Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығы Журналистика және қоғаммен байланыс факультеті
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы
«5В051400– Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық онлайн олимпиадасы
Республикалық мамандандырылған олимпиада 10-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі
(Нұр-Сұлтан қ. 24-25 ақпан 2022 ж.)
2022 жылы 24-25 ақпан күні Журналистика және саясаттану факультеті
«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасы ұйымдастыруымен, 10-11 сынып оқушылары арасында «PR DAY 2022» республикалық мамандандырылған олимпиадасын өткізеді.
Мақсаты: Олимпиадаға қатысушылардың PR саласындағы білімін арттыру, жаңа коммуникациялар және PR технологиялармен таныстыру, сондай-ақ өздерін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
«Қоғаммен байланыс» мамандығының талапкері ретінде сынап көру.
Тіркелу уақыты: 01.02.2022 ж. дейін
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Үш кезеңнен тұрады:
І- кезең.
Видео түсіру (онлайн-формат) 1. Мен креативті тұлғамын 2. Цифрлы әлем жетістіктері 3. Менің санамдағы PR
Видеоның ұзақтығы: 1-1,5 минут Видеоның форматы: еркін
Инстаграм желісіне #PRdayENU2022 хэштегімен (@teleradio_pr_enu;
pr_day_enu_2022; enugumilyov_official парақшаларын белгілеу) салынуы керек
Өткізілу уақыты: 25 қаңтар –20 ақпан ІІ- кезең Эссе жазу
ІІІ-кезең.
Қорытынды кезең
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Әр кезеңнің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өткен қатысушылар іріктеледі. Екі іріктеу кезеңінен кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының PR-мамандары, үздік профессорлары мен оқытушылары қатысады.
Олимпиадаға қатысу талаптары:
- 10-11 сынып оқушысы болу;
- креативтілік;
- жеңіске ұмтылу.
Болашақ талапкерлер маркетинг және PR саласындағы озық мамандармен жүздесе отырып, өзіңізді және өз әлеуетіңізді көрсетуге тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар, жетекші бренд-менеджерлер мен имиджмейкерлер тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасады.
Біз сіздермен "PR DAY 2022" республикалық онлайн олимпиадасында кездесуді асыға күтеміз!
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЫНА НЫСАНДЫ ТОЛТЫРЫП, 2022 ЖЫЛЫ 1 АҚПАН КҮНІНЕ ДЕЙІН ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСКЕ ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ.
Республикалық «PR DAY 2022» 10-11 сынып оқушылары арасында өтетін олимпиадасына тіркеу карточкасы
1. Аты-жөні (толық) __________________________________________________
2. 10-11 сынып оқушысы _____________________________________________
3. ЖОО (толық атауы) _________________________________________________
4. Қала/Аудан_____________________________________________________
5. Қатысушының электронды адресі, телефоны_____________________________
6. Жетекші аты-жөні, дәрежесі, телефоны., электронды
мекен-жайы _______________________________________________________
Байланыс телефондары: [email protected] +7 (707) 310-59-86 Әсем +7 (771) 606-62-60 Айдана
Олимпиада барысын Instagram парақшасына тіркелу арқылы бақылай аласыз.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, № 4 оқу ғимараты, Янушкевич көшесі, 6 үй.