• Tidak ada hasil yang ditemukan

Корреспондент-мүшелер – 6, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – 8, Мемлекеттік Ерлан БӘТТАШҰЛЫ: «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары – 6, ТМД «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты - 2 , «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» -11

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Корреспондент-мүшелер – 6, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – 8, Мемлекеттік Ерлан БӘТТАШҰЛЫ: «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары – 6, ТМД «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты - 2 , «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» -11"

Copied!
16
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

2 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (250), қазан, 2017 жыл

ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ –

Қазан айының алғашқы онкүндігінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың «Жаңғыру 3.0:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиясы» атты тақырыпта есептік кездесуі өтті.

Есеп беру жиынына дипломатиялық саланың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттары, Бақылау кеңесінің мүшелері, ЕҰУ Жұмыс берушілер кеңесі, ата- аналар, БАҚ өкілдері, түлектер, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

Жаңа академиктермен толықты Университет ректоры Е. Бәтташұлы есептік баяндаманың алдында:

- Биыл естеріңізде болса Ұлттық Ғылым академиясының сайлауы өтті. Сол сайлауда жабық дауыспен біздің университеттің біраз ғалымдары академик атағына және біразы корреспондент-мүше атағына ие болды.

Осыған байланысты ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов маған өзінің орынбасары ретінде соңғы сайланған ғалымдарға куәлік пен төсбелгіні тапсыруды сұраған еді, - деп салтанатты түрде осы академияның толық мүшесі болып сайланған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Рысқұл Ойнарұлы және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлына академик куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.

Қазақстандық физик, Л.Н.Гумилев атын- дағы ЕҰУ профессоры, академик Рәтбай Мырзақұлов пен әдебиеттанушы ғалым Амантай Шәріпке – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі куәлігін табыстады.

Білім ордасының ректоры «Енді біздің университеттегі Ұлттық ғылым академиясының академиктерінің саны – 12 адам болды.

Корреспондент-мүшелер – 6, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – 8, Мемлекеттік

Ерлан БӘТТАШҰЛЫ:

«Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары – 6, ТМД «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты - 2 , «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» -11. Ал, ел мен саланы басқарған, белгілі тұлғалар: вице-премьер, министр, депутат, ұлттық компанияларды басқарған қайраткерлеріміздің саны – 15-тен асады.

Сондай-ақ 249 ғылым докторы, 687 ғылым кандидаты, 139 PhD докторы еңбек етеді.

Бұл – үлкен әлеует, зор мақтаныш!» деді.

ЕҰУ- дің басқа университеттен жұлдызы жоғары

Оның өзіндік себебі бар. Биыл бірінші курсқа 5290 студент қабылданды. Өйткені, ЕҰУ-дің қазіргі әлемдік білім жүйесінде орналасқан әлемдік сатысы өте жоғары. Таратып айтсақ:

ЕҰУ 2017 жылы жаһандық QS рейтингісінде өз сатысын ұлғайтып, 336-шы орын иеленсе, құрылғанына 50 жыл толмаған әлемнің үздік 100 университеті ішінен 35-ші орын алды.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймақтық рейтингі бойынша 200 ЖОО арасынан Еуразия ұлттық университеті 33 орында.

ЕҰУ – еліміздегі «Физика және астрономия»

бағыты бойынша беделді британдық QS пәндік рейтингке кірген бірден бір жоғары оқу орны және әлемдік «Webometrics» веб-сайт рейтингісінде Қазақстан бойынша бірінші орын иегері.

Біздің университет Қазақстандағы көпсалалы жоғары оқу орындары арасында жыл сайын ең үздік нәтиже көрсетіп келеді.

Қазақстандағы ЖОО арасында әлемдік QS рейтингісінде – «Студенттердің ПОҚ қарым- қатынасы» критерийі бойынша 41 орында.

MARCO XXІ, ARCADE, TARGET ІІ халықаралық жобаға қатысушы. Эразмус Мундус, ТЕМПУС бағдарламалары бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ең үздік нәтиже көрсетіп келеді. Германия, Франция, Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, АҚШ,

Сауд Арабиясы, Араб Біріккен Әмірлігі, Кувейт сияқты әлемнің 280 университетімен келісім- шарт жасалған.

Жоғары оқу орнында 172 мамандық бойынша білім беріледі, 159 аккредитті бағдарлама, 37 бірлескен білім беру: МГИМО, РУДН, Шанхай университеті және әлемдегі жетекші 37 университетпен қос дипломды білім беру жүйесі жолға қойылған.

Университетте АҚШ, Франция, Финляндия, Қытай, Польша, Латвия ғалымдары сабақ берсе, сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылары да Франция, Финляндия, Испания, Польша, Латвия, т.б. шет елдерде дәріс оқиды. ЕҰУ-де 387 ұстаз-ғалым студенттер мен магистрант, докторанттарға ағылшын тілінде білім береді.

2016-2017 оқу жылы 118 ғылыми жоба 1,75 млрд. теңгеге қаржыландырылса, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6 есеге артқан. ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде Қазақстандағы ЖОО арасында сілтеме бойынша І орында. Университет ғалымдарының ғылыми мақалалары жылдан жылға өсу үстінде: 2012 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 2 есеге артқан.

ЕҰУ Web of Science бойынша «Қазақстандағы 2011-2015 жылдар ішінде ең сілтеме жасалған ғылыми ұйым» аталымына ие.

Ең көп жасалған сілтеме Қазақстан бойынша ЕҰУ ғалымдарының еншісінде. Солардың қатарында: Рәтбай Мырзақұлов, Талғат Инербаев, Ирина Иргебаева, Максим Здоровец сияқты ғалымдар бар.

Университетте 7 ғылыми журнал жарық көреді. 2015 жылдың қаңтар айынан

«Eurasian Mathematical Journal» халықаралық библиометрикалық базаға енсе, 2016 жылдан

«Thomson Reuters» базасына еніп отыр.

Ғылыми бөлімше саны 28, оның ішінде: Қуат үнемдеу және энергия тиімділігі технологиясы;

Техника және технология сапасы; Физикалық

(3)

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (250),

қазан, 2017 жыл

ЕЛДІҢ БАҒДАРШАМЫ

және кванттық химия зертханасы; Бәсекелестік жанармай зертханасы; Құрастыру бюросы; Start- up зонасы; ENU-LAB; Жастар бизнес-инкубатор;

Еуразия технологиялық орталықтары бар.

2017 жылғы ең маңызды атап өтетін жағдай, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) Кавендиш зертханасымен ғылыми -техникалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында келісім шартқа қол қойылған.

ЕҰУ жас ғалымдарының Стартап жобасы да атап өтерлік, бұл компаниялар: «PVE production» «Art silk way», «Insta English»,

«Discovery» және басқалар.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жастар бизнес-инкубаторы қазіргі таңда Стартап аймағын дамыту мақсатында жұмыс жасайды: IT технопарк және IT бизнес-инкубатор. Наурыз айында Стартап бизнес- инкубатор жанынан актерлік шеберлік академиясы ашылды. Соның негізін қалаған тарих факультетінің 3 курс студенті Жанболат Хайруллин. Бүгін онда 13 адам жұмыс істейді яғни 3 курс студенті 13 адамға жұмыс орнын тауып беріп отыр.

Индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ИИМДБ бағдарламасы аясында 5 мамандық : ғарыштық техника және технология;

құрылыс материалдарын өндіру, жасау және құрастыру; биотехнология, радиотехника, электорника және телекоммуникация, жылу энергетикасы бойынша мамандар дайындайды.

Биылғы жылы ИИМДБ бағдарламасы шең- берінде 10 мамандық бойынша 1235 магистрант, 193 докторант қабылданды.

ИИДМБ зертханасы: шағын ғарыш аппараты;

құрылыс материалдары және өнімдері;

бетон, темір бетон өнімдері және құрастыру;

жинақталған өнімдерді бақылау және техникалық өндірістегі тәжірибе кешені.

Кафедраның елімізде 59-ға тарта мемлекеттік және жеке бөлімшелері бар.

«Қазақстан ғарыш сапарында» үш филиалы құрылып, ғылыми-өндірістік орталығы жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламасына тоқталсақ, төрт білім бағдарламасы шетелдік ЖОО жүзеге асты:

Берлин техникалық университеті ғарыштық технология бойынша (Германия); Таяу Шығыстағы Анкара техникалық университеті (Түркия); Инчеон ұлттық университеті (Оңтүстік Корея). Осы бағытта университет базасында 4 зертхана құрылды және биылғы бітірген түлектер 104 мекемеге орналасты.

Еуразия ұлттық университетін биыл бітірген 3831 түлектің 80 пайызы жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығындағы негізінен IT технология, экономика және бизнес, құқық, техника және технология, педагогика мамандықтары сұранысқа ие.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жұмыс берушілері: «Қазақстан Ғарыш Сапары», «BI Holding», «KEGOC»,

«Hyundai Premium Astana», «Астанателеком»,

«ҚазМұнай Газ Өнімдері», Астана қаласындағы

«Ұлттық биотехнология орталығы», т.б.

«ЭКСПО – 2017» көрмесіне қызмет еткендерге алғысын білдірді

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің Қоғамдық кеңесінің жетекшісі болған Ерлан Сыдықов көрмеде үлкен белсенділік танытып, еліміздің мәртебесінің асқақтауына үлес қосқан профессор – оқытушылар мен еріктілер қатарында қызмет еткен жастарға зор алғысын білдірді.

«Астана ЭКСПО-2017» қалалық штабының еріктілеріне Еуразия университеті лайықты баспана берді. 200 орындық асхана ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Шартараптан келген 4800 ерікті университеттің Студенттер үйіне орналасты. 1500 ерікті «ЭКСПО-2017»

көрмесінің 16 нысанында үш ай бойы жұмыс істеп, 3 мыңнан аса шараға қатысты.

Еріктілер үш тілге жетік, ағылшынша таза сөйлейді.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 20 ерікті- студенті Астана қаласына бөлінген мемлекеттік білім грантының иегерлері атанды.

Ректор Е. Бәтташұлы: «Естеріңізде болар, 1970 жылы Жапонияның Осако қаласында өткен ЭКСПО-да 80 жастағы Томийо Ямаду атты әже

«көрменің бәрін тамашалаймын» деп, ЭКСПО- әже атанған.

Біздің де өз ЭКСПО-әжеміз бар. Ол – Марья Алексеевна Лигай. Жапон әйелінен ерекшелігі – бұл кісі 82 жасында ерікті болып, айды аспанға шығарды. Лигай ханым – физика-математика ғылымдарының докторы, біздің белсенді ардагер профессорымыз», - деді.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында жоспарланған және атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті.

Халық қалаулысының шапағатты істері

Кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысында есепті баяндамадан туындаған мәселелер бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі ғалымдар сөз алып, оң бағасын берді.

Ата-аналар мен білім алушылар сауалдар қойды. Ерлан Бәтташұлы аталмыш оқу ордасының ректоры ғана емес, Астана қаласы мәслихатының депутаты. Жиынға қатысқан қала тұрғыны: «Сіз Астана қаласы мәслихатының депутатысыз. Мен сізді сайлаған округ тұрғынымын. Әрине, сізге дауыс бердім! Бүгінге және болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?»

-деп орынды сауал тастады. Ректор: «Алдымен, қала көліктерінде студенттерге жеңілдіктер қарастырылсын!» деп бастама көтердік. Қазір елордада барлық университеттің әлеуметтік жағынан аз қорғалған студенттері жолақы үшін қосымша қаражат алады.

Екіншіден, университет бас ғимараты тұрған көше Л.Мирзоян атында болатын. Ол саяси қуғын-сүргін жылдары ұлт зиялыларын қыруға қосымша квота сұраған адам. Зиялылар мен қоғамды үйлестіріп, әкімдікке дәлелдеп, көше атын академик Қ.Сәтбаевқа ауыстырттық.

Үшіншіден, қалған Ақбұлақ жағасын гүлзарға айналдырып, «Ғалымдар саябағын» жасадық.

Төртіншіден, Ел жаршысы «Егемен Қазақстан» газеті орналасқан көшеде шағын саябақты абаттандыратын боламыз.

Бесіншіден, университеттің Қ.Сәтбаев көшесі шетіндегі болашақ жаңа кітапхана аумағына академикке арналған ескерткіш қоюды жоспарлап отырмыз». – деп тұщымды жауап берді.

Зерттеу университеті – зор мүмкіндік Енді «оқыту – зерттеулер жүргізу – зерттеу нәтижелерін енгізу – инновациялық кәсіпорындар құру» тізбегінен тұратын цикл жүзеге асуы тиіс. Бұл нақты қолдауды, терең түсіністікті қажет етеді.

Ұлттық зерттеу университеті мәртебесі кәсіби кадрларға талапты күшейтеді. Ректор отандық телеарналардың бірінен «Авторлық Prime-Time жастар телевидениесін»

қалыптастыруды ұсынды. Бұған қоса, білім ордасының «Ұлттық зерттеу университеті»

мәртебесін алуға дайын екендіктерін жеткізді.

«Орталық Азияда білім беру хабарын дамыту және ғылымды жаңғырту» бағдарламасы ағылшын тілді оқу бағдарламаларын күшейтті.

Соның нәтижесінде шетелдік профессорлар мен студенттердің қызығушылығы артып отыр. Қос дипломды бағдарламаларды халықаралық деңгейге көтеру шетелдік студенттерді тартуға да ықпалын тигізеді.

Зерттеу университеті бірінші кезеңде жаңа білім әлеуетін қалыптастырып, ұлттық экономикаға технологиялар енгізуі керектігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, ғылым, инновация, білім және әлеуметтік салалардағы жоспарларды дамыған инфра құрылыммен ғана жүзеге асыра алатынын, студенттердің әлеуметтік, оқуы мен тұрмысына жайлы жағдай жасауда «Студенттер үйлерін», жаңа оқу ғимараттарын салу, пайдалануға беру, инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыра түсетінін айтты.

Ректор Е. Сыдықов Ұлттық биотехнология орталығын, ЭКСПО-ның қосалқы инфра- құрылымдық нысандарын университет балансына алу бойынша жұмыстар жүргізу;

Ғылыми кітапхананы жаңа басымдықтар негізінде жаңғырту; Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды.

Содан кейін Еуразия ұлттық университетін әрі қарай дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына ұсынылатынын жеткізді.

Жұлдыз ТОЙБЕК

(4)

4 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (250), қазан, 2017 жыл

ХІХ Бүкіләлемдік жастар және студенттер фестивалі

Париж:

ЕҰУ жастары бүкіл әлеммен бірге

«Рухани жаңғыру» әлем ғалымдарын жинады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты ретінде Францияның Париж қаласында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқаныма бір айдың жүзі болды. Аз да болса, осы уақыт ішінде шетелдік кеңесшіммен бірге жоспарланған түрлі ғылыми шаралар мен кездесулердің куәсі болып, жүздеген жылдық тарихы бар кітапханалардан ғылыми диссертацияма қажетті материалдар жинақтап жүрген жайым бар.

Менің айтайын дегенім ол емес, осыдан бірер апта бұрын

«Қазақстаннан арнайы делегация келіп, Париж төрінде бірнеше шара ұйымдастырады» деген хабарды естіп, асыға күткенмін.

Соның сәті күздің ортасынан ауғанда түсті: бірер күн бұрын ЮНЕСКО-ның бас штаб пәтері орналасқан Париж қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының таныстырылымына қатысып қайттық.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет»

жобасының аясында

ұйымдастырылған бұл ауқымды шара «Қазақстанның мәдениеті мен өнері» атты көрмесімен басталды. Онда қойылған «Туған жер», «100 жаңа тұлға», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі» сынды стендтер көрермен көңілін баурап алды. Сонымен қатар, Франция жұртшылығы «Қазақстан – Астана» фотокөрмесі, «Қазақстан суретшілерінің жауһарлары»

галереясы және Қазақстан мен Астана туралы деректі фильмдерді тамашалауға да мүмкіндік алды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері 2017 жылы 14-22 қазан аралығында Сочи қаласында өткен (Ресей) ХІХ Бүкіләлемдік жастар және студенттер фестиваліне қатысты. 1947 жылы Прага қаласында (Чеxия) бастау алған фестиваль биыл 70 жылдығын тойлап, әлемнің жүз сексен елінен отыз мыңға жуық студент- жастардың басын біріктірді. Қазақстан атынан Еуразия ұлттық университетінен барған делегаттар бірінші күннен бастап шараның маңыздылығын түсініп, мүмкіндігінше тәжірибе, ой-кеңес алмасуға талпынды.

Он мың орындық «Большой» мұз аренада өткен ашылу салтанаты «Бүкіл әлеммен бірге»

тақырыбында өз жұмысын бастап, қазіргі заманның технологиясын рәсімдеумен жалғасты. Ашылудың бірінші бөлімі: «Экология», «Энергия», «Кедейлік»,

«Ғылым» және «Инфо-Бум» эпизодтарымен танымал ресейлік әншілердің өлең айтуларымен және әлемге танымал тұлғалардың қатысуымен өтті.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин фестивальді салтанатты түрде ашық

Әлемдік ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасына айналған Парижге, тіпті дүниежүзіне танымал жәдігер

«Алтын адамды» паш ететін

«Көшпенділер әлемі: Алтын адам шеруі» экспозициясының әкелінуі де кешенді шараға ерекше көрік берді.

«Рухани жаңғыру: Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция тура осы күннің маңызы зор шараларының бірі болды. Франция, Қазақстан, Ресей, Италия, АҚШ-тың жетекші ғалымдары мен интеллигенция өкілдері жиналған бұл шараға университетіміздің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов та қатысты.

Қатысып қана қоймай, университет басшысы әлем ғалымдары алдында сөз сөйлеп, өзара пікір алмасқан ғылыми-тәжірибелік конференцияның бас модераторы болды. Бұл, өзім оқитын оқу орнының басшысын Парижде, әлемдік шараның тізгіншісі ретінде

көру мен үшін зор қуаныш әрі ол мақтаныш сезімімді өзге елден келген қатар-құрбыларымнан жасыра алған жоқпын.

Конференцияда Әл Нашиф Нада, Аида Балаева, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Карл Байпақов, Прейс Анна Белинда, Асхат Айтмағамбетов, Несіпбек Айтұлы, Ерден Қажыбек, Игорь Мациевский, Альберт Фишлер, Эдуардо Канетта, Рафиш Абазов, Эмануэль Дупуй, Филип Каден және университетіміздің профессоры Ғарифола Есім сынды ел ағалары мен ғалымдар, әлем профессорлары сөз алып, баяндама жасады. Онда «Рухани жаңғырудың» қазақстандық моделі, мәдени мұра – ұлттық бірегейліктің өзегі хақында,

мәдениеттер ықпалдастығы – қоғамдағы бейбітшілік пен диалог маңызы туралы ойлар сараланды.

Мен үшін естен кетпес ерекше сәт: үзіліс кезінде университет ректоры Ерлан Бәтташұлымен тағылымдамамның барысы туралы және өтіп жатқан шара хақында пікір алмасудың реті келіп, ғылым жолыма сәттілік тілеп, аман- есен елге оралуыма тілектестік білдіргені.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстанның Франциядағы елшілігі және ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның өкілдігі бірлесіп дайындаған гала- концертте Майра Мұхаммедқызы, Сүндет Байғожин, Димаш Құдайберген сынды өнер жұлдыздары мен Арман Жүдебаев жетекшілік ететін Құрманғазы атындағы Халық аспаптар оркестрі,

«Астана Опера», «Астана балет»

сынды танымал ұжымдар өнер көрсетті. Концертке жиналған қазақ диаспорасының өкілдері туған еліне зор сүйіспеншілікпен қошемет көрсетсе, Париждің тұрғындары қазақтың руханиятына тамсанып, ризашылықпен тарқасты.

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ, ЕҰУ-дің журналистика докторанты Париж Суретте: Халифа Алтайдың ұлы, қоғам қайратері Әбділсәмет Алтай, жас дарынды скрипкашы Шерияздан Қанапиянов, ЕҰУ ректоры, академик Ерлан Cыдықов, профессор, ғалым Ғарифолла Есім және танымал суретші Ерболат Төлепбай.

деп жариялап, қазіргі жастарды аянбай еңбек етуге шақырды. Ресей Президентінен кейін сөз алған Бүкіләлемдік демокриятиялық жастар федерациясының президенті Николас Пападимитриу барлық қатысушыларды құттықтап, бірге болуға, әлемді бірге қалыптастыруға үндеу тастады.

Төрткүл әлемнің жастарын біріктірген шарада Мумбайдың ластанған су жағажайын күл-қоқыстан тазартқан индиялық Афроз Шаxтың, Африка елінде электроқуатының тапшылығын шешкен зимбабвелік жас кәсіпкер Симба Мирюроның, Индонезия елінде медицинаның қолжетімділігін шешкен дәрігер және әлеуметтік кәсіпкер Гамал Альбинсайдтың, онкологиялық аурулардың жолын шешкен ресейлік Анна Кудрявцеваның, 30 миллион xалқы бар Непал елінде мектеп тұрғызып, жас өспірімдерді оқытуға үйреткен ресейлік Роман Гектің және т.б. бастамалары студент-жастардың сезімін оятып, оларды жігерлендіре түскендігі анық байқалды.

Университет делегациясын бастап барған Жастар саясаты бөлімінің бастығы Рүстем Әлқожа және 13

студент (Тайыр Тасқали, Сәкен Абдуллаев, Жазира Өмірзақ, Нұргүл Камилова, Айнұр Қанапиева, Ерхан Ильясов, Элина Слабободская, Аяжан Нұрғалиева, Нұрбол Рыспеков, Сұлтанбек Сағадатов, Әділет Асанов, Мөлдір Көшембаева, Малика Игібаева) фестиваль аясында өткен 70 пікірталас алаңның

«саясаттану», «жастар саясаты», «ғылым және білім», «робототехника», «экология», «өзін-өзі қалыптастыру», «журналистика» бөлімдеріне қатысып, әлемге танымал саясаткер Сергей Лавров, австралиялық меценат, әнші, оратор Ник Вуйчич сынды тұлғалармен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Ресей, Мысыр, Әзірбайжан, Армения, Беларусь елдерінің студенттерімен арнайы кездесу алаңын өткізіп, тәжірибе алмасты.

Университет студенттері үлкен халықаралық масштабтағы шараға қатысуға қолдау көрсеткені үшін университет басшылығына алғыс білдіреді.

Еуразия ақпарат

(5)

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (250),

қазан, 2017 жыл

Алаштың бес аманаты

Мен үшін «Алаш» атауы ауамен бірге сіңіп кеткендей. «Ұраным – Алаш!..» кітабының үшіншісін жазып болғаннан кейін, осы тақырып, шығарма идеясы менің санама қайдан сіңіп кетті деген сұраққа жауап іздедім...

Алаш – менің өмірлік тақырыбым.

Алаштықтарды тануға деген құштарлық

«Ұраным – Алашты» жазуға алып келді.

Кітап үлкен дайындықпен жазылды. Зерттеу барысында әлдебір тың дерек, бұрын-соңды айтылмаған мәселелер де болды.

Бұл кітап түрмеге түскендердің тергеу хаттамасы мен жаза үкімі сақталған құжаттардың негізінде жазылды. Сол Алаш туралы түрме

деректеріне сүйенбей, өз бетімше жазсам, кітап маған әлдеқайда жеңілдей түсетін еді. 1987 жылы 13 қаңтар күні Қазақстан Жазушылар одағының сол кездегі бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов: – Праволық комиссия құр, Алаш ардагерлерін ақтаймыз, Желтоқсан оқиғасының жайын тексерейік, – деді.

Басылымға тыйым салынған шығармаларды қайта жариялаудың мүмкіндігін қарастыра бастадық. Ақпан айында Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің сол кездегі орынбасары генерал- майор Қопабай Әбдірахманов бастаған жеті полковник Жазушылар одағына келіп, осы мәселе төңірегінде мағлұматтар берді. Сөйтіп, КГБ архивіне кіргізуге рұқсат берді.

Мен ең алдымен әр жауаптың артындағы шындықтың не екенін білгім келді. Өйткені, түрмедегі материалдарды алғаш ашып жазған кезде көптеген түсінбейтін тұстар кездесті.

Кейбір тарихшылар, тіпті, жазушылар А.Байтұрсынұлын, Т.Рысқұловты жақтырмады, Ахмет Мағжанды менсінбеді, алашордалықтар Қожановты қабылдамады деген тақырыптарда тарихи мақалалар жазды. Бұл шындық емес.

Мысалы, Ахаң: «Мағжан – ақын. Ал менің ақындарда жұмысым жоқ. Желөкпе келеді.

Рысқұлов – қызыл комиссар. Сондықтан да ол мені жақтырмайды. Ал, Қожанов мені Рысқұловпен жақсы деп ойлайды. Екеуі де мені кеңес өкіметінің жауы деп есептейді. Мен де

оларға жоламаймын», – деп жауап берген. Осы көрсетінділерге қарап, бұл үш тұлғаны өзара жау етуге болмайды және оны дәлелдеуге тырысқан ұшқары жарияланымдардың жарық көруі өкінішті. Шындығына келсек, патша өкіметі мен кеңестік тергеушілердің арандату тәсілін әбден меңгерген Ахмет Байтұрсынов осы жауабы арқылы Рысқұловты да, Қожановты да қылмыстық іске тартудан аулақтатып, қорғап отыр. Міне, осындай тәсілдің болғанын ұқпаған жазушылар адасып барады. Сол үшін де әр айтқан нәрсенің тарихи дерегі бар ма, жоқ па, соны табуға тырыстым. Одан тыс қаншама тағдырлар, күрестер жатыр. Ол бөлек әңгіме.

Алаштың бес аманаты: Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымын білеміз. Соның екіншісінде «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс» делінеді…

Ал Абай: «Бірлік сатып алуға құрылса, ол бірлік емес, нағыз оңбағандық, арын сатқанмен бірдей» – дейді. Абай мен Бөкейхановтың идеясы – тіл, дін, діл, тәуелсіз ғылым, дәстүрге негізделген заң.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Алаштанушы ғалым, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Алаш қозғалысына 100 жыл

«Оян, қазақ!» өлеңі арқылы ел аузына тез ілініп, ел арасына аты кең тараған ақындардың бірі – Міржақып. Мектеп қабырғасында өлеңдерін сүйіп оқыған ақынымыздың өмір жолын білу мен үшін маңызды болды. Міржақыптың қызы, алтынның сынығы, Гүлнәр Міржақыпқызы жайлы айтуды жөн санадым. Журналист, әдеби мұраларды жинаушы, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың қызы Орынбор қаласында дүниеге келген. Гүлнәр Міржақыпқызы тұстастары сияқты жастайынан білімге, оқып-тоқуға ерекше мән берді. Сондықтан да Алматы мемлекеттік медицина институтында білім алды. Осынау аса танымал оқу орнын 1939 жылы аяқтап, 1939-1987 жылдар аралығында дәрігер-дерматолог қызметін 48 жыл абыроймен атқарды. Қай жерде болсын өз мамандығына адалдық танытып, ерекше құрметке бөленді. Оның баршаға тағылым болар ерекшелігі, кешегі алыптар Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов және тағы басқалар жөнінде аса маңызды да құнды деректерді алғаш жариялаушы. Сондай-ақ, ізденімпаз, қазақ қызы тынымсыз еңбектеніп, Алматыдағы орталық, Торғайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты жеке заттарын, кітаптарын, суреттерін хаттары мен құжаттарын тапсырды. Тапсырған жәдігерлері кейінгі жас ұрпаққа Гүлнәр Міржақыпқызының елжанды, ұлтжанды қазақ қызы екендігін көрсете білді.

Ұзақ ғұмыр кешкен ол баспасөздерде өзінің шығармаларын жариялауды 1988 жылдан бастады. Алаш арыстарының өмір белестері суреттелген бұл дүниелер жинақталып, «Шындық шырағы» және де «Алаштың сөнбес жұлдыздары» деген атпен жеке кітаптар болып шықты. Гүлнәр Дулатова әкесі Міржақып және басқа да Алаш зиялылары туралы құжаттарды көзінің қарашығындай жинақтап, жариялап шығарған алғашқы адам.

Әкелі –балалы екеуі де қараша айында дүниеге келген. Әке 50 жыл ғұмыр кешсе, қызық 98 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Енді, міне, әкесінің туғанына 132 жыл, қызының туғанына 102 жыл болыпты. Қиын тағдырлы тұлғалардың әрқайсысына қос ғасырдың дүлейі мен дүрмегін көру жазыпты. Сонда Міржақып пен Гүлнәрдің қосақталған өмір шеруі үш ғасырдың соқпағына ұласқан екен. Дәлірек айтсақ ХІХ – ХХ - ХХІ ғасырлар бедерінде. Қазақ қызы өз атағын емес, әкесінің атын шығаруды мақсат тұтты. 2010 жылы Қазақстан бойынша Міржақып атамыздың 125 жыл атап өту туралы Үкіметтің қаулысы шықты. Алаш қозғалысының келешегіне, ұлт ардақтыларының арман мақсатының жүзеге асатынына сенген жан еді. Шын мәніндегі Алаш көсемдерінің шырақшысы болды. Ұлт жолында бір кісідей қызмет жасаған қазақтың ардақты қызының есімі ешқашанда ұмытылмақ емес.

Лаура ЕШНАЗАРОВА ҚЖ – 11 тобының студенті

«Алаш» деп соққан жүрегі ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ХАТ

Міржақып ата, сіз- дің өміріңіз бен шы- ғармашылығыңызға тәнті болып, ризашы лығымды білдіруге қолыма қара сиямды алып, хат жазуға бел будым. Сіздің тәуелсіз қазақ елін көрсем деген арманыңыз орындалды.

Мен сол сіз аңсаған тәуелсіз елдің ұрпағымын.

Қазақ үшін, қазақтың діні, тілі, жері үшін шырылдаған сіздей өр тұлғаға ешкім тең келмес. Сіз мен үшін ерекше тұлғалы жансыз.

Сіздің өмірлік жолыңызбен танысқанымда, сол кеңес заманының қатып қалған

содан арылуға үндеу салдыңыз, намысқа шақырдыңыз. «Құдай бала бер, бала берсең, сана бер»

демекші, әр адамға Алла тағала сана берсін. Жүрегінің түгі бар саналы азаматтарымыз сіздің әрбір сөзіңізді ой елегінен өткізе біліп, жадында сақтай алады деген үмітпен тағы да «Оян, қазақ!»

демекпін.

Сіздің қазақ тарихында да, қазақ әдебиетінде де ойып алар орныңыз ерекше. Шығармаларыңыздың тілі жеңіл, көркемдік мазмұны оқырман жете түсінетіндей анық, шынайы өмірмен байланыстырылып жазылған. Әсіресе, қазақ қыз - келіншектері, жастары сіздің шығармаларыңызды оқи отырып, шексіз ризашылығын білдіретіндігін сеніммен айта аламын. Себебі, сіздің шығармаларыңыз арқылы қазақтың қыз -келіншектері өз теңсіздіктерін алды, өз теңін таба білді, өз еркімен жүрегі қалаған адаммен отбасын құрай алды.

Сөзімді аяқтай келе, өз атымнан және қазақ жастарының атынан сізге деген алғысымыз шексіз. Жаныңыз жәннәтта болып, рухыңыз биік болсын, Міржақып ата!

Қуандық ЖАНАЙЫМ, Жж Сф студенті стратегияларына қарамастан,

елдің, жердің, келер ұрпақтың қамын ойлап, ащы шындықты бетке айтып, көп зардап шектіңіз.

Сіздің бұл ісіңіз біріншіден, ерлік болса, екіншіден, ұлтын шын сүйген елжандылығыңыз деп білемін. Сіз қараңғы қазақтың көзін аштыңыз, әрбір өлеңіңізді оқығанымда сол кездегі тарихқа көз жүгірткендей болдым.

«ОЯН, ҚАЗАҚ!» - бұл сөзіңіздің құдіреті де қасиеті де қаншама десеңізші. Осы отты өлеңіңіздің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қан тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы мені қатты толғандырады. Бүгінде қазақ халқын індеттей жайлаған бойкүйездік, жалқаулық, еріншектік - ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отыр.

Өкінішке орай, сіздің «Оян, қазақ!»

деген ұраныңыз әлі де қазіргі кейбір жастарымыздың санасына жете алмай жүргені көңілімді қалдырады. Өлеңдеріңіздің әрбір сөзі ата - аналарының санасына жеткенде, неліктен біздің қатарластарымыздың жүректерінің түгіне жетпейді екен?! Сол мәңгілік ұйқыда жүрген, бір күндігін ғана ойлайтын жастарымыз қаншама....

Дегенмен де, сіз бар ақылыңызды халыққа жеткізе білдіңіз, барша кесапаттарды дөп басып айттыңыз,

(6)

6 ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 21 (250), қазан, 2017 жыл

Алаш автономиясы – бейресми жарияланған

мемлекет

"Алаш" партиясының көш- басшылары және мүшелері Қазан төңкерісін қабылдамады.

Сонымен 1917 жылы Орынборда жалпы қазақтық екінші құрылтай кезінде Алаш автономиясы құрылып, Уақытша Халық Кеңесі құрылды, ол "Алаш-Орда" деп аталды.

Алаш автономиясын құрыл- ғандығын жариялау барысында құрылтай қатысушыларының пікірі екіге жарылды. Дауыс беру кезінде тез жариялау керек деген 33, уақыт өте келе жариялау керек деген 42 депутат болды. Осылайша жариялаусыз қалған мемлекет бейресми түрде жарияланып, қызметін бастап кеткен болатын.

Түркістан автономиясы Сонымен бірге 1917 жылы тамызда құрылған Түркістан автономиясы да Алаш мүддесін жоқтады әрі барлық түркі ұлттарын біріктіруді мақсат етті. Алайда мүмкіндігінің шектеулілігіне байланысты және коммунистерінің қуат- ты қарсылығына тап болып, таратылды. Олардың мем- лекетшіл тұлғалары да бірден алашшылдардың қатарына қо- сылғаны тарихта сайрап тұр.

Алаш қайраткерлері қан- шалық тырысса да, тарихи жағдайдың ақыры Кеңес Одағымен бірігуге мәжбүрлегені белгілі. Коммунистердің күшеюі

Өткен айдың аяғында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш автономиясы және Алаш-Орда үкіметіне арналған конференция болып өтті. Өйткені, биылғы жылы Алаш жалпыұлттық партиясы және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100

жыл және республикамыздағы әр түрлі ұлт өкілдерінен құрылған 100 мыңдаған Отандасымыздың өмірін қиған жаппай саяси қуғын-сүргінге

80 жыл толып отыр. Ғылыми форум жұмысына белгілі Алаш және саяси қуғын-сүргін мәселесімен айналысушы маман ғалымдар, Алаш қозғалысының қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары, Астана қаласының

студенттері мен магистранттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері және ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Алаш автономиясы – қазақтың алғашқы автономиялы, яғни өзін- өзі билеген парламенттік басқару түзіміндегі мемлекеті болатын.

Автономия – Ресей империясының күйреуі мен билік таласы басталған азаматтық соғыс кезінде, аумалы-төкпелі заманда құрылды.

Әрине, түрлі мүдделі топтар өз саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін өз автономияларын құруға ұмтылды. Ең маңыздысы – әр жерде ұрандаған алашшыл, халықшыл, түрікшіл тұлғалардың жалғыз ғана

мақсаты болды. Ол – өз халқын бостандыққа жеткізу болатын.

Әрбір тарихи өтпелі кезеңге, сол кездегі азаматтық соғыс жағдайларына әртүрлі болжам жасағандықтан, олардың арасында белгілі дәрежеде алауыздық орын алды. Бірақ барлық жағдайда ортақ

шешімге келіп, тіл табысты деп айтуға болады.

мен қарулы күштерінің көптігі – Алаш автономиясы басшыларын олармен ымыраласуға итер- меледі. Ақырында Автономиялы республика ретінде одаққа кіруге келісті. Бұндай қадамға халықты соғыс пен ашаршылыққа ұшыратпау үшін де барған еді.

Қазақ автономиясы Осылайша, 1920 жылы тамыз айында Қазақ автономиялы республикасы Ресей федерациясы құрамында құрылды.1936 жылы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы бо- лып өзгертіліп, Кеңес Ода- ғындағы жер жағынан 2 орында, халқының саны жағынан 3 орында тұратын үлкен одақтас республикаға айналды.

Жалпы алғанда, үш ав- тономиялы мемлекеттің ба- сы-қасында жүрген Алаш қайраткерлерінің негізгі то- бы – 1917 жылы шілдеде құрылған "Алаш" партиясының көшбасшылары мен мүшелері болатын.

Кеңес билігі әбден нығайып алғаннан кейін, Алаш қай- рат керлерінің нысаналы мақ- саттарынан тіксінді. Олардан құтылудың қамына кірісті.

Сонымен 1936 жылдан бастап қуғынға ұшыратып, түрмеге тоғытты, атты. Алайда Алаш ізбасарлары бәрібір, ашық және жасырын түрде күресті жалғастырып отырды. Ақыры Алаш ұрпақтары аталарының армандаған бостандығының қуанышын да көрді.

1991 жылы Қазақстан Рес- публикасы Кеңес Одағының Конституциясы негізінде, Одақтас республикалардың халқының тілегімен және орталық биліктің шешімімен ешқандай қан төгіссіз Тәуелсіздік жариялады. Алаш автономиясы жаңа ғұмырын осылай жалғастырды.

Алаш автономиясы құрған уақытша үкімет

Алаш-Орда – Алаш қай- раткерлерінің жалпықазақтық екінші құрылтайдың қаулысымен жарияланған, Алаш автономиясы мемлекетін басқару үшін құрған уақытша үкіметі. Алаш автономиясын қорғау жолындағы барлық қозғалыстар – Алаш қозғалысы болып саналды.

Әрине бір мақсат, бір ниеттегі барлық алашшыл тұлғалар Алаш атты партия аясында топтасты.

Міне, бұл бірігу – саяси қуаты аса жоғары алашшылардың жеңісі болатын. Алайда тарихи жағдай мен дала халқының мүмкіндігі шектеулі болды. Әрі анархия мен арандатушылыққа да ұрынды.

Территорияның тым үлкендігінен басқаруды шашыратып алғанын да айта кеткен жөн.

Биыл қазақ автономиясына, парламентіне, республикамызға 100 жыл толды. Ендеше, біз Қазақ хандығы құлағаннан кейін, 1847 жылы соңғы хан Кенесары Қасымұлы шейіт болған соң алғаш рет автономияға, мем- лекеттілікке, парламенттік би- ліктегі демократиялы елдікке жеттік.

Бұл – талассыз ақиқат. Алаш автономиясы және Түркістан автономиясына және олар құрған парламенттік билікке 100 жыл толып отыр. Бұндай үлкен мереке атаусыз қалуға тиісті емес.

Сұлтан-Хан Аққұлұлы, алаш-

танушы ғалым: "Біздің алғашқы парламенттік-президенттік мем- лекетімізге, парламентімізге 100 жыл толды, автономия деген өзін-өзі басқаратын мемлекет деген сөз. Ендеше, біздің автономиямызға, рес- публикамызға 100 жыл толып отыр. Мысалы, өткен жылы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген Әлихан Бөкейханұлының 150 жыл дығы жетім қыздың тойындай ғана болып аталып өтті. Сол жылы Қарағанды облысының әкімі облыс орталығындағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханұлының атын береміз деп уәде еткен болатын. Оған біз жарыла қуандық. Алайда уәде орындалмай қалды. Биыл да солай болуы мүмкін", – деп билікке ренішін білдірді.

Алаш автономиясының 100 жылдығы аталып өтіле ме?

Жоғары жақта осындай шешім шығыпты-мыс. Бұл туралы ашық айтылмаса да, журналистердің құлағына жеткен. Оған сенсек, шара Астана қаласында, қараша айында өтеді. Әрине, Алаш ардақтылырын ұлықтап,

"Алаш" партиясы мен Алаш автономиясының тарихымыздағы алатын орнын сонда бекітуі әбден мүмкін.

Бұл туралы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев: "Біз Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен азаматтарды құрметтеуіміз керек. "Алаш" қайраткерлері қазақтың аңсап күткен бостандықты патшаның тақтан құлауы әкеледі деп күткен еді.

Бірақ олай болмады.

Ұлттық идея үшін адамдар өмірлерін қиды. Бірақ олар тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды одан әрмен күшейте түсті. Бұл бақытты күнге жету – бүгінгі ұрпақ еншісіне

ҚР ҚК Әскери-тарихи мүзейінде ашылған "Алаш автономиясына" арналған экспозиция. (Музей қорынан). Алаш-Орда үкіметінің басқа уақытша үкіметтермен байланысын көрсететін карта . (Музей қорынан)

АЛАШ үкіметінің

Referensi

Dokumen terkait

ЯР-МҰХАМЕДОВА2 1 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., 2«Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ НАНОКОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЛИТТІК