• Tidak ada hasil yang ditemukan

Программалық қамтамасыз ету

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Программалық қамтамасыз ету"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Темірбекқызы Баршагүл

Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 5-сынып

Бөлім: Ақпарат және оны өңдеу

Тақырып: Программалық қамтамасыз ету

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.1.2.1 -« программалық қамтамасыз ету » ұғымын түсіндіру

Сабақ мақсаттары -Программалық қамтамасыз ету ұғымын түсінеді;

-Операциялық жүйе туралы түсінік алады;

-Операциялық жүйенің логотипін ажырат аалады.

Бағалау критрерийі -«Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымына анықтама береді

-Компьютерлік бағдарламалардың бағдарламалық қамтамасыз ету типін анықтайды Тілдік мақсат -«Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымына анықтама береді

- түрлі формада ұсынылған ақпаратқа мысалдар келтіре алады. 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (3 минут)

І Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық ахуал орнату)

Топқа бөлу «Атасының баласы...» Сыныптағы ата - әжелерінің балаларын шығарып (оқушы санына қарай) қалай еркелететіндігіне байланыста лидер тағайындап сан аралық санамақ секілді оқушылар сыныптастарын еркелетеді. Мысалы: қошақан, құлыншақ, қошақан, құлыншақ... Осылайша әр лқушы өзі еркелеткен сыныптасының тобына барады.

1топ - 2топ –

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың ортасы

(20 минут)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Данышпан үкі» Оқушылар үлестірілмелі қағаздарда көрсетілген өткен тақырыпқа байланысты термин сөздерге түсіндірме жүргізеді.

- Клод Шеннон

-Ақпаратты жеткізу жылдамдығы -Мәтіндік хабардың ақпараттық көлемі -Ақпараттың өлшем бірліктері

-Кб пен Мб айырмашылығы мен ұқсастығы

ІІІ Жаңа тақырыпты ашу «Адасқан әріптер» Әріптерден сөз құрастырады:

«П Р О Г Р А М М А Л Ы Қ  Қ А М Т А М А С Ы З Е Т У»

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыптың материалын интерактивті тақта арқылы көрсетемін.

Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық

жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді. Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады : Операциялық жүйе-ол компьютердің қондырғылары мен программалық  жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директоры мен салыстыруға болады. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы

принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте

құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

V Топтық жұмыс:

1топ: -Жүйелік программалық жабдықтамаға қандай программалар кіреді?

Операциялық жүйе деген не?

2топ:-Қолданбалы жүйелік программалар дегеніміз не?

Қолданбалы программаларға қандай программалар кіреді?

Практикалықжұмыс 1-Тапсырма 1.Көрсетілген компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз ету типіне сәйкес бөліп жазыңыз.

Сабақтың соңы (17 минут)

VI Сабақты бекіту «Ұшақ» әдісі ұшақтың қанатына жаңа тақырып бойынша сұрақтар жазып екі топ өзара ұшақты ұшырып, алмасады және өзіне ұшып келген сұраққа жауап береді.

VIІ Кері байланыс «Мұғалімге жеделхат» әдісі сабақ барысында түсініксіз болған ақпараттар мен сабақтағы ұнамды сәттерді конвертке түсіріп, почта жәшігіне салады.

VIІ Үй тапсырмасын беру

74 бет «Талдау» деңгейі бойынша салыстырма жүргізіп келу.

Referensi

Dokumen terkait

Автор: Жанбауова Маруан Сакеновна Пән: Геометрия Сынып: 10-сынып Бөлім: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар Тақырып: Координатасымен берілген векторларды қосу

Автор: Бозмбекова Айнур Сабыржановна Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 8-сынып Бөлім: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Тақырып:

Автор: МУРЗАГАЛИЕВА ГУЛМИРА ШУГАЙЕВНА Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 10-сынып Бөлім: Алгоритмдеу және программалау Тақырып: Cұрыптау әдістері Оқу

Автор: ТҮГЕЛТАЕВ АЙБОЛАТ БЕРДІҒАЛИҰЛЫ Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 6-сынып Бөлім: Компьютерлік жүйелер мен желілер Тақырып: Сымсыз желілер Оқу

Автор: Сайранова Ақмарал Сайранқызы Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 6-сынып Бөлім: Ақпаратты ұсыну Тақырып: Екілік кодтау Оқу мақсаттары оқу

Автор: Тайшева Асель Нурлыбаевна Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 5-сынып Бөлім: Жобаны әзірлеу және қорғау Тақырып: Жобалық жұмыс Жобалық жұмыс

Автор: Бисеналина Нургуль hromtau.22 Бакитжановна Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика Сынып: 6-сынып Бөлім: Ақпаратты ұсыну Тақырып: Ақпаратты тасымалдау

Автор: Сахиева Шынар Жолдасбековна Пән: Дене шынықтыру Сынып: 4-сынып Бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері Тақырып: Гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар нығыздалған