• Tidak ada hasil yang ditemukan

Просмотр «ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ГАРМОНИЯ ПОЭТИКИ ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕАЛЬНОСТИ» | Вестник Серия «Филологические науки»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan " Просмотр «ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ГАРМОНИЯ ПОЭТИКИ ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕАЛЬНОСТИ» | Вестник Серия «Филологические науки» "

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Сұр құлын жоқ алдында Жалбыраған жабағы:

Томпиды аузы Ҽлжанның Салбырады қабағы.

Бала қылығына құрылған ҿлеңнің тамаша бір үлгісі емес пе бұл ҿлең?!

Қорытынды.Сонымен, ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар поэзиясындағы Абай, Ыбырай дҽстүрлері біріншіден, идеялық сабақтастықтан, екіншіден, тақырыптық үндестіктен, үшіншіден, бейнелеу құралдары мен кҿркемдік ҽдіс-тҽсілдерді қолдану жағдайынан байқалды. Халық тағдыры жеке бастарының қайғы-шеріне айналған ақындар шығармашылығында ағартушылық идея терең қойылды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардың ағартушылық идеялары, ҽсіресе, олардың балаларға арналған ҿлеңдерінен айқын кҿрінді. Халық тағдыры, халықтың қиын- қыстау тірлігінің шешімі, ҽсіресе, жас ұрпақ қамы оқу-ағарту ісімен тікелей байланысты болғандықтан, ғасыр басындағы қазақ балалар поэзиясында ҿнер-білім, оқу тақырыбы маңызды орын алды. Ілгерідегі, яғни ауыз ҽдебиеті мен Абай, Ыбырай шығармаларындағы кҿркемдеу құралдары, суреттеу, бейнелеу ҽдіс-тҽсілдері ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар поэзиясында ҿзіндік ерекшеліктері сақтала жҽне жаңаша түрлендіріле қолданылды.

Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:

1 Тілешев Е. Суреткер жҽне кҿркемдік ҽдіс. –Алматы, Арқас, 2005.

2 Ҽбдиманұлы Ҿ. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ ҽдебиеті. –Алматы, Қазақ университеті, 2002.

3 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-Алматы, Жазушы, 1988.

4 Қирабаев С. Шындық жҽне шығарма. –Алматы, Жалын, 1981.

References:

1 TıleĢev E. Suretker jäne körkemdık ädıs. –Almaty, Arqas, 2005.

2 Äbdimanūly Ö. HH ğasyr bas kezındegı qazaq ädebietı. –Almaty, Qazaq universitetı, 2002.

3 Altynsarin Y. Taza būlaq.-Almaty, JazuĢy, 1988.

Qirabaev S. ġyndyq jäne Ģyğarma. –Almaty, Jalyn, 1981.

МРНТИ 17.82.10

Саметова Ж.Ш., 1 Айтимов М.К. 2

1 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

2Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан

ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПОЭТИКАСЫНЫҢ КҾРКЕМДІК ҤНДЕСТІГІ Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозаларының мазмұны мен пішіні поэтикасына жаңа жазба реалистік ҽдебиет үлгілерінің (хакім Абай, Ы. Алтынсарин, т.б. шығармалары) классикалық кҿркемдік негіз болғандығы баяндалады. Қазақ прозасының Шоқан, Ыбырай, Абай қалыптастырған үлгілері жҽне одан кейінгі даму кезеңдеріндегі шығармалар – ұлттық рухани құндылықтар.Сондай - ақ қазақ прозасындағы роман жанрының ҽлем ҽдебиетіндегі үлгілермен тектесе дамуына ықпал еткен ХХ ғасырдың басындағы ҽдеби үдеріс пен жеке қаламгерлер туралы байыптаулар жасалды.Тҽуелсіздік жылдарындағы қазақ романдарының біразы XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басында жарыққа шықты. Қазақстан атты ежелгі тарихының жаңа кезеңіне кҿшкен, байырғы жолы бұған дейінгі талай мыңжылдықтардан басталған, қалыптасқан мемлекетіміздің, қазақ ұлтының кҿркем ҽдебиеттегі бейнеленуі сҿз арқауындағы дҽстүрлі шығармашылық үрдіс аясында қарастырылады.

Тҥйін сҿздер: дҽстүр, шығармашылық үрдіс,тарихи тұлғалар ҽлемдік ҿркениет, ұлттық сҿз ҿнері

(2)

Sametova Z.,1 Aitimov M. 2

1Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan

2Korkyt ata Kyzylorda state University, Kyzylorda, Kazakhstan

ARTISTIC HARMONY OF THE POETICS OF HISTORICAL TRUTH

Аbstract

This article States that the classic artistic basis of modern Kazakh prose, which influenced its content and form, were the works of new written realistic literature ( works of Abay, Y. Altynsarina et al.). Images of Kazakh prose created by Shokan, Ibrai, Abai and works written at the subsequent stages of the development of Kazakh literature are national spiritual values. It also examines the literary process of the early twentieth century and the work of individual writers who contributed to the development of the novel genre in Kazakh prose along with examples of world literature. A large number of Kazakh novels created during the period of independence were published in the 90s of the XX century and the beginning of the XXI century. The article examines how the centuries-old history of the Kazakh people, the history of the Kazakh state from ancient times to the present day is depicted in fiction within the framework of the traditional creative process.

Keywords: tradition, creative process, historical figures, world civilization, national art of speech Саметова Ж.Ш.,1 Айтимов М.К. 2

1Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан

2Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Кызылорда,Казахстан

ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ГАРМОНИЯ ПОЭТИКИ ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕАЛЬНОСТИ Аннотация

В данной статье говорится, что классической художественной основой современной казахской прозы, оказавшей влияние на еѐ содержание и форму, явились произведения новой письменной реалистической литературы ( произведения Абая, Ы.Алтынсарина и др.).Образы казахской прозы, созданные Шоканом, Ибраем, Абаем и произведения, написанные на последующих этапах развития казахской литературы, – национальные духовные ценности. Также рассматривается литературный процесс начала ХХ века и творчество отдельных писателей , способствовавших развитию жанра романа в казахской прозе наравне с образцами мировой литературы. Большое количество казахских романов, созданных в период независимости, были изданы в 90-е годы XX века и начале XXI века. В статье рассматривается, как в художественной литературе в рамках традиционного творческого процесса изображается многовековая история казахского народа, история казахского государства с древних времен до наших дней.

Ключевые слова: традиция, творческий процесс, исторические личности, мировая цивилизация, национальное искусство слова

Кіріспе.Қазіргі қазақ романдарындағы ҿмір шындығы бейнеленуінің негіздері халық ҽдебиеті үлгілерінен бастау алады. Қазақтың халық ҽдебиетінде ғасырлар бойы қалыптасқан еңбек, шаруашылық кҽсіп түрлері, тұрмыс-салт, ҽдет-ғұрып дҽстүрлері, қоғамдық-ҽлеуметтік, қарым- қатынастар жүйесі, т.б. сан алуан мҽселелер қамтылады. Қазақ сҿз ҿнеріндегі кҽсіби жазбаша ҽдебиеттің кҿркемдік негізгі болған халықтық сҿз ҿнері мұралары да ҿмір шындығы құбылыстарын қамтуымен ұрпақтардың кҿркемдік ойлау дүниетанымын қалыптастырды.Қазақ прозасының ҽуелгі қалыптасу жолындағы үлгілерінен бастап, ХХ ғасырдағы классикалық роман жанры деңгейіндегі дамуы деңгейіне дейінгі шығармалардың барлығында да ҿмір шындығын кҿркемдік жинақтаумен, бейнелеумен жазу үрдісінің біртіндеп жетіле жалғасқанын аңғарамыз.

(3)

Қазақ ҽдебиетіндегі шежірелік шығармалар тарихи деректерді баяндау мен кҿркем ҽдебиет бейнелеулері тұтасуы жолын қалыптастырған мұралар болып саналады. Авторларының кҿзімен кҿрген оқиғаларын кҿркемдік талғаммен сұрыптап, іріктеп жазуы арқылы уақыт шындығын жазбаша жүйелеудегі қаламгерлік мҽдениет үрдісіне де негіз қаланды. Шежірелік туындылардың құрылысындағы елдің, ондағы кҿрнекті оқиғалардың қамтылуында туынды авторларының мемлекет қайраткері тұғырындағы тұлғалық танымалдығы да елеулі болды. Қазақ ҽдебиетіндегі тарихи шындықпен кең кҿлемді кҿркем туындылар жазу үрдісінде шежірелік шығармалар авторларының қайраткерлік, қаламгерлік орындары да сҿз ҿнері тарихындағы маңыздылығымен ерекшеленеді.

Нҽтижелер мен талқылау.ХІХ ғасырдағы қазақ ҽдебиетіндегі жаңа жазба реалистік ҽдебиет шығармалары да кҿркем ҽдебиетіміздегі тарихилықты жаңаша қалыптастыруда маңызды орын алды.

Хакім Абайдың эпикалық дастандарында, қара сҿздерінде [1,71] ҿмір шындығы деректері, тарихи тұлғалар тағылымының кҿркем шындықпен ҿрнектелуі ҽдеби сипатпен ҿрнектелді.

Шоқан Уҽлихановтың ғылыми-этнографиялық очерктері [2]ҽдеби-тарихи сипатымен ұлттық жҽне жалпыадамзаттық рухани мұралар қатарына қосылды. Шоқан шығармалары ғылыми жазбаларды ҽдеби-тарихи ерекшеліктер тұтастығымен жазудың ҽлемдік классикалық дҽстүріне сҽйкес қазақ топырағында дамытудың іргетасын қалады.

Ал, Ыбырайдың прозалық туындылары [3,93] эпостық ҽдеби тек жанрларына ортақ реалистік шығармашылыққа жол ашты.Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелері – қазақ ҽдебиетіндегі жазбаша прозалық шығарма жазу үрдісі жолындағы жаңа жазба реалистік ҽдебиет үлгілері болып саналады.

Қазақ ҽдебиеттануы ғылымы игерген жетістіктер арқылы ұлттық ҽдебиетіміздегі прозалық шығармалар пайда болған алғашқы үлгілеріне бағалаулар жасалғаны мҽлім. Қазақ ҽдебиетінің ежелгі дҽуіріндегі жҽне одан кейінгі ғасырларындағы кҿрнекті шығармашылық тұлғалардың туындыларын қазақ жазба прозасының үлгілері қатарында қарастырған кҿрнекті ҽдебиеттанушы-зерттеушілеріміз профессорлар Ҽ.Қоңыратбаевтың, Б.Кенжебаевтың, X.Сүйіншҽлиевтің ғылыми деректі тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Профессор X. Сүйіншҽлиев қазақ ҽдебиетінің ежелгі дҽуіріндегі Ҽбу Нҽсір ҽл-Фарабидың, Захир ад-дин Бабырдың, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың еңбектерін, хан-сұлтандардың, елшілердің жазысқан хаттарын, шешен- билер сҿздерін де прозалық шығармалардың алғашқы үлгілері қатарында қарастыруды ұсынады.

Зерттеуші қазақ прозасының ҽуелгі бастау кезеңіндегі мұраларын айта отырып, Шоқан, Ыбырай, Абай ҿмір сүрген ғасырдағы осы дҽстүрлі дамудың жалғастығына баға берген. «Түркістан уалаяты»

(1870), ―Дала уалаяты‖ газеттері мен ―Айқап‖ журналының беттерінде жарияланған мұралардың, шығармалардың қазақ ҽдебиеті жанрларының, оның ішінде прозалық шығармалардың мол жазыла бастауына себеп болғанын бағалайды. Ыбырайдың ―Қазақ хрестоматиясы‖ оқу құралының жарыққа шығуы да ұлттық ҽдебиеттегі поэзия, проза жанрлары шығармаларының халыққа танымал болып ҿркендеуіне кең жол ашқанын айтады:

―Аталған басылымдар қазақ прозасына айқара есік ашқан ерекше құбылыс, ол прогрессивтік маңызымен танылды. Қазақтың тҿл баспасҿзі кең тарауға жолдама алды... Газет бетінде поэзия мен шағын ҽңгіме, новелла, оқшау сҿздер кҿптеп басылып жатты. Ҽсіресе ―Дала уалаятының газеті‖

прозаның шағын түрлеріне кең жол ашты. Деректі мақала, очерк, шағын қара сҿздер, аудармалар, түрлі таныстырулар, сын-сықақ үздіксіз басылып тұрды. Ал, ―Айқап‖ журналы болса ҿзінің алдындағы тек жоғарыда ―Дала уалаятының‖ бастамаларын жалғастырып қана қойған жоқ, соларға қоса кҿлемді кҿркем туындыларды, повесть, романдарды жариялап, қазақтың мол кҿркем прозасының кҿкжиегі кеңістігін паш етті. Осылайша қазақтың ұлттық прозасы жаңа қарқынмен ҿзінің ҿсу, ҿрлеу кезеңін бастады...‖[4,10].

Қазіргі қазақ прозасының кҿркемдік негізі – сҿз арқауында айтылған ҽдеби-мҽдени мұралар.

Ҽсіресе, Ыбырай Алтынсаринның ―Қазақхрестоматиясы‖[5,83]оқу құралындағы ҽңгімелерінің қазіргі қазақ прозасының дамуына елеулі түрде кҿркемдік-эстетикалық тағылым болғаны ақиқат.Оқу құралындағы ҽңгімелер екі бҿлімге топтастырылған: ―1. Ұсақ ҽңгіме – ертегілер (Балалар турасында)‖ бҿліміндегі ҽңгімелер кҿркем ҽдебиеттің адамгершілік-имандылық тҽлім-тҽрбиесі қызметін атқаратын құдіретін дҽлелдеген. Ҽңгімелердің жазылу стилінде қаламгердің ҿзіндік шығармашылық-педагогикалық шешім қолданғанын байқаймыз. Жазушының ҿзіндік мақсатына орай ҽңгімелер бірнеше салаға жіктеле айқындалған:

біріншісі – тарихи тұлғалар мен аңыздық, ертегілік оқиғаларға негізделе жазылған ҽңгімелері.

Мысалы: ―Сатемір хан‖, ―Абылай хан‖, ―Талаптың пайдасы‖,―Ізбасты‖, ―Қара батыр‖, ―Байұлы‖,

―Жҽнібек батыр‖; екіншісі – дҽстүрлі фольклор мен ҽдебиет шығармаларындағы мысал, мысалдама

(4)

үлгісіне сҽйкес ҽңгімелері. Мысалы: ―Ҿрмекші, құмырсқа, қарлығаш‖, ―Асыл шҿп‖, ―Бақша ағаштары‖, ―Бір уыс мақта‖, ―Полкан деген ит‖, ―Тышқанның ҿсиеті‖, ―Түлкі мен ешкі‖, ―Қарға мен құрт‖, ―Сауысқан мен қарға‖, ―Жануарлардың дауласқаны‖; үшіншісі – ҿмір шындығы оқиғаларын дидактикалық тұрғыда пайымдайтын педагогикалық-психологиялық түйінді ҽңгімелері. Мысалы:

―Ҽке мен бала‖, ―Шеше мен бала‖, ―Аурудан аяған күштірек‖, ―Мейірімді бала‖, ―Бай баласы мен жарлы баласы‖, ―Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары‖.

Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелері қазақ прозасының кейінгі дамуына зор ықпал жасады. Оның ең басты кҿрсеткіші – жазылған прозалық шығармалардың нақты оқырмандарына арналғаны.

Ыбырай Алтынсариннің нақты окырмандары – балалар жҽне олардың ата-аналары, ересектер.Кҿркем ҽдебиет туындыларының халықтық сипат алып мҽңгілік сақталатынының кепілі – сол шығармаларды жан жүйесімен қабылдаған, сол қабылдау сезімін ұрпақта-ұрпаққа жалғастыратын мҽңгілік оқырмандарының болуы. Мҽңгілік оқырмандарының ғасырлар бойы үздіксіз жалғасатынының себебі – халықтық қабылдауға ие болған туындылардағы мҽңгілік бейнелердің сомдалуы. Бұл орайда, қазіргі ҽдебиеттану ғылымындағы теориялық қисындардың уҽжділігіне назар аударамыз.

Ҽдебиеттанушы – ғалым М.Базарбаев уақыт пен кеңістіктегі мҽңгілік бейнелері бар кҿркем шығармалардың кҿркемдік-эстетикалық тағылымына ғылыми баға берген:

―Мҽңгілік бейнелер – белгілі бір заманда қоғамдық ортада қалыптасқан мінез-ерекшелігі бар, сонымен бірге бойынан жалпыадамзатқа тҽн сипат-қасиеттер де айқын танылатын, типтік тұлға дҽрежесіне кҿтерілген ҽдеби бейнелер. Олар адамгершілік пен ҽділетсіздік, махаббат, зұлымдық, қызғаныш секілді жағымды жҽне жағымсыз мінез, іс-ҽрекеттер арасындағы қайшылықты, тартысты кҿрсетеді. Ғасырдан ғасыр ауысып, заман ҿзгерсе де мұндай бейнелер ҿзінің танымдық, тҽрбиелік мҽнін жоғалтпайды‖[6,138].

Шынында, Ы.Алтынсарин ҽңгімелеріндегі кейіпкерлердің барлығы да ҿмір шындығының жағымды жҽне жағымсыз жақтарын танытқыш қуатымен ҽсерлі. Балалардың қабылдау, ойлау, түйіндеу сынды жас ерекшеліктеріпсихологиясына орай жазылған ҽңгімелердің кейіпкерлері жас оқырмандардың жадында сақталады, кейін солардың ҿздерінің ұрпақтарына да ұсынатын ұлағат кҿзіне айналады. Ал, балалардың Ыбырай шығармаларынан алған ҽсерленуін олардың ата- аналарының да аса ықыласпен, қуана, тебірене бағалайтыны ҽрине, анық. Сҿйтіп, балаларымен бірге ата-аналары да тұрақты оқырманға айналады. Осылайша, шебер жазылған кҿркем шығармалардағы мҽңгілік бейнелердің оқырмандары қалыптасады. Қазіргі қазақ прозасындағы ҽңгімелер, повестер, романдар да Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мақсатымен жазылған ҽңгімелерінің кҿркемдік- эстетикалық ұлағатынан тағылым алған даму жолын жалғастырып келеді. Ең басты ұлағат – шығармалардағы халықтық сипат. Кҿркем прозалық шығармалардағы тақырып пен идея, сюжет пен композиция, стиль, тіл мҽселелерінің барлығы шығармашылық мҽнер-машықпен жазылғанда олардың халықтық-оқырмандық қабылдауға ие болуына қол жеткізу – басты мұрат.

Қазіргі қазақ прозасындагы 3ейнолла Шүкіровтің ―Сыр бойы‖, Қажығұмыр Шабданұлының

―Қылмыс‘, Дүкенбай Досжановтың ―Ақ орда‖, Рамазан Тоқтаровтың ―Абайдың жұмбағы‖, Мұхтар Мағауиннің ―Мен‖, Бекежан Тілегеновтің ―Тұйық ҿмірдің құпиясы‖, Сұмағұл Елубаевтің ―Ақ боз үй‖

романдарындағы тарихи шындық жҽне кҿркемдік шешім мҽселелері де ұлттық сҿз ҿнері тарихындағы қалыптасқан шығармашылық дҽстүр жолымен сабақтасады.

Қазақ прозасының Шоқан, Ыбырай, Абай қалыптастырған үлгілері жҽне одан кейінгі даму кезеңдеріндегі шығармалар – ұлттық рухани құндылықтар. Қазіргі қазақ прозасы шығармалары, оның ішінде романдар халық тарихының тағылымын, жеке қайраткер тұлғалардың адамгершілік- имандылық тұнған қасиеттерін ұрпақтардың санасына сіңіруді кҿздейді. Бұл – ұлттық ҽдебиетіміздің ғасырлар бойы қалыптасқан – классикалық үрдісінің кҿрсеткіші.

Реалистік ҽдебиет дамуы жолындағы, қазіргі қазақ прозасы шығармаларының, оның ішінде романдарының тарихи шындықпен, кҿркемдік шешіммен жазылуында Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелері үнемі ҿнегелі сипатымен ерекшеленеді. Тҽуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы жолында қазақ сҿз ҿнерінің кҿркемдік сабақтастығындағы осындай эстетикалық ұлағаты мҽңгілік жалғаса береді.

Кҿркем шығарма –халық тұрмысының айнасы. Кҿркем шығармалардағы ҽртүрлі жастағы адамдардың кейіпкерлер болып бейнеленуі арқылы халықтың тұрмыстық-ҽлеуметтік ортасының шындығы айқындалады.

Қазақтың жазба прозалық шығармаларының кҿркем үлгілерін жазған Ыбырай Алтынсариннің

―Қазақ хрестоматиясы‖ кітабындағы ―ІІ. Үлкен кісілер турасындағы ҽңгімелер‖ атты бҿлімдегі

(5)

шығармалар ағартушы қаламгердің педагогикалық мақсатына орай жазылғанын аңғартады. Педагог- жазушының осы бҿлімдегі ҽңгімелерінің бірнеше салаға жіктеле жазылғанын аңғарамыз: біріншісі – тарихи шындық негізіндегі тұлғалар мен қоршаған ҽлеуметтік орта қарым- қатынастары туралы ҽңгімелері (―Лұқпан ҽкім‖, ―Зеректік‖, ―Силинчи деген ханым‖, ―Дүние қалай етсең табылады‖,

―Қыпшақ Сейітқұл‖, ―Қанағат‖, ―Петр патшаның тергелгені‖, ―Жомарт‖, ―Тҽкап-паршылық‖, ―Киіз үй мен ағаш үй‖, ―Данышпан қазы‖, ―Үнді‖, ―Жиренше шешен; екіншісі – ҿмір шындығын авторлық кҿркемдік шешім мен халықтың адамгершілік-имандылық дүниетанымы аясында жинақтап жазған ҽңгімелері (―Ғалым кісі‖, ―Малды пайдаға жарату‖, ―Білгеннің пайдасы‖, ―Таза бұлақ‖, ―Ҽдеп‖,

―Мұңсыз адам‖, ―Ҽділдік‖, ―Мұжық пен жасауыл‖, ―Сараңдық пен жинақылық‖, ―Салақтық‖,

―Ақымақ дос‖, ―Жаман жолдас‖, ―Айуанның естісі кҿп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ‖, ―Ҿтіріктің залалы‖, ―Надандық‖, ―Жамандыққа жақсылық‖, ―Үш ұры‖). Ересектер туралы жазылған кҿркем шығармалар балалардың ҿздерін қоршаған тұрмыстың, тіршіліктің күрделі болмысын түсінулеріне бағдар береді. Туындылардағы ересек адамдар арасындағы ҿзара қарым-қатынастардың ҽрі үндес, ҽрі қарама-қайшылықты ерекшеліктері жас оқырмандардың психологиясына ықпал етеді. Тұрмыстағы ҽртүрлі қасиеттердің, құбылыстардың ҿзара ықпалдасуы, ҽрекеттесуі салдарынан болатын жағымды жҽне жағымсыз құбылыстардың нҽтижелерін оқырмандар түсінеді, жан-жүйесімен сезінеді.

Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелеріндегі тарихи тұлғалардың (Лұқпан хҽкім, Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, ағылшын оқымыстысы- ҿнертапқышы Броун, Америка оқымыстысы Вениамин Франклин, Қыпшақ Сейітқұл, I Петр патша) ҿнегелі істері арқылы кейінгі жас толқынның асыл сапалы қасиетті, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету кҿзделгені ақиқат. Ал, екінші топтағы ҽңгімелерінде жеке адам мен оны қоршаған ҽлеуметтік ортаның жағымды жҽне жағымсыз қасиеттерін салыстыра, шендестіре бейнелеулер арқылы да адамгершілік-имандылық ұлағатын ұқтыру мақсат етілген. Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелері қазақ прозасындағы шығармалардың мазмұны мен пішіні жүйесіндегі кҿркемдік сипаттың қалыптасуы үшін маңызды болып саналады.

Себебі, прозалық шығармалардың шағыны (ҽңгіме) да, орта (повесть), кең кҿлемдісі (роман) де тарихи шындықпен жазылады, ҽрқайсысынан жазушының ҿзіндік кҿркемдік шешімі танылады.

Академик З. Қабдолов былай дейді: ―Кең кҿлемді ... эпостың бұл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, ҽдеби шығармаларға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жинақтайды. Адам мен қоғам ҿмірінің қандай ақиқаты болсын, мұнда бүкіл тамыр тереңімен, қопарыла кҿрсетіледі де, оқырманның кҿз алдында ҿзгеше бір ҽлем, бүтін бір тіршілік дүниесі пайда болады‖(З.Қабдолов,1983).Осы пікірге сүйене отырып, қазіргі қазақ романдары поэтикасының болмысын бағдарлаймыз, оларға негіз болған академик З.Қабдолов айтқандай: ―Абай Құнанбаевтың ғақлиясы мен Ыбырай Алтынсариннің ҽңгімелері...‖[7,313]

екендігіне назар аударамыз.

Қазіргі қазақ романдары – біздің ұлттық ҽдебиетіміздің ҽлемдік ҿркениет деңгейіндегі биік дҽрежесінің кҿрсеткіші. Қазақ ҽдебиетінің қалыптасу, даму жолындағы барлық кезеңдерінде іргетасы қаланып, жанрлық толысуы, кемелденуі саралана түскен роман жанрындағы шығармалар ұлттық туындылардың жалпыадамзаттық рухани құндылықтар қатарына қосылғанын дҽлелдеді. Қазақ романистикасының тарихындағы Міржақып Дулатовтың ―Бақытсыз Жамал‖, Спандияр Кҿбеевтің

―Қалың мал‖, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ―Қамар сұлу‖, ―Кім жазықты?‖, Шҽкҽрім Құдайбердиевтің ―Ҽділ-Мария‖, Жүсіпбек Аймауытовтың ―Қартқожа‖, ―Ақбілек‖ романдары арқылы прозалық эпостың кең кҿлемді түрін игерудің классикалық үрдісі қалыптасты. Сҽкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Сҽбит Мұқановтың, Мұхтар Ҽуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Хамза Есенжановтың, Ҽбдіжҽміл Нұрпейісовтің, Тахауи Ахтановтың, Сафуан Шаймерденовтің, Зейнолла Қабдоловтың жҽне т.б. кейінгі толқын қаламгерлердің романдары ұлттық ҽдебиетіміздің рухани құндылықтары қатарын байыта, тереңдете, кеңейте түсті.Ыбырай Алтынсарин ҽңгімелері – қазіргі қазақ прозасындағы шығармалардың, оның ішінде романдардың да кҿркемдік негізі. Ҽлем ҽдебиеттерінің тарихындағы тарихи роман, психологиялық роман, публицистикалық роман, роман-күнделік, роман-фельетон жҽне т.б. үлгілер қазақ сҿз ҿнері топырағында қаулап ҿсті, ҿркендеді. Қазақтың жазба прозалық шығармалары жазыла бастаған кезеңдердегі алғашқы салынған кҿркемдік үлгілердің осындай кемелдену биіктігіне жетуге мол мүмкіндік, айқын бағдар бергендігі ақиқат.

Қазіргі қазақ романдарының біразы XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басында жарыққа шықты. Қазақстан атты ежелгі тарихының жаңа кезеңіне кҿшкен, байырғы жолы бұған

(6)

дейінгі талай мыңжылдықтардан басталған, қалыптасқан мемлекетіміздің, қазақ ұлтының кҿркем ҽдебиеттегі бейнеленуі сҿз арқауындағы дҽстүрлі шығармашылық үрдіс аясында қарастырылады.

Қазақтың ұлттық тарихындағы ең басты оқиғалар, қайраткерлер жаңа жарыққа шыққан романдардың мазмұны мен пішіні арқауында қамтылуда. Ілияс Есенберлиннің «Мұхиттан ҿткен қайық», Ҽбдіжҽміл Нұрпейісовтің ―Соңғы парыз‖, Зейнолла Шүкіровтың ―Сыр бойы‖, Қажығұмар Шабданұлының ―Қылмыс‖, Дүкенбай Досжановтың ―Алаң‖, Рамазан Тоқтаровтың ―Абайдың жұмбағы‖, Мұхтар Мағауиннің ―Тармақ‖, Бекежан Тілегеновтің ―Тұйық ҿмірдің құпиясы‖, Смағұл Елубаевтың ―Ақ боз үй‖, т.б. жазушылардың романдары қазіргі қазақ ҽдебиетінің классикалық дҽстүрді жалғастырған болмысын кҿрсетеді. Ҽдебиеттегі жеке қаламгерлердің шығармалары арқылы сҿз ҿнері дамуының тұтас кеңістігі құралады.

Қазіргі қазақ ҽдебиетінің XX ғасырдың 90-жылдарынан басталған жаңа кезеңінде де ғылыми зерттеулер мен кҿркем шығармалар жазу үрдісінде тарихи шындық пен кҿркемдік шешім тұтастығы классикалық дҽстүрлі жолды байыта, тереңдете түсуде. Ҽрине, рухани мҽдениеттің негізгі арнасы кҿркем шығармалар — үздіксіз туындап жататын ҽдеби даму қозғалысының жемісі. Бұл – ҽдеби процесс. Қазіргі ҽдебиеттану бағалауы (А.Ісімақованың пікірі) бойынша:

―Ҽдеби процесс – бұл белгілі бір дҽуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, ҽлемнің күллі тарихи кезеңдерінде ҿмір сүріп келе жатқан ҽдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Ҽдеби процесс ҽрбір тарихи кезеңде ҽлеуметтік, идеологиялық жҽне эстетикалық тұрғыдан жазылған ҽр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан - кҿпшілікке арналған ҽдебиеттерге дейін ҿз бойына сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық кҿретін жарияланымдар мен басылымдары, ҽдеби сын, естеліктер, ҽдеби эпистолярлық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады‖[6,105].

Кҿркем шығармалары мен сҿз ҿнері мұраларын зерттеу еңбектерін тарихи-ҽдеби даму сабақтастығы негізінде ҿрбіткен ғалым-қаламгерлер шығармашылығы ҽдеби процесс кеңістігіндегі ҿзіндік үлесімен бағаланады. Қазақ ҽдебиеті тарихындағы мұраларды ұлттық жҽне жалпыадамзаттық рухани құндылықтар сабақтастығы үндестігі тұрғысынан қарастырған зерттеулер ҽдеби процесті ғылыми зерделеудің озық ҿнегесі болды. Ал, ғалым-жазушылардың ҽдебиет тарихына арналған зерттеулері мен кҿркем туындылары (ҿлең, поэма, повесть, роман) да қазақ сҿз ҿнері ҽдеби процесіндегі шығармашылық үлестерін танытты. Ҽдебиетші ғалым жҽне ақын, прозашы, драматург қаламгер тұғырындағы шығармашылық тұлғалары олардың ұлттық сҿз ҿнері дамуы тарихындағы ұлағатын ұрпақтарға ұқтыра түседі.Ұрпақтардың ұлағаты осындай дара тұлғалардың ҿнегесімен жалғаса береді.

Қазақ ҽдебиетіндегі эпикалық шығармалар жазу үрдісінде авторларының елге танымал тұлғалар (мемлекет басшысы, белгілі би-шешен, оқымысты ғалым, т.б.) болуында да осындай жалғастық жүйесі байқалады. Сонау түркі ҿркениеті жазба жҽдігерліктерінің де, бұдан кейінгі дидактикалық- философиялық дастандардың, шежірелік баян мұраларының жҽне жазба реалистік шығармалар авторларының ел тарихындағы белгілі тұлғалар болуы да осылайша жалғасуда. Ал, сҿз арқауындағы ҽдебиет тарихы мұраларының тарихилық ортада дамуы да мыңжылдықтар бойы жалғаса дамыған тҿл тарихы бар халқымыздың мҽңгілік жолын айқын танытады. Кҿркем ҽдебиет шығармалары – халық тарихының айнасы. Қазіргі қазақ романдарының тарихи шындық пен кҿркемдік шешім поэтикасы арнасындағы даму жолы халқымыздың кҿркемдік-эстетикалық ойлау деңгейі кҿрсеткіші ретінде бағаланады. Қазақ прозасының қазіргі заманғы ҿркениет деңгейіндегі дамуын танытатын бұл шығармаларда ұлттық тарихымыз, жекелеген қайраткерлеріміз кҿркемдік ойлау заңдылықтарына сҽйкес бейнеленген. Ең бастысы – қазақ тарихындағы халықтық тҽлім-тҽрбие, ағартушылық- эстетикалық мұрат бағдарындағы дүниетаным кеңістігі дамытыла түскен.

Қорытынды.Қазіргі қазақ романдары – тарихи шындық жҽне кҿркемдік шешім бірлігі поэтикасының кҿрсеткіші. Ғасырлар бойы халықтық-ұлттық дербестікті сақтау, діл, тіл, дін мҽселелерін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу кҿрнекті қайраткерлеріміздің (хандардың, батырлардың, би-шешендердің, ақын-жыраулардың, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, т.б.) негізгі қызмет бағдары болды. Қазақ тарихының шынайы сипатын, кҿрнекті қайраткерлеріміздің қызметін нақты кҿрсетіп жазуға мүмкіндік туған кезеңдегі қаламгерлер туындыларының ұлттық жҽне ҽлемдік ҿркениеттік талаптарға сҽйкес шеберлік деңгейлері анықталады.

Сондықтан, қазіргі қазақ романдарының тарихилығы ұрпақтарды сҿз ҿнерінің азаматтық- отаншылдық рухымен тҽрбиелеу жолындағы қызметін күшейте түседі. Ал, қаламгерлердің романдарындағы кҿркемдік шешім деңгейлері арқылы тарихи даму, тұлға даралығы мҽселелерінің

(7)

кҿркемдік ойлау тұрғысындағы тағылымы анықталады. Қорыта айтқанда, жаңа жазба реалистік ҽдебиет шығармаларының, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин прозасының қазіргі қазақ романдары үшін үлгі, негіз болғаны – сҿз ҿнері дамуындағы кҿркемдік жалғастықтың кҿрінісі. Шығарманың тақырыптық-идеялық, сюжеттік-композициялық сипатындағы тарихи шындық пен кҿркемдік шешім мҽселелерінің поэтикалық тұрғыда болуы ҽдеби дамудағы табиғи сабақтастық желісі арқылы жүзеге асырылады. Қазақтың қазіргі жҽне болашақтағы ҽдеби дамуы жолында осындай дҽстүр жалғастығының сақталатындығы анық.

Қазақ ҽдебиетіндегі кҿлемді эпикалық шығармалар жазу үрдісінің шежірелік туындылар арқылы негізі қаланғаны анық. Ҽдеби шығармада халық тарихының маңызды кезеңдерін эпикалық кҿлемде қамтуда қаламгерлер баяндау, тұлғаларды даралау, құбылыстар мен қасиеттерді жинақтау мҽселелерін ҿнер туындысына лайықты талаптармен орындаудың үлгілерін жасады. Қазақ ҽдебиетіндегі эпикалық шығармалардың тарихилық негізділігінің дамыта жазылуы ҽлем ҿркениетіндегі тектес, үндес шығармашылық үрдісімен де үндестік жағдайында кҿрінеді.

Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:

1 Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы.– Алматы, Жазушы, 1986. – Т. 1:

Ҿлеңдер мен поэмалар. – 304 б. - кітап

2 Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы.– Алматы, Жазушы, 1986. – Т. 2:

Аудармалар мен қара сҿздер. – 200 б. - кітап

3 Уҽлиханов Ш. Таңдамалы. 2-бас. – Алматы, Жазушы, 1985. – 560 б. - кітап

4 Қазақ прозасы: Хрестоматия. Үш томдық / Құрастырған жҽне алғы сҿзін жазған Х.Ж. Сүйіншҽлиев. 1-том: 564 б.; 2-том: 564 б.; 3-том: 548 б.).– Алматы: Ғылым, 2001. - кітап

5 Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия).– Алматы: Білім, 2003. – 112 б. - кітап

6 Ҽдебиеттану терминдерінің сҿздігі / Құрастырғандар З.Ахметов,Т.Шаңбаев. – Алматы, Ана тілі, 1996. – 240 б. - кітап

7 Қабдолов З. Сҿз ҿнері: ҽдебиет теориясының негіздері.–Алматы, Мектеп, 1983.–368 б.

References:

1 Abai (Ġbrahim Qūnanbaev). Ekı tomdyq Ģyğarmalar jinağy.– Almaty, JazuĢy, 1986. – T. 1: Öleñder men poemalar. – 304 b. - kıtap

2 Abai (Ġbrahim Qūnanbaev). Ekı tomdyq Ģyğarmalar jinağy.– Almaty, JazuĢy, 1986. – T. 2: Audarmalar men qara sözder. – 200 b. - kıtap

3 Uälihanov ġ. Tañdamaly. 2-bas. – Almaty, JazuĢy, 1985. – 560 b. - kıtap

4 Qazaq prozasy: Hrestomatia. ÜĢ tomdyq / Qūrastyrğan jäne alğy sözın jazğan H.J. SüiınĢäliev. 1- tom: 564 b.; 2-tom: 564 b.; 3-tom: 548 b.).– Almaty: Ğylym, 2001. - kıtap

5 Altynsarin Y. Qazaq hrestomatiasy (Kirgizskaia hrestomatia).– Almaty: Bılım, 2003. – 112 b. – kıtap 6 Ädebiettanu terminderınıñ sözdıgı / Qūrastyrğandar Z.Ahmetov,T.ġañbaev. – Almaty, Ana tılı, 1996. – 240 b. - kıtap 7 Qabdolov Z. Söz önerı: ädebiet teoriasynyñ negızderı.–Almaty, Mektep, 1983.–368 b.

МРНТИ 17.72.92

Сарбасов Б.С., 1 Орынханова Г.А., 2 Егізбаева З.С. ³

1,2,3 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Алматы қ., Қазақстан

ОРАЛХАН БҾКЕЙ «БҼРІ ДЕ МАЙДАН» ПОВЕСІНДЕГІ ЗАМАНДАСТАР БЕЙНЕСІ Аңдатпа

Мақалада Оралхан Бҿкейдің ҽңгіме, повестерінің мҽні мен маңызы қарастырылады. Оралхан Бҿкейдің ҽңгімелері мен повестеріндегі қаһармандар образының жасалу жолдарына талдау жасалынады. Оралхан Бҿкей повестері сол кезеңнің ҿзекті проблемаларын кҿтеріп, соларды ҿз замандастарының образдары арқылы шешіп бере алған маңызды туындылар дейміз.

Referensi

Dokumen terkait

Nefagina Poland, master's Degree, Professor Nonako Susumu Japan, doctor of pedagogical sciences, professor A.Muratov Kyrgyzstan, doctor of philology Sema Aslan Demir Turkey, PhD,

Мақаланың маңыздылығы ӛткен дәуір прозасында талданбай кеткен Жұмекен әңгімелерінің тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдау болса, ӛзектілігі сол кезеңдегі әңгімелерден