӛлең құрылысын зерттеуге қатысты. Орыс ӛлең құрылысын зерттеуде екі түрлі бағыт бар: оның бірі – статистикалық, яғни есептік, екіншісі – ырғақтық- интонациялық. Қазақ ӛлең құрылысының негізін салушы академик З. Ахметов ӛз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып жүрді. Қазақ ӛлең ӛлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын, сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, ӛлең мазмұнын ашудағы айтылу мәнеріне зор кӛңіл бӛлді. Қазақ ӛлеңін интонациялық тұрғыдан әуендік, ауыз екі сӛйлеу және декламативті деп бӛлді. «Ӛлең теориясы саласында қордаланған тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып келеді. Ӛлең құрылысын зерттеуде статистикалық, ырғақтық ӛрнектерді схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды ӛрнектермен шектелу ӛлең ӛрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса ӛнімді емес, сондай-ақ ӛлеңнің құрылымдық негіздерінің ӛзара сабақтастығының күрделі қырлары, ӛлеңнің ырғақ ӛрнектерінің кӛркемдік бай мүмкіндіктері толық ашылмайды» *1, 273+. Ғалымның бұл пікірі орыс ӛлеңтанушысы Б. Гончаровтың «К проблеме интонации в стиховедении» деген еңбегінде де кӛрініс табады. «Әдебиеттану ғылымының алдында кӛркем интонацияны кӛркем тілде туындайтын ерекше құбылыс ретінде зерттеу міндеті тұр. Интонациялық категорияларға жүгінбей, кӛркем тілді, оның ішінде ӛлеңді зерттеу мүмкін емес» деген пікір статистикалық зерттеулердің ӛлеңнің құрылымынан толық сипаттап бергенмен, шығарманың ішкі логикалық жүйесімен байланыспай, ӛлең құрылымының кӛркемдік мәні ашылмай қалатынын алға тартады *2, 48+.

«Статистикалық есептеулер ӛлең шынайы дыбысталуын қалыптандырып, қарабайырландырып жіберетіні сонша, негізінен тілдің ӛлең жасаушылық ерекшелігін ғана сипаттайды» *3, 7+. Осындай үрдіс кей зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында бой кӛрсетіп қалатыны жасырын емес. Қазіргі қазақ поэзиясы ӛлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын жай ӛлең ӛрнегі деп қана қарамай, кӛркемдік ерекшелігі ретінде бағалайтындай деңгейге ӛскендігі байқалады. Қазіргі қазақ поэзиясының интонациясы құнарланып кеткендігі сондай ырғақтық ӛлшемдер ғана емес, тыныс белгілері, тасымал, синтаксистік ерекше құрылым сияқты алуан түрлі кӛркемдегіш құралдар белсенді түрде ӛлең әлеміне енді. Олар ақындарда әртүрлі дәрежеде қолданылады.

Бірқатар зертеушілердің жұмыстарында кӛрінетін цезура деген терминнің қазақ ӛлеңінің құрылымына тән еместігін академик З.Ахметов кӛп айтқан-ды. «Мысалы бiрталай халықтардың поэзиясында оның iшiнде орыс поэзиясында, кейбiр ӛлшемдерде қолданылатын цензура да – тұрақты сӛз жiгi. Кейбiр ғалымдардың (Радловтан бастап) қазақ ӛлеңiне де цензура терминiн қолданып келгенi сондықтан. Бiрақ мұны дұрыс тауып қолданған деуге болмайды. Ӛйткенi цензура деп ӛлең теориясында екi қысқа тармақтан (полустишие) құралған ұзын тармақтың арасын белгiлейтiн кiдiрiстi (паузаны) айтады. Ал қазақ поэзиясында тұрақты сӛз жiгi бунақтың шегiн белгiлейдi, сол себептi оның сипаты, атқаратын қызметi ӛзiнше бӛлек» *4, 152+. «Барлық стилдегі мәтіндердің барлығында тұрақты позицияны иеленетін сӛз жігі цезура деп аталады;

әдетте ол тармақтың орта тұсына орналасады және тармақты екі жартылай тармаққа бӛледі» *2, 15].

З.Ахметовтің «Поэзия шыңы – даналық» атты кітабындағы цензура мен М.Гаспаровтың еңбегіндегі цезура бір термин. Академиктің ӛзі ӛзге еңбектерінде цезура деп берілетін термин аталмыш кітапта цензура болып берілуі кімнің тарпынан кеткен қателік? Цензура ұғымының мәні

(4)

мүлдем ӛзгеше екендігі белгілі. Бұл кітапты пайдаланған ғылыми еңбектерде осы терминнің кітаптағыдай қате берілуін қалай түсінуге болады? Егер осылай қате түзелмей кете барса, ертең цензура ұғымы жаппай еніп, ӛзге мәнге ие болып кетпей ме? Сондықтан зерттеушілер жаңа терминдер пайдаланғанда мұқият болуы қажет.

Қазақ ӛлеңiндегi тұрақты сӛз жiгi, яғни бунақаралық үзілістер түрлерге жiктелмейдi. Қазақ ӛлеңінің ең алғашқы теоретигі Ахмет Байтұрсынұлы бунақаралық жіктер туралы құнды ойлар айтады: «Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толќынының жiктерi кезек деп аталады.

Кезек екi түрлi болады: 1. Ұлы кезек. 2. Кiшi кезек» *5, 201+. Тармақ соңында ғана қолданылатын терең жік немесе үлкен тыныс қазіргі қазақ поэзиясында кең жайылып, үлкен орын алған. Ӛлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіру үшін қазіргі ақындар кӛбінесе үзіліске жүгінеді. Ол үзіліс тармақ басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Поэзиядағы үзілістің психологиялық, эмоционалдық мәні үлкен. «Маяковскийдің үзіліс жүйесі – ақынның енгізген жаңалығы. Оның кӛркемдік-мәнерлілік мәні үлкен» *1, 205+. Шынында қазір үзіліссіз ӛлең жазатын ақын кемде-кем. Және үзіліс ӛлеңнің кӛркемдік сапасын арттырып, эмоционалдық мазмұнын байыта түседі. Үлкен тыныс, Ахметше айтқанда, ұлы кезек тармақтың, ырғақтық ӛрнектің кез-келген тұсына, орын талғамай, ақын логикалық немесе эмоционалдық екпін қойған қажетті тұсқа қойылады. Қазiргi қазақ поэзиясында ӛлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын түрлендiру үшiн ақындар бiр тармақ iшiнде, бiр дәстүрлi ӛлшем iшiнде тыныс белгiлер, сӛздердiң ӛзгеше орын тәртiбi т.б. кӛптеген құбылыстарды қолданады. Ол ӛлең ырғағында айқын сезiлгенмен, ерекше толқын мен серпiлiс туатын тұстарда бунақаралық кідірістен терең үзілісті қажет етеді.

Сағынамын. Жабығамын. Бағынамын жүрекке.

Не қыламын. Бәрі мәлім: сезім осы – дір етпе!

Сүйеп қалдым. Тұйықталдым. Ұйып – қандым сырына Биік таудың шығып та алдым барса келмес шыңына.

Қазіргі қазақ ӛлеңінде эмоционалдық-экспрессивтік тұрғыдан пісіп жетілген мұндай ӛлеңдерде осы терминге қажеттілік байқалады. Ақын бунақтардың арасын әдеттегі үтірлермен ажыратпай нүктемен бӛліп, айқындауының эмоционалдық мәні бар. Ақын ӛлеңіне арқау еткен сезімдердің тереңдігін сездіру үшін бунақаралық кідірістен кӛрі нүкте арқылы кӛрінетін эмоционалдық, психолгиялық ұзақтау үзілісті дұрыс кӛрген. Қазіргі поэзияда бунақаралық үзілістен кӛрі ұзақтау кідірісті талап етіп, жай ырғақтық тұрғыдан бағалау жетіспейтін эмоционалдық мәні бар үзілістер жиі кӛрінеді. Сондықтан қазiргi ӛлең құрылысына қатысты бунақаралық кідіріс пен логикалық, эмоционалдық кідірістің арасын айқындап, белгілі бір ұғыммен атаған жӛн. Бунақаралық жік қысқа болғандықтан кідіріс деп аталып жүр, ол дұрыс та.

Ал енді тыныс белгісі мен синтаксистік біртұтас құрылым ішіндегі сӛздердің инверсиялануы, тармақтардың тасымал арқылы бӛлшектену нәтижесінде пайда болған тармақішілік жіктерге үзіліс деген ұғымды бекіткен дұрыс. З.Ахметов бұл терминнің жалпы ӛлең құрылысында осы түсінікке сай келмейтіндігін келтіреді аталмыш мақалада.

Цезура – бунақаралық жіктен ұзақтау кідіріс деген негізгі мәнінің шеңберінен шығып, орыс ӛлеңі теориясында эмоционалдық-интонациялық мәнге ие болған. Зерттеушінің Блок ӛлеңіне

(5)

қатысты мына пікірі оған дәлел: «Скиф» ӛлеңіндегі цезураның рӛлі – тек қана интонациялық- ырғақтық қана емес, мағыналық та» *6, 279+.

Ӛлеңнің ырғақ негіздерінің ішінде кӛп адамға түсінікті, әрі жасау тұрғысынан жеңіл саналатын ырғақтық негіз – ұйқас. Сондықтан ӛлең құрылысында оған жеңіл қарау белең алып барады. Ӛлеңді зерттеушілердің біразы осы салада жаңалық жасауға жақын. Ӛлең теориясында термин жағынан келгенде ұйқас түрлерін атауда еркіндік кӛп байқалады. Олардың кӛптігінен зерттеушілердің ӛзі де жаңсақтық жіберіп алып жатады. Бір ғана абаб шалыс ұйқасы айқас деп берілсе, абәб кезектес ұйқас кей еңбектерде шалыс ұйқас деп беріліп жүр. Ұйқас мәселесінде егер жанында әріппен таңбаланбаса, түсініп, айқындау қиындық тудыратын жайлар кездесетіні жасырын емес. Қазақ ӛлеңінде дәстүрлі мынадай ұйқас түрлері белгілі: шалыс, кезектес, аралас, шұбыртпалы, қара өлең және егіз ұйқас. З.Ахметов оған мынадай жаңа ұйқас түрлерін қосады:

«Ең кӛп кездесетін ұйқастар: (аа) егіз, шалыс ұйқас немесе кезектес ұйқас, қаусырмалы немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында ӛте сирек. Қазақ поэзиясында аса мол кездесетін ұйқас әдетте қара ӛлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба)... Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты қамтитын ұйқас – аабввб («Бай секілді») және «Сегіз аяқтың» ұйқасы – (аабввбгг) тағы басқалар» *7, 360+. Бұл үзінді де (абвб...кб) тақ тармақтар ұйқаспай, жұп тармақтардың ұйқасына негізделген кезектес ұйқас қазақ ӛлеңінде аса кең тараған ұйқас түрінің аталмай қалуы түсініксіз. Абайдың жаңа ұйқастары да зерттеуші еңбегінде басы ашық қалған. Алты аяқ ұйқасын жасауға егіз және қаусырма ұйқас түрлері қатысады. 1-2 және 4-5 тармақтар егіз ұйқасса, 3-6 тармақтар қаусырма ұйқас арқылы байланысады. Сондықтан бұл ұйқастардың кей зерттеушілерде аралас ұйқас деп кӛрсетіліп жүргені белгілі. Бірақ қазіргі қазақ ӛлеңінде тармақтары ретсіз ұйқасатын ӛлеңдер аракідік байқалып қалатындықтан бұл атау сол ӛлеңдердің ұйқасын дәл айқындайды. Абай ұйқастарындай ұйқас түрлері анық кӛрінетін ұйқас түріне құрама ұйқас деп атау жӛн . Ал Абай мен Шәкәрім ӛлеңдерінде жиі кӛрінетін ааабвввб ...б...б болып ӛлшеусіз созыла беретін, ұйқасқа жанама және негізгі ұйқас егіз болғандықтан, бір ұйқас негізі бірнеше тармақта немесе тұтас ӛлеңге желі болып тартылатындықтан желілі ұйқас деп атау орынды. Ал Б.Кенжебаев осы аталған негізгі ұйқастар үстіне «бес тармақты тақ (ааббв) ұйқасты, алты тармақты жұп (ааббвв яки абабвв) ұйқасты, кӛп тармақты шұбыртпалы (ааааааааб), кезек (абабабабаб) ұйқасты болып келеді» *8, 95+. Кезектес ұйқас кестесі зерттеушіде тақ және жұп тармақтардың ӛзара үндестігі ретінде кӛрсетілген. Ал барлық әдебиетте мұндай үндестік шалыс ұйқас ӛрнегі болса, кезектес ұйқас ӛрнегі – абвбгб...сб, яғни ол тақ тармақтың ұйқассыз қалып, жұп тармақтың үндестігіне негізделетін ұйқас. Міне, ӛлеңтанудағы ұйқас негіздерінің үндесу ретіне байланысты басы ашылмаған мәселелер осындай болса, оларды бір дені оның дыбыстық сапасына қатысты.

Зерттеуші Б. Қабош ұсынған толымсыз ұйқас түрі, яғни Т.Шапайдың «Ой түбінде жатқан сӛз» еңбегінде қолданған кетік ұйқас түрі тармақтардың ұйқасу ретіне, ырғақ жүйесіне қатысты емес. Ол қазақ поэзиясында кең тарап, тамыр жаймаған соң және ұйқастың дыбыстық сапасына қатысты болғандықтан, оған белгілі атау беру қажеттілігі жоқ. Ұйқастарды дыбыстық сапасына сай толымды - толымсыз, бай - жұтаң, тайыз - терең деген жіктерге ажыратады. Бірақ бұл үшеуі үш түрлі ұғымды білдірмейді, бір ғана құбылыстың үш түрлі атауы. Оны толымсыз ұйқастар аясында қарастырған дұрыс. Ұйқастың дыбыстық сапасына келгенде зерттеушілер жаңылатын мәселе – бір буынды, екі буынды, үш, тӛрт, бес буынды ұйқастарға қатысты. Бір ғана буыны ұйқасып, ӛзгелері ұйқаспайтын бес буынды сӛздерді бес буынды ұйқас деп жүрген зерттеушілер де бар.

Бір баритон - осы хордың солисі

(6)

қайталайды найзағайдың күркірін.

Қолқа қауып қүңірсіген қан иісі, Содан қайтып ілінбейді кірпігім.

Ӛлең шумағының 1-3 және 2-4 тармақтары ӛзара шалыс ұйқас ретімен байланысады және солисіқан иісі деген сӛздердің соңғы екі буыны ғана ұйқасқандықтан екі буынды ұйқас болса, күркірін- кірпігім екі сӛздің үш буыны да ұйқасқандықтан олар үш буынды ұйқас негізі болады.

Шумақ – ырғақтық бірліктердің ішіндегі аса күрделісі. Ӛйткені оны жасауға ырғақтық жүйенің ең кіші бӛлшегі буындар мен бунақтардан күрделі бірліктері тармақтарға дейін, тіпті оларды сабақтастыратын ұйқастар, тармақтардағы сӛйлемдердің ӛзара синтаксистік байланысы қатысады. Кӛп еңбектердегідей тармақ сандарын санап, ұйқас түрі мен дыбыстық сапасын айқындаудан аспайтын санақтық (статистикалық) үрдіспен шектелсе, ақынның сӛздерді орналастыру арқылы білдіргісі келетін мазмұндық жүк ойсырап қалады.

«Әдебиет жанрларының арасында тілдің дыбыстық жүйесіне дәл ӛлең- жырдай жақын жанрды таба алмайсыз» *9, 237+ деген ғалым С.Абдрахманов пікіріне сай поэзия тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис сияқты барлық салаларына жақын жанр. Фонетикаға ӛлеңнің ұйқас, жалпы дыбыстық сапасы, аллитерация, анафора, ассонанс, диссонанс сияқты құбылыстар.

морфологияға ұйқастың жасалуы мен құрамы, ал синтаксиске шумақ құрамындағы тармақтардың ӛзара байланысу ерекшеліктері тікелей сабақтас. Сондықтан Абай ӛлеңдерінің синтаксистік құрылысын зерттеген тілші-академик Р.Сыздықованың «Абай ӛлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты еңбегіне әдебиетші ғалымдар кӛп жүгінеді. Ӛйткені ақын ӛлеңдегі ойды дәл жеткізу үшін сӛздерді белгілі мақсатпен орналастырады, ұйқасушы негіздердің тармақ соңына келуі де сӛздердің орын тәртібі мен байланысу түрлеріне тәуелді. Сондықтан тіл білімінің синтаксис саласын айналып ӛту мүмкін емес. Академик З.Ахметов ӛз еңбектерінде ӛлеңнің құрылымдық ерекшелігін қарастыруда синтаксистік инверсия, сӛздердің синтаксистік байланысу тәсілдерін ескеріп отырады. Орыс ӛлеңінің білгірі М.Гаспаровтың «Ритм и синтаксис.

Происхождение «лесенки» Маяковского», С.Матяштың «Стихотворный перенос: к проблеме взаимодействия ритма и синтаксиса», Ж.Дозорецтің «Некоторые аспекты взоимодействия ритма и синтаксиса», И.Ковтунованың «Поэтический синтаксис» атты еңбектері синтаксистік құрылымның ӛлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесіндегі маңызын бағамдайды.

Бүгінгі поэзияда тіл білімінің пунктуация саласына қатысты мәселер кӛріне бастады.

Қазіргі ақындардың поэзиясында тыныс белгілер жүйесінің мән-маңызы жекелеген сӛздерден кем емес. Ақындар сӛздердің орнына тыныс белгілер қою арқылы мәтіннің эмоционалдық мазмұнының тереңін танытуды мақсат етеді. Ф.Оңғарсынова, Е.Раушанов, Т.Әбдікәкімов, Ұ.Есдәулет, Г.Салықбай сияқты кӛрнекті ақындармен қатар поэзияның жаңа кезең ӛкілдерінің шығармашылығында тыныс белгілер жүйесі белсенді қолданысқа енген. Қазіргі поэзиядағы тыныс белгілердің мән-маңызы жоғарыда аталған диссертацияларда айқындалады.

Қазіргі ӛлеңтану жаңа мәдени-әдеби үрдістердің ықпалымен еніп жатқан жаңа ырғақтық жүйелерді жатырқамай оларды қазақ әдебиет теориясына енгізіп, мәнін толық ашу, поэзияны ӛсірмесе, кемітпейді. Қазіргі поэзияда ақ ӛлеңдер, прозалық ӛлеңдер, верлибрлер сияқты дәстүрден тыс ырғақтық жүйелер талантты ақындардың шығармашылығынан бой кӛрсетіп жатады. Осы жаңалықты бірді-екілі ӛлеңдерде кӛрінгендіктен елеп-ескермей кетпей, қайта ақын ізденісінің бір сипаты ретінде бағалап, сол соны ырғақтық жүйелердің теориялық

(7)

тұжырымдамасы жасалғаны орынды. Ӛлеңнің тың түрлерінде дәстүрлі ӛлшемдерден қол үзбей, жаңалықты жатырқамаған жағдайда ғана әлемдік мәдениеттің кӛшінен қалмаймыз. Оған М.Жұмабаевтың поэзиясы, жалпы шығармашылық жолы дәлел. Ақынның Батыс-Шығыс мәдениетін жатырқамай үйреніп, ұғынып, жаңашыл әдебиет қалыптаса бастаған тұсында поэзияны биік сатыға кӛтеріп кеткендігі кӛркемӛнердің үлкен олжасы еді. «Бір ақын кӛп еліктесе, сол кӛп еліктеуші Мағжан деуге болады. Мағжан еліктегенде орыс, татар, араб деп талғамайды.

Кімнің сӛзі кӛңілге жақса, соған еліктеп жазады. Сондықтан Мағжанның алғашқы кездегі ӛлеңдерінде неше түрлі рух бар» *10, 415+, – деп жазушы Ж.Аймауытов Мағжан поэзиясының қайнарларын дӛп таниды.

Әдебиеттің ӛзге әдебиетке әсер етуі кӛбінесе аударма жолымен іске асады. Ғалым С.Абдрахманов: «Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ аудармасы, оның ішінде поэзия тәржімасы ұлттық ӛнерімізді барынша байыта түсті» *9, 267+ – деп Абай мен Шәкәрімнен бері қалыптасқан аударма ісінің әдебиеттегі жаңа ӛріс ашу мүмкіндігінің молдығын бағамдайды.

Орыс поэзиясында верлибрлер мен прозалық ӛлеңдер жалпылық үрдіс алып келсе, бізде поэзияның бұл түрлері тәжірибелік деңгейде санаулы ақындар шығармашылығында ғана кездеседі. «Қазір орыс поэзиясының алдында екі түрлі мүмкіндік ашылып отыр: әрине, екеуі де қиындықпен берілуде. Біріншісі, ӛлшемдер аясын кеңейту – бұл, верлибрлердің алуан түрлерін кеңінен меңгеру... Екіншісі – ескі ӛлшемдерді жаңғырту» *11, 306+ – деп ғалым М.Гаспаров қазаіргі орыс ӛлеңінің даму үрдісіндегі негізгі мәселені дұрыс айқындайды. Бұл байлам орыс ӛлеңіне қатысты айтылса да, бұл мәселе қазақ ӛлеңін сырт айналып кетпесі анық. Қазақ ақындары екінші жолды абыроймен атқарып келе жатыр. Ал бірінші жол санаулы ақындардың ғана кӛтере алар жүгі болып отыр. Бұл жол әрине, жеңіл емес. Ӛзге жұрттың ӛлеңі қазақ ӛлеңінде тереңнен тамыр тартып, орнығатынына сенім болмаған соң ба, ақындар тарапынан белсенді ізденіс байқалмайды. Кей зерттеушілер еркін ӛлеңді верлибр деп атап жатады. Бірақ бұл ұғымды еркін ӛлең түріне академик З.Ахметов ешқашан пайдаланған емес. Орыс ӛлеңтанушылары да оны еркін ӛлеңнің ерекше түрі екенін атап кӛрсетеді. «Бұл күндері vers libre үлкен жеңістерге жетті. Оның біздің дәуірге тән ӛлең екендігін айтатын уақыт келді. Оған деген проза шегіндегі проза ретінде кӛрінетін ӛлең сияқты кӛзқарас тарихи да, тероиялық та шындық емес» *12, 38+.

Мұндай қазақ ӛлеңіне тән емес үлгілер ақын А. Нұрғазыұлының «Ұйқысұраған біреудің жыр парағы» деген атпен «Шетел әдебиеті» газетінде жарық кӛрген топтамасында кӛрінеді.

Ақын ӛлеңдерінде ӛлеңге тән ырғақтық негіздерден қалғаны шумақ қана. Ұйқас та, бунақтар сабақтастығы да, белгілі бір ырғақтық-интонациялық бірліктердің жүйемен дәл немесе ерікті қайталануы да кӛрінбейді.

Осындай жаңа үрдіспен жазылған жырлар елеусіз ӛтіп кеткені, ақындар мен зерттеушілер арасынан оны жақтаушылар мен терістеушілердің болмауы әдебиетті жасаушылардың жаңалықты жатырқауы немесе оған немқұрайдылығын байқатады. «Қазіргі поэзияның жетістік, кемшілігін айта алмай жатқандығы сынымыздың сыңар езулі екендігі рас, ал оны қауым болып, қаумалап тану, оқу да азаматтыққа сын» *13, 183+ деген кӛрнекті сыншы С.Әшімбаевтың бұл пікірі осыдан біраз жыл бұрын айталса да, қазір ӛзектілігін жоғалтқан жоқ. Жалпы ұлт поэзиясына соны леппен келген жаңашыл ақындардың шығармашылығына шынайы баға беріліп, терең талданса, ол әдеби үдерістің ширауына қызмет етеді.

Орыс әдебиетінде бұл ӛлең түрінің арнайы ӛкілдері, олардың тұрақты ӛтетін фестивальдері бар. Бұлардың ӛлеңдерін сынаушы, бағалаушы зерттеушілер де кӛп. М.Гаспаров:

«Әрине, верлибристер тең құқық үшін күресіп жатыр, фестивальдер ұйымдастырып, антологиялар

(8)

шығаруда. Бірақ осы күрестен орыс оқырманының ӛлең сезінуі әлемдік стандартқа жете алмай жатқаны кӛрінді: кеңес мәдениетінің талғамдық инерциясы оншақты жылдарды игеру қажет», – дейді. Ақын М.Шаханов Түркияға барған сапарында осы елдің қазіргі поэзиясынан дәстүрлі ырғақтық- интонациялық жүйені, ӛлшемдерді таппай, дүдәмал күй кешуі де қазақ поэзиясы артқа қарайламай, алға ұмтылыс жасау қажеттігін айқындап бергендей.

Қазіргі поэзияның бунақталуының да дәстүрлі жүйелерден ӛзгеше тұстары кездеседі.

«Кейде ақындар ӛз ӛлеңдерінде буын саны тӛрттен кӛп бірлі жарым сӛзді қолдануға ұмтылғанымен, жалпы алғанда бұл қазақ ӛлең құрылысына тән нәрсе дап санауға болмайды»

*14, 153+ деген академик З.Ахметов пікірі бұрынғы дәстүрлі поэзияға қатысты алынса, қазіргі қазақ ӛлеңінде жеті, алты, бес буынды бунақтардың пайда болғаны байқалады. Ол әсіресе кӛп буынды ӛлеңдерде молынан ұшырайды.

Қазіргі поэзияда аса кӛп буынды, күрделі құрылымдардың, оның ішінде жиырма буынды ӛлшемнің белгілі бір айқындалған ӛрнегі жоқ. Жиырма буынды ӛлшем әр түрлі кестемен ӛзге ырғақтық-интонациялық құрылымдармен сабақтастықта ғана ӛте сирек ұшырасады. Қазақ ақындарының арасында Ф.Оңғарсынованың бірқатар ӛлеңдерінде бұл ӛлшемнің мынадай әртүрлі ӛрнектері табылады: 5+6+4+5, 5+7+5+3, 6+6+5+3.

Қазақ ӛлеңінде аса ұзын ырғақтық құрылымдар ақын Ф.Оңғарсынова шығармаларында кӛп. Ақын ӛлеңіндегі жиырмадан аса буыннан тұратын құрылымдар ӛзге ӛрнектермен шебер қиыстырылып, ӛлең интонациясын түрлендіреді.

6 8 7

Мен жұрт айтып жүрген // хор қызы сынды болсам да, // сұлулығыңнан сенің // аса алман. -3 .

Немесе:

7 5 5 6

Менің ӛмірбаяным // – басталған деп жүр // бағзы біреулер // жабайы тірлік пен // бақ- малдан. -3 .

Ал бес буынды бунақтар қазіргі қазақ ӛлеңінің дәстүрлі ӛлшемдік бірлігі ретінде ӛлеңнің құрылымдық жүйесіне әбден бекінді. Ақын Қ.Мырзалиев ӛзінің ӛмірден түйгендерін 5+3+5+3 ӛрнегімен жеткізеді.

Ӛмірдің ӛзі // жұмбақ бір, // ӛмірдің ӛзі // қызық-ақ,

Жап-жақсы жырды // кейде біз // түзеумен жүрміз // бұзып ап.

Ақын Т.Айбергеновтың қазақ поэзиясының аса кӛрнекті үлгілерінің бірі «Сағыныш»

ӛлеңі он сегіз буынды ӛлшемдерге негізделгенмен, ырғақ ауырлығы байқалмайды, қайта ӛлең интонациясы ширақ, жеңіл.

5 5 5 3

...Сағынбай барсаң, // теңіз де сенің // тебіренбес жастық // шағыңдай Бұлбұлдың даусын // есіте алмайсың // бауларға кірсең // сағынбай

(9)

Сағынбай барсаң, // таулар да сенің // алдыңнан шықпас // асқақтап, Ойлауың мүмкін // дүниені мынау // кеткен екен деп// тас қаптап...

Қазақ ӛлеңіндегі тармақтардың буын саны артып, күрделенген сайын, ондағы ырғақтық бірліктер – бунақтардың да буын сандары кӛбеюде. Солай болуы заңды да, күрделі, кӛп буынды тармақтарда буын сандары емес, сӛз тіркестері, синтаксистік құрылымдар маңызды болатынын қазақ ӛлеңіндегі Ф.Оңғарсынова ӛлеңдерінің құрылымдық жүйесінен кӛрінеді. Қазақ ӛлеңіндегі осындай кӛп тармақты күрделі құрылымдардың синтаксистік құрылысына, сӛздердің ӛзара байланысына негізделіп, ырғақ түзетіндіктен ӛлең синтаксисіне маңыз берілуі керек. Ал әзірше тіл білімінің синтаксис саласымен тығыз байланыста ғана мәні ашылатын қазақ ӛлеңінің бұл мәселесімен тілшілер ғана айналысуда. Осы салаға қазақ ӛлеңтанушыларының назары аударылуы қажет. Қазіргі ӛлеңдердің құрылымдық сапасының теориялық мәселерінде поэзияның эволюциялық дамуы туғызған бірқатар шешілмеген мәселелер тұр және оларды айналып ӛту мүмкін де емес. Қазіргі ӛлеңнің ырғақ жүйесін зерттеп жүрген ізденушілердің еңбектерінде олардың шешімін табуға талпынысы жиі байқалады. Осындай ізденістердің нәтижесінде ӛлеңтанудың ӛзі ұсынған түйіткілдер мен қайшылықтардың шешімі табылары даусыз. Сондықтан бұл бағыттағы ізденістер жалғасуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.: Ғылым, 1973. – 310 б.

2. Гончаров Б. К проблеме интонации в стиховедении. – М.: Русская 3. Холшевников В. Е. Типы интонации русского классического стиха.– В.

кн: Слово и образ. М., 1964. – 245 с.

4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Аст.: Фолиант, 2002 – 408 б.

5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – А.: Атамұра, 2003. – 208 б.

6. Александр Блок и современность. – М.: Современник, 1981 – 365с.

7. Ахметов З. Казахское стихосложение. – А.: Наука, 1964. – 409 б.

8. Кенжебаев Б. Түркі қағанатынан бүгінге дейін. – А.: Ана тілі, ЖШС, 2004. – 344 б.

9. Абдрахманов С. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы. Филол.

ғыл. докт. ...дисс. – А., 2007. – 290 б.

10. Жұмабаев М. Шығармалары. – А.: Жазушы, 1989. – 448 б.

11. Гаспаров М. Современный русский стих. – М.: Наука, 1974. – 485 с.

12. Тынянов Ю. Проблемы стихотворного языка.– М.: УРСС, 2004. –

13. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Әдеби сын. – Аст.: Елорда, 2006. Т. 1. – 392 б.

14. Ахметов З. Современное развитие и традиции казахской литературы. – А.: Наука, 1978. – 215 б.

Referensi

Dokumen terkait