• Tidak ada hasil yang ditemukan

З. Шүкіровтың шығармашылық лабораториясы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "З. Шүкіровтың шығармашылық лабораториясы"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

әлбетте кімге де болса қорлық» [2] деген ойы келтіріледі. Бір жағынан, Т.Сәукетаев нақты кезеңдегі нақты қаланың образын жасау арқылы романның құндылығын арттыра түскен.

Қорытындылай айтсақ, Тұрысбек Сәукетаевтың «Айқараңғысы» романы арқылы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тұсындағы Алматының шынайы образын көре аламыз. Автор Алматыны оқиғалар орын алатын кеңістік ретінде ғана емес, барлық оқиғаға тікелей қатысы бар жанды құбылыс ретінде алады. Романның көркемдік қуатының жоғары болуы да осыдан болса керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Гоголь Н.В. Шинель. Издательство: Астрель, Полиграфиздат, 2012.

2. Сәукетаев Т. Айқараңғы. dev.kitap.kz. Пайдаланған уақыты: 17.03.2019 ж.

3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. - А., 1987. – 232 б.

4. Пірәлі Г. «Айқараңғы» ақиқаты. egemen.kz. Пайдаланған уақыты: 17.03.2019 ж.

5. Пірәлі Г.Ж. Көркем прозадағы психологизм және оның бейнелеу құралдары. Оқу құралы.

– Алматы, 2016.

ОӘК 376017

З.ШҮКІРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ Айжарық Мөлдір Жомартқызы

[email protected]

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы, Тараз, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Иманбекова А.Н.

Қандай да болмасын ірі дарын иесінің шығармашылық әлемін тануда шығармашылық зертхана мәселесі ерекше орын алады. Шығармашылық шеберхана мәселесі - ақын еңбегінің қайнар көзі, ізденіс арналарының, көркемдік жүйесінің, тіл-стиль бедерінің айқындалатын, қолтаңба мәнері мен әдебінің танылар тұсы.

Әдебиет әлеміндегі атақты ақын-жазушылардың өмір жолына үңілсек, олардың бірқатарының тағдырдың талай тәлкегін көріп, жан азабын тартса да мойымағанын аңғарасың. Аурудың да, аштықтың да, тіршілік тапшылығының да ащы дәмін тата отырып, тәңір берген таланттарын бойға қуат санап, қолдарынан қаламын тастамаған, шығармашылықтарын шыңдай отырып, қоғамның шынайы бейнесін көркем тілмен кестелеп, өз қаһармандарын сомдай білген. Осындай тағдыры қиын талантты тұлғалардың бірі Зейнолла Шүкіров болатын. Осы бір есімді елжіремей, жан сезіміне бөлемей атау мүмкін емес. Ол Сұлу Сыр сүлейлерінің бірі, ақындық әлемінің ақиығы. Дархан дарын, қарымды қаламгер, теңіз текті талант. Алла берген ауыр тағдырға қарсы қайыспас күрескер. Өз заманымыздың Корчагині. Тірлігінде поэзия тұнығынан сусындаған З.Шүкіров жырларынан тұтас тағдырды көруге болады. Қай кезде де ақын елінің перзенті. Сондай сиректердің қатарына қазақ өлеңінің көш керуеніне аққудай аяулы, бұлақтай таза, дүлділдей дүбірлі жырларымен келіп, қазақ позиясын жандандыра түскен. Оның сағынышы мен мұңы, жүрегінің дүрсілі мен сезімінің сыңғыры халқын көзайым етіп, көңіліндегі көрікті ойына айналады. Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану, өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені қалың жұртты да толқыта жырлау –З. Шүкіровтың шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.

Зейнолла Шүкіров 1927жылы ақпан айында Арал ауданының «Қаратөбе» колхозында,

«Бөген» ауылында өмірге келген. Бұл жанұяны үлкен қуанышқа кенелткен ол дәл алты жасында сол жанұяға ауыр қасірет те арқалатты. Бұл қасірет түйеден жығылып, мертігуінен келген еді. Оның үстіне «жығылғанға-жұдырық» болып, оның әкесі Әнәпияны қызыл империяның баскесерлері «халық жауы» атап, тұтқындап кетті. Қара шаңыраққа үйірілген

(2)

қайғының қара бұлтымен шайқасу, әжесі Оңай мен шешесі Науаттың құзіретіне тиді. Олар З.Шүкіровты иыққа салып, мектепке апарады. Осы бір екі жылдық азаптан оларды азат еткен Зейнолланың өзі болды. Ол күн өткен сайын өзінің иықтауға ауырлығын сезіп, оқуды отбасында, төсек үстінде, жаны кеткен сал аяқты құшақтай, құйттай кеудесін құс жастыққа тірей жатып, жалғастыруға бел буды. Ұша білген қанатқа дүние кең екен, тар төсекті мектеп қып, қолына түскен кітаптарды оқи берді. Оқылған кітаптар оның зердесіне тоқыла берді Оқу арқылы табиғатпен тілдесіп,адамдардың жан дүниесін сараптай білді. Қоғам заңдары мен замана өзінің асау ағынын көкірек көзімен көре білді. Төсек тұтқыны З.Шүкіров оқи жатып, қилы-қилы қиял теңізіне де шомылды. Сол қиялдан жыр шумақтары туа бастады.

Алғашқы балаң жырлар Арал аудандық «Социалистік Арал», онан әрі облыстық бұрынғы

«Ленин жолы» қазіргі «Сыр бойы газеттеріне» жиі-жиі жариялана берді. Көп ұзамай оның жырларын сүйіп оқитын оқырмандар көкжиегі кеңейе түсіп, республиканың небір талантты ақындарының, талғампаз оқырмандарының жүрегіне ұялады.

Бастауыш білім алғаннан кейін ауыр науқасқа ұшырап, тағдыр оған қалған өмірін төсекте жатып өткізуді бұйырды. Бірақ, өмірге, білімге құмар Зейнолла жайдан-жай жатпады,бар оқу-білімді төсегінде жатып-ақ бойына сіңірді. Жүрегіндегі бір жарық сәуле әдебиет әлеміне жол көрсетіп, қолына қалам алғызды. Шағын ғана өлеңнен басталған З.Шүкіровтың шығармашылығы жылдан-жыл өте келе шалқар теңізге айналды. Оның қарымды қаламынан поэмалар, әңгімелер, хикаяттар, романдар тасқындап туып жатты.

Алғашқы “Менің достарым” атты өлеңдер жинағы 1957 жылы мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрді. З.Шүкіровтың осы алғашқы туындысы бойындағы талант көзін қайнар бұлақтай ашты. Мұнан соң оның “Теңіз жыры”, “Арал дәптері”, “Жүрекке әмір жүрмейді”, “Алау” атты жыр кітаптары бірінен соң бірі жарыққа шығып жатты. “Ізгілік іздері” әңгімелер жинағы мен “Жас жесір” хикаяты да өмірді шынайы суреттеуімен, кейіпкерлерінің қызғылықты өмір жолдарымен өз оқырмандарынан жақсы баға алды.

Зейнолла Шүкіров өлең, әңгіме, поэма, хикаят жанрларымен әдебиеттің биік шыңына сатылай көтеріліп, “Отты өткелдер” , “Қиын түйін” романдарын өмірге әкелді.

Ел аралып, жер шарлап, емін-еркін жүре алмаса да Сыр бойының тұнған тарихын үйде жатып-ақ, зерттеп, зерделеп, жинақтай білді. Көп жылғы осындай зертеу еңбегінің нәтижесінде “Сыр бойы” кітабын жазды. Сыр өңірінің шындығын тереңдей жазатын жазушыларымыздың тарихи туындыларына партия саясатының сұқтана қарайтын кезі болатын. З. Шүкіровтың “Сыр бойы” романы да сол саясаттың құрбаны болып, жарық көре алмады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін барып мұндай туындылардың өмірге келуіне мүмкіндік туды. Өз дәуірінде ел азаттығын аңсаған, бодандыққа бой бермеген, тәуелсіздігіміздің шоқтығы биік тұлғасы Жаңқожа батыр өмірімен ұштастыра ел тарихын толғаған “Сыр бойы” романы екі том болып жарыққа шығып, оқырмандарын қуантты.

Қырық бес жыл аурудан азап шегіп, сірніккен қатыгез тағдыр алдында мойып көрмеген ақын-жазушы –З. Шүкіров.

Әдебиеттегі нар тұлғалардың өмір тарихына жүгінсек, З. Шүкіровтың тағдыры орыстың атақты тұлғалары М.Горький мен Н. Островский тағдырымен ұқсастығын Н.

Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», М. Горькийдің «Менің университетім», З.

Шүкіровтың «Отты жылдар» атты тағдырларын танытатын өз туындыларынан аңғарамыз. З.

Шүкіров 2 кластық ғана білім алып, өз бетінше іздену арқасында зор білім жинаса, Н.Островский де өз бетінше сауаттанған тұлға. З. Шүкіров аянбай іздену, өз бетімен сауаттану арқасында М. Әлімбаев айтқандай: «Ресми алғанда екі класс қана бітірген ол өз бетімен қыруар білім терді. Орыс тілін үйренді, үйренгенде қандай? Сол тіл арқылы дүние жүзі халықтары ақыл-ой иелерінің өлмес еңбектерінен нәрлер сүзді. Мен ойлаймын, З.Шүкіров қатардағы еңбеккерлер қартпен де, адамзат дамуын зерттеуші профессормен де еркін сырласып, тіршіліктің қыры-сыры жайында пікірталасқа түсе алар: Ол білімдар қаламгер ғана емес, азамат қаламгер ретінде де халыққа танылды». Ал, Н.Островский өз бетінше іздену арқасында ең үздік жауынгер жазушы деңгейіне көтерілді. З.Шүкіровты

«Қазақтың Островскиіне» теңеуі де тағдыр ұқсастығын ескергендіктен болар. З.Шүкіров

(3)

тағдыры қайталанбас тағдыр. Әбілмәжін Сермаханұлының:«Зейнолла екінші кластың алғашқы екі-үш айында жатып қалды. Міне, осыдан былай қарай Зейнолланың екінші өмірі басталды. Ол өзінің ендігі тірлігінің қайнар көзі қайда жатқанын тез, дәл ұқты. Ендігі жерде ажырамас досы кітап екенін білді. Ол ұстаздан дәріс алған жоқ. Шетсіз, шексіз ұлан ғайыр білімді, өзі терді, өзі жинады, осылайша кітап арқылы кең дүниемен қайта қауышты.

Тағдырдың тәлкегіне мойын ұсынбады, қайыспады, сынбады. Ол оқымаған кітап кем де кем шығар. Шығыстың жеті жұлдызы дейсің бе, Еуропаның аты әлемге әйгілі данышпан қалам иелері дейсің бе, орыстың классик жазушылары ма, қойшы, ол оқымаған кітап жоқтың қасы шығар. Дүниеге Зейнолла сияқты талант ақын келмек десек те, оның өмірі тарихта өте сирек кездесетін құбылыс»[1,27] -деген пікірі бұл пікірімізді нақтылай түседі.

Естелік - өткеннің елеуге татырлық өнегелерін бүгінгілерге де ертеңгілерге де тартулап, тағылым ұсыну…» дегендей белгілі, айтулы адамдардың З.Шүкіров жайлы өнегелі әңгімелерін дерек ретінде ұсынсақ болады. М.Әлімбаевтың: «Иә, дарынды ақын, жазушы, қаһарман қысқа өмірінің қымбат шығармашылық өмірінде ол аз жазған жоқ: лирика, эпика, повестер мен романдар қалдырды. Ол жұлдыз боп жанды да, жұлдыз болып қалды да»[2,31]

деген пікіріне толық қосыламыз.

Әдебиеттану ғылымында шығармашылық лаборатория табиғатын ашу – аса күрделі мәселелердің бірі. Ақынның шығармашылық лабораториясына ену, оны зерттеу мен зерделеу - күрделі ғана емес, өте нәзік әрі қиын міндет. Бұл тұста ақынның шығармашылық еңбегінің әуелгі бастау көзі, негізі басқа да құпия-сырлары ғылыми тұрғыдан аса ықтиятты зерттеуді қажет етеді. З. Шүкіров шығармашылық лабораториясын танып- таразылауда оның өлеңдерінің айтары, құпия-сырлары көп-ақ. Ақын өлеңдері қарапайым, табиғи сипатымен, ойға-сырға құрылуымен, нақты өмір-тұрмыс материалдарына негізделуімен ерекшеленеді.

Сонымен бірге шығармашылық лаборатория жайынан да мол сырларды ашады.

Ақын өзінің шығармашылық лабораториясының кейбір сырларын «Ақын», «Теңізге»,

«Ауруханада», «Сыр» және басқа өлеңдерінде әр қырынан ашады. Оларда көбіне ақынның шығармашылық еңбек алдындағы, еңбек барысындағы көңіл-күйі, тағдыры көрініс тапқан.

«Ақын» өлеңінде ақын еңбегі туралы, қолма-қол еңбегі емес, ақыл-ой еңбегі туралы сөз болып отыр. Ақындық шеберханасына енгендей күй кешеміз. Ақын еңбегінің психологиясына терең бойлаудан туындайды. Ақынның творчестволық шабыт үстіндегі ішкі-сыртқы қалпын, түр-түсін, портретін психологиялық, логикалық тұрғыдан дәл түсінеміз. Ақынның ой-толғаныс үстіндегі күйін, қалпын, дағдысын, әдеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Ақын өзінің «Ақын» атты өлеңінде өлең өнері туралы ақын жаны, ақын тұлғасы, ақын көңіл-күйі жайынан көп мәлімет береді. «Ақын» деген өлеңі нағыз ақын жанын, ішкі сезімін, бар күйлі сырларын ашатын шығармашылық лабораториясынның көрінісі. Ақын жан дүниесін, ішкі ой толғанысын суреттеу үшін ақын: «онда ұйқы жоқ он екіні соқса түн»,

«қайда, қайда сезімдері ет жақын», «үстелінде бір отырып,бір тұрып, күйзелді ме текке ақын» деп ақын өз жанына үңіледі:

Жай орнына жарқ етті әне көкте атом, Салды-ау жанын отқа түн!

Тоқта, аламат, Тоқта атом!

Дем алдырмай түн де Муза тәңірінің, Тыныштығын тәрк етуге жоқ хақың.

[3,165]

– деп ақын жанының қатпарларына бойлай түседі. «Жай орнына жарқ етті әне көкте атом», «салды-ау жанын отқа түн», «тоқта, аламат», «тоқта атом», «дем алдырмай түнде Муза тәңірінің тынытығын тәрк ету» деп ақынның шығармашылық күйін, шығармашылық лабораториясынан көп дерек береді. Бұдан біз ақын жаны нәзік екендігін, ақынды әрбір ой толғантып, жүрегін сыздататтынын, ақын жанын түсіну үшін ақын жанына тереңірек үңілуіміз керек екенін де баяндап кетеді. Бұл шығармашылық шеберхананың нағыз көрінісі іспетті. Ақын жанының құбылмалы қырларын, ақын жанының терең сырларына үңілеміз. Ақынға уақыт әсер етпейтінін, ақын күнде де түнде

(4)

де әрдайым ой үстінде, шығармашылық процесс кезінде ойдың жетегінде кетіп, толғанып уақытты елемейтін сәттер де болатынын жасырмайды.

Ақынның осындай шығармашылық ләззат құшағында жазылған талай-талай дүниесі бар. Шабытпен бастап, машықпен жалғастырып, тындырған туындылары да аз емес. Ақын – ұдайы тоққа қосылулы, тыным таппас мотор тәріздес.

Негізінен ақын творчестволық лабораториясы жайлы мәліметті көбіне ақын жанында болған, бір шаңырақта өмір сүрген, етене жақын араласқан азаматтардың деректі әңмімелерінен көбірек табуға болады. Бегімбай Ұзақбаев З.Шүкіровпен бірге сегіз айдан астам бір шаңырақтың астында тұрған. Сондықтан да бұл азаматтың ақын творчестволық лабораториясынан сыр шертер деректеріне де біраз көз жіберсек болады. Бегімбай Ұзақбаев:

«Шабыты келсе екі жастықты бірдей бауырға алып, етпеттеп жатып жазуға отырады. Ондайда тасұр-тұсыр, есіктен кіріп-шығуды да елемейді. Тап бір тып-тыныш жұмақта отырғандай, әріптерді моншақтай мөлдіретіп тізіп, жазудың екпініне түсіп, беріліп, жұмыс істеп кетеді. Зекеңе қайран қалатыным, қағаз таңдамайды. Беті ақ болса болды, оның үлкен-кішісіне қарап жатпайды. Екі бетіне бірдей рет санын тізгілеп жаза береді. Сол алақандай екі бетіндегі жазулар кейде машинкаға басқанда бір жарым, екі бет болатынына қайран қалам. Сол жазылған қолжазбаларын қайта қарап шыққанында, шыжбайлап жөндеп, қайта толықтырып жатқанын да көрген жоқпын. Тіпті байқамаппын да. Не құдіреті бар екенін қайдам, әбден пісіп жетілген ойдан құралған сөйлемдер, бейне бір сурет салып жатқан қыл қалам шеберіндей көзге елестейді. Анау-мынау сурет емес, әсемдік дәрежесіндегі талант иесі түрлі-түсті майлы бояумен үлкен өмір картинасын нақ өзіндей, тамсандырып та, тамылжытып та жазып жатқандай ерекше сырлы да сазды әсерде қалатының даусыз. Түннің бір уақытына дейін қара жазу машинасын алдына алып, тықылдатып басып отырғаны. Анау айтқандай кәнігі емес, жалғыз саусағымен соққылап басып-ақ, жолдан қалмай үлгіріп, бұрқыратып басылған қағаздардың астында қалады.

Содан соң өз-өзіне келіп, мейірленіп, көңілі толып, ыңылдап ән салады.» [4,33],-деп өзінің қамқор ағасының шығармашылық шеберханасынан сыр шертеді. Ақынның айтар ойы, суреттеп отырған шындық құбылыстардың эстетикалық табиғаты, көркемдік шешімі осындай шынайы шығармашылық арқылы көркейіп шығады. Осының бәрі ақынның шығармашылық лабораториясында өмір шындықтарының, әсіресе, ақынның өз өмірінің шындықтарының алатын орны зор, бұл шындық құбылыстарды көркемдік қиялмен пайымдауда шығармашылық құштарлықтың, шабыттың қызметі жоғары екендігін көрсетеді.

Ақын шығармаларының тууына негіз болған өмір шындығын сол шындықтың ақын санасында қабылдану процесін, өлеңнің дүниеге келуі ақын көңлінің ерекше алып ұшып, буырқанып-бұрқануы арқылы кейде мейлінше сабырлы, кең тынысты қалыпта келеді. Бұл әрине ақындық тебіреніс-толғаныстың күрделілігі мен тереңдігін әрі шынайылығын танытады. Сондай-ақ ақындық ойлау мен толғанудың мұндай мәнері ақын өлеңдерінде көрініс тапқан ақындық мінезге барынша сәйкес. Ақын санасында болашақ көркем шығарманың туу процесі, бұл процестің түрлі кезеңдері мен сатылары реальды, нақты шындығымен жан-жақты және терең қамтылған жағдайда, ақынның болмыс-бітімі, оның табиғатындағы ерекшелік те мейлінше анық, айқын ашылған болар еді.Әрине, ақын санасы айна емес. Өмір шындығының санада сәулеленуі, оның жыр жолдарына айналуы - өте күрделі процесс. Мұнда ақынның логикалық ойлау қабілеті мен бірге, сезіну, толқып, тебіренуінің де маңызы ерекше. Ақын лабораториясына қатысты деректерді Нәсіреддин Сералиев те естеліктерінде:

«Сәске шамасында теңіз айдынына шығып, жол тарттық. Әлде желемік күшейді ме, әлде кеме жүрісін жылдамдатты ма, палубаға мұздай су тамшылары шашырай бастады.

Кеме капитаны – теңіздің ащы суы мен тұзы өткір желіне әбден кептірген балықтай қақпыштанып піскен сыптықара шалғы мұрт жігіт ағасы палубада біздің ортамызда отырған Зекеңе жақындап келіп, тізесін бүкті де:

(5)

- Зеке,салқын тиер, каютаға кірмейсіз бе?-деді.

- Маған бір матрац пен жастық әкеп берсең болды, осында қисаямын –деді, сонан соң бізге қолын шошайтты.

- Мына даланың бозбастарына суық тимесе, теңіздің ащы суына шомылып өскен маған не ғыла қояр дейсің?! Теңіз демінен дене тоңазығандай еді, біз намысқа тырыстық па, Зейнолланың жанынан кете алмай қалдық, бәріміз де палубаға жайғастық. Суық атаулыдан қорғаншақ Қомшабай ертелі капитан қалқасын ықтап, желден қашқақтап жүр еді, Зекеңнің сөзін есіткен соң ол да тәуекелге бел байлады ма, біздің қасымызға келіп құйрық басты.

- Әй, Зеке-ай, осыныңыз бар-ау... Мені білесіз ғой, тұла-бойымды тұтас суық жайлаған, саңылаудан соққан желді елеймін ғой мен,-деп ол ірі ақ тістерін көрсете аңқылдай күлді.

- Ашық теңізде сквозняк қайдан болсын, сенің қорқатының сол емес пе? Жарықтық теңіздің суы да, желі де ем ғой, -деген Зейнолла теңіз қасиетін, аузының суы құрып мақтады, сонан соң Аралдың өткен-кеткенінен де біраз әңгіменің басын шалып тастады.

- Зеке , осы «Теңіз жыры» қалай туды соны айтыңызшы, деді жігіттердің бірі.

- Қалай туғаны бар? Жанымнан туған. Туған жерінен, туған елінен жаны бөлек адам бар ма, сірә? Мен де сондай. Арал дегенде менің шығарда жаным бөлек. Шыр етіп жарық дүниеге келгенімде ең алғаш құлағыма тиген анамның әлдиі мен осы теңіз жыры балар. – Зейнолла толқи сөйлеген» [4,48] - деп баяндайды.

Ақынның өз тағдыры жайында жазған өлеңдерінде өмір мен өлім белдескен ауыр шындық бар. Сол шындықтың бір ерекше көрінісі, айрықша мазмұнды суреті ретінде ақынның көптеген шығармаларын атауға болады. Әр ақынның өзіндік қайталанбас тағдыры, басынан өткерген қиындық-тақсіреті бар. Бұл жайттар оның шығармашылығына өз әсерін тигізеді. Жеке ақынның жеке дара тағдыры болатыны секілді, оның өмірге деген өзіндік философиялық көзқарасы бар. З.Шүкіровтың «Сыр бойы» шығармасының жазылу барысы жайында М.Әлімбаев:

«1977жылы майдың аяғында З.Шүкіровтың елу жасқа толған тойына Алматыдан он бес-он алты адам бардық. Арагідік әңгіме үстінде үзіп-жұлып дегендей творчествоға байланысты бірді-екілі сөз қатысып қалып жүрдік.

Сондағы айтқаны:

- «Сыр бойы» деген роман жазып жүрмін, тарихи талай материал жинадым.

Шығарма соларға негізделген. Уақыты өткен ғасырдың бас кезі. Жанқожа батыр – басты кейіпкерлердің бірі. Неше кітап болатынын әзірге түбегейлі анықтап, табан тірегенім жоқ.

Әйтеуір ел тарихының сол тұстағы көрінісін түгелдей тереңдей бере алсам жарар еді...»

[4,13] қалам қаһарманы айтқан сөздерін баяндап беріп, творчестволық лабораториясынан мәлімет береді.

Ақынның «Жылдар жылжып», «Кітап жайлы жыр», «Дәрігерге», «Қойды аға көптеп бері «жай қалайын»», «Қайтейін сені, жас шақ-ай», «Түндер, түндер»,

«Ауруханада» тағы басқа өлеңдері ақын жанын күйзелткен, толғантқан, әсер еткен ақын жанының, тағдырының белгілі бір шыншыл көріністері, сезім толқыны екенін аңғарамыз.

«Қайтейін сені, жас шақ-ай» шығармасы сол балалық шағында ауыр дертке шалдыққан ақынның жас балғын сағынышын, көңіл-күйін, қайғысын, өз басынан өткен өмір зардабын шебер суреттеген шығармасы. Ақынның «Ауыр дерт кешпес қарт қонақ, Денеме уын мол жайды» деуінде үлкен сыр жатыр.

З.Шүкіровтың шығармашылық жолы өзі өмір сүрген заманның тыныс-тіршілігімен қоғамдық, әдеби процестердің дәстүрлі принциптерімен тығыз байланыста дамыды. Оның көркем туындыларынан туған жерінің тынысын, тамылжыған тамаша табиғаты мен туған халқының үнін естігендей боламыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Шүкіров З. Менің достарым: Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955.

2.Шүкіров З. Естеліктер. Алматы: Жазушы: 1978. -235 б.

(6)

3.Шүкіров З. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1976. – 304 б.

4.Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи ұлы әңгіме. – Қызылорда: Тұмар, 1998. – 482 б.

ОӘК 376017

ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҮЙЛЕНУ САЛТ ЖЫРЛАРЫ МЕН ҚЫТАЙДАҒЫ ТУЖЯ ҰЛТЫНЫҢ ҮЙЛЕНУ САЛТ ЖЫРЛАРЫ ЖӨНІНДЕ САЛЫСТЫРУ

Бақытгүл Манап қызы [email protected]

Қытай Ұлттар университеті Қазақ тіл-әдебиет факултетінің магстранты, Пекин, Қытай

Ғылыми жетекшісі –Мұқтар Әбілқақ ұлы 1. Қазақ ұлтының үйлену салт жырлары

Қазақ халқы ерте кезден бастап тұрмыс-тіршілігінде орын алған салтының қайсысын болса да ойын-сауық етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән-күйімен, өлең- жырымен есте қалдырған. Мұны үйлену салтынан да көруге болады. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің туындыларына аталған үйлену салт жырлары: «тойбастар», «сарын», «жар-жар», «сыңсу», «жұбатау», «қызкөріс»,

«қоштасу», «беташар» жатады.

(1) Тойбастар. Ерте кезде, тойбастарды қыз ұзату тойында, ауылдың жастары немесе қыздың дос-жарандары айтатын болған. Оның негізгі мақсаты -ұзатылатын қызға немесе той жасап отырған үйге «құтты болсын» айту, жақсы тілек білдіру, тойға жиналған адамдарды көңілдендіру. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел-жұртын, ата–анасын, туған–туыстарын тастап кетуге қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, «ата- ананың жолы осы» деп көрсету. Ал той бастаушының ендігі бір міндеті — «жаршылық»

қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен қатар, кейде, арнаулы «жаршылар»

да айтқан. Олар «жарандар-ау, жарандар, құлағыңды бері сал…» деп тойдың тәртібін, ендігі жерде қандай ойын-сауық, қызықтар болатындығын, той иесінің немесе басқалардың жариялайтын қандай сөздері бар екендігін хабарлап отырған.

Бұрынғы кезде «тойбастар» тек қыз ұзату тойында ғана айтылатын болса, қазіргі таңда барлық тойдарда айтылатын жырдың бір түрі болып өзгеруде.

(2) Сарын. Қыз ұзату тойы болған күні, тойбастарды бастаған жастар мен қыздың дос- жарандары ұзатылатын қыз отырған киіз үйдің алдына келіп «сарын» айтады.

«Сарынның» әуені халық әндерінің әуеніне ұқсап кетеді, ал мазмұны философялық насихат айту негізінде айтылады. Оның әуені «жар-жардың» әуеніне өзгергенде, «жар- жар» бастап айтылады.

(3) Жар-жар. «Сарыннан» кейінгі қыз ұзату тойында айтылатын өлеңнің енді бір түрі.

Мұны «сарын» айтқан жігіттер тобы ұзатылатын қыз отырған киіз үйдің шетіне келіп, киіздің бір шетін түріп қойып «жар-жардың» әуеніне салып бастайды. Енді бір жағы қызбен бірге отырған жеңгелері мен құрбы-құрдастары болып, екі жақ бөлініп айтысқа түседі. Басты мазмұны: ұзатылғалы отырған қыздың жаңа жерге, жат жұртта жақсы тұрмыс құруы, балалы-шағалы, ауқатты болуы туралы сөз қозғап, жақсы тілек айтып, қызды жұбатып, әзіл-қалжыңмен көңілін көтеруге тырысады. Жігіттердің бұл айтылған жұбату сөздердің бәріне жауап ретінде ұзатылғалы отырған қыз жиналған көпшілікке өзінің көңіл-күйін, мұң-шерін айтып, наз өкпесін, буыны бекіп, бұғанасы қатпағандығын, жастық, қызық дәуренінен айырылғанын, малға сатылып, еріксіз күйеуге кетіп бара жатқанын білдіреді.

(4) Сыңсу. Қыз ұзату тойында жасалған ойын-сауық аяқталғаннан кейін, қыз дереу ұзатылмайды, үйінде бірер күн «еру» болады. Қыз аттанардан бір күн бұрын, қыз бен жігіт ауылдағы қыз-жігіттермен бірге жақын туыс-туғанының үйінде кешкі асты бірге

Referensi

Dokumen terkait