• Tidak ada hasil yang ditemukan

Просмотр «АНИМИЗМ И МИФОПОЭТИКА ЛИРИКИ ЖАНАТ АСКЕРБЕККЫЗЫ» | Вестник Серия «Филологические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan " Просмотр «АНИМИЗМ И МИФОПОЭТИКА ЛИРИКИ ЖАНАТ АСКЕРБЕККЫЗЫ» | Вестник Серия «Филологические науки» "

Copied!
10
0
0

Teks penuh

(1)

3. Tomanov M. Orta Azialyq türkı ädebi tılı men qazaq ädebi tılınıñ bailanysy mäselesıne// ġyğys filologiasynyñ mäselelerı. Almaty, 1984. – 3-19 bb.

4. Jañaev T. Tobaniaz qystauy. Almaty, 1999. – 285 b.

5. Nūrdäuletova B. Jyraular poetikasynyñ tılı. Aqtau, 2017. -266 b.

6. Budagov L. Sravnitelnyi slovär turesko-tatarskih narechi. –S-Peterburg. 1871. 1t. 1869. Pt. 1871.

7. Qazaq tılınıñ dialektologialyq sözdıgı. 2-kıtap –Almaty: Ğylym, 1999. – 240 b.

8. Tıl tañbaly aqyndar. –Aqtau: Daik-Pres, 2017. – 973 b.

9. Aq beren. Qūrastyrğan Q.Sydiyqov. Almaty: JazuĢy, 1972. – 221 b.

10. Amanat . S. Janğabylūlynyñ Ģyğarmalary. Almaty: Er Däulet, 1996. – 382 b.

11. ArabĢa-qazaqĢa sözdık. I tom. –Almaty, 1984.

12. Batyrlar jyry. Almaty: QazKörMemBas., 1959. – 538 b.

13. Jemenei Ġ.ParsyĢa-qazaqĢa jäne qazaqĢa-parsyĢa sözdık. – Almaty: Sanat, 1994 14. Baranov H.K. Arabsko-ruski slovär. –Moskva: Ruski iazyk, 1984. -349s.

15. Nūrdäuletova B. Köne künnıñ jyr kümbezı. Almaty: JazuĢy, 2007. – 496 b.

МРНТИ 17 – 17. 07.41

https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.73

Келгембаева Б., 1Таңжарықова А.2

1Сҽрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ҿскемен, Қазақстан

2Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ АНИМИСТІК БАСТАУЛАР МЕН МИФОПОЭТИКА

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ поэзиясының кӛрнекті ӛкілі Жанат Әскербекқызының ―Ай-тамғыˮ атты жыр жинағына енген лирикалық туындылары негізінде мифопоэтика мәселесі сӛз болады.

Мифопоэтиканың әдебиеттану ғылымының ішкі саласы ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалады.

Сондай-ақ, Ай культінің қазақ халқының дҥниетанымы мен тҧрмыс-тіршілігі, әдет-ғҧрпы мен фольклорындағы орны жалпы адамзатқа ортақ анимистік дҥниетаным іздеріменсабақтастықта қаралады. Тӛл әдебиетіміздегі Ай бейнесінің поэтикалық қызметін Еуропа әдебиетіндегі танымал романтиктердің поэзиялық туындыларымен салыстыра талданады. Поэзияда Ай табиғатын қабылдау мен бейнелеудегі авторлық ерекшеліктермен қатар, Ай образын поэзия тіліне кӛшірудің типологиялық белгілерін аңдатады. Ақын лирикасындағы Ай бейнесінің мифологиялық негіздерімен Ай сарынының авторлық тҥсіндірмесі талданады. Қаламгердің стилдік даралығы менақиқат болмысты поэтикалық тҧрғыдан қабылдау ерекшелігі айқындалады. Тӛл поэзиямыздағы мифопоэтика дәстҥрі мен қазіргі қазақ жырының кӛркемдік-эстетикалық табысы туралы ғылыми негізделген ой айтылады.

Тҥйін сӛздер: Жанат Әскербекқызы, лирика, поэзия, мифология, мифопоэтика, анимизм, ай образы

Kelgembayeva B., 1 Tanzharykova A.2

1 Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University, Ust-Kamenogorsk,Kazakhstan

2Abai Kazakh national pedagogical university, Almaty, Kazakhstan

ANIMISM AND MYTHOPOETICS OF ZHANAT ASKERBEKKYZY'S LYRICS

(2)

Abstract

The article deals with the problems of mythopoetics based on the lyrical works of the famous poetess Zhanat Askerbekkyzy, included in the collection of her poems ―AI-tamgyˮ. The authors make a historical review of the formation of mythopoetics as an independent section of literary criticism. The role of the moon cult in the worldview and life, customs and folklore of the Kazakh people is analyzed. Their points of contact with traces of the chemical worldview in the folklore and traditions of the peoples of the world are revealed.

The poetic function of the moon cult in Kazakh literature is compared with fragments of poetic works of famous romantics of European literature.

The author reveals the mythological origin of the image of the moon and the specifics of the interpretation of the image of the moon and lunar motifs in the poet's lyrics. An attempt is made to determine the stylistic originality and individuality of the poetic perception of this author. a literary analysis of the mythopoetic tradition in national poetry and artistic and aesthetic searches in modern Kazakh poetry is Carried out.

Keywords:Zhanat Askerbekkyzy, lyrics, poetry, mythology, mythopoetics, the image of the Moon, animism

Келгембаева Б.,1 Танжарыкова А.2

1Восточно-Казахстанский университет имени Сарсена Аманжолова, .Ҿскемен, Казахстан

2Казахский национальный педагогическийуниверситет имени Абая, Алматы, Казахстан

АНИМИЗМ И МИФОПОЭТИКА ЛИРИКИ ЖАНАТ АСКЕРБЕККЫЗЫ Аннотация

В статье рассмотрены проблемы мифопоэтики на материале лирических произведений известной поэтессыЖанат Аскербеккызы, вошедших в сборник ее стихов ―Ай-тамғыˮ. Авторы делают исторический обзор становления мифопоэтики как самостоятельного раздела литературоведения.

Анализируется роль культа Луны в мировоззрении и быте, обычаях и фольклоре казахского народа.

Выявляются точки соприкосновенияих со следами анимического мировоззрения в фольклоре и традициях народов мира. Поэтическая функция культа Луны в казахской литературе сравнивается с фрагментами поэтических произведений известных романтиков европейской литературы.

Раскрываются мифологическое начало образа Луны и специфика трактовки образа Луны и лунных мотивов в лирике поэта. Cделана попытка определения стилевого своеобразия и индивидуальности поэтического восприятия данного автора. Осуществляется литературный анализ мифопоэтической традиций в национальной поэзии и художественно-эстетических исканий в современной казахской поэзии.

Ключевые слова:Жанат Әскербекқызы, лирика, поэзия, мифология, мифопоэтика, анимизм, образ Луны.

Кіріспе. Ҧлттық сӛз ӛнеріндегі мифтің поэтикалық қызметін зерттеу, оныңжекелеген қаламгерлер шығармашылығындағы кӛркемдік-идеялық жҥгін саралау – әдебиеттанудың ӛзекті мәселелерінің бірі. Ӛйткені, бҧл бағыттағы ізденістер сӛз ӛнерінің кӛркемдік-эстетикалық табыстарын танытып қана қоймай, сонымен қатар,рухани мҧраларымыздың дәстҥрлі сабақтастығын әр қырынан талдау арқылы тарихи зердемізді жаңғыртуға, санамызды серпілтуге жол ашады. Рухани тамырларымызды зерттемей, халықтың іштей тҥлеуі, ӛзін-ӛзі тану жолына тҥсуі мҥмкін емес.Философ А. Қасымжановтың сӛзімен айтсақ,―Рухани байлық әр халықты толық сақтап қалатын және ӛмір сҥру қҧқын дәлелдейтін қайнар бҧлақ... Әрине, руханилық кӛріністер де әр тҥрлі формалы, ол – қарапайым саналылық пен ырымшылдық, халық санасының жалпы бағдарының тӛменнен, тереңнен бағышталуы, интеллектуалдар мен ақындардың арман-қиялының, абстракциясының ең биік формасы ретінде байқалуы мҥмкінˮ[1, 15]. Поэзиядағы мифтің орны менжалпы мифопоэтика жайлы тың ізденістер қатарының молаюы рухани бастауларымызға ден қою, халықтың рухын ояту, мәңгҥрттенуден сақтандыру және қазіргі қаламгерлеріміздің кӛркемдік ізденіс-жетістіктерін бағамдау талаптарынан туындайтыны сӛзсіз.

(3)

Ҧсынылып отырған мақалада Жанат Әскербекқызының 2014 жылы шыққан ―Ай-тамғыˮ жинағындағы кейбір ӛлеңдерінің мысалында мифопоэтикажайында сӛз етуді мақсат тҧттық. Нақты айтқанда, анимистік дҥниетаным мен ақын лирикасындағы Ай образы мен Ай сарынының лирикалық кейіпкердің ішкі әлемін, сезім қҧбылыстарын бейнелеудегі және егіздеу, кейіптеу, метафора, айқындау сынды бейнелеу қҧралдарын қалыптастырудағы ролін талдауға тырыстық.―Ай тамғыˮ жинағында ақын жанының Аймен егізделген сырлы суреттері лирикалық қаһарманның тҥнгі аспанның аруы Аймен сырласу, Айға мҧң шағу, Айдан медет тілеу, ―ақыл мен сезім арбасқан сәттердегіˮ жҥрек лҥпілі ретінде бедерленеді. Лирикалық кейіпкер жан дҥниесінің Ай образы арқылы айшықталуы жинаққа енген 50-ден аса ӛлеңге тән.Ақынның осы ӛлеңдері анимизмнің, Ай культінің қазіргі поэзиядағы кӛркемдік қызметі жайлы ғылыми ой тҥюге негіз бола алады.

Жас ақындардың «Қарлығаш» атты жинағына енген балаң жырларымен поэзия кӛкжиегінен жарқырай кӛрінген ақын қыздың қаламынан ―Ғарыш билер ғҧмырымдыˮ (1999), ―Қаракӛз бҧлақˮ (2001), ―Қаңтардағы қызыл гҥлˮ, ―Кӛк тҥріктер әуеніˮ (2002), ―Қаз қанатындағы ғҧмырˮ (2007), ―Ай- тамғыˮ (2014) сынды жинақтар туды. Ақын жырлары 1980 жылдардан бергі уақытта бірнеше ҧрпақтың эстетикалық талғам-таразысын, тарихи танымын қалыптастырып, рухани ләззат сыйлап келеді. Ай маңдайлы ақын қыз терең де нәзік сыршылдығымен, айшықты тіл, мифтік-ертегілік сюжет, ғарыштық тылсым суреттерге толы сҧлу жырларымен оқырманның кӛзайымына айналды.

Оның жырларына қазақ әдебиетінің абызы Әбіш Кекілбай:―Айлы тҥндегі арудың мойнындағы моншақтардай жақҧт жырларˮ деп дәл бағасын береді[2, 3]. Ал ақын Әбіл-Серік Әлиақбар: ―Оның жырларында ӛзіне ғана тән терең де қылдай нәзік сыршылдық, бағзыдан сыр тартатын ҧлттық магия мен мифтік дҥниетанымның тылсым дҥниелік саздары, Алтайдың асыл жауһары грек жазбаларында сӛз болатын кӛне Скифтік аңыздар... жарасымды кӛрініс тапқанˮ, - дейді[3, 3]. Бір ―Ай-тамғыˮ емес, оның қаламынан туған ӛзге жинақтарындағы ӛлеңдері де қазақ халқының рухани тамырларымен, мифтік сана-сезімімен тереңнен сабақтасып келетінтекті жырлар санатында.

Әдістеме.Мақаланы жазу барысында талдау, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық зерттеу әдістерін таңдап алдық. Біз таңдаған әдістер анимизм мен Ай культінің қазақ халқының дҥниетанымы мен тҧрмыс-тіршілігі, әдет-ғҧрпы мен фольклорындағы орнын жалпы адамзатқа ортақ анимистік дҥниетаным іздерімен, Ай культінің фольклор мен сӛз ӛнеріндегі кӛріністерін типологиялық қҧбылыстар ретінде салыстыра қарауға мҥмкіндік береді. Сондай-ақ, Бҧқар, Абай, Мағжан, Шәкәрім, Мҧқағалилардың жырларынан алынған ҥзінділер тӛл әдебиетіміздегі Ай бейнесінің тарихи қалыптасқан маңызды поэтикалық қызметін дәлелдейді. Еуропа әдебиетіндегі танымал романтиктердің поэзиялық туындыларының фрагменттеріАй табиғатын қабылдау мен бейнелеудегі авторлық ерекшеліктермен қатар, Ай образын поэзия тіліне кӛшірудің типологиялық белгілерін аңдатады. Жанат ақынның ӛз ӛлеңдерін салыстыра талдау ақын шығармашылығын тереңдей тҥсініп, қаламгердің адами болмысы, ақындық табиғаты туралы ой тҥюге жол ашады.

Нәтижелер.Қазақ халқыныңанимистік (мифтік) танымын талдау, оның фольклор мен сӛз ӛнерінен алатын орны туралы ғылыми зерттеулердің кешегісі мен бҥгінгісін шола қарасақ, арнасы кең ізденістер мен іргелі жетістіктердің куәсі боламыз. Ҧлттық мифологияны зерттеу ісі Шоқан Уәлиханов еңбектерінен бастау алғаны белгілі. Одан кейінгі дәуірлерде М.Әуезов, Х.Досмҧхамедҧлы, С.Мҧқанов, Ә.Марғҧлан, Ә.Қоңыратбаев, Е.Тҧрсынов сынды ғалымдардың фольклор мен сӛз ӛнерінің тарихы мен теориясына арналған еңбектерінде анимизм мен кӛркемдік ойлау жҥйесінің сабақтастығы жанама тҥрде талқыланып келді.

Академик С.Қасқабасов қазақ фольклорындағы миф жанрының табиғатын арнайы зерттеп, анимизмге анықтама береді. Ғалым Ай культіне қатысты миф сюжеттерін талдап, оларды рух-иелік мифтер тобына жатқызады. Қазақ мифтерінің (соның ішінде Ай, Кҥн, жҧлдыздарға байланысты ғарыштық мифтердің) ғылыми айналысқа енуіндегіШ.Ыбыраевтың басқаруымен қҧрастырылған

―Қазақтың мифтік әңгімелеріˮ атты жинақтың ғылыми мәнін атап ӛтуге тиіспіз. С.Қондыбайдың

―Арғы қазақ мифологиясыˮ атты 4 томдық кітабы ҧлттық мифологияның дамуындағы жаңа кезең болды. Бҧл еңбектердің барлығы анимизм табиғатын тҥсінуге, Ай культінің поэзиядағы Ай образы мен Ай сарынының тууына, бейнелеу қҧралдарының қалыптасуына байланысты ғылыми ой тҥюге негіз болады. Миф пен бейнелеу жҥйесінің, мифтің жекелеген қаламгерлер шығармашылығындағы кӛркемдік қызметін талдаған А.Жақсылықовтың, С.Негимовтің, Г.Пірәлиеваның, А.Мәуленовтің, Л.Мҧсалының, т.б. зерттеулерінің ғылыми мәні зор. Ӛзіміз сӛз етіп отырған ―Ай-тамғыˮ жыр жинағының авторы ақын, әрі ғалым Жанат Әскербекқызының ―Миф дҥниесі және кӛркемдік әлемˮ (2004), ―Даңғылˮ (2007), ―Кӛркемдік ӛрісˮ (2008), ―Мифтің поэтикадағы қызметіˮ (2010), ―Әдебиет

(4)

әлемінде (ғылыми зерттеулер, 2012), ―Поэзия и мифˮ (2014), ―Миф. Мифология. Мифопоэтикаˮ (2016)атты ғылыми еңбектері мен мақалалары мифопоэтика теориясын қалыптастыруға негіз болды деп батыл айта аламыз. Жанат Әскербекқызының мифтанушы ретіндегі ғылыми пікірлері кӛркем шығармашылығында да айқын кӛрініс тауып отыратынын ерекше бӛліп айтқымыз келеді.

Мифопоэтика саласындағы барлық зерттеулерді тізбелеу мақаланың мақсатына жатпайды.

Сондықтан біз осы саладағы негізгі еңбектерді атап ӛтумен шектеліп, әңгіме ауанын Жанат Әскербекқызы поэзиясының зерттелуіне қарай бҧрайық. Қаламгер шығармашылығы хақында жекелеген мақалалар, рецензиялар қатары біршама. Ақын поэзиясын арнайы қарастырған магистрлік диссертациялар да бар. Бҥгінгі қазақ жырының тӛрінен орын алатын сыршыл суреткердің дара қолтаңбасы мен кӛркемдік әлемін тҥсінуде Ә.Кекілбай, Р.Нҧрғали, Б. Майтанов, Ж.Дәдебаев, Б.Жақып сынды әдебиет білгірлерінің пікірлері қҧнды.

Мерзімді басылымдарда жарияланған Ж.Мәмбетов, Ж. Әубәкір, А. Қҧдайберген, С.Қасенов, Т.Қамзин, Б.Жанайхан, С. Ержанова т.б. сыншылар ақын лирикасындағы фольклорлық нақыш, мифтік-ертегілік сарындар мен образдарды қолдану шеберлігін талдап, оның қаламына тән бейнелілік пен психологизм, кӛне тҥркілік бастаулар жӛнінде әр қырынан сӛз етеді.Сӛз орайы келгенде, мақала авторының және шәкіртіміз С.Шамшикенованың қаламгер шығармашылығындағы фольклорлық сюжеттер мен сарындарды талқылаған бірнеше мақаласы жарық кӛргенін айта кетейік.

Дегенмен, суреткер сомдаған сырлы поэзияға қызығушылық ӛсіп келеді. Әсіресе, ақындық табиғатын танытатын ғарыштық сарын, Ай бейнесінің мифтік сана, анимистік танымменбайланысы, олардың авторлық интерпретациясы ҧлттық поэзияның кӛркемдік қуатын бағамдауға жанды материал болары сӛзсіз.

Талқылау.Айды кие тҧту, тылсым сырын ҧғуға қҧштарлық, ӛнер тілінде бейнелеуге ҧмтылу адамзаттың мифологиялық ойлау жҥйесіне тән. Арғы қазақ мифологиясын зерттеген ғалым С.Қондыбай: ―Ай – палеолит, жалпы тас ғасырының адам танымының аса маңызды нысаны, ол ежелгі адамдардың мифтік комплексінде ҧзақ уақыт бойына ҥстемдік қҧрды. Бҧл – Ай культінің заманыˮ, - дейді [4, 20].Әлем халықтарының мифологиялық танымы кӛркемдік танымға ҧласқан дәуірлерде Ай культі поэтикалық ойлау жҥйесінен маңызды орын иеленгені белгілі. Мифтік сана бойынша адамзаттың аялы бесігі табиғат тірі, саналы рух тҥрінде қабылданды. Кӛне тҥркілер табиғатқа жекелей және жалпылай табынды, кие тҧтты. Ай – алғашқы адамның назарын ӛзіне мейлінше жиі аударып, дҥниенің жаратылуы мен ғарыш, адам мен ақиқат болмыс, табиғат қҧбылыстары хақындағы алғашқы пайымдауларының басты тақырыбы болған табиғат нысаны.

Қазақтардың экологиялық танымынан алар орны ерекше ғарыш шырағы. Этнографиялық зерттеулерге сҥйенсек, кӛшпелілер Айға қарап ауа-райы қҧбылыстарын алдын-ала болжап, тәулік мезетін анықтайтын болған. Этнограф ғалым А.Сейдімбек: ―... аспандағы Ай мен Ҥркерді негізгі меже ете отырып тоғыс есебін жҥргізуі, тоғыс есебі бойынша ауа-райының қҧбылыстарын алдын-ала болжауы, яғни амалдарды біліп отыруы, міне мҧның бәрі тек қана уақыт есебін білу ҥшін емес, сонымен бірге кеңістік аясындағы табиғат қҧбылыстарының жай-жапсарын біліп отыру ҥшін де қажет болғанˮ, - деген маңызды дерек келтіреді [5, 155].

Қазақ халқының фольклорында Айға қатысты ―Ай қораланса арысыңды сайла, Кҥн қораланса кҥрегіңді сайлаˮ, ―Ай қырынан туса, айбалтаңды сайла, Ай шалқасынан туса, кҥрегіңді сайлаˮ,

―Айдың тік туғаны халыққа жайлы, Шалқасынан туғаны ӛзіне жайлыˮ т.б. кӛптеген мақал-мәтелдер халықтың кҥнделікті тіршілік әрекеттерін жыл мезгілі, маусым мен уақыт мезетіне орай ҥйлестіруде Айдың қаншалықты маңызды болғанын дәлелдей тҥседі. Сондай-ақ, Айға байланысты бата- тілектердің, ырым-тыйымдардың, мифтік сюжеттердің молынан ҧшырасуы далалық дҥниетаным мен тыныс-тіршіліктегі Ай культінің ҥстемдігіне ден қойдырады. Мәселен, ―Айды қолыңмен кӛрсетпеˮ,

―Ай сәулесін бетіңе тҥсіртпеˮ, ―Ай толғанда желі тартпаˮ, ―Ай толғанда кӛшпеˮ, ―Ай толғанда қыз ҧзатпаˮ, ―Ай толғанда ҥй тікпеˮ деген сынды кӛптеген тыйымдар халықтың Айдың Адам тағдыры мен Табиғат қҧбылыстарына ықпал етуші тылсым энергетикалық кҥші, тіпті мистикалық ғарыштық қуаты туралы мифтік дҥниетанымымен сабақтасып жатқаны анық.

Айды адами болмыс, мінез-әрекетке ие етіп бейнелеу мифтік әңгімелерден (ертегі, аңыз, хикаят т.б.) бастау алады. Ғарыштық мифтерде Ай – сҧлу қыз, Кҥн – оның әпкесі (кейде екеуі ерлі-зайыпты), жҧлдыздар (Ҥркер шоқжҧлдызы) – оның (олардың – Кҥн мен Айдың) балалары етіп суреттеледі.

Айдың сҧлулығын қызғанған Кҥн оның бетін тырнап алып, Ай бетіндегі дақтар содан қалған деседі, осы оқиғадан соң Ай мен Кҥн аспан кӛгінде бір-бірімен ҧшыраспайтын болыпты-мыс. Қазақ фольклорында Ай мен Кҥн, Ай мен жҧлдыздар, Ай мен Шолпанға, Ҥркерге қатысты тҥрлі мифтік

(5)

сюжеттер сақталған. Бҧл сюжеттердің барлығында Ай адамға тән мінез-қҧлық, әрекеттерімен тҧлғалана суреттеледі. Ғарыштық мифтер, Айға қатысты мифтік таным іздері ҧлттық лириканың бастауы қара ӛлеңдерде де сақталған. Халықтық лирикада Ҥркер шоқжҧлдызы – Айдың ҧлдары, ал Шолпан оның қызы ретінде жырға қосылады:

―Үркер Айдың ұлдары, Шолпан – қызы, Қауыспенен қатады Сырдың мұзы.

Жамалыңа қарасам жан жетпейді,

Секілдісің бейне бір жер жұлдызыˮ. [6, 203]

Ғарыш шырақтарының бірегей бейнесі – тӛл сӛз ӛнері мен әлем әдебиетінде кең тараған кӛркемдік қуаты мол, экспрессивтік мәнерлілігі айрықша поэтикалық образ. Мифолог-ғалым А.Н.Афанасьевтің пікіріне жҥгінсек, ―Кҥн, Ай, Жҧлдыз таза адамгершіліктің, рухани нҧрлылықтың символыˮ[7, 160]. Ал академик Әлкей Марғҧлан қазақ пен монғол халықтарына ортақ Ай, Жҧлдыз сынды символ сӛздердің ішкі мағынасын:―Ай – сұлулық, сана ишарасы болған; Жұлдыз – мереке, ойын-сауық, жастық белгісі болғанˮ, - дептарқатады [8, 19]. Бҧл символдар кейінгі дәуірлерде кӛркемдік ойлау жҥйесінде адам болмысы мен оның ішкі сырларын танытудың, поэзияда лирикалық кейіпкердің сезім дҥниесіндегі қат-қабат қҧбылыстарды бейнелеп берудің кең ӛрісті амалына айналған.

Еуропа әдебиетінде Айды поэтикалық ойдың қазығы ету антикалық әдебиеттің атасы Гомерден басталып, романтизм дәуірінде адам болмысының қат-қабат сырларын бейнелеп берудің, психологизм мен суреттіліктің басты қҧралына айналды. Адамның абсолютті еркіндігі, асқақ рухы менсҥйіспеншілігін жырлауда орталық персонаж ретінде бой кӛрсетті. Сӛзіміз дәлелді болу ҥшін әр тҥрлі жанрлардан бірнеше мысал келтіре кетейік. Антикалық неміс поэзиясының кӛрнекті ӛкілі Сафо (630 – 572/570 ж.ж. ӛмір сҥрген) лирикасында:

Близ луны прекрасной тускнеют звезды, Покрывалом лик лучезарный кроют, Чтоб она одна всей земле светила Полною славой.

Немесе:

Уж месяц зашел;

Плеяды Зашли...

И настала полночь.

И час миновал урочный...

Одной мне уснуть на ложе![9, 196] (Вяч. Ивановтыңаудармасы)

Шекспирдің ―Ромео и Джульеттаˮ трагедиясында–ғашықтардың тҥнгі бақтағы сырласу сәтінде Ромео Джульетта махаббатына Айды куә етеді:

Мой друг, клянусь сияющей луной, Посеребрившей кончики деревьев...

Джульетта:

О, не клянись луною, в месяц раз

Меняющейся, - это путь к изменам[10, 196] (Шекспир, (Б. Пастернактың аудармасы), - деген сӛздерімен Айды ӛшпес махаббаттың емес, баянсыздықтың бейнесі деп қабылдайтынын ҧқтырады.

Неміс романтизмінің кӛрнекті ӛкілі Шелли «Эпипсихидион» поэмасында Айдың ғажайып сҧлулығын:

Царица звезд, чиста и холодна, Твоя улыбка красит мир, Луна;

Твой пламень мягок, хоть и ледяной,

Меняясь, остаешься ты луной,-депжырлайды[11, 18].

Келтірілген мысалдар әлем әдебиетінде Ай бейнесінің барлық жанрларда қаншалықты ӛнімді қолданылғанын дәлелдейді. Романтикалық әдебиеттегі Ай образының кӛркемдік қызметі жайлы А.Сапелькиннің: ―У английских и немецких романтиков луна не только выражает состояние души, но и задает его. Вид луны, характер ее появления на небе, реакция, которую она вызывает, предопределяет настроение персонажа, образ его мыслей или действий, характер ситуации, а от этого – дальнейший ход повествования или даже развитие сюжета (если речь идет не о чистой лирике)ˮ[12,18],-дегенпікіріментолықкелісугеболады.

(6)

Әлем әдебиеті мен ҧлттық сӛз ӛнерінде Ай мәңгіліктің (немесе тҧрақсыздықтың) сҧлулықтың, кіршіксіз рухани әлем мен сезім дҥниесінің, жан жҧмбақтарының ишарасы, жалған дҥниенің тірлігі мен тҥйткілдерінен ада рухани асқақтықтың, махаббаттың, мҧңның, рухани жалғыздықтың, даралықтың бейнесі ретінде кҥні бҥгінге дейін ӛнімді қолданылып келеді:

Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз[13, 19];

Шашың – қара, денең – ақ бұлт, жүзің – Ай[14, 89];

Қайғылы Ай, мен де сенің қайғыңа ортақ[14, 111];

Ҽбден толып жарық Ай, Жоғарылап ҿрледі.

Таласып жарға байқамай, Нұры кемін кҿрмеді.

Жар киесі атқан соң, Секпіл түсті бетіне.

Асылық айтып шатқан соң, Қаяу түсті шетіне[15, 208];

Мен де жалғыз,

Аспанда Ай да жалғыз[16,19].

Ай бейнесін айтылар поэтикалық ойдың қазығы ету мысалын әр ақынның шығармашылығынан табамыз десек қателеспеспіз. Біз ҧсынған мысалдарда қаламгерлердің стилдік даралығы, суреткерлік концепциясы мен ӛлең идеясына байланысты Ай бейнесінің әртҥрлі мәнімен ерекшелене суреттелгенін аңдаймыз. Бҧқарда Ай бейнесі ӛмір диалектикасының, ӛзгермеліліктің, Мағжанда сҧлулық пен тазалықтың, қайғының, Шәкәрімде махаббат мҧңының, Мҧқағалида жалғыздықтың символы ретінде ӛлең идеясын ашуға қызмет етіп тҧр. Шәкәрім ӛлеңінде Ай мен Кҥннің арасындағы араздық, Кҥннің Ай бетіне дақ салуы туралы мифтік сюжет дәлме-дәл қайталанып, бірақ жаңаша интерпретациялаған. Демек, бҧл мысалдарҧлттық поэзиямыздың дәстҥрінде Ай бейнесінің аса маңызды поэтикалық образ болғандығына кӛз жеткізеді.

Менің үнім емес бұл – Айдың үні,

Мендік ғұмыр емес бұл – Ай ғұмыры,

Бергі беті – Жалғанның күлкісі де,

Арғы беті – түнерген қайғы-мұңы...[3, 19].

Бҧл – Жанат Әскербекқызының ―Ай-тамғыˮ жинағына енген жақҧт жырлардың бірінен алынған ҥзінді. Келтірілген жыр жолдары әсершіл кӛңілдің әсіреқызыл сӛзге әуестігі болмаса керек. Біздіңше, аспан әлемінің патшайымы Ай ару мен аймаңдайлы ақын қыз болмысының егізделе суреттелуінің сәтті мысалдарының бірі. Сонымен бірге ақынның ақиқат болмысты поэтикалық тҧрғыдан қабылдау даралығы мен тӛл поэзиямыздың дәстҥр жалғастығы, қазіргі қазақ жырының эстетикалық биігін бағамдауға негіз болатын сӛз ӛнер туындыларының бірі.

Айға тән тылсым сҧлулық, кҥміс нҧр, сырлы сипаттар ―Ай жалғыз да, жҧлдыз кӛпˮ, ―Ай нҧрынан ақшыл желек бҥркеніпˮ, ―Жарты Ай жатыр ойға шомып бір ауырˮ, ―Ай кӛзінен жҧлдыз тамшы сырғысаˮ, ―Ай кӛңілі қаяулыˮ, ―Қиық Ай кӛктен қиылып қарадыˮ, ―Айға қарап тҥнімен ақ қағазға тӛктім мҧңˮ, ―Ай жылады білдің бе, айнығаның бҧл сеніңˮ, ―Ішкі дҥнием – Ай тҧтылған тҥн-әлемˮ,

―Сағынған Ай, жҧмбақ Ай, налыған Айˮ, ―Ақын жаны санамас Айды бӛтенˮ, ―Мен адаммын Айға айналған екенмінˮ, ―Аймалаған Айға қылып қҧлшылықˮ, ―Сен кҥнәһар салып кеткен Айға дақˮ (Ж.Әскербекқызы, 2014) секілді сан алуан сыр, сан қилы әсер тудыратын айшықты жолдар – адами сезім, әрекеттерді табиғатқа тели суреттеудің және адам жанының небір нәзік тҥкпірлеріне терең бойлаудың бірегей мысалдары. Осы ӛлеңдердегі Айдың толыққанды персонаж немесе айтылар ойдың қазығы сӛз-образ ретінде берілуі ойымызды дәйектей тҥседі. Ақын шығармашылығында Айдың және Тҥннің лирикалық персонаж дәрежесіне кӛтеріле суреттелуін талдау ҥшін ―Тҥнˮ атты ӛлеңін толық келтірейік. Ӛлең лирикалық кейіпкер – Тҥн және Айдың (лирикалық кейіпкер мен екі бӛлек лирикалық персонаждың) арасындағы сезімдер тартысына қҧрылады:

Кербез жарық керілмей кері қайтсын, Айтар сырын Ай саған сеніп айтсын.

Тереземнен кетеді сырт айналып

(7)

Мені қайтсін...

Аңсап жетер Ай сенің құшағыңды, Біледі ғой ынтыға құшарыңды.

Назарыңды мен жаққа салмағаның Құса қылды.

Саған адал Ай ғана, білем оны, Сенің тылсым құшағың – түнегені.

Қызғаныштан қызарып бейшара күн Мың ҿледі.

Тірлігінен пенденің түйерің кҿп, Кҿкірегіңде ғажап бір күй ҿрілмек.

Талықсимын... басымды иығыңа Сүйегім кеп...

... Аспан жұлдыз-кҿрпесін жайды жаңа, Жым-жырт ҽлем жұмбақтау жайды ұға ма.

Сенің барқыт жанарың аймалайды Айды ғана...

Мҽңгіліктің ҿлшемі – ҿзің бе едің?

Жұмбағыңа қанбайды кҿзім менің.

Ҽппақ Аймен қауышар сҽттеріңде Кҿз ілмедім...[3, 64]

Алты шумақтан тҧратын осы ӛлеңде ақын лирикалық кейіпкердің жан әлеміндегі сезім пернелері мен кӛңіл кҥй әуендерін Тҥн мен Айға кӛшіріп, кӛзге кӛрінбейтін, тек тҥйсікпен танылатын адами сырларды оқырманына суреткерлікпен жеткізе білген. Ӛлеңде Тҥн мен Ай толыққанды персонаж ретінде бой кӛрсетеді. Ӛлеңнің алғашқы шумағынан-ақ Ай адамиланып, керілу, сыр айту, сырт айналу, аңсау, тҥнеу т.б. тәрізді кербез сҧлуға (адамға) тән бҧла мінез бен сезімге ие персонаж етіп суреттеледі. Ай сипаты ―кербез жарықˮ, ―әппақ Айˮ тіркестері арқылы айқындала тҥскен. Тҥн махаббатына бӛленген Айдың ерке қылықтары мен кербез қимылдары жалғыздықтың уын ішіп, мҧң шәрбатын татқан, жанына демеу іздеген лирикалық кейіпкердің жан азабын тереңдете тҥседі. Тҥн Айға ғашық, назары Айға ғана тәуелді, соны ғана ыстық қҧшағына алуға, соған сенім артуға бейім.

Ақынның поэтикалық тҥйсігі Тҥнді де адами болмыс иесі етіп бейнелейді. Тҥн Айдың сырын тыңдап, тек соны ыстық қҧшағына алып, барқыт жанарымен аймалайды. Біздіңше, Тҥн – бір жағы лирикалық кейіпкердің нәзік те, сыршыл сезім дҥниесінің ишарасы болса, екінші жағынан, мәңгіліктің, рухани нҧрлылықтың поэтикалық бейнесі. Ақынның: ―Ішкі дүнием – Ай тұтылған түн-ҽлемˮ деген лирикалық туындысында жасалған автометафора осы ойға тиянақ бола алады. Жанаттың лирикалық кейіпкері – ақылына емес, жҥректің ырқына, сезіміне бағынуға бейім, әсершіл жан, жер бетіндегі жалған тірліктің жаршысы емес, мәңгіліктің, рухани әлемнің, табиғилықтың жыршысы.

―Талықсимын... басымды иығыңа / Сүйегім кеп...ˮ деген жолдар лирикалық қаһарман болмысының сезімге тәуелділігін дәл аңғартады. Тҥн – лирикалық кейіпкердің аңсары. Оның кӛңіл кҥйі мен ой- сезімі толықтай Тҥнге ауған. Бірақ лирикалық кейіпкердің жан қалауы Тҥн тарапынан ескерусіз қалып, оның кҥйзелісін арттырады. ―Назарыңды мен жаққа салмағаның / Құса қылдыˮ деген жолдар мен оның Тҥнге деген қызғаныш сезімін білдіретін ―Қызғаныштан қызарып бейшара күн / Мың ҿледіˮ деп Кҥнді кейіптеу арқылы лирикалық қаһарманның сезім драмасы ҥстемелене тҥседі.

Лирикалық кейіпкердің сезім кҥйі Кҥнге ауыстырылады. Келесі шумақта лирикалық кейіпкердің жан әлеміндегі қайшылық одан әрі ӛрістей тҥсіп:

Мҽңгіліктің ҿлшемі – ҿзің бе едің?

Жұмбағыңа қанбайды кҿзім менің.

Ҽппақ Аймен қауышар сҽттеріңде Кҿз ілмедім...

деген жолдармен тҥйінделіп, шарықтау шегіне жеткізіледі. Лирикалық кейіпкер ақылға бағынышты пенделік тірліктен гӛрі, азабы ауыр болса да сезім дҥниесімен бірлікті, рухани асқақтықтықалап алады. Екінші қырынан алғанда ақын танымындағы Тҥн – мәңгіліктің ӛлшемі.

Жалғандық, пенделік емес, ғарыштық аядағы кҥрделі ҧғымдардың символы. Ӛлеңдегі лирикалық қаһарман болмысынан рухани ізгілікті шарқ ҧрып іздейтін ақынның ӛз болмысы, кҥллі әлемде тек қаламымен оңаша қалатын ғажайып сәттерді аңсауы танылғандай. Аталған ӛлеңге қатысты

(8)

ойымызды тҥйіндесек, лирикалық шығарма – мәңгілік ақындық (адами) жалғыздық сарынындағы қазіргі эллегияның бірегей ҥлгісі. Адам жанының ең нәзік, ең қҧпия қабаттарына терең бойлай білген суреткерлік сҧңғылалықтың жанды мысалы. Ақын осы ӛлеңінде ата-бабаларымыздың табиғатты тірі рух иесі ретінде қабылдаған кӛне танымын ӛнерпаздықпен жалғастыра, жаңғырта келе ойды бейнелі, тҧспалды жеткізудің шебер ҥлгісін таныта білген.

Жанат Әскербекқызының кӛңіл кҥй, махаббат лирикасында Ай образы басқа да кҥрделі сипаттарымен кӛзге тҥседі. Бірде Ай – сҧлу да мҧңды әйел бейнесінде, енді бірде ӛмірден озған ақындар рухының ғарыштағы мәңгілік мекені, тағы бірде ӛлеңдегі оқиғалар (сезімдер тартысы ӛрбитін) ӛтетін хронотоп қызметін атқарады.

Сӛзімізге дәлел ретінде ақынның енді бір ӛлеңін алайық. Ӛлеңде бҥкіл ғаламда жанына жалғыз Ай ғана серік болған ақынның жалғыздық мҧңы ӛріледі. ―Періштедей сезім иесінің пенделіктен қажығанˮ жҥрегіне Ай медет береді. Ай сӛзін тыңдалық:

Ақын жаны санамас Айды бҿтен,

Мен болармын

Мҽңгілік жайлы мекен.

Ажал деген – жан үшін бостандық па,

Пенделерге тым ауыр...

Қайғылы екен...

Ақын жалғыз – Ай жалғыз. Ақын сыры – Айдың сыры, Ақын мҧңы – Ай мҧңына айналғандай:

Шҽрбат мұңым – жанымның үні дедім, Күміс кесе мұң болып тұнып едім.

Тоңазиды Ай боз сҽуле жүзін шайып, Кҿңіл күйі болмай тұр бүгін оның...

Әсершіл қиялмен Ғарыш кеңістігін кезген лирикалық кейіпкердің жалғандағы жалғыз жҧбы – Ай ғана. Ақын лирикалық кейiпкердiң кӛңiлiндегi ӛзгерiстердi, аума-тӛкпе сезiмдердi ару Айдың кӛркiмен шарпыстыра отырып, Айға кӛшіреді, кейде табиғатты жандандырып, кейiптейдi. Аймен сырласады, Айға мҧң шағады:

Жалаңаяқ жұлдыз кештім, жұбым – Ай, Маңдайымнан ғарыш желі ҿбеді.

Ту сыртымда тұрған кҿздің сұғын-ай, Қабырғамды қақыратып сҿгеді...

немесе:

Жарты Ай жатыр ойға шомып бір ауыр, Кеудесіне жарым кҿңіл жаным бар.

Тазарайын, тірліктегі күнҽ ауыр,

Шолпан туар, ар жағында таңым бар...[3, 114].

Жанаттың ӛлеңдерiнде Айға қатысты эпитет, метафора, меңзеу, тҧспалдау және психологиялық егiздеу тәсiлдерінiң сан тҥрлi қыры бар. Ақын Айды бейнелеу барысында сҧлу қыз болмысын сипаттайтын эпитеттерді таңдап пайдаланады: періште Ай, жүзіне мұңтұнған Ай, керім Ай, тҽкаппар Ай т.б.Эпитеттер Айды жанды рух деп қабылдаған анимистік танымнан алшақтамайды. Ай дидарына адамның мiнез-қҧлқын, қуаныш-мҧңын ауыстыра бейнелейтін айқындаулар айтылар ойдың кҥрделеніп, шебер кейiптеулер жасауға ҧласады. Ал авторлық кейiптеулер лирикалық қаһарманның жан-дҥниесімен бірігіп, тҧтаса келе психологиялық егiздеулер туындатады. Ақынның ―Білмеймін Тҥннің кҥткенін кімдіˮ, ―Отауымның тҧсына кідірді тҥнˮ, ―Ішкі дҥнием – Ай тҧтылған тҥн-әлемˮ,

―Тҥн – мҧхит, жҥзеді сезімімˮ т.б ӛлеңдерi осы пікірімізге дәлел бола алады.

Біз қарастырған ӛлеңдерде ҥмiт, арман, мҧң,ӛкініш, сағынышсынды сезiмдер гаммасы Айға қатыстырылып, нәзiк ишаратпен, сырлы астармен жеткiзіледi:

Алты құсқа айналған Алты қыздың зарын-ай!

Қара жерден қайғы алған

Жарым кҿңіл налыды Ай... (айқындау, кейіптеу);

Тоңазиды Ай боз сҽуле жүзін шайып,

Кҿңіл күйі болмай тұр бүгін оның (кейіптеу);

(9)

Ай ыңырсып, соңғы ҽніндей тҿгер мұң (кейіптеу);

Ай ұмсынды, маған жақын келем деп (кейіптеу);

Жерде – Ҿзім, аспанда –Ай, Күрсіндірген кҿк түнді.

Кҿзімізде жас қалмай,

Жоқтап тұрмыз жоқ күнді (психологиялық егіздеу).

Беймаза шақтарда сананы билеген ойлар мен кереғар сезімдерді кӛзбен кӛру мҥмкін емес, ол ақынның сезгір кӛңілі, нәзік тҥйсігімен сезіледі. Оны сӛзбен суреттеп беру ақынның ақынының қолынан келетін, ―қиуадан шауып, қисынын табаˮ айтуды қажет ететін сӛз зергеріне тән іс. Тҥннің сезім бейнесінде лирикалық кейіпкер жанымен егіз екеніне Жанат Әскербекқызының ―Тілін тістеп, ыңыранып шындығыˮ, ―Бір кебісімді тҥн алып қалдыˮ, ―Ай жатыр, жылжымайдыˮ, ―Ішкі дҥнием – Ай тҧтылған тҥн-әлемˮ, ―Жалғыз Жҧлдыз кӛгімненˮ, ―Кӛтеріп ап мҧң кӛзеніˮ т.б. ӛлеңдерін оқығанда кӛз жеткіземіз.

―Ақынның жан сарайы, болмыс-бітімі, философиялық, эстетикалық кҿзқарасы, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктері поээия тіліне айнымай кҿшедіˮ, - деген Серік Негимов тҧжырымы ойға оралады[17, 99].

Қорытынды. Сӛзімізді тҥйіндесек, Ж. Әскербекқызының ―Ай-тамғыˮ жинағы – Ай нҧрына оранған Ару-әйел жанының ең бір нәзік ҥндерінен сыр ҧғып, оқырманын жыр-бесігінде тербеген, қазақ поэзиясына тың серпін, жаңаша ізденіс әкелген рухани олжа, әрі бекзат ӛнердің бҥгінгі биігі мен кӛркемдік ӛресін танытар нағыз интеллектуалдық поэзия, ақындық мәдениеттің озық ҥлгісі.Оның ӛлеңдердегі ерекше мінез, тосын поэтикалық қҧбылыстар, болмысы бӛлек лирикалық кейіпкерлер мен персонаждар ақынның дара дҥниетанымы мен эстетикалық ойлау оқшаулығынан туған. Жанат ақынның ӛлеңдерінде ата-бабаларымыздың анимистік дҥниетанымы эстетикалық талғам таразысына тҥсіп, кейіпкердің ішкі әлемі һәм табиғат заңдылығын, ӛмірдің сан тарау сауалдарын асқан нәзіктікпен бейнелеудің, шынайы ӛнерпаздықтың, биік талғампаздықтың кӛркем кӛріністері ретінде танылады.

Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:

1

Қазақ. Редакция алқасы: Қасымжанов А. (бас редактор), Нҽрікбаев К., Сҽбденов К., Садықов Т., Қасабеков А., Алпысбаев Қ. (жауапты хатшы) т.б. – Алматы: Білім, 1994. – 176 бет. - кітап

2

Кекілбайұлы Ҽ. Алғы сҿз //Ж. Ҽскербекқызы. Кҿркемдік ҿріс. – Алматы: Таймас баспа үйі, 2008. – 296 бет.- кітап

3

Ҽлиақбар Ҽ. Поэзия мен ғылымның телқоңыры // Ж. Ҽскербекқызы. Ай-тамғы. Ҿлеңдер. – Астана: Профи Медиа, 2014. – 240 бет.- кітап

4

Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. 4 кітап. Бірінші кітап. – Алматы: Дайк -Пресс, 2004.

– 504 бет.- кітап

5

Сейдімбек А. Қазақ ҽлемі. Этномҽдени пайымдау. – Алматы, Санат, 1997. – 464 бет.- кітап

6

Қара ҿлең. Құрастырған Оразақын Асқар. – Алматы: Жалын, 1997. 636 бет.- кітап

7

Афанасьев А.Н. Поэтические воззрения славян на природу. – М., 1865-1969. Т.1-3. - кітап

8

Марғұлан Ҽ. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 бет. - кітап

9

Сафо //Античная лирика. Библиотека всемирной литературы (БВЛ). – М.: Худож. лит. 1968.

Т.4. 624 с.-книга

10. Шекспир У. «Ромео и Джульетта». Трагедия. ПереводБ.Пастернака. – 1990.

http://www.romeo-juliet-club.ru/shakespeare/romeojuliet_pasternak1.html.лектронный ресурс 11. Shelley P. B. The complete poetical works of Percy Bysshe Shelley. Boston – New York – Chicago – Dallas – San-Francisco: Houghton Mifflin Co., [1901]. 651 p.-книга

12 Сапелькин А.Образ Луны в романтической поэзии: две тенденции в рамках одного жанра //Вестник Пермского университета. - 2013, № 2 (22)- С.103-111.-книга

13 Бұқар. Ай, Абылай, Абылай. Жыр-т:олғаулар. – Алматы: Жалын, 1992. – 94 бет.- кітап 14 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448 бет.- кітап

15 Құдайбердіұлы Ш. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Ҿлеңдер мен дастандар. – Алматы:

Ел-шежіре, 2008. – 480 бет.- кітап

16 Мақатаев М. Үш томдық шығармалар жинағы.Т 3. Ҿлеңдер мен поэмалар.– Алматы:

Жазушы, 1993. – 344 бет.- кітап

17 Негимов С.Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы, 1999. – 280б. – кітап

(10)

References:

1. Qazaq. Redaksia alqasy: Qasymjanov A. (bas redaktor), Närıkbaev K., Säbdenov K., Sadyqov T., Qasabekov A., Alpysbaev Q. (jauapty hatĢy) t.b. – Almaty: Bılım, 1994. – 176 bet. - kıtap

2. Kekılbaiūly Ä. Alğy söz //J. Äskerbekqyzy. Körkemdık örıs. – Almaty: Taimas baspa üiı, 2008. – 296 bet.- kıtap

3. Äliaqbar Ä. Poezia men ğylymnyñ telqoñyry // J. Äskerbekqyzy. Ai-tamğy. Öleñder. – Astana: Profi Media, 2014. – 240 bet.- kıtap

4. Qondybai S. Arğy qazaq mifologiasy. 4 kıtap. BırınĢı kıtap. – Almaty: Daik -Pres, 2004. – 504 bet.- kıtap

5. Seidımbek A. Qazaq älemı. Etnomädeni paiymdau. – Almaty, Sanat, 1997. – 464 bet.- kıtap 6. Qara öleñ. Qūrastyrğan Orazaqyn Asqar. – Almaty: Jalyn, 1997. 636 bet.- kıtap

7. Afanasev A.N. Poeticheskie vozzrenia slavän na prirodu. – M., 1865-1969. T.1-3. - kıtap 8. Marğūlan Ä. Ejelgı jyr, añyzdar. – Almaty: JazuĢy, 1985. – 368 bet. - kıtap

9. Safo //Antichnaia lirika. Biblioteka vsemirnoi literatury (BVL). – M.: Hudoj. lit. 1968. T.4. 624 s.- kniga

10. ġekspir U. «Romeo i Juletta». Tragedia. PerevodB.Pasternaka. – 1990. http://www.romeo-juliet- club.ru/shakespeare/romeojuliet_pasternak1.html.-elektronnyi resurs

11. Shelley P. B. The complete poetical works of Percy Bysshe Shelley. Boston – New York – Chicago – Dallas – San-Francisco: Houghton Mifflin Co., [1901]. 651 p.-kniga

12. Sapelkin A.Obraz Luny v romanticheskoi poezii: dve tendensii v ramkah odnogo janra //Vestnik Permskogo universiteta. - 2013, № 2 (22)- S.103-111.-kniga

13. Būqar. Ai, Abylai, Abylai. Jyr-t:olğaular. – Almaty: Jalyn, 1992. – 94 bet.- kıtap 14. Jūmabaev M. ġyğarmalary. – Almaty: JazuĢy, 1989. – 448 bet.- kıtap

15. Qūdaiberdıūly ġ. Ekı tomdyq Ģyğarmalar jinağy. T.1. Öleñder men dastandar. – Almaty: El-Ģejıre, 2008. – 480 bet.- kıtap

16. Maqataev M. ÜĢ tomdyq Ģyğarmalar jinağy.T 3. Öleñder men poemalar.– Almaty: JazuĢy, 1993. – 344 bet.- kıtap

17. Negimov S.Aqyn-jyraular poeziasynyñ beinelılıgı. – Almaty, 1999. – 280b. - kıtap

МРНТИ 17.71.07

https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.74

ШегебаевА., 1 Қырғызбаева А., 2

ХалидуллаеваГ. 3

1,2,3Ҽл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,

Алматы, Қазақстан

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҦДАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТҦРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Аңдатпа

Бҧл мақалада қазақтың қҧдалық салтына қатысты тҧрмыс-салт ӛлеңдерінің этнографиялық табиғаты талданды. Адамзат баласының даму жолдарындағы отбасы мен некенің даму тарихына негізделген зерттеулер жҥргізілді. Қазақ қоғамындағы отбасын қҧрудың әлеуметтік, қоғамдық мәні ашылып, неке қҧруға қатысты салт-дәстҥрлердің пайда болуы мен даму сатыларына сәйкес, қҧдалықтың семантикасы жан-жақты, жҥйелі тҥрде ашылды. Ежелгі заманнан кҥні бҥгінге дейін жеткен қҧдалық рәсімдерінің халықтың тҧрмыс-тіршілігімен ӛзектес жатқан қырлары қарастырылды.

Қазақтың қҧда тҥсу салтындағы «қан шығару арқылы» қҧдаласып серттесу, «қҧйрық-бауыр тарту»

секілді кӛнеден келе жатқан рәсімдердің мәні ашылып, жаушы жіберу, жасау беру, қалыңмал тӛлеу, ӛлі-тірі беру, ҧрын келу сияқты әдет-жоралғылардың қҧдалықтағы орны мен орындалу тәртібі, мағынасы қарастырылды. Қҧдалыққа қатысты жасалатын әрбір ырымның танымдық, тағылымдық сипаты сараланды. Сонымен бірге бҧл дәстҥрлердің бҥгінгі заманғы жаңғыру, ӛзгеру жағдайларын салыстыру, талдау нәтиежесіндегі тҧжырымдар тҥйінделді.

Тҥйін сӛздер: неке, экзогамдық неке, урбандалу, шеге шапан, жаушы, анттасу

Referensi

Dokumen terkait

Nefagina Poland, master's Degree, Professor Nonako Susumu Japan, doctor of pedagogical sciences, professor A.Muratov Kyrgyzstan, doctor of philology Sema Aslan Demir Turkey,