ЗІЛЗАЛАҒА ТӨЗІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ҒИМАРАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУ
Л.Ә.Әбдірәсілов
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Құрылыс»
кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты e-mail: [email protected]
Д.Л.Әбдірәсілов
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жылу техника»
кафедрасыныңаға оқытушысы d_abdrasilov @mail.ru
Аннотация. Бұл жұмыста арматурасы құрылыс барысында кернелетін құрамалы-тұтасқұймалы индустриальды-монтаждық жүйенің басқа жүйелерге қарағанда, зілзалаға төзімді екендігі қарастырылған.
В данной работе приведены сесмостойкость индустральной- монтажной системы с натяжением арматуры в пастречных условия.
Рассматривается преимущество этой системы перед другими системами Abstrakt. In this work the sesmostoykost industralnoy-mounting system with tension reinforcement in pastrechnyh conditions. Discusses the advantages of this system over other systems
Ӛткен ғасырдың 80–81 ші жылдарында Тифлис қаласында экспериментальдік 16 қабатты 75 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.
Югославтық ИМС жүйесімен тұрғызылған бұл ғимараттың қасбеттік фрагменті 1-ші суретте кӛрсетілген.
1- сурет Тұрғын үйдің қасбеттік фрагменті
Жүргізілген бұл эксперименттің мақсаты ТМД аумағындағы оңтүстік зілзалалық аудандарындағы орналасқан елдердегі Югославиялық әдіс бойынша арматурасы құрылыстың барысында керенеліп салынатын қаңқалы- панельді тұрғындық және қоғамдық ғимараттардың тиімділігін анықтау болатын. Тағы бір мақсат мұндай ғимараттарға қажетті конструкцияларды дайындау технологиясы мен монтаждау әдістерін жақсартып, жобалық шешімдердің сапасын жетілдіру болып табылатын.
Салынған ғимараттың ұстындық торы 6х6,6 м-ге тең де, типтік қабаттардың биіктігі 3 м, бірінші қабаттың биіктігі 5,7 м етіп алынған.
Ғимарат ұзындығы бойынша 6,6 м үш адымнан, ал кӛлденеңі бойынша 6 м үш адымнан тұрады да, конструктивтік схемасы рамалық- байланыстырғыштық етіп алынған. Қатаңдық диафрагмалары ғимараттың ішкі осьтері бойынша екі бағытта П тәрізді қабырғалар ретінде орналасқан.
Ғимараттың тӛменгі бӛлігінің шешімі ИИС-04 сериясы бойынша қабылданып, қалған жоғарғы бӛлігінің арматурасы алдын-ала керенелетін эксперименьтальдік құрамалы конструкциялардан жасалған.
Қаңқаны құрайтын ұстындардың қимасы 40х40 см етіп қабылданып, ұзындығы 4 қабатқа жететіндей етіп жасалынған. Беріктігі жоғары арматураларды ӛткізу мақсатында ұстындардың жабындар орналасатын деңгейінде ортогональді екі бағытта диаметрі 40 мм тесіктер қарастырылды.
Ұстындардың бүйірлерінде консольдар мен металл жапсырмалар қарастылмаған. Әрбір конструктивтік ұяшықты жабу үшін екі қырлы - плиталы панельдер қарастырылды.
Қалыңдығы 16 см құрамалы вертикаль қатаңдық диафраграммалардың биіктігі мен ұзындығы ұяшықтардың ӛлшемдеріне сәйкес келетіндей етіп жасалынады.
Ғимараттың бұрыштарында және периметрі бойынша ұзындығы 120 см консольді балкондық плиталар қойылды. Балконы жоқ аймақтарда П тәрізді арнайы борттық элементтер қарастырылды. Бұл элеметтердің атқаратын міндеттері, негізгі элементтердің аралықтары сияқты, араларына құйылатын майда түйіршікті бетон арқылы беріктігі жоғары керенелетін К-7 арматуралардың ұштарын берік етіп анкерлеу болып табылады. Жабынның биіктігі бойынша беріктігі жоғары К-7 арматурасы үш қатар етіп орналастырылады да, ортадағы арматура моменттердің эпюрасына сәйкес жоғарыға тарта отналастырылады. (2-ші сурет).
2-сурет. Типтік қабаттағы жабын элементтері мен кернелетін арматураның орналасуы: 1 - ұстын; 2- жабын панелі; 3 – панельден шығып тұратын арматура; 4 – кернелетін арматура; 5 – ұстындардағы диаметрі 40 мм
тесіктер
Ғимартаттың ұзындығы мен кӛлденең ӛстері бойынша арматураларды орналастырып одан соң оны созып, плиталардың араларын бетонмен құйып шығу үшін 14,8 адам-сағаттық шығын кететіндігі анықталды. Нормативтік мәлімет бойынша дәл осындай ғимараттың конструктивтік элементерін осьтері бойынша қалыптасып қалған үйреншікті әдіспен жасап, яғни шығып тұрған арматураларын жапсырмалық металлдармен дәнекерлеу арқылы құрастыратын болса, ысырап болатын шығынның мәні 29,4 адам-сағат болатын еді.
Сонымен, таңдалып алынған беріктігі жоғары арматураның түрі және де құрылысты жүргізу барысында арматуралардың ұштарын бекітіп анкерлеудегі қолданылған жаңа әдістер, арматураларды алдын ала кернеу технологиясының ӛнімділігі жоғары түрін қолдалынуға мүмкіндік беріп, монтаждау барысында кететін еңбек шығынын едәуір тӛмендетеді.
Беріктігі жоғары арматурадағы кернеу әрбір тартылған арматура үшін жеке бақылауға алынды. Ол үшін насостық станцияның тексеруден ӛткізілген монометрі қолданылып, кернелген арматураның ұзарған нақты мәні нақтыланды. Тартылып, созылған арматурадағы кернеудің мәнін анықтау үшін, жұмысы гармоникалық еркін тербелістің негізгі тоны арматураны кернейтін күшке тәуелді екендігіне негізделген ИПН-6 құрылғысы қолоданылды.
Эксперименттік мақсатта салынған бұл тұрғын үйге кететін материалдар шығынын анықтап, сәулеттік-кӛлемдік сипаттамалары абсолютті дәл осындай жетілдірілген ИИС-04 сериясы бойынша
тұрғызылатын ғимаратпен салыстырып оның тиімділік дәрежесі жоғары екендігін келесі кестеден кӛруге болады (1-ші кесте).
1-ші кесте Ауыстырылатын
конструкциялардың элементтері
Материалдар шығыны
бетон цемент болат
Ұстындар 122,08/12
2,70
40,69/41, 20
37,28/21 ,96 Вертикаль
диафраграммалар
252,50/21 0,20
9750/82, 93
41,46/18 /79 Ригельдер мен
жабындар
997,50/59 7,60
314,90/2 07,54
72,76/29 ,84 Тұтас құюлар мен
түйістірулер
120,00/96, 20
40,00/36, 80
7,33/29, 84
Үнемділік -/465,38 -/124,62 -/39,18
Бұл үнемділікке келесі жаңа конструкцияларды пайдаданудың арқасында қол жеткізілді. Атап айтатын болсақ: екі бағытта бірдей қиылмайтын арқалық сияқты жұмыс істейтін қырлы жабынды пайдаланып, оларды ұстындарға, вертикаль диафрагмаларға дәнекерленуші жапсырмаларды қолданбай, ғимараттың ӛстері бойынша ортогональ екі бағытта арматурлық арқандарды құрылыс барысында кернеу арқылы біріктіреді.
Арматураларын құрылыс барысында кернеп тұрғызатын ғимаратқа кететін еңбек кӛлемі тӛмендейді, қолданылатын материалдар шығыны айтарлықтай азаяды, тұрғындық және қоғамдық ғимараттардың жалпы құны тӛмендейді де, зілзалаға қарсы тӛзімділігі жоғарылайды.