• Tidak ada hasil yang ditemukan

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ДАМУЫ ФАКТОРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ДАМУЫ ФАКТОРЫ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 512.8.047.98

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ӚНІМДІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ДАМУЫ ФАКТОРЫ

Бақбергенова Несібелі Зәурбекқызы

«Қазақ-Қытай» академиясы, Қызылорда қаласы Ғылыми жетекшісі – Ахметова Асель Булатовна

Ақпараттық технологиялардың қазіргі әлемін берілген базасынсыз ұсыну мүмкін емес. Тәжірибелік түрде сол не басқа дәрежесіндегі барлық жүйелер ақпаратты ұзақуақытта сақтау мен ӛндіру функцияларымен байланысты. Фактілі түрде ақпарат әрекеттің кез-келген саласының тиімділігін анықтайтын фактор болады. Ақпараттық ағымдар кеңейді және берілгендерді ӛндірудің жылдамдығына қойылатын талаптар күшейді және қазір операциялардың кӛбісі қолдан орындала алмайды, олар аса перспективті компьютерлік технологияларды қолдануға талап етеді. Кез-келген администрациялық шешімдер жүріп жатқан жағдайдың нақты және дәл бағасын және оның ӛзгеруінің ықтимал перспективаларын талап етеді.

Есептеуіш техника тарихында, оны қолданудың екі негізгі аумағының қалыптасуын бақылауға болады. Бірінші аумақ – ӛте ұзақ және қолдан жүргізу мүлдем мүмкін емес сандық есептерін орындау үшін есептеуіш техниканы қолдану. Осы аумақтың қалыптасуы қиын математикалық есептерді сандық шешу әдістерінің интесификациясын, сандық алгоритмдерді ыңғайлы жазуға бағытталған программалау тілдерінің пайда болуына және ЭЕМ-ның жаңа архитектураларының жетілдірушілерімен кері байланыс болуын жасады.

Тікелей біздің тақырыпқа жататын екінші бӛлік – бұл автоматты немесе автоматталған ақпараттық жүйелерде есептеуіш техниканың жабдықтарын қолдану.

Компьютерлік техниканың пайда болуы және тікелей рұқсатты сыйымды сыртқы еске сақтау құрылғылардың пайда болуы автоматты және әртүрлі мӛлшердегі, әртүрлі арнаудағы жүелердің интенсивті қалыптасуын алдын ала анықталған. Компьютерлік жүйелер әдетте жеткілікті қиын структурасы бар ақпараттың үлкен кӛлемдерімен жұмыс жасайды, ӛндіруде оперативтілікті талап етеді, ол әрдайым жаңартылады және сонымен қатар ұзақ сақтауды талап етеді.

Жүйе деп бір-бірімен қарым-қатынаста, байланыста болатын элементтер жиынын айтамыз. Бұл жердегі элементтер арасындағы ішкі байланыстар сыртқы ортамен салыстырғанда әлдеқайда күштірек. Бір элементтер оларды жүйеге біріктіру принципіне сәйкес қасиеттері әртүрлі жүйелер құрауы мүмкін. Жалпы жүйе сипаттамаларын оның элементтерінің сипаттамалары емес, олардың арасындағы байланыстардың сипаттамалары анықтайды. Элементтер арасындағы қарым-қатынастың (байланыстың) болуы күрделі жүйенің ерекше қасиеті – ұйымдасқан күрделілікті береді, яғни кез-келген бір байланыстың ӛзгеруі қалған байланыстар сипаттамаларының ӛзгерісіне әкеп соқтырады. Жүйеге жаңадан элемент қосу оныған бұрынғы элементтердің арасындағы байланыстарды ғана енгізіп қоймай, сонымен қатар бұрыннан бар байланыстардың біразының немесе барлығының сипаттамаларының ӛзгеруіне, тіпті кейбіреулерінің жойылуына және жаңа байланыстардың пайда болуына әкеледі.

Жүйе қасиеттері. Жүйеге келесі негізгі қасиеттер тән: оның күрделілігі; бӛлінуі;

бүтін болуы; элементтерінің және олардың табиғатының алуан түрлілігі;

құрылымдылығы.

Жүйенің күрделілігі оған кіретін компоненттердің кӛп болуына, олардың құрылымдық байланысына, сонымен қатар ішкі және сыртқы байланыстардың күрделілігіне тәуелді.

(2)

Жүйенің бӛліну мүмкіндігі оның құрамында нақты талаптарға жауап беретін қандай да бір белгілері арқылы ажыратылатын ішкі жүйелері мен элементтерінің болуын білдіреді.

Жүйенің бүтіндігі жүйе элементтері жиынтығының қызметінің ортақ мақсатқа бағынатынын, жүйе қасиеттерінің оны құрайтын элементтер қасиеттерінің қосындысына келтірілмейтін және осы қосындыдан шықпайтынын білдіреді.

Жүйе элементтерінің және олардың табиғатының әртүрлі болуы оладың функционалдық ерекшеліктеріне және автономдылығына байланысты.

Жүйе құрылымдылығы ішкі элементтер арасында орнаған байланыстар мен қатынастардың болуын, жүйе элементтерінің иерархия деңгейлері бойынша бӛлінуін анықтайды.

Сыртқы орта. Жүйе ӛз бетінше оқшауланған емес, оған кірмейтін кӛптеген басқа элементтердің ортасында болады. Белгілі бір есепті шешу кезінде сыртқы жиынның барлық элементтері емес, тек қарастырылып отырған жүйеге қандай да бір қатысы бар және осы есепті шешу барысында ол үшін сыртқы ортаны құрайтындары ғана алынады.

Сыртқы орта – бұл кез-келген табиғаты бар элементтерден тұратын жүйелердің жиынтығы. Бұл элементтер жүйеге әсер етеді және оның ықпалында болады, яғни сыртқы орта элементтерінің жалпы жүйемен не оның ішкі элементтерімен байланысы болуы қажет.

Ішкі жүйе. Әрбір жүйенің элементтер жиынын қандай да бір белгілері бойынша ішкі жүйе деп аталатын нақты бӛліктерге ажыратуға болады. Ішкі жүйе – белгілі бір ереже және принципке сәйкес жүйе құрамынан оқшауланған түрлі элементтердің ӛзара байланысқан жиыны. Автоматтандырылған жүйе үшін ішке жүйелерге бӛлу бӛлшектеудің қажет деңгейінде мына түрде жүргізіледі: бӛлшектеу алынған ішкі жүйе басқару функциясын орындай алмаған кезде тоқтатылады.

Құрылым – жүйенің функционалдық тағайындалуы мен оның сыртқы ортамен байланысын анықтайтын элементтер арасындағы ішкі байланыстардың салыстырмалы түрдегі тұрақты тәртібі.

Байланыстар. Элементтер арасындағы байланыстардың 3 типі белгілі:

функционалды қажетті; толымды; сингерикалық байланыстар. Олар кейбір бӛліктерді корпоративтік әрекеті кезінде олардың жалпы әсерін осы бӛліктердің бӛлек жұмыс жасағандағы әсерлерінің қосындысынан үлкен шамаға дейін ӛсіруді қамтамасыз етеді.

Жүйе мен сыртқы орта арасындағы, ішкі жүйелер арасындағы байланыстар бағытталған сипатта болады. Жүйенің ішіне бағытталған байланыстар жүйенің кірістері деп, ал сыртқа бағытталғандары шығыстары деп аталады. Жүйе күйінің ӛзгеруі оның шығыстарының күйіне әсер етеді. Шығыстардың қажетті күйі жүйенің мақсаты деп аталады да, шығыстардың күйінің ӛзгеруін анықтайтын функция жүйенің мақсатты функциясы деп аталады. Шығыстардың нақты күйінің қажетті күйінен ауытқуын бағалау үшін мақсат критерийі енгізіледі.

Жүйені қарастыру кезінде байланыстың келесі типтері кездесуі мүмкін:

 сыртқы ортамен;

 ӛзі құрамына кіретін жоғарғы деңгейлі жүйемен;

 бір деңгейдегі ішкі жүйелермен;

 осы жүйені құрайтын ішкі жүйелермен.

Басқару. Басқару объектісі мен басқару құрылғысының қатынасуы арқылы басқару процесін жүзеге асыратын жүйені басқару жүйесі деп алайық. Басқару процесі ретінде берілген эффективтілік критерийі мен анықталған шектеулері бар басқару мақсатына бағытталған басқару объектісіне әсер ету процесін қарастырамыз. Объектіге басқарушы әсерді шығару процесі келесі этаптардан тұрады:

 әсер ету мақсаты мен басқа ішкі жүйелердегі мүмкін болатын ӛзгерістерді анықтау;

 әсер ету жолдарын, әдістерін және құралдарын жасау;

(3)

 ұйымдастыру жүйесін құру;

 шешім қабылдаумен оны ендіру;

 ендіру процесін бақылау;

 әсер ету нәтижелерін талдау мен қабылдаған шешімді жүзеге асыру кезінде орын алған қателіктерді жӛндеу.

Оптималды басқару қандай да бір тимділік критерийі бойынша берілген мақсатқа сәйкес мүмкін болатын кӛптеген басқарушы әсерлердің ішінен ең жақсыларын таңдау арқылы орындалады. Бұл басқару шектеулерді ескеру және басқару объектісінің күйі мен сыртқы орта туралы ақпарат негізінде жүргізіледі.

Әдетте компьютерлік жүйенің ішінде жинақтауға, сақтауға, іздеу және текстілік немесе фактографиялық мәліметтерді ӛңдеуге бағытталған қолданбалы программалық ішкі жүйе бар. Компьютерлік жүйенің басым кӛпшілігі пайдаланушымен сұхбаттық режимде жұмыс жасайды.

Жалпы жағдайда компьютерлік жүйенің құрамына кіретін типтік программаларыға кіретіндер компоненттер:

 сұхбаттық енгізу-шығару;

 сұхбат;

 берілгендерді ӛңдеудің қолданбалы логикасы;

 берілгендерді басқару логикасы;

 файлдар мен қорды басқару амалдары.

Корпоративті компьютерлік жүйелер деп программалық қамтамасыз етуде орнатылған және құрылған мамандандырылған программаның жабдықтау мен есептеуіш аппараттық платформалар жиынтығын айтады.

Корпоративті компьютерлік жүйеге әсер етуші факторларды қарастырайық. Соңғы уақытта барлық жетекшілер қазіргі заманғы талаптарға сай бизнестің нәтижелі басқарылуының қажетті құралы ретінде қарастырылатын корпоративті компьютерлік жүйелерді ӛндіріске орнатудың маңыздылығын түсіне бастады.

Корпоративті компьютерлік жүйенің дамуына әсер ететін маңызды үш факторды қарастыруға болады:

 ӛндірісті басқару әдістерінің дамуы;

 компьютерлік жүйенің ӛнімділігі мен жалпы мүмкіндіктерінің дамуы;

 техникалық және компьютерлік жүйенің программалық ӛткізу элементтеріне сәйкес дамуы.

Енді осы үш факторға жеке-жеке тоқталайық.

Ӛндірісті басқару әдісі - бұл әлемдік рынокте үнемі ауыспалы жағдайда болатын кең спектрмен қамтамасыз етілген. Барлық уақытта ӛсу деңгейінде болатын бәсеке компания жетекшілеріне ӛзінің рыноктағы орнын сақтаудың жаңа әдестерін іздеуді және ӛз іс-әрекетінің тиімділігін қолдау керек. Бұндай әдістерге диверсификация, децентрализация, сапалы басқару және т.б. жатқызуға болады. Қазіргі заманғы компьютерлік жүйе менеджмент практикасының және теориясының барлық жаңалықтарына жауап беру керек. Сӛз жоқ, бұл ӛте манызды фактор, себебі функционалдылықты талап етуге жауап бермейтін қозғалмалы техникалық жүйенің қатынасын жасау

Компьютерлік жүйедегі прогресс, желілік технологияның және берілгендерді жіберу жүйесінің дамуы, компьютерлік техниканының кең мүмкіндікті интеграциясы әртүрлі жабдықтармен Компьютерлік жүйенің ӛнімділігін және оның функционалдылығын үнемі ӛсіріп отыруға кӛмектеседі. Кейінгі жылдары Компьютерлік жүйе аппараты бӛлігінің дамуымен параллель КЖ программаларын техникалық дамуының ӛте ынғайлы және әмбебап жаңа түрін іздестіруде.

Кейінгі жылдары компьютерлік жүйенің дамуына ӛте зор ықпал ететін үш жаңалықты атап кӛрсетуімізге болады:

(4)

 Программалардың жаңа тәсілі 90-шы жылдың басында объектілі- бағыттаушы программалау модульдікті ығыстырып шығарды; қазіргі уақытқа дейін объектілік модельді құру әдісі үзіліссіз жалғасуда. Техникалық объектілі-бағыттауды кӛрсетуді орнатудың арқасында күрделі компьютерлік жүйе дамуы қарапайымданды.

 Желілік технологияның дамуы арқасында локальды компьютерлік жүйе жаппай кӛпдеңгейлік және клиент-серверлікке ауыстырылуда.

 Интернет желісінің дамуы шеткері бӛліктермен жұмыс істеу мүмкіндігіне әкелді, бұл электронды коммерцияның кең кӛлемді дамуына жол ашты, Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет кӛрсетуге және т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.

Сонымен бірге, Интернет-технологиясын қолдану ӛндірістің интражелілік мүмкіндіктерінің артуына әкелді.

Корпоративті компьютерлік жүйенің құрамындағы бір-біріне тәуелсіз екі құраушыны бӛліп кӛрсетуімізге болады:

 Ұйымның компьютерлік инфрақұрылымы. Ол телекоммуникациялық, компьютерлік программа және ұйымның инфрақұрылымы, желінің жалпылығын кӛрсетеді. Осы берілгендер негізінен корпоративті желі деп аталады.

 Ӛзара байланысты функционалды ішкі жүйелер, олар ұйымның алдындағы мақсаттар мен міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

Алғашқы құраушы кез келген компьютерлік жүйеде жүйелік-техникалық, құрылымдық жағын кӛрсетеді. Бұл негізінен компьютерлік жүйенің қасиетін толық анықтайтын және оның тиімді эксплуатациялануына мүмкіндік беретін, функционалдық ішкі жүйелерді интеграциялауға мүмкіндік береді. Екіншісі толығымен қолданбалы облысқы жатады және ӛндірістің тапсырмасы мен мақсатының ӛзгешелігіне толығымен тәуелді болады. Бұл құраушылар толығымен ӛндірістің компьютерлік инфрақұрылымын негіздейді және компьютерлік жүйенің қолданбалы қызметін анықтайды. Екі осындай қасиеті бар компьютерлік жүйенің қарым-қатынасы ӛте күрделі, бір жағынан бұл екі құраушылар белгілі жағдайда тәуелсіз. Басқа жағынан, бұлар белгілі бір ойда бір-біріне бағынады. Функционалды ішкі жүйе компьютерлік инфрақұрылымсыз бар бола алмайды.

Сонымен қатар компьютерлік ақпарат керекті тәуелділігі болмағандықтан ӛздігінен кӛп мӛлшерде шектеулі. Желілік инфрақұрылымы болмағандықтан бӛлінген ақпараттық жүйені маңызды құрылымдар ретінде компьютерлік инфрақұрылымды құрастырудан бастаумыз керек. Корпоративті желі кӛптеген жылдардан бері алдынғы орында. Оны толық ӛңдеудегі шығын және орнатуы ӛте қымбат, яғни ол бар желіде іс жүзінде толық және бӛліктеп ӛңдеуге жіберілмейді. Функционалды ішкі жүйе, компьютерлік желімен салыстырғанда ӛз арасында ӛзгермелі, яғни оның ұйымдық іс-әрекетінің заттық облысында әрқашан аз-маз ӛзгеріс болады, компьютерлік жүйенің функционалдығы ұйымның ұйымдық-басқарушылық құрылымына, оның функционалдығына, құжат алмасу технологиясы және басқа кӛптеген факторларға тәуелді болады.

Компьютерлік жүйелері жасау барысына келесі принциптер кіреді:

1. Компьютерлік жүйенің жасаулы, функционалдау және дамуы кезінде ең маңыздысы болып жүйелілік принципі табылады. Ол зерттелетін объектіні бүтін бірлік ретінде қарастыруға; осы негізде жүйенің бүтіндігін қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер арасындағы байланыстардың түрлі типтерін кӛрсетуге; жүйе жұмысының ӛндірістік – шаруашылық бағытын, орындалатын нақты функцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік зерттеу макро- мен микрозерттеу деп аталған екі аспектілік талдаудың орындалуын талап етеді.

2. Макроанализ кезінде жүйе және оның элементі жоғарғы деңгейлі жүйенің бӛлігі ретінде қарастырылады. Ақпараттық байланыстарға ерекше мән беріледі: олардың саны анықталып, жүйені зерттеу мақсатында кездесетін байланыстар алынып, талданады, сонаң соң берілген мақсатты функцияны жүзеге асыратын ең ықтималдары таңдалады.

(5)

3. Микроанализ кезінде объектінің құрылымы зерттеледі, осы құрайтын элементтер басқа элементтермен және сыртқы ортамен байланысы арқылы кӛрінетін функционалдық сипаттамалары жағынан талданады.

4. Компьютерлік жүйе оның функциялары мен қамтамасыз ету түрлерін үнемі толықтырып отыру жіне жаңарту мүмкіндіктерін ескере отырып жасалуына негізделетін принцип даму принципі деп аталады. Мұндағы компьютерлік жүйе ӛз есептеу мүмкіндіктерін арттыруы, жаңа техникалық және прграммалық құралдарды пайдалануы, тапсырмалар шеңбері мен мәліметтер қорының жүйесі түрінде құрылатын ақпараттық қорды үнемі үлкейтіп, жаңартып отыра алатындай болуы тиіс.

5. Үйлесімділік принципі түрі, деңгейі ӛзгеше болатын компьютерлік жүйелердің олардың бірлесіп функционалдауы процесінде байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге негізделген.

6. Стандарттау мен унификациялау принципі компьютерлік жүйенің функционалдауының типтік, унификацияланған және стандартталған элементтерін қолдану қажеттілігіне негізделген. Бұл принципті ендіру жинақталған тәжірибені барынша пайдалану арқылы компьютерлік жүйені құруға кететін уақыттық, құндық және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Эффективтілік принципі компьютерлік жүйені құруға кеткен шығындар мен жүйе функционалдауы кезінде пайда болатын мақсатты эффект арасында рационалды қатынасқа жетуге негізделген.

Әдетте, басқаруды эффективті жүргізу үшін негізгі принциптерден басқа жалпыларды бӛліп кӛрсететін бірқатар жеке принциптерді қарастырады. Осы жеке принциптердің әрқайсысын орындау белгілі бір экономикалық эффект алуға мүмкіндік береді:

1. Декомпозиция принципі элементтер мен жалпы жүйенің қасиеттері, ерекшеліктерін зерттеу кезінде қолданылады. Ол жүйені бӛліктерге бӛлуге, бӛлек жұмыс комплекстерін алуға негізделген, және жүйені талдау мен жобалаудың тиімдірек болуы үшін жағдай жасайды.

2. Бірінші басқарушы принципі бойынша жүйінде жасау кезінде жауапкершілік тапсырыс беруші – мекеме, кәсіпорын басшысына, яғни компьютерлік жүйенің іске қосылуы мен функционалдауына жауап беретін болашақ пайдаланушыға жүктеледі.

3. Жаңа есеп принципі – жүйе мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп отыру ізденісі, басқару процесін жетілдеру, басқарушы шешімді оптимизациялдау мақсатында қосымша нәтижелік кӛрсеткіштерді алу.

4. Ақпараттық ағын мен құжатайналымын автоматизациялау принципі информацияның тіркеу моментінен бастап, нәтижелік кӛрсеткіштерді алу мен басқарушы шешімдерді шығаруға дейінгі барлық ӛту кезеңдерінде техникалық құралдардың комплекстік қолданылуын кӛздейді.

5. Жобалауды автоматизациялау принципі ӛнеркәсіптік әдістерді ендіру арқылы уақыттық, құндық және еңбек шығындарын азайтуды қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының барлық деңгейлерінде компьютерлік жүйені жасау мен жобалау процесінің эффективтілігін арттыруды мақсат етеді.

Қаралған базалық принциптер ӛте маңызды ұйымдастыру технологиялық принциптермен толықтырылады; бұлардың орындалуынсыз жаңа ақпараттық технологияның жасалуы мүмкін емес:

1. Абстрактілеу принципі мәселені талдау мен жобалауға ыңғайлы болатындай жалпы қарапайым түрде кӛрсету үшін жүйенің маңызды аспектілерін басқаларынан ерекшелеуге негізделеді.

2. Формальдау принципі мәселені қатаң методикалық түрде шешу, зерттелетін процестерді сипаттау мен модельдеуінің формальданған әдістерін қолдану қажеттілігіне сүйенеді.

(6)

3. Концептуалды біріктеру принципі компьютерлік жүйе мен оны құраушыларды жобалаудың барлық этаптарда ортақ методологияны бұлжытпай орындауға негізделген.

4. Қамтылу және қарсы келмеу принципі жаңадан пайда болған жүйеде қажетті элементтердің барлығының болуы және олардың үйлесімді қарым-қатынасы.

5. Мәліметтердің тәуелсіз болу принципінде мәліметтер модельдерінің оларды ӛңдеу процесінен, олардың физикалық құрылымы мен техникалық ортада үлестірілуінен тәуелсіз талдануы және жобалануы керек екендігі айтылған.

6. Мәліметтерді құрылымдау принципі жүйенің ақпараттық базасының элементтерін құрылымдау мен иерархиялық ұйымдастыру қажеттілігін кӛрсетеді.

7. Пайдаланушыға ену мүмкіндігін беру принципі пайдаланушыда тікелей (программалаусыз) қолдана алатын мәліметтер базасына ену құралдарының болуына негізделеді.

Келтірілген принциптер компьютерлік жүйенің құрылуы мен функионалдауының барлық стадияларындағы жұмыс кезінде орындалуы қажет.

Әдебиеттер тізімі

1. Алексеев В.Е., Ваулин А.С. Вычислительная техника и программирование. -М.: Высшая школа, 1991. - 271 с

2. Голицына О.Л., Максимов Н.В., Попов И.И. Базы данных: учебное пособие. - М.:

ФОРУМ: ИНФРА - М, 2003. - 352с.

3. Дж. Куртер, А. Маркви Місгоsoft оffiсе 2000: учебный курс, СПб.: Питер, 2002.-358с.

4. Джулия Келли, Самоучитель Ассеss 97, Спб.: Питер, 2000. - 214 с.

5. Карпова Т.С. Базы данных: модели, разработка, реализация. СПб.: Питер, 2001.-304с.

Referensi

Dokumen terkait