• Tidak ada hasil yang ditemukan

СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Изтелеуова А.Т.

Атырау қалалық сотының судьясы СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабындағы талапты қалай толық көлемді жүзеге асыруға болады.

Қазіргі кезде соттағы өкілділік институты жағдай төмен өйткені, заңды реттелер жоқтың қасы, сотқа азаматтардың атынан талап арыздар кім көрінгенмен жазылады, олардың кейбіреулері жоғарғы білімді заңгер емес, ал, заңгер мамандығын меңгермеген азаматтардың сотқа Азаматтық іс жүргізу нормаларын білмей «талап арыз» жазуының өзі неге соқтыратынын біздер түсінеміз. Осындай азаматтардың орындаған талап арыздарын тексерген кезде соттар міндетті түрде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 153,154 бапарын қолдана отырып, талап арызды қайтаруға немесе қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болады.

Көп жағдайда Азматтық іс жұргізу Кодексінің 155-ші бабын қолданып талап арызды қозғалыссыз қалдырып жатамыз, ал, бұл әрекеттер талап қоюшының қайта-қайта талап арыз жазуына, сотқа қайта жолдануына, сот жүйесіне сенімсізідік танытуына әкеледі.

Талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдарға талдау жасау барысында, көп жағдайда талап қоюшылардың, яғни олардың орнына талап арызды толытырып отырған азаматтардың талаптың үш элементтері, яғни талаптың пәнін, негізін, және талап мазмұнын жетік меңгермегендіктен, талап арызда даудың мән-жәйін толық ашып жаза алмауынан тұратыны көрінеді. ҚР АІЖК-сі талап қоюшыдан даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқықтық негіздеме жасауды талап етпейді, соның өзінде даудың жәй мәнін ашудың өзі өкілдерге қиынға соғып жатады.

Кей кездері бірнеше рет қозғалыссыз қалдырылып, қайтарылған, бірақ әлі де болса түзетілмеген талап арыздарды қабылдап жатамыз, бұның себебі неде, өйткені

«Шағымдар» туындауы мүмкін. Соттар «соңынан істі сотта қарауға дайындық бөлімінде түзеттіреміз» деген оймен амалсыздан өз өндірісіне қабылдайды. Бұл әрекет кей жағдайда бір тараптың сотқа деген келеңсіз ойларын туындатады, бірақ амал жоқ «бір арыз бірнеше рет сотпен қайтарылған» деген шағымдар туындамас үшін соттар осындай әрекеттер жасауға мәжбүр.

Бұл жағдайлар түптеп келгенде істі жан-жақты толық қаралуы үшін белгіленген сотта іс қараудың мерзіміне кедергісін де тигізуі мүмкін.

Кейбір сот отырыстарында іске қытысып отырған тараптардың өкілдерінің жоғарғы заңгер мамандығын былай қойғанда, жалпы жоғарғы білімі жоқ екенін анықтап жатамыз, алайда заң бойынша оларға шектеу жоқ, олар сенімхат негізінде іске қатысып отырған тұдлғалар.

Міне соттағы өкіліділіктің қазіргі кезде осындай келеңсіз тұстары бар, осы мәселені қалай шешудің жолы бар, қалай құқықтық реттеліу керек.

АІЖК-нің 58 бабымен істі өкілдер арқылы жүргізу көзделген, яғни, азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

(2)

Осы тұрғыда «кез келген адам» деген сөздің өзі талқылануға түсуі қажет деп есептеймін, бұл жерде өкілдерідің барлығы адвокат болуы керек деге ұсыныс емес, ең болмағанда « кез келген жоғарғы білімді заңгер» деген ұсынысты талқылау қажет сияқты.

(Заңды өкілдерден басқалары)

Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік ету (59 бап) Оларға:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;

3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

Аталған тізім бойынша біз көріп отырғандай түрлі адамдардың сотқа қатысуына жол береміз, ал ол адамдардың заңи тұрғыдан білім деңгейі тиісті деңгейде ме, олар кәсіпқой көмек көрсете ала ма, Қонституциямыздың 13 баында көзделген талаптарды жүзеге асыра алатын тұлға ма соттар бұл мәселелерді тексере алмайды.

Бұл жерде аса көп көңіл бөліп талқылауды қажет ететін жоғырыда аталған баптың 7 тармағы. Өйткені сота іс қаралып жатырған кезде, ке кездері тараптардың өкілдеріне АІЖК-нің 65 бабының мазмұнын түсіндірудің өзңі қиынға соғады., ал бұл жерде тараптардың теңдігі, айтысушылық қағидаларының орындалуының өзң қиынға соғады.

Өкілдердің өкілеттіктері және олардың рәсәмделуі 61 және 62 баптармен реттеледі, яғни сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс. (61 бап)

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).

Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.

Осы Кодекстің 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін (62 бап).

Referensi

Dokumen terkait