ақындық поэзиядағы кезеңдер жалғастығының ҥздіксіз қозғалысы туралы пікірі – методологиялық бағдарлы маңызы анық бағалау:
―... Манап Кҿкенов, Қалихан Алтынбаев, Кҿкен Шҽкенов, Ҽселхан Қалыбекова, Ҽсия Беркенова, Қонысбай Ҽбілев, Шынболат Ділдебаев, Жадыра Қҧтжанова сияқты халық таланттарының жаңа бір тобы шығып, айтыстың аруағын кҿтерді. 80-90 – жылдарда бҧл тізімді Аманжол Ҽлтаев, Мҧхамеджан Тазабеков, Мэлс Қосымбаев, Серік Қҧсанбаев, Бекарыс Шойбеков, Дҽулеткерей Кҽпҧлы, Ақмарал Леубаева, Кҽрима Оралова, Ҽзімбек Жанқҧлиев, Айтақын Бҧлғақов, Айнҧр Тҧрсынбаева, Оразалы Досбосынов тағы басқалар толықтырды. Осылардың таланты мен ҿнерінің арқасында қазіргі айтыс шын мағынасындағы халықтық ҿнерге айналды. Ол ҿзінің ҽуелде шыққан кезіндегі мағынасына ие болды‖ [6,3].
Қорытынды. Бҧл – қазіргі жҽне болашақтағы ақындық ҿнер дҽстҥрі дамуы мен жалғасуы жҥйесін сараптаған нағыз ҧлт ҿнері қамқоршысының пікірі. Ақындар айтыстарындағы суырып салма (импровизация) дҽстҥрін жетілдіруді, юморлық-сатиралық сыншылдықты, ҽлеуметтік-азаматтық сарындылықты дамытуды, сол арқылы қазіргі жҽне болашақтағы ғылыми-техникалық дамудың озық инновациялық-технологиялық жетістіктерімен жетіле ҿркендеуіне жол ашатыны анық.
Қазіргі ақындық поэзиядағы дҽстҥр жалғастығы жҽне жаңашылдық – ҧлттық сҿз ҿнері дамуының ҿркениеттегі даралығын жан-жақты танытатын ерекшеліктердің бірі.
Халқымыздың сҿз ҿнері шығармаларын кҿркемдік ойлау дҥниетанымы заңдылығымен шынайы қабылдауы, сол арқылы адамгершілік-имандылық қасиеттердің ҧрпақтар санасында орнығуы, тіліміздің, дініміздің сақталуы – мҽселелерінің дҽстҥрлі ақындық поэзияның эстетикалық-психологиялық ықпалы арқылы жҥзеге асып келе жатқаны тарихи ақиқат.
Қорыта айтқанда, ауызша жҽне жазбаша поэзия дҽстҥрін тҧтастандыра ҧстанған қазіргі ақындық поэзия халқымыздың ҿркениет кеңістігіндегі ҿзіндік ҧлттық-этностық тҧлғасын биіктете береді. Бҧл – жаңашыл қарқынымен, кҿркемдік-бейнелілік ҽсемдігімен ҧлтымызды жҽне басқа да халықтарды ізгілік жолына жетелейтін рухани қҧндылықтарымыздың ҿнегелі кҿрсеткіші.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы,Ғылым,1994.288 б.
2 Қазіргі айтыс /Құрастырған: Н.Нұрахметұлы, С.Дүйсенғазин.-Астана,Күлтегін,2004. 1 кітап. 312 б.
3 Жұмабаев М. Таңдамалы: Ӛлеңдер,поэмалар,аудармалар. –Алматы, Ғылым. 1992. 272 б.
4 Әдебиеттанудың ӛзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жинақ. – Алматы: Комплекс, 2002-431 б.
5 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері – Алматы: Білім, 1995-288б.
6 Қирабаев С. Айтыс – асыл қазына // Егемен Қазақстан. – 18 наурыз -2003 - № 62 (23272).
References:
1 Altynsarin Y. Tandamaly sygarmalary. –Almaty,Gylym,1994.288 b.
2 Kazırgı aitys /Kurastyrgan: N.Nurahmetuly, S.Duisengazin. –Astana,Kultegın,2004. 1 kıtap. 312 b.
3 Jumabaev M. Tandamaly: Olender,poemalar,audarmalar. –Almaty, Gylym. 1992. 272 b.
4 Adebiettanudyn ozektı mAselelerı: Akademik Serık Kirabaevtyn 75 jyldygyna arnalgan jinaK. – Almaty:
Kompleks, 2002-431 b.
5 Kirabaev S. Adebietımızdın aKtandaK betterı – Almaty: Bılım, 1995-288b.
6 Kirabaev S. Aitys – asyl Kazyna // Egemen Kazakstan. – 18 nauryz –2003 –№ 62 (23272).
МРНТИ 17.82.30 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.32 Айтимов М.К., 1 НайманбаевА.А.2
1 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
2Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, Алматы, Қазақстан
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ КӚРКЕМ БЕЙНЕСІ Аңдатпа
Қазіргі қазақ прозасының романдары – ҧлттық жҽне жалпы ҽлемдік ҽдеби ҥдеріс қозғалысы жҥйесіндегі шығармалық еңбек нҽтижелері. Қазақ тарихының кезеңдерін қамтыған алдыңғы толқын суреткерлер ізімен кесек туындылар жазған кейінгі толқын қаламгерлер шоғыры қазіргі қазақ оқырмандарының ҧлттық - тарихи санасын оятуға, жаңаша қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Бҧл орайда, Сҽбит Досановтың ―Қылбҧрау‖,
―Ҧйық‖, романдарындағы тарихи шындық пен кҿркемдік шешім ерекшеліктерін арнайы қарастыру нысанына алынып, қазіргі қазақ романдарындағы (Сҽбит Досановтың ―Қылбҧрау‖, ―Ҧйық‖) деректерден туындайтын қиял
қосындыларының ҽсерлілігі, нанымдылығы айқындалған. Сонымен қатар, бҧл мақалада қазіргі қазақ романдардағы табиғат аясындағы адам тіршілігінің шынайылығын ашу, ҧлттық - этнографиялық дҽстҥрлерді уақыт шындығымен сҽйкестендіру, т.б. кҿркемдік шешім эстетикасы ерекшеліктері кҥрделі сипатымен саралана талданған жҽне Алаш кҿсемдері Ҽлихан Бҿкейхановтың, Ахмет Байтҧрсыновтың жҽне т.б. тарихи тҧлғасын ҽдеби кҿркем бейне тҧрғысында кҿрсетуге талпыныс жасалғанын баяндалады.
Тҥйін сӛздер. Алаш кҿсемдері, тарихилық, рухани, деректілік,тарихи шындық, ҿркениет Aitimov M.,1 Naimanbayev A.2
1Kyzylorda State University named after Korkyt Ata, Kyzylorda, Kazakhstan
2Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan
ARTISTIC IMAGES OF ALASH FIGURES IN MODERN KAZAKH PROSE
Abstract
Novels of modern Kazakh prose are the result of creative work in the system of national and world literary processes. The works of modern writers, who are followers of artists who described various periods in the history of the Kazakh people, have a direct impact on the formation and renewal of the historical and national consciousness of the current reader. The article examines the features of the image of historical reality and artistic solutions in modern Kazakh novels, reveals how documentary is combined in them with artistic fiction. The analysis is performed on a material of novels Sabit Dosanov "Kylburau", ―Yiyk". The article analyzes how modern Kazakh novels depict human life against the background of nature, how national and ethnographic traditions relate to the realities of time, and other features of the aesthetics of the artistic solution. The authors also note that in these works, writers try to create literary and artistic images of Alash leaders Alikhan Bokeikhanov, Akhmet Baitursynov and other historical figures.
Keywords: Alash leaders, historical, spiritual, documentary, historical truth, civilization Айтимов М.К., 1 НайманбаевА.А.2
1Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Кызылорда, Казахстан
2Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан
ХУДОЖЕСТВЕННЫЕ ОБРАЗЫ ДЕЯТЕЛЕЙ АЛАШ В СОВРЕМЕННОЙ КАЗАХСКОЙ ПРОЗЕ Аннотация
Романы современной казахской прозы - результат творческого труда в системе национальных и мировых литературных процессов. Произведения современных писателей, являющихся последователями художников, описывавших различные периоды в истории казахского народа, оказывают непосредственное воздействие на формирование и обновление исторического и национального сознания нынешнего читателя. В статье рассматриваются особенности изображения исторической действительности и художественного решения в современных казахских романах, раскрывается, как документальность сочетается в них с художественным вымыслом. Анализ произведен на материале романов Сабита Досанова ―Ҧйық‖. В статье анализируется, как в современных казахских романах изображается жизнь человека на фоне природы, как соотносятся национально- этнографические традиции с реалиями времени, и другие особенности эстетики художественного решения.
Также авторы статьи отмечают, что в данных произведениях писатели пытаются создать литературно- художественные образы лидеров Алаш Алихана Бокейханова, Ахмета Байтурсынова и других исторических личностей.
Ключевые слова: лидеры Алаш, исторический , духовный, документальность, историческая правда, цивилизация
Кіріспе. Қазіргі қазақ романдарында халқымыздың отарлық бҧғауда ҿткен ғасырларындағы тарихи оқиғалар, тҧлғалар кең қамтыла бейнелене бастады. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласының барлық аймақтарына еркін еніп, қоныстана бастаған жатжерліктердің кейіннен атамекендерімізде мҽңгілік орнығып қалғаны мҽлім. Қазақ ҽдебиеті тарихындағы ―Зар заман ақындары‖ Мҧхтар Ҽуезов қолданған тіркес ҿздерінің азаматтық-отаншылдық сарындағы шығармаларымен ҧлттық сҿз ҿнерінің сыншылдық- кҥрескерлік тҧғырнамасын нығайта тҥскен еді. Қазақ сҿз ҿнері тарихындағы прозалық шығармалар жазу ҥрдісі кенжелеп пайда болды, бірақ XX ғасырдың басынан аяғына дейін казіргі XXI ғасырдың бас кезінде де аса мол ҿнімділікпен, шапшаңдықпен дамыған екпінімен келеді. Абай Қҧнанбайҧлының қара сҿздерінен, Ыбырай
Алтынсариннің ҽңгімелерінен бастау алып, Міржақып Дулатовтың ―Бакытсыз Жамалынан‖, Жҥсіпбек Аймауытовтың ―Ақбілегінен‖, ―Қартқожасынан‖, Спандияр Кҿбеевтің ―Қалың малынан‖, Сҧлтанмахмҧт Торайғыровтың ―Қамар сҧлуынан‖ іргетасы қаланған прозалық романдар кейінгі дамуға жол ашты.
XX ғасырдың қазақ романистикасы тарихында Сҽкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансҥгіровтің, Сҽбит Мҧқановтың, Мҧхтар Ҽуезовтің, Ғабит Мҥсіреповтің, Ғабиден Мҧстафиннің, Хамза Есенжановтың, Саттар Ерубаевтың, Ҽбдіжҽміл Нҧрпейісовтің, Тахауи Ахтановтың, Зейін Шашкиннің жҽне бҧларға ілесе, толассыз жарық кҿрген қазақ қаламгерлері романдары - эпостық ҽдеби жанрының ҽлем ҽдебиеттерінде мол ҿркендеген ҥлгілерінің қазақ сҿз ҿнері кеңістігінде де кеңінен дамығандығын дҽлелдеді.
Бҧл орайда, ҽлем ҽдебиеттеріндегі жазушылардың (Томас Монн, Фолкнер, Гашек, Хемингуей, Мартен дю Гар, Грэм Грин, т.б.) сан алуан сипатты роман жанрындағы шығармаларды туындатқанына баға берген академик З.
Қабдоловтың ғылыми тҧжырымына назар аударамыз:
―Романның осындай кемелденген кезіндегі басты такырыптары – адам мен қоғам ҿміріндегі арналы шындықтар, кҥрделі қҧбылыстар мен кесек оқиғалар; шығарма мазмҧнына аркау боп тартылар ҿзекті мҽселе - халық тағдыры. Мазмҧндағы мҧндай салиқалы бітім мазмҧнды пішіндегі жан - жақтылыққа ҽкелді: авторлық баяндау мен суреттеу, қаһармандардың монологтары мен диалогтары, ҽр тҥрлі тҽсілді мҥсіндеу мен мінездеу, жинақтау мен даралау, сҿздегі сурет пен психологиялық дҽлел, биік парасатты пафос пен терең философиялық толғам бҽрі бірімен, бірі бҽрімен ҧштаса ҧласа келіп, романның бҧрынғы-соңды болмаған ҥлгілерін туғызды да, тың мҥмкіндіктерге жол ашты. Мҧның ҿзі жанрдың жаксы дҽстҥрін белгіледі‖ [1, 316].
Кҿркемдік шешім шығарманың қҧрылысындағы тартыстардың табиғилығы деректерден туындайтын қиял қосындыларының нанымдылығы, шығарма кейіпкерлерінің ҿмірлік шындықтағы тағдыр деректерін сҧрыптау, кескін - келбет табиғилығы мен ойдан қосу сҽйкестігі, табиғат аясындағы адам тіршілігінің шынайылығы, жан ҽлемі психологиясын ашу, ҧлттық-этнографиялық дҽстҥрлерді уақыт шындығымен сҽйкестендіру, т.б. сан алуан мҽселелерді қамтиды. Тҧтастай алғанда, кҿркемдік шешім эстетикасы адам жан ҽлемі мен қоршаған орта тҧтастығының кҥрделі кешенді ҥйлесімі мен қайшылықтарын қамтиды. Ал, академик С. С. Қирабаев қазақ прозасындағы роман жанрындағы шығармалар туралы монографияларында да, арнайы жазылған мақалаларында да ҥнемі бағалаумен келеді. ―Жаңа ізденістер‖, Қазақ романының жаңа табысы ―Ҥркер‖
романы, ―Ғабит романдары рухани мҽдениеттің озык ҥлгісі‖ т.б. мақалалары мен басқа да еңбектерінде қазіргі қазақ романдары поэтикасы хақында методологиялық мҽні бар ғылыми тҧжырымдарын ҥнемі жазып келеді.
Академик - зерттеуші қазақ романтикасындағы психологиялық роман жанрының негізін қалаған Жҥсіпбек Аймауытов прозасындағы суреткерлік стиль ҿрнектерінің жанжҥйелік - эстетикалық болмысын айқындайтын ғылыми тҧжырымдарын жасады:
―Жҥсіпбектің ―Қартқожа‖, ―Ақбілек‖, ―Кҥнікейдің жазығы‖ сияқты кҿлемді прозалық туындыларының кейіпкерлері – ҽлеуметтік арпалыстар кезінде тулаған толқынның ҥстінде ҿзіне жол тауып, жаңа ҿмірді жасауға ҧмтылған жаңа қаһармандардың алғашкы ҥлгілері. ... Бҧл романдарында ол тарихтың ең бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тҧстарындағы қазақ ауылы ҿмірінің шындығын жҧмсартпай, ҿзіне тҽн бар олпы-солпысымен, ізденісімен шынайы суреттейді. Автор кейіпкерлерін бірден кҥрескер етіп жібермей, ҿмір талқысына салып, олардың шындықты тануының нанымды жағын кҿрсетеді. ... Ол адамға тҽн ҽлсіздікті, кейде шарасыздықты, ҿмірдің қатал соққысына ҧшыраған тағдырлардың сырын бҥркемелемейді, солардың бҽрінен ҿткен қаһарманның ҿзінің шынайы бейнесінен айрылмай, адамдық мінез-қҧлқын, ҧстанған бағытын, ҿмірге деген қҧштарлығын сақтап қалғанын бейнелейді... Жҥсіпбек романдары – қазақ ҽдебиетіндегі осы жанрдың тҧңғыш ҥлгілері‖ [2, 143-144].
Қазақ ҽдебиеттануы ғылымындағы ҽдеби даму ҥдерісі, жанрлар поэтикасы мҽселелерін қарастыруда ҧстаз- ғалымдардың осы пікірлерінің аясында қазіргі казақ романдарына тҽн эпикалық жҽне психологиялық сипат ерекшеліктерін айқындауға бағдар тҥзейміз.
Нәтижелер мен талқылау. Ҿмірлік шындық – тарихи шындықтың ҿзегі. Қазақ прозасындағы тарихи тақырыпқа жазылған кҿркем шығармаларда халықтың басынан ҿткен оқиғалар, кҿрнекті қайраткерлердің тҧлғалары қаламгерлердің кҿркемдік шешімімен қамтылады. Қазіргі қазақ прозасындағы Р.Тоқтаровтың, Д.Досжановтың, С. Елубайдың, С. Досановтың, Б. Тілегеновтің жҽне т.б. қаламгерлердің романдарында ҿмірлік шындықты жаңаша тарихи таныммен байыптап бейнелеу жҥзеге асырылуда.
Кҿрнекті жазушы, М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сҽбит Досановтың
―Қылбҧрау‖ (―Ҧлы даланың ҧлы қайғысы‖ атты романында Қазақ елінің бірнеше ғасыр бойы Ресейдің отары болған кезеңдерінің зардаптары тақырып нысанына алынған, идеясы – ҧлттық-тҽуелсіздік жолындағы кҥрескерлік іс-ҽрекеттері ҿрістеткен қайраткерлер тҧлғаларын даралау.
Романда қазақ халқының ҧлттық-тҽуелсіздік алуы жолындағы кҥрес-керлер Алаш кҿсемдері Ҽлихан Бҿкейхановтың, Ахмет Байтҧрсыновтың, Нҧрдҽулет Бабахановтың тарихи тҧлғалары ҽдеби-кҿркем бейне деңгейінде алынған.
―Қылбҧрау‖ романының композициясы мынадай бҿлімдер мен тараулардан қҧралған: Бірінші бҿлім: ―Ҥміт пен ҥрей‖ (тоғыз тарау); Екінші бҿлім: ―Тайталас‖ (он бір тарау); Ҥшінші бҿлім: ―Жанталас‖ (он екі тарау) [3].
Роман композициясының тҧтас желісіндегі оқиғалар барысында басты кейіпкер ҽр тҥрлі кҿлемдегі қамтылуымен ерекшеленеді. Мол қамтылғаны –Нҧрдҽулет.
Романдағы басты кейіпкерлердің ҿмір кезеңдерін эпикалық уақыт кеңістігімен қамту жҥзеге асырылған.
Романның алғашқы бҿліміндегі тарауларда басты кейіпкерлердің ҿмірбаяндық деректері негізіндегі баяндалған, суреттелген жерлері шығарманың реалистік негізділігін танытады. Романның алғашқы тарауындағы кейіпкерлердің, жас бозбалалар Ахметтің, оның досы Нҧрдҽулеттің ҿзара достығын, оларды қҧрметтеген ата- аналарының кҿңіл-кҥй жағдайларын реалистік болмысымен кҿрсетеді:
―...Нҧрдҽулеттің жасы Ахметтен ҥлкендеу. Он бестен асқан кең иықты, мығым денелі Нҧрдҽулет жігіт кҿрінетін. Оның қасында Ахмет арық, ҥш-ақ жас кіші болса да, ҽлжуаз бала сияқты.
Балалар кеше келген, олардың екеуін де Бабахан ҽкеліп еді. Ахметті, қалыптасқан салт бойынша, ҥлкен той жасап, қҧрметті қонақ ретінде қарсы алған. Ауылдың бар ақсақалы, тіпті кҽрі Жҧмабайдың ҿзі, Бабаханға деген ежелгі ҿкпесін ҧмытып, оған сҽлем беруге келген.
...Нҧрдҽулет Бабаханов пен Ахмет Байтҧрсынов аралас орыс-қазақ мектебінің пансионында бірге болған, екеуі елді сағынған сҽттерінде, ҧзақ тҥнде бір-біріне туған жердің сҧлулығын суреттеуге жалықпайтын. Сондай кҥндердің бірінде ҽке-шешелерінен екеуін кезек-кезек бір-бірлерінің ҥйіне қонаққа жіберіп тҧруларын ҿтінуге келіскен. Ахметтің ҽкес Байтҧрсын жҽне оның кіші інісі Ақтас Шошақов Сібірде, уезд бастығы Яковлевке бағынбағаны ҥшін аймақ сотының ҥкімімен айдауда болатын. Анасының рҧқсатымен алыс Торғайдан, екі кҥндік жол жҥріп, жол-жҿнекей Жыландыдағы алыс туысқанының ҥйіне бір қонып, екі досты Қҧсҧяға Бабахан алып келген‖ [3, 8-9].
Роман композициясында Алаш кҿсемдерінің іс-ҽрекеттері саяси-ҽлеуметтік оқиғалар желісінде кҿрінеді.
Романның алғашқы тарауында мінез-қҧлық дағдылары, кҿзқарастары ҥйлескен екі бозбаланың достық қарым- қатынастарын табиғи жағдайда сезінеміз. Екі достың Қҧсҧя мекеніндегі Жалдама ҿзенінде суға тҥсіп, балықтарды (сазан, табан балық, шортан, алабҧға, сыла, майшабақ, т.б.), аңдарды (―Кенет қамыстың ар жағынан жолбарыстың қорқынышты ырылы естілді‖), қҧстарды (Ақбас қыран, бҥркіттер) кҿріп серуендеп жҥргендегі кҿңіл-кҥйлері мен сҿйлескен сҿздері арқылы олардың атамекен, халық тағдыры туралы дҥниетаным кҿзқарастарын аңғартады. Екі достың ҿзара пікірлесуі барысында ҽрқайсысының ҿмірлік шындыққа сҽйкес кҿзқарастары, тереңдіктері де аңғарылады. Мысалы, бозбала Ахметтің осы ҿздері шомылып, демалып отырған мекенді тҥсінде кҿргенін баяндауы да ҽсерлі. Қазіргі ҿңінде кҿріп отырған табиғат сҧлулығын ҿңіндегідей суретімен, қозғалыстарымен тҧтастай тҥсінде кҿргендігін кҿзімен де, ойымен де білдіріп тҧрған жас Ахметтің романтикалық-эстетикалық ҽсердегі кҿңіл-кҥйін жазушы оқырманның кҿз алдына елестеді.
―Ҿзеннің мҥк басып балдыр ҿскен таяз жерінде қҧс қаптап жҥретін. Кҿкқҧтандар ҧзын сирақтарын маңғаз басады. Бір аяған жылытып алғысы келгендей тҥбіттей ҥлпілдеген бҥйірлеріне, бауырларына басып екінші аяғымен тапжылмай тҧра береді. Сҽлден кейін жылыған аяғымен жер басып, екінші аяғын бауырына алады.
Алма-кезек аяқтарын ауыстырып, маңғаздана жҥрген жҥрістері сымбатты-ақ. Тҧмсықтарын суға тығып, таяз жерге жҥзіп келе қалған балықтарды немесе жапырақ астында тығылып отырған бақаны ҧстап жейді.
Кекіліктер, дуадақтар жортып жҥреді, бҿденелер ҧшып келеді.
Ҽріде жағаны бойлап ҿскен қызанақ арасында бір аңның қозғалғаны, жҥргені байқалады. Сҧғанақ торғайлар мен сауысқандар еш нҽрсеге кҿңіл аудармай, қызарған жемістерді шҧқып жеп жатыр. Айналаның бҽрінен керемет хош иіс мҥңкіп, ҽсіресе жусанның иісі жан сарайыңды ашады. Жусанның дҽл мҧндай иісі бҧл аймақта бҧрындары сезілмеуші еді.
– Не деген сҧлулық! Дҽл осы жерді мен тҥсімде кҿргенмін. Бірақ мен содан кейін атыма міндім, ал мені аяқ асты пайда болған біреулер қап-қара, қорқынышты біреулер қуды! ... – Ҽрең-ҽрең естілердей сыбырлады Ахмет‖ [3, 10-11].
Бҧл – Алаш кҿсемі Ахмет Байтҧрсыновтың балалық, жастық шағынан бастап ҿзі ҿмірден ҿткенінше ҧлтшыл – Отаншыл кҿзқараспен ҿмір сҥрген қайраткерлік ҧстанымының да кҿрінісі. Бҧл – сҧлу табиғатының кеңістігіндегі адамдар да, аңдар да, қҧстар да, жҧпар иісті ҿсімдіктері де тҧтасқан ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН – ОТАНЫН сҥйген кҥрескердің дҥниетанымы.
Романның осы жерінде досы Нҧрдҽулеттің аспанда қалықтап жҥрген екі ақбас қыранды даланы, ҧрпақтарын сақтап, желеп-жебеп жҥрген ата-бабалық ҽруақтарға баламалап айтқанына ҽсерленген Ахметтің сҿзі де азаматтық-кҥрескерлік ҿр рухты ҧстанымды айқын танытады:
―– Иҽ, керемет екен! – Кҿңілі тасып, лепірген Ахмет басын кҿтерді. Оның сымбатты жҥзіне ерекше бір жарық сҽуле нҧрын шашқандай. – Білесің бе менің де осындай қыран болып, жерімізді шайтан атаулыдан қорғағым келеді! Олар қандай сҧлу, ҽрі кҥшті, еркін қҧстар десеңші! Менің ойымша, ҿміріміздегі ең басты нҽрсе – еркіндік! Еркіндік ғана бақыт ҽкеледі! Менің ҽкем мен ағам Сібірде, тҥрмеде жатыр. Соларды босатып алсам ғой ...‖ [3, 11-12].
―...Кеше тҥнде мен жҧлдыздарды қызықтауға далаға шықтым. Жҧлдыздарға қарағанды ҧнатамын! Оларға ҥңіліп қарасаң, шексіз кҿк аспанда бір тҥйір тарыдай кҿрінесің ҿзіңе, ал жаның соларға қарай алып ҧшады!‖ [3, 12].
Ҿмірдегі нақты дерек бойынша, Ахметтің ҽкесі Байтҧрсын мен ағасы Ақтас 1885 жылы уез бастығы Яковлев дегенінің халыққа жасаған озбырлық істеріне шыдамай, оған қол жҧмсағандары ҥшін жауапқа тартылып, Сібірге 15 жылға каторгаға айдалғаны, ағасы Ерғазы да 4 айлық уақытпен тҥрмеге жабылған. Ахмет Байтҧрсыновтың ҿмір жолындағы осындай деректер жазушының романындағы кейіпкер толғаныстарына арқау болғанын кҿреміз. Романдағы шҽкірт бозбала Ахметтің ҿмір кезеңдеріндегі осындай тарихилықтың нақты
―Ҽкесі мен туыстарының Ресей ҿкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы кҥреске тҥсуіне ой салды. Бҧл жҿнінде кейін 23 жылдан соң ҽкесінің ізімен отарлық билікке қарсы кҥреске шығып, абақтыға жабылған Байтҧрсынов анасына жолдаған хатында: ―Оқ тиіп, би ҥшінде ой тҥсірген, Бітпейтін жҥрегімде бар бір жарам ...‖ – деп жазады. Ахметті Ерғазы Торғайдағы 2-сыныптың орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға тҥседі‖ [4, 72].
Жазушы С. Досановтың осы ―Қылбҧрау‖ романындағы басты кейіпкерлер Ахметтің, Нҧрдҽулеттің табиғат аясындағы сҧхбаттарындағы тіршілік, заман, адам, халық тағдыры хақындағы толғаныстарының осындай ҿмірлік шындықпен сҽйкестігі айқындалады. Жазушының кҿркемдік шешімі кейіпкерлерінің азаматтық- кҥрескерлік кҿзқарастарын таныта алған.
Роман композициясында Ҽлихан Бҿкейханов туралы да деректер пайдаланылған. Негізгі басты кейіпкер (―Отставкадағы штаб-ротмистр‖) Нҧрдҽулет Бабахановтың ―Мен онымен бірге Санкт-Петербургтегі Императорлық Орман институтында оқығанмын‖ [3, 124] деуі, орыс зиялысы Сиверцев Алексей Георгиевичпен кездескендегі ҽсерлі сҽтті суреттеуі (―Ҽлихан тап қазір, тап осы жерде екеуінің арасында достық кҿпірін орнатты, ҿзгелерге даналық дҽрісін оқып тҧрғандай еді‖) де [3,124] Алаш кҿсемінің ғалымдық-ағартушылық дҥниетанымының қоғамдык-ҽлеуметтік қайраткерлікпен тҧтасуын бағдарлайды. Кейіпкердің баяндауы аясында Алаш кҿсемі Ҽлихан Бҿкейхановтың қазақ халқын отырықшыландыру, егіншілікпен айналысуын дамыту, қазақ даласының мол сырлы, қҧнарлы ҽлемін сақтау, бағалау, т.б. сан алуан мҽселелерді айтқанын назарға алуы да дҽйекті, дҽлелді.
Романның ―Жанталас‖ бҿліміндегі тарауларда саяси-ҽлеуметтік, қоғамдық кҿзқарастары айқындалған тарихи кайраткерлердің ҿзара сабақтасқан, ҧлттық-азаттық бағдарына арналған іс-ҽрекеттері. Алаш қайраткерлер тҿңірегінде кҿрсету тҧрғысында кҿркемдік шешім жасалған. Ҥшінші бҿлімінің алтыншы тарауындағы Ахмет Байтҧрсынҧлының арнайы шақыртуымен оның ҥйіне жиналғандарды баяндауы да тарихилық пен кҿркемдік шешім бірлігі тоғысында жасалғанын аңғарамыз:
―Міне, осында да, Ахметтің ҥйінде де, Нҧрдҽулет қазақ буржуазиясы дегенге жататын азаматтарды кҿрді.
Олар негізінен жастар еді. Олардың арасында Орынбордан банкир Мақсҧт, Қостанайдан нотариус Асқар, Кҿкшетаудан баспагер Рахым, Балқаштан фармацевт Есперген, Семейден адвокат Қодар бар еді. Бҧлар қазірдің ҿзінде дҽулетті, беделді адамдар. Нҧрдҽулет ҽр тҥрлі жағдайлармен осылардың ҽрқайсысымен араласты. Ол ҿзінің халқының болашағын осы зиялылармен байланыстыратындықтан бҧл жаңа іскер адамдарды білетініне куанды.
Белгілі ағартушылар Тҧрмағамбет – Қызылордадан, Сейітқали – Оралдан. Бҧлар халықтың білімін кҿтеруде ҿте кҿп іс тындырды. Жҥздеген шҽкірт тҽрбиелеп, елдің ҽр тҥкпірінен бірнеше мектеп те ашты. Санкт- Петербор университеттерінің жас тҥлектері: Мҧхамеджан Тынышбайҧлы – инженер-теміржолшы, Жақып Ақпайҧлы – заңгер жҽне тарихшы, Барлық Сырттанҧлы – шығыстанушы-аудармашы, Бақытжан Қаратайҧлы – адвокат, Ҽбілқайыр ханның шҿбересі. Бҧл есімдер елдің аузында. Бҧлар – Дала мен Еуропа тҽрбиесінің озығын ҿз бойына сіңірген қазақ зиялыларының мақтанышы. Олардың ерекше ақсҥйектік талғампаздығы мен білімділігі аңғарылып тҧратын [3, 335-336].
Романда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы казақтың ҧлттық буржуазиясы кҧрамындағы озық ойлыларын да, ҽрі-сҽрі (―Рухы, кҿзқарасы, шығу тегі бойынша ҽр тҥрлі. ... Біреулерін батыл тҥрде ҧлттық мҥддені қорғаушы, шығармашылық зиялылар деп айтуға болады жҽне олардан алшақ адамдар да бар. Ал, байлар ше? Бҧлар қалай дегенмен, естірек қой, ненің не екенін біледі, бостан - босқа тҧзаққа тҥспейді. Ҽліптің артын бағады. Оларға ҿздерінің пайдасы саяси жағдайдан қымбаттырақ. Олардың патриотизмі осы ғана. Ҽңгіме партия қҧру жағдайында болса, қаржы жағынан кҿмектеседі‖ [3, 326-327].
Қазақ халқының барлық бҧғауда жҥріп біртіндеп оянуы, серпілуі, ҧлттық сана-сезімнің қалыптасуы, дамуы, қандай жолмен жҥре бастағанын жазушы осылайша шындық пен шешім тҧтастығымен танытуға тырысқан.
Қазақ тарихындағы ҧлттық сана тҧғырындағы кҿрнекті қайраткерлерді ҿмірлік шындыққа негіздей отырып бейнелеуде қаламгерлердің кҿркемдік шешімдері маңызды орын алады. Кҿркемдік шешім дегеніміз – шығарма арқауына негіз болған тарихилық желісінде оқиғалардың нанымдылығын, тҧлғалардың жан дҥние ҽлемін, кҿзқарас ҧстанымдарын жаратылыс-табиғат тынысымен, қоғамдық-ҽлеуметтік ортамен байланыстылығын кҿркемдік-эстетикалық танымға сҽйкес жинақтап бейнелеу. Бҧл – ҽдеби шығармалардың реалистік сипатпен дҽйектейтін ерекшелік.
Қорыта айтқанда, роман арқауындағы ҿмірлік шындықтың кҿркемдік шешімімен орындалуы ҿнердің эстетикалық тағылымын айқындайды. Адамдардың жаратылыс қҧбылыстарды, оқиғалары ортасындағы ішкі жан ҽлемінің қоршаған ортамен тҧтастығын да, ҥндестіктерді де, қарама-қайшылықтарды да кҿркемдік ойлау аясында саралау арқылы туындылардың шынайылығы анықталады.
Қазіргі қазақ романдарындағы уақыт шындығы тарихи тҧлғалардың тағылымды қызметін деректерге негіздей отырып бейнелеуді дҽйекті тҥрде жҥзеге асыруда. Қазақ тарихының кҿп жылдар бойы ақтаңдақ беттері болып келген олқылықтардың орындарын толтыру ҥшін қаламгерлер кҥрделі роман жанрындағы шығармалар арқылы бейнелеуде дерекнамалық негізділікке айрықша мҽн бере қарастыруда. Ҽсіресе, ХV–ХVІІІ ғғ. жҽне XIX–ХХ ғғ. белестеріндегі қазақтың халықтық-ҧлттық дербестігін сақтау жолында еңбек еткен, кҥрескен
қайраткер тҧлғаларды қазіргі заманғы талап тҧрғысынан жаңаша бағалауда қаламгерлер тың туындыларын оқырмандарға ҧсынып келеді.
Кҿрнекті жазушы Сҽбит Досановтың ―Ҧйық‖ [5] атты романының қҧрылымдық арқауында Қазақ елінің XX ғасыр басындағы тарихи оқиғалары алынған.
Романның тақырыбы – XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық-ҽлеуметтік тҧрмысы, идеясы – қазақ халқына материалдық жҽне рухани зардаптарын тигізген апатты оқиғалардың (Қазан тҿңкерісі, аштық, 1937–1938 жж. қуғын-сҥргін, т.б.) сипатын таныту.
Романның композициясы ―Сағыныш‖, ―Сабылыс‖, ―Тосылыс‖ деп аталатын ҥш бҿлімнен тҧрады.
Романның басты кейіпкерлері – Ахмет Байтҧрсынов, Міржақып Дулатов, Нҧрдҽулет Бабаханов жҽне т.б.
Бҧлармен бірге, романның идеялық-композициялық желісіндегі оқиғаларда кҿрінетін жанама кейіпкерлер (Аманхан, Тҧяқ, Асылхан, Гҥлайым, Кутовой, т.б.) де мол.
Роман бҿлімдерінің сюжеттік-композициялық желісінде Алаштың кҿрнекті қайраткерлерін олар ҿмір сҥрген кезеңдер оқиғаларының барысында кҿрсетеді. Романның эпикалық кең қҧлашты сипатына сҽйкес уақыт пен кеңістіктегі аса елеулі тарихи оқиғалардың қазақ халқының тағдырына ҽсер-ықпалын романтикалық жҽне реалистік кҿркемдік-эстетикалық сарындармен жеткізген.
Романтикалық сарындылық қазақтың ҧлттық санасындағы мҽңгілік еркіндікті, тҽуелсіздікті, биіктікті мҧрат тҧтқан рухани діл кеңістігінің болмысына баламаланған символдық-мегзеулік мҽні бар суреттеулермен де, кейіпкерлерінің диалогтары мен монологтарымен де сабақтаса қамтылған. Бҧл – қаламгердің кҿркемдік шешімінің кҿрінісі.
Романның басынан бастап аяғына дейін жазушы қазақтың ҧлттық діліне тҽн романтикалық-отаншылдық дҥниетанымның ең негізгісі даланың келбетін бҧндағы аңдар, қҧстар, ҿсімдіктер таулар белдер, алқаптар, ҿзендер, кҿлдер, бҧлақтар, т.б. – сан алуан кҿріністер тҧтастығын кейіпкерлердің сезім қҧбылыстарымен де, оқиғалармен де егіздей суреттеуді тҧрақты қолданады. Мысалы, романның алғашқы тарауының басталуындағы даланың тынысын, ондағы тіршілік қозғалысын суреттеулерден осындай романтикалық-отаншылдық кҿңіл-кҥй ҽуендерін сезінеміз:
―Буырқанған теңіз толқынына ҧқсаған ақбурыл аспан астында Ақбас бҥркіт ҧшып жҥр. Шырқау биікке шығып ап, айналаны отты кҿзімен шолған ол жер мен кҿктің арасындағы табиғат кҿріністері мен тіршілік иелерінің ҽрбір қимылын қалт жібермей қадағалайды. Ҧшықиырына кҿз жетпейтін Ҧлы Даланың байырғы тҧр- ғыны – жаны таңғы шықтай таза, рухы биік қазақ халқы киелі санаған қасиетті Ақбас бҥркіт тым биікте еді...
Ақбас бҥркіт тым биікте ҧшып жҥр. Ҧланғайыр Ҧлы Даладағы ҽрбір қимылды жастайынан қырағы байқап ҥйренген қыр қазағы Нҧрдҽулет қҧстың керегедей кең жайылған куатты қанатын, ҧзын қҧйрығын, алыстан кішірейіп кҿрінер ақ басын анық шолып келеді. Теңіз толқынындай бҥктетілген бетегелі белге шыға келгенде Нҧрдҽулет ат тізгінін тартып тоқтай қалды. Алдан айнадай жарқырап жатқан Шақпақ кҿлі кҿрінді. Жағалауын кҿк жасыл қҧрақ кҿмкерген кҿлге су ішуге қҧлаған бір топ киік желе жортып барады. Кең далада еркін жортқан желаяқ жҥйріктердің кҥрең тҥгі кҥн нҧрымен шағылысып жалт-жҧлт етеді. Алда кҿш бастаған кҿсемдері – ҿзгелерінен ҽлдеқайда ҥлкен ақтҿс, ақбурыл теке. Қаңтарылған аттай қайқайған басын оң мен солға кезек бҧрып, жан-жағын барлап келеді ол. Иісшіл танауын желге тосып, Сарыарқаның саумал самалын кеуде кере еркін жҧтқан киіктер тобы кҿлге жете мҿп-мҿлдір боп жатқан тҧп-тҧнық суды қомағайлана сімірді. Шҿлдері ҽбден қанған соң кҿл бетінде алаңсыз жҥзген аққу мен қазға қадала қарап тҧрды да, сҽлден соң Қҧсҧя жақты бетке алып, маң-маң басып кете барды...‖ [5, 4-5].
Бҧл қазақтың ҧлттық санасының поэтикалық мегзеумен бейнеленген суреті. Қазақ романтикасы – дала мен ондағы аң-қҧстардың, табиғат кҿріністерінің тҧтасқан қозғалыстарымен егізделген дҥниетаным. Қазақтың ата- бабалардан ҧрпақтарға ауысқан ҧлттық ҽуендері де Ҧлы Даланың кешенді сипатымен қосыла айқындалады.
Романның басталуынан - ақ поэтикалық-символдық бейнелеумен кҿрінген Ақбас бҥркіт – қазақ рухының кҿрінісі. Еуразия кеңістігінде мыңдаған жылдар бойы ерлік пен елдік ҧлағатымен қалыптасқан қазақтың ҧлттық-халықтық болмысын шексіз-шетсіз кеңістікті жан ҽлемімен мол қамтитын қалпымен осы Ақбас бҥркіт тҧлғасымен елестеткендей ҽсер аламыз.
Оның тҥр-тҧлғасын бейнелеуде поэтикалық даралаудың баламалы мағыналылығы айқын байқалады:
―Ҿзге бҥркіттер оның жанында тауықтың балапанындай ғана. Ҿзі ҿте ірі. Тҧтас тҧрқы қҧлындай. Жуан, етті сирақтарында білеуленген кҿкшіл тамырлары тарамыстай тартылып тҧр. Ҿзге қанаттылардың тҧяғынан ҽлдеқайда ҧзын тҧяғында тҿрт саусағы бар. Сол тҿрт саусақтың ішкі – жембасар, ортаңғы – сығым, сыртқы – шеңгел, артқы – тегеуірін – аталатын тҿртеу де қанжардай ҿткір қасқырдай қайратты. Тауда туып, томаға киіп кҿрмеген оның кҥндіз дамылдайтын тҧғыры да, тҥнде ҧйықтайтын тҧрағы да шың‖ [5, 6].
Қазақтың ата-бабалық ҧлттық рухымен баламалы тҧрғыда алынған осы Ақбас бҥркіт бейнесі романның идеялық сарынын қҧрайды.
Жазушының ҿзіндік кҿркемдік шешімі – романдағы басты кейіпкерлерінің ҥнемі осы Ақбас бҥркіттің зеңгір кҿкте қалықтап ҧшып жҥргенінен қуат алатынын сюжеттік-композициялық желіге ҿріп отыратындағы.
Романдағы кейіпкерлердің, оның ішінде Нҧрдҽулеттің Даласының ауасынан да, топырағынан да, ҿсімдігінен де, кҿкте самғаған қыран қҧсынан да қуат алатынын шығарманың идеялык-композициялық желісінде алу романтикалық сипатты танытады. Мысалы, басты кейіпкер Нҧрдҽулеттің туған ҿлкесіне алыстағы Ресейден,
Петербургтен жеткенше кҿруге асыққан, сағынған даласымен қауышқан сҽтіндегі кҿңіл-кҥйін, жан ҽлемі жағдайын романтикалық сипатымен ҿрнектелгенін оқимыз:
―Сағынған Ҧлы Даласын қашан кҿргенше жҥрегі алып ҧшып қатты асығып еді. Енді сол Ҧлы Даланың саумал самалын қҧшырлана жҧтып тҧр. Айдалада айналаға сҥйсіне қараған Нҧрдҽулет сҽлден соң аттан тҥсіп, туған жердің топырағына бауырын тҿсеп жата кетті. Мҧрынына жусанның иісі келді. Бала кезінен таныс ашқылтым иіс. Иіскеген сайын жанына жағып барады. Енді бір сҽт ол бірер тал жусанды жҧлып алып аузына салды. Асықпай шайнап, жусанның сҿлін жҧтты. Сҽл ашқылтым, кермек дҽм кҿкірегін шайдай ашты. Сол сҽт жолсоқты боп ҧйыған аяқ-қолының қҧрыс-тҧрысы жазылып жҥре берді. Бойына тың кҥш біткен Нҧрдҽулет орнынан сергек тҧрды. Қҧлындай қҧлдырып, айналаға ғашық кҿзбен қарады‖ [5, 5-6].
Қазақтың ҧлттық ділінің даласының отарлануы, жат жерліктердің иелігіне тҥсуі – XX ғасырдың басында айрықша ҿрістегені, нығая тҥскені мҽлім. Қазақстан тарихының зерттеулері деректерімен дҽйектеп айтқанда:
―XIX ғ. басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облыстан тҧрады: Сырдария мен Жетісу облыстары Тҥркістан генерал-губернаторлығының (орталығы Ташкент қ.), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының қҧрамына кірді. Ішкі (Бҿкей) Орданың территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қарады.
1897 ж. Бҥкілресейлік Халық санағының мҽліметтері бойынша ҿлкенің қазіргі шекарасы шебіндегі территориясында 4147,8 мың адам тҧрды, мҧның 3392,7 мыңы немесе 81,7 проценті қазақтар болды. 1914 ж.
қарай ҿлке халқының жалпы саны 5910,0 мың адамға жетті. Солардың 3845,2 мыңы немесе 65,1 проценті қазақтар еді. Ҿлке халқының ҿсімі ҿзге жағдайлардан басқа, негізінен алғанда, ҽсіресе, столыпиндік аграрлық реформадан кейін Ресейден Ақмола, Жетісу жҽне Торғай облыстарына жаппай ағылып келген қоныс аударушылар есебінен кҿбейген. XX ғ. басында ҿлке халқы бҧрынғыдан да кҿп ҧлтты бола тҥсті‖ [6, 275]. Бҧл – уақыт шындығы.
Кҿркем шығарманың поэтикалық заңдылығы аясында осындай уақыт шындығын ҧлттық діл иесі Қыран тектес ата-баба рухының сілкінуімен, тітіркенген тҧрпатты қозғалыстарын суреттеген ойлармен жеткізген. Кең аспан мен шалқар дала кеңістігін тҧтастай жанарына сыйғыза қалықтап ҧшып жҥрген қыранның тҧрпаты да, оның жан ҽлеміндегі қҧбылыстар да лирикалық-психологиялық кҥрделі болмысымен бейнеленген.
Романның алғашқы тарауларындағы осы Ақбас бҥркіттің мазасызданған кҿңіл-кҥйін баяндау арқылы кезең шындығы, қазақ даласының хал - ахуалы кҿрсетілген. Ақбас бҥркітті ҿте қатты мазасыздандырған, кҥйзелткен кҿріністер (қарашекпенді орыс мҧжықтарының шҧбырып келіп қоныстағаны, даладағы қоныстардың қаңырап қалғаны, тҿрт тҥліктің, аң-қҧстардың сирегені, т.б.) адамдарды да, қыранды да жабықтырады. Ақбас бҥркіттің жҥрегіндегі Ҧлы Даланың бҧрынғы сҽнін ойлаған сағынышы да, атамекендерінен айырылған қазақтарға деген аянышы да, қазақ тҧлпарларының орнына келген ―жылқыдан гҿрі есекке кҿбірек ҧқсайтын тҿртбақ мҽстек аттарын, жайлаудағы қой орнына қорсылдаған шошқаны кҿргенде‖ [5, 7] тҧтанған ашуы да, саңқ еткен дауысы да ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ҥніндей сезіледі.
Жазушының уақыт шындығына деген қазақ ҧрпақтары санасындағы ҧлттық рух сілкінісін осы Ақбас бҥркіттің ішкі монологы арқылы бергені романтикалық сарындылығымен оқылады:
―Қайран ақкҿңіл, аңқау қазағым-ай, – деп ойлады Ақбас бҥркіт – жеріңді мылтықсыз жаулап жатса да қашанғы жайбасарлығыңнан танбай жайбарақат жҥрсің. Кҿлден шҿлге осылай ығыса берсең арты не боларын ойладың ба: жер азып, табиғат тоза бастаса да байырғы қалың ҧйқыдан оянар тҥрің жоқ. Туған жер біздің анамыз, табиғат біздің панамыз емес пе? Тіршілік иесі анасы мен панасын кҿзінің қарашығындай сақтамас па, жанын сала қорғамас па? Анасы мен панасынан айрылған тіршілік иесі тірі жетім емес пе? Жан біткеннен ақылы асқан адамдар осыны неге ойламайды? Атам заманнан бергі атамекеніміз кҿлден шҿлге, гҥлден кҥлге айналмасын десеңдер – Табиғат-Анаға тағылықпен қарауды, Аллатағала жомарттықпен сыйлаған жаратылыс байлығын тонауды тоқтатыңдар. Мына жарық дҥниеде артық жаратылған ештеңе жоқ. Табиғаттың тірегі – тепе-теңдік пен ҥйлесім. Бҧл дҥниеде ештеңе ізсіз кетпейді. Судың да сҧрауы бар‖ [3, 6-7].
―Ҧйық‖ романының идеялық бағдары да XX ғасыр басындағы қазақтың ҧлттық рух оянысын, уақыт шындығын қыран тҧлғалас қайраткерлердің сілкінген іс - ҽрекеттері арқылы аңғарту. Романның бҿлімдеріндегі басты кейіпкерлердің (Ахмет Байтҧрсынов, Міржақып Дулатов, Нҧрдҽулет Бабаханов, т.б.) ҧлт тағдыры жолындағы кҥрескерлік-қайраткерлік қызметтері роман композициясына желі болып тартылған асқақ лирикалық-психологиялық сарындылығы ҽсерлі поэтикалық тартымдылықпен танытылады.
Романның идеялық-композициялық желісінде жат ықпалдар қанша қҧрсауласа да негізділігін сақтаған, жоғалмаған қазақ рухының мықтылығы ҧлттық-этнографиялық бейнелеулер арқылы дҽлелденген. Ҽсіресе, қазақтың қонақжайлылығы, киіз ҥйдің сҽнді қҧрылысының сақталуы, тҿрт тҥлік малды баққан шаруақорлығы, туыстық - ағайындық байланыстардың нығая тҥсуі – бҽрі де уақыт шындығы екендігі қамтылған. Қазақ даласына Ақпан, Қазан тҿңкерістерінің зардаптары қанша ҽсер етсе де, бҽрібір ҧлттык ділдің тҥпкі негіздерін біржолата ҿшіре алмағандығын шығарма желісіндегі кейіпкерлер, ҽлеуметтік орта жағдайлары арқылы аңғартқан. Ҽсіресе, казақтың ататектік - ҽулеттік шежіресін, жыраулық-ақындық дҽстҥрлерін жоғалтпаған қасиеттерін саралап, танытатын эпизодтар мол. Роман желісінде Асан Қайғының, Шалкиіздың, Сҥйінбайдың, т.б. ақын-жыраулардың жырларынан қуаттанған халық ортасы суреттелген. Ең бастысы – қазақ рухының қуаттылығын дҽлелдейтін қасиетті туған жерінен, атамекенінен мҽңгі ажырамайтын тҧрақтылығын танытатын мінез-қҧлық тағылымы айрықша айқын бейнеленген.
Қорытынды. Қорыта айтқанда, жазушы С. Досановтың ―Ҧйық‖ романында қазақ тарихының отарлық бҧғауда болған кезеңдерінің шындығы кҿркем прозаның эпикалық кеңістігі аясында қамтылған. Қаламгердің кҿркемдік шешімімен адам мен табиғаттағы басқа да тіршілік иелерінің, қҧбылыстардың ҥндес, тектес қасиеттері егізделе баламаланған. Шығарманың идеялық-композициялық желісіндегі тарихи оқиғалар, қайраткерлер қызметтері арқылы қазақтың ҧлттық рух негіздерінің мҽңгі сақталған, болашаққа ҧласатын қуаттылығы дҽлелденген.
Қазіргі қазақ романдарындағы халық тарихындағы қайғылы, қасіретті кезеңдеріндегі ҧлттық- этнографиялық дҽстҥрлерді де уақыт шындығы оқиғаларымен сабақтастыра ҿреді. Қазақтың кең-байтақ даласының, тез жиналып, жылдам кҿше жҿнелетін киіз ҥйлі тҧрмысының бостандығын бала-шаға, тҿрт-тҥлігі амандығын ойлап басқа ҿлкелерге, бейтаныс мекендерге ҥдере кҿшіп тартып кететін ата-бабалық кҿңіл кҥй психологиясы.т.б. бҽрі де ҧлтымыздың сақталуына себеп болғандай ҽсер береді. Қаншама жат ықпалдар, басқыншылықтар, отарлау озбырлықтары дендеп кіріп, жалпақ қазақ даласын албастыдай басса да, ішкі діл рухының сақталуында ҧлттық салтдҽстҥріміздің ҥздіксіз жалғаса сақталуынан екендігін романдар поэтикасы жҥйесінен аңғарамыз [7, 193].
Қазіргі қазақ романдары – қазақ сҿз ҿнері мҧраларының бҧрынғы жҽне кейінгі кҿркемдік дҽстҥрінің жалғасы, сонымен бірге ҽлем ҿркениетіндегі ҽдеби ҥдерісінің бір арнасы. Кҿркем шығармалардың ҽдеби ҥдерісті қҧрайтын шығармашылық ықпалын, ҧлттық тарихтың ақтаңдақ беттерін қамтыған туындыларды эстетикалық таныммен бағалау, кҥрделі тағдырлы тарихи тҧлғалар мен оқиғаларды ҽдеби ҥдерісті талдаудың жаңашыл методологиялық ҽдіс-тҽсілдермен [8] қарастыру – ҥнемі дамудағы ҧлттық сҿз ҿнері мҧраларын терең тануға, бағалауға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қабдолов З. Сӛз ӛнері: әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1983. – 368 б.
2 Қирабаев С.С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
3 Қонаев Д.А. Ӛтті дәурен осылай.– Алматы: РГЖИ: «Дәуір», МП «Ынтымақ», 1992. – 446 б.
4 Бӛкейхан Ә. Таңдамалы. Қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми зерттеулер, еңбектер: монографиялары, мақалалары, сӛздері, баяндамалары, ӛлеңдері, аудармалары, хаттары. – Алматы: Бас редакциясы, 1995. – 479 б.
5 Досанов С. Қылбұрау (Ұлы Даланың ұлы қайғысы): Роман. – Алматы: Атамұра, 2003. – 400 б.
6 Қазақстан тарихы кӛне заманнан бүгінге дейін. – Алматы: Дәуір, 1994. – 448 б.
7 Айтимов М.К., Каримова Г.С. Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық сипат (Жазушы С.Елубайдың ―Ақ боз үй‖ романтрилогиясы негізінде). «Филология ғылымдары» сериясы,№4 (74).-190 б.
8 Методология анализа литературного процесса. – М.: Наука, 1989. – 237 с.
References:
1 Kabdolov Z. Soz onerı: Adebiet teoriasynyn negızderı. – Almaty: Mektep, 1983. – 368 b.
2 Kirabaev S.S. Adebietımızdın aKtandaK betterı. – Almaty: Bılım, 1995. – 288 b.
3 Konaev D.A. Ottı dAuren osylai.– Almaty: RGJI: «DAuır», MP «YntymaK», 1992. – 446 b.
4 Bokeihan A. Tandamaly. Kazak jAne orys tılderındegı gylymi zertteuler, enbekter: monografialary, maKalalary, sozderı, baiandamalary, olenderı, audarmalary, hattary. – Almaty: Bas redaksiasy, 1995. – 479 b.
5 Dosanov S. Kylburau (Uly Dalanyn uly Kaigysy): Roman. – Almaty: Atamura, 2003. – 400 b.
6 Kazakstan tarihy kone zamannan bugınge deiın. – Almaty: DAuır, 1994. – 448 b.
7 Aitimov M.K., Karimova G.S. Kazırgı Kazak romandaryndagy ulttyK sipat (Jazusy S.Elubaidyn ―AK boz ui‖
romantrilogiasy negızınde). «Filologia gylymdary» seriasy,№4 (74). –190 b.
8 Metodologia analiza literaturnogo prosesa. – M.: Nauka, 1989. – 237 s.
МРНТИ 18.45.07 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.33 Әкімбек А., 1 Исламбаева З.У. 2
1,2 Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық ӛнер академиясы, Алматы, Қазақстан
“AБAЙ” СПЕКТAКЛІНІҢ ЖАҢА ОҚЫЛЫМЫ
(Қ.Қуaнышбaев aтындaғы мемлекеттік академиялық қaзaқ музыкaлық дрaмa теaтрының мысалында)
Aңдaтпa
Мaқaлaдa aвтoрлар Қ.Қуaнышбaев aтындaғы мемлекеттік академиялық қaзaқ музыкaлық дрaмa теaтрының репертуарындағы М.Ҽуезoвтің ―Aбaй‖ трaгедиясы бойынша сахналанған спектакльге талдау жасаған. Мҧнда Абайдың қазақ қоғамындағы орны мен оның шығармашылығының ҽрбір буын ҧрпақ ҥшін маңыздылығына