• Tidak ada hasil yang ditemukan

синтаксемалардың жасалу жолдары

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "синтаксемалардың жасалу жолдары"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

СИНТАКСЕМАЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

М. Нұрғалиева, ф.ғ.к., доцент

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы,

Қазақстан.

Адам-Тіл-Мәдениет: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным, 2010. -71 б.

Аннотация. В статье рассматриваются способы создания синтаксемы.

М.Б.Нургалиева - к.ф.н., доцент

кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, ул Мунайтпасова 5, корпоративная почта: [email protected]

Кілт сөздер: (семантика компонент, құрылым, единица, синтаксема).

Түрлі заттар мен құбылыстар, әлеуметтік және қоғамдық факторлар адам санасында белгілі бір түсінік пен ұғым қалыптастырады да, тіл арқылы жүзеге асады. А.Байтұрсынұлы «Тіл құрал» атты еңбегінде: «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», -деп түсінік берген.

Тіл жүйесі бірліктерінің /фонема, морфема, лексема/ сӛйлеу процесін қалыптастыруға қатысуы синтаксис арқылы жүзеге асады. Сӛздер қандай да бір затты атап түсінік беруі үшін, сол затты ситуациямен байланысты қарап, ситуа-

цияда қандай роль атқарып тұрғанын, қайсысы әрекет істеуші, қайсысы субьект қимылы, қайсысы адресат, қайсысы обьект, қайсысы тақырып мазмұны, қайсысы уақытша кеңістік түсінігін беріп тұрғанын анықтау қажет.

Осы заттардың алдын ала анықталған категориалды мағынасына қарай, септік формалары арқылы сӛйлеу процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан сӛздердің сӛйлеу процесінде және сӛйлемде қандай рӛлде, қандай қызмет атқарып тұрғанын білудің маңызы зор. Мысалы, кеңістік, мекендік мағына беретін теңіз, орман, қала сӛздерінде адресат жоқ болса, сұлулық, қозғалыс, жастық сӛздерінде қимыл істеу-

ші, адресат жоқ. Бұл сӛздер уақытша берілетін түсініктің белгісін, жағдайын кӛр-

сетеді.

Мысалы, Тазалық-денсаулық кепілі. Жан сұлулығы-тән сұлулығы. Ал бӛлме, кӛше, қала сӛздерінде заттық кеңістік функциясы болса, заттың кімге арналғанын кӛрсете алмайды.

Сӛйлеу процесі кезінде, сӛздердің ішкі құрылымдық сипаты айқындала түседі, бірақ жеке сӛзде синтаксистік единица белгілері жоқ. Сӛйлем сӛз арқылы құрылады да, сӛйлем мағынасы сӛздің сӛйлеу процесіне қандай мәнмен қатысуына байланысты анықталады. Сӛйлем мен сӛздердің арақатынасынан

олардың атқаратын қызметтерінен байқауға болады. Сӛз номинативті, сӛйлем коммуникативтік қызмет атқаратыны белгілі.

(2)

Атаудың ситуация компоненттерін кӛрсетуі, сӛйлем құрудың бастапқы шарты болып табылады. Сӛзде тек атаулық мағына бар, ол ӛзінің осы атаулық мағына тұрғысынан ғана ӛз деңгейінде басқа сӛздемен лексикалық единица ретінде арақатыста болады. Ал синтаксистік единица болу үшін, атаулық мағына-мен қатар, референттік мағына болу керек. Бұл-тек заттарды атаудағы мән емес, сонымен қатар синтаксис деңгейіндегі тіл жүйесінің құрылымдық мағыналық мәндегі элемент. Сонда ғана, сӛз басқа сӛздермен байланысқа түсіп, сӛйлем құру мүмкіншілігіне ие болады да, синтаксисте оның ӛзіне тән ерекшеліктері айқындалады.

Сӛздің атаулық мағынасы сӛйлем құрудың басқы шарты болса, онда сӛз құрылымының қандай элементі, оның синтаксистік қызметін атқара алу мүмкін-

дігін анықтайды?. Э. Бенвенист: «Тиянақтылық-бұл негізгі шарт»,- дейді.

Лингвистикалық статусқа ие болу үшін, кез келген единицада, кез келген деңгейде мағына тиянақтылығы боллу керек. Сӛздің референттік мағынасы абстракты ойлаудың үш сатысын береді. Сӛздің басқа сӛздерден ерекшеленетін ӛзінің жеке лексикалық мағынасы, категориальды семантикалық мағынасы және грамматикалық мағынасы. Сӛздің осы референттік мағынасы, сӛздің синтаксистік единицаға айналуының материалы бола алады.

Синтаксистік тізбек бӛліміндегі единица тек басқа сӛздермен қарым- қаты-насқа түсіп, сӛйлем құру мүмкіндігіне ие болады. Сӛйлем тек тікелей сӛздерден емес, сол сӛздердің грамматикалық формалары арқылы байланысып құрылады. Сӛз лексикалық единица, оның әр түрлі формалары оның жалпы мағынасының әр түрлі жақтарын береді. Сӛз формасы сӛз тіркесі мен сӛйлемнің құрылымдық элементі ретінде қарастырылады.

Мысалы: Ауылға бару, кӛпірмен ӛту, жазда келу. Осы тіркестердегі бару, ӛту, келу етістіктері ауыл, кӛпір, жаз сӛздерімен септік жалғаулары арқылы байланысып, тіркес құрап тұр.

Ауылға бару қозғалыс бағытын, кӛпірмен ӛту қимылдың не арқылы істелгенін, жазда келу қимылдың мезгілін білдіріп, меңгеріле байланысып тұр. Мысалы: «Машинадан түсіп, баласамен екеуі перронда әрлі-берлі жүрді». Сӛй-лем екі жай сӛйлемнен құрылған. Осы сӛйлемдердегі сӛздердің кез келгені тіркес құра алады. Мысалы: «Машинадан түсіп, баласымен екеуі, перронда жүрді.

Сӛздің әр түрлі формада келуіне байланысты, әр түрлі тіркестер жасалып тұр. Синтаксистік қолданыста, сӛздің әр түрлі формалары, әр түрлі семалары, оның жалпы мағынасының әр түрлі жақтарының айырмашылықтарын алдын ала анықтайды. Ендеше синтаксис, сӛйлеу байланысын қалыптастыруда сӛздің жеке лексикалық мағынасын беретін единица емес, оның қорытылған мағынасын бере-тін единицамен, яғни мағына тиянақтылығы бар единицамен сӛйлем құрады.

Ал бұл единицалар, морфологиялық, семантикалық және функционалдық бел-гілерімен сипатталады. Келтірілген мысалдардағы, синтаксистік тізбектегі сӛздер-

(3)

дің біреуі келесі сӛзбен қатынасқа түсіп, сӛйлеу компоненттерінің атау құралы, қарапайым мағына жеткізетін және сӛз тіркесі мен сӛйлемнің конструктивті компоненті қызметін атқаратын, «ең аз бӛлінбейтін семантика синтаксистік бірлік, синтаксема, сӛздің синтаксистік формасы». /6:66/.

Синтаксеманың категориальды семантикалық мағынасының предикативтілігі, сӛйлемнің құрылымдық мағыналық компоненті арқылы беріліп, ой мазмұнының синтаксистік деңгейде берілу мүмкіндігін жүзеге асырады.

Лексеманың синтаксемаға ӛзгерін екі тұрғыдан қарастыруға болады:

а/ лексиканың жеке мағынасының категориальды сатыға кӛтерілуі:

ә/ сӛздің морфологиялық формамен бекітілуі.

Семантика мен морфологияның ӛзара әрекеті негізінде, синтаксеманың син-таксистік тізбектегі басқа бӛліммен қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді де, белгілі бір синтаксистік қабілеті бар единица құрылады.

Осының нәтижесінде синтаксема сӛз тіркестері немесе сӛйлем түрлерінде кӛріне алу қабілетіне ие болады. Кей жағдайда синтаксемалардың берілуінде, сӛздің жеке лексикалық ма-ғынасы қажет етіледі.

Мысалы, аулада не? /ағаш/, есікте не? /кілт/, қорада не? /мал/.

Синтаксема түсініктің нақты және жинақталған/ жалпыланған/, құбылыс және оның маңыздылығы туралы дерексіздік ұғымдарды береді, яғни синтаксеманың құрылымдық семантикалық мәні абстракция.

Синтаксеманың айырым белгілері:

а/ категориальды семантикалық мәні.

ә/ морфологиялық форманың сәйкестігі.

б/ категориальды-семантикалық мәні мен морфологиялық форманың сәйкестігіне қарай, белгілі бір позицияда синтаксистік қабілетін іске асыру.

Синтаксеманың категориальды-семантикалық мағынасының жасалуы, сӛздің категориальды мағынасымен,сол сӛздің морфемдің құрамымен анықталады. Яғни, морфемада синтаксистік единицаның азды-кӛпті категориальды мағынасы беріле-ді. Мысалы, ұр етістігінің негізі, әр түрлі морфемалық қатынасқа түсіп, лексеманың әр түрлі категориальды мағынасын береді, бірақ ӛзінің бастапқы түбі-

рін сақтайды.

Түбір морфеманың жеке тұрғанда да, белгілі бір мағынаға ие болуы, дербесті-

гі, сӛйлеу процесіне қатысып, синтаксистік қызмет атқара алады. Мысалы:

Ұру қимылдың бір рет істелуі, ұратын қимылдың бірнеше қайталануы. Сол қимылдың белгілері: ұрыс, ұрсу, ұрсатын.

Заттың атауын білдіретін сӛздер қимылдың немен істелгенін кӛрсетуде кӛмек-

тес септік формасында етістіктермен тіркесіп, еркін синтаксемалар құрайды.

Мысалы, балтамен, жарды, арамен кесті, етті пышақпен турады.

Сол сияқты зат есімдер барыс септігінде келгенде адресат ретінде қабылдаймыз. Мысалы, Асқарға,Омарға, студенттерге.

(4)

Синтаксема ӛзінің негізгі элементтерімен материалдық жағын жасап, синтаксистік элементтердің қатарында синтаксистік единица ретінде теңеседі де, олардың ӛзара қарым-қатынасынан сӛйлем құрылады. Синтаксемаға синтаксистік сипаттама беруде, абстракцияның аталған үш сатысмен қоса, тағы бір ономасио-логиялық категориальды мағынаны, «заттық, белгілік»

түсінігін береді. Заттық немесе белгілік мағынасы категориальды- семантикалық деңгейінде беріледі. Мысалы, қар, жаңбыр, бұршақ, таза, суық, ыстық сӛздері белгілі бір құбылыс атаулары. Ал осы сӛздер әр түрлі синтаксистік позицияда тек белгілік мағынада предикат ретінде кӛрінеді.

Мысалы: Далада қар жауды. Бӛлме таза. Далада ыстық жел. Ал келесі бір жағдайда заттық мағына оның белгісі синтаксем деңгейінде анықталады да, синтаксем сол сӛздің заттық мағынасымен және белгілік мағына бӛлшегімен кӛрінеді. Мысалы: Кӛйлекке ақ жаға тігілген. Пальтоның қалтасы-нан сол киімнің бӛлшегі /белгісі /. Ендеше, категориальды- семантикамен және денотаттың ситуативтік рӛлінің сәйкестілігі, моделдегі белгілі бір позицияға арналып құрылатын сӛйлемнің компоненті бір морфологиялық формада келіп, тілден тыс болмыс қатынас түрін бейнелейді.

Бастапқы лексемалық материалды синтаксистік единицаға ӛзгерту процесі, осы единицалардың үш бірлігі негізінде сипатталады. Сӛздің категориальды ма-

ғынасының жинақталған деңгейін мағыналас сӛйлемдерді салыстырып байқауға болады. Мысалы: Бақша-демалыс орны. Бақшада кездесеміз. Біз бақшаны күтеміз. Немесе синонимдік қатарды қарастырайық. Директор ӛндіріске жауап береді. Ди-ректор –жауапты адам.

Бұл мысалдардан, лексика мен грамматиканың ӛзара әрекетінен, сӛздің лек-сика-грамматикалық мағынасын жинақтаушы компонент немесе оның берілген формасы мүшеленіп, предикат негізі болатынын байқауға болады.

Кӛп мағыналы зат есімдер ӛздерінің әр түрлі мағыналарын әр түрлі синтаксе-малар арқылы береді. Мысалы: Қар, бұршақ сӛздері. Бұлар:

біріншіден, процесс, екіншіден, сол процестің нәтижесі. Ал синтаксемаларда қарға /құлады/, қармен /ойнады/, қардан /аққала соқты/, қарда /отыр/ сол заттың екінші мағынасы.

Жол сӛзі мынадай синтаксемалар арқылы беріледі. Жолдың қасында, жол-дың үстінде, жолдың артында болып, заттық, кеңістік мағына берсе, ал дерексіз-денген процессуальды мағына мына синтаксемаларда беріледі.

Жолмен, жол бойымен, жолда, жол арқылы. Немесе, қонақ арнайы шақырылған адам. Қонақ сӛзі парадигматикалық қатарда, жақтық мағына беріп, қонақты қонақпен, қонақ-тың, сый құрмет кӛрсетілуінің белгілерін береді. Ал қонаққа бару, қонақта болу, қонақтан келу /қайту/ сӛздері олар бір жағдайды /ахуалды/, сол жағдайдың болу-ын беріп, белгілік мағынамен кӛрінеді. Ал бару, болу, келу / қайту/ етістіктері бір істің басталғанын, болғанын, аяқталғанын білдіріп, фазистік ӛзгерушілікті білді-реді.

Синтаксема ӛзінің грамматикалық мағынасымен синтаксистік единица ре-тінде сӛйлемнің құрамалы бӛлшегінің интегранты болып енеді.

Синтаксеманың түрлері формалды мағыналы топ құрады. Ӛз тобының

(5)

функциональды қасиетінің негізінде, сӛйлемнің белгілі бір құрылымына еніп, компоненті болады. Әр синтак-семаның синтаксистік мүмкіндік мӛлшері оның функциональдық қасиетімен анықталады да, синтаксистік единицаның коммуникативті единица құрудағы кон-струкциялық ролін синтаксистік функция атқарады. Бұл жерде функция деп, син-таксистік единицаның коммуникативті единица құрудағы рӛлін айтамыз.

Коммуникативті единицаны синтаксистік единица атқарады да, басқа эле-менттер синтаксистік деңгейдегі единицалар арқылы ғана коммуникативті мәнге ие болады. Синтаксистік единицаның коммуникативті единицаға қатынасына байланысты, сӛйлем құрылымы анықталады.

Синтаксистік единицаның үш негізгі мүмкіндіктерін қарсы қойып салыстыра сипаттауда, олардың қолдану ереккшеліктері анықталады.

1. Ӛздігінен қолданылатын единицалар.

2 . Сӛйлем компоненті ретінде қолданылатын единицалар.

3 . Сӛз тіркестерінің компоненті ретінде қолданылатын единицалар.

Ал бұлардың қолдану мүмкіндіктері синтаксеманың функция типологиясының негізін құрады. Әр синтаксемалардың мағыналық дәрежесі және конструктивтілік қабілеттері әр түрлі болады. Ӛзіндік дербес мағыналары бар синтаксемалар ӛзде-

рінің мағынасын конструкция құру кезінде еркін қолданыла алса, кейбір синтаксе-

малардың конструктивті мүмкіншілігі ӛзіндік мағыналық дербестігіне байланысты шектеулі болады. Коммуникативтілік сатыда сӛйлем негізгі синтаксистік единица сияқты функциолана алса, коммуникативтілік сатыға дейінгі ең аз единица синтаксистік құрылыс материалы ретінде қабылданады.

Ӛйткені бұлар шындық болмыспен байланысты болады. Сӛйлеуші айтылатын ойдың категориальды сипатына қарай, қажетті сӛздің синтаксистік формасын таңдап, сӛйлем моделі аясында қарым-қатынас мақсатта жіктейді. Синтаксистік форма ӛзінің функциональды қасиеті негізінде, сӛйлемнің құрылымдық-мағыналық компоненті болады.

Коммуникативтілік единица құратын синтаксистік форманың ең аз тірке-сімділігі, сӛйлемнің предикат негізін анықтайды. Сӛйлем құрылымында семанти-калық, синтаксистік арақатысы бір единицамен кӛрінуіне байланысты, семантика-синтаксистік категорияның берілу формаларын актив және пассив грамматика тұрғысынан байқауға болады. Актив семантикалы сӛздердің қозғалыс бағытын берудегі мүмкіндігі кең. Ал пассив семантикалық мүмкіншілігі бар сӛздер нақты бір заттық мағына берумен ерекшеленеді.

Айтылудың әр түрлі амалдарының арасындағы құрылымдық- мағыналық компоненттер синтаксистік жүйеде, парадигматикалық жүйеде болады да, әр компоненттің айтылу амалдарының жиынтығы оның парадигмасын жасайды. Сӛйлеу байланысын ұйымдастыруда олардың синтагматикалық рӛлі білінеді.

Жай сӛйлем күрделі сӛйлемнің компоненті болып, құрылымдық функцияға ие болады да, құрылымдық компоненттен бүтін ұйымдастырылады. Жай

(6)

сӛйлемнің құрамына түрлі моделдерді қосу арқылы, сӛйлем құрылымы мен мағынасын күр-делендіруге болады. Семантика мен морфологияның ӛзара әрекеті негізінде, син-таксеманың синтаксистік тізбектегі басқа бӛліммен қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді де, белгілі бір синтаксистік қабілеті бар единица құрылады. Осының нәтижесінде синтаксема сӛз тіркестері немесе сӛйлем түрлерінде кӛріне алу қабілетіне ие болады. Кей жағдайда синтаксемалардың берілуінде, сӛздің же-ке лексикалық мағынасы қажет етіледі.

Локатив /мекендік мағынасы бар компонент/ синтаксемалардың ӛзіндік дер-бес атаулық мағынасы бар. Олардың мағыналары тӛмендегі жағдайдаларға байланысты кӛрінеді.

а/ түрлі тақырып аттарын беруде;

ә / сӛз тіркестерін немесе сӛз тіркестерінің аналогын құруда;

б/сӛйлемнің басқа сӛзге тәуелді емес компоненті ретінде кӛріне алу мүмкін-діктері бар. Мысалы: Ӛзенге жағалай қонған ауыл. Ол кезде жас бала, ауылда тұ-ратын.

Ал обьектілік қатынас беруде ӛз мағынасын тек етістікті тіркестер арқылы ғана береді де, кӛбінесе сӛйлемге қатысты туындайды. Мысалы: Тал- бұта боз қы-рауланып, таң атты.

Дата мағынасы бар синтаксемалар, емтихан бесінші қазанда, ақпанда.

Бі-рінші қазанда кездестік. Бұл жерде болатын оқиғаның іске асуы нақты белгіленіп, дата мағынасы бар синтаксемалар ӛздерінің мағыналарын еркін беріп тұр. Ал обь-ектілік мағына беретін синтаксемалар, бесінші қазанда әкемді күттім, хат күттім, кездесуді күттім тіркестерінде оқиғаның болу, болмау нақты кӛрсетіліп тұрған жоқ. Ол субьект қимылына байланысты анықталады. Яғни, оқиғаның іске асуы, субьект қимылыны байланысты болып тұр.

Бұл синтаксемалардың реттік сан есімдермен келіп, бір-біріне теңестірілуін, сӛзге барыс септігін жалғап, синтаксистік конструкцияның мағыналық элементі ретінде, сӛз формасының семантикасын анықтаймыз.

Атау септіктегі әке сӛзіне барыс септігін жалғап, обьектілік мағына беретін тіркестермен салыстырсақ, сту-денттерге шығарма жаздырту, балаларға ертегі айту тіркестері істің кімге бағыт-талғанын /адресат/ кӛрсетудегі синтаксеманың мүмкіншілігі еркін екенін байқауға болады. Ал келесі тіркестердегі әке сӛзі атау септікте келіп, тәуелденіп барып, ба-рыс септік формасында кӛріне алу қабілетіне ие болады да, оған жазда сӛзінің лексика- грамматикалық мағынасы әсер етеді.

І. Барыс септік формасы түрлі құжаттардың, хаттардың, заттардың біреуге арнал-ғанын, бағытталғанын білдіріп, ӛздерінің синтаксистік мүмкіншілігін еркін бере алады. «Кӛктемде», «Бауыржан Момышұлына»./ М.Мақатаев./.

ІІ. Адресат мағынасын беретін синтаксемалар предикат компоненті ретінде қолда-нылып, заттың кімге тағайындалғанын білдіреді. Сыйлық жеңімпаздарға. Оқулық ересектерге. Орамал әжеме.

ІІІ. Зат есім мен етістіктің семантикасы сәйкес келіп, істің кімге бағытталғанын кӛрсетеді. Апама хат жаздым.

(7)

Келесі бір жағдайда осы барыс септік формасы жақтық категориямен басқа семантикада қолданылады. Досыма кӛңілді. Субьект жағдайы. Балама бір жас. Субьект белгісі бар /жас мӛлшері./. Сӛз тіркестерінде әкеме сену, кӛршілерді кӛ-ре алмаушылық / күндеу/ обьектілік қатынасты білдіреді. Енді осы келтірілген мысалдарды салыстырсақ, бұлардың мағыналары барыс септік формасына тәуел-ді емес, олардың мағынасы белгілі бір синтаксистік конструкция жағдайына қарай туындайды. Бұлар меңгерудің әлсіз түріне жатады да, сӛйлем моделдерінің белгілі бір құрамында кӛрінеді. Кӛршіне кӛре алмау /обьект мағына/ белгілі бір етістіктермен келіп, сӛз формасының мағыналары етістіктерге байлаулы. Олай болса, бір морфологиялық форма аясында синтаксем қатары білінеді. Осы синтак-систік жағдайда берілетін немесе кӛрінетін синтаксемалардың лексико-семанти-калық үйлесуі бар, бірақ семантика-синтаксистік мәнімен, синтаксистік қолданыс жағдайымен ерекшеленетінін байқауға болады.

Сонымен қатар, бір септік формасымен біріктірілген синтаксемалардың әр түрлі жақындық дәрежесі және ӛзара қатынастарының әр түрлі сипаты білінеді де, омонимия, полисемия сияқты лексикалық терминдер квалификациясын береді.

Лексикалық үйлесумен және септік формасымен біріктірілген, бірақ қызметі-не қарай ажыратылатын синтаксемаларды омоним ретінде қарастыруға болады.

Мысалы, заттық кеңістік мағынасындағы кӛмектес септікте, орманмен, жолмен, теңізбен сияқты қозғалыс жолын еркін синтаксемалар береді. Ал уақыттың үзігін темпоральды синтаксемалар береді. Мысалы, кешке, жазда, түсте.

Заттың нақты мағынасын құрал ретінде қолданғанда, оның мағынасы еркін синтаксемалар арқылы беріледі. Мысалы, балтамен, таспен,арамен, қайшымен. Ал келісім министрмен жасалды. Мәселе мамандармен шешілді.

Бұлар-обьектілік синтаксемалар. Істің біреумен келісіліп істелгенін кӛрсетеді. Күз, кеш сӛздері субьект қимылын немесе құрал атауы мағынасын бере алмайды. Ӛйткені олардың семантикасында заттық және жақтық мағына жоқ. Бірақ олардың мағыналарында уақыт туралы түсінік бар. Олардың осы семантикасындағы бұл мағына септіктер-де берілген.

Қозғалысқа келтіру тіркесіндегі, қозғалысты біреу арқылы істелінуі, /каузация/ екінші бір заттың қозғалысын кӛрсетеді. Бір уақыттағы обьект кузация және субь-

ект қозғалысы. Мысалы: Механик машинаны қозғалысқа келтірді. Машина қозға-ла бастады. Есінен тану, есінен айырылу етістіктері субьектінің жағдайын беру үшін, жіктеліп фазистік тұрғыдан беріледі. Мысалы, ол қатты қорқып, есінен тан-ды. Сӛйлемде етістіктердің және етістікті синтаксемалардың функциолануы, олардың морфологиялық, семантикалық және синтаксистік белгілерімен анықта-лады. Етістік пен септік формасының тіркесімділігі, етістіктің семантикалық құрылымы мен атау септік формасының компоненттерінің арасындағы сәйкесті-лікке, жалпы семаларының бар болуына негізделеді.

(8)

Қимылдың бағыттық белгілерін беруде, бағыттық мағынасы бар динамика-лық локатив /мекендік мағына/ немесе директив /қозғалыс бағыты/

синтаксема-лары қимылдың алғашқы немесе соңғы қозғалыс нүктесін, жол немесе кедергі-лерлің болуын кӛрсетіп, етістіктердің орнын жиі ауыстырады.

Мысалы: Ауылдан

Қалаға бару; кӛпір арқылы, ӛзен арқылы, орман арқылы. Ал кӛпір салу, терезені ашу, жабу, білімді меңгеру, игеру сӛйлем құрамына ӛздерінің етістіктерімен енеді. Есіне салу етістігі сӛйлеу қимылының мағынасы адресат немесе делибера-тив синтаксемалары арқылы беріледі де, ілік септігі арқылы тіркес құрайды.

Мысалы: Асанның есіне салу. Жауап беру етістігі екі қимылдың мағынасын бере-ді. Бірінші қимылды білдіріп неге? деген сұраққа жауап беріп, адресат синтаксе-

малармен тіркеседі /жұмысқа, тәртіпке/. Екінші етістік зат немесе құбылыс ара-сындағы сәйкестік немесе адамгершілік құқықтық қатынас мағынасын береді. Атау септікте /Сәуле үшін/, барыс септікте/ әкеме. Кей жағдайда алды сӛзімен тір-кесіп айтылады. Мысалы: Заң алдында жауап беру. Қорқыту етістігі/ кімді?, нені?/ баланы, қорқу /кімнен?, неден?/ иттен, жыланнан болып әр түрлі септік формала-

рымен тіркесіп, каузатор /әсер етуші фактор/ қимылын береді.

Басқару етістігі кімді?, нені? сұрақтарына жауап беретін сӛздер екі синтаксема құрайды. Бірінші, обьект қимылының мағынасымен жіктік формасы тіркеседі. Мысалы: Мен оқушыларды басқарамын. Ал нені? Ұжым /рота, взвод/ мағынасын беретін сӛздермен тіркеседі. Нені? /ұжымды/ бірақ бұлардың тіркесу мүмкінші-

ліктері шектеулі. Сол сияқты кӛмек кӛрсету, кедергі жасау етістіктері жалпы, жалқы зат есімдермен және ұжым мағынасын беретін сӛздермен тіркеседі.

Мысалы: Асанға, балаға /кімге?/ кӛмек кӛрсету, кедергі жасау. Ауылға, бригадаға кӛмек кӛрсету, кедергі жасау. Сонымен қатар субьектінің екінші қимылының себебін білдіреді. Мысалы: Асқарға / не үшін?/ кӛмек кӛрсету, бригадаға /не үшін?/ кедергі жасау. Екінші қимыл синонимдік синтаксемалармен беріледі.

Әкесіне кӛмектесу, кӛмек кӛрсету. Әкесінің жұмысына кӛмек кӛрсету, жұмыс істеуіне кӛмек кӛрсету. Бұлар-синонимдес синтаксемалар. Қыста, қыстыгүні, кешке, кешке таман синонимдік қатар конструкция құруға қатысады. Орын, уақыт мағыналары предикативті сипатталып, субьект позициясында қолданылады. Мысалы: Үйдің іші жылы. Кешке салқын.

Кез келген сӛздер бір-бірінен семантикалық толықтық дәрежесімен ӛзгеше-

ленеді. Сондықтан синтаксистік байланыс жағдайында, сӛздің мағынасын басқа сӛздермен толықтыру қажет болады. Тек семантикасы толық дәрежедегі сӛз ғана

синтаксистік байланыс құра алады. Ал осы абсолютивті мағынасы бар сӛздердің семантикалы толық болуына байланысты, жеткілікті болып келеді.

Олардың ма-ғынасын басқа сӛздермен толықтыруды қажет етпейді. Олар ӛз

(9)

мағыналарын жеке тұрып та, немесе басқа сӛздермен тіркесіп те бере алады.

Мысалы: Беру /кімге?/, алу, кӛру, меңгеру /нені?/, кездесу /кіммен?/ сияқты обьектілік қатынастағы сӛз-

дер ӛз мағыналарын басқа сӛздермен толықтыруды қажет етеді. Сондықтан септіктер парадигмасындағы сӛздердің синтаксистік функциясы, сӛздердің форма құру мүмкіншілігі мен қасиетін қарсы қойып салыстыруда реттеледі.

Сӛздер орын тәртібі мен синтаксистік формалар арқылы байланысып тіркес құру үшін, екі элемент арасында сәйкестік, мағыналық үйлесімділікке негізделуі керек. Лексика мен грамматиканың ӛзара әрекетінен, сӛздің лексико-грамматика-

лық мағынасын жинақтаушы компонент немесе оның берілген формасы мүшеле-ніп, предикат негізі болады.

Сӛйлем мүшелері сӛйлемдегі сӛздің грамматикалық қызметін және сӛйлем құрылымын талдаудың негізгі құралы болғанмен, синтаксистегі сӛзді мазмұндық жағынан анықтай алмайды.

Әдебиеттер:

1.А.Байтұрсынұлы. Тіл құрал. - Орынбор, 1915.

2.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы: «Санат», 1993.

3.В.В.Виноградов. О формах слова. -М, 1975.

4.Н.Ю. Шведова. О синтаксических потенциях форм слова. //ВЯ. -1971. -

№4.

5.Г.А.Золотова. Синтаксический словарь. М, 1998.

6.Э. Бенвенист. Общая лингвистика. М, 1974.

Referensi

Dokumen terkait