Бегімбай К.М.
ДИЗАЙН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САЛАЛАРЫНА МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағы
ПРОБЛЕМЫ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ
СПЕЦИАЛИСТОВ
В ОБЛАСТИ ДИЗАЙНА И ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
Сборник
науно-методических публикаций
АСТАНА-2010
ББК А
Рецензенттер:
Е.С.Асылханов, ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, өнер профессоры.
Т.К. Мусалимов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Авторы: К.М.Бегімбай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі
ДИЗАЙН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САЛАЛАРЫНА МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағы
Ғылыми-әдістемелік басылымдар жинағына автордың көркем өнерден білім берудегі жинақтаған к өп жылғы тәжірибесінің нәтижесі ретінде жарық көрген еңбектері енгізілген. Көркем өнер пәндерін оқытудың сапасын арттыру мәселелерін қарастыратын ізденіс жұмыстарымен қатар компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн және бейнелеу өнері салаларына мамандар даярлау мәселелерін қарастыратын еңбектері орын алған.
Аталмыш жинақ кескіндеме, компьютерлік графика және компьютерлік технология қолдану арқылы оқытылатын дизайн мамандығының арнайы пәндерінен сабақ беретін оқытушыларға қызықты болады деп сенім білдіреміз.
ББК ISBN
Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми- әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған. 2010 ж.
ПРИЛОЖЕНИЯ COREL DRAW НА НАЧАЛЬНОМ ЭТАПЕ ОБУЧЕНИЯ 4 2. СПОСОБЫ СОЗДАНИЯ РАСТРОВЫХ ИЗОБРАЖЕНИЙ С ПОМОЩЬЮ ГРАФИЧЕСКОГО
РЕДАКТОРА COREL PHOTO-PAINT 7
3. МЕТОДЫ ПРИМЕНЕНИЯ КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКИ В РЕКЛАМНОМ ИСКУССТВЕ 11 4. О ПРОБЛЕМАХ ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИНЫ «КОМПЬЮТЕРНАЯ ГРАФИКА» ДЛЯ
ХУДОЖЕСТВЕННЫХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ ВУЗОВ 13
5. ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ИНФОРМАЦИОННОЙ ТЕХНОЛОГИИ
В ПОДГОТОВКЕ БУДУЩЕГО СПЕЦИАЛИСТА 17
6. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ»
ОҚЫ ТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 22
7. ВЛИЯНИЕ АКАДЕМИЧЕСКОЙ ШКОЛЫ НА РАЗВИТИЯ РУССКОЙ ЖИВОПИСИ
ВТОРОЙ ПОЛОВИНЫ XVIII ВЕКА 25
8. ОСОБЕННОСТИ ВОСПРИЯТИЯ ЦВЕТА В ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОМ ИСКУССТВЕ 31 9. РОЛЬ НОВЫХ ХУДОЖЕСТВЕННЫХ МЕТОДОВ М. ВРУБЕЛЯ В СТАНОВЛЕНИИ
ТВОРЧЕСКИХ ТЕНДЕНЦИИ В РУССКОМ ИСКУССТВЕ XX ВЕКА 36 10. АЛГОРИТМИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ КУРСА КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКИ 41 11. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «КОМПЬЮТЕРЛІК
ГРАФИКА» ПӘНІНЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАУ ШАРТТАРЫ 47 12. ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ БУДУЩЕГО УЧИТЕЛЯ
ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА И ЧЕРЧЕНИЯ ПРИ КОМПЬЮТЕРНОМ ОБУЧЕНИИ 55 13. ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ СИСТЕМЫ КРЕДИТНОГО ОБУЧЕНИЯ В ПОДГОТОВКЕ
БАКАЛАВРОВ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА 60
14. КОМПЬЮТЕРНАЯ ГРАФИКА КАК ИНОВАЦИОННОЕ СРЕДСТВО ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ
ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ 64
15. БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕ ПӘНІНЕН КӨРКЕМ
ТҮЙСІНУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 68
16. ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ПРОМЫШЛЕННОГО
ДИЗАЙНА В КАЗАХСТАНЕ 78
17. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАР 83
18. «ДИЗАЙН» МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕСКІНДЕМЕ»
ОҚУЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 93
19. БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 98 20. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ
ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 103 21. МЕТОДЫ СОЗДАНИЯ ЛОГОТИПОВ С ПОМОЩЬЮ ГРАФИЧЕСКОГО
РЕДАКТОРА CorelDRAW 110
22. ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ПОДГОТОВКА СПЕЦИАЛИСТОВ С ПРИМЕНЕНИЕМ
КОМПЬЮТЕРНО-ГРАФИЧЕСКИХ ПРОГРАММ 115
23. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ 117 24. ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДИЗАЙН САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛЫ 126
25. СОДЕРЖАНИЕ ДИСЦИПЛИНЫ «ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ КОМПЬЮТЕРНЫЕ
ПРОГРАММЫ» 130
26. КОМПЬЮТЕРНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ 147
27. ЭРГОНОМИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ КОМПЬЮТЕРНОГО ПРОЕКТИРОВАНИЯ 145
МАЗМҰНЫ
1. МЕТОДЫ ФОРМИРОВАНИЯ НАВЫКОВ РАБОТЫ С ИНСТРУМЕНТАМЫ ГРАФИЧЕСКОГО
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің
«Хабаршы» ғылыми журналы. № 2 (76). Астана, - 2010 ж.
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіби даярлық деңгейінің жоғары болуы қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мамандарға және оны даярлайтын жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың маңыздыларының бірі болып табылады.
Қазіргі ақпараттық қоғам заманауи компьютерлік технологияларды жетік меңгерген біліктілігі және кәсіби икемділігі жоғары мамандарға мұқтаж.
Заман ағымына тез бейімделе алатын дизайн салаларына қажетті мамандар даярлау осы мақсаттарға бағытталуда. Компьютерлік технологиялардың дамыған елдердегі дизайн салаларында кең қолданыста болуы біздің елдегі осы салаға маман даярлау жұмысында өз деңгейінде болуы шарт. Жаңа технологияларды адам қызметінің барлық салаларына жаппай енгізілуі білім беру саласын қайта қарастыру және оны дамытудың жаңаша түрлері мен жолдарын іздеуді міндеттейді.
Білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін қарастырған ғылыми еңбектерді (И.Г. Захарова, Э.И. Кузнецов, В.М.
Монахов, В.И. Пугач, И.В. Роберт и др.) саралау жұмыстары көрсеткедей компьютерлік технологиялар арқасында, оқып-үйрену үдірісін басқару өзгеруге бейімділік танытуға ықпал ету - жоғары оқу орындарының пәндерінің мазмұны, оқытудың формалары мен әдістері жаңаша құрылым, міндет, психологиялық және педагогикалық сипатқа икемдеуді көздейді.
Мамандардың кәсіби қызметінің табысты болуы озық ғылыми- техникалық жетістіктерді нақты өндіріске енгізумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі талап етілуде.
Солардың қатарында жаңа заман қарқынына ілесу дизайн саласына да міндетті болып отыр.
Студенттерді ақпараттық технологияларды қолданып даярлау бағытында жасалған С.И. Архангельский, Н.В. Кузьмина, В.С. Леднев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина және басқалардың (педагогика мен психология саласында) ғылыми ізденіс жұмыстарында; информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінде В.П. Беспалько, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, Е.И. Машбиц, В.М.
Монахов, П.И. Образцов, Е.С. Полат, В.И. Пугач, И.В. Роберт, В.С. Самсонов және басқалардың еңбектерінде қа жетті және терең даму тапқан1.
С.А. Бондаренко, В.И. Загвязинский, Э.Ф. Зеер, И.Я. Лернер, В.В.
Сериков, С.Д. Смирнова, Ю.Г. Татур, Ю.Г. Фокин, Л.А.Ивахнова,
Л.Х.Мажитова, Н.Н.Хан және басқалар болашақ мамандарға кәсіби білім беру заңдылықтары мен тенденцияларының мәселелеріне өз жұмыстарын арнаған.
Шығармашылық мамандықтардан кәсіби даярлықты қалы птастыру мәселелері қазақстандық ғал ымдар Т.К.Мусалимов, Е.С.Асылханов, Ә.К.Бәйдібеков, Н.Е.Исабек, К.М.Бегімбай және басқал ардың жұмыстарында қарастырылған.
Ғылыми жұмыстарды сараптау қорытындысы көрсеткендей компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн саласына маман даярлау ісі қажетті деңгейде қарастырылмаған және қосымша іздену жұмыстарын талап етеді.
Бұл ізденіс жұмысынында біз дизайн саласына маман даярлау ісіндегі заманауи технологияларды қолдану мәселелерін қарастыруды мақсат етеміз.
Болашақ дизайнерлерді даярлауды қалыптастыру мәселелері көпаспекті және басты мынадай қайшылықтарды шешумен байланысты:
- білім беру саласын жаппай компьютерлендіру жағдайында дизайн саласына маман даярлауды жетілдірумен осы даярлау ісін әдістемелік тұрғыдан қажетті деңгейде қамтамассыз етілмегендігі арасында;
- жоғары білім беру жүйесінде қалыптасқан болашақ дизайнерлерді кәсіби даярлау мен оның дарярлығына деген талаптың едәуір өскендігі арасында және де осы талаптарды орындау мақса тында компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктерін қолдану жеткілікті деңгейде болмауы;
- дизайн саласының болашақ мамандарының бәсекелестікке икемділігін қамтамасыз ету мен олардың компьютерлік біліктілігінің деңгейінің төмен болуының арасында.
Аталған қайшылықтар ізденіс жұмысының проблемасын айқындады:
ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-технологиялық қамтамассыз ету компьютерлік технологияларды қолдану арқылы болашақ дизайнерлердің кәсіби даярлау үдірісінің қандай болуы керектігін.
Басты мақсат – дизайн саласында қызмет ететін болашақ мамандарды компьютерлік технологияларды қолданып кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау және жүзеге асыру жолдарын іздестіру.
Болашақ дизайнерлердің кәсіби даярлығын ойдағыдай қалыптасуы үшін төмендегі шарттар орындалуы қажет:
- дизайн аласының мамандарының кәсіби даярлығын қалыптастыратын құрал ретінде оқу және арнайы курстардың құрылымы мен мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету іске асырылса;
- компьютерлік технологиялардың бір бөлігі ретінде кәсіби графикалық бағдарламалар мен графикалық дизайн саласына қажетті қосалқы компьютерлік құралғылармен жұмыс істеуді студенттер толық игергенде;
- Болашақ мамандардың өзінің кәсіби қызметінде, яғни дизайн жобаларын жасау барысында компьютерлік технологияларды қолданудың қажеттігін саналы түрде және өз бетінше қолдануға деген ұмтылыс туындағанда.
Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер орындалуы қажет:
- компьютерлік технологияларды қолданып болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейін қалыптастырудың түпкі негізін анықталуы;
- жоғары оқу орынында компьютерлік технологияларды қолдану қарастырылуы және олардың болашақ маманның даярлығын қалыптастыру мүмкіншіліктерін анықталуы;
- болашақ дизайнерлердің кәсіби даярлығын компьютерлік технологияларды қолдану арқылы қалыптастыруға қажет педагогикалық шарттары айкындалғандалуы;
- компьютерлік технологияны болашақ дизайнерлерді даярлау ісіне енгізудің салдарынан қалыптасқан кәсіби даярлықтың моделі жасалуы;
- дизайн саласының болашақ маманының даярлығын арттыратын экспериментальды жолмен тексерілуі.
Ізденіс жұмысы 2000 жылдан 2010 жыл аралығында жүргізілді және төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде болашақ мамандарды компьютерлік технологияларды қолдану арқылы кәсіби даярлығын қалыптастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайы саралануға бағытталды. Осы мақсатта жоғары мектептегі кәсіби даярлықты қалыптастыру мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараланып, кәсіби даярлықтың түпкі негізі анықталып, оның оқу үдірісінде алатын орыны, компьютерлік технологияларды қолдану арқылы кәсіби даярлықты қалыптасу деңгейлері межеленді.
Екінші кезеңде болашақ дизайнерлердің мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сай болашақ қызметінде компьютерлік технологияларды қолдана білуі және оларды іс жүзінде пайдалана алуға қойылатын талаптар сараланды. Болашақ дизайнерлердің кә сіби даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, кәсіби деңгейдің қалыптасу критерийлері құрастырылды. Олардың екі құрылымдық бөлшегі аықталды: компьютерлік технологиялармен жұмыс істей білу және оларды кәсіби дизайнерлік мақсатт арды орындау үшін қолдана білу.
Бұл ізденіс өз кезегінде дизайн саласының болашақ мамандарының кәсіби даярлығынын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтауға және оқытудың компьютерлендірген концепциясын құрылымдауға септігін тигізді.
Үшінші кезең – компьютерлік технологияларды дизайнерлерді даярлау үдрісіне енгізудің кәсіби даярлықтың педагогикалық моделіне сәйкестігін дәлелдейтін эксперимент жұмыстарын жасауға бағыттлды.
Төртінші кезең – алынған нәтижелерді саралау және қорытындылау, ғылыми жұмысты құрастыру кезеңі болып табылды.
Ендігі кезекте кәсіби даярлық ұғымына толығырық тоқталып өтейік.
Маманның кәсіби даярлығы үш өзара жалғасып жатқан құрылымнан тұрады:
тұлғалық, теориялық және технологиялық бір-бірімен етене араласып жатады.
Бәрі бірігіп күрделі диалектикалық тұтастық құрайды – әр қайсысы қажетті, ал біріге отырып, студенттің кәсіби қызметке даяр болуы үшін жеткілікті болып табылады.
Кәсіби даярлық кәсіби даярлаудың нәтижесі болып табылады, тұлғаның қасиеті және кәсіби іс-әрекеттің жемісті болуының кепілі.
Болашақ маманның кәсіби даярлығының межесін төрт деңгеймен мөлшерлейміз:
бірінші деңгей білімді меңгеруді сипаттайды: студенттер бастапқы ұғымдарды ажырата біледі, негізгі түсініктерді, олардың жіктелуін және түрлерін ажырата алады. Бұндай білім деңгейі қарапайым қолданбалы шешімдерді шешуге де жарамсыз. Маманның даярлығының бұл көрсеткіші жеткіліксіздеп танылады;
екінші деңгей саналы түрде қабылданған және есте сақтал ған білім, қажет болған жағдайда қарапайым қолданбалы шешімдер жасауға жарамды. Бұл деңгейде бастапқы даярлық қалыптасқан, бірақ та маманның еңбек нарқында бәсекелестікке түсуіне жеткіліксіз деп танылады;
үшінші деңгей – жемісті іс-әрекет. Бұл жерде түсініктерді, категорияларды саралай білу қалыптасқан. Бұл деңгей студенттердің теориялық оқу кезінде алған білімдерін өзіндік жұмыс орындау барысында туындайтын қиыншылықтарды жеңуде қолдана білуімен және субъективті түрде жаңа мағлұ маттар жинақтауымен сипатталады. Мазмұны мен жағдайы жаңаша, бірақ орындау әдісі мен кезеңдері оқу барысында игерілген әрекеттерді студенттер орындай алады. Бұл орташа даярлық деңгейі болып есептеледі және маманның еңбек нарықында бәсекеге түсуіне мүмкіншілік береді;
төртінші деңгей – жас маманның таңсық жағдайларда бұрынғы алған білімі мен тәжірибелік дағдыларын оңтайлы қолдана білетін жемісті әректет кезеңі болып табылады.
Бұл деңгей - болашақ маманның кәсіби ұғымдар мен түсініктерді еркін қолдана білетін, алған білімі мен іскерлігін тосын жағдайда қажетті деңгейде қолдана білетіндігі қалыптасқа ндығын сипаттайтын деңгей болып табылады.
Білімі мен іскерлігі қалыптасқа н аталмыш деңгейді жеткілікті деп тануға болады. Бұл деңгей маманның даярлығы толық қалыптасқандығын сипатайды және онық еңбек нарығында бәсекеге еркін түсуіне мүмкіндік беретін даярлық межесі болып табылады2.
Ел эконмикасының қарқынды дамуы кезеңінде ел басының болашақ маман даярлау ісінің алдына қойған «бәсекелестікке дәрменді мамандар даярлау қажеттілігі» осы күнгі талаптардың ең бастысы болып табылатындығын есте сақтай отырып, білім беру саласындағы оқытудың мазмұны мен құрылымын заманауи озық технологияларды белсенді түрде қолдану арқылы шешу мәселесі - біздің ізденіс жұмысымыздың түп қазығы
Осы мақсатты көздей отырып өз тарабымыздан қолдан келер мүмкіншіліктерді қолдана отырып, дизайн саласынына мамандар даярлау жолында бірқатар іс-шараларды қолдануды бетке ұстап, кәсіби пәндерді оқыту барысында алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесіне сүйеніп, білім мен біліктілікті шыңдай түсу әр оқытушының басты міндеті деп білемін.
Осы көшке қосар үлесіміздің айғағы ретінде кафедрамызда атқарылып жатқан іс-шаралар ауқымында болашақ дизайн мамандарын даярлау үдірісінде компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану ісі атқарылуда.
Кәсіби пәндер көлемінде дәстүрлі технологиялар мен қатар компьютерлік технологияларды қолданудың үлесін көбейтуге бет бұрыс жасалуда.
Бұл мәселені теориялық негізін айқындап алғаннан кейін жасайтын келесі қадам – тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын қолға алу. Болашақ мамаманның алдында тұрған мақсат – оқу іргесінен еңбек нарығына аяқ басқан шақта оның қояр талаптарына сай болу. Ендеше нақты тәжірибе сабақтарында осы талаптарды еске ала отырып, кәсіби пәндерді құрылымдау және әдістемелік базасын жасауға кірісейік. Ол үшін қа зіргі кезеңдегі оқу үрдісіне зер салып, жеткен жетістіктер мен кеткен олқылықтарды анықтар алуымыз қажет. Компьютерлік технолгияларды дизанерлерді дайындау үдірісінде қолдану соңғы 10 жылда кең етек алуда.
Педагогикалық тәжірибемізде компьютерлі технологияларды қолдану барысы әртүрлі кезеңдерді басынан кешірді. Алғашқы кезеңде (2000- 2003ж.ж.) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде көркемсурет-графика факультетінде алғашқы компьютерлік класс ашылып,
«Компьютерлік графика» пәні суретшілер мен дизайнерлерді компьютерлік технологиялармен таныстырудың бастапқы кезеңін, 2004-2006-шы жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мамандықтардың барлығына ортақ компьютерлік кластарда жалғасын тапты.
Оқу жоспарында компьютерді қолдану арқылы кәсіби даярлықты шыңдауға едәуір сағат көлемі бөліне бастады. «Компьютерлік графика»
пәнімен қатар мамандықтардың сипатына сай сәулет ортасы дизайнына бағытталған «Компьютерлік жобалау» және өнеркәсіптік дизайнға қажетті
«Компьютерлік модельдеу» мен бірге графикалық дизайнның мақсаттарына бағытталған «Компьютерлік редактирлеу» пәндері бөлек беріле бастады.
Соңғы бес жыл көлемінде дизайн мамандықтарының басқа да кәсіби арнайы пәндері, атап айтсақ графикалық дизайн саласына керек «Фирмалық стиль», «Жарнаманың арнайы түрлері», «Графикалық дизайн нысандарын жобалу» және т.б. компьютерлік графикалық бағдарламалардың түрлері қолданылатын болды. Бұндай компьютерлік бағдарламалардың жіктелуі дизайн салаларының өзіндік ерекшеліктеріне сай кәсіби деңгейі қалыптасқан мамандар даярлауға мүм кіншілік бергендігі сөзсіз.
Дегенмен, техникалық прогресс қарқынына ілесе алмай келе жатқан оқытушылар осы үдірістен тыс қалып, студенттермен салыстырғанда компьютерлік білімі мен дағдыларының жоқты ғынан немесе ондай ептіліктерінің төмен деңгейде болуынан көшке ілесе алмай келе жатқан
жағдайы бар. Сондықтан дәстүрлі оқыту технологияларын заманауи озық компьютерлік технологиялармен ойдағыдай ұштастыра отырып, дизайн салаларына маман даярлау жұмысын қайта құру қажеттілігі туындайды.
Бұл үдірістің қажетті қарқынмен дамуына оқу орындарының қаржылық тәуелділігі де кедергі етуде. Жыл сайын көз ілестірмей тез дамып отырған компьютерлік технология өнімдерінің нарықтық бағасының қымбаттылығы мен бюджеттік жүйеге тәуелді оқу орындарының қаржылық мүмкіншіліктерінің шектеулі болуы мамандарды нарықтық еңбек салаларындағы бәсекеге сай кәсіби деңгейінің қажетті межеде болуына кері әсерін тигізетін екінші объективті себеп болып табылады.
Ал, үшінші себеп – дизайн мамандықтарының кәсіби арнай пәндерінің мазмұндық құрылымы мен әдістемелік деңгейінің қажетті деңгейден әлдеқайда төмен болуы. Алдыңғы екі қомақты себепті оқытушылар өз деңгейінде шеше алмағанымен, кәсіби арнайы пәндерді оқыту барысын компьютерлік технологияларды ұтымды пайдалау арқылы ұйымдастыруға ерікті. Ол үшін әр оқытушы өзінің кәсіби компьютерлік білімін көтеруге және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруіне мүмкіншіліктері бар.
Осының дәлелі ретінде соңғы жылдары дизайн саласының мамандықтарын әзірлеуде қоланылып жүрген ғылыми ізденіс жұмыстардың негізінде пайда болған озық әдістемелерді атап өтуге болады 3.
Ақпараттық технологияларды оқу үдірісінде кеңінен қолдану осы күннің талабы. Соның бір бөлігі болып табылатын компьютерлік технологияларға тоқталып өтейік.
«Компьютерлік технологиялар» заманауи компьютерлік және басқа да техникалық құралдарды қолданудағы ақ параттарды жинақтау, өңдеу, сақтау және тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жүйелендірілген жиынтығы ретінде қаралады.
Дизайн саласындағы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттырудың құралы ретінде қолданылатын компьютерлік технологияларға интелектуальдық оқыту жүйелерінің компьютерлі-құрылымдық түрлері, кәсіби компьютерлік графикалық пакеттерді қолдану технологиясы, қосалқы техникалық құрылымдарды қолдану әдістері және мультимедиа құралдары жатады.
Болашақ дизайнерлерді даярлаудың басты мақсаты – күрделі дизайнерлік көркем шешімдерді қолдануды талап ететін дизайн-жобаларды орындау әдістері мен тәсілдерін кәсіби деңгейде меңгеру болып табылады. Бұл тұста техникалық тұрғыдан меңгеру ға на емес сонымен қатар шығармашылық, эстетикалық тұрғыдан да қарау ескерілу керек.
Ендігі көңіл бөлуді қажет ететін мәселе дизайнерлердің кәсіби қалыптасуына әсер ететін компьютерлік технологияларды қолдану арқылы
озық педагогикалық әдістемелерді қолданып, заман талабына сай маман даярлауды жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Ол үшін оқу жоспарындағы компьюерлік технологияларды қолданудың үлесі жеткілікті көлемде болуын және оқу формаларының жаңаша түрлерін үрдіске енгізілуін қамтамассыз ету керек.
Дизайнерлердің кәсіби деңгейінің қалыптасу межесін анықтап, оның заман талабына сай болуына қол жеткізу керек.
Студентерді кәсіби даярлау үрдісін үш кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезеңге мектеп қабырғасында және жоғары оқу орынындағы
«Информатика» пәнінен алған ақпараттық технология туралы білімдері мен бастапқы дағдылары жатады. Информатика ұғымы мен бағдарлау тілдері (HTML және Visual Basic), компьютерлік техниканың құрылымы (процессор, аналық плата, монитор), қосалқы құрылымдар (манипулятор, клавиатура), операциондық жүйелер мен орталар (Windows), кеңсе бағдарламалары (Microsoft Word) және т.б.
Екінші кезеңде студенттер кәсіби компьютерлік графикалық бағдарламалармен (CorelDRAW, Photoshop) алғашқы танысу, олардың түрлері мен графикалық мүмкіншіліктері, графикалық құралдары мен басты бұйрықтарын қолдану дағдыларын меңгеру жатады.
Үшінші кезеңде осы компьютерлік графикалық редакторларды тереңірек оқып-үйрену, күрделі дизайнерлік шешімді табуды қажет ететін дизайн- жобаларды кәсіби деңгейде орындай білу жатады. Сонымен қатар қосалқы техникалық құрылымдармен (принтер, сканер, плоттер, лазерлік басылым қондарғылары, сандық фотоаппарат және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын меңгеру жатады.
Компьютерлік біліктілікке жоғарыда айтылға ндардан басқа да дағдыларды жатқызамыз:
компьютерлік бағдарламаларды операциондық жүйелерге қондыра білу, антивирус бағдарламаларын қолдана білу,
компьютерді қолдана білу және қажетті тексеру мен реттеу жұмыстарын орындай білу,
ақпаратты сақтау және тасымалдау құралдарымен жұмыс істей
білу, интернет желісімен жұмыс істеу және т.т.
Болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қалыптастыруда елеулі орын алатын оқу формасының бір түрі болып саналатын кәсіби өндірістік практикалардың да маңызы зор. Практиканы өту барысында студенттер шынайы нарықтағы дизайн салаларының өндіріс құрылымы мен жұмыс ортасынмен танысуға, шамасына қарай тапсырыстар орындап, тұтынушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Кәсіби өндіріс орнында оқу орнында жоқ компьютерлік техникалардың түрлерімен, атап айтқанда: озық дизайнерлік компьютерлік бағдарламалармен; кәсіби принтерлер мен плоттерлемен; кітап және ақпарат баспа құрылымдарымен; жарнаманың арнайы түрлерінде қолданылатын баспа қондырғыларымен; дизайн саласында қолданылатын жаңа материалдар мен технолгиялармен танысуға және олармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге мүмкіншілік алады.
Дегенмен, студенттердің компьютерлік кәсіби дағдыларды қалыптастыру үрдісінің қомақты ауқымы білім беру ағымындағы арнайы және кәсіби пәндерді оқыту барысына тиесілі.
Сондықтан, оқу пәндерін оқыту үрдісінде студенттердің дизайн саласына қатысты теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын күнделікті дәріс оқу барысында қалыптастыруымыз керек. Ол үшін дәріс беруші оқытушы осы салада шығармашылық жұмыстар істейтін тәжірибелі маман болғаны жөн.
Ондай маманның студентке тек академиялық тұрғыдан білім беріп қана қоймай, заманауи дизайн саласындағы өзінің күнделікті тәжірибесімен ұштастыра отырып, кәсіби шығармашылық шеберлікке үйрететін мүмкіндігі болады. Сонда ғана білім мен тәжірибе ұштасады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Цыренова А.В. Новые информационные технологии обучения в сельскохозяйственном вузе // Вестник Бурятского университета. Сер. 8б.
Теория и методика обучения естественно-математическим дисциплинам. – Улан-Удэ: Изд-во Бурят. гос.ун-та, 2004. – Вып. 1. – С. 169-174.
2. Багдуева А.В. Формирование профессиональной готовности будущих специалистов кадастрового профиля с использованием информационных технологий // Вестник Бурятского университета. Сер. 8б. Теория и методика обучения естественно-математическим дисциплинам. – Улан-Удэ: Изд-во Бурят. гос.ун-та, 2006. – Вып. 1. – С. 77-81.
3. Исабек Н.Е. Студентерді компьютерлік графиканы кәсіби іс- әрекетінде пайдалануға даярлау. Канд. дисс., -Алматы, 2005.-127б.
Научный сборник «Вестник», ЕНУ имени Л.Н.Гумилева, Астана, 2010 г.
МЕТОДЫ СОЗДАНИЯ ЛОГОТИПОВ С ПОМОЩЬЮ ГРАФИЧЕСКОГО РЕДАКТОРА CorelDRAW
Применение графического редактора CorelDRAW стало привычным, благодаря его графическим возможностям. Хотя имеются ряд других аналогичных программ предназначенных для создания векторного изображения, именно это приложение успешно лидирует по применению в области дизайна.