14 MЕДИЦИНА, №6, 2012
стоматология
О Ш
ирек ғасыр бұрын Нападов М.А., Гаврилен-ко И.В., ж.т.б. “сәтті” табысқа жетті және өндіріс слесарына қосымша еңбек ақы табуға мүмкіншілік берді, өзеріңізге белгілі бұл тәсіл “Булат”
пешінде дайын алынбайтын тіс протездерін нитрит – ти- танмен жылтырату.
“Булат” пеші соғыс – Өнеркәсіп комплексінде қолда
нылған әсіресе ғарышқа жіберетін ракетаның кейбір жақ бөлшектерін осы нитрит – титанмен тотықпау үшін қаптаған.
Бұл технологияның ортопедия стоматологиясында кең тарағаны оның алтын тәрізді түсіне байланысты болды.
Уақытында алтын тіс салу үшін қапелімде қолға түспейтін құнды металға жатты, екіншіден оның технологиясының жоғары болуына және де ағзаға зиясынсыздығы бол- ды. Нитриттитанның түсі алтын тәрізді болғаннан кейін, әрі оны мықты деп жариялауменен байланысты.
Одақтың денсаулық сақтау министрлігі бұйрығымен, одақ республикаларға еңгізуге кесте жіберді. Сөйтіп, “Булат” пеші барлық қалаларғакеңінен тарап кетті.
ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың ғарыштап дамуымен бұл әдісті ескірді деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта Ресейдің көпшілік ірі қалаларында бұл тәсілден бас тартты. Ал біздің Республикада әлі де болса самаурын түсті сары жылтыр протездер осы уақытқа дейін кең тарап жүр.
Нитриттитанмен жалатпауды өндірістен алуды келесі себептермен дәлелдейміз.
1. Нитриттитанмен жалату алынбайтын протездерді ескі технологиямен дайындалауына сәйкес (штамптау, дәнекерлеу) негізделінген;
2. Нитриттитанмен жалатқан тек ескі техноло- гиямен дайындалған протезді қолданған соң ортопед
стоматологтардың мамандығы көтерілмейді, олар 50ші жылдардың деңгеінде қалады.
3. Нитриттитанмен жалатқан протездер сәнсіз, адам баласы шошитын және де олар кейбір эстетиканы сақтау білмейтін адамдарға есептелінген. Ал біздің мақсатымыз ауыздағы ақауларды білдірмеу (жасыру). Осы көзқарасқа сәйкес бұл протездерді қолдануға болмайды. Алтынды қолдану оның түсіне бола емес, технологиясына және ауыз қуысындағы сұйыққа (сілекей, тамақ) тұрақтылығы жоғары және індетке қарсы күресуі жоғары болғандықтан.
4. Жалатқан нитриттитан 12 жылда ысылып қалады, былайша айтқанда оның тағдыры В.Ю. Курляндский ұсынған биметалға тең.
5. Біздің пациенттеріндің интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғарылауы есте болу қажет, осыған сәйкес протездің сыртқы көрінісіне талап жоғарылады.
Мысалы, шетел фирмалары болашақ жұмыскерлерінің аузында сары немесе ақ металдардан тісі болса, олар- дан шошып, тістерін аққа аыйрбастамай жұмысқа қабылдамайды.
Нитриттитанмен алынбайтын протездерді жалату ұсынысының пайда болуы бір жағынан ортопедиялық стоматологияның материалдықтехникалық негізінің төмен болуы. Ал басқа жағынан дәрігерлердің мамандық мәдениетінің деңгейінің жетіспегендігінен деп айтуға болда- ды. Соншама төзімді мықты деген жылтыр сары жалатудың зияны тағы неде деген сұрақтар туады.
Стоматологортопедтер байқаған болуы керек, 10
пациенттің 12 де нитриттитанға аллергия пайда болады.
Пациенттер ауыздың дәмінің өзгеруін, тілдің шаншуын,
шырышты қабаттың қызаруын, сәл күйгендей сезім болу- ын және т.б. байқайды. Ауызында нитриттитанмен тәрізді протездері бар адамдарға гальванизм пайда болады.
Бұндай құбылыстар жиі кездесіп тұрады, пациенттер (ау- зында “батареясы” бар адамдар) сондай протезден бірден құтылып, басқа материалдан жасалған протездерге ауы- стырады.
Ауыз қуысында нитриттитанмен жалатылған конструк- циясы бар адамдардың ұшырайтын қауіптілігін айтып кеткенді жөн көрдік. Жалатылған сары жылтырақты өте мықты деп дәлелдесе де оның мықтылығы қиял екендігін тәжірибеде күнде байқауға мүмкіншілік бар.
Мұндай протездерді пайдаланған адамдар әлдеқашан оның зияндығына көздері жетті. Ол қарама–қарсы тұрған өзінің тістері болсын, керамика, пластмасса немес сондай жалатылған жасанды тістер болсын тез қажалып алақ
жалағы шығады. Бұл жағдайда ауыз қуысында бірнеше металлдың ұнтағы пайда болады (хром, никель, титан, темір т.б. молекулалар).
Материал қатты болған сайын оның қажалуы молекула өте кішкентай болғандықтан кедергісіз қан тамырлары- на еніп, қанмен кез келген мүшеге жетіп оның қызметіне кедерлігі болып, тіпті қатерлі ісіктер дамуына әсер етуі мүмкін. Мақтаған нитриттитанымыз мықты канцероген ретінде роль атқарады, неге десеңіз оны ағза ешқандай бұза алмайды, сондықтан да ол ағзадан шықпайды.
Сондықтан мүмкіндігінше бұл әдістен бас тартқаны
мыз жөн.
ӘДЕБИЕТ:
1. Гожая Л.Д. Ааллергические заболевания в ортопеди- ческой стоматологии, М., 1988; 2. Нападов М.А., Андреев А.А., Гаврилюк М.В. и др. А.с. 122311. СССР Открытия. – 1984. – № 4; 3. Нападов М.А., Сапожников А.А., Масленников М.М. Металлические зубные протезы с многослойными защитными покрытиями // Стоматология, – №1, – 1990, – 59 – 60б; 4. Трезубов В.Н., Штейнгардт М.З., Мишнев Л.М.
Ортопедическая стоматология (прикладное материалове- дение) – СанктПетербург – 1999. – б.67.
Р Е З Ю М Е
ОДНО МНЕНИЕ О НИТРИТ-ТИТАНОВОМ НАПЫ- ЛЕНИИ
A.Х. Aубакиров Негосударственное учреждение
«Стоматология», г. Талдыкорган Напыление нитрит-титаном несъемных протезов вредно для органов полости рта и организма. В целом это является шагом назад в ортопедической стоматологии. Напыление является вредным как для органов полости рта (зубов- антагонистов) и организма в целом. Ни в одной цивилизо- ванной стране эта методика не применяется.
S U M M A R Y
АN IDEA OF POLLINATION WITH TITANIUM NITRITE A.H. Aubakirov Non-state institution “Dental”, Taldykorgan c.
Sputter with titanium nitrite of fixed prosthesis is harmful for health of the oral cavity and the body. Overall this is a step back in prosthetic dentistry. Sputter is harmful for both the oral cavity (teeth, antagonist),and for the organism as a whole. In no civilized country, this technique is not applicable.
НИТРИТ ТИТАНМЕН ЖАЛАТУ ТУРАЛЫ БІР ОЙ
А.Х. АУБАКИРОВ Мемлекеттік емес «Стоматология» мекемесі, Талдықорған қ.