• Tidak ada hasil yang ditemukan

Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына (ҚР МЖМБС және ҚР МЖМБС сәйкес 050507- Менеджмент 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасын қарастыруымызға болады (1 кесте)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына (ҚР МЖМБС және ҚР МЖМБС сәйкес 050507- Менеджмент 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасын қарастыруымызға болады (1 кесте)"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

«МЕНЕДЖМЕНТ» ЖӘНЕ «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» МАМАНДЫҚТАРЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Шамишева Н.Қ., э.ғ.к., менеджмент кафедрасының доценті

Жаңа гуманистік білім беру парадигмасы білім беру жүйесі алдына маңызды міндет қояды: тез өзгермелі әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделетін, өзіндік қызметті ұтымды ұйымдастыратын білімді, шығармашылық адамды дайындау. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне интеграцияланған ел экономикасында, әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістерге оны неғұрлым бейімдеуге бағытталған.

Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына (ҚР МЖМБС 3.08.311-2006 және ҚР МЖМБС 3.08.314-2006) сәйкес 050507- Менеджмент 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасын қарастыруымызға болады (1 кесте).

Кестеден болашақ мамандарды даярлау үшін бүгінгі студентке білім беруде университеттің профессор-оқытушылар құрамына көп міндеттер жүктелетіндігін көруге болады. Кредитік оқыту жүйесінде бұл міндеттерді шешу инновациялық технологиямен ғана оң нәтиже беретіндігі және ЖОО оқытушысының оны таңдау және қолдануда басты рөл атқаратындығы көпшілікпен мойындалып отыр.

Оқытудың инновациялық технологиясының оң нәтижесіне келетін болсақ, оқу үрдісіне инновациялық технологияларды қолдану қазіргі заманғы білім берудің анықтаушы белгісі ретінде қарастырылуда. Бүгінгі күні жиі кездесетіндері келесілер болып табылады:

- ЭЕМ пайдалануға негізделген технологиялар;

- Интернет-технологиялар;

- Компьютерлік оқытушы және бақылаушы бағдарламалар;

1 кесте. 050507- Менеджмент 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының біліктілік сипаттамасы

050507- Менеджмент мамандығы

050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

1 2 3

Кәсіби қызметінің функциясы

- өнеркәсіпті дамытудың және басқарудың негізгі бағыттарын жоспарлау

- басқарудың мақсаттары мен міндеттерін, олардың тиімділігін анықтау

- өндірістік объектілер

- әкімшілік-аумақтық бірліктердің (округтардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың) және ҚР- сының әр түрлі сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамуды басқару іс-әрекетін жүзеге асыру

- әкімшілік-экономикалық тетіктерді

(2)

құрылымдарын қалыптастыру және басқарудың құрылымдарын, өндірістік аппаратты оңтайлы құру

- өндіріс технологиясын және техникасын жетілдіру

- персонал мотивациясын, олардың еңбектерін жетілдіру;

- басқару қызметінің барлық жақтарын бақылау және үйлестіру

- материалды және материалды емес өнеркәсіп саласындағы инновацияларды енгізу

жетілдіру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыру мақастында аумақтардың, әкімшілік аудандар мен облыстардың әлеуметтік- экономикалық даму процесін сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу

- жалпымемлекеттік мүдделердің басымдылығын сақтай отырып, оларды жүзеге асыратын жергілікті факторлар мен шарттарды ескеретін ғылыми негізделген шаруашылық шешімдер қабылдау

- экономиканың көпуладтылығы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік даму перспективасын ғылыми дәлелдеу үшін жоспарлы- болжамдық есептеулер жүргізу

- экономиканы дамыту және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері жөнінде заңдылыққа бастамашылық білдіруде жергілікті өкілетті органдардың белсенділігін

ынталандыру мақсатымен

аналитикалық, анықтамалық, нормативті-нұсқаулық және басқа да материалдарды дайындау

- еңбек құралы мен нәтижесіне меншік нысандарының әр түрлі арақатыс жағдайында тек жергілікті шаруашылықтың ғана емес, экономиканы басқарудың жергілікті органдарының да құрылымының тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу

- Білім беру сапасын арттыруға ықпал етуші оқытудың ақпараттық технологиялары;

- Оқыту тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар;

- Студенттердің танымдық қызметін белсенді етудің инновациялық формалары, белсенділік фокусын оқушы тарапына ауыстыру.

ЖОО оқытушысына келетін болсақ, ЖОО оқытушысы – кәсіби қызмет мазмұны бойынша көпшілікке қол жетімсіз қасиеттер жиынтығына ие болуы тиіс тұлға: ол оқу үрдісі жобасын жасау, оқыту технологиясына түрлі ұстанымдарды үйлестіруі, оқытудың инновациялық жүйелерін қолдануы, педагогикалық рефлексияны жүзеге асыруы, яғни кәсіби-педагогикалық қызметтің шығармашылық, проблемалық міндеттерін шешуі тиіс. Дегенмен, тәжірибеде ЖОО оқытушылары оқытудың қазіргі заманғы технологиясын

(3)

таңдау мен жүзеге асыруда қиындықтарға соқтығысады. Өйткені, аталмыш технологияны қолданудың өз шығындары жеткілікті, нақтырақ айтатын болсақ, бұл:

- оқытушыдан пән бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге көп күш пен уақытты бөлуді;

- ЖОО-дан технологиялық құралдармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Инновациялық технологияны қолдану ақырғы нәтижеге бағдарланады.

Бұл бағытта оқыту технологиясын өзгерту оқытушы қызметін ақпараттықтан ұйымдастырушылыққа (студенттердің өзіндік оқу-танымдық, ғылыми- зерттеу және кәсіпқой-тәжірибелік қызметтеріне жетекшілік бойынша) бағдарлануға бағытталуы тиіс. Бұл студенттердің ғана емес, оқытушылардың да тұлғалық белсенділік деңгейін көтеруді білдіреді.

Инновациялық технологияларды әзірлеу және тарату, білім беру үрдісінде қазіргі заманғы компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялық құралдарды қолдану инновациялық технология тиімділігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды үнемі жетілдіру соңғы жылдары білім беру сферасында жоғары қарқынмен жаңа енгізулерді ынталандыруға және жеделдетуге өз үлесін қосуда. Білім беру үрдісінде инновациялық технология тиімділігіне қол жеткізу үшін кең мүмкіндіктер спектрінен қолданылатын технологиялық құралдарды таңдау мәселесін шешу қажет.

Бүгінгі күні қазіргі заманғы технологиялық құралдар арсеналы жеткілікті көп түрлі, сонымен бірге ол біздің көз алдымызда тез кеңеюде.

Инновациялық білім беруде бүгінгі күні қолданылатын технологиялық құралдардың негізгі типтері ретінде келесілерді атауға болады:

 басып шығарылған материалдар;

 аудио және бейнекассеталар, бейнедискілер;

 телефон;

 радио және телевидение;

 электронды пошта;

 компьютерлік оқыту бағдарламалары;

 World Wide Web.

 Телеконференциялар (аудио-конференциялар, аудио-графикалық, бейнеконференциялар, компьютерлік конференциялар).

Инновациялық технологиялық құралды тиімді таңдау мен қолданудың негізгі қағидалары ретінде келесілерді атауға болады:

 Оқу үрдісінде ақпараттық технологияның өзі емес, оны қолдану білім беру мақсатына қаншалықты қызмет ететіндігі маңызды.

 Неғұрлым қымбат және неғұрлым қазіргі заманғы технологиялар неғұрлым күшті білім беру нәтижесін қамтамасыз ететіндігі міндетті емес.

Керісінше, көбінесе жеткілікті үйренген (дәстүрлі) және қымбат емес технологиялар неғұрлым тиімді болады.

 Оқыту нәтижесі коммуникациялық және ақпараттық технология типінен емес, курсты әзірлеу және ұсыну сапасынан едәуір тәуелді.

(4)

 Технологияны таңдауда кейбір технологиялардың студенттерге тән белгілерге, нақты пән облысының спецификалық ерекшеліктеріне, оқу тапсырмалары мен есептерінің басым типтеріне неғұрлым үлкен сәйкестігін ескеру қажет.

Енді, осы айтылғандардан шыға отырып, «Менеджмент» және

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдануға келетін болсақ, оны қолдану жағдайы және тиімділігін анықтау мақсатында кафедра оқытушыларынан интервью алынған болатын. Оның нәтижесі 2 кестеде келтірілген.

2 кесте. Интервью нәтижесі

Сұрақтар Жауаптар

1 Сабақ өткізу барысында оқытудың қандай инновациялық технологиясын қолданасыз?

Дәріс және практикалық сабақтарда кейс- стади, топтық тапсырмалар, тренингтер, іскерлік ойындар, ситуациялық тапсырмалар, эссе жазу, т.б. қолданылады.

2 Инновациялық технологияны қолдану барысында қандай кедергілер бар?

Технологиялық құралдардың жеткіліксіздігі, аудиториялардың интерактивтік тақтамен жабдықталмауы, интернеттің өте төмен қол жетімділігі, көбейткіш құралдардың жоқтығы, т.б.

3 Инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі неде?

Студенттерді топпен жұмыс істеуге, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын негіздеуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, талдау, ақпараттарды жинау және өңдеу қабілеттерін дамытуға, шешім қабылдау дағдысын қалыптастыруға, баламалаы шешімдер ішінен тиімдісін таңдауға үйретеді, теорияны тәжірибемен байланыстыруға, мәселелерді шешу және тиімділікті жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу дағдысын меңгертуге мүмкіндік береді.

2 кестедегі жауаптар кафедраның «Менеджмент» жәнен «Мемлекттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттеріне дәріс, практикалық және СОӨЖ сабақтарын жүргізетін оқытушыларының жауаптары екендігін ескеретін болсақ, 1 кестеде келтірілген аталмыш мамандықтардың біліктілік сипаттамаларына қатысты қойылған талаптарға инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі толықтай сәйкес келетіндігін, яғни ақырғы нәтижеге қол жеткізіліп отырғанымызды байқауымызға болады.

Дегенмен, уақыт өте қазіргі қолданылып жүрген технологиялардың көнеретіндігін, жаңа технологиялардың пайда болатындығын, еңбек нарығында мамандарға талаптардың да күшейетіндігін ескеру қажет. Мұнда, оқытудың инновациялық технологиясының дамуына мониторинг жүргізу ЖОО үшін маңызды міндет болуы тиіс, яғни оқытудың инновациялық технологиясын құру және пайдалану туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

Мұндай мониторингтің негізгі ақпарат көздері ретінде келесілерді көрсетуге болады:

(5)

- инновациялық оқыту облысындағы ұйымдар мен мамандардың Web парақтардағы ақпараттары;

- инновациялық білім беру мәселелері бойынша пошталық компьютерлік конференцияларға қатысу;

- инновациялық оқыту мәселелеріне арналған дәстүрлі және электронды журналдар.

Сонымен, «Менеджмент» және «Мемлекттік және жергілікті басқару»

мамандықтары студенттерін, жалпы қазіргі ЖОО студенттерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ, уақыт өте қазіргі қолданылып жүрген технологиялардың көнеретіндігін, жаңа технологиялардың пайда болатындығын, еңбек нарығында мамандарға талаптардың да күшейетіндігін ескеріп, ЖОО-да кезеңге тән инновациялық технологияны қолдану бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізілуі тиіс.

Referensi

Dokumen terkait

Негізгі функционалдық жоспарлау, жобалау және жүзуге және демалуға кешендер құру сәулет және көркем әдістері.. Сәулет объектілерін талдау кешендер

Мүдделі тараптар Алға ауданының тұрғындары Алға ауданы бойынша балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, энергия жинап, физикалық тұрғыдан жетілдіру, ой өрісін қалыптастыру және