• Tidak ada hasil yang ditemukan

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

№ 1 (92) 2013

193

6. Зверев А. Л. Этническая идентичность в условиях политической трансформации постсоветского периода:

политико-психологический анализ // Вестник Московского университета. Серия 12 – пoлитические науки. – Мо- сква. – 2006. – № 1. – С. 30.

7. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. / Ред. алқа: К. Ш.

Хұсайын, Ә. Нысанбаев, К.Н. Бұрханов, С.А. Қасқабасов, М.Қ. Әбусейітова, Н.Қ. Нұрланова, М. Айдарханов, С. Құнанбаева. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б.

8. Bennigsen A. Soviet minority nationalism in historical perspectives // The last empire. – Stanford. – 1986. – P.

131.9. Кекілбайұлы Ә. Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді // Егемен Қазақстан. – 2006. – 7 қараша. – 6 б.

10. Казахстан-2030. Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы: Раритет. - 2002. - С. 21.

11. Билялова Г. Н. Этническая память: социокультурные размерности в казахской духовной культуре. До- клад. www.humanities.edu.ru

Редакцияға 12.10.2012 қабылданды.

Д.О. САЛИЕВА

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

The article reviews the national and international literature on housing and describes the current situation in the housing sector of Kazakhstan. It defines the Kazakh housing policy, its key directions and documents.

Moreover, three stages of the state housing policy development are herein considered. The authors conclude the article with enumerating the potentially important issues in the Kazakhstani housing policy.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа жолдауында тұрғын үйдің әлеуметтік- саяси мағынасына мән бере отырып, «Ендігі бір өзекті міндет – тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұрынғы жүйе шеше алмаған іске кірістік. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, неге қабілетті екендіктерін қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш» деген болатын [1].

Елбасының 2012 жылғы жолдауында да тұрғын үйдің ерекше орын алғанын байқаймыз, «біз жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет» [2]. Сонымен, қазіргі уақытта тұрғын үй мәселесіне Қазақстанның саясатында аса назар аударуда. Алайда, бұл мәселені шешу үшін оның саяси құрылымын терең жүйелік қарастыру мен басты стратегиялық бағыттарды даярлау қажет. Сонымен қатар, азаматтардың жағдайын жақсартуға қабілетті нәтижелі тұрғын үй саясатын жүзеге асыру керек.

Халықтың табысының төмендігіне және жоғары бағалы көрсеткіштерге ие тұрғын үй нарығына бай- ланысты саясат әлеуметтік бағытты ұстануғы тиісті, әйтпесе, әлеуметтік нәтижелілік орындалмайды.

Қазақстан дамуы негізінде мемлекеттік тұрғын үй саясаты теориялық негіздің жасалуын талап етеді.

Әлеуметтік мемлекеттегі тұрғын үй саясатының қызмет атқаруының теориялық аспектері И.П.

Денисовтің, Л.Р. Клиновенконың және П. Бурдьенің жұмыстарында қарастырылады. Сонымен қатар, төмендегі зерттеушілердің шетелдердегі тұрғын үй мәселелері туралы жұмыстары үлкен қызығушылық туғызады: Н.Чудинова, И.Хандажапова, О.С. Белокрылова, В.В. Бузырев, В.С. Чекалин. Ал, Ф. Рой, А. Мананбаев және М. Юлдашев өз жұмыстарында Қазақстандағы ипотекалық несие және қатерлер менеджменті туралы жазады. Отандық зерттеуші К.А. Оңлабаев сұраныс пен ұсыныс саласындағы мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты бағыттарын қарастырады. Басқа қазақстандық зерттеуші Л. Құлымбетова тұрғын үй бағдарламаларын дамыту мақсатында жаңа тұрғын үй саясатын жасауды ұсынады. Сонымен қатар, тұрғын үйдің тапшылығы мен тұрғын үй саясатының маңыздылығы мем- лекетте көтеріліп отырған бағдарламалар мен ресми құжаттарда да көрсетілген. Тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қойған тапсырмалары – жалдамалы тұрғын үй нарығын да- мыту мен мемлекеттік тұрғын үй жалдамалық қорын басқару жөніндегі мамандандырылған компа- ниялар құруды және мемлекеттік емес сектордың әлеуметтік жаңғыртуға қатысуын ұлғайтуды ынта- ландыру. Осыған байланысты мақаланың мақсаты – тұрғын үй маңыздылығына назар аудара отырып,

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

194

Қазақстанның мемлекеттік тұрғын үй саясатының ерекшеліктері мен басты бағыттарын айқындау.

Мақала төмендегі зерттеу сұрағын қарастырады: Қазақстанның тұрғын үй саясатының өткені мен бүгіні, алдағы міндеттері қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз әдебиетке шолу (literature review), статистикалық шолу мен мәтін сараптамасы (textual analysis) әдістерін қолдандық.

Мемлекеттік тұрғын үй саясаты – бұл құрылыс, тұрғын үйді іске қосу және жөндеу саласындағы мемлекеттің мақсатты стратегиялық іс-әрекеті. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты қағидаттары: азаматтардың тұрғын үй құқықтарын айқындайтын жаңа заңнамалық және нормативті негіздерді дамыту; тұрғын үй қорын басқаруға азаматтардың қатысуы; коммуналды инфрақұрылымды дамыту; тұрғын үй құрылысын дамытуға ат салысу; жер нарығын құру; тұрғын үй саласындағы қаржылық нарықты жетілдіру; жаңа қалалық даму саясатын дайындау; жылжымай- тын мүлік нарығы инфрақұрылымын дамыту; тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. Тұрғын үй са- ясаты тұрғын үйді үлгі-қалыптарының негізі мен біртұтас сандық мөлшерде қарастырады. Тұрғын үй қажеттілік, сезім мен мән-мағына арқылы айқындалса, тұрғын үй саясаты сандар мен анық үлгі- қалыптармен айқындалады [3]. Кейбір зерттеушілер тұрғын үй саясатын бақыт пен әл-ауқаттылық түсініктері арқылы зерделейді. Олардың пікірінше тұрғын үй саясатының негізін жеке бақылау, өзін- өзі бағалау мен тұлғалылық, теңсіздік пен әлеуметтік жәрдем түсініктері қалайды, яғни тұрғын үй са- ясатын азаматтың өз-өзіне деген бағасы мен қауіпсіздік сезімін көтеруге қолдануға және сол арқылы бақыт пен әл-ауқаттылықты дамытуға болады.

Тұрғын үй саясаты саласындағы заңнаманы сараптау нәтижесінде айқындалғандай, қазіргі уақытта тұрғын үй саясатының басты бағыт-бағдарларын көрсететін заңнамалық негіз қалыптасқан.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының дамуының бағыты – тұрғын үй қарым-қатынасы саласындағы мәселелерді шешу қызметін атқаратын тұрғын үй саясаты бағыттарының институционалдануы.

Заңнаманың жүйелілігі мен барлық заңдарға азаматтардың қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй саласындағы заңнан туындаған актерге тұрғын үй кодексін қабылдау қажет. Тұрғын үй саласындағы заңнамалық актерді қабылдау мен елдегі саяси-экономикалық даму жағдайын ескере келе, мемлекет- тік тұрғын үй саясатының бірнеше даму кезеңдерін бөліп айтуға болады:

Бірінші кезең 1991-1997 жылдар аралығы – тәуелсіз Қазақстанда тұрғын үй секторының дамуының бастапқы кезеңі. Бұл кезең жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуімен, тұрғын үй саласында азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге мемлекеттің қатысуын (нарықтық үлгі) азайту үлгісіне сатылап көшумен және жылжымайтын мүліктің мемлекеттің иелігінен алынып, жекеменшіктің пайда болуымен сипатталады.

Екінші кезең 1997-2003 жылдар аралығы – тұрғын үй саласының дамуында мемлекеттік ұйымдар қызметін, тұрғын үй мәселесін шешудегі мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасын айқындаумен және ипотекалық несие бойынша тұрғын үй саясатының жаңа бағыттарының, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесінің пайда болуы мен оның институционалдануымен сипатталады.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының дамуының үшінші кезеңі 2004 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жүріп жатыр. Бұл кезеңнің басты сипаттамасы – мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй саясатының барлық бағыттарын жандандыру, жалда- малы тұрғын үй атты тұрғын үй саясатының жаңа бағытының пайда болуы және үлескер құрылысы мәселелерін шешу.

Қазақстанның тұрғын үй секторы .Тұрғын үйдің маңыздылығына қарамастан, Қазақстанда тұрғын үй реформасы баяу жүргізілді. Бұрыңғы Кеңес Одағының тұрғын үйді қаржыландыру жүйесі бойынша Қазақстанда тұрғын үй салудың дәстүрлі түрі орын алды, яғни мемлекеттік тұрғын үй салу үшін бюджеттік ресурстарды орталықтанған жүйеде бөлу және оларды тұрғын үй жағдайын жақсарту тізімінде тұрған азаматтарға тегін бөлу. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл жүйе 90-жылдардың басын- да Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен жарамсыз болып қалды. Сол мезгілде тұрғын үй салуға бюджеттен қаржы бөлу мен жаңа тұрғын үйлерді салу көлемі күрт төмендеді. Мәселен, 1999 ж. тұрғын үй салу 1988 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен 8 есеге төмендеді, яғни төмендеу 87% құрады. 1988 жылы Қазақстан тарихында тұрғын үй салу шыңына жетті: 8,7 млн.

м2 құрады. Ал, 1999 жылы тұрғын үй салу 1,1 млн. м2 құрады [4]. 2011 жылы бұл көрсеткіш 6,5 млн. м2 құрады. Тұрғын үй салудың қысқартылуымен қоса, тұрғын үйлердің орташа ауданының да ұлғайғанын байқаймыз: 1988 жылы 66 м2 болса, 1999 жылы 115 м2, ал 2011 жылы 119 м2 болды. Бұл да тұрғын үй салудың азаюының теріс салдарына себепкер болды. Бір жағынан, көлемнің ұлғаюы – тұрғын үй секторының жағымды өзгерісі. Ол азаматтардың өмір үлгі-қалыптарының жоғарылауымен байланысты. Алайда, жаңа үйлердің салынуының қысқартылуы салдарынан төмен табысты азаматтар бастапқы тұрғын үй нарығына қол жеткізе алмайды.

(3)

№ 1 (92) 2013

195

Қазақстанда тұрғын үй нарығы ақуатты халық үшін жұмыс жасады және сұранысты қанағаттандырмады. Тұрғын үй жағдайын жақсартқан отбасылар саны төмендей берді. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған мемлекеттік тұрғын үй салудың бекітілген көлемі орын- далмады және ол сол саладағы мемлекеттік қаржыландырудың күрт қысқарылуымен түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үйді жаппай жекешелендіру басталды. Егер бұған дейін пәтерді тек алмастырып алу мүмкін болса, қазір жекеменшік құқығы иелерге жылжымайтын мүлкін сатуға мүкіндік берді. Тұрғын үй салуды қаржыландыру жүйесі де үлкен өзгерістерге ұшырады: тұрғын үй салуда мемлекеттік емес сектор өкілдері белсенділік көрсете бастады. Тұрғын үй қолжетімділігі сер- пінін әрі қарай келесі кестелерде көрсетуге болады.

Кесте 1. Қазақстандағы тұрғын үйдің орташа бағасы Тұрғын үй бағасы (ауданы: 60 m2) (теңге)

Бастапқы нарық Қайталама нарық

2005 5 557 320 3 640 080

2008 8 848 140 6 495 000

2012 10 116 000 7 488 000

Кесте 2. Астанадағы тұрғын үйдің орташа бағасы мен орташа жалақы Астанадағы тұрғын үй бағасы (ауданы: 60 m2) (теңге)

Бастапқы нарық Қайталама нарық Орташа жалақы (айына)

2005 6 872 400 7 283 520 51 001

2008 11 652 840 11 313 360 89 631

Қыркүйек, 2012 12 618 000 12 720 000 143 850

Кесте 3. Астанадағы жалдамалы тұрғын үйдің орташа бағасы мен орташа жалақы салыстырмалы түрде (айына)

2005 2008 2012

Жалдамалы тұрғын үйдің орташа бағасы (ауданы: 60 m2) (теңге)

58 080 112 500 111 900

Орташа жалақы (теңге) 51 001 89 631 143 850

Орташа жалақының %

шаққанда орташа рента 114% 125.5% 78%

Дерек көзі: www.stat.gov.kz Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сайты

1-кестеде Қазақстандағы тұрғын үйдің бастапқы және қайталама нарығындағы тұрғын үй бағаларының өскенін көрсетеді. 2005-2012 жылдар аралығында Астанадағы тұрғын үй бағасы екі есеге көбейгендігін Кесте 2-ден көреміз. Ал, Кесте 3 Астананың орташа табысы бар тұрғынына жалдамалы тұрғын үй қолжетімсіз екендігін тағы бір дәлелдейді. 2005 және 2008 жылдар аралығында азаматтың орташа айлық табысынан жалдамалы тұрғын үйдің орташа рентасы көп болды. Бұл қолжетімсіздік қатал ипотека талаптарымен қосылып, тұрғын үй мәселесін одан әрі күрделетеді.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары.Тұрғын үй саласындағы осындай қауірт мәселелерді шешу және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап тұрғын үймен қамтамасыз ету құжаттарын қабылдады, олардың ішіндегі негізгілері: Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;

тұрғын үй құрылысының 2011–2014 жылдарға арналған бағдарламасы және «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы.

Бұл бағдарламалардың нәтижелеріне қысқаша шолу жасасақ, 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарлама тұрғын үй құрылысын ынталандыру деген басты тапсырмасын орындады. 2008 – 2010 жылдары тұрғын үйді іске қосу жоспары да орындалды, алайда дүниежүзілік қаржы дағдарысы

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

196

Қазақстанның тұрғын үй құрылысына да, ең алдымен үлескерлер қатысқан құрылысқа да әсер етті.

Осыған орай, Үкімет интервенциясы приоритетті мәселелерді шешуге қажет болды: ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету; үлескерлердің құқықтарын қорғау және құрылыс объек- тілерін аяқтау. Алайда, Үкіметтің үлестік құрылысты құтқаруы – бұл қоғамдағы әлеуметтік шие- леністі болдырмау үшін жасалынған бір жолғы акция. 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету болғандықтан ол тұрғын үй құрылысының мәселелерін екінші санатта қарастыруда.

Қазіргі уақытта жүзеге асырылып отырған бағдарламаларға қарамастан, тіпті экономикалық тұрғыдан белсенді негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмай отыр және ол үрдіс баяу жүруде. Сонымен қатар, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жүргізген талдауына сүйенсек, 2012 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі күрт төмендейді деген болжам бар, бұл өз кезегінде тұрғын үй бағасының жоғарылауына алып келетінін көрсетеді [5].

Ұлттық тұрғын үй қоры. Қазақстанның тұрғын үй жүйесіне жаңа механизмдердің қажеттілігі одан әрі ресми статистика арқылы расталады (2011 жылға): 283,9 млн. м2 – тұрғын үй қорының жалпы ауданы (96,4% - жеке; 3,6% - мемлекеттік тұрғын үй қоры); 2992,9 мың м2 – апатты жағдайдағы тұрғын үйлер [6]. 2011 жылы 6531 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш біздің әлі де болса, сұраныс дәрежесіне шықпағандығымызды көрсетеді. Мәселен, экономикасы және құрылыс секторы дамыған елдерде әр тұрғынға шаққанда жылына 1 шаршы метрден тұрғын үйді іске қосып отырады.

Қазақстанда шамамен 17 млн. халық бар екенін ескерсек, тұрғын үй нарығының тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жылына қазіргі көрсеткіштерден 2,6 есеге көп тұрғын үйлер салынуға тиісті. Сонымен, Қазақстанның тұрғын үй секторындағы жағдай – тұрғын үйдің қолжетімсіздігі, сұраныс икемсіздігі (supply inelasticity), халықтың тұрғын үй жағдайымен қанағаттанбауы және осы мәселелердің өте баяу шешілуі – инновациялық өзгерістердің қажеттігін көрсетеді.

Белсенді мемлекеттік тұрғын үй саясатына қарамастан тұрғын үймен қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі өзгерген. Мемлекет азаматтарды тұрғын үймен тегін қамтамасыз етпейді. Ол несиелік-қаржылық механизмдермен ипотека және тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы баспанаға қол жеткізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, жалдамалы тұрғын үй арқылы аз қамтылған және орта санаттағы азаматтарға мемлекет тарапынан баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндіктері көбеюде. Мемлекеттік тұрғын үй саясатының мәселелері мен перспективаларын сараптай келе, келесі қортындылар мен ұсыныстарды келтіруге болады: Қазақстанның тұрғын үй саласындағы қазіргі басты мәселелері болып жүзеге асырылмаған үлескерлік құрылыс пен инженерлік инфрақұрылымның дамуы. Мемлекеттің белсенділігінің арқасында бұл екі мәселе де шешілуде. Біріншісі институционалдану («Самрұқ- Қазына» жылжымайтын мүлік қорының пайда болуы) және мемлекеттің жедел араласуы, үлескер құрылысы ұйымдарына деген шектеулер арқылы шешілуде. Екінші мәселені шешу үшін ұзақ уақыт қажет, себебі бұл мәселе кейінге қалдырылып келген болатын. Сонымен қатар, келесі маңызды тап- сырмалар Қазақстанның тұрғын үй саясатынан тыс қалмауға тиісті: инженерлік инфрақұрылымды дамыту; тұрғын үй саласындағы мемлекеттік жеке серіктестікті дамыту; мемлекеттік емес секторға әлеуметтік мәселелерді шешу жігін беру; жалдамалы тұрғын үй нарығын ынталандыру; қолжетімді жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды құру.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации: Послание Пре- зидента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана//Казахстанская правда.-2005.-18 февраля.-С.2.

2. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы//Егемен Қазақстан. - Астана, 2012.- 27 қаңтар.

3. King P. Private dwelling: Contemplating the use of housing. - Aldershot: Ashgate, 2004.-208 p.

4. Карамурзов Р.Б. Становление ипотечного жилищного кредитования в Российской Федерации и Республике Казахстан. Москва: МГУ им. М.В. Ломоносова, 2006.

5. Қазақстан Республикасының «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасы.

6. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры туралы статистикалық жинақ. -Астана: ҚРСА, 2012. - 50 б.

Редакцияға 06.10.2012 қабылданды.

Referensi

Dokumen terkait