Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ – ТАБЫСТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ КЕПІЛІ
The article considers mechanisms of formation of innovative environment as a security of pedagogical activities.
Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың интеллекттік әлеуетін дамытуды, педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: “Қазіргі оқу орнының, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің cақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін оқу орыны ұжымдары, әр оқытушы күнделікті ізденіc арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет”, – деп атап көрсетілуі оқытушы іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді.
Бұл заңда қазіргі кезеңде педагог мамандардың біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық іскерлікпен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Күннен-күнге ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамымызда әрбір педагог қажетті ақпараттарды, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие жүйесі, оқыту әдістемесі, оқытушы – студент арасындағы қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай өзгерістерді қажет етіп отыр [1, б 5-6].
Қоғам білім беруге тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбиелеу керек екеніне сұраныс жасайды. Осыған байланысты дәстүрлі, адам жайлы философиялық және педагогикалық көзқарастарға білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды. Қазіргі тек ғана бүгінгі пайда болған жаңаның бейнесі емес [2, б 21-26].
Инновациялық білім беру ортасы қағидалары:
– білім беру ортасын алдын-ала дамыту қағидасы;
– инновациялық білім беруді жобалау қағидасы;
– білім беру жариялылығы мен қоғамдық қатынас қағидасы;
– білім берудің үздіксіздігі қағидасы;
– білім беру ортасының инновациялылығы қағидасы.
1. Білім беруді алдын-ала дамыту қағидасы еліміздің саяси-экономикалық даму бағыттарына негізделеді. Білім беру жүйесінің адамды жедел интенсивті өзеретін экономикалық үдерістер мен жаңа өмір сапасына бағдарлануға, қоғам мен еңбек нарығына өз үлесін қоса білуге үйретуге негізделеді.
2. Инновациялық білім беруді жобалау қағидасы. Білім беру жүйесіндегі инновацияларға көзқарастың өзі инновациялық болуы керек. Дәстүрлі салалық және бағдарлы тұрғылар әлемдегі, еліміздігі, қоғамдағы ауқымды өзгерістерді меңгеріп үлгермейді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді алды-ала жобалау қолданылатын шараларды әзірлеу қажет.
Инновациялық оқыту - әлеуметтік ортадағы инновациялық өзгертулердің оқу мен білім әрекетінің үдерісі мен нәтижесі. Білім берудің мұндай үдерісі жеке адам мен қоғам алдындағы жағдаяттық мәселелерді реттеуде белсенді қызмет көрсетті. Оқытудың өте үлкен тәсіліндегі инновациялық оқытудың қоры, әлемдік педагогикалық қауымдастық толықтай дерлік жағдайға дайын болмады.
Инновациялық оқытудың теориялық негіздері оқу барысында, адамның оқуымен тәрбиеленуі құнды келешегі қажет [3].
Республиканың дәстүрлі аймақтарында «инновациялық-ұстамдылық» сияқты жаңалықты лезде
«сіңіріп» алу, ғылыми жаңалыққа деген ізденіс жоғарлауда, егер педагогтік жұмыс пен ғылыми жұмысты бірге алып жүру қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарына көңіл бөлсек, педагогикалық үдеріс пен жаңашыл ағымды бағалаудағы көзқарас мүмкіндіктері нақты қиындықтарды шешеді. Бұл жағдайды нақтылау ақпараттық, коммуникативтік үдерістердің бірлігі ретінде жаңалықты меңгерту болып табылады. Қазір педагог әлеуметтік жағдаяттарда өзінің жеке білімін, іс-әрекетін қалыптастырады.
Инновациялық оқыту – дәстүрлі оқытуға қарағанда өте ерекше білімді игерудің бір түрі, қалыпты оқыту үдерісі, педагог мен оқушының тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, педагог
тұлғасының демократиялық жақтаушысы және қосалқы шығармашылық, өнімділік әрекеттері; оқу жүйесінің өзгеруі болашаққа деген жоғары дайындықты қарастыратындықтан, интеллектуалдық- коммуникативтік әрекеттері мен креативтік даму деңгейін көтеру болып табылады.
Инновациялық оқыту – білімді ерекше меңгерудің бір түрі, оқушылар қабілеттері дамуының жаңа жағдаяттағы біріккен әрекеттерінен тұспалдануы. Бұл біріншіден, мәдениеттану және ғылыми білімдерді пайдалану негізінде мақсатты жобаланған оқыту үдерісі. Екіншіден, бұл – тұлға дамуындағы жағдаятты ұйымдастыру мақсатында жобалану және келешекке, дайындықты іске асыру бұл – болашақ. Басқа сөзбен айтқанда бұл «ертеңгілік ілім».
Инновациялық түпкі ой – тұтынушылардың сұраныстарынан алынған жүйелі мағлұмат, ғылыми- техникалық үдерістің болжамы, өз еліндегі және шет елдегі ғылыми-зерттеу базасы.
М.В.Кларин тапсыру метаформасы мен әлеуметтік мәдени тәжірибе, білім т.б. игерудің негізінде білім берудің инновациялық тәсілдерін негізгі екі түрге бөледі:
– оқу үдерісін жаңартатын, оның дәстүрлі көшірменің бағдары негізінде кепілді нәтижелерге жетуді көздейтін инновация. Олардың негізінде жатқан білім берудің технологиялық тәсілі ең алдымен, студенттерге білім беру немесе хабарлау, үлгісі бойынша әрекет ету амалдарын қалыптастыру, жоғары білім беруге бағытталған тиімді көшірме жасау;
– дәстүрлі оқу үдерісін өзгертетін, оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация [4, б 15]. Оқытуға деген ізденіс тәсілі ең алдымен оқушыларды жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға, оларды жаңа жағдайларда, шығармашылық қызмет тәжірибесіне бара-бар құндылықтарды өндірумен ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл.
Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде. Дүниежүзілік педагогикада оқытудың әр түрлі жағдайларын кіріктіру үдерісі жүргізіліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда білім беру деңгейі күннен-күнге даму үстінде. Инновациялық үдерістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет.
Инновациялық үдерістер – бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық үдерістер білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үдерістерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістердің жүзеге асу тәжірибесін кеңейту – білім беру жүйесінің дамуының заңдылығы, оны жаңартудың алдыңғы қатарлы, тұрақты тенденцияларының бірі. Осы тенденцияға сәйкес педагогиканы және оқу орынын жаңартудың қағидасын жүзеге асырудың нақты тетігін жасауға болады.
Оқытушылар мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр.
Жоғарыда аталған тенденцияларда қазіргі білім беру жүйесіне тән сан алуан қайшылықтар жатыр.
Біз инновациялық үдерістердің негізгі кезеңдерін сипаттайтын қайшылықтарға жеке тоқталайық.
Бірінші қайшылық – білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның арасындағы әлеуметтік - педагогикалық қайшылықтар болып табылады. Қазіргі заманда бұл қайшылықтардың шешілуі адам өмірінің жаңа сапасымен сипатталады.
Сонымен қатар, инновациялық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекеттің қоспасы тәріздес нәрсе.
Креативтік іс-әрекетпен жүргізілген педагогикалық іс-әрекет инновациялық іс-әрекетке жеткізеді.
Ал, студент инновациялық іс-әрекеттің әдіснамалық негіздерін: жаңалықты енгізудің жүйелілік тұжырымдамасын меңгергенде, енгізілетін жаңалықты талдап, жинақтап, оны енгізуде кездесетін қиыншылықтарды болжай білгенде іске асады. Сонымен қатар, инноватика жайлы біліммен қаруланса, жаңалықтың топтамасын, жаңалықты енгізуші орта белсенділігін анықтай білуі шарт. Оқытушының инновациялық іс-әрекетінің теориясы педагогикалық шығармашылық теориясынан, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату, педагогикалық жаңашылдық теориясы, педагогикалық жаңалық теориясы, ғылымның соңғы жетістіктерін практикаға жүйелі енгізу теориясынан дамыған.
Инновациялық іс-әрекет жаңалықтардың қалыптасу, шығу және пайда болу кезеңдерінен тұратын үдерістен құралады. Инновациялық іс-әрекет негізінде екі факторға тәуелді:
– инновациялық үдерістің даму күшіне;
– инновациялық үдерістің қоршаған ортаға қатысына.
Оқу орнының ішкі жұмыстары бұл біріншіден, жаңалықтың ғылыми негізі, жасалуы, қалыптасуы;
екіншіден оқу-тәрбие үдерісінде оның бүкіл бөліктеріне деген қызығушылық туғызу болып табылады.
Автордың педагогикалық мамандықтың креативтік сипаты біріншіден, оның өнімінің жоғары әлеуметтік маңыздылығы мен қайталанбаушылығымен, яғни өзіндік ерекшеліктерінің барлығы жетілген студент тұлғасының болуымен айқындалады деген ойын құптаймыз. Екіншіден, оқытушы мен студенттің ара-қатынасына негізделген педагогикалық үдерістің өзі маманның креативтік мақсаттары кең ауқымды, яғни оқу тәрбиенің әдіс, түрлері мен мазмұнына жаңалықтар енгізуінен басталып, студент қарым-қатынаста жеке бас мәселелерін шешуді көздейді және стандарт пен дағдыға сәйкес келмейді.
Педагог өнері, сонымен қатар, оның өз сабағының композициясы мен архитектоникасын салуынан, оқу-танымдық міндеттерін шешумен бірге қарастыратын студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруын; оқу орны өміріндегі әртүрлі оқиғаларда студенттермен қалай тіл табыса алатынынан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, креативтік – ол педагогикалық еңбектің жеке бөлігі емес, керісінше, ең маңызды және қажетті бөлігі.
Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу, өз белсенділігінің субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігі ұсынған энциклопедиялық сөздігінде:
«Инновациялық орта – инновациялық үдерістер өтетін орта (педагогикалық жаңалықтар пайда болатын орта, оларды жылдам игеру және тәжірибеде қолдануы)». Сол себепті басты ерекшелігі:
біріншіден, инновациялық білім беру ортасындағы технологиялармен сай оларды ерекше қызықтырып, ынталандыратын құрал инновациялық технологиялар мен нәтижеге бағытталған құрал болып табылатын педагогикалық инновациялық-креативтік технологияның өзара ұштастырыла қолданылуы;
екіншіден, қазақ cтуденттеріне тән этнопсихологиялық ерекшеліктерді ескеруі; үшіншіден, оқу үдерісінің негізіне тұлғалық-бағдарлы білім берудің креативтік қағидалары басшылыққа алынуы;
төртіншіден, студенттерді инновациялық технологиялар арқылы әр студенттің мемлекеттік стандарт талабы деңгейінде білім алуын нақты қамтамасыз етуі.
Университет жүйесіне сәйкес инновациялық білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлімі болып қоршаған әлемді және біліми саласын ғылыми меңгеру тәсілдерімен байланысты пәндік біліми салаларды кіріктіру болып табылады. Пәндік орта кіріктіруін жүзеге асырып қана біз студенттерге қажетті ортаны ұйымдастыра алатынымыз сөзсіз және оған жүргізілген зерттеу жұмыстары да дәлел бола алады. Шынында бұл мәселенің шешімі оқытушының кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Қорытындылап келгенде, инноваторлар өзара топтарға бөлінген ерекше әлеуметтік категорияны құрайды. Бірақ осы аталған топтар инноваторлардың түрлерін көрсете алмайды. Сонымен зерттеушілердің ойын қорытындылай келе, біз мынадай қорытындыға келдік. Инновациялық іс-әрекет - педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үдерісіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтің инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға тиісті:
– өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;
– жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;
– жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізуі;
– педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өздігінен жасау;
– педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау.
Әдебиеттерге жасалынған талдау педагогикалық креативтік қасиеттерінің мазмұны, сипаты бiр мәндi анықталмайтынын көрсеттi. Бiздiң зерттеу мақсаты креативтік қасиеттерiне сәйкес ұғымдарға қатаң ғылыми анықтама берудi алға қоймаса да, мәселеге қатысты еңбектерге сүйене отырып, студенттердiң педагогикалық креативтіктерін қалыптастыру мақсатын көздеген өз зерттеуiмiзге орайластырып, осы қасиеттердi нақты түрде анықтаудың маңызы зор болмақ. Олай болса, студенттердiң инновациялық білім беру ортасында креативті педагог ретiнде қалыптасуын сипаттайтын ең негізгі, жүйе ұйымдастырушы ерекшеліктері бар анықтаушы қасиеттерді қарастырайық.
Тұлғаның табыстылық әрекеті ғылыми білімдер жүйесі ретіндегі педагогикалық ұғым, яғни тұлғаның нәтижеге жетуі, – деп санайды. Біртұтас педагогикалық үдеріс теориясының бірден-бір өзіндік ерешеліктерін оның әртүрлі теорияларды дамыту арқылы қалыптасатынын: оқыту, тәрбиелеу, тұлғаны дамыту, әрекет теориялары, т.б. байланыстыра қарастырады.
Әрбір педагогтің кәсіби тәжірибесі, интуициясы, практикалық педагогикалық ойлауы, креативтігі маңызды қозғаушы күш. Мұнда, жаңалықты ойлап шығару, құрастыру, тапқырлық көмектеседі.
Бірақ, бұл міндетті түрде, ғылыми кеңес, әдебиеттерді зерттеу, ойша эксперимент жүргізу, ойлау, ұйымдастыру іс-әрекеті, рефлексті-рөлдік және т.б. инновациялық ойындар арқылы жаңа идеялар, құрылымдар, алгоритмдер, дамыту бағдарламалары арқылы туады.
Инновациялық іс-әрекет – қазіргі университеттің даму тәртібінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру аймағынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс- әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.
Инновациялық үдеріске қатысушылардың рөлдік позициялары: жәрдем берушілер қарсы әрекет жасаушылар, мүлде әрекетсіздер болып бөлінеді. Осылардың әрқайсысының приоритеті университеттің инновациялық әлеуетінде белгі беретіні айқын. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтар топтамасымен байланысты. Жалпы қабылданған аналогиялық топтау жаңалықтың әртүрлі сатысына байланысты, – деп көрсетеді Н.В. Горбунова:
– идея мен іс-әрекет толығымен жаңа, бұрыннан белгісіз болған;
– идея мен іс-әрекет белгілі, бірақ бейімделуден өткен кеңейтілген, модификацияланған, нақты жағдайға бағытталған;
– педагогикалық теория мен практика тарихында бұрыннан белгілі идея мен іс-әрекет жаңа жағдайда жаңаша болып табылады.
Инновациялық үдерістің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс-әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде: студент жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әр түрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, студент инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады.
Бұл кезеңде педагог оқу-тәрбие үдерісіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді жаңалықты енгізу уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды жүргізеді. Кейбір жағдайларда енгізген жаңалықтар іс-әрекеттің бұрынғы жақтарына сүйене отырып, енгізілуі мүмкін. Бұл кезеңде педагог өз іс-әрекетін талдау арқылы міндетті түрде бағалап және қажетті өзгерістер енгізіп отырады. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін, инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқытушы жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған, оқу- тәрбие жұмысына талдау жасайды, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады [4, б 21-26].
Инновациялық білім беру ортасын құру ерекшелігін зерттей келе, кәсіби білім беру жүйесінің келешегін жоспарлау аймағында төмендегідей талаптар мен инновациялық үдерістерді жетілдірудің негізгі алғышарттары анықталды:
– ақпараттық технологияны қолдану мен өңдеу аймағындағы ғылыми техникалық және техникалық жетістіктер;
– ғылыми жаңалықтар, бейнелеу, экономикалық-әлеуметтік іс-әрекеттің болашағы;
– жаңа педагогикалық технологиялардың қағидаларын өңдеу;
– білім беру жүйесіндегі өзгерістер;
– халықаралық қатынастардағы өзгерістер;
– басқа да саяси жағдайлар, заңдылықтардың өзгеруі.
Көрсетілген зерттеу университет жағдайындағы студенттердің іс-әрекетінде педагогикалық креативтікті қалыптастыру үшін инновациялық білім беру ортасы механизмін анықтау мақсатында жүргізілді. ЖОО-ның инновациялық білім беру ортасы ұғымында замануи бәсекелестік орта жағдайындағы инновациялық ортада педагогикалық креативтігін қалыптастыру мақсатында жаңа сапаларды тасымалдаушы және білім беру үдерісінің субъектісі ретінде тұлғаға бағытталған ақпараттық, техникалық, технологиялық, дидактикалық, құрылымдық және интеллектуалдық қамтамасыз ету мәнін ұйымдастыру жүйесі сипатталынады.
Инновациялық орта жағдайында педагогикалық креативтікті жүзеге асыру бағыттылығын
қамтамасыз ету, білім беру аймағындағы инновациялық үдерістерді белсендіру, заманауи бәсекелестік ортаның қызмет тенденциясы мен заңдылық үдерісінің сәйкес келу деңгейлері жоғары оқу орыны жағдайындағы кәсіби мамандарды даярлау сапасының тәуелділігін көрсетті.
Сонымен, инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру механизмі төмендегі көрсеткіштерден байқалады:
– инновациялық үдерістерді ұйымдастыру дәстүрі мен тенденциясы;
– әдіснамалық кәсіби жүйемен қамтамасыз ету талаптарының негізінде сапалы білім беру жағдайын бағалау өлшемдерін жүйелеу, студенттердің қанағаттану мәселесінің көрініс беруі мен біліктілігінің сәйкес келуі.
Педагогикалық үдерістің теориялық, әдістемелік және технологиялық стратегиясы алдымен инновациялық білім беру ортасында педагогикалық креативтікті қалыптастыру жағдайындағы мамандықты меңгеруде кәсіби құзыреттік жүйесіне бағытталған тұлғалық-әрекеттік тұрғыларды жүзеге асыруға бағдарланған абзал. Мамандардың кәсіби дайындығы инновациялық білім беру үдерісі ретінде құрылуы қажет: рефлексивтік, креативтік және технологиялық деңгейде кәсіби іс- әрекет құрылымын жүйеленуін қамтамасыз ету, құзыреттілік жүйесі мен іс-әрекеттің пәндік қызметтік құзыреттілігінің көріністерінің сәйкес келуі және бәсекелестік орта жағдайындағы инновациялық іс- әрекетке дайындығын қалыптастыру [6, б 29-31].
Инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру тетігін өңдеу кезінде төмендегі аймақтарды қамтамасыз етеді:
– іс-әрекеттегі тұлғаның өзіндік жүзеге асыру үдерісі;
– стратегиялық жүйеге жетудегі іс-әрекеттің бағыттылығы;
– білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетіне инновациялық бағыттылығы;
– білім алушының инновациялық үдерістегі түсінігі.
Инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру тетігін айқындаудағы тұжырымдық негізі қарама- қайшылық бағытын қарастырады:
– мамандарды үздіксіз даярлау жүйесінің оңтайлы деңгейі мен ақпараттандыру, интеграция, жаһандандыру үдерісі, әлеуметтік экономикалық даму үдерісі;
– түлектерге кәсіби білім беру жүйесі мен оларды қамтамасыз етуде нарықтық еңбектің қажеттілігі;
– кеңістігіндегі білім беру бірлігін жүйелеу деңгейімен қоғамдық өндірістік факторлар жүйесіндегі ақпараттың орынымен өзгеру рөлі, кәсіби іс-әрекетті ақпараттандыру тенденциясы;
– кәсіби мәнді ақпараттың көлемінің ұлғаюы және тұлғаның қолдану аймағындағы мүмкіндіктердің шектенуі.
Жоғары оқу орындағы кәсіби мамандарды даярлаудағы инновациялық білім беру ортасын ұйымдастыру мәнін аймақтық инновациялық желілерді ақпараттық білім беру жағынан қолдауды қалыптастыру тетігін жүзеге асыру және өңдеу ерекше маңызды.
Ұсынылған бағытты жүзеге асыру университетте инновациялық білім беру ортасын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі мен инновациялық білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі бағытын айқындауға мүмкіндік берді:
1. Бірлескен жоба әрекет аймағындағы зерттеулер мен өндеулерді талап ету, мәселелердің айқын көріну негізінде кәсіптегі стратегиялық жоспарға жетудегі жауапкершілікті анықтау және аймақтық нарықтағы қатысушылардың қызығушылықтарының бірлестігі.
2. Университеттегі инновациялық желіні анықтаудағы ақпараттық өзара әрекеттесу жүйесінің құрылымын тұжырымды өңдеу.
3. Орындалатын жобаларды енгізу, бағалау жаңа мүмкіндіктерді іздеу, мәселелердің болашақтағы орынымен олардың орындалуына жағдай жасау кәсіппен білім берудің ғылыми-тәжірибелі қызығушылықтардың негізі ретінде көптеген құрылымдарды қарастыру.
4. Инвестициялық аймақ бойынша инновациялық ұсыныстар қорын құру.
6. ЖОО-дағы кәсіби дайындықтың мазмұны мен құрылымды жүзеге асырудың стратегиялық бағытын айқындау.
7. Жоба іс-әрекетіне төменгі курс студенттерін қызықтыру құралымен оқыту мүмкіндігін туғызу және оқу-жағдаятты үйірмелер жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын кәсіби-бағдарлы түрде ұйымдастыру.
8. Аймақтық инновациялық-белсенді мекемелер негізінде бітіруші кафедралар филиалдарын құру.
9. Ғылыми-тәжірибелік жобалар, бизнес-идеялар, бизнес-жоспарлар конкурстарын ұйымдастыру және жүргізу.
10. Жоғары оқу орындарда мамандардың кәсіби іс-әрекетінің инновациялық компонентін
қалыптастыру сапасымен қамтамасыз ету және бағалау негізі ретінде білім беру үдерісінің сапасын қадағалау жүйесін құру.
Аталған тенденцияны жалпылай келе, жоғары оқу орындардың инновациялық білім беру ортасына қойылатын міндеттерді құрайтын және іскерлік ортаны анықтайтын келесідей негізгі өлшемдерді бөліп көрсетуге болады: – ЖОО іс-әрекетінің барлық бағыттарын ақпараттандыру; – өндірістік аймақтағы сияқты білім беру аймағында ықпалдасқан үдерістерді белсендіру; білімді басқару; - білім беру жүйесінің кәсіппен өзара әрекеттесу құрылым желісінің иерархиясын ауыстыру; – менеджер маманының кәсіби құзыреттілік жүйесін қалыптастыруға дайындық бағытымен қамтамасыз ету; – үздіксіз кәсіби дайындықты ұйымдастыру.
Мамандардың маркетинг кешенін қалыптастыру құралы құрылымының астарында бағыт және әдіс-тәсіл түсінігінің мәні қарастырылуда. Мұның өзі төмендегі жағдайды қамтамасыз етеді:
− еңбек нарығының қажеттілігі мен ағымдық үдерісті анықтау;
− тұтынушының білім беру жағдайының құндылығына баға беру;
− білім беру үдерісінің сапасын бағалау негізі ретінде педагогикалық мониторингті ұйымдастыру;
− жаңа білім беру жағдайын нарықтық аймаққа шығару және өңдеу;
− білім беру жобасын әкімшілік тарапынан қадағалау.
Инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру жүйесін жобалау педагогикалық жағдайларды өңдеуді ұсынады. Зерттеу аймақтағы бұл контекст университет жағдайындағы ұйымдастырудың педагогикалық құралын анықтау ұстанымымен қарастырылады.
Бұл мақсатта міндетті түрде дидактикалық жағдайын қарастырған жөн. Дидактикалық жағдай білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетінің инновациялық бағытын қамтамасыз етеді. Білім алушының іс-әрекетінің инновациялық бағыттылығы қабілеттілік, энергияның жұмсалуы мен мақсат-бағдарлы әрекеттерде көрініс береді. Педагогикалық креативтік көрсеткіші өзінің алдына мақсат қоя алу қабілеті, өзіндік білім алу жолымен жетістікке жету, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру, кәсіби дайындықтың тиімділігімен сипатталынады [7, б 56].
Көптеген ғалымдар жоғары кәсіби білім беру жүйесінде технологияларды жобалау келесі өзара әрекеттескен қағидалар негізінде жүзеге асырылады: теория мен тәжірибенің өзара байланысы арқылы оқу, жеке дара және ұжымдық жұмыстың сәйкестігі, оқу мен ойынның сәйкестігі, үйретуші мен өзіндік білім алу, өндіріс пен ғылыми ықпалдасу негізінде оқыту, оқытудың педагогикалық креативтік бағыттылығы және студенттің өзіндік білім алу әрекеті тәжірибесін қалыптастыру [8, б 21-26].
Тәжірибелік жұмыс пен көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша инновациялық білім беру ортасы кең түрде өз қызметін атқаруға (бейімділік, дамыту, оқыту, белсендіру) қабілеттілігін көрсетеді. Егер төмендегі ұйымдастыру үдерісі кезінде талаптарды жүзеге асыру қажет:
1) кәсіби білім аймағына бағдарлануы: дұрыс кәсібилік, іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері мен қолдану құралдары;
2) кәсіби іс-әрекетке бейімділігі: кәсіби-бағдарлы тапсырмаларды шешу тәсілдері мен оқыту мазмұны арқылы жүзеге асырылуы;
3) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану: жаңа технологиялық негізде экономикалық тапсырмаларды шешудегі кәсіби мәнділікті талдау мүмкіндігі;
4) саналы талап қоюшылық: педагог пен студент, студент пен студент арасында қақтығыстық жағдайды тудырмау [9, б 15-17].
Оның қалыптасу жүйесін қарастыра келе, ұйымдастырудың неғұрлым жоғары деңгейдегі ақпараттық ресурстардың шоғырландыруын атап кеткен жөн. Инновациялық білім беру ортасы аймақтық көлемде, ЖОО деңгейінде қарастырып, келесі құрылымдарды бөліп көрсетуге болады:
1. Бірінші деңгей – оқшауланған құрал деңгейі: төменгі деңгейдегі компьютерлер құралын пайдалану, нақты оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған және басқа да құралдар арқылы оқыту нәтижесі бойынша ақпараттардың алмасуының болмауымен сипатталынады. Мұндағы басты мәселе – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануға тұрақты қызығушылықтардың қалыптасу үдерісі.
2. Екінші деңгей – кері байланыс құралының деңгейі: компьютерлік педагогикалық құралдар кешенін қолданумен сипатталынады. Бұл деңгей локальды компьютерлік жүйелердің жиынтығын құрайды, мысалы, оқу мекеме аймағында. Мұндағы басты мәселе – студент жұмысының әдіс- тәсілдерін бағалау, тұлғалық-мәнді құндылық құрылымдарын қалыптастыру.
3. Үшінші деңгей – нақты пәндер аймағында компьютерлік педагогикалық құралдарды жүйелі қолдану деңгейі: берілген пән бойынша педагогикалық құралдар мазмұны мен тәсілдерді кең түрде
меңгерумен және оқу мекеме аймағында оқу үдерісін автоматты түрде басқару жүйесінде технологиялық қосу мүмкіндіктерді қолданумен сипатталынады. Мұндағы басты мәселе – стратегиялық жоспарларға жетудегі бағдар және іс-әрекеттің мотивациялық негізінің қалыптасу деңгейін бағалау.
4. Төртінші деңгей – аймақтық масштабтағы ықпалдасқан деңгейі: компьютерлік құралдар кешенін қолдану, оқу үдерісіне дайындалу мақсаты мен жүзеге асыру, оқыту нәтижесін талдаудағы бірегей өлшемдер негізінде түзетулер жүргізу. Мұндағы басты мәселе – білім алушының оқу-танымдық іс- әрекетінің инновациялық бағытын бағалау.
Педагогикалық іс-әрекет табысты болуы үшін инновациялық білім беру ортасын құру қазіргі заман талабы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Лазарев В.С., Конополина Н.В. Деятельностный подход к проектированию целей педагогического образования // Педагогика. -1999. -№6.- С. 12-18.
2. Лапин Н.И. Системно-деятельностная концепция исследования нововведении: отв. ред. Д.М. Гвишиани // Диалектика и системный анализ. – М.: Наука, 1986. − С. 272- 283.
3. Пригожин А. Инноватика - зачем она? // Пробл. теории и практики упр. -1988. -№ 2. -С.6-10.
4. Сазонов Б.В. Территориальная динамика и инновации// Инновационные функции столичного мегаполиса:
материалы международной конференции. −Москва: Комитет административно-территориальных органов меж- региональных связей Правительства Москвы, 1992. - 256 с.
5. Толстой В.С. Проект новшества и программирование инновационной деятельности (к программе исследований) // Структура инновационного процесса. −Москва, 1981.
6. Сейталиев Қ.Б. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы (1920-1991 жылдар): пед. ғылымдары докторы.... автореф. - Алматы, 1998. − 47 б.
7. Бекмағамбетова Р.К. История развития учебных заведений по подготовке учительских кадров для начальной школы в Казахстане (1917-1991г.г). автореф. ... доктора педагогических наук. − Алматы, 2007. – 49 с.
8. Ахметова Г.К. Образовательный идеал в теории и практике подготовки педагогических кадров.- Алматы:
Қазақ университеті, 2000. -124 с.
9. Қайдарова А.Д. Логика исследования проблем становления и генезиса развития содержания высшего педагогического образования: учебно-методическое пособие. - Алматы: Ғылым, 1997. -300 с.
Редакцияға 10.01.2012 қабылданды.
А.Е.НИЯЗОВА
СОВРЕМЕННЫЕ ПОДХОДЫ И МЕТОДЫ ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ В ОБЛАСТИ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
Different modern approaches, methods and techniques of teaching English are described in this article.
Модернизация современного казахстанского вузовского образования требует поиска эффективных путей и способов подготовки компетентных специалистов, в том числе и в области иностранного языка.
Отличительной чертой ХХІ века является то, что он назван ЮНЕСКО «веком полиглотов», когда знание нескольких иностранных языков является необходимым условием образованности в информационном обществе. Иностранный язык становится средством межкультурного общения, а само образование из репродуктивного должно стать развивающим.
Модернизация (обновление) современного языкового образования в высшей школе подразумевает:
изменение целей и результата обучения; оптимизацию содержания обучения иностранным языкам;
изменение подходов, методов освоения содержания; индивидуализацию процесса обучения иностранным языкам; подготовку новых стандартов и программ.
Модернизация захватывает технологическую сторону обучения, т.е. подход, методы, приемы обучения иностранным языкам. В связи с новыми условиями развития общества меняется подход к образованию, а вместе с тем и методы, приемы, средства обучения. Рассмотрим подход в соответствии с которым должно строиться современное языковое образование, а также активные методы, приемы обучения иностранному языку.
История теории и практики преподавания иностранных языков богата множеством подходов, методов, приемов обучения иностранным языкам. Все они возникали вслед и на замену друг другу в соответствии с заказом общества того времени и способствовали развитию, становлению методической науки.