• Tidak ada hasil yang ditemukan

ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

1

ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Дүйсенбек Азанұлы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы

Кіріспе. «Инновация» туралы отандық және шетел әдебиеттерінде әр түрлі анықтама берілген. Инновация ұғымы қолданыста жай болғанымен, мағынасы күрделі. Ӛзінің эволюциялық дамуында инновация әр түрлі түсінікпен қалыптасты. И.В. Афонинаның пікірінше «әйгілі жүз жылдық метаморфозаны» ұсынған ғалым Джон А. Гобсонның еңбегін ерекше атап кӛрсеткен [1]. Құнның үш факторына, яғни «жер-еңбек-капиталға» тӛртінші фактор ретінде «ӛндірісті» қосып, «ұлғаймалы ӛндіріс саласы» деген терминді енгізген. Автор, экономиканың соңғы сферасы деп ондағы ӛндірілетін, игеріліп жатқан жаңа технологияны және капиталдан алынатын пайданы есептеді. Қазіргі кезде ақпараттық қоғамның қарқынды дамуы барысында «ақпарат» бесінші ӛндірісітік фактор болса, біздің ойымызша, ҒТП-тің қарқынды дамуы кезінде электрондық қызметтердің сымсыз байланыс жүйесінің рӛлі экономикалық тиімділігі жағынан қызметтердің алдыңғы қатарынан кӛрінуде. Демек, қоғам дамуына сәйкес ӛндіріс факторларының маңызлыдығы артып отыр.

1725 жылы ағылшын экономисі Р. Кантильон кәсіпкердің тек қана стандартты жағдайда ғана емес, сонымен қатар тәуекел жағдайлар мен инновацияда дұрыс шешім қабылдау арқылы ӛндірістің нәтижесі мен соған сәйкес пайда табу қасиеттерімен ерекшеленеді деп есептеген [2]. Бұл біздің ойымызша, кәсіпкерліктің негізгі қасиеттерінің бірі деп санауға болады.

Қазіргі заманғы инновацияның негізін салушы Й. Шумпетер 1912 жылы ӛзінің «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде ең бірінші болып

«жаңашыл» және «жаңалық енгізу» деген түсініктерді қалыптастырған болатын, яғни жаңаша ұйымдастыру қабілетімен ӛнеркәсіптік күштерді біріктіру деп есептеген [3]. Й. Шумпетер «инновация табыстың негізгі кӛзі ретінде және ол ӛз кезегінде жаңа комбинациялардың орындалуы болып табылады»-деп жазған.

Белгілі ресей зерттеушілерінің бірі С.Д. Ильенкова инновацияны «...мол материалдық қамтамасыз етудің нәтижесі, жаңа техника мен технологияны капиталдандыра отырып, еңбек ресурстарын ұйымдастырудың жаңа түрі, ұйымдастыру мен басқаруды қоса есептегендегі талдау, жоспарлау әдістерін жаңарту, т.б.» деп қарастырған [4].

Отандық зерттеушілер инновацияны кең мағынада қарастырған. Ф.М.

Днишев инновацияны «...белгілі бір саланың тиімділігін арттыру үшін еңбек ӛнімдері немесе жаңа құрал-жабдықтарды ӛндіру, тиімділігі жоғары технологиялар, тиімді энергия кӛздерін қалыптастыру, мүліктерді сақтайтын жаңа құралдар мен құрылғылар, еңбекті ұйымдасытру түрлерін жақсарту,

(2)

2

қаржы және саудада қатынастары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудегі адам ой-ӛрісінің жетістіктерін пайдалану» деп түсіндірді [5].

Б.А. Кембаев, Ф.И. Ахметов, А.К. Тулебаев және В.П. Дзекунов инновацияны

«...жаңашылдықты (новшества) әр түрлі сипатталағы – тауарлар мен қызметтерді жетілдіру немесе ӛндірісті тиімді ұйымдастыру үшін технологиялық, техникалық ұйымдастырушылық және басқа да жаңа әдістерді қолдану» деп тұжырымдаған. [6]. С.Б. Әбдіғаппаровтың айтуынша

«инновация ғылыми-негізделген идеялардың басым субъектілерімен жаңа енгізулерді және ӛңдеулерді қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамдық ӛмір деңгейін арттыруға бағытталған мақсаттарға жету үрдісі» – деп кӛрсеткен. Н.А. Барлыбаева ӛзінің «Қазақстаннның ұлттық инновациялық жүйесі: даму механизмі мен болашағы» атты еңбегінде нарықтағы табысқа жету инновациялық іс-әрекетке қатысушылардың ықпалымен жүзеге асады. Сонымен қатар «инновацияның ӛзі қалыптасу заңдылығына сай, «технологиялық қозғаушы күш» пен «нарықтық сұраныс қажеттілігінің» үйлесімінің нәтижесінде пайда болады» деп есептеген [7].

Келтірілген мәліметтердің басым кӛпшілігінде инновацияны қоғам ӛмірінің сапасын арттырумен бойланысты жаңа идея ретінде қарастырылған.

Инновация қызмет сипаты бойынша барлық салаларға әсер ете отырып, ҒТП-тің сатылап дамуы кезінде циклдық кезеңдер бойынша сол салалардың дамуына әсер етеді. Оның қоғамдық ӛмірде тұтыну кезінде нәтижелігі мен тиімділігі жағынан әр түрлі екенін кӛруге болады. Кейбір инновациялар жоғары нәтижелі және тиімді болса, ал кейбіреулері керісінше болады. Егер пайда болған жаңа идея нақты секторларда қолданылып, оның экономикалық тиіміділігі мен маңыздылығы кең кӛлемде дами түссе, бұл ауыл экономиксының дамуында мол мүмкіндік қалыптастырады деп санаймыз.

Инновацияның қоғам ӛміріндегі маңыздылығының артуына байланысты қазіргі кезде мағынасы кеңейіп, инновациялық жоба, инновациялық қызмет, инновациялық инфрақұрылым, инновациялық қор ұғымдары қолданысқа ене бастады.

Инновацияның маңыздылығын зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастыратын болсақ: А. Садуакасов «...инновациялық тәжірибені ӛндіріске қолданбай тұрып бәсекеге қабілетті ӛнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күштерін осы салаға жұмылдырып келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестікті жетілдіруде инновация – ӛнімнің ӛзіндік құнын азайту, инвестициялар кӛлемін арттыру, ӛнім ӛндірушілердің имиджін қалыптастыру және жаңа рыноктарды бағындырудағы аса тиімді құралға айналуда» – деп кӛрсеткен [8].

Р. Алшановтың еңбегінде инновациялық инфрақұрылымның маңыздылығы «...адам ресурстарын капиталдандыруға, қоғамдық капиталдың ӛнiмдiлiгiн ӛсiруге, зияткерлiктi қажетсiнетiн қызмет салаларында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған қажеттiлiктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді» – деп кӛрсеткен және оған: инновациялық бiлiм беру, бизнес-технологиялық кешендерге бiлiктi

(3)

3

адам ресурстарын тарту, сондай-ақ технологиялар трансфертермен қамтамасыз ету саясатын жүргiзетін инфрақұрылымдық кешендерді жатқызған [9]. Бұл жерде автордың адам ресурстарының сапалық әлеуетін арттыруға бағытталған салаларға баса кӛңіл бӛлгенін байқауға болады. Біз келтірілген пікірмен толық келісеміз. Себебі, қоғам дамуына сәйкес, адам қажеттіліктері арта түсуде. Осы қажеттіліктерге байланысты шикізат ресурстарына тәуелді емес балама экономика құру үшін ең алдымен оны дамытатын еңбек ресурстарының сапалық әлеуетін арттыратын әлеуметтік салаға баса назар аудару қажет деп есептейміз.

Жаһандану үдерісіне сәйкес, білім беру мен жаңа ақпараттық- технологиямен қамтамасыз ету, интернет және сымсыз байланыс жүйесін сапалы деңгейге кӛтере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымның барлық элементтеріне ауыл тұғындарының толық қолжетімділігін қамтамасыз ету – еліміздің әлеумеметтік-экономикалық дамуына әсер етуші негізгі фактор болып табылады.

Отандық ғалымдар Кенжегозин, Қошанов, Әлиев, Сағадиевтердің еңбектерін негізге алатын болсақ, қай елдің болмасын ӛндіріс деңгейінің ӛсуі қазіргі замаға сай инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне тәуелді деп түсіндіреді [10]. Инфрақұрылымның маңыздылығын қазіргі заманғы технологияны енгізуге және әлемдік нарықта бәсекені арттыруға мүмкіндік береді деп кӛрсете отырып, оған алдыңғы қатарлы дамыған кӛлік құралдарын, логистика және телекоммуникацияны жатқызды. Біздің ойымызша, бұл пікірде кӛбінесе ӛндірістік және материалдық инфрақұрылымдарға баса назар аударылған. Ал қазіргі кездегі инфрақұрылымның ерекшелігі ақпараттық қоғам мен интернет, компьютердің дамуымен маңызы болып отыр.

Инновацияның мәні мен маңыздылығын анықтау кезінде біз оның кез- келген сала дамуындағы ерекше маңызға ие екендігін кӛреміз.

Қорытындылай келе, инновацияның мәні мен индустриялдық қоғамдағы орнын келесідей сипаттауға болады.

1. Инновация жаңа негіздегі ӛнер табысы, қызмет түрлері мен шаруашылықты жүргізудің жаңа әдіс тәсілдері, заманауи талаптарға сәкес білім мен ғылымды дамытудың нәтижесінде пайда болатын ӛндірісті ұйымдастыру мен шоғырландыру, басқарудағы жаңашылдық, жоғары сападағы жаңа ӛнімдерді ұсыну.

2. Инновацияның қоғамдық ӛмірдегі маңыздылығы – кез-келген саланың табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында пайда болған жаңа идеялардың нәтижесінен кӛрінеді. Сол себепті инновациялық тәжірибені ӛндіріске қолданбай тұрып бәсекеге қабілетті ӛнім алу мүмкін еместігі қазіргі кезде барлық елдерде анықталып отыр.

3. Қазіргі индустриялық қоғамда ғылым, білім және ақпараттық технология, интернет, компьютердің маңыздылығы артып, оны ӛндірісте кеңінен пайдалану ӛнім ӛндірушілердің имиджін қалыптастыру, ӛндірісті жаңа негізде дамытудың әр түрлі мүмкіндіктерін пайдалану, инвестициялар

(4)

4

кӛлемін арттыру, жаңа рыноктарды бағындыру, ӛнімнің ӛзіндік құнының тӛмендеу және басқа да артықшылықтарымен сипатталатын аса тиімді құралға айналып отыр.

4. Инновациялық потенциалды бағалауда экономикалық инновациялық субъектілердің даму мүмкіндігін анықтайтын: интелектуалдық, қаржылық, ғылыми-техникалық, ақпараттық, институционалдық секілді сандық кӛрсеткіштері, ал инновациялық технологияларды енгізу деңгейі, сапа менеджмент жүйесін енгізу деңгейі секілді сапалық кӛрсеткіштеріне жаңа ұсынылымдардың қолданыс аясының кеңею деңгейі деген ұғымды қосу маңызды деп есептейміз. Себебі адам ресурстарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда рухани, мәдени құндылықтарды арттыруда оның ауқымын кеңейту ӛте маңызды болып саналады.

5. Республикамыздың нақты секторларының ішіндегі дамуы әлсіз ауыл шаруашылығындағы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілер заманауи керекті құралдармен толығымен қамтамасыз етілмеген. Техникалық эксплуатациясы бойынша қажетті арнайы мамандандырылған құрылымдармен жарақтандыру, ақпараттар мен экономикалық жағынан тиімді электрондық ӛнімдермен қамтамасыз ету деңгейі тӛмен. Ауыл тұрғындарының ӛміршеңдік деңгейін арттыру мен ынталандыруда басқару мен ұйымдастырудың бұрынғы әдістерін қолдану тиімсіз. Сол себепті ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жедел арттыруда инновациялық негіздегі механизм керек.

Қорытынды. Келтірілген ұсыныстар еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайын арттып, Республикамыздың жедел экономикалық дамуындағы инновацияның маңызды екенін айқындайды. Бірақ, Қазақстан Республикасындағы ғылым мен инновацияның даму үрдістері бойынша мәселелер бар екендігі жасырын емес. Сол себепті ғылым мен білім, ақпараттық-технологиялар дәуіріндегі Республикамыздың ғылымы мен инновациясының даму жағдайы мен мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы зор.

Әдебиеттер:

1. Томпсон А.А., Стриклеид А. Стратегический менеджмент: искусство разработки и реализации стратегии. / Пер. с англ.; под ред. Л.Г.Зайцевой. – М.: 1998. – С.158

2. Лозовский Л.Ш., Райзберг Б.А. и др. Универсальный бизнес-словарь.

– М.,1997. – 272 б.

3. Токсобаева Б.А. Методологические подходы к качеству и конкурентоспособности продукции. // Реформа. – Бишкек, 2003. – №3. – С.70-72.

4. Инновационный менеджмент: учебное пособие. / Под ред. С.Д.

Ильенковой. – М.: ЮНИТИ. – 1997. – 328 с.

(5)

5

5. Днишев Ф.М. Особенности инновационного типа развития производительных сил // Известия МОН РК, НАН РК. Серия общественных наук. – 2002. – №2. – С.12-20.

6. Кембаев Б.А., Ахметов Ф.И., Тулебаев А.К., Дзекунов В.П.

Инновационная деятельность в Республике Казахстан: состояние и проблемы развития: аналитический обзор. – Алматы: КазГосИНТИ, 2002. –78 с.

7. Барлыбаева Н.А. Национальная инновационная система Казахстана:

перспективы и механизм развития. – Алматы, 2006. – 152 с.

8. Садуакасов А. Инновация-бәсекеге қабілеттілік кепілі. // Егемен Қазақстан газеті. – 2008, 10-қазан.

9. Алшанов Р. Жаңа экономика, инновация және бәсеке қабілеттілік //

Егемен Қазақстан газеті. – 2006, 16-қыркүйек.

10. Кенжегозин М.Б., Қошанов А.Қ., Әлиев О.Ж., Сағадиев К. Экономика Әлемдік классика: оқулық. – Алматы, 2006. – Т. 9. – 324 б.

Referensi

Dokumen terkait