• Tidak ada hasil yang ditemukan

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ЖАСАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ЖАСАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

113

ОӘК 378.02:002.6:378.637

Б.Ғ. БОСТАНОВ, Ш.Н. ШЕКЕРБАЕВА

Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және Phd докторантура институт Алматы, Қазақстан

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ЖАСАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Электрондық оқу-әдістемелік кешенді (ЭОӘК) жобалауда педагогикалық жағын қамтамасыз ету үшін осындай құралдар классикалық дидактиканың ұстанымдарына сәйкес келіп қана қоймай, арнайы ұстанымдар: интерактивтілік, оқу ақпараттарының жеткіліктілігі, ақпараттық құрылымдар мен үдерістердің иерархиясы, оқытудың әртүрлі формаларын пайдалану, мультимедиа құралдарын кешенді пайдалану және виртуальды шынайылылықты толық ескерген жөн.

Информатика бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешенді жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:

 қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;

 ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;

 оқыту үдерісін жеңілдетіп және алға қойған мақсатқа күш және уақытты үнемді жұмсап жетуге бейімдейтін компенсаторлық қызмет;

 оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет;

 нысана немесе құбылысты біртұтас та, бөлшектеп те қарай алатын интербелсенділік қызмет.

Бірақ зерттеушілердің электрондық оқу-әдістемелік кешенді құру ұстанымдарында басқа да жаңа талаптар кездесіп жатады. Білім беруде ақпараттық технология мен оның ресурстарын пайдалану мен дайындаудың бос әурешілігімен байланысты мәселе де бар. Осы мәселенің салдарынан – ақпараттық технологияның артықшылықтарын кәсіби іс-әрекетте кешенді түрде пайдалануға қабілетті педагогикалық кадрларды әмбебап дайындаудың тәжірибелік түрде мүмкін еместігі шығады. Білім беру үдерісіне қатысушылар әрбір жеке білім беру ресурсы үшін техникалық құрал-жабдық, программалық қамтамасыз етудің жаңа қосымша әдісімен мақсатсыз түрде пайдалану жағдайлары да жиі кездеседі.

Осыған байланысты, жалпы концептуалды және техникалық бірлестікте жасалып олардың тығыз бірігуін қамтамасыз ететін педагогикалық және ақпараттық технология мен электрондық оқу- әдістемелік кешенді дайындау қажеттігі туады. Ақпараттандыру құралдарын педагогикалық тиімді қолданудың өміршеңдігі тек жоғары деңгейдегі психологиялық-педагогикалық, техникалық- технологиялық, экономикалық және эргономикалық көрсеткіштермен ғана анықталып қоймай, сондай-ақ, осындай құралдарды іске асыру мен пайдалануға қойылатын мазмұндық, әдістемелік және технологиялық тәсілдердің бірізділігі дәрежесімен анықталады.

Программалық құралдарды жіктеуді пайдалана отырып, өнімдерді жіктеушісінде ұсынылған әр бір ішкі топтарда оқуға арналған қолданбалы программалық құралдар бар. Оларға: педагогикалық, оқытушы, бақылаушы, демонстрациялаушы, ермек етуші, көмекші программалық құралдары, сондай- ақ, жаттықтыруға, модельдеуге, оқу үдерісін басқаруға, оқу программаларын құруға, кәсіби бағдар берушіге, дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған программалық құралдар кіреді.

Электрондық оқу-әдістемелік кешен жасауда келесі міндеттер қойылды: мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорын басқару жүйесін, электрондық басылымдардың мақсаты мен

(2)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

114

мазмұнын қарастырып және электрондық басылым жасауға HTML тілін пайдалана отырып, мәліметтер қорын оқытуға арналған электрондық оқу-әдістемелік құрал жасау. Электрондық оқу- әдістемелік құрал дәрістерден, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарынан, студенттердің өзіндік жұмысынан, зертханалық жұмыстардан және де тест тапсырмаларынан тұруы қажет.

Мәліметтер қоры пәнін оқытуда оның зерттелуші информатика құралдарымен бірге, оқу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру русуртары қатар пайдаланылады. Яғни, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісі белгілі бір дәрежеде жеткілікті кәсіби білім мен дағдылардың болуын қажет етеді. Ол информатика мамандығы бойынша оқытылатын пәндерді оқытуға арналған электрондық оқу-әдістемелік кешенді жасау және пайдаланудың қазіргі бар әдістемелік – технологиясының да болуы өте маңызды.

Электрондық оқу-әдістемелік кешен ретінде осындай деңгейдегі көп функционалды педагогикалық бағдарламалық жүйе жасаудың тек бір ғана оқытушы-әдіскер күшімен жасау авторға қиындық туғызады. Электрондық оқыту құралдарын жасауда педагогикалық аспектіні, танымдық үдеріс психологиясын, жас психологиясын, эргономикалық талаптарды, бағдарламаның озық үлгілерін меңгеруді, көркем-суреттік икемі болуды ескеру қажет.

Енді, элементтері информатика мамандығы бойынша оқытылатын пәндер бойынша оқу- әдістемелік кешенді жасаудың мазмұнына кіруі мүмкін электрондық оқыту құралдарын жасаудың бар технологияларын қарастырайық. Электрондық оқыту құралдарын жасау технологиясының дәл сипаттамасы А.Ю.Уваров пен Л.Х.Зайнутдинованың жұмыстарында келтіріледі.

А.Ю.Уваровтың зерттеулерінде типтік экран (бет перде, тіркеу, ақпараттық экран, сұрақтар экраны, тапсырмалар экраны) тұжырымдамасы негізделген электрондық оқыту құралдарын жасаудың технологиясы қарастырылған. Осындай электрондық оқыту құралдары кең түрде қолданыс тапты. А.Ю.Уваров «педагогикалық дизайн» терминін енгізді, мұндай электрондық оқыту құралын жобалау, жасау, бағалау және пайдалану үдерісінде оқу жұмыстарының тиімділігі туралы білімді жүйелі пайдалану дегенді білдіреді.

Мәліметтер қорын ЭОҚ пайдаланып оқытудың тиімділігін дәлелдейтін бірнеше аргументтер келтірейік:

1. Мәліметтер қоры бойынша жасалатын ЭОҚ көбі түрлі ақпараттық және телеқатынастық технологияларды қолдану негізінде құрылған. Мұндайда құрал авторлары әдетте қайсыбір технологияны неге таңдағанын түсіндіруге тырыспайды. Ал бұл студенттердің түрлі технологиялар мен уақытын жұмсамай отырып, таныстырумен қатар, өздерінің де мәліметтер қоры саласындағы мамандар болуына алып келеді.

2. Мәліметтер қорынан жасалатын ЭОҚ түрлі дизайн-эргономикалық және эстетикалық қағидаларға сүйене отырып, интерфейсті ұйымдастырудың әртүрлі парадигмаларына негізделіп құрылады. Кейде ЭОҚ-тың интерфейстік элементтері ешқандай жүйеге бағынбайтын кездері де болады.

Оқу ақпараты бойынша навигация ережесінде біркелкіліктің және мәліметтер қоры бойынша ЭОҚ-тардың әрқайсыда мәзірдің болмауы жеке пәндерді ақпараттандыруда елеулі практикалық қиындықтар туғызады.

Айтылған ЭОҚ-тарда көрсетілген және еш нәрсемен дәлелденбеген айырмашылықтар, тек әр түрлі ұйымдармен жасап шығарылған және ішкі үйлесімділікке жете алмаған немесе үлгере алмаған өнімдерде ғана емес, бір фирмамен немесе компаниямен өндірілген ЭОҚ-қа да қатысы барын ескертіп кеткен жөн.

Келтірілген мәліметтер қорының теориялық негіздеріне сәйкес оқытылатын курстың мазмұнын анықтауға болады. Құрылатын мазмұн оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына бейімделіп жасалынады.

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар екі бөлімнен тұрады:15-дәріс, 30-Практикалық, семинар, 15- ОӨЖ , 30-ӨЖ қарастырылған. Дәрістер тізімі бойынша бірінші бөлімде: Мәліметтер қоры. Негізгі түсініктер. Иерархиялық және желілік модельдер. Реляциялық модель. Анықтамасы. Реляциялық алгебра және реляциалық есептеулер. Нормальдау. Мәліметтер қорының басқа модельдері.

Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектура, екінші бөлімде: Ақпараттық жүйелер. SQL тілі.

Программалық қамтамасыз ету. Мәліметтер қорында пайдалынатын ақпараттық жүйелер. SELECT

(3)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

115

операторы. Құрамдас сұраныс. INSERT, DELETE, UPDATE операторлары, CREATE TABLE, DROP TABLE, ALTER TABLE операторлары. Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу. Кесте, псевдоним құру. Delphi ортасында мәліметтер қорын басқару программалары. ACCESS-те мәліметтер қорының негізгі элементтері. Мәліметтер қорын құру. Конструктор режимінде мәліметтер қорын құру. Мәліметтер схемасын сипаттау. Таңдауға сұраныс құру. Параметрлі сұраныс құру. Жазбаларды өзгертуге сұраныс: жаңартуға, қосуға, өшіруге сұраныс, жаңа кесте құруға сұраныс, жазбаны топтауға сұраныс құру, қиылысатын сұраныс құру. Мастер көмегімен форма құру. Конструктор режимінде форма құру, Батырмалы форма құру. Басылым құру. Кіру мүмкіндігі бар беттерді құру.

SQL режимінде сұраныс құру. SQL-сұранысты пайдаланып форма және басылым құру. Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу. Кесте, псевдоним құру. Delphi ортасында мәліметтер қорын басқару. Келтірілген мазмұн бойынша барлық тақырыптар дәрістері қарастырылған.

Қорыта келгенде электрондық оқу-әдістемелік кешенде дәрістер, зертханалық жұмыстар, тапсырмалар, тест тапсырмалары, СӨЖ, СОӨЖ қарастырылады. Бұл мақалада информатика мамандығының студенттеріне мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер пәнін оқытуға арналған электрондық оқу-әдістемелік кешенін жасау қарастырылады.

Мәліметтер қорын оқытуға арналған электрондық оқыту құралын жасауға пайдаланылатын программалық жабдықа сипаттама бере кетейік. Электрондық оқулықтың алғашқы бетін сурет 1.

көруге болады.

Сурет 1. Электрондық оқулықтың алғашқы беті

Әдебиеттер

1. Бидайбеков Е.Ы. , Гриншкун В.В. , Бостанов Б.Ғ. Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану // Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2009. 130 б. ().

2. Уваров А.Ю. Электронный учебник: теория и практика. - М.: Изд-во УРАО. - 1999. - 220 с.

3. Зайнутдинова Л.Х. Создание и применение электронных учебников (на примере общетехнических дисциплин). Монография. - Астрахань.: Изд-во ЦНЭП. - 1999. - 364 с.

Referensi

Dokumen terkait