• Tidak ada hasil yang ditemukan

ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОР РЕТІНДЕ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОР РЕТІНДЕ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК

«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»

28 апреля 2015 года

АСТАНА - 2015

(2)

2 УДК 159.9 (091) (574)

Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент

«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)

– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.

ISBN 978-601-7429-81-2

В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»

(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.

Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.

ISBN 978-601-7429-81-2

© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015

(3)

39

Психологические особенности могут проявляться в комплексе или отдельно друг от друга, могут быть выражены в различной степени. Все это обусловлено целым комплексом социальных условий развития личности ребенка и индивидуальными особенностями его психики.

Таким образом, специфика психолого-педагогических характеристик детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, определяется сложным комплексом причин, что вызывает необходимость специального индивидуального обследования таких детей.

Все негативные особенности детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, выросших в неблагополучных семьях, свидетельствуют о низком уровне социализации, отсутствии у них ценностных ориентаций и слабой адаптированности к нормальной социальной жизни. Социализация возможна в процессе длительного позитивного влияния на ребенка и оказания ему психологической и социально- педагогической поддержки.

Список использованных источников

1. Закон Республики Казахстан от 08.08.2002 N 345-II "О правах ребенка в Республике Казахстан"

2. Боулби Дж. Создание и разрушение эмоциональных связей. М.: Академический проект, 2004. 232 с.

3. Алимбекова Г. Дети-сироты: состояние, проблемы, перспективы//Мысль. 2004. №3 4. Баймуканов А. Социальное сиротсво как одна из серьезных проблем нынешного времени

//Воспитание школьников. 2009. №11

5. Булекбаева С.Е., Бурдина Е.И. Теоретико-методологические основы психологии.

Павлодар. 2009

6. Закарьянова Ш.И. Проблема сиротства в современной психолого-педагогической науке//

Воспитание школьников. 2006. №5

ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ БАҒЫТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОР РЕТІНДЕ

Айтышева Айгуль Мукатаевна

психология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан

Жоғары мектепте білім алушы болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетке дұрыс бағыттаудың бірден-бір жолы - әр түрлі мақсатпен, себептермен(мамандықты өз еркімен таңдағандармен қатар басқалардың нұсқауымен, кеңесімен, т.б.) жоғары білім алушыларды сол мамандықтың сыр-сипатымен таныстырып, оның маңыздылығы мен мазмұнын, күрделілігі мен қиындығын түсінуге көмектесетін психология пәнін тиімді ұйымдастыру. Психология пәнінің барлық мамандықтар үшін міндетті түрде енгізілуі студенттің болашақ кәсібіне психологиялық жағынан дайын болуына септігін тигізері сөзсіз.

А.К.Маркованың айтуынша: «Мамандықтар – бұл қоғамда қажетті, тарихи қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек» [1].

Ж.Аймауытов: « ... қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс» - деп жазған екен [2].

Мамандықтар бойынша психологиялық білімді меңгертудің сан алуан тәсілдерін

(4)

40

қолдану мүмкіндіктері күннен күнге артып келеді. Студенттерге дәстүрлі тапсырмалардан бастап (конспектілеу, аннотациялау, тезистер құру, әдебиеттерге шолу жасау, т.с.с.) психологиялық ұғымдар мен түсініктерге өмірден мысалдар жинастыру, психологиялық проблемалар туралы реферат-шығарма жұмыстарын орындау, психологиялық мазмұнда мақала құрастыру, арман-мақсаттардың проспектісін құру және оны қорғау, студенттің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен дамыту бағытындағы тәжірибелік жұмыс түрлері, психологиялық кеңес алуды қажет ететін әлеуметтік-психологиялық мәселелерін анықтап белгілеу, оларды шешу жолдарын жоспарлау және т.б. жұмыс түрлерін кез-келген оқытушы қолдана алады [3].

Сабақтардың әртүрлі формалары – соның ішінде дәріс - оқытушының студентті білімге тарту, ендіру формасы болса, семинар және практикалық сабақтар студенттердің өз бетімен білім алуын қарастыратынын ескере отырып осы тапсырмаларды жүйелі қолданып отыруға болады.

Дәріс материалы қанша көлемді болса да оны түсіну, ары қарай кеңейтіп білуге ұмтылу студентке байланысты. Психологияны меңгеру барысында студенттердің болашақ кәсібі үшін аса маңызды болып табылатын келесі танымдық әрекеттер қалыптасады:

1. Өз бетімен оқу, іздену. Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер – берілген ғылым бойынша болашақ мамандардың игеруіне қажетті білімдік жүйені қамтамасыз етеді. Шын мәнінде ғылымды игеруді қамтамасыз ететін және оның болашақ кәсібіне дайындығын сапалы ете түсетін аса маңызды әрекет - өз бетімен іздену. Психологияны оқып, меңгеруге студент қызығушылық ниет білдіретін болса, ол оқыған әдебиеттерден алған мәліметтерінен жаңаны ұғынғандай әсер алады;

2. Қосымша тапсырмалар мен жаттығулар орындау – бұл да студенттің өз бетімен әрекет етуіне арналған жұмыс болғанымен, арнайы тапсырмалар, немесе белгілі бір тақырыптық, бөлімдік біліммен шектеледі. Ол үшін де алдыңғы ізденісі көмекке келуі қажет.

3. Алған білімін іс жүзінде қолданып көру, өз мүмкіндігін шамалау. Психологияны, психологиялық білімді меңгерудің өзіне тән қиындықтары бар. Солардың бірі – ғылыми еңбектердегі кейбір дәйектемелердің дәлелді көрінбеуі. Анықтамалардың мән-жайын жете түсініп, өмір тәжірибесінде қолдана білу студенттің өзіндік пайымдауына тәуелді.

Студент өз мүмкіндіктері мен шамасына қарай айтылған ойды тәжірибеде тексеріп көру қажеттігін сезінеді.

4. Психологиялық білімі мен тәжірибесін басқаларға тарату – студенттердің психология пәні арқылы орындалатын жетістіктерінің бірі.

Психологиялық білімді меңгеру барысында қолданылған арнайы тапсырмалар студенттердің психологиялық білімді меңгеру сапасын көтерумен бірге, кәсіби даярлығын арттыратындығы, және тұлғалық даму деңгейін көтеріп, алған білімдерін өмір тәжірибесінде қолдана білу қабілеттерін жетілдіретіндігі анық.

Бірінші курста мамандығы туралы ақпараттардан аз хабардар болатын студент жастардың келесі курсқа өткеннен кейін болашағы жайлы адекватты жоспарлар құра бастайтынын байқауға болады. Екінші курсқа өткен студент өзінің барлық мүмкіндіктері мен потенциалын қалай қолдануға болатынын сезіне бастайды. Сондықтан да, не мамандығын ауыстырады, не сол мамандықты аяғына дейін меңгеріп көруді мақсат етіп, қиындықтарға қарамастан алға ұмтылады. Әрине бұл белсенді студенттерде байқалатын құбылыс. Ал, ата-анасына сеніп, немесе олардың айтқанынан шықпайтындар, сондай-ақ өзінің жасқаншақтығына байланысты да еріксіз өзі қаламаған мамандық бойынша оқуын жалғастыра беретіндер де кездеседі.

Ұжым ортасына түсуі үшін тұлға соған қажетті мінез-құлықты көрсетуге лайықты шыдамдылықты, не керісінше, тұйықтықтан шығу үшін ашықтық пен көпшілдікті өз бойына дарыта білуі керек. Бұған қарағанда, тұлғамен жеке жұмыс тәсілінде басқа мінез бітістері басым көрінеді, мұнда баға беруші субъект оқытушы болғандықтан, студент сол

(5)

41

арқылы өзін-өзі бекітуге тырысады. Осы ұмтылыстарды студенттің жағымды тұлғалық қасиеттерін анықтап, жетілдіріп отырумен бірге, оның потенциалдық мүмкіндіктерінің көрінуіне кедергі келтіретін теріс қылықтарын талдап отыру үшін де пайдаланған жөн .

Студенттердің өзін бағалауы мен болашақ мамандығына мотивациясының қалыптасуы арасында белгілі бір байланыс бар екендігін анықтау арқыцлы студенттерге психологиялық білімді меңгертуде олардың оқудағы белсенділіктері мен тұлғалық дамуын ұйымдастырып отырудың жолдарын белгілеуге болады. Ол үшін студенттердің оқудағы белсенділіктерінің төмендеуі мен шығармашылығына кедергі жасайтын тұлғалық факторлар туралы білген жөн:конформизм, өзіне сенбеу, немесе өзіне шексіз сену, эмоциялық тұрақсыздық, теріс эмоциялардың басым болуы, тәуекелдіктен қашу, жетістікке жету мотивациясының төмендеуі, тұлғалық қорғану механизмдерінің күштілігі.

Ал бұларға керісінше, жақсы оқу мен белсенділікке көмектесетін тұлғалық сапаларға студенттің өзіне-өзінің сенімділігі, жағымды эмоциялардың басым болуы, тәуекелшілдік, әзіл-қалжыңды түсіне білу, болашаққа жоспар құру мен фантазияға икемділігі жатады.

Студенттердің болашақ мамандығына дайындығын жетілдіруде психология пәнінің мүмкіндіктерін (тәжірибелік әдістерін) қолдану білім алушылардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына қатысты келесі міндеттерді шешеді:

 жастардың психикалық денсаулығын сақтау, түрлі эмоциялық нашар өзгерістердің алдын алу, психикалық қысымнан босату, жоғары мектепке бейімделуіне көмектесу;

 әр студенттің өзін көрсетуіне, шығармашылық күшін шыңдауына, танымдық белсенділігін арттыруына, дербес ойлауын дамытуына жағдай жасау;

 студенттің өзін түсінуіне, өзіндік «Менін» сезінуіне, өзіне өзінің сенімділігін қалыптастыруына мүмкіндік беру;

 өзін психикалық реттеуі мен өзін бақылауын ырықты түрде қалыптастыруына ықпал ету;

 қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыра отырып, адамдармен ортақтасуға үйрету:

 студенттердің психологиялық құзыреттілігін (компетенттілігін) дамыту: мінез құлықтың қолдануға болатын әлеуметтік нормаларын меңгерту, ортақтасу субъектісі ретіндегі «басқамен» санасуға, түрлі өмір жағдайларына байланысты дұрыс шешімдер жасауға үйрету және т.б.

Көп жағдайда жастардың мамандық таңдап, оқуға түсуі кездейсоқ жасалады. Өз қалауына сәйкес келе бермейді. Ата-ана, ұстаздар, үлкендер жағы бағыт бергенімен, жасөспірімнің өз мүмкіндіктері мен ерекшеліктері мамандықтың талаптарына жауап бере алмауы мүмкін, немесе үлкен өмірге аттаған қадамына сенімі жоғары жастар басқалардың пікірімен санаса бермейтін жағдайлар да болады. Ал, жоғары оқу орнына түскен жағдайда да күткен нәтижелері оң шешімін таппай қалуы да кездеседі. Себебі жоғары оқу орны студенттерге кәсіби білім мен дағдыларды дарытқанымен, олардың тұлғалық дайындығына мән бере бермейді.

Сондықтан, студент өзінің қажеттіліктері, потенциалдық мүмкіндіктері, ұмтылыстары мен жоғары білім алу жағдайындағы шектеулі талаптар арасында пайда болатын қайшылықтарға кездеседі. Жоғары оқу орнының оқытушысы аталған сипаттарды студент бойынан көре тұра оларды түзетуге жағдай жасау мүмкіндігіне ие бола бермейді.

Жоо талаптары негізінен білім беруге бағытталғандықтан, басты мақсаттарға сай оқу әрекеттерінің рөлі басымырақ болады. Тәжірибелі, өмірден жиған-тергені мол педагог кез-келген ғылыми білімді меңгертуде жастарға бағыт көрсетуді, өмірлік мәнді кеңестер беруді ұмытпай, білімді тәжірибемен байланыстырудың мәнісін түсінеді. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, кәсіби білім оқудағы белсенділікпен ғана бағаланып, ал жеке адам мазмұны назардан тыс қалып жатады. Осы тәріздес мәселелерді шешуде студент жастарға психологиялық білімді өмірмен, студенттің жеке тәжірибесімен тікелей байланыстыру қажет болады.

(6)

42

Сонымен, білім алушылар психология пәнінің маңыздылығы арта түсуі үшін келесі мәселелер шешімін табуы қажет:

Жалпы алғанда студенттердің психология пәнінен күтетіндері тек теориялық мәселелер ғана емес, психологиялық тәжірибенің мүмкіндіктерін де пайдалану екендігі анық, сондықтан білім алушылардың өз мүмкіндіктері мен психологиялық әлеуеттерін анықтау әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Студенттер психология пәнінің оқытушысынан көп көмек күтетіндігі, жоғары білім алуға байланысты ғана емес, өмір жағдайларына да қатысты ақыл-кеңесті қажет ететіндіктен,оқытушы бұл талаптар көлемінен көріне білгені жөн.

Оқу дағдылары жоғары оқу орнына бейімделмегендіктен, психология пәнін оқып- меңгеруге қажетті арнайы жұмыстарды ұйымдастыру керек, өйтпеген жағдайда олардың білімдері спонтанды түрде болып, алған бағалары шын мәніндегі меңгере алатын біліміне сәйкес келмейтін болады. Ал, бұл жағдай көптеген жастарды оқуды тастауға, басқа мамандыққа ауысуға (мамандығын дұрыс таңдауына күдік ұялатады), өзін басқалардан төмен ұстауға, т.с.с. негативті әрекеттерге итермелеуі мүмкін.

Психологияны оқытуда психологиялық тәжірибенің әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттігі жоғарғы мектептің қазіргі заманғы талаптарынан туындап отыр. Психология пәнi жоғарғы оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрiне айналды.

Жас адамның (студенттің) дамуға деген ішкі белсенділігі оқу процесі үстінде кеңінен ашылады. Оның барлық максималды потенциалдық мүмкіндіктеріне сай оқу үрдісін қалыптастыру нәтижесінде тұлғалық дамудың биіктігіне бойлауға болады.

Психология пәнін студенттерге меңгертуде жоғары мектептің психология пәнінің оқытушысы тек педагог қана емес, психолог маман сапасында да көріне білуі біз мән беріп отырған қазіргі заманғы маманды даярлауда басты рөл атқарады.

Қолданылған әдебиет 1. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 2006.

2. Ж.Аймауытов. Психология. – Алматы,1995.

3. Айтышева А.М. Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар. Астана, 2006.

ВЛИЯНИЕ МОТИВАЦИИ УСПЕХА И ИЗБЕГАНИЯ НЕУДАЧ НА УРОВЕНЬ СКЛОННОСТИ К РИСКУ У СТУДЕНТОВ

(на примере обучающихся ЕНУ им. Л.Н. Гумилева) Алтынбек Жадыра Кайраткызы

студентка 3 курса, специальность 5В050300-Психология, Евразийский национальный университет, Астана, Казахстан

Научный руководитель - Г. Бекеева

Мотивации и мотивам посвящено большое количество работ как отечественных (В.Г. Асеев, В.К. Вилюнас, С.М. Джакупов, В.И.Ковалев, и др.), так и зарубежных авторов (А. Маслоу, Х. Хекхаузен и др.). По данному вопосу разработан целый ряд методик, позволяющих оценить степень выраженности потребности человека в достижении успеха в любой деятельности.

Понятие "риск" также является одним из ключевых в описании деятельности человека, в особенности процесса принятия решений. В то же время нет четкого понимания, насколько сильно влияет базовый уровень мотивации и склонности к риску на работоспособность человека.

Referensi

Dokumen terkait