3. Gaten Yu.V. Formatio animi et paedagogica competentiae de magister superior technicae in schola ratio provectus disciplina. Autoref. diss.. Ph. D. – 13.00.08. – 2010. – 24 p.
4. Esipova A. A., Begimai Satyvaldieva. - Text: dirige/ / Paedagogia de scholis superioribus. - 2015. -
№3.1 (3.1). - Pp. 75-78
5. Zholudova A.R., Polyakova O.V. Quaestiones de formatione animi et paedagogica competenti superiore schola magister,/ cyberleninka.ru › article › problema-formirovaniya-psi...2016.
6. Borisenko I.A., Zhukova S.V., Somova Zh.P. Moderni magister scholis superioribus, et quaestiones de eius professionales et personalis progressum. // International Journal of Potassium Educationem. – 2012. –
№ 4-2. - PP. 49-51; URL: http://www.expeducation.ru/ru/article/view?id=3957
7. Shirshina G.I. Professio et psychologicum quaestiones universitatis doctores/ cyberleninka.ru › article › professionalno-psihologiches...
8. Kostina N.I. Professio et paedagogica disciplina magister altior schola in in USA. Autoref... PhD.. – 13.00.08. – 2000.
МРНТИ 14.01.29 https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.02 А.Қ. Игібаева 1 А.Д. Төлеуханова 1
1 С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Өскемен қ., Қазақстан
КИБЕРПЕДАГОГИКА–ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Аңдатпа
Мақала педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде киберпедагогика мәселелеріне арналған. Киберпедагогиканың қалыптасуының алғышарттарының кейбір аспектілері қарастырылады.
ХХІ ғасырдағы адамды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелерін шешуде тиімді білім беруде киберонтологиялық тәсілді қолдану қажеттілігінің негіздемесі келтірілген. Киберкеңістік адам өмірінің жаңа ортасы және әлеуметтік өзгерістер факторы ретінде сипатталады. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолданатын қазіргі адамның негізгі ерекшеліктері сипатталған. Әр адамның киберәлеуметтену мәдениетін, сондай-ақ киберпедагогиканы – ХХІ ғасыр ғылымын дамытудың маңыздылығы киберкеңістіктің оқу, тәрбие және даму процестеріне әсерін ескере отырып, қазіргі заманғы білім беруді ұйымдастырудың негізі ретінде қарастырылған. Ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдау негізінде киберпедагогикаға байланысты ұғымдар талданған.
Түйін сөздер: ақпараттық революциялар, киберпедагогика, киберәлеуметтендіру, білім берудегі киберонтологиялық тәсіл, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберкеңістік, Интернет, цифрлық кеңістік.
Игибаева А.К.1 Толеуханова А.Д. 1
1Восточно-Казахстанский университет им. С.Аманжолова г. Усть-Каменогорск, Казахстан
КИБЕРПЕДАГОГИКА – КАК ИННОВАЦИОННАЯ ОТРАСЛЬ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ НАУКИ
Аннотация
Статья посвящена проблемам киберпедагогики как инновационной отрасли педагогической науки.
Рассмотрены некоторые аспекты предпосылок становления киберпедагогики. Авторами дан понятийный ряд киберпедагогики. Дается обоснование необходимости применения киберонтологического подхода в образовании, эффективного в решении актуальных задач воспитания и обучения человека XXI века.
Киберпространство охарактеризовано как новая среда жизнедеятельности человека и фактор социальных и интрапсихических изменений. Описаны ключевые особенности современного человека, использующего информационно-коммуникационные технологии. Обоснована значимость развития культуры
киберсоциализации каждого человека, а также киберпедагогики – науки XXI века – как основания организации современного образования с учетом влияния киберпространства на процессы обучения, воспитания и развития.Проанализирован понятийный ряд по проблеме киберпедагогики.
Ключевые слова: информационные революции, киберпедагогика, киберсоциализация;
киберонтологический подход в образовании, информационно-коммуникационные технологии, киберпространство, интернет, цифровое пространство.
Iigibaeva A.K.1 Toleukhanova A.D.1
1East Kazakhstan State University named after S.Amanzholov Ust-Kamenogorsk c., Kazakhstan
CYBERSPEDAGOGICS – AN INNOVATIVE BRANCH OF PEDAGOGICAL SCIENCE
Abstract
The article is devoted to problems of cybermedicine industry as an innovative pedagogical science.Some aspects of the prerequisites for the formation of cyberspedagogics are considered. The authors give a conceptual series of cyberpedagogics. The article substantiates the necessity of using a cyberontological approach in education, which is effective in solving the actual problems of human education and training in the XXI century.
Cyberspace is characterized as a new environment of human activity and a factor of social and intrapsychic changes. The key features of a modern person using information and communication technologies are described.
Substantiates the importance of developing a culture of cybersocialization of each person, as well as cybermediary – science of the XXI century – as the basis of organization of modern education with regard to the influence of cyberspace on the processes of learning, education and development. The article analyzes a number of concepts on the problem of cyberspedagogics.
Keywords: information revolutions; cyberspedagogics; cybersocialization; cyberontological approach in education; information and communication technologies; cyberspace; Internet; digital space.
Кіріспе. Қазіргі әлемнің дамуы өте күрделі де жылдам және ол процесс ақпараттық-коммуника- циялық бағытпен сипатталады. Адамның қажеттіліктері ақпарат алу, байланыс және басқалармен қарым- қатынас орнату тек тікелей ғана емес, сонымен бірге Интернет арқылы да қанағаттандырылады. Ол үрдіс білім беру саласына, білім жүйелеріне өз ықпалын кеңінен әсер етіп жатыр деп айтуға болады. Осы тұрғыда педагогика, психология салаларында жаңа ағымдар байқалады. Онлайн және офлайн оқыту формаларында оқу процесін сапалы қамтамасыз ету мақсатында балаларды, барлық санаттағы білім алушыларды, мұғалімдерді, оқытушыларды, ата-аналар мен ғалымдарды байланыстыратын педагогика ғылымының инновациялық салаларының дамуы. Бұл зерттеудің мақсаты - оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика ғылымының жаңа саласы ретінде қарастыра отыра, оның ұғымдарының сиппатамасын қарастыру.
Зерттеу әдістері және әдіснамалары. Үздіксіз білім берудің мақсаты – адамның білім беру қажеттілік-терін толығымен қанағаттандыру екендігі белгілі, бұл оның өзін-өзі толық жүзеге асыруға деген ұмтылысының көрінісі де, тез өзгеретін әлемнің жағдайларына бейімделу болып табылады. Мұндай жағдайда адамның өзі оқу процесінің белсенді қатысушысы болады. Білім беру жүйесі жеке адамның, қоғамның және экономиканың қарқынды өзгеретін қажеттіліктеріне реакциясын қамтамасыз ететін икемді білім беру траекторияларын қалыптастыру үшін жағдай жасауды қажет етеді. Сонымен бірге, өзгермелі қоғамдағы білім ақпараттық және коммуникациялық, электрондық, цифрлық, компьютерлік және интернет-технологияларға әлеуметтік-экономикалық дамудан туындаған кең ауқымды білім беру қажеттіліктерін қанағаттандырудың жалпы міндеттерін қояды.
Осы тұрғыда педагогиканың саласы ретінде киберпедагогикаға қазіргі жағдайда ерекше мән беріліп отыр.
Соңғы кезде педагогика және психология ғылымдарында қарастырылып отырылған проблемаға байланысты жаңа терминдер жиі қолданылып жүр. Олар виртуалдық педагогика, коммуникациялық педагогика, интербелсенді педагогика, цифрлық педагогика, интернет-педагогика. Сонымен қатар қазіргі білімдік бірлестікте киберпедагогика деген термин, ұғымды жиі кездестіреміз. Сол терминдер арасындағы ұқсастық пен айырмашылығы қандай, неліктен солай аталынады, мүмкін бұлар синоним бе
деген сұрақтар да орын алып жатады. Ғылым кеңістігінде осы проблемаға байланысты әр түрлі пікір- таласты байқауға болады [1].
Қазақстандық авторлардың пікірінше, интернет-педагогика – бұл педагогиканың бір саласы, барлық жастағы, санаттағы білім алушыларды, стейкхолдерлерді қашықтықтан оқытудың барлық электрондық материалдарына бірыңғай жылдам қол жеткізу негізінде электрондық оқыту принциптерін іске асыратын жеке іздеу жүйесі. Интернет педагогикасының негіздері, дәстүрлі педагогика сияқты, жалпыадамзаттық құндылықтар, отбасы мен қоғамның құндылықтары, АКТ-ға негізделген заманауи дидактика [2].
Шын мәнінде, қоғамның даму тарихында алғаш рет ақпарат пен ғылыми білім оны жетілдірудің құралы ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық қызметінің негізгі өнімі болып табылады. Сонымен қатар, ақпарат пен білім – бұл ақпараттық қоғамның негізгі активтері мен өнімдері, оның одан әрі әл- ауқаты мен әлеуметтік дамуы тікелей байланысты. Ақпараттық және коммуникациялық, электрондық, цифрлық, компьютерлік және интернет-технологиялар осы дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығын тағы бір рет атап өткен жөн.Ол технологиялардың дамуы тез және үздіксіз өзгерістермен сипатталатын ортаны тудырады [3].
Білім беру тарихына үңілсек, киберпедагогиканың пайда болуына, дамуына өз негіздері бар. Адам өмірінің мәдени, тарихи, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық негіздері уақыт өте келе тарихи сипаттағы ақпараттық төңкерістермен анықталды.
Мысалы, XX ғасырдың ортасын ақпараттық технологиялардың қалыптасуының, компьютерлер мен компьютерлік желілерді, мәліметтер базасын құрудың бастау кезеңі деп айтуға болады. Осы кезеңнен бастап білім саласында жаңа оқу тәсілдері, жүйелері пайдалана басталады.
Олардың ішінде : бағдарламаланған оқыту (Б. Ф. Скиннер, Н.А. Краудер (АҚШ), (В.П. Беспалько, Ю.А. Самарин және т.б.); нейрожелілік педагогика (М.М. Бонгард); кибернетикалық оқыту тұжырымдамасы (С.И. Архангельский, Л.Б. Ительсон және т.б.); кибернетикалық дидактика (Ф.Хайманн) және т.б.
Ресей ғалымы В.А. Плешаковтың айтуынша, XX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың 90-жылдарына дейін жалғасқан уақыт – төртінші ақпараттық революция кезеңі. Бесінші ақпараттық революция, ғалымның пікірінше, XX ғасырдың соңында басталды (1990 ж. – Н.В.): "... ол қазіргі адамзатқа өркениет эволюциясының сапалы жаңа кезеңіне-киберэволюцияға көшуге мүмкіндік беріп, бүкіл әлемдегі әлеуметтік құрылымдардың жаңа түбегейлі өзгерістерінің катализаторы болды" [4].
Сонымен, біздің теориялық шолуымыз аясында мүлдем жаңа жағдайда адам іс-әрекетіне тікелей байланысты ақпараттық төңкерістердің салдары ерекше маңызды болып табылатынын атаймыз. Ал бұл процесс педагогика, психология ғылымдарының әдіснамаларына көп өзгерістерді енгізуді талап етті.
Мақаланы жазу барысында салыстыру және талдау әдістерін пайдаланып, логикалық пайымдауға жол бере отырып, синтездік әдіс қолданылды.
Нәтижелері. ХХІ ғасыр басында педагогика, психология ғылымдарында жаңа технологияларға, жаңа концепцияларға кең жол беріле бастады. Теорияға негізделген киберонтологиялық тұжырымдама дами бастады. Осы проблемаға жоғары мән берген ресей ғалымдары В.А. Плешаков [5], В.П. Беспалько [6], Н.А. Обыденкова [7], Н.А. Сляднева [8] және т.б.
Киберонтологияны В.А. Плешаков «даму деңгейімен анықталатын киберқауіптіліктегі адам өмірі және/немесе тіршілік әрекеті» деп сипаттайды [9].
Киберонтологиялық тұжырымдамаға сәйкес адамның білімі оның өмір сүру жағдайларымен анықталады. Сондықтан адам өмірінің жаңа ортасы – киберкеңістік деген ұғым пайда болады.
Кейбір ғалымдардың түсінігі бойынша «киберкеңістік – ақпараттық-техникалық инфрақұрылым- ның өзара тәуелді жиынтығын, оның ішінде деректерді сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге және алмасуға арналған ақпараттық және телекоммуникациялық желілер мен компьютерлік жүйелерді қамтитын ақпараттық ортаның Ғаламдық саласы" [10]. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша, адам үшін
"виртуалды" шындықты құратын құрылым, әлемнің техникалық, ақпараттық және әлеуметтік шындықтарының өзара байланысы
В.А. Плешаков оны "ноосфераның желілік ақпараттық бейнесі" ретінде сипаттайды.Кибервиртуалды кеңістік – ерекше әлем. Онда оған, яғни адамға, толық қатысудың әсері іске асырылады және іс жүзінде адамзаттың өмір сүруінің жаңа баламасы болып табылады. Сондықтан,киберкеңістік жеке тұлға психологиясымен тікелей байланысты.Адамдар киберкеңістікті өздерінің қарым-қатынасы мен мүдделерін көрсететін өзін-өзі көрсету ортасы ретінде жиі қолданады. Психоанализ тұрғысынан киберкеңістікті жеке адамның интрапсихикалық кеңістігі болып табылатын орта ретінде сипаттауға болады. Бүгінгі таңда киберкеңістік адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, оны толықтырады
және тіпті алмастырады (соңғысы әдетте кибер немесе интернет - тәуелділік ретінде қарастырылады).
Жеке тұлғаның киберкеңістікке интеграциялану дәрежесіне сәйкес, киберкеңістіктен толық бас тартқан ,"Маугли" деп аталатындардан бастап, киберкеңістікке толығымен интеграцияланған "эмигранттар" деп аталатын адамдардың жаңа жіктелуі туралы айтуға болады. Мұндай жіктеу В.А. Плешаковтың еңбек- терінде сипатталған.Сонымен, тарих барысында киберкеңістіктегі белсенді өмірге, негізінен ақпаратты визуалды қабылдауға және білімді жүйелеуге көшкен адам, қазір жаңа технологиялардың әсерінен өз психикасын өзгертудің өте жылдам процес жағдайында екені мәлім.
Киберкеңістік ұғымымен қатар цифрлық орта, цифрлық білім беру ортасы, кеңістігі деген терминдер кездестіріледі. Ресей ғалымдары Е.С. Ларина және В.С. Овчинскийдің түсінігі бойынша:
«Цифрлық орта – ақпараттық технологиялар мен киберкеңістіктің алуан түрлілігін беру арқылы физикалық әлемнің әртүрлі нысандарын басқаружелілер мен телекоммуникациялық арналар арқылы сигналдар түріндегі бағдарламалар» [11]. Авторлардың пікірі бойынша, оның инфрақұрылымы, құрылымы және ультра құрылымы бар.
Адам өмірі технологиямен тығыз байланысты, бұл адами қатынастардың сипатын түбегейлі өзгертеді. Дж. Палфридың айтуы бойынша, сандық дәуірдің балалары нарықтық тенденцияларды өзгертеді, сонымен қатар экономиканың көптеген салаларын, білім беру жүйесін және әлемдік саясатты түбегейлі өзгертеді [12]. Осыған байланысты әлеуметтік нормалардың жиынтығын, цифрлық әлемде навигация дағдыларын, ақпаратты пайдалану мәдениетін және оған сыни көзқарасты қалыптастыру қажеттілігімен байланысты көптеген проблемалар туындайтыны мәлім.
Тағы да бір назар аударатын жайт – әрбір адам әлеуметтік және психо-жастық мәртебесінен, этникалық және конфессиялық қатыстылығынан, отбасылық-неке жағдайынан, мүліктік және материалдық жағдайынан басқа, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін әлеуметтенудің нақты әлеуетіне, сондай-ақ кибер әлеуметтену мүмкіндіктеріне ие.
Жүргізілген сараптама бойынша, біз ғалым В.А. Плешаковтың киберәлеуметтендіру үрдісіне беріп отырған анықтаманы жөн көреміз. Ол « адамның кибер әлеуметтендіруі жеке тұлғаның әлеуметтенуі ретінде – жеке тұлғаның өзін-өзі тану құрылымындағы сапалы өзгерістер процесі ретінде, сондай-ақ адамның қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологияларды қолдану әсерінен және нәтижесінде пайда болатын жеке тұлғаның қажеттілік-мотивациялық сферасы ретінде», - деп анықтайды [13].
Кибер әлеуметтендіру процесінде адамда бірқатар жаңа, іс жүзінде киберологиялық күтулер мен мүдделер, мотивтер мен мақсаттар, қажеттіліктер мен көзқарастар, сондай-ақ киберкеңістікпен тікелей байланысты психологиялық және әлеуметтік белсенділік формалары пайда болады. Маслоу жасаған қажеттіліктер пирамидасына сүйене отырып, интернет қолданушылары өздерінің өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруды да, квази-қанағаттандыруды да (қиялды, нақты қанағаттандыру емес) табады деп болжауға болады. Ал ондай процесс бір неше қиындықтарға әкелу мүмкін. Себебі әр тұлғаның дамуында, оның сана сезімінде өзіні ерекшеліктері бар.
Біріншіден, шындық деңгейлер арасындағы, әлеуметтік және ақпараттық феномен арасындағы психологиялық және іс-әрекет арасындағы кедергілер бұзылады. Қазіргі ақпараттық жүйеге батырылған адам классикалық шындықты оның виртуалдағы проекциясынан толық ажырата алмайды деп айтуға болады.
Екіншіден, өзіндік қызметінің, тұлғалық тәжірибенің және меңзей, яғни болашақ іс-әрекет арасындағы кедергілер ашық білінбейді. Ең алдымен, адамның өзара әрекетін және көрсетілетін виртуалды оқиғаларды, құбылыстарды виртуалды эксперимент ретінде қабылдау. "Адам-виртуалды объект" жүйеде өзара әрекеттесу процесінде көптеген нәзік психологиялық реакциялар болу мүмкін: осы үлгілерді жекелендіру, өзін-өзі өлшеу, оқыту, ақыл-ой эксперимент, виртуалды оқыту және нақты іс- әрекеттердің репетициясы. Ал осындай жағдайлардың қорытындылары психологиялық тұрғыдан әліде толық зерттелмеген.
Ақпараттық сауаттылықтың жаңа деңгейі жаңа психологиялық-педагогикалық тәсілдерге көшуді талап етеді. Олар денсаулықты сақтауды қамтамасыз етуі керек, оқушылардың ақыл-ойының белсенділігін арттыруға, шығармашылық және ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыруға, ақпараттық қоғамда берік орын алуға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның тұтас дүниетанымы мен өзін-өзі тануын дамытуға ықпал етуі керек. Бірақта, жаңа технологияларды қолдану білім сапасын өздігінен арттырады деп ойлау қате болар еді. Олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін білім беру саласындағы мамандар киберпсихология және киберпедагогика білімін дамыту, зерттеу және белсенді қолдану қажет. Ақпаратты білімге айналдыруға арналған ақпарат көздері мен білім беру технологияларының алуан түрлілігіне
қарамастан, білімді білімге айналдырудың бір ғана жолы бар екенін әрдайым есте ұстаған жөн: бұл өзгеріс адамның санасында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда адамның киберкеңістікпен өте қарқынды өзара әрекеттесуін ескеру қажет. Ақпараттық қоғамдағы өміріміздің шындығы – бұл өзара әрекеттесудің нәтижесінде ХХІ ғасырдағы адамның жеке ой-өрісі, санасы пайда болады және дамиды.
Осы тұрғыда киберпедагогиканың психологиялық бағыттары көп сұрақтарды тудырып, ғылыми ізденістерді талап етеді.
Жаңа ақпараттық қоғамның негізі – нейрондық желі, жасанды интеллектті кеңінен қолдану, цифрлық технологиялар, жаңа басқару технологиялары болып табылады. Қоғам кибер-виртуалдық формацияға енеді, онда болып жатқан процестер тек бақыланатын ғана емес, сонымен бірге осы технологиялар арқылы басқарылады. Ең бастысы, кибервиртуалистика білім беру, тарих, әлеуметтану, психология сияқты маңызды салаларды қамтиды, педагогика – киберпедагогикада жаңа парадигманың қалыптасуына ықпал етеді.
Киберпедагогика проблемаларын зерттеп жүрген ғалымдардың пікіріне сүйене отыра, кибер- педагогиканың негізгі мынадай мақсат-міндеттерін белгілеуге болады: жеке тұлғанын киберәлеуметтен- діру мәдениетін қалыптастыру үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, осы процесті оңтайлы (жасына, адамның әлеуметтік мәртебесіне және т.б. байланысты) сүйемелдеу, оны киберәлеуметтендіру процесінде адамға уақтылы пара-пар көмек көрсету. Үздіксіз білім берудің мақсаты адамның білім беру қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру екендігі белгілі, бұл оның өзін-өзі толық жүзеге асыруға деген ұмтылысының көрінісі болып табылады және тез өзгеретін әлем жағдайларына бейімделу. Мұндай жағдайда адамның өзі оқу процесінің белсенді қатысушысы болады.
Қорытынды. Қазіргі кезеңдегі қоғамның қарқындылық дамуы мен әлеуметтік институттарды ақпараттандырудың тереңдігі, барлық салаларды цифрландыру, басқадай факторлар білім беруді одан әрі ақпараттандыру, өзгеруін және жағыртуды талап етеді. Осы жағдайдайлар қоғамдық құндылықтарды өзгеруге апарып, адамды желілік сәйкестендіруге әкелді. Бүгінгі таңда адамға жаңа практикалық дағдылар мен теориялық білім ғана емес, сонымен қатар осы білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру мүмкіндігі қажет. Басқаша айтқанда, адамзат өмір бойы киберәлеуметтендіру контекстінде үздіксіз білім беру мәдениетін жан-жақты дамытуы керек, өйткені жаңа технологиялар дәстүрлі білім беру процесінің шеңберін өзгертеді. Сондықтан педагогика ғылымындағы ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан кейбір ұстанымдар өзгерістерді талап етеді.
Жасалған сараптама бойынша, ғалымдардың пікіріне сүйене отыра, үздіксіз білім беру жүйесінің дамуында жаңа өзгерістерге сәйкес педагогика, психология ғылымдарындағы жаңа ұғымдардың, терминдердің өз орнын алып жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты пайда болып жатқан негізгі ұғымдар:
- киберонотология;
- киберәлеуметтендіру;
- киберкеністік;
- цифрлық білім беру ортасы, т.б.
Бұл ұғымдар педагогика ғылымында инновациялық сала ретінде киберпедагогиканың негізін құрайды деп айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. - 2019 жыл. – 328 бет.
2. Бахтиярова Г.Р. Қазақстан Цифрлық дәурде оқыту дизайнын құруда интербелсенді ідстерді пайдаланудын жолдары. Хабаршы «Педагогикалық сериясы» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет. 2020. №1(65). – 65-71 б.
3. Карауылбаев С.К., Артюхина М., Жумабаева А.М., Муратова Г.И. Границы развития интернет- педагогики/ / Педагогика және психология. Абай ат. ҚазҰПУ,2020. – Б.2-10.
4. Плешаков В.А. Перспективы киберонтологического подхода в современном образовании //
Вестник Московского городского педагогического университета. Серия: педагогика и психология. 2014.
№ 3(29). – С. 1-18.
5. Плешаков В.А. Теория киберсоциализации человека: монография; под общ. ред. А.В. Мудрика. – М.: МПГУ; HomoCyberus, 2011. – 400 с.
6. Беспалько В.П. Киберпедагогика. Педагогические основы управляемого компьютером обучения
7. Обыденкова В.К. Эмпатия в интернет-среде киберпространства: философско-психологический аспект // Философские проблемы информационных технологий и киберпространства. 2013. № 2. – С. 56-67.
8. Сляднева Н.А. Социальная киберпедагогика // Вестник Московского государственного университета культуры и искусств. 2012. № 3. – С. 148
9. Плешаков В.А. Особенности виртуальной компьютерной социализации личности // Проблемы педагогического образования. Сб. науч. ст.: Вып. 25; под ред. В.А. Сластенина, Е.А. Левановой. –М.:
МПГУМОСПИ, 2006. – С. 23-25
10. Бородакий Ю.В., Добродеев А.Ю., Бутусов И.В. Кибербезопасность как основной фактор национальной и международной безопасности XXI века (часть 1) // Вопросы кибербезопасности. 2013. –
№ 1. – С. 2-9.
11. Ларина, Е.С. Россия и вызовы цифровой среды: рабочая тетр. / Е.С. Ларина, В.С. Овчинский
[Электронный ресурс] – Режим доступа: URL:
https://russiancouncil.ru/common/upload/WP15Cybersecurity-Ru.
12. Палфри Дж.Дети цифровой эры. – М.:Эксмо,2011. – 368 с.
13. Воинова О.И., Плешаков В.А. Киберонтологический подход в образовании: Монография / Под ред.
В.А. Плешакова. – Норильск: НИИ, 2012. – 244 с.
References
1. Helena Beetham, Hutesium Acuta. Luc brisson paedagogia in digital aetate. Consilium de doctrina in XXI saec. - Almaty: Publica Fundamentum "National Translatio Opera". - 2019. - 328 P.
2. Bakhtiyarova G. R. vias usura metus vitae in creando cognita consilium in digital mundi. Acta
"Paedagogica series" Kazakh National Paedagogica Universitatis nomine post Abai. 2020. N. 1(65). - pp.
65-71.
3. Karaulbaev S.K., Artyukhina M., Zhumabaeva A.М., Muratova G.I. Finibus Internet lorem ipsum/ / Paedagogia et psychologia. Abai KazNPU, 2020. - p. 2-10.
4. Pleshakov V.A. Perspektivy kiberontologicheskogo podkhoda v sovremennom obrazovanii [Spes de cyberontological adventu in hodierna educationem]. Series: paedagogia et psychologia. 2014. № 3(29). - Pp. 1-18.
5. Pleshakov V.A. theoria cybersocialization a persona: a monograph; sub generali editorship de A.V.
Mudrik. - Moscow: MPSU; HomoCyberus, 2011. - 400 p.
6. Bespalko V.P. Cyberpedagogika. Paedagogica fundamenta computatrum imperium-doctrina (E- Cognita) / V.P. Bespalko. - M.: T8RUGRAM / Popularis Educationem, 2018. – 240 c.
7. Obydenkova V.K. Empathy in Internet environment cyberspace: philosophica et animi ratione / / quaestiones Philosophicae ex notitia vitae et cyberspace. 2013. № 2. - Pp. 56-67.
8. Slyadneva N.A. Sotsialnaya kiberpedagogika [Socialis cyberpedagogy]. Vestnik Moskovskogo gosudarstvennogo universiteta kultury ego iskusstva [Bulletin de Moscow State University of Culturae et Artes]. 2012. № 3. - P. 148
9. Pleshakov V.A. Features of rectum computer agitur de singulis / / Quaestiones de paedagogica educationem. Sedebat. nauch. es.: Vol. 25; ed. a V. A. Slastenin, E. A. Levanova. - M.: MPGUMOSPI, 2006.
- Pp. 23-25
10. Borodakiy Yu.V., Dobrodeev A.Yu., Butusov I.V. Cybersecurity, ut consectetur elementum, nationalibus et internationalibus securitatem XXI century (part 1). Voprosy cybersecurity. 2013. –№ 1. - Pp.
2-9.
11. Larina, E.S. Russia et Provocationes Digital Environment: a workbook. / E.S. Larina, V.S. Ovchinsky [Electronic resource] - Obvius modum: URL: https://russiancouncil.ru/common/upload/WP15Cybersecurity- Ru.
12. Palfrey J.Filii digital aetate. - Moscow: Eksmo,2011. – 368 p.
13. Voinova O. I., Pleshakov V. A. Cyberontological adventu in educationem: Monograph / Ed.a V.A.
Pleshakov. - Norilsk: Research Instituti, 2012. – 244 p.