• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сарысудан фито-қоспалармен байытылған қышқыл сүт сусындарының тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Сарысудан фито-қоспалармен байытылған қышқыл сүт сусындарының тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу"

Copied!
1
0
0

Teks penuh

(1)

ӘӨЖ 636.1

САРЫСУДАН ФИТО-ҚОСПАЛАРМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ҚЫШҚЫЛ СҮТ СУСЫНДАРЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ

ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Студент : Алдаш А.Б., Әбітай А., Байгожаева А.Е.

Ғылыми жетекшілері: а.ш.ғ.к., доцент м.а. Джетписбаева Б.Ш., т.ғ.к., доцент м.а. Матибаева А.И.

Алматы технологиялық университеті Қазақстан республикасы, Алматы қаласы

[email protected]

Сарысудың ерекше құндылығы, тағамдық өнім сияқты, денсаулықты жақсартуымен тек ақырғы жылдары ғана мойындалған. Бір жағынан, сарысу май құрамайды, екінші жағынан – құнды ақуыздармен бай. Сарысуда құрамындағы қант – бұл сүт қанты, ол біздің ағзамызға жеңіл сіңеді.

Сарысуда сондай-ақ мынандай құнды минералды заттар құрайды, калий, кальций, магний, фосфор, сондай-ақ көптеген дәрумендер сияқты. Сүт сарысуының емдік қасиеті ешнәрсеге тең келмейді.

Сүт сарысуының құрамында 94% су, ал қалғаны бұл лактоза, сарысу ақуызы, сүт қанты. Лактоза бұл пайдалы көмірсу, ол ағзада жиналмайды және артық май түзбейді, ағзаның тұрақты жұмыс істеуін қамтиды. Сарысу ақуыздары адам ағзасына қажетті амин қышқылдарын құрайды. Сүт майы жеңіл сіңеді және қалған ферменттердің әрекетін күшейтеді. Онда 200 табиғи химиялық компоненттер құрайды, сүтті қыздыру кезінде беріледі:

калий, магний, кальций, фосфор, В тобының дәрумендері, С, А, Е дәрумендер. Сарысу ағзадағы артық сұйықтықтарды шығаруға, жиналған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сонымен қатар сарысу – табиғи өнім, біз оны күнделікті тұтына аламыз, артық калориядан қауіптенбей, ағза үшін құнды протейндерді сіңіре аламыз.

Қазіргі уақытта өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарылату тағамның қазіргі физиологиясының есебінен сүтқышқылды өнімдерді ғылыми - дәлелді байытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, нақты жолда іске асырады. Рационалды тамақтануда қазіргі ұсыныстар адам ағзасын белгілі мөлшерде ақуызды затпен, көмірсумен, маймен, дәруменмен және минералды қосылыспен жабдықтаумен тұспалдайды.

Бұл қатарда ерекше рөлді майсыз және көмірсусыз ақуыз алады қандай-да бір уақыт ағзаға зиянсыз болады, бірақ ақуызсыз мүмкін емес.

Адам ағзасында ақуыздар бірнеше қажетті функцияны - пластикалық, каталитикалық, гормональды, тасымалдау және арнайылық функцияны орындайды.

Дайындалатын сусынға қажетті сүт сарысуының физико-химиялық құрамы 1 кестеде келтірілген.

(2)

1 Кесте – Сүт сарысуының физико-химиялық құрамы

№ Көрсеткіштер Мөлшері

1 Май, г 0,2

2 Ақуыз, г 0,8

3 Көмірсулар, г 3,2

4 Микроэлементтер, мг:

калий 0,09

5 Натрий 0,45

6 Магний 0,009

7 Фосфор 0,04

8 Кальций 0,4

Сүт сарысуындағы құрғақ заттардың негізгі компоненті лактоза болып табылады, оның үлесі сүт құрамындағы лактозаның 70% құрайды.

Сүт өнімінің тағамдық және энергетикалық құндылығы 2 - кестеде келтірілген.

2 Кесте – «Қызыл қарақат» сүт сусынының тағамдық және энергетикалық құндылығы (100 мл)

№ Көрсеткіштер «Қызыл қарақат» сүт

сусыныны

1 Май, % 0,46

2 Ақуыз, % 1,7

3 Көмірсулар, % 10,20

4 Энергетикалық құндылығы, ккал 52

Кестедегі мәліметке сәйкес 100 мл сүт сарысуына қарақат қосып жасалған сусынның энергетикалық құндылығы 52 ккал – ға тең болды.

Адам денсаулығын сақтау теңдестірілген тамақтануға тәуелді. Дұрыс тамақтану арқасында тағаммен біздің ағзамызды энергиямен және ұлпаларды құрылымды материалмен жабдықтауды қамтамасыз ететін заттар ол дәрумендер. Дәрумендер – мұндай тағамның ауыстырылмайтын бөлімі.

Дәрумендер ағзада биохимиялық және физиологиялық үрдістердің дұрыс ағымын қамтамасыз етеді және зат алмасуына әсер етеді. Тамақтану рационында белгілі дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі авитаминоз – кейде ауыр ауруды көрсетеді. Дәрумендер ағзаға өте аздаған мөлшерде талап етіледі. Адам ағзасы синтездемейді немесе жетіспейтін мөлшерде синтездейді, сондықтан олар дайын түрінде, негізінде тағаммен алынады.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде алынған сусын құрамындағы «С» дәруменінің мөлшері 0,06 % ды құрады.

(3)

Өніммен адам ағзасына түсетін минералды зат, сүйекті қалыптастыруда едәуір рөл ойнайды, белгілі дәрежеде осмотикалық қысым және қанның қышқылды-негізді жағдайын ұстап, гормондардың, секреттердің құрамды бөлігі болып табылады.

Адам ағзасына мынандай макроэлементтер ерекше қажетті: кальций, фосфор, темір, калий, натрий және микроэлементтер: мырыш, мыс, кобальт, фтор және көптеген басқа элементтер.

Натрий және калий иондары ауысу үрдісінде бір-бірімен тығыз байланысты. Ақуызбен үйлесуінде олар осмотикалық қысымның ең басты реттегіші болып табылады, сондай-ақ бұлшықтың және жүйкенің қоздырғышын арнайы әрекетін көрсетеді. Кальций, магний және фосфор сүйек тканінің ең басты элементі болып табылады. Темір және мыс гемоглабин түзетінде үлкен мағына береді. Ағзада темірдің жетіспеуі қан аздыққа әкеледі. Темір өте қажетті функциясы ағзаны энергиямен қамтитын, оның тотығу үрдісінде белсенді қатысуы болып табылады. Мырыш кейбір ферменттердің құрамына кіреді және олардың белсенділігін жинақтайды.

Мырыштың жетіспеушілігінен өсуі бұзылып және шаштың түсуі жүреді.

Ұсынылған өнім – өте пайдалы қасиеттерге ие сүт сарысуы негізінде жасалған сүтқышқылды сусын. Өнім экологиялық таза болып табылады. Бұл өнім құрамы бойынша дәрумендермен, биологиялық құндылықтарымен байытылған, иммунитетті көтеріп, түрлі ауруларға ем болады. Соның ішінде артеросклероз, қант диабеті, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларын емдеуде жақсы әсер етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Алимарданова М.К., Султанбекова А.Б. Патент № 27100 «Способ производства напитка из молочный сыворотки. 2013 г.

2. Алимарданова М.К., Бузенус Н.Д., Кененбай Ш.Ы.

Инновационный патент № 29882 «Способ производства напитка на основе молочной сыворотки и инвертного сиропа с фитонаполнителями», 2015 г.

3. А.Г. Храмцов, С.В. Василисин, А.И. Жаринов и др. Полнoе и рационaльное использование молочной сыворотки на принципах безотходной технологии / - Ставрополь, 2007.

4. Л.А.Гордиенко. Пищевая ценность кисломолочных продуктов с функциональными ингредиентами/Технология и продукты здорового питания/Саратов,- 2014.

Referensi

Dokumen terkait

Кесте 1- Зығыр ұны мен 0,5% ТТ қосылған қара бидай бидай наны сапасының көрсеткіштері Көрсеткіштер сапа Зығыр ұнының мөлшері, % Бақылау 5 10 15 20 Физика-химиялық:

Осылайша, НАССР жүйесі енгізілген ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар- дан алынған жартылай ысталған шұжық өнім- дерінің сапасының жоғары екендігін және зерттеу нәтижелерін