• Tidak ada hasil yang ditemukan

Мектеп жасына дейінгі балалардың даму мәселесіндегі психологиялық бағыттар

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Мектеп жасына дейінгі балалардың даму мәселесіндегі психологиялық бағыттар"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

3501

Подсекция 9.4 Психолого-педагогические основы развития и образования личности в современном казахстанском обществе

УДК 144.376

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

Абішова Гулім Абдылхадировна

Абай Мырзаахметов атындағы Кӛкшетау университеті, Қазақстан Республикасы, Нұр- Султан қаласы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетіне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау үшін білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛрсетілген [1]. Себебі қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білімді, ғылым мен ӛндірісті ұштастыра алатын, оқытудың белсенді әдістерін меңгерген, жаңа ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдана білетін мамандар дайындау міндеті тұр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы білім алушылардың шығармашылық даралығын, интеллектуалдық және практикалық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу талабы қойылған [2]. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүйелі бірізділікпен тарқатылады. Онда қазіргі қазақстандықтардың, соның ішінде білім алушы жастардың заман талабына сай іс-әрекеті олардың ұлттық тұрпатты сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, прагматистік тұрғыдан ойланып, іс-әрекет жасай алатын тұлға болуының маңызы дәйектелген [3]. Әрі білім сапасының жоғары деңгейіне жету, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады [4]. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә. Назарбаев ӛзінің «100 нақты қадам» Бағдарламасында [5] ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін адам капиталының сапасын кӛтеріп, кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру қажеттігінің кӛкейтестілігін ерекше атаған еді. Осындай мемлекеттік маңызға ие құжаттар болашақ мамандарға кәсіби білім берудің сапасын арттыру; оларды маман және тұлға ретінде дамыту мәселесі қоғам назарында екенін кӛрсетеді.

Сондықтан қазіргі қарқынды жүріп жатқан жаһандану процесіндегі әлемдік бәсекелестіктің күшею тұсында бала бақшада білім беру парадигмасы ӛзгеріп, жаңару сипатын алға қоюда. Жаңадан болып жатқан ӛзгерістер баланың қоғамда тұлға ретінде іс- әрекет танытуды үйлестіре алуды талап етеді.

Балалық шақтағы психикалық және тұлғалық даму бүлдіршіннің кейінгі бүкіл ӛмірін, тыныс-тіршілігін анықтайды. Балалық шақтағы онтогенетикалық дамудың барша белгілері, сипаттары, мәндік ерекшеліктері психология ғылымдарында әр жақты, әр мағынада түсіндіріледі. Бұл түсіндірулер кейде полярлы кӛзқарастар, қарама-қарсы пікірлер арқылы негізделеді. Мұның бәрі «даму» категориясын анықтаудағы, оның түрлі мәселелеріне қатысты тұжырымдамаларды дәйектеудегі ғалым-зерттеушілердің ғылыми ұстанымдарына байланысты болады.

Психологиядағы даму және тұлға туралы теориялар, ілімдер, тұжырымдамалар балалық шақтағы дамудың жағдайына, ерекшеліктеріне және мәселелеріне қатысты дәйектелген.

(2)

3502

Сондықтан, балалық шақтағы дамудың ерекшеліктері, балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау үшін олардың теориялық-әдіснамалық негіздемесін айқындау керек болады.

Ал, балалық шақтағы дамудың ерекшеліктері, балалардың дамуындағы мәселелердің теориялық-әдіснамалық негіздемесін түрлі бағыттағы психологиялық теориялар құрайды.

Бұл психологиялық теориялар даму мәселесін түсіндірудегі ғылыми бағдарлары бойынша бірнеше бағыттарға және ағымдарға жіктеледі.

Балалық шақтағы дамудың теориялық-әдіснамалық негіздемесін құрайтын психологиялық бағыттар мен ағымдардың бірқатарын негізгі идеяларын сипаттап, шолу жасаймыз.

XIX-ғасырдың соңы XX-ғасырдың бас кезін психологияның ашық дағдарыс кезеңі деп атайды. Бұл кезеңде қазіргі психологиялық ғылым салалары теориялық қана емес, практикалық бағытта қалыптаса бастайды.

Психологияның ашық дағдарысында пайда болған негізгі ағымдар: психоанализ (фрейдизм), бихевиоризм, гештальтпсихология, гуманистік психология, трансперсональді психология, генетикалық психология, жеке-дара психология, трансактілі талдау тұжырымдамасы, дифференциалды психология, сыни психология, парапсихология, феномендік психология және т.б. Психоанализ негізін австриялық психолог және психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939) қалаған (фотосуретте З. Фрейд). Алғашында жүйке жүйесі жұқарған, истерияға шалдыққан адамдарды емдеу әдісі ретінде пайда болған психоанализ кейіннен аса танымал психологиялық теорияға айналады.

Психонализдің зерттеу пәні – бейсаналық пен сана арасындағы қатынастар динамикасы. Психанализ негізіне адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы санамен емес, түпсанаға орныққан ниет, тілек, күйзеліс, құмарлық арқылы анықталады деген идея алынған. Фрейдизм бойынша туа біткен биологиялық инстинктік құмарлықтар табиғи болғанмен, сыртқы ортадағы қалыптасқан ережелерге, идеалдарға сәйкес келе бермейді.

Сондықтан, олар тұншықтырылып тасталады да, санаға жетпей қалған немесе ұмытылып кеткен сияқты болады.

З.Фрейд пікірінше, сыртқы ортада бейморальді саналатын биологиялық негіздегі ниет, тілек, күйзеліс, құмарлық адамның кӛптеген психологиялық проблемаларына, тіпті, жүйке ауруына шалдығуына себепкер болады.

Психоанализ түпсанадағы биологиялық құмарлықтар түс кӛру, шығармашылық, невротикалық ӛзгерістер, фантазиялар, ауыздан байқаусызда шығып кеткен сӛздер, әзіл сияқты бұрмаланған түрде кӛрінеді деп санайды.

Сондықтан, З. Фрейд ілімі бойынша терапевтік әдіс ретінде психоанализ міндеті – зардап шегіп, ауруға шалдыққан адамның түпсанаға әбден орнығып, жасырынып қалған ӛз күйзелістерінің себебін түсінуіне, ұмытылып кеткен сияқты қайғы-мұңдарын еске түсіруге, оларды саналы түрде аңғарып, басынан қайталап ӛткізу арқылы катарсис – тазару, арылу эффектісіне жеткізу.

Психоаналитикалық теорияның кӛрнекті ӛкілдері: А. Адлер (1870-1937); К.-Г. Юнг (1875-1961); К. Хорни (1885-1952); Э. Эриксон (1902-1990); Г. Салливен (1892-1949); Э.

Фромм (1990-1980) және т.б. Олардың жасаған тұжырымдамаларының З. Фрейд теориясынан кӛп айырмашылығы бар. Алайда, психикалық әрекеттерге бейсаналық құбылыстардың рӛлі, ішкі қақтығыс мәселесі, ересектермен қарым-қатынас жасаудағы баланың тәжірибесі, психологиялық қорғаныстардың қалыптасуы кез-келген психоаналитикалық теорияға тән.

ХХ-ғасырдың бас кезінде американдық зерттеуші Джон Уотсон (1878- 1958) еңбектері арқасында бихевиоризм (behaviour деген ағылшын сӛзінен аударғанда – мінез- құлық, жүріс-тұрыс) бағыты дүниеге келеді (фотосуретте Дж. Уотсон). Жаратылыстану негізіндегі бихевиоризм психикалық құбылыстарды объективті тұрғыдан түсіндіруге талпынды. Бихевиористер «саналы түрде аңғару», «күйзелу», «сезіну» деген сияқты ұғымдарды объективті құралдармен байқап-кӛруге болмайтынын алға тартады. Сондықтан,

(3)

3503

олар кӛріп, байқауға болмайтын психикалық құбылыстарды түсіндіру ғылыми емес, субъективті деп санайды. Осы орайда, ішкі жан-дүниені түсіндіру жолдары мен амалдары психологияда қолданылмауы керек деп санаған. Бихевиоризм бойынша психологияда белсенділікті, мінез-құлықты, жүріс-тұрысты зерттеу керек.

Бихевиористер ықпал ету, яғни стимул (S) организмнің сәйкесінше белгілі бір мінез- құлықпен, жүріс-тұрыспен анықталатын жауабын, яғни реакциясының (R) туындауына себепкер болады деп қарастырады. Осы орайда олар S — R ӛрнегін ұсынады. Сондықтан, мінез-құлықты, жүріс-тұрысты басқарып үйренуге бағытталған Д. Уотсонның ғылыми бағдарламасы жасалған-ды.

Бихевиористік тұрғыдан S — R ӛрнегі жануарларға да, адамдарға да келе береді.

Дж. Уотсон бойынша үйрену заңдары белгілі стимулдарға реакциялардың қалыптасуы ретінде әмбебаптық сипатта болады. Сондықтан, мысықтар мен атжалмандарға жасаған эксперимент нәтижелерін бихевиористер адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысына жарай береді деп санаған.

Б. Скиннер (1904-1990), А. Бандура (1925 ж.д.к.) психологияда беделі жоғары бихевиористер болып табылады. Осы кезге дейін аса маңызды болып саналатын бихевиористік тұжырымдамалар қажетті реакцияларды қалыптастырып, қателіктерді түзету негізінде педагогикада, психотерапияда қолданылады.

Гештальтпсихология немісшеден аударғанда форма психологиясы деген мағынаны білдіреді. Гештальтпсихологияның негізін 1910-1912-жж. Макс Вертгеймер (1880-1943) құрады (фотосуретте М. Вертгеймер).

Сонымен бірге, бұл психологиялық бағыт Курт Коффка (1886-1941) және Вольфганг Келер (1887-1967) сынды неміс зерттеушілерінің есімімен байланысты. Гештальтпсихология бейненің тұтастығы жайлы, бейненің қасиеттерін оның жеке бӛлшектерінің қасиеттерінің қосындысы деп қарастырудың жӛн еместігі жайлы идеяны алға шығарған. Сонда, қабылдау түйсіктердің қосындысы емес. Танымдық процестерді зерттеу негізінде пайда болған гештальтпсихологияның зерттеу пәні тұтас құрылымдар, яғни гештальттар болды.

Гештальт психологияның кӛрнекті ӛкілдері – К. Левин (1890-1947), Ф. Перлс (1883- 1970) және т.б.

Қазіргі кезде жеке-дара бағыт ретінде гештальт психология жоқ. Алайда, практикалық психологияның бағыттарына байланысты гештальт психологияның белгілі бір идеялары, қағидалары, шарттары кеңінен қолданылады.

Сонымен, психологиядағы танымал бағыттар қазіргі бала психологиясының орны мен оған қатысты негізгі білімдер жүйесін, балалық шақтағы дамудың психологиялық мәселелерін анықтайды.

1. Қолданылған әдебиеттер тізімі

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана: Ақорда, 2007 жыл, 27 шілде, №319-III. (2015.21.07. берілген ӛзгерістерімен, толықтыруларымен).

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарғаарналған Мемлекеттік бағдарламасы. 07.12.2010 ж., ҚР Президентінің № 1118Жарлығы, Астана.

(2014.12.08.берілген ӛзгерістерімен, толықтырулармен).

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар–

рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. 12.04.2017.

5. ҚР Президентінің Үкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытуды2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

01.03.2016, №205.

6. Назарбаев Н.Ә. «100 нақты қадам» Бағдарламасы, 20.05.2015.

Referensi

Dokumen terkait