Г.И.НУРЖАНОВА
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ МӘНІ
Қазiргi кезде ауыл шаруашылығын зерттеу саласында еңбек нарығының қалыптасу мәселелерiн қарастыру - ұлттық экономиканың ең маңызды мәселелердiң бiрi, себебі еңбек нарығында қоғамның ең күрделі әлеуметтік және экономикалық мәселелері шоғырланады: құрылымдық және аймақтық жұмысбастылықтың теңсіздігі, жұмыс күші сапасындағы регресситі сипаттағы ӛзгерістер, тұрғындардың атаулы ақшалай табыстарының тӛмендеуі, жұмыссыздықтың және соның нәтижесі ретінде ресми тіркелмеген жұмыссыздар санының артуы, жұмыс күшінің миграциясы және т.б. Аталған мәселелер елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайға теріс әсерін тигізіп, құрылымдық және институционалдық қайта құру процестерін тежейді.
Осыған орай қоғам алдындағы ӛндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешудегі ерекше орынды ауылдық елді мекендердің еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыру мәселесі маңызды орын алады.
Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық тұрмыс аясындағы еңбек рыногы кӛрсеткіштерінің серпіні кестеде келтірілген (кесте 1) [1].
Кесте 1. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс, ұсыныс және жұмыс күшінің бағасы
(жыл соңына, мың адам)
2006 2007 2008 2009 2010 Жұмыс істемейтін, бірақ
жұмыс іздеумен айналысып жүрген, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар - барлығы, с.і.
75,5 75,8 72,0 74,0 76,0
Жұмыссыз статусына ие
болғандар- барлығы, с.і. 10,9 10,1 9,7 8,8 7,8
әйелдер 7,7 4,6 3,7 2,7 1,9
15-24 жас аралығындағы
жастар 11,8 10,8 11,2 12,6
жұмысшылар қажет 1 362 1 442 1 212 1 466 1 950
кәсіпорындардың ресми түрде берген ӛтініштері
Жұмыссыздық деңгейі, % 7,5 7,2 7,6 6,6 6,9 Жасырын жұмыссыздық
деңгейі, % 1,7 0,7 0,8 0,9 1,1
Бір ӛтінішке келетін
жұмыссыздар саны 8 7 8 6 4
Ауыл шаруашылығы
саласындағы бір
қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге
15 868 18 472 22 269 24 438 28 649
Ескерту - ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесін пайдаланып есептеуі бойынша құрастырған автор
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек әлеуетін экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың және қамтылмағандардың орташа жылдық саны, жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыссыздар ретінде тіркелген, жұмысты белсенді іздеумен айналысып жүрген, белгілі уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын азаматтардың саны сипаттайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің мәліметтері бойынша 2010 жылы жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар 76,0 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 6,9 пайызды құрады. 2010 жылдың соңында жұмыссыздар ретінде ОҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне 7,8 мың адам ресми тіркелген. Сонымен қатар, еңбек рыногында жасырын жұмыссыздық, яғни толық емес жұмыс аптасына немесе қысқартылған жұмыс күніне қызметкерлерді ауыстыру тәжірибесі, жалақы сақталмаған демалыс беру тіркеледі. 2010 жылы жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,1 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2010 жылдың соңында 23 481 жұмыссыз бар екені анықталды, бұл ресми тіркелгендердің санынан үш есе артық. Шағын қалалар мен ауылдық жерлерде бұл кӛрсеткіш әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты, облыстағы кәсіпкерлік белсенділіктің даму барысы басқа аймақтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары [2].
Кесте 2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жалданып жұмыс істейтін жұмысшылардың қозғалысы (жыл
соңына, мың адам) Жалдамалы
қызметкерлердің тізімдік
саны, мың адам Жұмысқа қабылданғаны
Жұмыстан шыққаны
Тұрақсыздық деңгейі, % барлығы*
с.і. ірі және орта
кәсіпорындарда
2006 ж. 231,2 201,7 47,4 38,7 12,0
2007 ж. 264,2 217,8 64,6 54,6 16,6
2008 ж. 275,1 236,2 70,2 57,8 17,1
2009 ж. 284,7 247,8 70,3 55,1 14,7
2010 ж. 292,2 254,2 66,7 58,4 14,2
* Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде;
Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті ОСД және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің деректері бойынша автор құрастырған
2010 жылы облыстың кәсіпорындарында (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 292,2 мың адамды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда - 254,2 мың адамды құрады.
Кәсіпорындарда жалдамалы жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 2006 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артты, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 17 пайызға артты.
2010 жылы облыстың кәсіпорындарына 66,7 мың жалдамалы қызметкерлер жұмысқа қабылданды, оның ішінде 5,5 мың адам (жалпы қабылданғандар санының 8,3%) жаңадан ашылған жұмыс орнына қабылданғандар. Әртүрлі себептермен 58,4 мың адам жұмыстан шықты [2].
Кесте 3. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жалданып жұмыс істейтін жұмысшылардың қозғалысы (жыл
соңына, мың адам)
Еңбек Кӛрсетілген әлеуметтік кӛмектің түрі
делдалдығына ӛтінішпен келгендер саны
Жұмысқа
орналастырылған азаматтар саны
Ақылы қоғамдық жұмысқа жолданғандар
Кәсіби даяралуға немесе қайта даярлауға,
біліктілігін арттыруға жіберлігендер 2006 ж. 10 963
2007 ж. 10 468 2008 ж. 9 740
2009 ж. 8 823 7 408 1 886 523
2010 ж. 7 892 5430 1905 600
Ескерту - Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің деректері бойынша автор құрастырған
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс берушілер және жұмыс іздеушілерге жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы туралы ақпарат беру және екі жақты тиімді шешу қабылдау мақсатында Оңтүстік қазақстан облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің қатысуымен жыл сайын «Кең баба» этнопаркінде облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады. Онда облыстың жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын ұсынылды. Ал «Жұмыс іздеу орталығы» арқылы экономиканың түрлі салалары бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады. Сонымен қатар, «Жол картасы»
аясында әлеуметтік және жастар тәжірибесі бойынша жұмыс орындары, кәсіби қайта даярлау курстарындағы мамандықтардың түрлері ұсынылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ең маңызды бағыттарының бірі халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту болып отыр, себебі халықта тұрақты жұмыс орнының болуы оның тұрмыс деңгейіне және жалпы әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.
Республика аумағындағы үй іргелік мал шаруашылылықтарында жұмыспен қамтылған халықтың нақты санын анықтау мүмкін емес.
Жұмыс күші жеткіліксіз аудандардан аграрлық еңбек нарығына экономикалық тұрғыдан енжар халықты тарту қажеттігі туындаған
жағдайда оның құрылымын анықтап, тұрғындарды жұмысқа тарту деңгейіне баға беру қажет болады. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу денгейін зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізудің мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы халқы жиі қоныстынданған ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу және талдау болды. Сауалнама жүргізудің міндеттері:
- ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың білім деңгейін анықтау;
- ауыл тұрғындарының жас ерекшеліктері мен гендерлік құрылымын зерттеу болды. Тұрғындар арасында сауалнама арнайы дайындалған анкета арқылы жүргізілді. Оңтүстік Қазақстан облысын аймақтарға бӛлу арқылы жүргізілген сауалнама 70 адамды қамтыды.
Мұнда облыс аудандары «Келес»і бес аймаққа бӛлініп топтастырылды: «Жетісай»; «Келес»; «Яссы»; Ордабасы және
«Ақсу». Аймақтардың құрамына «Келес»і аудандар кірді:
«Жетісай» аймағы – Мақтарал ауданы (Мырзакент, Атакент, Асық ата ауылдық округтері және «Жетісай» қаласы);
«Келес» аймағы - Казығұрт, Шардара және Сарыағаш аудандары;
«Яссы» аймағы - Отырар (Шәуілдір) ауданы және Түркістан мен Кентау қалалары;
«Одабасы» аймағы - Ордабасы (Темірлан және Тӛтркӛл ауылдық округтері), Арыс және Бәйдібек аудандары;
«Ақсу» аймағы – Сайрам (Аксукент селосы), Түлкібас (Т.Рысқұлов селосы) және Тӛлеби (Ленгір қаласы) аудандары.
Сонымен сауалнамада Оңтүстік Қазақстан облысының барлық елді мекендерінінің тұрғындары сауалнамаға қатысты.
Сауалнама 2009 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында жүргізіліп, тамыз айында талдау-сарапатамалық жұмыстары жүзеге асырылды.
Жалпы сауалнама 70 адам арасында жүргізілген болса, соның ішінде 15 адам немесе 21 пайызы «Жетісай» аймағында, 16 адам немесе 22 пайызы «Келес» аймағында, 13 адам немесе 19 пайызы
«Яссы» аймағында, 18 адам немесе 25 пайызы «Одабасы»
аймағында, 8 адам немесе 13 пайызы «Ақсу» аймағында тұрады.
Гендерлік құрамы бойынша 70 адам арасында ерлер 43, ал әйелдер
27 адамды құрайды. Сонымен, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 62 пайызын ерлер және 38 пайызын әйелдер құрады. Осы кӛрсеткіштерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым кӛпшілігі, яғни жалпы 55 пайызы 31-50 жас аралығындағы тұрғындар болды. Бұл сауалнамаға негізінен экономикалық тұрғыдан белсенді халық қатысқанын кӛрсетеді.
Сауалнама «Жетісай» аймағында сауалнамаға қатысқан респонденттрдің жалпы санының 63 пайызында, «Келес»
аймағында 70 пайызында, «Яссы» аймағында 70 пайызында,
«Ордабасы» аймағында 66 пайызында, «Ақсу» аймағында 34 пайызында арнайы орта және жоғары білімі бар екенін кӛрсетеді.
Бұл аймақтарда тұрғындардың басым бӛлігі ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді.
Кесте 4. Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар кесіндісінде сауалнамаға қатысқан респонденттердің білім деңгейі, пайыз Білім деңгейі
Аймақтар
Жетісай Келес Яссы Ордабасы Ақсу ер әйел ер әйел ер әйел ер әйе
л ер әйел
Бастауыш 2 1 0 1 1 0 0 0 1 1
Аяқталмаған орта 5 2 1 2 1 1 0 2 2 4
Орта 31 15 75 52 74 58 67 61 36 31
Арнайы орта 31 33 9 15 10 15 13 11 27 18 Аяқталмаған
жоғары 7 5 2 3 1 2 2 0 2 3
Жоғары 25 45 13 28 15 24 17 26 33 43
Кесте 5. Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар кесіндісінде жұмыспен қамтылғандар деңгейі, пайыз (сауалнама бойынша)
Білім деңгейі Аймақтар
Жетісай Келес Яссы Ордабасы Ақсу Мемлекеттік мекемеде,
ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейтіндер
26 15 11 13 33
Мемлекеттік емес ұйымда жұмыс істейтіндер (ӚК, ЖШС, АҚ)
21 12 7 11 19
Кәсіпкер 14 6 13 4 11
Ауыл шаруашылығы
саласында жұмыс істейтіндер 38 26 36 43 9
Жұмыссыз 1 11 8 17 7
Ӛзгелері 0 33 25 12 21
Барлығы 100 100 100 100 100
«Ақсу» аймағындағы тұрғындардың басым бӛлігі ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді, ол сауалнамаға қатысқан респонденттрдің жалпы санынан 9 адам құрайды. «Ақсу»
аймағына кіретін Сайрам және Тӛлеби аудандары Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан тұрғындардың басым кӛпшілігі, яғни адам мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейтіндер болып шықты.
Сонымен, ОҚО аймақтары бойынша ерлердің 33 пайызы ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді, ал әйелдердің 34 пайызы мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейді. Сонымен бірге, барлық аймақтарды қоса алғанда сауалнамаға қатысқан респонденттердің жалпы санынан 27 пайызы ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының жеке қосалқы шаруашылықтарында мал шаруашылығы – халқы жиі қоныстанған ауыл ӛңірлерінде мал ӛсіріп, ӛнім ӛндіретін кәсіп. Бүгінгі таңда мал шаруашылығының ӛнімдері ауыл тұрғындарының негізгі табыс кӛздерінің біріне айналып отыр.
Ауыл тұрғындарына шағын несиелер үй маңындағы шаруашылықтарға мал шаруашылығы ӛнімділігін ұлғайтудың негізі ретіндегі мал басын күтіп-бағуға жұмсалған барлық шығынның орнын толтыру үшін қажет. Шағын несиелермен бірге үй шаруашылықтарының қызметін салық тӛлеуден толығымен босату елеулі кӛмек болып табылады.
Үй іргелік мал шаруашылылықтарының қызметіне сауалнама жүргізудің нәтижесі шағын кӛлемде қаржыландырылған үй іргелік мал шаруашылылықтарында ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіруде елеулі резервтері бар екенін кӛрсетеді және алдағы 2-3 жыл аралығында олардың саны шамамен 1,5 - 1,8 есе артуы мүмкін.
Біздің пайымдауымызша, болашақта шаруа (фермер) қожалықтары мен үй іргелік мал шаруашылылықтары, ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіру және қосымша жұмыс орындарын қалыптастырудың сарқылмас кӛзіне айналады. Шағын несиелер ауыл тұрғындарына жеке немесе отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік береді, ауылдық елді мекендерде ӛздігінен жұмыспен қамтылғандар санын арттырады. Дегенмен, елімізде жеке қосалқы
шаруашылықтардың еркін адымдап дамуына кедергі болар себептер де жоқ емес, атап айтқанда:
- үй іргелік мал және егін шаруашылықтарының кепілге қоятын мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі;
- ауылдық елді мекендерде несие беру тетіктерінің қажетті деңгейде дамып, жетілмеуі;
- қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі;
- ӛз кәсібін жаңадан бастағалы отырған жеке кәсіпкерлердің нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуіне кедергі болатын білімінің жетіспеуі мен дағдыларының болмауы, құқықтық сауатсыздығы және ӛзге де себептер.
Сауалнама нәтижелері бойынша келесідей қорытындылар жасауға болады:
1. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысыныда тұратын халықтың басым кӛпшілігі - бұл 30-50 жас аралығындағы тұрғындар (55 пайызы), олардың басым кӛпшілігі, яғни 52 пайызының арнайы орта білімі бар екендігі анықталды.
2. Облыс бойынша жұмыспен қамтылу саласы:
- ауыл шаруашылығы саласында тұрғын халықтың - 27 пайызы қамтылған;
- Мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейтін тұрғын халықтың 21 пайызы қамтылған.
Агроӛнеркәсіптік кешенін дамытуды қамсыздандыру, оның экономикасын қазіргі нарықтық жағдайда кӛтерудің негізгі факторларының бірі барлық деңгейдегі білікті мамандардың болуы. Сонымен бірге ауылдарды білікті жұмысшы кадрлармен толықтыруда кәсіптік лицейлерде даярланатын мамандар соңғы 10 жылда 60 пайызға қысқарып кетті, кәсіптік мектеп жүйесі саланың орта буын және жұмысшы мамандықтарының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді (тракторшы-машинист, ауылшаруашылық кәсіпорнының шебері (фермер), мекен-жай иесі, мелиораторшы т.б.);
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы жиі қоныстанған ауылдық елді мекендеріндегі тұрғын халықтың басым бӛлігі ауыл
шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған.
Мемлекет тарапынан еңбек әлеуетін қалыптастыру және тиімді пайдалануға бағытталған шаралардың елеулі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: мемлекеттік бағдарламалардың
жүйелі түрде жүзеге асырылмауы, жұмыспен қамту мен табыспен қамтамасыз ету мәселесін бір-бірінен оқшау болуы, ауылдық әкімшілік деңгейлерінде еңбек әлеуетін пайдалану тетіктерінің қалыптаспауы; аймақтық (аудандық) бағдарламаларды жүзеге асыру үшін республикалық (облыстық) бюджеттердің қаржысын тарту қажеттігінің болуы; еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыру шаралары ауылдық елді мекендердегі құрылымдық қайта құру шараларымен үйлеспеуі және т.с.с кӛптеген кемшіліктер.
Халқы жиі орналасқан елді мекендерде еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыруға бағытталған аймақтық саясаттың негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады деп есептейміз:
аграрлық секторда экономикалық жағдай мен инвестициялық белсенділікті жандандыру, жаңадан жұмыс орындарының ашылуын ынталандыру; ауыл тұрғындарының қосымша табыс алу мүмкіндіктеріне ықпал ету; әлеуметтік жәрдемақы, жеңілдіктер жүйесін дамыту; кәсіби дайындық бағдарламаларының аймақтарды дамытудың стратегиялық мақсаттары және міндеттерімен үйлестіру және т.б.
Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың мақсатты бағдарларына: мыналарды жатқызуға болады деп есептейміз: еңбек нарығында қалыптасқан жағдайларды тұрақтандыруға ықпал ететін кәсіпкерлік қызметті дамыту; шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік емес инвестицияларға қол жетімділігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтап қалу мен жаңадан жұмыс орындарын ашуға бағытталған саясаттың тиімділігін арттыру, жұмыстан қысқартылған азаматтарға әлеуметтік қолдау кӛрсету;
жұмыссыздықтың маусымдық сипатын болдырмау; тұрғын халықтың жұмыспен қамтылуының аймақтық сипатының ерекшеліктерін ескеру. Аталған талаптардың жүзеге асуы, біздің пікірімізше, ӛндіргіш күштер мен еңбек әлеуетін аймақтар деңгейінде біркелкі қалыптастыру, оларды толық пайдалану, яғни мемлекет тарапынан реттеу барысында ғана мүмкін болады.
Ауылдық елді мекендерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету тарихи қалыптасқан жағдайлар және ұлттық ерекшеліктермен бірге, еңбек ету шарттарына байланысты анықталады.
Жұмыс күші артық немесе кем аймақтар үшін жұмыс күшін қалыптастыру мен пайдаланудың алғышарттары бірдей емес, дегенмен жұмыс күші артық аймақтарда бұл алғышарттар жиынтығы ауыл шаруашылығы саласынан босап, ӛзге салаларда
жұмыспен қамтылуына, ӛнімнің бір данасын ӛндіруге кететін шығындардың тӛмендеуіне, еңбек ӛнімділігінің артуына ықпал етуі тиіс.
Жұмыс күші тапшы аймақтар үшін кадрларды тұрақтандыруға ықпал ететін кешенді шаралар жүйесі қажет. Зерттеулер кӛрсеткендей, түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің қызметі қалыптасқан белгілі бір құралдардың шегінде жүзеге асырылады.
Еңбек әлеуетін басқару құралдарына еңбек нарығындағы қажеттіліктердің, білім беру мен түрлі кәсіптерге үйретудің мониторингі, оларды бақылаумен үйлестіру, есепке алу мен статистика; бағдарламалық жоспарлау мен болжамдау; ақпараттық- әдістемелік қамтамасыздық жатады.
Мониторинг еңбек ресурстары бойынша мәліметтер базасын, олардың сапалық және сандық құрамындағы ӛзгерістердің болжамын қалыптастырып, жұмыс күшіне деген қажеттіліктерді анықтауға ықпал етуі тиіс.
Ауылдағы жұмысбастылық деңгейін арттыруда ауыл халқының және жұмыспен қамтылмаған адамдардың қаражатпен қамтамасыз етудің негізгі кӛзі болып табылатын үй іргелік мал шаруашылылығы маңызды орын алады.
Ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы да жұмыссыздар санын қысқартуда маңызды орын алады. Ол үшін, ауылдық жерлерде және жалпы республика бойынша (соның ішінде Оңүстік Қазақстан облысында) қалыптасқан еңбек рыногын одан әрі дамыту мақсатында жүргізіліп отырған саясаттың маңызды тетігі ауыл халқының ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтуына қажетті жағдайлар жасап, қолдау кӛрсету маңызды.
Осы орайда, тұрақты жұмысы, яғни нақты табыс табатын ісі жоқ жұмыскерлер арасында ӛзін-ӛзі жұмыспен қамту арқылы қызметпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында еңбек нарығы субъектлерінің (мемлекеттік басқару ұйымдары, білім беру құрылымдары, жұмыс берушілер) әзірлеп, жүзеге асыруға қажетті шаралар жүйесіне, біздің ойымызша, тӛмендегілерді жатқызуға болады:
- еңбек рыногында тіркелген ресми жұмыссыздарды қайта дайындау мақсатында тӛртжақты келісім-шартқа отыруды міндеттейтін шектеудің күшін жою арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданған заң базасын одан әрі жетілдіру;
- кәсіпкерлік қызмет түрімен жаңадан шұғылданушы азаматтар үшін арнайы кеңес беру орындарын ұйымдастыру;
- жұмыссыз азаматтарға кәсіби білім беруге арналған бағдарламалар құрамына кәсіпкерлік дағды алу курстарын енгізу;
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану мақсатында жасалған бизнес-жоспарын негіздеп берген азаматтарға несиелерді дер кезінде беру.
Жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін тӛменгі шегіне жеткізу мақсатында еліміздегі әлеуметтік инфрақұрылымы түбегейлі ӛзгерістерге ұшырауы керек.
Облыста халықтың ӛмір сүру деңгейі жалпы жоғарылағанымен, облыс аймақтары арасында және аймақ шіндегі тұрмысының теңсіздігі, қазіргі заманғы ақпараттық, сервистік технологияларға лайықты инфрақұрылым қалыптаспауы байқалады. Бұл жағдай да аймақтардың еңбек ресурстары кӛрсеткіштерінің, әсіресе, жұмыспен қамтылғандардың кәсіби-біліктілік деңгейіне қатал талаптар қоя бермейтін аграрлық секторда әлі де болса тӛмен болуына себеп болып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау дамыған инфрақұрылымды, құқықтық, әлеуметтік, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайын талдау барысында пайда болған пікірлер тӛмендегідей:
- соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы экономикалық ӛсу үрдісі пайда болған және ол, кӛбінесе табиғи ресурстар мен шикізат ӛндірісіне негізделген және сауда және қызмет кӛрсету саласына қарағанда ауыл шаруашылығы мен ӛндірістің жалпы ішкі ӛнімдегі үлесі тӛмендеген;
- облыстағы халықтың ӛмір сүру деңгейі жалпы жоғарылағанымен, аймақтар арасында және аймақ ішіндегі табыстар теңсіздігі әлі де болса айтарлықтай;
- ауылдық жерлердегі қызмет ететін жеке тұлғалардың қалалық жерлерде қызмет ететін жеке тұлғалардың табысына қарағанда табысы тӛмен болып отыр;
- тұрғын халықтың санының және еңбек ресурстарының ӛсу үрдісі байқалады;
- талданып отырған кезеңде тұрғын халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бӛлігі тұрақты болып, еңбекпен қамтылған халықтың саны артуда;
- экономикалық тұрғыдан белсенді емес бӛлігі санының тӛмендеуі үрдісі байқалуда.
Еңбек нарығындағы негізгі шара жұмысты белсенді түрде іздеп жүрген азаматтарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, бос орындар, лауазымдар базасын қалыптастыру, кеңейту және пайдалану болып табылады.
Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына байланысты, ауылдық елді мекендердің ӛзіндегі еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға ауылда қалыптасқан түрлі шаруашылық санаттарында, яғни ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындарында, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтары арқылы жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қол жеткізуге болады.
Мұндай мүмкіндіктер еңбек әлеуетінің тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылады, ӛйткені реурстарды тиімді пайдалануды арқылы, экономикалық және әлеуметтік ӛсудің қарқынын қамтамасыз етіп отырады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Оңтүстік Қазақстан облысының статистика Департаменті.
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы статистикалық жинағы, Шымкент, 2006-2010 ж.ж.
2.Оңтүстік Қазақстан облысының статистика Департаменті.
Оңтүстік Қазақстан облысы мен оның ӛңірлерінің әлеуметтік- экономикалық даму кӛрсеткіштері статистикалық жинағы, Шымкент, 2006-2010 ж.ж.