ӘОК 004.032.6:37
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ЖАСАУ ҚҦРАЛЫН ҚОЛДАНУ
Жеткенбай Лена Ақпараттық технологиялар факультеті, Теориялық информатика кафедрасының инженері,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Андасова Баққайша Заманбековна
141
Біздің елімізге дәстҥрлі тҥрде жинақталған және алға қарай кезеңмен жылжуға мҥмкіндік беретін стратегияларды қалыптастыруға қолайлы, алдыңғы қатарлы идеяларды тірек ететін концепцияны жасау қазіргі оқытудың бірінші дәрежелі есебі болып табылады.
Компьютерлер ӛндіріске, қызмет кӛрсету саласына және кҥнделікті тҧрмысқа толығымен енді. Компьютер біздің ҥйіміздегі телефон, телевизор және калькулятор сияқты қажет. Бірақ та ол не оқытушыны, не кітапты ешқашан алмастыра алмайды. Сондықтан әрбір азамат компьютерді қолданатын оқыту технологиясын пайдалану мҥмкіндігін игеруі керек.
Осыған байланысты ғылымның әр тҥрлі салаларында мамандардың перспективті және ӛндірістік дамыған елдерде жоғары дәрежеге ие болған оқыту процесін іске асыруда студенттер мен оқытушыларға неғҧрлым тиімді, сапалы мультимедиалық оқыту бағдарламасын мысалға келтіруге болады.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасы электрондық басылымға жатады, ол гипертекст тҥріндегі, нақты қҧрылымдалған, кез келген сілтеменің объектісіне (текст, графика, анимация, аудиофрагмент, видеофрагмент, орындалатын программа) қатынау мҥмкіндігі бар оқу материалынан және теориялық материалды бекіту, практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту ҥшін берілетін сұрақтардан, жаттығулардан, тесттерден, қолданбалы программалар дестелерінен, сөздіктерден, анықтамалардан тҧрады.
Мультимедиа (multimedia) ағылшын тілінен аударғанда – жаңа заманға орай дамыған компьютерлік жҥйеге мәтін, дыбыс, видео және анимациялар кіретін компьютерлік ақпаратты технология.
«Мультимедиа» термині «мульти» – кӛп және «медиа» – орта, тасымалдаушы, хабарласу қҧралы деген екі сӛзден қҧралған. Мультимедиа - бҧл бірнеше графика, мәтін, видео, фотосурет, қозғалмалы образдар (анимация), дыбыс эффектілері, жоғарғы сапалы дыбыстық әрлеушілер сияқты ақпараттық орталардың компьютерлік технологиялары.
Ақпараттық қоғамда мультимедианың даму маңыздылығы жағынан индустриалды қоғамда киноның пайда болуымен пара-пар. Дамыған ақпараттық ортада мультимедианы қолдану кең кӛлемді спектрді қҧрайды.
Мультимедиалық технологиялар – әр тҥрлі типті мәліметтерді дайындау, ӛңдеу, біріктіру, ҧсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жҥзеге асыратын қҧралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Бҧл – білім беру жҥйесінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялардың анағҧрлым қарқынды дамып келе жатқан бір бағыты, ақпараттық технологиядағы аса маңызды және болашағы жарқын салалардың бірі.
Сонымен, біз мультимедиалық оқыту бағдарламасында анимация жасау қҧралын қолдануға тоқталатын болсақ: анимацияларды қолдану назар аудартудың және ақпараттың эмоционалды қабылдануының (статикалық бейнелерді динамикалық тҥрге ауыстыру, тек кӛрсететін объектінің мәні статикамен беріле алмайтын ҥрдістерге, динамикаларға қатысты болған жағдайда орынды) бірден-бір тиімді қҧралы болып табылады.
Қазіргі таңда Flash технологиясы векторлық анимация жасаудың танымал қҧралы екені баршамызға аян. Салыстырмалы тҥрде кӛп орын алмайтын клип векторлық графикамен қатар, расторлық графикадан және дыбыс пен бейнежазбадан тҧрады. Flash технологиясының арқасында Web – дизайнерлер алдында шексіз қиял әлемі ашылды.
Қазірде Flash Интернетке арналған ӛнімдерді шығару қҧралдарын ҧсынады және де заманауи дербес компьютерлер ҥшін, ойын тіреуіштері (игровая приставка), ҧялы байланыс қҧралдарында қолданылады. Бҧлар негізінен мультимедиаға жатады.
1995 жылы Future Animation компаниясы векторлық анимацияны жасау ҥшін арнайы Future Splash Animator программасын ойлап тапты. Уақыт ӛте Macromedia компаниясы да осы программаны сатып алып, оны ары қарай дамыту және жӛндеу арқылы жаңа Flash программасын шығарды, Flash «тҧтану» дегенді білдіреді.
Flash технологиясы жақын арада пайда болса да, ол динамикалық тҥрде дамып келу ҥрдісінде. Соның дәлелі болып тӛртінші нҧсқаға қосылған ActionScript тілі саналады, ол қосымша қасиет арқылы Macromedia Flash технологиясының анимация жасау мҥмкіндіктерін
142
кеңейтті. Осы уақыттан бастап Macromedia Flash технологиясы векторлық анимациялар жасау бойынша сӛзсіз кӛшбасшы болып табылады.
2005 жылдың қыркҥйегінде 8 нҧсқасы болып табылатын Macromedia Flash 8 программасы жарыққа шықты. Бҧл World Wide Web ҥшін интерактивті анимацияларды жасауға арналған кәсіптік программа. Вебресурс ҥшін навигация, желі ҥшін арнайы программа, анимация жасағыңыз келсе, Flash 8 кӛптеген мҥмкіндіктер ҧсына отырып, сіздің шығармашылық потенциалыңызды аша тҥседі. Ӛндірістік стандартқа сәйкес келетін жобаны басқару ҥшін қажетті кәсіби қҧралға мҧқтаж дизайнерлер енді міне кез- келген мультимедиалық программаны жасай алатын болды.
Flash 8 программасының қҧжаттарды Flash 5 форматында сақтай алатын мҥмкіндігі бар, соның негізінде Flash программасымен жҧмыс жасайтын программистердің жобасымен ортақтасуға болады. Программаның жасаушылары бҧл нҧсқаға әсерлерге қҧмар адамдар ҥшін арнайы қосымша Filters (Фильтрлер) және Blend (қоспалар) панельдерін қосты. Сонымен қатар бҧл нҧсқада мәтінмен, бейнежазбамен жҧмыс жасау ҥшін қҧрылғылар жиынтығының мӛлшері ҧлғайды, ActionScript тілінде скриптердің жазылуы ыңғайлы болды.
Flash 8 программасы дизайнерлерге жобаны басқарудың кеңейтілген мҥмкіндіктерін ҧсына отырып, шығармашылық деңгейдің ӛсуіне жол ашты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ӛмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген [1].
Сондықтан да, білім сапасы оқу-әдістемелік қамтамасына тікелей тәуелді болғандықтан, мультимедиалық оқыту бағдарламасын пәндерді оқытуда тиімді қолдану – білім алушылардың оқу материялын жеңіл, терең меңгеруіне мҥмкіндік береді.
Әдебиеттер
1. 2011 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы 2. http://ru.wikipedia.org/wiki/
3. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Мультимедиа в образовании 4. Мультимедиа Под.ред.Петренко А.И. – М.1994
5. Уотролл Э., Гербер Н. Эффективная работа Flash MX – СПб.: Питер, 2003.
6. Слепченко К., Macromedia Flash Propessional 8 на примерах. – СПб.: БХВ – Петербург, 2006.