2146
individual level. Without cultivating high morality and a culture of pragmatism, we will not be able to inculcate them in children and future generations.
The main direction in the life of the nation is spiritual modernization. Because today's Kazakhstan is a new state, weighing all its actions and fully aware of the danger of imitation. The main drawback of Western models of modernization of the XX century in relation to the realities of our time was the fact that they transferred their unique experience to all nations and civilizations without considering their peculiarities. We, the builders of an independent Kazakhstan, believe in our potential and abilities. There is no doubt that "the first condition for the modernization of a new type is the preservation of its culture, its own national code" [4].
The six projects that are going to be implemented in the coming years are designed to ensure competitiveness and pragmatism, the preservation of national identity, the cult of knowledge, the evolutionary development of the country, and the openness of consciousness. They will contribute to the prosperity of the nation, the education of descendants, remembering their roots, but adapted to the new world, will bring the State of the Great Steppe to a new level of development, whose history goes back to antiquity and which today is building its future.
Literature
1. N.Nazarbayev The Address to the Nation of Kazakhstan "Third Modernization of Kazakhstan:
Global Competitiveness", 2017
2. N.Nazarbayev "Course Towards the Future: Modernization of Kazakhstan’s Identity", 2017 3. N.Nazarbayev told about new Kazakh alphabet. https://tengrinews.kz
4. The Year of Modernization of Kazakhtan’s Identity. https://strategy2050.kz
ОƏЖ 376026
РУХАНИ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ – АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ Ақжолова Кəмила Талғатқызы
[email protected] [email protected]
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, Тараз, Қазақстан
Ғылыми жетекші – Утегенова К.О.
ХХІ ғасырға дейін адамзат талай кезеңді басынан өткізді. Бірақ қандай қоғамды жəне құрылысты басынан өткізсе де адамзаттың, басты байлығы адам болады. Ежелгі ойшылдар Платон жəне Аристотель адамның қоғамдағы рөлі туралы құнды ойлар айтқан.
Аристолель адам туралы «Барлығына тиімді шешім қабылдауға қабілетті адам қоғамға зиян əкелмейді» дейді. Əбу Наср Əл-Фараби осыдан мың жыл бұрын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде адам, білім жəне ғылым мəселесін қарастырған болатын. Əл-Фарабидің ойы кейін Абайдың он жетінші қара сөзінде жалғасын табады. Абай
«ақыл, жүрек, ғылым, қайрат бір кісіде табылатын болса, сонда ғана нағыз адам боласың»
дейді. Абай адамның рухани тұрғыдан жетік болуын ең құнды қасиеттке теңейді. Абай атаған қасиеттер ХХІ ғасырдағы жаһандану кезеңінде кез-келген қоғамда өмір сүріп отырған адамдар үшін ең құнды қасиет болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев «қабілетті адами капитал арқылы біз еліміздің басты бағыты – «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленгендей əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі мақсатымызға қол жеткізетін боламыз» деп айтқан болатын [1].
Қазіргі таңда білімдік ақпарат көпшілікке қолжетімді болған кезеңде адамзат зият пен кəсібилікті тиімді қолданған жағдайда тиісті мақсатына жетеді. ХІХ-ХХ ғасырда
2147
ақшаны капитал деп бағаласа, қазіргі таңда білім жəне зият табыс көзіне айналуда.
Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін американдық автогиганттарын нарықта ығыстыруына ықпал еткені білім екендігі анық. Кезінде У.Черчиль «болашақтың империясы- зияткерлік империясы» деген болатын. Білім ақша мен күшке қарағанда сарқылмайтын байлық көзі. Байлықты тек дəулеттілер қолданатын болса, білімді бай мен кедей бірдей қолданады. Білім мен зияткерлік нағыз демократияның негізі.Соңғы 300 жылда əлемде билік пен саясатқа ықпал етуші ауқатты байлар болса, ХХІ ғасырда білім мен зияткерліктің ролі артуда. Білім біздің өмірімізді жеңілдетудің, сонымен қатар табысты экономиканың негізі болып табылады. Білім табиғи ресурстарды үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтауға, қоршаған ортаны сақтауға, уақытты үнемдеуге əсер етеді.Өндіріс орындарында ғалымдардың енгізген ноу-хаулары ЖІӨ арттырады. Білім иесі адам болғандықтан, қазіргі таңда дамыған елдердің жетістіктерге жетуіне ықпал етіп отырған - адами капитал [2].
Қазіргі таңда экономика ғылымдарының басты даму бағыты - адам капиталы. Адам Смит «белгілі кəсіпті игеруге көп қаржы жұмсаған адамды - қымбат машинамен салыстыруға болады. Кейін білімге кеткен ол, шығынды табыспен қайтарады» дейді [3].
1960 ж «Саяси экономика» журналы Т.Шульцтың «Білім капиталды қалыптастыратын негізгі табыс көзі», 1961ж «Адам капиталына инвестиция» мақаласын жариялаудан кейін ғылыми ортада «адам капиталы» термині жиі қолданылатын болды. Осы кезеңнен бастап адам капиталы термині кеңінен əлемдік деңгейде тарай бастады [4].
Т.Шульцтың басты мақсаты адамның білімін тиімді игеру болатын. Т.Шульцтың замандасы Г.Беккер адам капиталын тиімді игеру үшін болашақ маманды жұмыс орнында оқытуды ұсынады. Г. Беккердің бір кездері ұсынған идеясы қазіргі таңда елімізде дуалды оқыту шындыққа айналды. Дуалды оқыту Германия, Австрия, Швейцарияда кеңінен тараған.
Қазақстанда дуалды оқыту 2012 жылдан бастап енгізілді. Өндіріс орындарының табыстылығына білікті маманның жұмыс сапасы да əсер ететіні белгілі. Қазақстанда колледждердің 80,1% жуығы
дуалды оқу жүйесіне көшкен. Дуалды оқыту арқылы өндіріс орны болашақта кəсіби білікті маман даярлауға шығын шығармайды. Оқу теория мен өндірістегі тəжірбиеге негізделген [5]. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» деген болатын [6]. Болашақ маманның құзіреттілігін арттыруға жұмсалған шығын өндірісте табыстың артуына əсер етеді. Ол сəйкесінше жұмысшының жалақысының артуына əсер етеді. Табыстың артуы жұмысшыны өз адами капиталына қосымша үлес қосуына ынталандырады. Бұл əрекеттер халықтың басым бөлігінің əлеуметтік жағдайының жақсаруына əсер етеді. Халықтың тұрмыс жағдайының реттелуі елде саяси жəне экономикалық тұрақтылыққа да əсер етеді. Адамның білімі мен біліктілігінің артуы тек əлеуметтік жағдайдың реттелуіне əсер етпей отбасылық қатынастардың жақсаруына да əсер етері сөзсіз. Өйткені, көп жағдайда отбасының бұзылуына тұрақты табыс көзінің болмауы жəне отбасы құндылықтарының сақталмауы əсер етеді. Білім мен зияткерлік адамды еңбек нарығына жəне өмірге бейімдеумен қатар, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына да əсер етеді. Халықтың денсаулығының артуы демографиялық жағдайға əсер етеді. Халық санының артуы еңбек ресурстарының ел азаматттарынан қалыптасуына əсер етеді. Халық денсаулығының жақсаруы жəне өмір жасының ұзаруы ұлттық табыстың артуына ықпал етеді. Жұмысшының денсаулығының жақсаруы ұзақ мерзімге еңбек өнімділігінің сақталуына ықпал етеді. Бұл əрекеттер елде экономикалық белсенді адамдардың көбейуіне əкеледі. Алайда, экономиканың дамуы кейбір елдерде халықтық ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Дегенімен, нақты факт:
экономиканың дамуы қоғамның қатысуынсыз орын ала алмайды. Дамыған елдердің экономикасының дамуы 80% адам капиталына негізделген. 2019 жылы Қазақстанның халық саны 18,6 млн адам болса, олардың еңбекке қабілеттілері 71% құрайды, яғни 13,2 млн [7].
Экономикасы мен саясаты ұқсас Ресейде халықтың 71,8% еңбекке қабілетті болып саналады.
Аз болсада айырмашылық ол елде адам капиталын қаншалықты тиімді игеріп жатқанын
Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)
2148
білдіреді. Мысалы, Жапония əлемнің дамыған елдеріне қарағанда индустриялды дамуды кештеу бастады. Алайда Жапония 1960-1970 жылдары өздерінің басты байлығы адам капиталын тиімді игерудің арқасында ЖІӨ бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында болды.
Жапония экономиканы диверсификациялау жəне білім саласына инвестицияны көп салудың нəтижесінде əлемдік нарықты жаулап ала бастады. Алайда 1990- 2002 жж Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапурде адам капиталын тиімді игеру басты бағытқа айналған кезде Жапония экономикасында біраз уақыт рецессия байқалды. Дегенімен, Жапония уақытша экономикалық тоқыраудан, адами капиталды тағыда тиімді игеру алып шықты. Жапонияны түрлі экономикалық жəне техногендік дағдарыстардан алып шығатыны адам капиталы.
Жапонияның ең басты ресурсы - адам ресурсы, жəне ең басты рөлді оның білімі алады.
Жапонияда мектептердің жəне жоғары оқу орындарының дамуы мен жақсаруына 2006-2012 жылдары аралығында ЖІӨ-нің 3,8% қолданылды, жəне қазір осы капиталдың жемісін татуда, яғни халықтың 25-34 жасындағы адамдар 35-44 жастағы адамдарға қарағанда жоғары біліктірек. Мұның барлығы сол уақыттағы дұрыс шешімдердің нəтижесі болып табылады.
Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур жəне Қытайда жұмыскердің адалдығы, еңбекқорлығы жəне жоғары бəсекелестік экономикалық өсімге алып келді. Қытай соңғы кездегі зерттеушілердің болжамы бойынша 2050 жылдары ең ірі экономикалық державаға айналады дейді. Өйткені, Қытайда адам капиталы конфуцияндық буддизмге негізделген жəне алгосакстардың мəдениетінің ықпалымен тəрбиеленген шетелдердегі қытайлықтарда ол елдің дамуына əсер етеді [8].
ХХІ ғасырдың сын тегеуіріндеріне төтеп бере алатын бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін тек кəсіби дағдының жеткіліксіз екендігі белгілі. Кəсіби біліктілікпен қатар көптілділік заман талабына айналды. Қазіргі таңда білім адам даму индексінің компоненттеріне айналды. Қазақстанда түрлі этникалық топтардың тілдік жəне мəдени ерекшеліктерін сақтай отырып басқа халықтардың құндылықтарын құрметтей отырып оқуға жағдай жасалғаны белгілі. Əлемдегі саяси жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы үштілді оқыту əлем халықтарымен ықпалдасуға жəне қоғамдағы тұрақтылыққа əсер етеді.
Ел басы Н. Назарбаев Қазақстан халықы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында «Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік.
Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық əлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық əлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады.
Сондықтан да олар əлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады.
Яғни, бүгінгі күрделі əлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз» деген болатын [9]. Бүгінгі күні ағылшын, қытай, орыс, неміс, француз, жапон, корей, араб, испан, түркі тілдерін меңгерген азаматтың əлемдік нарықта таптырмас маманған болатыны анық. Еңбек нарығы жəй сөзбен нарық деп аталмағаны белгілі. Өйткені нарықта кез- келген адам əмбебап сипаттамасы бар тауарды қалайтыны белгілі. Жұмыс беруші кандидаттың потенциалына қарап еңбек ақысын да тағайындайтыны анық. Көптілді білетін маман мультимəдениетті адам, əрі əріптестер арасындағы медиатор болуы да ықтимал. Көптілді мегеңгерген азамат кез- келген қиын жағдайдан мəмілеге келу арқылы мəселенің шешімін табуы мүмкін. Адам капиталы тиісті деңгейде игерілмеген елдерден дамыған елдерге еңбек мигрантттарының ағылатыны белгілі , ал келген елдің тілін білу мигрант үшін қоғамға бейімделудің ең маңызды құралы.Еңбек мигранттының тілді білуі оның тез арада жұмыс жəне табыс табуына кепіл бола алады.
Мигранттардың еңбек нарығында тез əрі жылдам орналасуы қоғамда тұрақтылықтың негізі болады. Қазіргі кездегі өмір шындықтары мектеп оқушылары мен жастарға білім алуды ең басты басымдыққа айналдыруды талап етін отыр. 2018 жылдың 11-қыркүйегінде Дүниежүзілік банктің Балиде өткен Саммитінде Сингапурдің Премьер Министірі Ли Сян Лун «Жаһандық экономикада өмірге бейім емес жəне білімді халқы жоқ елдер бəсекеге төтеп бере алмайды» деген болатын [10].
Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)
2149
Халықаралық INSED бизнес мектебі 2017 жылы Ғаламдық инновациялар индексі нəтижелерін жариялады. Бұл рейтинг екі топтан тұратын көрсеткіштерге (адам капиталы, зерттеулер, инфраструктура, нарық) жəне іс жүзінде іске асқан нəтижелер(патент, зерттеушілік мақалалар жəне шығармашылық көрсеткіштер) негізделеді. Европаның дамыған елдері жəне АҚШ мемлекеті кірді. Ал, жоғары көрсеткіштерге жеткен алдыңғы қатардағы 25 елдің қатарына Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай жəне Гонконг кірді. ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткішке жеткен Ресей Федерециясы болса, Қазақстан 78 орынға жайғасты [11]. Бұл сараптамалық талдау адами капиталды қаншалықты тиімді игеріп жатқанын көрсетеді. Ел басы Н.Назарбаев 2018 ж халыққа жолдауынада «соңғы екі жылда білім жəне ғылымды дамытуға бюджеттен екі триллион қаржы бөлінді» деді.
Қазақстанда табиғи байлықтар жеткілікті болғанымен, қазіргі таңдағы заман талаптарына сəйкес экономиканы қалыптастыру үшін адами капиталды тиімді игеру қажет.
Ал, білім жəне ғылымды дамытуға бөлінген қаржының болашақта қайтары сөзсіз. Профессор А.Айталы айтқандай, «адам капиталы дегеніміз адамның бойындағы білімі, қабілеті, тəжірибесі, даналығы, іскерлігі, бүгінгі бəсекелестік замандағы оның адамдық, кəсіби құндылығы». Адам капиталын тиімді игеру казіргі таңда əлемдік трендтердің бірі. Елдің адами капиталын тиімді игерер болсақ, ол келешекте еліміз үшін жаңғыртылған капитал болады.
Қорытындылай келе, əлем елдері материалдық құндылықтарды екінші орынға, ал рухани құндылықтарды бірінші орынға қою арқылы адами капиталды игеру жолына түссе, Қазақстан да сол дамудың даңғыл жолына түскен елдер қатарында.
Қолданған əдебиеттер тізімі 1. http://www.akorda.kz/ru/secretary 2-наурыз 2016 жыл
2. Бeлoкoневa O. Kому учить ученных. Наука и жизнь. 2003 жыл
3. Cмит А. Иccлeдoвaниeo прирoдe и причинaхбoгaтcтва нарoдoв. Москва. Наука, 1980 ж – 527 бет
4. Чeловeчecкий кaпитaл. Mocквa. Мaшинocтрoeниe-1, 2005 жыл
5. Ақпараттық сараптамалық орталық. Қазақстандағы дуалды оқыту. Европалық стандарттар.http://iac.kz/ru.
6. ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар
7. https://countrymeters.info/ru/Kazakhstan
8. Кoрчaгин Ю.A.Вoрoнеж: ВЭПИ. 2002 жыл. 250- бет 9. http://www.government.kz/kz/chelovecheskij-kapital 10. http://live.worldbank.org/human-capital-summit-2018 11. https://www.globalinnovationindex.org/
ƏОЖ 378.1
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Алпысбай Айна Ғизатқызы, Умуртаева Динара Коблановна [email protected], [email protected]
Журналистика жəне Саясаттану факультетінің, ҚЖ-13 тобының 1 курс студенттері Ғылыми жетекшісі – Кусаинова Р.Е
Қазақстан тəуелсіздік алғалы білім-ғылым, экономика саласында көп жетістікке жетті. Бұл тұңғыш президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлының арқасы. Елбасының тəуелсіздіктен кейінгі əр жылғы жолдауы, Қазақстанның дамуына апарар жол болды. Жыл сайынғы жолдауда, білім мен ғылым саласында аса мəн беріліп қолға алынды. Мысалыға,
Powered by TCPDF (www.tcpdf.org)