• Tidak ada hasil yang ditemukan

Инновациялық экономиканың дамуы – жарқын болашақ кепілі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Инновациялық экономиканың дамуы – жарқын болашақ кепілі"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Г.Ш. Мұхатай

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: [email protected]

Инновациялық экономика құру - ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды.

Жаһандану кезінде кӛптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты әсер ете бастады. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет мүмкіндігі мен әлеуметтік күтулер арасында тепе-теңдік қажет. Бүгінде Қазақстанда нақты секторға бағдар ұстана отырып, экономиканы дамыту қарқынды жүруде, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алға тартып отырған «инновациялық дамуда Қазақстанның ӛз базасын жасау қажеттігін, ең алдымен инноваторларды, жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерді жүзеге асыру». Сондай-ақ, Жолдауда кӛрініс тапқан экономикамыздың жетекші бағыты болып саналатын шағын және орташа бизнесті қаржыландыру, жұмыссыздықты азайту, тілдерді дамыту, демографиялық ахуалды жақсарту, инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын жаңғарту секілді маңызды шараларын ұйымдастыруын тапсырды.

Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:

- жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;

- жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;

- ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;

- тиісті облыстарда ӛзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;

- салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дайын бола білуі;

- әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;

- мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлуеттің ӛсуін ынталандыру;

(2)

- ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;

- қаржыландырудың әртүрлі кӛздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;

- жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;

- қоршаған орта жағдайына әсер ету;

- тәуекел деңгейі жатады.

Ғылымның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау шаралары:

- ғылым және инженерлік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеу;

- ғылымды қаржыландыру механизмінің негізі мемлекеттік-жеке әріптестің болуы;

- мемлекеттің тікелей қаржылық кӛмегі күшті ссалалық ынталандыру;

- шикізат саласына бағытталған инвестициялардың мақсатты аударымдары есебінен ғылымды дамыту үшін қор құру:

- ұлттық технологиялық даму агенттігінің болуы;

- ғылым мен білім беру саласына, адами капиталға аса кӛп кӛңіл бӛлу;

- техникалық білім беру саласын жетілдіру;

- жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау;

- отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге ӛнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау;

- отандық тауар ӛндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау.

Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады.

Энергиялық тиімділік ӛзіне негізгі қорларды жаңғырту, ӛндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын кӛтеру болып табылады.

(3)

Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның ӛзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50%-на дейін ӛндіруге мүмкіндік береді.

Кӛмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың ӛмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын кӛздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.

Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Елімізде ӛтетін «EXPO-2017» халықаралық кӛрмесінің басты тақырыбы осы энергия кӛзін үнемді пайдаланып, баламалы энергия кӛздерін ашуға тікелей байланысты болмақ.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Екі жылдан кейін үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы аяқталады. Үкімет индустрияландыру бағдарламасының келесі белесінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуі тиіс. Перспективалық технологиялық бағыттарды дамытудың сценарийі қажет» деген еді [1].

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) еліміздің жалпы ішкі ӛнімді 2015 жылға дейін 7 трлн. теңгеге дейін ӛсіруге мүмкіндік беретін маңызды құжат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Индустриялды-инновациялық бағдарлама елімізді дамыған бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосатындығын айтқан болатын. Бағдарлама аясында ел экономикасының шикізаттық емес секторын арттыру, ӛңдеу ӛнеркәсібінің еңбек ӛнімділігін ұлғайту, сондай-ақ ЖІӚ-нің энергия сыйымдылығын тӛмендету кӛзделгені белгілі. Осының арқасында халқымыздың ӛмір сүру ұзақтығын арттыру, табысы тӛмен әлеуметтік топтардың санын азайту және жұмыссыздық деңгейін тӛмендету жоспарланып отыр. Осылайша Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының еліміз үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы айрықша болып тұр. Жалпы бұл бағадарлама 2020 жылға дейінгі Үкіметтің ел экономикасын дамытуда бағдарға алған басты стратегиялық даму жоспары болып табылады [2].

Егер біз әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасқымыз келсе, егер жаһанданудың талаптарына ӛзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда ӛзіміздің дамуымызда бұдан әрі қарай да тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек. Қазақстанның экономикалық ӛсудің және бәсекеге қабі- леттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. Оны адами интеллектінің, ғылыми-техникалық

(4)

нәтижелердің жетістіктерін ӛмірге келтірудің арнасы болып табылатын инновациялар арқылы нарықтық экономикада қозғалысқа келтіруге болады.

Қазіргі экономикада инновациясыз бірде-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес.

Әр ел ӛз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық экономикада ӛз тетігін табады. Қазақстан- ның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-ӛрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жасау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инновациялық экономикаға кӛшуінің алғышарттары болып табылады.

Инновациялық экономиканың қалыптасуы Қазақстанның ХХІ ғасыр- дағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық даму- дағы жеткен жетістіктер, саяси және әлеуметтік тұрақтылық Қазақстанның әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихи кӛлемдегі алға секіру алдында тұр, оның алдында тауарлардың, қызметтердің, еңбек ресурстарының, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік рыногының бӛлінбес және динамикалы бӛлшегі болу міндеті тұр. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі

«білім экономикасы» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану, инновациялық экономиканы дамыту болып табылады. Ол үшін меншікті, адами капиталды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту талап етіледі.

Бұл ғылым мен білім беру ісінің алдына үлкен міндеттерді қояды, олар- ды дамытуда радикалды ӛзгерістерді талап етеді [3].

«Инновациялы Қазақстан-2020» форумында сӛйлеген сӛзінде Президент Н.Назарбаев бізге инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және бүтін стратегиясы қажет екендігін атап ӛткен болатын. Ӛз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, тӛрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды мақсат еткен Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын ұсынғандағы мақсаты – жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру [4]. Ұлттық жоба үш негізгі ас- пектіні қамтиды. Біріншісі, қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. Бұл қазіргі таңда білім беру үдерісіне айрықша назар аударуды талап етеді. Ӛйткені ұлттың дамуының негізі дұрыс білім ала білуде.

«Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту

(5)

мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру. Жобаның үшінші бағыты – қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған инновациялар жүйесін дамыту.

Инновация бұл – жаңа немесе жетілдірілген ӛнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже. Қазақстан ғылымы алдымыздағы басымдықты салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-тех- нологиялық міндеттерді шешуге бағытталған, қалыптасып келе жатқан ұлт- тық ғылыми-инновациялық жүйеге сәйкес келуі керек. Қазақстандағы ғылымның дамуының қиын мәселелерінің бірі оның қаржыландырылуы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы бұл сала қаржыландырудың жетіспеушілігін сезініп келді. Соңғы жылдары жағдай жақсарып келеді, дегенмен, ЖІӚ-ге шаққанда ғылымға кететін шығындар үлесі бойынша еліміз әлі тӛмен деңгейде.

Ғылымды қаржыландыру мәселелері шығындардың абсолютті кӛлемі- нің ӛсуімен шешілмейді. Қаржыландыру механизмдерінің ӛздерін ӛзгерту қажет. Қаржыландырудың ұлғаюымен бірге, іске жарамды ұйымдардың шектеулі тобын қолдау үшін ресурстарды жинақтау мақсатында тура бюджетті алушылар санын шектеу қажет.

Сондықтан, «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржыландыруды ұлғайтумен бірге ғылымды қаржыландыру тәсілдері ӛзгертілді. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш тәсілі енгізілді:

гранттық – елдің ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; бағдарламалық-мақсаттық – стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; базалық – мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдар үшін қаржыландыру.

Cонымен, осы мәселелердің барлығын кӛтере келе, қорытындылайтынымыз тӛмендегідей. Мемлекеттің негізгі инновациялық қызметі келесі шараларды қамтуы тиіс:

-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;

-ӛндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар ӛндірушілердің ӛнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;

-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін кӛтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бӛлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;

(6)

-отандық инновациялық ӛнімді халық аралық нарықта ӛткізуде қолдау және Республикадағы ӛнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру; - ғылымды қаржыландыру деңгейін арттыру және адами даму индексі кӛрсеткішін кӛтеру, «ақылды экономика» құру [5].

Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:

- ӛндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық ӛзгерістер енгізу;

- халықтың әл-ауқатын, ӛмір сүру деңгейінің жақсаруы.

- адам капиталының дамуы, инттеллектуалды ұрпақтың қалыптасуы.

Мақаланы Елбасының мына сӛздерімен аяқтағым келеді: «Инновация дегеніміз – ол тек заманауи озық технологияны қолдану емес, оны ойлап табу». Міне, сондықтан жаһандық даму мен ӛзгерістерге сай озық техника мен технологияны ойлап табуға атсалысу – әркімнің азаматтық борышы. Ал инновациялық экономиканың дамуы – ол жарқын болашақтың кепілі.

Әдебиет:

1. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауы

2. «Индустриялды-инновациялық даму технологиялық жаңғыруға бастайды» атты тақырыптағы редактор Нұрлан Жұмаханның Әсет Исекешевпен сұхбаты, «Дала мен қала» газеті, 21.08.2010

3. Нәйла Нұрланова, «Инновациялық экономика және ғылым»

мақаласы, Егемен Қазақстан, 22.07.2011

4. Серік Пірәлиев «Интеллектуалды ұлты қалыптастыру – инновациялық даму кепілі», Егемен Қазақстан, 18 мамыр 2012, http://www.egemen.kz

5. Мустафина Л.Е. «Инновацияның дамуы жаһандану жағдайындағы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі ретінде» //Транзиттік экономика. – 2010. - №3.

Referensi

Dokumen terkait