УДК 004.051
І.А. ҚҰСПАНОВА
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан КӘСІПОРЫНДАҒЫ БИЗНЕС-ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Қазіргі кезде компанияның ұзақ мерзімдегі бәсекеге қабілеттілігіне және инвестициялық тартымдылығын құруға негізгі ықпал етуші құрал бизнесті басқару стратегиясы болып табылады.
Тиімді басқару – бұл ақша немесе материалды құндылықтар сияқты қор. Қазіргі жағдайда тиімді басқару қаржылық, материалдық, адамдық және басқа да қорлармен қатар, ұйымдағы құнды қорды білдіреді [1].
Еңбек үдерісіндегі тиімділікті арттырудың ең айқын тәсілі – бұл оны автоматтандыру.
Ақпараттық жүйелерді дамыта отыра, тек ақпаратты жинап, бизнес-үдерістерді және басқа да енгізу атрибуттарын оңтайландырып қана қоймай, сонымен бірге өнімнің құрамы, технологиялар, қорлар және т.б. деңгейде ақпаратты аналитикалық өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету сияқты бизнестің өндірістік бөлігіне қол жеткізуге ұмтылу қажет [2].
Қазіргі уақытта бірлескен ақпараттық жүйелерді қарқынды енгізу ұсынылады.
Кәсіпорын – қандай да бір нәрсенің жақсартылылуы ең жақсы жағдайда сәттілікке немесе ең жаман жағдайда жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне алып келетін біртұтас бөлік.
Басқарушыларға, әсіресе, қаржы бөлімдерінің басқарушыларына тұтас кәсіпорынға қатысты кешендік шешімдерді қабылдау қажет. Ал жедел міндеттерді шешудің жүктелуі басқару үдерісін одан сайын күрделендіреді.
Кәсіпорынды, соның ішінде қаржылық кәсіпорынды басқаруды оңайлату үшін жоспарлау, басқару және талдау функциялары бар тиімді ақпараттық жүйе болу қажет.
Ақпараттық жүйені енгізудің тиімділігі:
• жеткізілім тізбегіндегі (сатып алу кезінде) кәсіпорынның жалпы шығынын азайту;
• тауар айналымының жылдамдығының көбейту;
• артық қалған тауар қорларын ең аз мөлшерге дейін қысқарту;
• өнімнің түрін арттыру және күрделендіру;
• өнімнің сапасын жоғарылату;
• тапсырыстарды мерзімінде орындау және тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің жалпы санын арттыру [3].
Бірлескен ақпараттық жүйелер ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеу бойынша технологиялық міндеттерді атқарады. Олар нақты экономикалық объектіде алынған, басқарушылық қызметтің әдістері мен құрылымында анықталған регламентте жиналады, құрылады және жұмыс істейді және алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Кәсіпорын қызметін автоматтандырудың негізгі мақсаттары:
•басқарушылық шешімдерді қабылдауға ыңғайлы түрде ұйымның қызметі және сыртқы жайындағы деректерді жинау, өңдеу, талдау және беру;
•кәсіпорынның толық қызметін құрайтын бизнес операцияларды (технологиялық операцияларды) орындауды автоматтандыру;
•негізгі қызметті орындайды қамтамасыз ететін үдерістерді автоматтандыру [4].
Кәсіпорында ақпараттық жүйелерді енгізу қажеттілігімен соқтығысқан кезде, басқарма алдында өз күшімен жасап шығару немесе сатып алу, сатып алған жағдайда қайсысын таңдау керек мәселесі туады.
Казіргі кездегі басқару жүйесін өзіндік жасап шығару мүмкіндігін бағалай отыра, бұл нөлге тең деп нақты айтуға болады. Казіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелерді дамыту әрдайым қайта өңдеуді қажет етеді.
Егер кәсіпорын дайын жүйелерге бет қоюға шешім қабылдаса, онда оған кіммен жұмыс жасау керек, қандай отандық немесе жетекші батыс өндірісшілерін шешімдерін жеткізушілері жүйесін таңдау қажеттілігі жайында шешім қабылдау қажет. Қазақстандық кәсіпорындарға толық функционалды жүйелер деңгейіне жету әлі де алыс [5].
Менің ойымша, әртүрлі өндірістік кәсіпорындарға батыс жүйесіне бет қою қажет. Отандық қолданушы үшін бұндай жүйені таңдау шектелген. Қазақстан нарығына тек кейбір батыс компаниялары шыққан. Шынымен, бұл кешендік бағдарламалық қамсыздандыру және қызметтерді ұсынатын және экономиканың әртүрлі секторының кәсіпорындарының қажеттілігіне SAP, Oracle, Microsoft сияқты батыс алыптары толығымен жауап береді.
Әдебиеттер
1. М. Хохлова: «Современный рынок систем управления предприятием»,2005 г.
2. Д. Глямшин, статья «Выход из кризиса – система управления», 2003 г.
3. Ю. Токарев: «Корпоративные информационные системы и консорциум разработчиков», 2006 г.
4. М. Ильина, статья «Теория и методы промышленного управления», 2004 г.
5. В. Баронов, И. Титовский: «Методы построения систем управления», 2004 г.